Дефектология ғылымына жалпы түсінік


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Дефектология ғылымына жалпы түсінік

жоспары:

1. 1. Дефектология ғылымының мақсаты, міндеті.

1. 2. Дефектология ғылымына (сурдопедагогика, тифлопедагогика, олигофренопедагогика, логопедия) сипаттама және басқа ғылымдармен байланысы.

Дефектология (лат. дефект - жетімсіздік және гр. логия - ілім) - педагогиканың көру, есту, сөйлеу мүшелерінде, ақыл-ойының дамуында табиғи кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін зерттейтін ғылымның арнаулы саласы.
Бұл саладағы зерттеу нұсқасы мүмкіндігі шектеулі балалар, яғни тәрбиелеуі қиын (аномальді) балалар. Ондай жандарға қарап арың, ұятың оянады. Олармен жұмыс істеу өте қызықты, сонымен қатар аса жауапкершілікті, шыдамдылықты талап етеді. Мына бес күндік жалған дүниеден баз кешіп кеткеніңде, олардың арасына кірсең, бейнебір өзіңді өзге планетада жүргендей сезінесің. Ғажап өмір!

Дефектология (латынша defectus-кемістік және грекше logos-ғылым) педагогика ғылымына жатады және кемтар балалардың психо-физиологиялық дамуының ерекшеліктерін, оларды оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтарын зерттейді.

Дефектологияда дифференциация (жіктелу) процесі жалғасуда, ғылыми зерттеулердің жаңа бағыттары туындауда (мысалы, психикалық дамуы тежелген (ЗПР) балаларды зерттеу, қозғалу аппараттарында ақаулығы бар балаларды, ақыл-ойы кем соқыр балалар немесе ақыл-ойы кем мылқау балаларды зерттеу және т. б. ) .

Кемтар балаларды тәрбиелеу мен оқыту - күрделі әлеуметтік және педагогикалық мәселе. Мұндағы мақсат - осы балаларды мүмкіншіліктері мен қабілеттеріне қарай қоғамдық пайдалы еңбекке дайындау. Іс-әрекет - тұлғаның негізгі әлеуметтік міндеті, сондықтан оны зерттеу және кемтар балаларда іс-әрекетті дамыту олардың әлеуметтік қалыптасуына әсерін тигізеді.

Ғылыми зерттеулердің әртүрлі тәсілдерін қолдана отырып, дефектология ғылымы кемтар балалардың обьективті даму заңдылықтарын зерттейді, оларды оқыту мен тәрбиелеу ж‰йесін жетілдіреді және негіздейді. Кемтар балаларды оқыту мен тәрбиелеу әдістерін, формаларын, қағидаларын, мазмұнын жасай отырып, дефектология арнайы ұйымдастырылған оқыту-тәрбиелеу процесінен туындайды.

Даму кемістігі, яғни психикалық немесе физиологиялық кемістігі, баланың дұрыс дамуының бұзылуы, бұл барлығы тек жаман қасиеттер деген сөз емес. Кемтар баланың дамуындағы кемістік олардың бойындағы кейбір жақсы қасиеттерді жоғалтпайды, оған баланың қоршаған ортаға қалыптасу нәтижесі мен оларды дұрыс тәрбиелеудің әсері мол. Мысалы, соқыр баланың есту қабілеті, сезімталдық, иіс сезу, жылу сезу қабілеттері артып, баланың айналаға бағыт-бағдар жасауына көмегі тиеді. Сол сияқты керең бала қимылды, қозғалыс-тербелістерді күшті қабылдауға мүмкіндіктері туындайды, тек осыған дер кезінде дұрыс оқып-үйренуге жағдайлар жасау керек.

Баланың психикалық және дене дамуындағы өзгеріс барлық процеске әсер етеді және оның соңғы нәтижесі ретінде танымдық іс-әрекетіне әсер етеді. Психофизиологиялық дамудың кеміс сипаты баланың тұлғалық қалыптасуына өзіндік әсерін тигізеді.

Дамудағы кемтарлық сандық шектеуліктермен емес, ол ең алдымен негізгі тірек ететін функциялардың сапалық өзіндік белгілерімен ерекшеленеді. Арнайы оқыту мен тәрбиелеу жағдайында кемтар балалардың биологиялық кемшіліктерін жеңуге болады. Нақты осы концепция дефектология әдіснамасының негізін құрайды.

Дефектология ғылымы кемтар бала дамуының өзіндік белгілерін сапалы танып білу принциптері мен тәсілдерін зерттейді. Сонымен қатар, дефектология педагогикалық ғылым ретінде негізгі педагогикалық категорияларға сүйенеді.

Кемтар балаларды тәрбиелеу - дефектологияның негізгі ұғымдарының, түсініктерінің бірі. Балалардың жалпы дамуы, құрбы-құрдастарымен және үлкендермен қарым-қатынас жасауы тұлға болып қалыптасуы үшін маңызы зор.

Кемтар балаларды тәрбиелеу мақсаттары мен міндеттері педагогиканың жалпы қағидаларымен анықталады, яғни қоғамдық пайдалы еңбекке белсенді дайындау, азаматтық қасиеттерін қалыптастыру т. с. с., бірақ оларды ақаулықтың құрылымына сәйкес қажетті әдістер мен тәсілдер арқылы белгілі мөлшерде қолданады.

Балалардың кемістіктерінің түріне қарай арнайы міндеттер туындайды. Кемтар баланы тәрбиелеу жанұя мен мектептің тығыз байланысы негізінде, бірін-бірі түсінгенде, бір-біріне көмектескенде, талап пен тәртіпті байланыстыра алғанда іске асады.

Кемтар балалармен тәрбие жұмысы олардың жеке және жас ерекшеліктерімен байланысты, өз беттілікке, яғни өзіне-өзі қызмет ету дағдысын дамытуға, еңбек және мәдени қылығына, ұжымда еңбек ету және өмір сүруге бағытталып жүргізіледі.

Кемтар бала тәрбиесі мазмұнына белгілі бір жүйе, көзқарас, тұжырымдар қалыптастырумен бірге, ой, еңбек, парасаттық, эстетикалық, құқықтық және дене тәрбиесіне байланысты белгілі тәрбие міндеттері кіреді.

Кемтар баланың тәрбиесі ортаның өте нәзік әрі түсінушілік қарым-қатынасын талап етеді, олардың кемістіктеріне немқұрайлы, күле қараудың пайдасынан зияны көп. Баланы сенімділікке, оптимистік ойлауға, қиыншылықты жеңуге, өз мүмкіншіліктерін дұрыс пайдалануға, жақсы қасиеттерді бағдарлауға, өз қылығы мен іс-әрекетіне сынмен қарауға тәрбиелеудің маңызы зор.

Кемтар баланы оқыту және дамыту - бұл мақсатты бағыттағы білік, ептілік, іс-әрекет дағдысын, өмірге және еңбекке маңызды дайындық құралдарын беру және қабылдау процесі. Оқыту барысында білім және тәрбие мақсаттары жүзеге асырылады. Дефектология арнайы дидактика мәселелерімен айналысады (кемтар балаларды оқыту және білім теориясы) . Оқу процесінің ұйымдастырылуы, мақсаты, міндеті, мазмұны, қағидалары балалар кемістіктеріне қарай әрбір нақты арнайы оқу орындарына бағытталып жасалынады. Осыларға байланысты оқыту әдістері, құрал-жабдықтары, оқыту мәселелері шешіледі. Бұл дефектологияның ең негізгі басты проблемасының бірі. Т. А. Власованың айтуы бойынша, осы ғылымдағы барлық бөлімнің мақсаты - кемтар баланың даму ерекшелігін ескере отырып, олардың ауытқуларын жеңуге көмектесетін оқыту және тәрбиелеу жағдайын анықтау. Мысалы, дифференциация (жіктелу) диагностикасын жетілдіру нәтижесінде орта мектептегі үлгермеуші оқушылар арасынан ЗПР (задержка психического развития, яғни қазақшасы ПДТ- психикалық дамудың тежелуі) топтары шықты.

Кемтар баланы оқыту жүйесі мен әдісін таңдауда баланың жасы, кемістігінің пайда болған уақыты да есептеледі. Мєселен, есту қабілетінен айрылу сәтінің мәні зор, яғни ол кезде тілі шығып үлгерді ме әйтпесе көру қабілеті қай кезде жоғалды, яғни көз алдына елестету қабілеті сақталды ма т. б.

Кемтар баланың дамуы дені сау балаға қарағанда көбінесе оқытуға, тєрбиелеуге байланысты єрі тєуелді болады. Сондықтан оқыту процесінің жүрмеуі немесе оның дер кезінде басталмауы кемтар баланың дамуына үлкен зиян келтіреді, оның психикалық функцияларын тежейді.

Әрине, оқыту мен тәрбиелеу барысында кемтар баланың өздігінен емес, мұғалімнің көмегімен іске асыратын қосымша мүмкіншіліктерін естен шығармау керек. Л. С. Выготскийдің айтуынша, жақындағы даму зонасы тек бар мүмкіндікті ғана белгілеп қоймай, кемтар баланың психикалық даму перспективасына әсер етеді. Оқыту жақындағы даму зонасының актуальды дамуға өтуіне әсер ету керек, яғни уақыт өткен сайын мұғалімнің жетекшілігі артық болып, бала алдына қойған міндеттерін өздігінен шеше білуі керек. Бұл оқыту мен даму арасындағы ішкі қатынасты құрайды, яғни дұрыс ұйымдастырылған оқыту мен тәрбиелеу психика функцияларына сүйене отырып жүргізіледі және өзінің соңынан дамытуды ала жүреді.

Арнайы дидактикадағы маңызды мәселенің бірі ретінде еңбекке оқыту мен тәрбиелеуді айтуға болады. Арнайы мектептерде еңбек маңызды роль атқарады, себебі ол оқушыларды өмірге, белгілі кәсіпке дайындап қана қоймай, ақыл-ой және дене дамуындағы кемістіктердің дұрысталуына әсер етеді. Еңбекке үйренген және дағдыланған бала жан-жақты дамуға мүмкіндік алады.

Ғылыми танудың бір бөлігі ретінде Дефектология дене мүшесі мен психикасы кем балаларды және оларды оқыту мен тәрбиелеу проблемаларын зерттейді.

Сөзден ауытқымай, мамандық жайлы кеңінен тоқтала кетсем, дефектология төрт салаға бөлінеді:
Сурдопедагогика - есту қабілеті төмен немесе керең балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелерін зерттейді;
1. Сурдопедагогика - мылқау балаларға білім және тәрбие беру проблемаларын зерттейді. Оған құлағы нашар және мүлде естімейтін балалар кіреді. Оларға білім беру барысында қолмен сөйлеу құралы кіреді.

Әріптерді қолмен көрсету түрі:

Тифлопедагогика - көру қабілеті нашар немесе соқыр балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелерін зерттейді;

2. Тифлопедагогика - педагогика ғылымының көру қабілеті бұзылған (зағип) балаларды оқыту және тәрбиелеу жөніндегі саласы. Көру қабілеттері төмен немесе мүлде көрмейтін балалар ерекше тәрбие мен білімді талап етеді.
Тифлопедагогика жалпы педагогиканың саласы ретінде философияға, гуманистік тәрбие мен жалпы-дидактикалық оқыту принциптеріне, көру қабілетінің кемістігі бар адамдардың өсу ерекшеліктеріне негізделіп дамиды.
Тифлопедагогика ғылымының міндеттері: көру қабілеті бұзылған тұлғаларды психологиялық-педагогикалық және клиникалық тұрғыдан зерттеу.
Көру кемістігі бар ересектерді оқытудағы мақсат - өмірлік тәжірибесі мен жалпы біліктілігін, білімін және әлеум. дәрежесін көтеру. Оқыту мен тәрбиелеудің әдістеріне арнайы нұсқау, бағдарлама, методика, тифлотех. жабдықтар, т. б. жатады.
Көру кемістігі бар жандар үшін оқу құралы:

;

Олигофренопедагогика - ақыл-ойы кем балаларды оқыту және тәрбиелеу

3. Олигофренопедагогика - ақыл-ой дамуынан қалып қойған балаларды тәрбиелеу мен оқыту туралы ғылым.
Олигофренопедагогика педагогикалық ғылымның жеке тарауына әзірлеуі жалпы білім беру мектептерінің кеңейтілгеніне байланысты балалар арасындағы ақыл-ой жағынан қалып қойғандық кұбылысына дәрігерлер, ұстаздар, психолоттар мен қоғам қайраткерлердің назары аударылған кезі ХІХ ғасырдың аяғы - ХХ гасыр басына катысты. Олигофренопедагогика мазмұны болып табылатыны:
1. балалардағы ақыл-ой қалып қойғандық мэні, аномалды баланың ерекшеліктерін педагогикалық және психологиялық зерттеудің жолдары мен құралдары туралы ілім;
2. ақыл-ой дамуынан қалып қойған баланы оқытудың теориясы (дидактика) ;
3. көмекші мектептердегі ақыл-ой дамуынан қалып қойған балаларды оқытудың гылыми негіздемесі;
4. мектеп курсының пәндері бойынша ақыл-ой дамуынан қалып қойган балаларды білім мен дағдыларға оқытудың жеке әдістемелердің негіздемесі;
5. ақыл-ой дамуынан қалып қойған балаларда еңбекке с2тті енгізуі мен социалистік жатакхананың ережелерін орындауына қажетті жа5ымды өнегелі қасиеттерді тәрбиелеудің ұстанымдары мен әдістердің негіздемесі.

Л огопедия - тілі кемтар баларды түзету саласы.

4. Логопедия - тілінің кемісі бар балаларға білім және тәрбие беру проблемаларын зерттейді.
Укупедия быраттарыңның айтуынша (бұл салаға аса қызығушылық танытқан жоқ едім) : Алғаш 17 ғасырда қолға алынғанымен тілінің мүкісі бар балаларды медицина және психология жолдармен зерттеп, тиісті емдеу шараларын қолданудың жолын табу әрекеттері 20 ғасырдың 30-жылдарына дейін созылды. Кемшіліктердің қайсыбірі сөйлеу жағынан (мәселен, тіл мүкістігінен) байқалса, екіншісі оқуы мен жазуының (дислекция, дисграфия) бұзылуынан да көрінеді. Фонетика, сондай-ақ, лексика-грамматика жүйені (алалия, афазия) қамтитын бұзылулар бар. Көбінде тілдің кемістіктері оның қарқыны мен созылмалығына (тұтықпа) қатысты болады. Тілдің кемістігін зерттеу мен жою білімнің басқа салаларының психология, тіл білімі, физиология, медицина деректерін ескере отырып жүргізіледі.

Дефектология сонымен бірге өзіне кемтар балалардың психологиялық ерекшеліктерін зерттейтін арнайы психологияны қамтиды.

Дефектологиядағы коррекция (латынша correctіo-түзету) - баланың психофизиологиялық дамуындағы кемістігін түзетуге бағытталған педагогикалық шара. Коррекция сөзінің астарында жеке дефектілерді түзету (мысалы:тіл ақаулығын түзету), сол сияқты, кемтар балаға оқыту, тәрбиелеу және дамыту процесінде жақсы жетістікке жетуге әсер ету жатыр. Дене дамуындағы және танымдыќ іс-әрекетінің дамуындағы кемтарлықты жою “тәрбиелеу-түзету жұмыстарымен ” белгіленеді.

Тәрбиелеу-түзету жұмыстары кемтар балаға жалпы білім беру, оқыту үрдісінде ары қарай іске асады. Тәрбиелеу-түзету жұмысына еңбекке үлкен үйрету мүмкіндіктер береді, мұнда балаларда тек кәсіби біліктілік қана қалыптаспай, өз жұмысын жоспарлауға дағдылану, ауызша нұсқау беруге жетекшілік етуге үйрету, жұмыс сапасын сын көзбен бағалау қалыптасады.

Сонымен, еңбекке баулудың кемтар балаларды оқыту мен дамытуда жан-жақты маңызы бар, ал еңбек процесі ақыл-ой мен дене дамуындағы ақаулықтарды түзетуге оњ әсерін тигізеді.

Кемшілігін түзету мақсатында кемтар баланы дені сау баламен қарым-қатынас жасауға жағдай туғызу керек. Кей жағдайда кемтар балаларға емдік-түзету жаттығулары керек (емдік денешынықтыру, массаж, дәрілермен емдеу т. б) .

Тәрбиелеу-түзету жұмыстарыныњ жүйесі кемтар баланың сақталған мүмкіндігін пайдаланумен құрылады, Л. С. Выготскийдің айтуынша, бұл бұзылған және әлсіреген функцияларды дамытуға, адам тіршілігінің іс-әрекетінің негізінің, яғни жоғары психикалық процестердің дамуына мүмкіндік береді. Арнайы мектептің түріне қарай тәрбиелеу-түзету жұмыстарының әдістері мен формалары ерекшеленеді, бірақ олардың барлығы баланың физикалық және психикалық жан-жақты дамуына бағытталады.

Компенсация (латынша соmpensatіo - өтеу, орнын толтыру, теңестіру) организмнің бұзылған немесе жетілмей қалған функцияларын қайта құру, орнына келтіру деген сөз. Бұл - туа біткен кемтарлықтың ізімен ағзаның бейімделу процесі. Мәселен, соқыр болып туылған баланың көру анализаторы функциясының компенсациясы сипап-сезу органының жетілуі арқылы өтелуі мүмкін.

Компенсация процесі жоғары жүйке қызметінің маңызды қосалқы мүмкіндіктеріне сүйенеді. Кемтар балаларда компенсация процесінде жаңа динамикалық жүйелер байланысы құрылады, тұлға дамып, бұзылған функциялар түзеледі.

Осы жөнінде Л. С. Выготский кемістіктің теріс жақтарын компенсацияныњ пайда жақтарына айналдыру заңында айтады: “Кемтар баланың өзіндік қасиеті ең алдымен кем функциясының өмірге жаңадан құрылуынан, даму процесі кезіндегі компенсация арқылы тұлғаның кемістікке әсерінің бірігуінен болады. Егер соқыр немесе керең бала дені сау бала сияқты дамып келе жатса, онда кемтар бала мұндай жетістікке басқадай әдіспен, басқадай жолмен, басқа құралдармен қол жеткізеді. Мұғалімге ең маңыздысы - баланы алып жүретін өзіндік жолды дұрыс таңдай білу болып табылады”.

Кемтар баланың дамуында алғашқы кемістік емес, оның екінші әлеуметтік салдары, єлеуметтік-психологиялық тұрѓыда іске асуы жетекші рөлді атқарады. Компенсация процесініњ кемістікті түзетуге толық мүмкіндігі жоқ, бірақ олар кемістік тудыратын қиындықтарды жеңуге көмектеседі. Сондықтан Л. С. Выготский кемтар баланың әлеуметтік тәрбиесін, оның табиғи кемшілігіне негізделген тәсілмен түзетуді ғылыми және нақты, дұрыс жол деп есептеген. Бұл баланы әртүрлі қоғамдық қарым-қатынасқа, белсенді араласуға, мүмкіндіктерін ескере отырып, қоғамдық пайдалы еңбекке қосу дегенді білдіреді.

Арнайы педагогикалық әсер ету шаралары қаншалықты ерте басталса, компенсация процесі де соншалықты жақсы дамиды. Дамудың алғашқы сатысында басталған түзету-тәрбиелеу жұмыстары баланың дұрыс бағытта дамуына әсер етеді. Түзету-тәрбиелеу жұмыстарының әдістері дамудың барлық сатыларында қолданылады, өйткені бұзылған функцияның компенсациясы бірден қалыпқа келмейді, белгілі бір заңдылықтарға байланысты бірте-бірте қалыптасады.

Бала тұлғасының жан-жақты дамуы компенсацияның жоғарғы формасын білдіреді. Бірақ даму ақаулығының кейбір түрлеріне компенсация шектеулі пайда келтіреді. Мысалы, ақыл-ойы дамуы кем балаларға кемістікті компенсациялау жартылай ғана мүмкін, себебі, ақыл-ойдың күрделі бұзылуы жоғарғы психика процесінің дамуына кедергісін тигізеді. Бұл ақыл-есі кем балаларды дамытуды шектеу деген сөз емес, керісінше, түзету-тәрбиелеу жұмыстары процесінде олардың ойлау қабілеттерін белгілі-бір деңгейге көтеру.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дефектология ғылымына жалпы түсінік туралы
Жауаптар педогогика
Дефектология негіздері
Выготскийдің дефектологияға қосқан үлесі
ДЕФЕКТОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Педагогиканың шығуы және дамуы
Дефектология жеке ғылым саласы ретінде
Педагогика ғылымының құрылымы, оның басқа ғылымдармен байланысы
Дефектология негіздері пәнінен лекция тезистері
Педагогика ғылымының салалары мен міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz