XYII – XIX ғасырларда Ауғаныстан


XYII - XIX ғасырларда Ауғаныстан.
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
1. Дуррани мемлекетінің құрылуы
2. Алғашқы ағылшын - ауған соғысы
3. Дост Мұхаммедтің соңғы билеу кезеңі
III. Қорытынды
IY. Пайдаланылған әдебиеттер
Ахмад шах мемлекетінде феодалдық өз сипатында ру - тайпалық ұйымдарда сақталды. Террриториядан шалғай өмір сүрген тайпалар ішінде дербестік сақталды. Жер иеленудің негізгі формалары - мемлекеттік жерлер және уақытша иеліктегі жерлер болды. Мемлекеттік жерлерге шах дамены диван жерлері кірді. Уақытша жер иеленушілер феодалдар болды. Уақытша иеліктегі жерлерге ауған тайпасының және ауған емес ауыл қауымының жерлері кірді.
Бұл жерлер мемлекетке салық төлеп отырды. Салық төлеу натуралды формада жүзеге асырылды. Көптеген тайпалар салықтан босатылып немесе қазынаға шағын мөлшерлде дань төлеп отырды. Салықты көбіне ауған емес тайпалар төлеуге тиіс болды. Салықтан сонымен қатар джагирлерде босатылды. Джагирге жер ауған ауған ханына қызмет жасағаны үшін берілді.
Вакф жерлері мұсылман діни қауымына берілетін жер болды. Салықтың мөлшері жерге, астыққа байланысты болды және төленіп отырылды. Салықты провинцияның наместниктері мен феодалдар жинады. Мұсылман емес тұрғындар салықты көбірік төлеп нәтижесінде қийналды. Қазынаға ттүтін, жер, мал, әскерді қамтамасыз ететін салық түсіп отырды. Қалаларда натуралды және ақшалай салық төлеген қол өнершілер болды. Ахмад - шах билеуінің соңғы кезеңінде қазына мөлшері 30 млн рупиға жетті. Бұл мөлшердің басым көпшілігі үнді округтерінен алынды. Ахмед - шах өзі Шығыс оған ақша берсе Батыс оған ақша береді деп айтты. Мемлекеттік қаржылар әскерг, басқаруға, діни қауымның субсидиясына, мемлекеттік ғимараттарды салу мен жөндеуге жұмсалды.
Ауған мемлекеті облыстар немесе провинцияларға бөлінді. Олар округтерден құралды. Бұлардың басында шахтың наместниктері тұрды. Вилаеттерден басқа шахтыңтікелей билігінде болған вассалдық хандықтар мен әмірліктер болды. Оларда әкімшілік жүйе сақталды. Жоғары заң шығарушы және билікті қолына шоғырландырушы шахтың өзі болды. Шахтың жақын кеңесшісі - уәзір болды. Ол бүкіл үкімет ведемостваларында жетекшілік жасап оларғва басшылық етті. Маңызды үкімет яғни мемлекеттік ведомоствалврға финанс, шах канцелериясы, сарай ішіндегі ведомоство, әскери ведомоство кірді.
Ауғаныстан территориясында, Индтің оң жақ жағалауында және Сүлейман тауларында бірнеше ауған тайпалары дербес, топтар мен қауымдар өмір сүрді. Мысалы Абдали тайпасы ( дуррани ) Кандағар мен Герат арасында өмір сүрді. XVIII ғасыр соңында олардың саны 800 мыңға жуық адам болды. Екінші орында саны бойынша ауған тайпасы Гильзам болды. Олар жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Газни облясымен Кандағардің бір бөлігін иемденді. Юсуфзаи вазир тайпалары Пешавар аймағында, Бунер, Сват және Инд өзенінің арасында мекендеді. Ауған рулары ұғым болып құлдарды иемденді, ауған емес басқа тайпаларды қанауға тырысты. Феодализмнің дамуы ауғандарды алғашқы мемлекеттік бірігуге дайындағандай болды. XVIII ғасырда даму деңгейі жоғары Гильзай тайпасында князьдік құрылды. Ауғандардың мемлекетке бірігуі Үнді және Иран феодалдарына қарсылық көрсетуінде үлкен рөль атқарды. XVIII ғасырдың 40 жылдары Нәдір - шах әскерінен әскерімен шайқасуы, бірігу мен Ауған мемлекетінің қалыптасуына негіз болды.
1747 жылы Нәдір - шах өлтірілген соң оның бас қолбасшыларының бірі Ахмад - хан абдали тайпасынан шыққан ол ауған жауынгерлерін лагерден шығарыпНәдір шахтың қазынасының бір бөлігін алып кетті. Әскерімен Кандагарға келген соң абдали хандары кеңес өткізіп оны яғни Ахмад ханны елдің билеушісі етеп жариялады. Оған дур- дуррани титулын берді.
Гаухар арасындағы гаухар деген мағынаны береді. Ахмад - шахты билеуші етіп тағайындаған абдали хандары тәуелділікте болды. Ахмед зхан мен оның мұрагерлерінің мемлкеті тарихта Дурраний державасы деген атпен қалды. Ах мад - шах басып алушылық саясатын жүргізді. Кабул, Газни, және Пешаварды басып алды. Ахмад - шах билігін Индтің оң жақ жағалауындағы ауған тайпаларының көптеген шахтары мойындап солтүстік үндістан билеушілерінің билігінен құтылуға тырысты. Ұзақ уақыт абдалилер мен шайқасқан гильзаилер басып алынды. Индтың оң жақ жағалауындағы Дераджат, 1750 жылы Герат басып алынды. Ахмед - шах әскерлері Сейстанды жаулап алып Үндістанның солтүстік батысындығы жерлерге шабуыл жасады. БелуджистанИнд шекарасына дейінгі жерлервасссалдық иеліктер болып есептелді. Ахмед - шах әскері Пенджабқа баса көктеп кіріп Шикарпур мен Лахфды басып алды. Алайда моғол әскерімен шектелді. Пенжабқа екінші рет жорық жасау келісім мен аяқталды. Ол бойынша Пенджабтың солтүстік - батыс бөлігі Ахмад - шахтың билігінде болды және шахқа әр жылы дань төлеуге міндетті болды. Синд билеушісі ауғаныстанның вассалына айналды. Үшінші жорық кезінде Ахмад - шах 1752 Кашмирді басып алды. 1754 жылы Иранның ірі қалаларының бірі Мешхедтті басып алды. Мешхедтегі діни қауым Ахмед - шахты билеуші етіп мойындады. Атымен манета соғылды. 1756 - 57 Жылдары Ахмад -шах әскері делиге енді. Ол үлкен олжаға кенеліп. 12 млн рупий иемденді. Әскерінің арасында холера эпидемиясы таралуына байланысты Ауғаныстанға кері қайтуына тура келді. Үндістанда ішкі соғыс белең алып жатқанда Ахмед - шах өз әскерімен Пенджабқа басып кірді. Пунадан шах әскеріне қарсы маратх әскерлері бірігіп қарсы шықты. Олар тарихта Ұлы әскер деген атпен белгілі. Маратх мен ауған әскерлерінің арасындағы шешуші шайқас1761 жылы Панипат түбінде болды. Бұл шайқаста Ахмед - шах әскері жеңіске жетті. Үлкен олжаға кенелген ол Ауғаныстанға оралуға мәжбүр болды. Себібі соғыс кезінде Ауғаныстанда феодалдар көтерілісі басталды. 1773 жылы Ахмед - шах өлген соң таққа оның ұлы Тимур - шах отырды. Осы кезеңде хан бүлігі басталды. Тимур шах астананы Кандагардан Кабулға ауыстырды. Жалдамалы әскер орналасқан қала болды. Тимур шах мемлекетті орталықтан басқару әрекеті нәтижесіз боды. Үнді иелігінің бір неше бөлігін сақтап қала алмады.
Тимур шахтың мұрагері Зиман шах сипараттарға қарса үздіксіз шайқасып өзіне бағынбағандарды аяусыз жазалап дарға асты. Олардың жерлері мен мүліктерін тартып алды. Өзінің саясатында Зиман шах жалдамалы әскерге арқа сүйеді. Олардың саны 50 мың адамға жетті. Ол Пенджабқа жорық жасады. Зиман шах Үндістанның мұсылман князьдерімен тікелей байланыс жасап, ағылшындарға қарсы шайқасқа бірікті. 1799 жылы Зиман - шах Пенджабқа басып кірді. Ауғаныстанда ағылшындарға қарсаы көтеріліс басталды. Оларды басып тастаған Ост - Инд компаниясы Ауғаныстанда 25 мың әскер дайындады. Бұл дайындық ауғандардың басып кіруіне ұйымдастырылды.
XIX ғасырдың алғашқы жылдарында Ауғаныстанға Эльфинстон басшылығымен ағылшын миссиясы келді. Мұнда алғашқы ағылшын - ауған келісім шарты жүргізілді. Ауғаныстан Англияның жағында Франциямен Иранға қарсы соғысты. Ауғаныстанның әлсіздігін көршілес мемлекеттің билеушілері пайдалануға тырысты. Сикхтар Кашмир аәпатының бөлігімен Мүльтан қамалынтартып алды. Парсы шахтары Герат үшіншайқаса бастады. Ауғаныстанда өзара ішкі шайқас өрши бастады. Сидазай және Баракзай тайпалары арасында үздіксіз соғыс болды. Бұл жағдай Дуррани державасының құлауына себеп болды. Герат бір неше князьдіктерге бөлініп кетті. 1822 жылы Кабул билеушісі Сикхтарға қарсы қасиетті соғысқа шақырды. Алайда Ауғандар жеңіліске ұшырады. Пешавара сикхтардың иелігіне өтті.
1826 жылы Кабул қаласын баракзай тайпасынан шыққан феодал Дост Мұхаммед иемденді. Ауғаныстан әмірі титулин иемденді. Дост Мұхаммед қол астына Кабул мен басқа Ауған жерлерін біріктіруге ұмтылды. Пешавара ауданында сикх үстімдігіне қарсы көтеріліс ұйымдастырылды. Оған көптеген ауғандар қаиысады. Алайда Дост Мұхаммед Пешавараны өзіне қарата алмады. Ост - Инд компаниясы Пенджаб шекарасында мықты әрі тәуелсіз Ауған мемлекетініңқұрылуыны қаламады. Дост м ұхаммедтің ішкі саясаты Кабул князьдігінің нығаюына бағытталды. Иран хандарының билігін шектеулі етуге қол жеткізді. Сауданың қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Князьдіктің финанстық ресурстарын ұлғайтты. жаңадан ауған әскерін ұйыдастырды. Кабулде қару жарақ жасайтын шеберханалар қалыптасты. Дост Мұхаммедтің күшеюінен сескенген ағылшындар бір енше әрекеттер жасады. Ағылшындар Ранджит Сингхқа Пешавараны жаулап алуға әрекет жасады. Дост Мұхаммедтің қасиетті соғыс ұйымдастырып, қаланы жаулап әрекеттері нәтижесіз шықты. Ауған феодалдарының басым көпшілігі өз уәзірін қолдамады.
1836 жылы Пешавар синкх иелігінің құрамына енді. Сол тұста Дост Мұхаммед Ресей, Англия, Иран үкіметіне хабарласты. 1835 жылы әмірдің елшілігі Орынборға келді. Дәл сол сол жылы Ауғаныстанның өкілдері Ираннан көмек сұрады. Сонымен қоса Үндістанның висе - королінен көмек сұрады. Сикхқа қарсы шайқаста ауғандарға қарсы көмек көрсету ағылшындардың жоспарына кірмеді. Пенджабты болашақтағы өз иелігі деп есептеген ағылшындар Пешварды да иемденуге тырысты.
Ауғаныстан мәселесіні өз пайдасына шешуде Англия мен ресей арасында үздіксіз тікелей қақтығыстар орын алып жатты. Ресей Англия позициясының орталық Шығысты нығаюынан қорықты. Үндістан шекарасында күші Ауған мемлекетінің болуын қалады.
1836 жылы Дост Мұхаммедтің өтінішіне жауап ретінде патшалық үкіімет Ауғаныстанға Виткевич бастаған миссия жіберілді. Ол Дост Мұхаммед пен Кандагардың тәуелсіз билеушіге өзара қолдау мен тығыз байланыста болуын түсіндірді. Виткевич Ресей Ауғаныстаннан алыс жатсадыа қиын шайқас кезінде көмек көрсететіндігін мәлімдеді. 1837 жылы Ресей өз иелігін кеңейту мақсатынды Иран шахының Гератқа жорығын қолдауға ұмтылды. Кандагарда орыс өкілі Виткевич Кандагар билеушісі Кохандиль - хан мен Иран өзара келісім жасауға әсер етті. Олар бірігіп Гератқа қарсы соғыс ашуға келісті. Виткевич Кабулға келмеген кезде мұнда Бренстің бастауымен ағылшын миссиясы жетіп келген болатын. Дост Мұхаммед Кандагар билеушісінің Иран және Ресей мен жақындасуға бөгет жасауға тырысты.
Англия өз кезегінде Иранға қысым көрсетуге тырысты. Гератқа шабуыл жасауын тоқтатып ауыр жағдайға қалдырмауын талап етті. Дост Мұхаммедті Англияның одақтасы Ранджид синкхқа шабуыл жасамақ деген айып тағып ағылшын үкіметі Дост Мұхаммедтің інісі Шудже уль- Мүлькке тақта иемденуге әскери қолдау көрсететіндігін мойындады. Ауғаныстанға басып кіруге 30 мың әскер дайындалды.
Дост Мұхаммед соғысқа дайын емес еді. Ауған әскері әлсіз небәрі 15 мың адамды құрады. Бұл кезде техникалық саны жағынан алда тұрды. 1839 жылы көктемде ағылшын әскері Синдқа басып кірді. Оған қоса Келат хандығын оккупациялады. Кандагарға беттеді. Мұнда Шудыға таққа отырып, ол жаңа келісім шартұа қол қойды. Ол бойынша Англия Әскері Ауғаныстанға келіп оның сыртқы саясатын ағылшындар үнемі бақылауда ұстады. Ағылшын әскеріне ауғандықтар қарсылық көрсете бастады. Кандагар - Кабул магистролін иемденіп билігін нығайтуға тырысты.
1839 жылы Газниді жаулап алды. Ауған феодалдық орта құлдырай бастады. Дост Мұхаммед өз әскерімен Кабулден шығып аккупанттармен бетпе - бет келді. Алайда оңтүстік Түркістанға шегінуге мәжбүр болды. Шуджа әскері және ағылшын әскері Кабулды иемденді. Шуджа Кабулдық таққа отырған соң ағылшын өкілі Макнотен мен жаңа келісім шарт жасасты. Онда ағылшын кеңесшісі әмір кезінде мемлекеттік істерге араласуы, Ауғаныстанның сыртқы саясатын сонымен қатар саясатын бақылауда ұстау мәселесі қаралды.
1840 жылы Ауғаныстанның ірі қалалары Кабул, Кандагар, Газни, Джелалабадты ағылшын гарнизоны иеленді. Ауған халқы ағылшындардыңғ тәуелдігінде болды. Алайда олар қарсылық көрсетіп тәуелсіз өмір сүруді қалады. Гильзайлар ағылшындарға қарсы көтеріліс жасады. Оңтүстік ауғаныстан мен Белуджистанда халық толқулары орын алды.
1840 жылы Дост Мұхаммед бастаған ауған және өзбек жасақтары ағылшындарды ығыстырды. Бұдан кейін Дост Мұхаммед Кухистанға жөнелді. Жеңісек жету ойында болған ол ағылшын билігіне қарсылықсыз берілуге мәжбүр болды. Жаулуп алушылардың іс әрекеті ауғани халқының қарсылығына ұшырап отырды. Шывғыс - гильзай тайпасы Кабул мен Джелалабат арасындағы таулы аймағын басып алды. Ауғандарда халық толқуларының саны өсті.
1841 жылы көтерілісшілер Чарикарды басып алды. Ағылшын агенттері қашуға мәжбүр болды. Газниге жақын шахабадта ағылшын әскери отрядын қиратты. Хайбер қиратын мекендеген халықтар ағылшын гарнизонына шабуыл жасады. Ауған діни қауымы отаршылдарға қарсы қасиетті соғыс ұйымдастырды. Бүкіл ауғаныстанға басу, жаулап алу әрекеттеріне қарсы бірігу мәселесі жойылды.
Көтеріліс 1841 жылы 2 қарашадабасталды. Қала кедейлері қол өнершілер саудагерлер жақын ауыл маңындағы шаруалар көтеріліп британ губернаторы бернстың резиденциясына шабуыл жасап нәтижесінде өлтірілді. Кабул маңында орналасқан ағылшын әскері қоршалды. Босалған Кабулға Дост Мұхаммедтің ұлы Акбар халық арасынан құрылған 6 мың жасақпен келді.
Осы уақытта халық көтерілісі Газни, Кандагар, Джалелабадтағы ағылшын горнизонын қиратты. Шуджи әскері талқандалды. Мұндай қарсылықтан үрейленген ағылшындар топқа бірігіп көтеріліс басшыларының бір нешеуін өлтірді. Бұл жағдай көтерілістің одан бетер өршуіне себеп болды.
Ағылшын бас қолбасшысы капитуляция төлеуге және Ауғаныстанға қару- жарағын беріп елден кетуіне бұйрық беруге мәжбүр болды. Ауғандар Джелалибадты басып алып Кандагарды қоршауға алып Газниді босатты. Ағылшындар экспедиция жіберіп Үндістанда тұрып жатқан Дост Мұхаммедке, өз билігін қайтадан иеленгісі келсе, ұлы Акбар ханға Ауғаныстанға ағылшын әскерін кіргізуін айтады. Кабул және оның маңындағы халқы аяусыз жазаланып өлтірілді. Алайда Ауғаныстанда ұзақ бола алмаған ағылшын әскері еліне кетеді. 1843 жылы билік басына Дост Мұхаммет өзі отырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz