Нарықтық экономиканың орнығуы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

1-Бөлім. Жаңа экономикаға өту кезеңі

  1. Есептеу нүктесі
  2. Макроэкономикалық тұрақтандыру

2-Бөлім. Нарықтық экономиканың орнығуы

2. 1 Табысты орнықтыру

2. 2 Экономикалық өсу жағдайларын жасау

2. 3 Ескі экономикадан - жаңа экономикаға: жолды анықтау

3-бөлім Қазақстан Республикасының экономикалық проблемалары,

мәселелері, ұсыныстар мен оларды шешу жолдары

3. 1 Өндірістік инфрақұрылымды дамытудағы мемлекеттің

реттеушілік ролі

3. 2 Қазақстанның аймақтарын дамыту және мемлекеттік реттеу

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

1-Бөлім. Жаңа экономикаға өту кезеңі

  1. Есептеу нүктесі

Өткен өзгерістердің басты қорытындыларын бағалай отырып, мынаны сөзсіз мойындаған жөн: біз нарық тетігін іске қосып, сұраныс пен ұсыныс бағаны реттейтін, тауар ағымдарының қозғалысын, бәсекелестіктің табиғатын, инвестиция арналарын айқындайтын ахуал жасай алдық.

Елеулі экономикалық табыс біз тандаған экономикалық даму моделінің дұрыстығын дәлелдейді. Мұны нақты ІЖӨ өзгерісінің динамикасы айқын көрсетеді. Мәселен, 2003 жылы 1991 жылмен салыстырғанда ІЖӨ-нің артуы 106, 3 пайызды құрады, бірақ бастысы - бұл көрсеткіш бойынша біз дағдарысқа дейінгі 1990 жылдың психологиялық тұрғыда маңызды шебіне әбден жақындай түссек, 2004 жылдың қорытындылары бойынша бұл шепті еңсереміз.

КСРО экономикасы әр республикаға, нақты қажеттіліктерді ескерместен, өз рөлі мен даму стратегиясы берілетіндей түзілген болатын. Украинада - технологиялық өндіріс, Белоруссияда мәшине жасау шоғырланды, Өзбекстан мақта өндірді. Қазақстанға аграрлық-шикізаттық шылау рөлі берілді. Бұл орын орасан табиғи ресурстарымен айқындалған еді.

Біздің еліміз әлемдік темір рудасы қорының шамамен 8 пайызына, әлемдік уран қорының 25 пайызға жуығына иелік етеді. Мұнайдың барланған қоры бойынша Қазақстан әлемде 12-орын алады және болжам бойынша 2015 жылы мұнай өндірудің көлемі жағынан алғашқы ондық елдерінің қатарына кіреді.

Қазақстан көмір өндіретін ел ретінде әлдеқашан танылған. Республикадағы көмір қоры 35, 8 миллиард тоннаны құрайды. Бұл жалпы әлемдік қордың 3, 6 пайызы. ТМД елдерінің арасында көмір қоры мен оны өндіру бойынша Қазақстан Ресей мен Украинадан кейін үшінші орын алады.

Біздің республиканың міндетіне үлкен бөлігі тасып әкетілетін табиғи ресурстарды өндіру кірді. Қазақстанда өндірілетін мұнайдың - 70, темір рудасының - 55, қара металдың - 46, көмірдің 28 пайызы сыртқа кетіп жатты.

Біздің өнеркәсіп жоғары қосымша құны бар өнімдерді жеткілікті шығармады, онда 4 және 5 қайта бөлісулер болмады. Жерімізде ресурстардың барлық түрі бола тұра, біз ақырғы өнімді шығармадық. Ауыл шаруашылығына экстенсивтік және шығындық сипат тән еді. Біздегі қажетті селекциясыз және қымбат тұратын жемшөптегі мал шаруашылығы тиімсіз болды. Түсімі өте төмен ұлан-ғайыр егіс алқаптары елдің астыққа деген қажетін жабуға мүмкіндік берді, бірақ экономикалық тұрғыда өзін ақтамады.

Қазақстанның ауылдарына тыңайтқыштар, гербицидтер, ауылшаруашылық мәшинелерін сатып алу, егін орағын, астық, ет пен сүт тасу мен өңдеуді қаржыландыру үшін орталықтандырылған түрде жыл сайын одақтық орталықтан 1985 жылдың бағаларымен 4 миллиард рубльге жуық сомада дотация берілетін.

Қазақстан экономикасының дербестігі туралы сөз бола алмайтын. Барлық ірі кәсіпорындардың 80 пайызы одақтық бағыныста болды. Республикаға тек тамақ және жеңіл өнеркәсіпке билік ету құқығы қалатын.

90-шы жылдарың басында "саясат экономиканың алдында жүретін", бірақ уақыт бәрін өз орындарына қойды. Егемендік алдық деп есі кете қуанудан кейін жаңа мемлекеттерге дербес экономикалық жүйелерін құруға тура келді. Нарыққа өту алдын ала айқындалды, алайда көшу моделін таңдау күн тәртібінде тұрған ең қиын мәселе болды.

Экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Дж. Стиглиц атап көрсеткендей, "бұл елдер коммунизмнен бас тартуын қандайлық шұғылдықпен айтып бақты". Сол кезде біз кейбір шетелдік кеңес берушілердің теориялық ізденімдері нақтылықтан қандайлық алшақ екенін түсіндік.

Экономикалық, көп ретті жасанды байланыстардың үзілуі алғашқы жылдары келеңсіз ұласпалы әрекет туғызды. Кәсіпорындар тоқтап жатты немесе өнімдер өтпей тұрғандықтан, қоймаға жұмыс істеді. Ондаған мың адамдар жұмыссыз және тірлік ету қаражатынсыз қалды.

Ауыл шаруашылығы тірек еткен дотациялар мен субсидияларды төлеу тоқтатылды. Орталықтандырылған жоспарлы сатып алуға бағдарланған колхоздар мен совхоздар бір сәтте бәрінен айырылып тынды. Осыныу келеңсіз процестердің салдары ретінде бюджетке салықтар түспей қалды. Жалақы мен зейнетақыға қаражат болмады. Қазына қаңырап, қаржы резервтері түгесілді.

1991 жылға қарай Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық ахуал әлдеқайда қиындады. ІЖӨ 12 пайызға төмендеп кетті. Рынокта тауар жетімсіздігі байқала бастады. Бұрынғы жылдары тұмшаланып келген инфляция сыртқа сыпырыла шығуға әзір тұрды.

Сол жағдайда бізге бір мезетте аса маңызды екі міндетті шешуге тура келді. Осы дағдарысты еңсеру ғана емес, сонымен бірге өзіміздің дербес экономикалық жүйемізді құра бастау қажет болды.

Ол кезде ырғылап-жырғалауға уақыт берілмейтін. Әлемдік экономикалық жүйені жақсы білетін отандық кәсіпқойлар да болмады. Реформалау тәжірибесі және қажетті заңнамалық база жоқ еді. Өзгерістер бағдарламасының өзі де жоқ болатын. Ал жаңа жүйеге өтуді өте қысқа мерзімде жүзеге асыру қажет еді. Сондықтан да біз стратегиялық шешімдерді жедел қабылдай отырып, алға қарай жүрдік. Әрине, біз басқа елдердің тәжірибесін ескеруге тырыстық, бірақ та, белгілі болғанындай, олардың бірде бірі біздегіге ұқсас жағдайда нарыққа жылдамдата көшуді жүзеге асырмаған екен .

1. 2 Макроэкономикалық тұрақтандыру

Нарық экономикасына көшу мынадай компоненттердің: сұраныс пен ұсыныстың; ақша массасы, айналым қаражаты мен инвестициялық ресурстардың белгілі бір келісілуін білдіреді. Бұған мемлекет иелігінен алу және жекешелендіруді жүргізу, яғни жеке меншік институтын енгізу жолымен ғана қол жеткізуге болатын еді.

Мемлекеттік экономикалық саясатқа ақша-кредит, салық-бюджет, баға және антимонополиялық, инвестициялық, технологиялық саясат кіруі тиіс болды. Бұл екі деңгейлі банк жүйесін құруды, алтын-валюта резервінің қорлануын, қор биржасы, салық, кеден және басқа органдар секілді жаңа қаржы және мемлекеттік институттарды қалыптастыру мен дамытуды талап етті.

Бірінші кезеңде өзекті міндет басқарудың әміршіл-әкімшіл әдістерін алмастыру болды. Өйтпеген жағдайда туындаған проблемаларды шеше алмас едік. Ал олар анық көрініс берді.

Тұтыну тауарларын өндіру бойынша азайды. Қаңыраған сөрелер сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігін көрсетіп тұрды. Тек бағаны өсіру есебінен пайда қуушылықтың жалпыға ортақ жарысы басталып кетті.

Тауар тапшылығы, өсіп бара жатқан гиперинфляция жағдайына тап болған біз бірінші кезекте бағаның ырықтандырылуын жарияладық, ол нарыққа өтудің табанды қадамы болды. Сұраныс ұсынысты туғызады деген классикалық кестені іске қосу керек болды. Бірақ та адамдар бұл шараны, бағалар кілт аспандап кеткендіктен, ауыр қабылдады.

Кеңестік экономикада бағалар сұраныс пен ұсынысты ескеріп емес, саяси және идеологиялық себептер бойынша белгіленетін. Сондықтан да экономика әрдайым тапшылықты және инфляциялық болды. Оның үстіне тауарлармен және қызметтермен қамтамасыз етілмеген артық ақша проблемасын жоспарлы экономика әдістерімен шешу мүмкін емес. Бұл жағдайдан бірден-бір шығу жолы тұмшаланған инфляцияны ашық инфляцияға айналдыру болып табылғандықтан, кесімді бағалардан еркін бағаларға біртіндеп көшу сәтсіздікке ұшырайтын еді, сондықтан да онымен классикалық әдістер бойынша күресу көмектеспеді.

Алайда рынокты тұтыну тауарларымен толтыру айтарлықтай тез жүрді, кезектер жоғалды, карточкалық жүйе алып тасталды. Адамдар өз бизнесін ұйымдастыра бастады, белгілі бір дәрежеде кәсіпкерлік бастамашылық көрініс берді. Бұл сұраныс пен ұсыныс экономикасының алғашқы нәтижесі болды.

Бірақ та өндіріс тоқтап, байланыстар үзілген ретте біздің біртұтас рубль аймағында тұрып жатуымыздан жағдай күрделі болып қала берді. Мұндағы келеңсіз үрдістер Мәскеу жүргізіп отырған жүйесіз ақша эмиссиясымен айқындалады. Ресейден Қазақстанға ескі рубльдер вагондап жөнетіліді, мұның өзі инфляция үшін нәрлі топырақ болды. Біз таңдау алдында тұрдық - не ақша массасын қысу керек, не бағаға қатаң мемлекеттік бақылау орнату керек. Екінші нұсқа ескі кезеңдерден әлдеқайда қалыпты болып көрінетін, бірақ та әу бастан-ақ реформалар қисынына қайшы келетін.

Біз өз жолымызды таңдадық, ол валюта енгізуді көздеді. Қазақстан бұған бұрынғы Одақ елдерінің ішінде соңғысы болып барды, өйткені басқаларға қарағанда Ресеймен экономикалық байланыстары әлдеқайда берік еді. Бірақ біздің шыдамымыз шегіне жетті. Сөйтіп 1993 жылғы 15 қарашадан бастап біз экономикалық тәуелсіздіктің аса маңызды нышаны - ұлттық валютамыз теңгеге ие болдық. Жуырда біз аса маңызды жетістігіміз болып, одан кейінгі ауқымды өзгерістерге кеңістік ашқан сол оқиғаның 10 жылдығын атап өттік. Бұл бізге 1994 жылы-ақ гиперинфляцияны бәсеңдетуге, ал 1995 жылы оны екі таңбалы көлемге дейін түсіріп, инфляция процесін ауыздықтауға мүмкіндік берді.

Тікелей тәуелсіздік алғаннан кейін бірінші кезекке дербес бюджет, салық және кеден жүйелерін құру мәселелері де щықты. Іс жүзінде оларды тақыр жерден түзуге тура келді. Бірінші кезеңде сәйкес нормативтік-құқықтық базаны жасау талап етілді.

Ескі жүйені қирату алғашқы жылдары мемлекеттік бюджеттің өте үлкен сәйкессіздіктерге соқтырды, өйткені әлеуметтік кепілдіктер мөлшері нақты экономикалық мүмкіндіктерден асып тұрды. Мысалға, 1991 жылдың бюджет тапшылығы 20 пайыздан артық болды.

Теориялық тұрғыда бюджет тапшылығын төмендетуге кәсіпорындардан алынатын салықтарды кілт ұлғайту және әлеуметтік бағдарламаларды сондайлық кілт қысқарту есебінен жетуге болады. Алайда салық ауыртпалығын үнемі ұлғайту орынды емес, өйткені бұл іскерлік белсенділіктің төмендеуіне және экономиканың көлеңкеге кетуіне соқтыратын еді. Сондай-ақ кәсіпорындарда да үлкен салықтарды төлеуге жеткілікті қаражат болады.

Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып салық реформасын жүргізді. 1995 жылы Призиденттің "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" заң күші бар Жарлығы шықты. Соған сәйкес салықтардың саны 3 еседен астамға қысқарды. Салық органының қызметі принципті түрдегі басқа сипатқа ие болды. Салықтар мембюджетті толықтырудың әдісі ретінде ғана емес, сонымен бірге инвестициялық-өндірістік қызметті ынталандырудың құралы ретінде де қарастырыла бастады.

Енді эконмикалық тұрақтану кезеңі басталғаннан кейін салық жүйесінде біз екпінді өндіріс саласынан айналым саласына көшірдік. 2002 жылы ҚҚС ставкасын 16 пайызға дейін, әлеуметтік салықты 26-дан 21 пайызға дейін төмендеттік. 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚҚС ставкасы 15 пайызға дейін төмендеді, ал әлеуметтік салықты есептеу кезінде 20-дан 7 пайызға регрестік ставка әрекет етеді.

Қазақстанда принципті тұрғыдағы жаңа және осы заманғы екі деңгейлі банк жүйесі құрылды, оны халықаралық барша қаржы ұйымдары ТМД-дағы үздік жүйе деп атайды. Ұлттық банк тәуелсіз болды. Бұл мемлекттік ақша-кредит саясатының тиімділігін кілт арттырады. Екінші деңгейдегі банктер даму серпініне ие болды. Өз кезегінде банк саласындағы реформалар бағалы қағаздар рыногын қалыптастыру жөніндегі белсенді күш-жігермен нығайтылды.

Бюджет жүйесін реформалау 1996 жылы "Бюджет жүйесі туралы" Заңның қабылдануымен басталды. Ел Үкіметі бюджет тапшылығын жабу үшін Ұлттық банк кредиттерін алу практикасынан бас тартып, қаржыландырудың инфляциялық емес көздерін пайдалануға көшті. Осы шаралардың бәрі мемлекеттік шығындарды қатаң шектеумен бірлесе келіп, макроэкономикалық тұрақтанудың негізіне айналды.

Мемлекет иелігінен алуға, жекешелендіруге, сондай-ақ инвестициялық саясатқа байланысты мәселелерге жеке тоқталғым келеді. Ақша массасының қысқаруы мен инфляцияны төмендетудің кері жағы да болды. Кәсіпорындар тоқтай бастады. Төлемеушілік дағдарысы ушықты. Өзара есептесудің негізі бартер болды. Осы жылдарда атқарылғанның бәріне қатер төнді.

Қарапайым қисын мемлекеттік меншікті жекешелендірусіз нарыққа нақты көшудің мүмкін еместігін еске салып тұрды. Бұл қадам нарық субьектілерін құру тұрғысына ғана емес, сонымен бірге халықтың бойында меншік иесі психологиясын қалыптастыру тұрғысынан да маңызды.

Сондықтан да біз ауқымды жекешелендіруге кірістік. Бүгінде оны өткізудің 4 кезеңін даралап айтуға болады . Алғашқы үшеуі мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің ерекшелігімен байланысты болса, төртінші кезең мемлекеттік меншікті басқаруды жетілдіруге екпін түсуімен сипатталады.

Біз шағын жекешелендіруден бастадық. Алғашқы кезенңнің барысында 1991-1992 жылдары 5000-ға жуық нысандар жекешеліндірілді, олардың қатарында ұжымдық меншікке берілген 470-тен астам кеңшар болды.

Екінші кезең "Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға арналған Ұлттық бағдарламасы" негізінде жүргізілді.

Бұл кезеңнің аса маңызды қадамы мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендірудің біртұтас жүйесі болды. Сол кезде шағын және орта бизнесті дамытуға белгі берілді. Көтерме-сауда буынын қоса алғанда бұрынғы кеңестік сауда жүйесін өзгерту басталды.

Көтерме-бөлшек сауда, сауда-саттық және автокөлік бірлестіктері шағын жекешелендіруді жүргізудің алдында дербес заңды тұлғалар құру мақсатымен сегменттелді. Осының арқасында дүкендерді, мейрамханаларды, дәріхана желісін, автомайқұю стансаларын қоса алғанда қызмет көрсету саласында бәсекелестік орта пайда болды.

Біз нарықтық экономиканың негізгі субьектісі маркетинг пен менеджменттің прогресшіл де тиімді әдістерін пайдаланатын меншік иесі болып табылатынын білдік. Купондық жекешелендірудің ащы сабағы мынада еді, меншікті жайдан-жай бөліп, үлестіріп беруге болмайды. Жаңа меншік иесі капитал мен технологияларды тартуға қабілетті болуы тиіс.

Үшінші кезең 1995 желтоқсанда заң күші бар "Жекешелендіру туралы" Жарлықпен басталып, 1999 жылға дейін жалғасты. Осы сәттен бастап ол тек ақша қаражатына жүзеге асырылды.

Шетелдік компаниялар өзімен бірге сондайлық қажетті инвестициялар, басқарудың озық тәжірибесін әкеледі деп білуіміз орынды екен. Нәтижесінде біздің кәсіпорындар өз дамуының жаңа серпініне ие болды. Жаңа жұмыс орындары ашылды. Адамдар тұрақты жалақы ала бастады.

1999 жылдан кейін бірінші кезекке мемлекеттік мүлікті басқаруды жетілдіру мәселелері шықты. Сондықтан қазіргі төртінші кезеңде біз мемлекеттік меншікті басқару және онымен айналысу мәселелері бойынша мемлекеттік органдар арасындағы өкілеттіктерді бөлуге жаңа көзқарас қолдана бастадық.

Республикалық мемлекеттік және коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарды оңтайландыру басталды. Елдің экономикалық қауіпсіздігін анықтайтын экономиканың стратегиялық маңызды секторларына мемлекеттің ықпалы мен ондағы үлесі ұлттық компаниялар арқылы сақталды. Мұнай-газ секторында - бұл "ҚазМұнайГаз", энергетикада - "КЕГОК", телекоммуникацияда - "Қазақтелеком", темір жолда - "Қазақстан темір жолы".

Қазір біз бұл салаларды да реформалауға жеттік. Темір жол саласын қайта құрылымдау бағдарламасы басталды. Электр энергетикасы және телекоммуникация салаларын монополиясыздандыру міндеті қойылды.

Өзінің бүкіл кемшіліктеріне қарамастан іс жүзінде аяқталған жекешелендіру процесі нақты бәсекелестік үшін базалық жағдайларды құруға жеткізді. Қазіргі кезде республика өнеркәсіп өнімнің 85 пайызға жуық көлемі жекеменшік секторда өндіріледі.

Экономикалық реформалар ІЖӨ құрылымында жақсы байқалады. Мәселен, 1991-ден 2003 жылға дейінгі кезеңде тауар өндірісінің үлесі 43 пайызды құрап, 23 пунктке қысқарды, тиісінше қызмет көрсету өндірісінің үлесі 37, 2 -ден 52, 3 -пайызға дейін өсті. ІЖӨ құрылымының мұндай өзгерісі осы заманғы жалпыәлемдік үрдістерге сай келеді. Қазақстанда ІЖӨ құрылымындағы қызмет көрсетудің үлесі Достастық мемлекеттерінің арасындағы ең бір жоғарысы (ТМД бойынша орташа 44 пайыз) . Әлемнің дамыған елдерінде қызмет көрсетудің үлесі шамамен 60- 73 пайызды құрайды, атап айтқанда Жапонияда - 66 пайыз, Ұлыбританияда мен Германияда - 71 пайыз.

Экономикалық жүйенің қалыптасу кезеңінде инвестициялық саясат басым сипатқа ие болады. Шетелдік инвестицияларды тартуға бағдарлану негізгі бағытқа айналды, мұның өзі қолайлы инвестициялық ахуал туғызуды талап етті. Қазақстанда ел экономикасына қаржы ресурстарын тартуды жандандыру үшін институттық және нормативтік - құқықтық алғышарттар жасалды. Мәселен, мамандандырылған өкілетті орган және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі пайда болды. Инвестициялар туралы заңдар қабылданды, инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы, қосарланған салық салуды болдырмау туралы бірқатар үкіметаралық келісімдер жасасылды.

1997 жылы-ақ инвестициялар тартатын басым секторлар тізімі бекітілген болатын. Бұл өңдеу өнеркәсібі, жаңа елорданың нысандары, әлеуметтік сала мен туризм, ауыл шаруашылығы.

Қорытындысында қазіргі сәтте жан басына шаққандағы игерілген тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі бойынша Қазақстан ТМД елдерінің арасында көшбасшы екендігін сөзсіз. Қазақстанға бірінші болып инвестициялық деңгейдегі кредит берілген.

Инвестициялық тартымдылықтың осындай жоғары көрсеткіші біз шетелдіктерге минералдық ресурстарды, соның ішінде мұнай-газ саласындағы ресурстарды игеруіне жол ашуымыз арқылы мүмкін болды. Қаржы қаражатының жетімсіздігі, негізгі қорлардың тозуы жағдайында Қазақстанның өзі орасан кен орындарын толық мәнінде игере алмады.

Алғашқы кезде шетелдік инвестицияларды тарту мәселесі Батыстың іскер әлемінде экономикалық әріптес ретіндегі Қазақстанның болашақтылығы мен сенімділігі туралы түсінігінің болмауынан күрделі күйде тұрды. 1993 жылы "Шеврон" корпорациясының келуі және онымен бірегей Теңіз кен орны бойынша келісім жасалуы басқа трансұлттық корпорациялар үшін өзіндік белгі болды.

Инвесторлардың мұнай-газ саласына белсене келуі осыдан басталды. Бүгінде Қазақстанда әлемнің аса ірі мұнай компанияларының бәрі жұмыс істейді. Олардың арасында "Эксон Мобил", "Шелл", "Эни", "Шеврон Тексако", "Тоталь", "Бритиш петролеум", "Лукойл", Қытай ұлттық мұнай корпорациясы бар. Олардың қазақстандық рынокта болуы елдің жоғары инвестициялық тартымдылығы секілді инвесторлардың мүдделері мен құқықтарын қорғау саласындағы заңнамалардың тұрақтылығын да қуаттайды.

Соңғы 30 жылда қоры 10 миллиард баррель деп бағаланған аса ірі Қашаған кен орнының ашылуымен Қазақстан мұнайдың барланған қорлары бойынша әлемде жетекші орындардың біріне шықты.

Елдің мұнай қорларын игерудегі біздің стратегиямыз бір ғана көмірсутегін өндірумен тәмамдалмайды. Оларды әлемдік рыноктарға тасымалдау үшін инфрақұрылым жасаудың маңызы бұдан кем емес болатын. Кеңестік кезеңде ішкі рынокқа бағдарланған Қазақстанның мұндай тұрба құбырлары жоқ еді. Тәуелсіздік жылдарындағы тұңғыш және ойдағыдай іске асырылған жоба Каспий тұрба құбыры консорциумы болды. КТК-ның іске қосылуымен біз тасымал маршруттарын белсенді ету жөнінде дәйекті саясатты жүзеге асыра бастадық. Өткен жыл Каспий бойынша келіссөз процесінде сірескен сеңді бұзып өткен жыл болды. Ресеймен стратегиялық әріптестік қазір қайраңдағы бірлескен ірі жобаларда нақты жүзеге асырылып келеді. Қытай бағытындағы тұрба құбырының құрылысы басталады.

Біздің еліміздің экономикалық дамуындағы мұнай факторының рөлін бағаламау мүмкін емес. Шынында да, 1985 жылмен салыстырғанда бүкіл әлемде көмірсутегі шикізатын өндіру 1, 3 еседен кем болып отырғанда, біз өндіру көлемін 225, 4 пайызға ұлғайта алдық, ал Ресей сексенінші жылдар кезеңіндегі деңгейді енді ғана қалпына келтіре бастады.

Әлемде, елдер тобы бойынша және Қазақстанда тікелей шетел инвестициялары ағыны өзгерісінің динамикасы, 1995-2002жж., %-бен

ӨҢІР/ЕЛ: ӨҢІР/ЕЛ
1995: 1995
1996: 1996
1997: 1997
1998: 1998
1999: 1999
2000: 2000
2001: 2001
2002: 2002
2003: 2003
ӨҢІР/ЕЛ: Бүкіл әлем
1995: 100
1996: 116, 4
1997: 144, 1
1998: 181, 1
1999: 327, 5
2000: 418, 3
2001: 246, 4
2002: 204, 5
2003: 168, 6
ӨҢІР/ЕЛ: Дамыған елдер
1995: 100
1996: 106, 9
1997: 130, 3
1998: 229, 7
1999: 402, 7
2000: 538, 7
2001: 277, 8
2002: 238, 2
2003: 178, 2
ӨҢІР/ЕЛ: Дамушы елдер
1995: 100
1996: 136, 5
1997: 170, 7
1998: 173, 4
1999: 207, 3
2000: 225, 6
2001: 196, 4
2002: 140, 9
2003: 153, 8
ӨҢІР/ЕЛ: Орталық Азия
1995: 100
1996: 156, 5
1997: 232, 3
1998: 182, 1
1999: 151, 7
2000: 114, 2
2001: 213, 9
2002: 272, 1
2003: 367
ӨҢІР/ЕЛ: Қазақстан
1995: 100
1996: 170, 1
1997: 214, 1
1998: 125, 3
1999: 188, 2
2000: 282, 6
2001: 463, 1
2002: 417, 3
2003: 476, 5
ӨҢІР/ЕЛ: ОШЕ
1995: 100
1996: 95
1997: 134
1998: 170, 4
1999: 185, 9
2000: 192, 8
2001: 184, 8
2002: 218, 9
2003: 147
ӨҢІР/ЕЛ: Ресей
1995: 100
1996: 127, 9
1997: 241, 3
1998: 137
1999: 164, 1
2000: 134, 6
2001: 122, 5
2002: 171, 7
2003: 56, 7

Шынында да, мұнайдың арқасында біз эконмикалық жүйені өзгерту процесін жеделдете алдық. Бірақ та дамудың қазіргі динамикасына қол жеткізуге энергия сақтаушыларға деген әлемдік бағаның артуы ғана ықпал етіп қойған жоқ. Бұл - экономикалық өзгерістердің нәтижесі.

Бүгінде мемлекеттік бюджеттің ширегі ғана мұнай табыстарының есебінен қалыптасады.

Тікелей инвестициялар қара және түсті металлургияның тиімділігн көтерді. "Самсунг" және "Қазақмыс" корпарациялары саланың дамуына 1833, 5 млн. Доллар жұмсады. Бұл 2000 жылы ақ шақпақ мыс шығару жөніндегі 1990 жылғы деңгейді 9 пайыз арттыруға мүмкіндік берді. Қазіргі кезде мыс өндірудің көлемі бұрынғы жылдардың үздік көрсеткіштерінен асып түсті. Испат-Қармет өндірістің дамуына 500 млн. Доллардан астам жұмсады. Қарметкомбинат металлдармен және полимерлермен қапталған металл табақшалар шығарудың қуатты индустрияландыру кезеңінен өтті.

Қазхром мен Қазалюминий 537, 2 млн. Доллар мөлшеріндегі инвестициялардың арқасында тиімділгі жоғары өндірістерге айналды. Мұны қорғасын-мырыш саласының жұмысы туралы да айтуға болады.

Нақ осы салалар бүгінде ел бюджетінің негізгі толықтырушылардың бірі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық экономика жайында
Қазақстан Республикасының әлемдік сауда ұйымына кірудегі өзекті мәселелері
70-80 жж. реформалар және тоталитарлық жүйе
Азаматтық қоғам туралы
Қазақстанда нарықтық экономикаға көшу
Жаһанданудың қазіргі заман теориялары
Еңбекті қоғамдық ұйымдастыру ұғымы
Еркін сауда аймақтары
Қоғамның саяси өмірі
Валюта бағамы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz