Мәдениет — адам дамуының өлшемі



Мәдениет философиялық ой-толғамның аса маңызды, терең теориялық мәнді ұғымдарының бірі. Қоғам өмірінің түрлі салаларына байланысты мәдениет ұғымы жиі пайдаланылады. Сонымен қатар адамзат тарихын зерттеушілер де мәдениет мәселесін қамтымай дұрыс пайымдаулар жасай алмайтынын ескерте кету керек. Ңысқасы, бұл ұғым саналы іс-әрекет жемісін даму процесінде көрсетуге бағытталган. Әрбір тарихи дәуірдің өзіндік мәдениеті бар. Сол сияқты әрбір халықтың өзіне ғана тән мәдени дәстүрлері болады. Бұдан мәдениеттің көп түрлілігі ондағы жалпылықты, әмбебаптықты терістейді екен деген қорытынды тумайды. Керісінше, мәдениеттің нақтылы тарихи түр алуы оның мазмұнының күрделілігін және ондағы жалпылық ерекшеліктің диалектикасын білдіреді.
Көпшілікке арналған әдебиетте мәдениет мәселесін руханилық, көркемдік салаларымен байланыстыра қарау басым. Шындығына келсек, мәдениет адам әрекетінің, саналы қызметінің көрінісі. Олай болса, сол әрекет-қызмет нәтижелері де мәдениет дәрежесін паш етеді. Басқаша айтқанда, адам адам болу үшін еңбек құрал-жабдықтарын жасауы қажет. Міне, сол алғашқы еңбек құрал-жабдықтары ежелгі мәдениет ескерткіштері болып табылады. Материалдық өндіріс бір қалыпта қала бермейді. Өндіріс қажеті оның дамуын, жаңаша қалыптасуын, күрделіленуін туғызады. Материалдық әрбір жаңа белес мәдениеттің де жаңа, неғұрлым жоғары дең-гейге көтерілуін білдіреді, яғни мәдениет ұғымының қоғамдық — гуманитарлық білім шеңберін кеңейтіп, кең саланы қамтитындығын айту керек. Бұл арада материалдың мәдениеттің адам тарихындағы ерекше ролін арнайы бөліп айтуымыз, мәдениеттің адам проблемасымен тығыз байланыстығын естен шығармау қажет екендігіне көңіл аудару болып отыр.
Материалдық мәдениет құрамына еңбек құрал-жабдықтары мен өңделген еңбек заттары жатады. Олардың мазмұны мен формасы мәдениеттің даму сатысын көрсетеді. Сондықтан мәдениеттегі өткеннің, бардың, болашақтың сабақтастың байланысын тани білу қажет. Өткен біржола жоғалып кетпейді. Ерте дүние философия өкілдері, қайта өрлеу дәуірінің ойшылдары, жаңа заман идеологтары, XIX ғасырдағы рухани дүние алыптары өздерінің шығармаларымен қазіргі күнге қызмет етіп отырғанына ешкім күмәндана алмайды. Сол сияқты біздің дәуіріміздегі мәдениет те болашаққа ұмтылған, әлемдік мәселелерге тура қатысымен гуманизм салтанатының жер бетінде кең орнығуына ат салысуда. Бұл процесс рухани саланы ғана қамтымайды.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
МӘДЕНИЕТ — АДАМ ДАМУЫНЫҢ ӨЛШЕМІ.
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ЦИВИЛИЗАЦИЯ
Мәдениет философиялық ой-толғамның аса маңызды, терең теориялық мәнді
ұғымдарының бірі. Қоғам өмірінің түрлі салаларына байланысты мәдениет ұғымы
жиі пайдаланылады. Сонымен қатар адамзат тарихын зерттеушілер де мәдениет
мәселесін қамтымай дұрыс пайымдаулар жасай алмайтынын ескерте кету керек.
Ңысқасы, бұл ұғым саналы іс-әрекет жемісін даму процесінде көрсетуге
бағытталган. Әрбір тарихи дәуірдің өзіндік мәдениеті бар. Сол сияқты әрбір
халықтың өзіне ғана тән мәдени дәстүрлері болады. Бұдан мәдениеттің көп
түрлілігі ондағы жалпылықты, әмбебаптықты терістейді екен деген қорытынды
тумайды. Керісінше, мәдениеттің нақтылы тарихи түр алуы оның мазмұнының
күрделілігін және ондағы жалпылық ерекшеліктің диалектикасын білдіреді.
Көпшілікке арналған әдебиетте мәдениет мәселесін руханилық, көркемдік
салаларымен байланыстыра қарау басым. Шындығына келсек, мәдениет адам
әрекетінің, саналы қызметінің көрінісі. Олай болса, сол әрекет-қызмет
нәтижелері де мәдениет дәрежесін паш етеді. Басқаша айтқанда, адам адам
болу үшін еңбек құрал-жабдықтарын жасауы қажет. Міне, сол алғашқы еңбек
құрал-жабдықтары ежелгі мәдениет ескерткіштері болып табылады. Материалдық
өндіріс бір қалыпта қала бермейді. Өндіріс қажеті оның дамуын, жаңаша
қалыптасуын, күрделіленуін туғызады. Материалдық әрбір жаңа белес
мәдениеттің де жаңа, неғұрлым жоғары дең-гейге көтерілуін білдіреді, яғни
мәдениет ұғымының қоғамдық — гуманитарлық білім шеңберін кеңейтіп, кең
саланы қамтитындығын айту керек. Бұл арада материалдың мәдениеттің адам
тарихындағы ерекше ролін арнайы бөліп айтуымыз, мәдениеттің адам
проблемасымен тығыз байланыстығын естен шығармау қажет екендігіне көңіл
аудару болып отыр.
Материалдық мәдениет құрамына еңбек құрал-жабдықтары мен өңделген
еңбек заттары жатады. Олардың мазмұны мен формасы мәдениеттің даму сатысын
көрсетеді. Сондықтан мәдениеттегі өткеннің, бардың, болашақтың сабақтастың
байланысын тани білу қажет. Өткен біржола жоғалып кетпейді. Ерте дүние
философия өкілдері, қайта өрлеу дәуірінің ойшылдары, жаңа заман
идеологтары, XIX ғасырдағы рухани дүние алыптары өздерінің шығармаларымен
қазіргі күнге қызмет етіп отырғанына ешкім күмәндана алмайды. Сол сияқты
біздің дәуіріміздегі мәдениет те болашаққа ұмтылған, әлемдік мәселелерге
тура қатысымен гуманизм салтанатының жер бетінде кең орнығуына ат
салысуда. Бұл процесс рухани саланы ғана қамтымайды.
Мәдениет негізі — еңбек. Еңбек неғұрлым күрделенген сайын мәдениет те
жаңа сипат алып отырады. Алғашқы еңбек бөлінуінен қазіргі кезеңге дейін
еңбек материалдық өндіріс мәдениетін жетілдірудің негізі болып келеді. Егер
садақ пен жебе бір кезде адамның табиғатпен байланысындағы төңкерістің
куәсі болса, бүгін ғылыми-техникалық революция жетістіктері де өндірістегі
жаңа техника мен технология да материалдық мәдениеттегі төңкерісті
білдіреді.
Мәдениетке таптық сипат тән. Әрине, таптық жалпы адам заттық
мазмұнды терістемейді. Бірақ кейде мәдениеттегі таптыңты бекерге
шығару кездесіп отырады. В. И. Ленин бұл мәселенің маңыздылығын баса айтқан
болатын.
Мәдениет адамеыз болмайды. Адам дамуы мәдениетке байланысты. Тек осы
өзара тәуелділікті анықтай алғанда ғана, мәдениеттің адамзат тарихындағы,
адам өміріндегі орнын түсінуге болады.
Мәдениет тарихи процестермен ұштасып жатады, сол тарихи процестердің
тікелей туындысы болып табылады. Соны мен бірге мәдениеттің бір ерекшелігі
оның өз бойында сабақ тастыңты терең сақтай білуінде.
Мәдениетті түсіну үшін тарихи дәуірді білу қажет, оның өндірістік
қатынастары қандай болғанын айқындау қажет, өмір салты, рухани дүниесі
қандай ерекшеліктермен анықталатынын ажырата білу қажет. Олай болса
мәдениетті адам әрекетінен, оның өзгертуші қызметінен бөліп алу мүмкін емес
екен.
Өткен уақыт мәдениеті — халықтық мұра, ол адамның өзі, оның өскен
жолы, болашағы. Сондықтан бұрынғы мәдениет тумаларын қазіргі сана дәрежесі
негізінде, қоғамның осы заманғы қалпына сәйкес бағалау диалектикалық
ойлауды қажет етеді. Жасыратыны жоқ, шынайы тарихтың басым уақыты дін
ықпалында өтті. Ол дәуірлердегі мәдениет ескерт-кіштерінің барлығы дерлік
діни тағылымдарды басшылыққа алған. Орта ғасырда, қайта өрлеу заманында
жазылған шығармаларда таураттың мазмұн, аңыз-миф көп. Солай екен деп
олардан аттоныя ала қашушылар олардың адамдық, гуманистік мәнін
түсінбей, мәдени мұраны мирасқор ретінде қабылдай алмаушылар.
Бұл шығармаларды діни ұйымдар біздікі дегенмен оларды діни
руханилық ескерткіші деп қарай алмаймыз. Олар халықтық шығармалар,
болашаққа, адамға деген сеніммен жазылған. Адамзат рухани мәдениетінің
мақтанышы. Қазақ халқының ескіден келе жатқан ресімдерінің
барлығын діни деп атай алмаймыз. Дін мотиві бар екен деп Бұқар жырау
толғауларынан, атеистік дүниетанымды Ыбырайдан, шығармаларында құдайға
сенгендік желісі байқалады деп Шәкәрімнен бас тартсақ, біз өз
мәдениетімізді кедейлеткен болып табылмаймыз ба? Әрине соқыр сенім емес,
ескінің етектен алатын көріністеріне құлшылық ету емес, жекелік рухани
белсенділік адам мәнін түсінуге көмектеседі. Бүкіл тарих бойы адам баласы
соған ұмтылған, еркін болуды көксеген, өзіне-өзі сенуді мәдениеті дамыған
сайын күшейте түскен. Байқасақ, мәдениетті қоғамдық дамудан бөліп алуға
болмайды екен, өйткені мәдениет сол дамудың көшірмесі, бейнесі, белгілі
мағынада болашағы да. Жаңа тарих дәуірі кейбір антикалық
ойларды қайта жаңғыртып, мәдениет дамуына тиек етті. Солардың бірі
мәдениетті табиғи ортамен байланыстыра қарау. Оған мысал ретінде Д.
Дефоның Робинзон Крузо романындағы Робинзон образын келтіруге болады.
Мәдениет қандай түр алса да адамдық мазмұнда болады. Тек өзгертуші,
жасаушы субъект ретінде ғана адам мәдениетті қабылдайды, дәлірек айтсақ,
тарихи процестердің субъектісі болып табылатын адамның қоғамдық,
материалдық және рухани қызметінін, барлық саласы мәдениет деген жалпы ұғым
арқылы түсіндіріледі. Бұл тарихты материалистік тұрғыдан түсінуге сай
келеді.
Мәдениеттегі адам қызметі өзінің объективті мазмұнымен анықталады.
Қандай мәдениет көрінісін алсақ та біз белгілі тарихи жағдайларға
байланысты жарық керген адам қызметінің нәтижесін мақтан етеміз (тіпті
ондай қуаныш болмаса да, еңбек жемісін мойындауға мәжбүр боламыз. Мәдениет
көрінісін өткінші, бүгін бар да ертең жоқ деп қарауға болмайды. Тарихи
сабақтастықты ақиқат деп қараушы әрбір адам мәдениеттегі шындықты
әлеуметтік қажеттіліктер туған шындық деп бағаламай тұра алмайды.
Мәдениет ерекшелігі — ол тек объективті шындық ңана емес, өзінің шығу
тегі жағынан ол субъективті мазмұнды. Мәдениеттің материалдылығының өзі,
оның шығу көзі адамға байланыстылығында. Адамның өмір сүру тәсілі және
объективті қызмет негізінде ғана мәдениет материалдық сипат алады. Маркстің
сөзімен айтқанда, мәдениет туындысы өз тұрмысынан затталған адам мәні. Бұл
айтылғаннан мәдениеттің дайын зат ретінде, заттық форма ретінде өмір
сүретіндігін қорытындылауға болады. Шынында да, материалдық мәдениет
өндіріс құрал-жабдыңтары, архитектуралық мұралар арқылы білінсе, рухани
мәдениет кітаптар, қолжазбалар, қылқалам шығармалары арқылы мәлім
болады. Зат мәдени бағаға ие болу үшін ең алдымен адамдық сипат алу керек.

Кең мағынада мәдениет адамдардың өндірістік қызметінің барлық
салаларын қамтиды, өйткені еңбексіз адам тарихи процеске қатыса алмайды.
Тар марынада мәдениет кәсіптік мамандығы бар адамдардың, немесе кәсіптік
одақтардың қызметі арқылы баянды болады. Бұл екі тұжырым да сенімді. Мәселе
— қай уақытта, қандай жағдайға байланысты мәдениет туралы әңгіме
қозғалуында.
Адам қызметінің қажетті жағдайы ретінде табиғат пен қоғам адамның
мәдени болмысының көрініс формалары болып табылады, өйткені тек табиғи және
қоғамдық ортада ғана адам өзінің күрделі адамдық қасиетін білдіре алады.
Сонымен бірге табиғат қандай болсын мәдениеттен бұрын болады, мәдениеттің
пайда болып, дамуының алғышартты ролін атқарады. Табиғат пен мәдениет
бірлігі шартты, олар бір-біріне қарсы емес, қайта мәдениеттің дамуына
табиғат әсерін тигізсе мәдениет өз кезегінде табиғаттың мәдени түр алуына
жағдай туғызады.
Табиғат пен мәдениет тек барабарлықта болмайды. Олардың терең мәнді
айырмашылықтары да бар. Табиғат мәдениеттен бұрын, адам еркіне, санасына
тәуелсіз пайда болған, ал мәдениет — адамдар қызметінің жемісі, олардың
қажеттіліктерін өтеуге негізделген, бірақ бұл үстіртін сипаттама ғана.
Табиғат пен мәдениет арақатынасын аиыңтау үшін ең алдымен қоғамдық
қатынастар дәрежесін білу қажет.
Табиғат пен мәдениет араңатынасының өз тарихы бар, ол бұл екеуінің
ажырамас бірлігін мойындамай түсінуге болмайтын жай. Шынында, табиғат
мәдениет дамуының алғы-шарты бола отырып, көп жағдайда сол мәдениет
көріністерінің табиғи процестерге тікелей араласуынан немесе көркейіп,
немесе тұншыға құлдырауы мүмкін. Табиғат пен мәдениет арақатынасын шешкенде
табиғатқа деген қамқорлық, мейірімділік естен шықпау керек. Ол ұмытылса,
мәдениет деген мәдениетсіздіктің, табиғатқа озбырлықпен қараудың нақ өзіне
айналады.
Мысалы, алды-артын анықтамай тың жерлерді игеру көп жағдайда
табиғатқа зиянын тигізгені бүгін баршаға мәлім. Тек сандық көрсеткіштерді
қуалап, пәленше миллион тың және тыңайтылған жерлердің қыртысын қопардық
деген біреудің еліруіне сай ұрандық бейімдеушіліктен көптеген құнарлы
топырақтың желмен ұшып, жер эрозиясына душар болып кеткенін, мал
жайылымдарының азайып, тіпті көңілге ауыр дақ қалдыратын жайға айналып
кеткенін біз табиғат пен мәдениет арақатынасын шешудегі озбырлықтың
көрінісі деп айта аламыз. Оның үстіне қызыл кітапқа енген хайуанаттардың,
құстардың, өсімдіктердің селдіреп бара жатқанын да айтпауға болмайды.
Мәдениет субъектісі бола отырып адам әрдайым өз белсенділігін
білдіріп отырады. Ол белсенділік ақылға сыйымды болса, мәдениет табиғаттың
көркейе дамуына демші болады. Керісінше, ол белсенділік бүгінгіліктен, бір
күндіктен туатын болса, табиғатқа зақым келтіреді, улайды, экологиялық
апаттар туғызады. Бұл әңгіме бүгін шығып отырган жоқ. Тарихи процесте
табиғат пен мәдениет ажырамас бірлікте.
Табиғат пен мәдениет арақатынасы — адамның табиғатқа қатысы,
табиғатпен байланысы, табиғи ортаны игеру тәсілі. Материалдық
игіліктерді өндірсе де, рухани қызметпен айналысса да адам
сол табиғаттан нәр алады, басқаша айтқанда оның тарихи дамуы
табиғатқа байланысты. Басқаша айтқанда, табиғат материалдың өндірістің
мазмұнын анықтауда ерекше роль атқарады, өндіріс тәсілі көп жағдайда
сол табиғи ортаға байланысты. Мысалы, кең дала, көшпелілікке ыңғайлы жағдай
қазақ халқының ғасырлар бойы мәдениетінің сол көшпенділікке ыңғайлана
қалыптасқанына себепкер болды. Адамның табиғатқа қатысы оның қоғамдық өмір
сүру тәсіліне негізделеді. Осыдан келіп адамдық мәдениет дәрежесін анықтау
туады. Табиғаттағы көпті таудай қылу, азды әлпештей білу адам мәдениетінің
даму дәрежесін білдіреді.
Мәдениеттің мазмұндылығы философиямен арақатынастан айқын көрінеді,
өйткені адам санасының мәдени-тарихи формасының негізі философиялық
дүниетаным болып табылады. Шынында да, мәдениет тарихы, мәні, жасалуы,
дамуы ірі философиялық мәселелердің бірі болып отыр. Мәдениет біркелкі
емес: онда прогрессивті, болашаққа қызмет ететін және регрессивті,
кертартпа, тек өткенге, немесе өткіншіге қызмет ететін элементтер болады.
Философия мәдениетті тек сипаттап қоймайды, оны сын тұрғысынан бағалай,
топшылай отырып, мәдениет дамуының методологиялық негізін қамтамасыз етеді.
Турасын айтсақ, философияның өзі қоғамдық сана формасы ретінде
мәдениет қатарына жатады.
Мәдениеттің философиялық сипаттамасын мәдениет құрылымынан көре
аламыз. Ресми әдебиетте саяси мәдениет, экономикалык, ойлау мәдениеті,
адамгершілік мәдениеті, тәрбие мәдениеті, ұлтаралық қатынас мәдениеті
деген көптеген мәдениет қатысқан сөз тізбектерін кездестіреміз. Олардың
әрқайсысы жекелеп алып қарағанда философиялық мәселелер. Басқаша айтқанда,
философия мен мәдениеттің арақатынасы қоғамның рухани өмірінде орын алатын
келелі, күрделі құбылыс екенін бөліп қарау қажеттілігі туады.
Мәдениет адамзаттың цивилизация сатыларымен жоғары көтеріліп келе
жатқанын білдіреді. Мәдени көрсеткіш неғұрлым жоғары болған сайын,
адам еркіндігі де соғұрлым көтеріледі.
Цивилизацияның өндірісті дамытпай тұруы мүмкін емес. Өндірісті дамыту
дегеніміз жаңа материалдық және рухани құндылықтарды жасау болып
табылады, ол қоғамдық қатынастардың күрделенуін қамтиды. Табиғи
ортаны игеру, қоғамды жетілдіру мәдениет дәрежесін және цивилизацияның
қандай қалыпта екендігін көрсетеді. Олай болса, цивилизация мен мәдениет
өзара байланыса дамуда бір объективті негізге тәуелді болады екен.
Сонымен бірге цивилизация мен мәдениеттің өзара байланысының сипаты
қоғам құрылысына қарай өзгеріп отыратынын да айту қажет. Антагонистік
қоғамдарда олар шешілімі қиын терең қайшылықтарда болады. Еңбекші бұқара
жасаған мәдениет қазыналары кебінесе үстем тап өкілдері меншігіне айналады.
Тіпті қазіргі капитализм өз мәнін қаншама демократияландыруға ұмтылса да,
тұтыну заттарын көбейтіп, қоғамдық жайларды біршама жақсартса да өзінің
антагонистік таптық сипатынан арыла алмайды. Социализм тұсында мәдениет шын
мәнісінде халықтікі. Бірақ мұндағы цивилизация ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адамзат рухани мәдениетінің мақтанышы
Философиядағы мәдениет ұғымы. Мәдениет адам дамуының өлшемі
Мәдениет туралы
Мәдениет және оның қалыптасуы
Мәдениет философиясы
Мәдениет ұғымының тарихи қалыптасуы және философиялық мағынасы
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ
Педагогтың қарым-қатынастық мәдениеті
Жеке адам мәдениеттің объектісі
ҚОҒАМНЫҢ ДАМУЫН КЕЗЕҢДЕУДІҢ НЕГІЗГІ ТӘСІЛДЕМЕЛЕРІ
Пәндер