Қазақстанға Ресей әкімшілік-саяси жүйесінің енгізілуі



1. 1822 жылғы «Сібір қырғыздары туралы жарғы».
2. 1824 жылғы «Орынбор қырғыздары туралы жарғы». Әскери отарлаудың күшеюі.
3. Әкімшілік.аумақтық құрылыстың жаңа жүйесі. Бөкей хандығының құрылуы және ондағы басқару құрылымы.
Лекция мәтіні: 1822 жылғы «Сібір қырғыздары туралы жарғы». Қазақтардың Пугачев басқарған шаруалар соғысына қатысуы. Сырым Датұлының көтерілісі Қазақстанда хандық билеу жүйесінің әлсірей бастағанын көрсетті. Өзінің отарлау саясаты барысында патша өкіметі ең әуелі Қазақстан жеріндегі хандық билікті жоюға кірісті. Хан билігі орыс шенеунігі басқарған уақытша кеңестің қолына көшті. Осындай кеңес құру арқылы Кіші жүз бен Орта жүз хандықтарының саяси дербестігін түпкілікті жою мақсатын көздеді. Патша өкіметі бұл мақсатты іске асыруды Орта жүз хандығынан бастаған болатын. Мұнда 1815 жылы Орта жүз ішіндегі Уәлидің билігін әлсіретуге тырысып,екінші хан етіп Бөкейді тағайындады. Орта жүздің хандары Бөкей 1817 жылы, Уәлихан 1819 жылы қайтыс болған соң, патша өкіметі жаңа хан сайлатпай, Орта жүзді бірнеше әкімшілікке бөліп, оларды басқарып- бақылауға патша әкімдерін қойды.
1822 жылы орыстың белгілі мемлекет қайраткері М. М. Сперанскийдің басшылығымен "Сібір қырғыздары туралы жарғы", 1824 жылы "Орынбор қырғыздары жөніндегі жарғы"- деген құжат негізінде патша үкіметі қазақ жерін басқару тәртібі жөніндегі заң шығарды. Осы заң бойынша Орта жүз бен Кіші жүз хандықтары жойылды. Кіші жүзде (соңғы хан Шерғазы Айшуақов) хандық биліктің орнына Ресейдегі сияқты әкімшілік саяси басқару жүйесі қалыптасты. Ал Орта жүзде "аға сұлтан" деген басқарушы қызмет енгізілді. Орта жүз жекелеген әкімшіліктерге бөлініп, Омбы қаласының ішкі округтері деп саналды. Патша үкіметі хандық үкіметті жойып Ресейдің әкімшілік жүйесін енгізді. Орта жүзге округтік жүйе енгізді. Бұл жүйе бойынша орта жүз округ, болыс, ауылға бөлінді. Әкімшілік жүйесінің соңғы сатысы болып есептелетін ауыл 50-70 үйден құралды. 10-12 ауыл бірігіп бір болыс болды. 10-15 болыстан округ құралды. Округтерді аға сұлтандар, болыстарды сұлтандар, ауылды ауылнайлар басқарды. Аталған лауазымдағылар Қазақстанда патша үкіметінің саясатын жүзеге асыруға тиіс болды. Ереже бойынша қазақ билерінің қүқығына шек қойылды. Олар даудамай тәрізді ұсақ істерді ғана қарайтын болды. Орта жүзде Қарқаралы, Көкшетау округтері құрылып, кіші жүз бен орта жүздің түйілісіндегі қазақ жерін бірте-бірте тартып алу саясатын патша үкіметі жүзеге асырды.
1. Қазақстан тарихы очерктер. А., 1994ж.
2. Аманжолов Қ. Қазақстан тарихы дәрістер курсы. I, II т. А., 2004ж.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
8-лекция. Тақырыбы: Қазақстанға Ресей әкімшілік-саяси жүйесінің енгізілуі.
Жоспар:
1822 жылғы Сібір қырғыздары туралы жарғы.
1824 жылғы Орынбор қырғыздары туралы жарғы. Әскери отарлаудың күшеюі.
Әкімшілік-аумақтық құрылыстың жаңа жүйесі. Бөкей хандығының құрылуы және ондағы басқару құрылымы.
Лекцияның мақсаты: Патша үкіметі 19 ғасырдың басында отаршылдық саясатты тереңдете отырып, қазақ халқының саяси тәуелсіздігіне қол сұқты. Патша үкіметі 1822 жылы "Сібір қазақтары туралы", 1824 жылы "Орынбор қазақтары туралы" ереже қабылдап аталмыш ережелер бойынша хандық үкіметті жойды. Қазақтарды қазақтардың өзі билеген "Дала демократиясы" деп аталған хандық үкімет қазақтардың саяси тәуелсіздігінің белгісі еді. Сондықтан хандық үкіметті жою қазақ халқының саяси тәуелсіздігін жою болып табылады. Хандық үкіметті жою патша үкіметінің отарлау саясатының тереңдей бастағанын дәлелдеген оның отаршылдық саясатындағы кезекті кадам болды.

Лекция мәтіні: 1822 жылғы Сібір қырғыздары туралы жарғы. Қазақтардың Пугачев басқарған шаруалар соғысына қатысуы. Сырым Датұлының көтерілісі Қазақстанда хандық билеу жүйесінің әлсірей бастағанын көрсетті. Өзінің отарлау саясаты барысында патша өкіметі ең әуелі Қазақстан жеріндегі хандық билікті жоюға кірісті. Хан билігі орыс шенеунігі басқарған уақытша кеңестің қолына көшті. Осындай кеңес құру арқылы Кіші жүз бен Орта жүз хандықтарының саяси дербестігін түпкілікті жою мақсатын көздеді. Патша өкіметі бұл мақсатты іске асыруды Орта жүз хандығынан бастаған болатын. Мұнда 1815 жылы Орта жүз ішіндегі Уәлидің билігін әлсіретуге тырысып,екінші хан етіп Бөкейді тағайындады. Орта жүздің хандары Бөкей 1817 жылы, Уәлихан 1819 жылы қайтыс болған соң, патша өкіметі жаңа хан сайлатпай, Орта жүзді бірнеше әкімшілікке бөліп, оларды басқарып- бақылауға патша әкімдерін қойды.
1822 жылы орыстың белгілі мемлекет қайраткері М. М. Сперанскийдің басшылығымен "Сібір қырғыздары туралы жарғы", 1824 жылы "Орынбор қырғыздары жөніндегі жарғы"- деген құжат негізінде патша үкіметі қазақ жерін басқару тәртібі жөніндегі заң шығарды. Осы заң бойынша Орта жүз бен Кіші жүз хандықтары жойылды. Кіші жүзде (соңғы хан Шерғазы Айшуақов) хандық биліктің орнына Ресейдегі сияқты әкімшілік саяси басқару жүйесі қалыптасты. Ал Орта жүзде "аға сұлтан" деген басқарушы қызмет енгізілді. Орта жүз жекелеген әкімшіліктерге бөлініп, Омбы қаласының ішкі округтері деп саналды. Патша үкіметі хандық үкіметті жойып Ресейдің әкімшілік жүйесін енгізді. Орта жүзге округтік жүйе енгізді. Бұл жүйе бойынша орта жүз округ, болыс, ауылға бөлінді. Әкімшілік жүйесінің соңғы сатысы болып есептелетін ауыл 50-70 үйден құралды. 10-12 ауыл бірігіп бір болыс болды. 10-15 болыстан округ құралды. Округтерді аға сұлтандар, болыстарды сұлтандар, ауылды ауылнайлар басқарды. Аталған лауазымдағылар Қазақстанда патша үкіметінің саясатын жүзеге асыруға тиіс болды. Ереже бойынша қазақ билерінің қүқығына шек қойылды. Олар даудамай тәрізді ұсақ істерді ғана қарайтын болды. Орта жүзде Қарқаралы, Көкшетау округтері құрылып, кіші жүз бен орта жүздің түйілісіндегі қазақ жерін бірте-бірте тартып алу саясатын патша үкіметі жүзеге асырды.
Ереже бойынша болыстармен ауылнайларды сайлау жүйесі енгізілді. Бұл басқару жүйесіндегі прогресс болғанымен болыс сүлтандарының мұрагерлік кұқығын қалдырғаны сайлау жүйесінің прогрессивтік мәнін жоққа шығарды.
Ауыл старшындары қазақтардан сайланды. Болыстыққа сұлтандар тағайындалып, бұл қызмет шын мәнісінде атадан балаға мирас болып қалдырылып отырды.
Полиция мен сот өкіметі органдарын округтік приказ басқарды, ол оны бұрын сұлтандардан үш жылға сайланған аға сұлтандар басқаратын. Онда патша әкімшілігі белгілеген екі орыс заседателі тағайындалды. Сонымен бірге қазақ зиялыларынан сұлтандар мен билердің сайлауы арқылы қойылған екі заседатель отырды. "Сібір қырғыздары туралы Жарғы" бойынша осы кезге дейін жүргізіліп келген қазақ билерінің билік айту құқығын патшаның отаршылдық саясатын жүргізушілер өз қолдарына алып алды.
XIX ғасырдың басында Қазақстанның Ресейге бірігуінің аяқталуы жақын болатын. Осымен байланысты қазақ елі жалпы ресейлік қоғамдық еңбек бөлінісіне ене бастады. Пошта, жол қатынасының дамуы, сауданың, экономикалық байланыстың орнығуы іске асты.
Қазақ елі негізінен мал өсіруші өлке еді. Егіншілік шаруашылық айналымына енді-енді еніп келе жатты. XIX ғасырдың 30-60-шы жылдарында Қазақстанда небәрі 29 мың десятин егін егілді. Оның 14 мыңы Батыс Қазақстан аймағында, қалғаны елдің басқа аудандарында орналасты. Егіншілік халықтың аралас шаруашылық жүргізуі есебінен дамыды. Жартылай көшпелі өмір сүріп, мал өсіретін шаруалардың бір бөлігі көктем шыға жер жыртып, тұқым сеуіп, тырмалап егінді қарайтын адам қалдырып, жайлауға көшетін, сонан соң егін жинауға оралатын.
Егінші қазақтарды жатақтар деп атады. Жатақтардың көбінде көлігі, құрал-саймандары болмады. Сондықтан олар жинаған өнімнің тең жартысына дейін беріп, көлікті, күрделі құрал-сайманды байлардан, ауқатты шаруалардан жалға алатын. Қазақтар балық аулау, тұз өндіру, аңшылық істермен де айналысты. Мал, аң терілерін, құс мамығын өңдеп сатуды жолға қойып, ұста-зергерлік кәсіп ететін қазақтар аз болған жоқ. Ресейден шығысқа қарай өтетін сауда жолындағы қазақ шаруалары керуеншілерге көлік жалдап та пайда түсірді.
Қазақстанда табиғаттың мол қоры болды. XIX ғасырдың ортасына қарай көптеген кен орындары ашылып, мыс, қорғасын, күміс, көмір өндіру қолға алынды. Кен балқытатын, өндіретін, өңдейтін кәсіпорындар салына бастады.
Қазақ жерінде тауар-ақша қатынастары бірден-бірге дами берді. Оған жәрмеңкелік сауда жасаудың зор ықпалы тиді. Қазақстандағы Қызылжар, Семей, Ақтөбе, Көкшетау, Гурьев, Орал, сондай-ақ, көрші Ресей губернияларындағы Омбы, Қорған, Түмен, Орынбор, Ірбіт, Төменгі Новгород қалалары ірі сауда орталықтарына айналды, оларда жазғы және күзгі кездерде жәрмеңкелер жұмыс істеді. Қазақстан орыс кәсіпшілігі үшін мал, шикізат жеткізуші әрі өндіріс өнімдерінін тұтынушысы болды. Қазақтар жәрмең келер мен айырбас пункттеріне қой, жылқы, ұсақ және ірі қара малдары мен май, былғары, тері, елтірі, ешкі түбітін, арқан жеткізді.
XVIII ғасырдың соңы - XIX ғасырдың басында Ресеймен шекаралық сауда орталықтарында Қазақстаннан тек бір жыл ішінде 1,5 миллионнан астам мүйізді ірі қара мал және 100 мыңнан аса жылқы сатылған. XIX ғасырдың ортасында Ертіс шекаралық ауданында жыл сайын 150 мындай жылқы, 3 млн. қой-ешкі және 100 мың өгіз бен сиыр - барлығы 8 млн. сомға дейін қаржыға мал түсіп отырған.
Бұл кезде Қазақстан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХІХ ғ. 60-90 жж. Қазақстанға жаңа әкімшілік-саяси басқару жүйесінің еңгізілуі
1867-1868жж. жүргізілген әкімшілік реформалар
19 ғасырдағы реформалар
Қазақстанның жерлерін Ресей империясының отарлауы
Ресейдің қазақ жерлерін басып көшуі
ХІХ ғасырдың І-ші жартысындағы қазақ шаруашылығының жағдайы
Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы
Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы туралы
Қазақстанда жаңа әкімшілік - территориялық басқару жүйесінің ендірілуі және оған қазақтардың қарсылығы
Хандар
Пәндер