Зейін — саналы іс-әрекеттің шарты



1. Зейін — саналы іс.әрекеттің шарты
2. Зейін туралы ұғым
3. Зейіннің физиологиялық негіздері
4. Зейіннің түрлері
5. Зейіннің негізгі қасиеттері
Егер адам қабылдағанына, не істеп жатқанына өзінің зейінін аудармаса бірде-бір психикалық процесс мақсатқа дәл бағытталып, жемісті болып шықпайды. Біздің бір затқа қарасақ та оны байқауымыз немесе нашар көруіміз мумкін. Өз ойымен болып отырған адам қасында сөйлесіп отырған адамдардың сөздерін естіп отырса да, ұғынбауы мүмкін. Егер біздің бар зейініміз басқа бір нәрсеге аударылып отырса, бір жеріміздің ауырып отырғанын сезінбеуіміз де мүмкін. Керісінше, адам бір затқа немесе іс-әрекетке көңілін аударса, оның екжей-текжейіне дейін бәрін біледі және ісі жемісті болып шығады. Өзіміздің зейінімізді түйсіктерге аудара отырып, біз өзіміздің сезімталдығымызды күшейтеміз.
Зейін дегеніміз не?
Зейін дегеніміз — сананың қандай да болса бір затқа, құбылысқа немесе іс-әрекетке бағытталуы және шоғырлануы.
Сананың бағытталуы деп объектіні таңдап алуды айтамыз, ал сананың бір нәрсеге шоғырлануы дегенде, бұл объектіге қатысы жоқтың бәріне көңіл аудармауды айтады.
Зейін субъектінің айналадағы дүниеге жақсы хабардар болуымен байланысты және оның адам психикасында неғүрлым толық және айқын бейнеленуін қамтамасыз етеді. Оқу жұмысында зейіннің маңызы өте үлкен. Оқудың табысты болуы көбінесе мұғалімнің оқушылардың зейінін қаншалықты окуға аудара білуіне байланысты. Егер балалардың зейіні оқу материалдарына аударылса, олар неғұрлым жақсы түсініп, жақсы ұға алады; оның үстіне балалардың сабақта зейінін сала жұмыс жасауы класта тәртіптің болуын да қамтамасыз етеді.
Белгілі бір затқа зейін аударылса, ол біздің санамыздың төрінен орын алады, қалғандарының бәрі бұл кезде нашар қабылданады, айқын болмайды (бейнелеп айтқанда қабылдаушының «шет пұшпағында» қалып қояды). Мұнда біздің зейініміздің бағытталуы өзгереді. Мынадай бір жағдайды еске алайық. Оқушы кітап оқып отыр, оның барлық зейіні кітаптың мазмұнына ауған. Ол бөлмеде сөйлеп тұрған радионың даусын естиді. Кейбір сөздер оның санасына жетіп жатады. Енді радиодан футбол матчы туралы репортаж беріле бастады, баланың зейіні түгелімен радио хабарына ауды, ал оның жезі кітаптьің әр жолдарына жылжып кетіп отыр-ады. Сөйтіп шәкірт кітаптың бірнеше беттерін «оқып» шықты, бірақ онда жазылған сөздердің мағынасы оның санасына барып жетпейді.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ЗЕЙІН — САНАЛЫ ІС-ӘРЕКЕТТІҢ ШАРТЫ
ЗЕЙІН ТУРАЛЫ ҰҒЫМ
Егер адам қабылдағанына, не істеп жатқанына өзінің зейінін аудармаса
бірде-бір психикалық процесс мақсатқа дәл бағытталып, жемісті болып
шықпайды. Біздің бір затқа қарасақ та оны байқауымыз немесе нашар көруіміз
мумкін. Өз ойымен болып отырған адам қасында сөйлесіп отырған адамдардың
сөздерін естіп отырса да, ұғынбауы мүмкін. Егер біздің бар зейініміз басқа
бір нәрсеге аударылып отырса, бір жеріміздің ауырып отырғанын сезінбеуіміз
де мүмкін. Керісінше, адам бір затқа немесе іс-әрекетке көңілін аударса,
оның екжей-текжейіне дейін бәрін біледі және ісі жемісті болып шығады.
Өзіміздің зейінімізді түйсіктерге аудара отырып, біз өзіміздің
сезімталдығымызды күшейтеміз.
Зейін дегеніміз не?
Зейін дегеніміз — сананың қандай да болса бір затқа, құбылысқа немесе
іс-әрекетке бағытталуы және шоғырлануы.
Сананың бағытталуы деп объектіні таңдап алуды айтамыз, ал сананың бір
нәрсеге шоғырлануы дегенде, бұл объектіге қатысы жоқтың бәріне көңіл
аудармауды айтады.
Зейін субъектінің айналадағы дүниеге жақсы хабардар болуымен
байланысты және оның адам психикасында неғүрлым толық және айқын
бейнеленуін қамтамасыз етеді. Оқу жұмысында зейіннің маңызы өте үлкен.
Оқудың табысты болуы көбінесе мұғалімнің оқушылардың зейінін қаншалықты
окуға аудара білуіне байланысты. Егер балалардың зейіні оқу материалдарына
аударылса, олар неғұрлым жақсы түсініп, жақсы ұға алады; оның үстіне
балалардың сабақта зейінін сала жұмыс жасауы класта тәртіптің болуын да
қамтамасыз етеді.
Белгілі бір затқа зейін аударылса, ол біздің санамыздың төрінен орын
алады, қалғандарының бәрі бұл кезде нашар қабылданады, айқын болмайды
(бейнелеп айтқанда қабылдаушының шет пұшпағында қалып қояды). Мұнда
біздің зейініміздің бағытталуы өзгереді. Мынадай бір жағдайды еске алайық.
Оқушы кітап оқып отыр, оның барлық зейіні кітаптың мазмұнына ауған. Ол
бөлмеде сөйлеп тұрған радионың даусын естиді. Кейбір сөздер оның санасына
жетіп жатады. Енді радиодан футбол матчы туралы репортаж беріле бастады,
баланың зейіні түгелімен радио хабарына ауды, ал оның жезі кітаптьің әр
жолдарына жылжып кетіп отыр-ады. Сөйтіп шәкірт кітаптың бірнеше беттерін
оқып шықты, бірақ онда жазылған сөздердің мағынасы оның санасына барып
жетпейді.
Зейін әдетте шәкірттің бет құбылысынан, отырысынан, қозға-лысынан
(кітаптағы қосымшаны қараңыз) білінеді. Зейін қойып отырған тыңдаушыны
зейін салмай отырған тыңдаушыдан айыру қиын емес. Бірақ кейде шәкірт
мұғалімді тыңдап отырған сияқты пішін көрсетеді, ал шындығына келгенде оның
ойы класта болып жатқандардан тыс, басқа жақта болады.
Зейін дербес бір психикалық процесс емес, өйткені ол басқа
процестерсіз көріне алмайды. Біз зейін койып немесе зейін аудармай
қараймыз, тыңдаймыз, (яғни қабылдаймыз), ойлаймыз (яғни ой жүгіртеміз)
немесе бір нәрсені істейміз. Сөйтіп, зейін әр түрлі психикалық процестердің
тек бір жағы немесе қасиеті ғана болып табылады.
Адам ояу кезінде бір іс-әрекетпен шұғылдануымен (бір нәрсе істейді
немесе бір нәрсені ойлайды) байланысты оның зейіні сол нәрсеге аударылады.
Егер оқушының зейіні сабақтың мазмұнына аударылмаса, демек, оның зейіні
басқа нәрсеге ауып отырғаны.

ЗЕЙІННІҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Бұл үлкен ми сыңарлары қыртысында екі процестің қазу
және тежелу процестерінін, болып отыратындығы туралы айттық. Адамның зейіні
бір нәрсеге ауса, бұл демек, оның ми қыртысында қозу ошағы пайда болды
деген сөз. Мидың басқа учаскелері бұл кезде тежелу куйінде болады. Бұл нерв
процестерінің индукция заңы бойынша болып отырады. Сондықтан бір нәрсеге
көңілі ауған адам бұл кезде басқа еш нәрсені байқамауы мүмкін. Павловтың
сөзі бойынша үлкен ми сыңарларының оптимальдық қозудағы учаскесінде жаңа
шартты байланыстар оңай жасалады.
Мидың басқа учаскелерінің іс-әрекеті адамның бұл кезде әдетте түсініп
болынбаған, өзінен-өзі жүріп отыратын деп аталатын іс-әрекетімен байланысты
болады.
Ми сыңарлары қыртысындағы қозу бір пунктте бекітіліп қалмайды, үнемі
ауысып отырады. Бұл процесті Павлов бейнелеп былай деп жазды: Егер бас
сүйегінен көз өтіп кере алатын болсақ, егер үлкен ми сыңарларының
оптимальдық қозудағы орны жарық болып тұрса, онда біз ойға шомған саналы
адамда оның үлкен ми сыңарлары бойынша форма жағынан да, мөлшері жағынан да
үнемі өзгеріп тұратын жарық дақтың ғажаптанарлық теріс кескінін, оның ми
сыңарлары қалған басқа кеңістігінде едәуір көлеңкемен қоршалып тұрғанын
керер едік.
Зейіннің пайда болуы үшін барлау рефлексі деп аталатынның маңызы зор.
Ол — қоршаған ортаның қандай да болса өзгеруіне организмнің туа біткен
реакциясы. Бұл рефлекс адамдарда да, жануарларда да болады. Бөлмеде сыбдыр
естілді, мысық жүнін үрпитіп, қауіптене түсті де, дыбыс естілген жаққа
қарай елеңдеп, құлағын тікті. Сабақта оқушылар мұғалімнің сөзін көңіл қоя
тыңдап отыр. Бір кезде кластың есігі жайлап ашылды, әңгімеге берілген
барлық оқушылардың да, мұғалімнің де беті еріксіз есік жаққа қарай бұрылды.
Бұл рефлексті Павлов бейнелі түрде немене? деген рефлекс деп атады.
Кейде айналадағы ортада болатын болмашы өзгеріске қауіптене үрпию
қабілеті болуының себебі — үлкен ми сыңарларында ретикулярлық формацияны
үлкен ми сыңарлары қыртысының әр түрлі учаскелерімен жалғастырып жататын
нерв жолдарының жүйесі болуында. Осы жүйемен жүріп отыратын нерв
импульстері сигналдармен бірге сезім органдарынан шығып, ми қыртысын
қоздырады, оны болады деп күтілетін кейінгі тітіркендіргіштерге көңіл
аударуға дайын болу күйіне келтіреді. Сөйтіп, ретикулярлық формация
анализаторлармен (сезім органдарымен) бірге, зейіннің бастапқы
физиологиялық негізі болып табылатын барлау рефлекстің пайда болуын
қамтамасыз етеді.
ЗЕЙІННІҢ ТҮРЛЕРІ
Ырықсыз зейін. Егер мұғалімнің түсіндіруі мазмұны мағынан қызықты
болып келсе, көрнекі құралдар қолданылса оқушылар педагогтің сезін өздері-
ақ ұйып тыңдайды, көрсеткендерін көңіл қоя қарайды. Мұны ырықсыз зейін деп
атайды. Ол көбінесе адамда өзін қыстап, зорламай-ақ өзінен-өзі болатыны
былай тұрсын, сонымен қатар бір нәрсені көруге, естуге т. с. с. алдын ала
ниеттенбесе де пайда болады. Сондықтан зейіннің бұл түрін алдын ала
ниеттейбеген зейін деп атайды.
Ырықсыз (алдын ала ниеттенбеген) зейіннін, физиологиялық негізі адамды
қоршаған ортада болып жатқандарға көңіл аударуға қоздыратын барлау рефлексі
болып табылады.
Ырықсыз зейін нақты айтқанда неден пайда болады? Ең алдымен күшті
тітіркендіргіштерден пайда болады. Мысалы күннің құлақты тұндыра күркіреуі
немесе мылтықтың жақыннан атылуы қай адамды да олардың дауысына еріксіз
назарын аудартады. Тітіркендіргіштердін; салыстырмалы күшінің маңызы зор.
Түнгі тыныштықта шыйдан шамалы сыбдыр да адамның кеңілін аударады.

Адамның көңілін аудару ушін тітіркендіргіштердің күтпеген жерден пайда
болуы, олардый; күші онша үлкен болмаса да маңызды келеді. Қозғалыстағы
заттар, сондай-ақ жаңалық, әдеттетілердің өзгеруі адамның назарын аудармай
қоймайды. Мысалы, сабақта жаңа көрнекі құралдардың пайдаланылуы оқушылардың
рларта зейін аударуын күшейте түседі. Қарама-қарсы (контраст) заттар мен
құбылыстар да осылай әсер етеді, мысалы ұзын адамның қасында бойы қысқа
адам тұрса, бірінші адамға көңіл аударылады.
Ырықсыз зейіннің аударылуына адамның ішкі жан-дүниесі күйінің маңызы
зор. Қарны ашқан адам ас үйден шыққан тамақ иісін сезе қояды, ал тамағы тоқ
адам ол иіске зейін аудармайды.
Бізді қызықтыратын нәрселердің бәрі бейімділік пен талғамымызға қарай
сезім органдарына әсер етеді, біздің зейінімізді еріксіз аудартады.
Қызықтыруда, ең бастысы зейіннің сақталуында адамның бастан өткен
тәжірибесінің маңызы үлкен.
Ырықты зейін. Ырықты зейін дейтіннің еитіаты баеқаша келеді. Бұған
себеп болатын нәрсе — адамның бір мақсатты алға қоюы, бір нәрсені
қабылдауға немесе істеуге ниеттенуі болады. Зейіннің бұл түрін сондай-ақ
алдын ала ниеттену зейіні деп атайды. Оқушы есеп шығарып жатады, оған сол
есепке ақыл-ойын жұмылдыру қиын, бірақ ол өзін-өзі соған зорлайды,
шарттарына зер салады, ойға шомады. Қөбінесе сыртқы тітіркендіргіштер оның
көңілін басқа жаққа аударып жібереді, бірақ ол ерік күшімен жұмысқа өзін-
өзі зорлап кендіреді. Ырықты зейін адамда еңбекке жұмылу нәтижесінде пайда
болды, сондықтан оның жігерлілік сипаты бар.
Еңбек үстінде, оған қатысты органдарға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектеп оқушыларының зейінін тәрбиелеуде мұғалімнің рөлі
Ойындар, жаттығулар арқылы мектеп жасына дейінгі баланың есте сақтау қабілеті және зейінінің дамуы деңгейін теориялық айқындау
Зейіннің ойын әрекеті барысында дамуы
Балалардың назар аудару ерекшеліктері
Психикалық құбылыстарды жіктеу
Зейін жөнінде түсінік
Зейінді қалыптастырудағы ойын мен оқытудың маңызы
Ойын технологиясы арқылы бастауыш сынып оқушыларының зейінін дамыту
Қалыпты балалардың зейінінің ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі баланың есте сақтау қабілеті және зейіні
Пәндер