«Электрондық үкімет. Мемлекеттік қызметкерлерге электрондық қызмет»


Ф КГМУ 4/3-06/02

ИП №6 УМС при КазГМА

от 14 июня 2007 г.

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

МЕДИЦИНАЛЫҚ БИОФИЗИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА КАФЕДРАСЫ

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Тақырыбы: «Электрондық үкімет. Мемлекеттік қызметкерлерге электрондық қызмет »

Пән: ООDОO5 Inf 1105 ИНФОРМАТИКА

Мамандғы: 5B060700 «Биология»

Курс: бірінші

Құрастырған: аға оқытушы Омарбекова Н. К

Қарағанды, 2013

Кафедра отырысында талқыланып, бекітілген

Хаттама № «» 2013 г.

Кафедра мең. Койчубеков Б. К.

Тақырып: «Электрондық үкімет. Мемлекеттік қызметкерлерге электрондық қызмет »

МАҚСАТЫ: Электрондық үкіметпен ақпараттық алмасу болып табылатын адам түсінігін қалыптастыру. Азаматтар мен ұйымдарды мемлекеттік қызметтермен жылдам және сапалы байланыспен қамтамасыз ететін, мемлекеттік органдарды ақпараттық коммуникациялық технологияның кең қолданылуы жолымен функциялау эффективтілігін арттыратын жүйе ретінде электрондық үкіметтің маңыздылығын анықтау.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР:

  • Электрондық үкіметтің мақсаттары және міндеттерімен таныстыру.
  • Электрондық үкімет құрылымы мен жалпы архитектурасы туралы түсінік беру.
  • Электрондық үкімет субъектілері арасындағы қатынасты қарастыру.
  • Электрондық үкіметпен орындалатын қызметтерді қолдануды үйрену

Тақырыпты оқу нәтижесінде студент білуі тиіс:

  • электрондық үкіметтің негізгі мақсаттары мен міндеттерін
  • электрондық үкіметтің негізгі компоненттерінің инфрақұрылымын
  • электрондық үкіметтің архитектурасын
  • электрондық үкіметтің субъектілері арасында дамитын қатынастардың ерекшелігін
  • электрондық үкіметпен орындалатын қызметтерді
  • азаматтар үшін электрондық үкіметпен орындалатын электрондық қызметтерді пайдалану
  • бизнес үшін электрондық үкіметпен орындалатын электрондық қызметтерді пайдалану
  • мемлекеттік қызметкерлер мен ведомствалар үшін электрондық үкіметпен орындалатын электрондық қызметтерді пайдалану

ТАҚЫРЫПТЫҢ НЕГІЗГІ СҰРАҚТАРЫ:

  • Электрондық үкіметке кіріспе.
  • Электрондық үкіметтің негізгі мақсаттары мен міндеттері. Негізгі ұғымдары
  • Электрондық үкіметтің архитектурасы
  • Электрондық үкімет субъектілері арасындағы қатынас
  • Электрондық үкімет қызметтері.

ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ:

Әңгімелесу.

Тақырып бойынша материалдарды талқылау.

ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. ГОСУДАРСТВЕННАЯ ПРОГРАММА формирования «Электронного правительства» в Республике Казахстан на 2005-2007 годы, утвержденная Указом Президента Республики Казахстан от 10 ноября 2004 года №1471;
  2. Концепция электронного правительства Республики Казахстан - Астана, 2004.
  3. Гельман В. Я. Компьютерные коммуникации в медицине. - СПб, СПбМАПО, 2000. -59с


БАҚЫЛАУ

  1. Бастапқы білім деңгейі бойынша таст-бақылау.
  2. Келесі сұрақтар бойынша сұрау:
  1. «Электрондық үкімет» түсінігіне анықтама беріңіз.
  2. Электрондық үкіметтің негізгі мақсаттары мен міндеттерін атаңыз.
  3. Электрондық үкімет қандай қызмет көрссетеді?
  4. Электрондық үкіметтің басты приоритеті не болып табылады?
  5. Электрондық үкімет порталына сипаттама беріңіз?
  6. Web-қызметіне қандай қызметті жатқызуға болады?Өтілген материал бойынша тест-бақылау.

Қосымша 1.

электрондық үкімет қызметтері

Қазіргі заманда мемлекеттік органдар қатарында электронды қызметтер пайдаланылады. Мысалға, «ИНИС» (Интегрированная налоговая информационная система) қаржы Министрлігі және «РНиОН» (Реестр налогоплательщиков и объектов налогообложения) 17 түрлі электрондық қызметті, оның ішінде электронды түрде салық есептерін жіберу мен қалыптастыру бойынша программамен қамтамасыз етуді, электронды салықтық есептеулерді өңдеу және қабылдауды, жер салығы суммасын есептеуді, транспорт орталықтарды, салық төлеушілердің берілгендерін тіркеуді ара-қашықтықтан өзгертуді ұсынады.

Электрондық үкімет қызметінің базалық тізімі азаматтардың қызметтері мен ұйымдардың функционирлеуінің негізгі аясына сәйкес.

1. Салықтық және бекеттік міндеттер

Салық объектілері мен салықпен байланысты объектілер туралы ақпарат алу берілген толыққанды органдар негізінде (салықтөлеушілер реестрі, салық объектілері) ; салық органдарындағы тіркеу есебінде тұратын салық төлеушілер, қосымша құн салығын төлеушілер туралы ақпарат алмасу; салық төлеушілердің тіркелген деректерінің өзгеруі; электронды салықтық есептерді қабылдау және өңдеу, салық органдары офисінен салық төлеуші терминалы арқылы электронды салық есептерін жіберу бойынша қызмет көрсету; бюджетпен бірге есептеу жағдайлары туралы ақпаратты жеткізу; Қазақстан Республикасының салық заңдарын түсіндіру, электрондық «ыстық желі» («горячих линий») өткізу; Қазақстан Республикасының Салық кодексіне өзгерістер енгізуді қоғаммен ара-қашықтықтан талқылау; бюджеттің кіріс бөлігі жайында орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға ақпаратты жеткізу; Қазақстан Республикасының бекеттік заңдылықтарына сәйкес құжаттар мен есептердің электронды түрін қабылдау; сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды консультациямен және ақпаратпен қамтамасыз ету.

2. Кәсіпкерлік және бизнес

Заңды тұлға теркеуі бойынша ақпаратты жеткізу (қайта тіркеу, ликвидация) ; электронды мемлекеттік сатып алымдарды ұйымдастыру; қозғалмалы және қозғалмайтын мүлікті құқықтық безендіру және мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат; лицензиатқа мүлік бағасына мемлекеттік реестрден ақпар беру; товар және қызмет саудасы туралы ақпарат жеткізу; инвестициялық (инновациялық) («виртуальды технопарк») жоба туралы ақпарат беру; бизнес сұрақтары туралы азаматтар мен ұйымдарға келуді қабылдау.

3. Әлеуметтік қорғау және халықтың орналасуы

Жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту және мамандық бойынша мамандарды жұмыс берушінің өтініші бойынша іздестіру; өтініштер мен құжаттарды, зейнеткерлік фонд жинақтаушымен байланысты келісім-шарттарды безендіру; салымшылардың түсімі туралы ақпаратты беру; зейнеткерлік жинақтаушыны беру өтінішін безендіру; зейнеткерлік жабдықтау сұрақтары бойынша азаматтардың сұранысын қабылдау; шет елдіктер жұмыс күшін жұмылдыру тәртібі туралы ақпарат беру; қызмет түріне лицензия беру.

4. Білім, ғылым және денсаулық сақтау

Қазақстан Республикасының халықтарының негізгі денсаулық көрсеткіші бойынша ақпарат беру; тіркелген дәрілік заттар, залалсыздандыру және дератизация заттары, Қазақстан Республикасы бойынша қолдануға және әкелуге тыйым салынған заттар бойынша ақпарат беру; білім, ғылым және денсаулық сақтау аясында қызмет көрсететін лицензиясы бар ұйымдар туралы ақпарат беру; медициналық көмектің барлық деңгейі бойынша аурулар емдеу және ем жүргізу сұрақтары бойынша ақпарат беру; жоғарғы оқу орындары, ғылыми және медициналық ұйымдар құрамының саны және сапасы бойынша ақпарат беру; білім және ғылым ұйымдары қызметтерінің негізгі көрсеткіші бойынша ақпарат беру; білім және медициналық қызмет көрсету сұрақтары бойынша азаматтарды қабылдау.

5. Заңдылық және тәртіп

Мемлекеттік реестр және Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілерінің эталлонды бақылаушы банкіне байланыс орнату; қоғамдық тәртіп сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету сұрақтары бойынша ақпарат беру; тәртіпті сақтау сұрақтары бойынша азаматтарды қабылдау; тәртіп сақтауды қамтамасыз ету органына қызметке түсетіндер туралы ақпарат бер; тәртіп сақтау органдары оқу орындарына түсушілер үшін қажетті ақпаратты жинау және қабылдау.

6. Экономика және сауда

Мемлекеттік бюджетті қалыптастыру туралы сұрақтар бойынша ақпарат беру; әлеуметтік-экономикалық және фискальді тарату; Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму күйі; едлің транспортты-коммуникациялық комплексі: автомобиль жолдары, азаматтық авиация, аэрокосмостық комплекс туралы ақпарат беру; ауыл шаруашылығында әлеуметтік-экономикалық жағдай, сонымен қатар қорғау аймағы туралы ақпарат беру; жаңалықтар мен инновациондық жобаларды қаржыландыру бойынша құжаттарды қабылдау; коммуналды қызметте тарифтерді бекіту және қалыптастыру тәртібі туралы ақпарат беру; Қазақстан Республикасының әртүрлі аймақтарында коммуналды қызмет тарифтері туралы ақпарат беру; өндіруші-жеткізуші коммуналды қызмет көрсетуге келісімге отыру бойынша заңды консультациялар беру; өндіріске мемлекеттік лицензиясы бар, электр энергиясын және жылу беру ұйымдары, сымен қамтамасыз ету, телефон байланысы бойынша ақпарат беру; экономика, сауда және коммуналдық қызметпен қамтамасыз ету сұрақтары бойынша азаматтарды қабылдау; Қазақстан Республикасының сыртқы саудасы статистикасы бойынша ақпарат беру; бекет құжаттарын дайындау және қабылдау.

7. Қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және жедел жағдайларды басқару

Халықтар орналасқан пункттер мен объектілерге өртке қарсы қорғанысты күшейту бойынша ұсыныстар беру; мемлекеттік өртке қарсы шаралар туралы ақпарат беру; объектілердегі өртке қарсы қызметтерді ұйымдастыру туралы сұрақтарды қарастыруға қатысу және ұсыныстар білдіру; жөндеумен, өртке қарсы құрал-жабдықтардың техникалық қызметімен байланысты ақпарат беру; қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, сонымен қатар жедел жағдайлар туралы ескерту сұрақтары бойынша азаматтарды қабылдау; жедел әскери қызмет, контрактілі қызмет, сонымен қатар жергілікті әскери қызмет органдары туралы ақпарат беру; Қазақстан Республикасының әскери-оқу орындары, тәртібі, оқу және түсу шарттары бойынша ақпарат беру.

8. Қоршаған ортаны қорғау

Қоршаған ортаның күйі мен ластануы, жеке объектілердің экологиялық жағдайы, қоршаған ортаға әсер ету күйі туралы ақпарат беру; қоршаған ортаны қорғау аймағында стратегиялық құжаттарды тарату жолы туралы ақпарат беру; Қазақстан Республикасының табиғатты сақтау заңдарын бұзу және оған қолданылатын шаралар туралы ақпарат беру; кадастрлі табиғи ресурстарға байланысты жеткізу; ауа-райы туралы ақпарат беру; табиғатты қорғау шаралары туралы ақпарат беру; қоршаған ортаны қорғау сұрақтары бойынша азаматтарды қабылдау.

9. Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттi басқару жүйесiндегi ақпарат ерекшелiктерi
Жоба мақсаты мен міндеттері
Қазақстан Республикасындағы басқарудың билік түрлері
Мемлекеттік басқаруды ақпараттық қамтамасыздандыру
Мұхтар Шаханов
Зейнетақымен қамтамасыз ету
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының құқықтық негіздері
Келешек менеджер басшылардың өзіндік стильдерін таңдай білулеріне үндету, қамтамасыз ету
Мұрағаттардың құжаттарымен жұмыс жасауды автоматтандырылған іздестіру жүйесін пайдалану
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары және регламенттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz