Эмпирикалық зерттеу әдістер жүйесі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Эмпирикалық зерттеу әдістері

Жоспары:

Эмпирикалық зерттеу әдістерінің жіктелуі.

Педагогикалық бақылауды өткізу әдістемесі

Педагогикалық эксперименттің жүргізілу әдістемесі

Педагогикалық бақылау - педагогикалық үдеріс кұбылысты табиғи жағдайда мақсатқа бағыттап қабылдау. Бақылаудың алғашқы кезеңінде зерттеуші қандай мақсатта, оның ұзақтығы қандай нәтиже күтетінін білуі керек. Тек қажетті білім зерттеу аймағында біліктілігі болып, бақылау әдістеме білгенде ғана әрекетке түсуге болады. Бақылау алдын ала құрастырылған нақты жоспар болған кезде тиімді бoлады. Зерттеушіге оны дұрыс жүргізуге, объективті фактілерді таңдауға, нәтижені тіркеу, себеп-тергеуге байланысты анықтау қорытынды мен тұжырымды дұрыс жасауға көмектеседі. Бақылаушы зерттеу объектісі, шарттары, құралдар, бейнеаспаптар, аспап-құралдар мен өлшеу құрал-саймандар болуы қажет. Бақылау барысында жинақталған материалдарды тіркеу: күнделік жүргізу, хаттамаға түсіру, стенография жасап бейнетаспаға, суретке түсіру жүргізіледі.

Зерттеу объектісін бақылау түрлері

  1. тікелей және жанама;
  2. ашық және жабық.

Уақытына қарай: үздіксіз және үздік-үздік, монографиялық (өте ұзақ) түрлері бар. Тікелей бақылау - тәрбиеші-зерттеуші оқу тәрбие жұмысының тікелей басшысы болған жағдайда іске асады. Сонымен қатар тікелей куәгер бола тұра бейтарап адам. Оның рөлінде байланысты эмпирикалық фактілерді жинақтаудың техникасы мен әдісі таңдалып алынады.

Жанама бақылап-зерттеу тікелей бақылап-зерттеу толықтырады және зерттеушімен бірге және оның бағдарламасымен жұмыс істейтін өкілдер арқылы жүзеге асады. Бақылап реттеу және іздеу көп деректер арасынан зерттеуші өзіне құбылыстарды іздеген кезде қолданады. Бақылаудың араласа бақылау түрі тиімділігін келеді. Араласа бақылау зерттеуші зерттелушілердің және өміріне өзі белсене араласады. Мәселен, оқу-өрісіндегі балалардың мінез-құлқын бақылау үшін, олардың тәрбиеші немесе топ жетекшісі болып қатысады. Зерттеушінің бұлай араласуы бақылаудың табиғи түрде жүруіне әсерін тигізеді.

Бүгінгі таңда жабық түрде бақылау көбірек қолданылып келеді. Жабық түрде бақылау арнаулы белгіленген топта айналы және жасырын камера арқылы бақыланады. Бұл түрі де зерттелетін мәселені табиғи түрде бақылауға мүмкіндік беріліп, зерттеледі деп такт сақтауды талап етеді. Кей жағдайда өзін-өзі бақылау қолданылады. Бақылау жүргізуге қолданылатын талдау мақсатқа бағытталған, жүйелілік, ұзақтык, әртүрлілік, обьективтік, жаппай, такті сақтау. Бақылау әдісінің құныдылығы жағдайда зерттелетін құбылыс пен үдерісті зерттеуге мүмкіндік жасайды. Бірақ бақылау ұзақ уақытты талап ететіндіктен зерттелетін құбылыс барлық уақытта лайықты бола алмайды, бір зерттеушілер көп объекті санын қамти алмайды, фактілерді тіркеу, түсіндіруде субъективтік келу жолдары болып, сыртқы жағынан көрінеді.

Сонымен, бақылау әдісі педагогикалық құбылыстарды мақсатты зерттеу, мамлұматтарды іріктеп жинау, көзбен көргенді сезім мүшелерімен қабылдау және санада бұл ақпаратқа талдау жасау, зерттеу объектісінің сыртқы жақтары, қасиеттері мен негіздері туралы мәлімет алу.

Бақылау ғылыми болу үшін төмендегі талаптар сақталуы қажет:

  1. Мақсатқа бағытталу - бақылау балаға емес, накты жеке тұлғалык ерекшеліктердің пайда болуына жүргізіледі.
  2. Жоспарлаy - бақылауды бастамас бұрын белгілі бір міндеттерді /нені бақылау керек/ белгілеп, жоспарын, /мерзімі мен құралдары/ көрсеткіштерін /не жазу керек/, мүмкін болатын есептерді /қателер/ және оларды алдын ала ескерту жолдары мен алдын ала болжамды нәтижелерін әбден ойлау керек.
  3. Өзімен-өзі болу - бақылау жанама міндетті емес, зз алдына белек болу қажет. Мысалы, балалармен орманға

экскурсияға бару олардың сапасын көрсетуде озық әдіске саналмайды, өйткені мұндай жолмен алынған

мәліметтер кездейсоқ болады, сондықтан басты назар ұйымдастырушылық міндеттерді шешуге бағытталады.

  1. Табиғилық - бақылау балаларға табиғи жағдайларда жүргізілуі керек.
  2. Жүйелілік - бақылау оқиғадан-окиғаға емес, жоспарға сәйкес жүйелі түрде жүргізілуі керек.
  3. Обьективтілік - тәрбиеші өз пайымдауын растауда «өзін көретіндей емес», объективті фактілерді жазу керек.
  4. Фиксация /жазу/ - мәліметтер бақылау барысында немесе одан кейін сол заматта жазылу керек.

Бақылау әдісінің тиімді емес жағы кездеседі:

  1. Кездейсоқ факторлардың әсерін жою мүлде мүмкін емес.
  2. Бәрін жазу мүмкін емес. Сондықтан маңыздыларын жіберіп, маңызды еместерін белгілеуге болады.
  3. Бақылау санды талдауға салынуы қиын ақпаратты береді.
  4. Бақылау барысында зерттелуші өзінің табиғи жағын өзгертіп жіберуі мүмкін.

Әңгімелесу - алдын ала құрастырылған бағдарлама бойынша зерттеуші мен зерттелушінің арасындағы диалогтік сөйлесуі. Арнаулы құрастырылған сұрақтар бойынша әңгімелесу зерттелетін құбылыстың бірнеше аспектілерін, оған баға беріп, позициясын түсіндіруге, кез келген әрекетінің мотивін, сезімін, көңіл-күйін анықтауға көмектеседі. Оның тиімділігі зерттеушінің әңгімелесушісімен достық қарым-қатынасына, ашылуына мүмкіндік жасауына байланысты. Әңгімелесу негізгі зерттелетін бағытта жүргізіле отырып, жеке әсері алынады. Әңгімелесуді диктофонға түсіруге болады. Бірақ байқап қалса, өзгеріп кетуі мүмкін. Сондықтан есте сақтап, кейін жазып алу керек. Әңгімелесу әдісі өте күрделі, кез-келген зерттеуші тиімді қолдана бермейді, себебі әңгімелесуші өзінің ақиқат ойын, сезімін жасыруы мүмкін, бұл зерттеушіні адастырады.

Әңгімелесу - тікелей қарым-қатынас барысында алдын-ала дайындалған сұрақтардың көмегімен мәлімет алуға мүмкіндік беретін балалардың психикалық ерекшеліктерін анықтау әдісі. Әңгімелесуді тек балалармен ғана емес, сонымен бірге тәрбиешілермен немесе ата-аналармен жүргізуге болады. Mысалы, тәрбиешілермен әңгімелесуде белгілі бір балалардың қызығушылықтарын ғана емес, тұтастай топтың ерекшелігін анықтауға болады. Әңгімелесу сондай-ақ топ пен жүргізіледі.

Мұнда зерттеуші түгел топқа сұрақ қойып, жауап беруде ең үздіктер ғана емес, оның барлық мүшелерінің қатысқанын қадағалайды.

Әдетте мұндай әңгімелесу топ мүшелерімен алғашқы таныстық үшін немесе топтағы әлеуметтік үдерістер туралы ақпарат алу үшін қолданылады. Әңгімелесу аса стандартты және аса еркін болуы мүмкін.

Бірінші жағдайда әңгімелесу нақты құралған сұрақтарды жүйелілікпен көрсете, қатаң регламенттелген бағдарлама бойынша жүргізіледі. Бұл жауаптарды дәлме-дәл жазуға және нәтижелерін салыстырмалы түрде оңай өңдеуге мүмкіндік береді.

Екінші жағдайда, сұрақтың мазмұны алдын ала жоспарланбайды, қарым-қатынас еркін, кең түрде өтеді, бірақ бұл әңгімелесуді ұйымдастыру мен өткізуді және нәтижелерін шешуді күрделендіре түседі. Мұндай форма оқытушыға өте жоғары талаптар қояды. Сондай-ақ әңгімелесуде көрсетілген екі типтің оң сапаларын біріктіруге тырысатын аралық түрлері де бар. Әңгімелесуге дайындық барысында алдын ала жұмыстар өтe үлкен мәнге ие болады.

  • әңгімелесуді жүргізуші өзі сөйлейтін проблема төңірегіндегі барлық аспектілерді тиянақтап ой елегінен өткізіп, қажет боларлық фактілерді таңдап алуы керек. Әңгімелесу мақсатын нақты қоя білу нақты мәселе құруға және кездейсоқ сұрақтардан алшақ болуға көмектеседі;
  • әңгіме тақырыбы қандай жүйелілікпен көтерілетінін немесе қандай сұрақтар қойылатынын анықтауы керек;
  • әңгімелесудің орны мен уақытын таңдау да маңызды. Әңгімелесушінің шынайылылығына кері әсерін тигізбес үшін жақын маңда адамдардың болмауы қажет. Әсіресе, еркін әңгіме жүргізу барысында төмендегі ұсыныстарды ұстанған жөн:
  • пікір алысуда әңгімелесушіге ыңғайлы, оның еркін көсіле сөйлей алатындай тақырыптан бастау керек;
  • әңгімелесушіге қолайсыз көрінетін сұрақтар бір жерге шоғырланбай, бүкіл әңгімелесу бойына тепе-тең таралуы керек;
  • сұрақтар ой шарпытатын, талқыға түсетіндей болу керек;

сұрақтарды құруда әңгімелесушінің жас және ерекшеліктерін ескеруі қажет;

- әңгімелесушінің шынайы мүддесі мен пікірінің құрметтелуі әңгімеге шын ниетті келісімге мәжбүр ету емес, сенімін тудыратындай болуы керек;

- әңгімелесуші сұраққа жауап бергісі келмеген жағдайда, әңгімелесу барысында сұрақты басқа тұрғыда қайта

қоюға болады;

- әңгіменің нәтижелілігі тұрғысынан қарағанда ірі көлемді сұрақтан гөрі бірнеше шағын сұрақтар қойған дұрыс;

- балалармен әңгімелесуде жанама сұрақтарды кеңінен қолдану керек. Нақ солардың көмегімен тәрбиеші бала өмірінің көлеңкелі жақтары, идеалдары, мінез-құлқының келеңсіз түрткілері туралы өзін қызықтыратын ақпарат ала алады;

- ешқандай жағдайда күңгірт, мәні жоқ немесе дөрекі сөздер айтуға болмайды, әңгімелесушінің деңгейіне

жақындауға тырысу ұятқа қалдырады;

  • әңгімелесу нәтижелерінің басым дұрыстығы үшін маңызды сұрақтар әр түрлі формада қайталану керек.

Әңгімелесу уақыты 10-15 минуттан аспауы керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі ғылымның жалпы сипаты: нақты әдістер мен нақты теорияларның жаңа деңгейі
Ғылыми танымның әдістеріне жалпы сипаттама
Психологиялық зерттеу әдістері
Қазіргі замануи педагогикалық-психологиялық зерттеудің әдістері
Әдістер классификациясы
Статистикалық әдіс
Эксперименталды психология. ДӘРІСТІК КЕШЕН
Зерттеудің теориялық және эмпирикалық әдістері
Ғылыми танымның эмпирикалық және теориялық деңгейлерінің бірлігі
Педагогикалық әдіснама бойынша теориялық және практикалық материалдармен жұмыс.Библиографиялық көрсеткіш
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz