Қарақалпақ халқы мен жері


Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І-кіріспе

Қарақалпақтардың халық ретінде қалыптасуы

Географиясы

Халқы

ІІ-негізгі бөлім

Табиғи байлықтары

Энергетикасы

Табиғаты

Тарихы

Халық ағарту және мәдени ағарту мекемелері

Баспа сөзі, радиохабары, телевизиясы

Архитектурасы мен бейнелеу өнері

ІІІ-Қорытынды

Пайдаланылған әдебиет

Кіріспе

Қарақалпақ халық өнерінің даму тарихы ұзақ ғасырлардан бері қарай белгілі. Соған байланысты сонау жылдардан бері Орта Азия және Шығыс Европада жасап жатқан қарақалпал халқы дүние мәдениетінде өзінің белгілі орны бар. Қарақалпақ көркем өнері және мәдениетінде ертедегі Қаңлы соңғы Хорезм мемлекеті және Қыпшақ дәуірінен басқа Орталық Азия, Оңтүстік Сібір, Еділ, Жайық бойлары, Солтүстік Кавказ, Шығыс Европа елдері болды. Жақын Шығыс халықтары мен ежелден келе жатқан әртүрлі қатынасықтардың ізі сақталған. Көне замандарда Арал жағалаулары арқылы бірнеше рет Шығыстан Батысқа қарай халықтардың жаппай көшіп отырған. Арал жағалауларының Ұлы Жібек жолында болуы мәдени байланыстарды әлі де дамытып отырған. Профессор С. П. Толстов [24] қарақалпақ халқының жергілікті өмір сүруі және көшіп қонуы арқылы да өзінің этникалық және мәдени жәдігерлерінің құылымын жаңалап отырғанын өз шығармаларында сөз етеді. Бүгінгі күнге дейінгі сақталып келген жәдігерлерге қарағанда ерте заманда және орта ғасырларда жасаған халықтармен қарақалпақтардың өз ара қарым қатынасын күшейтіп тарихқа өз таңбасын қалғандығын көреміз.

Қарақалпақтар киімдерді мақта және жіп тоқымаларынан даярлаған. Қарақалпақ киімнің барша сымбаты мен ою өрнегінде, әрбір әшекейінде Қарақалпақ халқының тарихының, ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі бар. Ол - ұлттық мәдениет болып есептеледі.

Қарақалпақтардың халық ретінде қалыптасуы

Қарақалпақтардың халық ретінде қалыптасуы ұзақ жылдар бойы жалғасқан. Зерттеуші ғалымдардың зерттеуінше қарақалпақтардың ең бірінші халық болып қалыптасуы оң түстік Арал бойларында б. э. д. І ғасырларда жасалған Сақ-массагет қауымы апасиаклар болған. Апасиаклар иран тілдес қауым болып, бұл иран тілдес уру және қауымдарға І ғасырдан бастап Орта Азиядан келген Сақ-массагет мәдениеті мен Ғұндар мәдениеті араласты. ҮІ ғасырдабатыс түрік қағанаты құрылуы менен Орта Азияға соның ішінде Арал маңында түркі тілдес уру және қауым көптеп араласты.

Қарақалпақ этнонимінің келіп шығуы жайлы ғалымдар толық ғылыми жақтан әр түрлі нұсқада және тілдерде жазылған ХІІ-ХІҮ ғасырлардағы жазба деректерінде негізделіп және Огуз-Печенег қауымдарының негізгі киген бас киімдеріне негіздене отырып пайда болған деп есептиді. Себебі қарақалпақтар жайлы ХІІ ғасырдағы орыс жылнамаларында «Черные клобуки» деп жазып қалдырса, манғол жылнамаларында «қара малақайлы» түрінде иран тілінде келтіріледі. Бұдан басқа шығыс саяхатшылары «қара бөрікті» деп аталған уру жайында жазып қалдырады. Бұлардан басқа қарақалпақ этнонимінің келіп шығуын шаш, бұрым, айдар менен байланыстырады. Кейбір ғалымдар бұндай пікір бойынша қарақалпақ этнонимі қара шаш, қара айдар мағынасын беруші қарағұлпақ сөзінен пайда болған. Ғулпақ сөзі ескі қарақалпақ тілінде шаш, айдар мағынасын береді. Ғулпақ сөзі соңына қарай қалпақ сөзімен ауысып, қара ғулпақ сөзінің орнына қарақалпақ сөзі пайда болған болуы мүмкін деп есептиді.

Қарақалпақтардың тарихын және этнографиясын зерттеуші ғалымдар қарақалпақтардың халық ретінде қалыптасуында ел болған аймақтарды анықтау жайында да зерттеу жұмыстарын алып барған. Нәтижесінде бүгінгі күні қарақалпақтардың негізгі отаны оң түстік Арал маңын мекендегені анықталды. Қарақалпақтар ғасырлар дауамында Хорезімнің сол түстік бөлігінде, Арал маңында жасап келуімен қатар орта ғасырларда олардың көп бөлігі Арал маңын тастап көшіп кетуге мәжбүр болған. Бұл қарақалпақ халқының тарихында үлкен қайғылы оқиға болған, себебі бұл оқиғадан соң қарақалпақтар бірнеше бөлікке бөлініп кеткен. Бөлініп кету себебі 1221-жылы Шыңғысхан әскерлері Хорезм шахтар мемлекетінің астанасы болған Үргеніш қаласын бес ай барысында қамал жасап, қаланы басып алуы, Әмударьяның бөгетін бұзуы үлкен қайғыға әкелді.

Қарақалпақтардың тарихы Арал маңы менен тығыз байланысты болғанымен олардың ХҮІ ғасырда Арал маңынан сыртта яғни басқа аймақтарда да жасағаны жайлы мәліметтер бар.

ХҮІ ғасырда қарақалпақтар Арал маңында, Волга және Урал жағаларында, Сырдаря бойларында болған Түркістанда, Өзбекстанның сұрхандаря маңын мекендеген. Осы мәліметтерге сүйене отырып қарақалпақтарды Аралды қарақалпақтар, Волга бойындағы қарақалпақтар, Түркістан қарақалпақтары, Байсын қарақалпақтары деп аталуы мүмкін.

Қарақалпақстан (өзбекше: Qoraqalpog`iston Respublikasi немесе Қорақалпоғистон Республикаси) - Қазақстан Республикасының оңтүстік-батысында орналасқан, Өзбекстан республикасының құрамындағы егеменді республика. Қарақалпақстан Республикасының астанасы - Нүкіс қаласында 236 700 адам жасайды. Басқа ірі қалалары - Хожейлі, Қоңырат, Шымбай және Тахияташ.

Республика 14 ауданға бөлінген. Мазмұны [жасыру] 1 Географиясы 2 Халқы 3 Табиғи байлықтары 4 Ауыл аруашылығы 5 Энергетика 6 Дереккөздер

Географиясы . Тәуелсіз демократиялық Қарақалпақстан Республикасы Өзбекстан Республикасының солтүстік-батысында орналасқан.

Республика шығысынан Өзбекстанмен, солтүстігінде және солтүстік-шығысында Қазақстанмен, оңтүстігінде және оңтүстік-батысынан Түрікменстанмен шектеседі. Жалпы жер көлемі - 165 600 шаршы шақырым.

Халқы. Қарақалпақстанның халқы 1, 4 миллион адамды құрайды, солардың 48%-ы ауылдарда, 52%-ы қалаларда тұрады.

Қарақалпақстан халқының 32, 1%-ын - қарақалпақтар, 32, 8%-ын - өзбектер, 30, 0%-ын - қазақтар, 8, 0%-ын - түрікмендер, қалған 2, 5%-ын басқа халықтар құрайды.

Табиғи байлықтары. Қарақалпақстан Республикасында табиғи газ, гранит, мұнай, бетонит, каолин, мәрмәр және тағы басқа қазба байлық көздері бар. Арал теңізі атырабында газ бен мұнай шығады, бірақ бұл қорлар әлі игерілмеген, сондықтан пайдаланылмайды. Қаратау немесе Сұлтан Уәйіс баба жотасында алтын көздері бар.

Ауыл шаруашылығы. Мақта мен күріш - ең көп егілетін дақылдар. Республикада мүйізді ірі қара, түйе, ұсақ мал, оның ішінде қаракөл қойын өсіру кең тараған.

Энергетика. Тахияташ электр станциясы және Түйемойын электр станциясы жұмыс істейді.

Елордасы Нүкіс

Ресми тілдері қарақалпақша, өзбекше

Халық атауы Қарақалпақтар

Үкімет түрі Өзбекстан құрамындағы автономиялық республика

- Республика президенті Мұса Ерниязов

Елордасы Нүкіс . Қарақалпақ Автономиялы Советтік Социалистік Республикасы, Қарақалпақстан - 1932 ж. 20 наурызда құрылған. [1] 1936 жылғы 5 желтоқсаннан бастап Өзбек СССР-інің құрамына кірді. Өзбек ССР-інің солтүстік-батыс бөлігіне орналасқан. Жері 165, 6 мың км² (Өзбекстан жерінің 37%-ы) . Халқы 744 мың. Әкімшілігі жағынан 12 ауданға бөлінеді; 8 қаласы, 9 қ. т. поселкесі бар. Астанасы - Нүкіс қаласы. Мазмұны [жасыру]

Табиғаты. Қарақалпақстан Қызылқұмның солтүстік-батыс бөлігінде Үстірттің оңтүстік-шығыс жағы мен Амударияның сағасын ала жайласқан. Арал теңізінің оңтүстік бөлігі Қарақалпал территориясында. Жері негізінен жазық; тек оңтүстік-шығыс жағы ғана дөңестеу, Амударияның сағасы батпақты, көлді, тоғайлы-бұталы келеді. Пайдалы қазындылары: ас және глаубер тұздары, құрылыс материалдары.

Тарихы . Қарақалпақ жерін адам баласы неолит дәуірінде (б. з. б. 4 мың жылдықтың аяғы - 2 мың жылдықтың басы) мекендей бастаған. [2] Б. з. б. 2-мың жылдықтың аяғында мұнда суармалы егіншілік пайда болады. Қой Қырылған Қала діни құрылыстарын қазғанда Өзбекстан жеріндегі ең ертедегі жазба ескерткіштер табылды (б. з. б. 4 ғ. ) . Топырақ Қала сарайы (3ғ. - 4ғасырдың басы) - кейінгі антика дәуірінің үздік ескерткіші. Қарақалпақ халқының этногенезі Сырдарияның сағасы мен Арал жағалауы даласын мекендеген тайпаларға тығыз байланысты. Қарақалпақтардың көпшілігі 17 ғасырда және 18 ғасырдың орта кезінде Сырдарияның ортаңғы ағысы мен сағасындағы алапты мекендеген. Олар жартылай көшпелі болған, мал шаруашылығын, егіншілікті, балық аулауды кәсіп еткен. Елдің билігі ру басы феодалдардың, ислам діні басшыларының қолында болды. Қарақалпақтар қазақтың Кіші жүз хандарына тәуелді болды. Көрші тайпалардың тынымсыз шабуылына ұшыраған қарақалпақтар 1742 ж. Орынбор мен Петербургке өз өкілдерін жіберіп, Орыс мемлекетінің қарамағына кіруді өтінді. Орыс үкіметі олардың тілегін қабыл алды. Сол үшін 1743 ж. қазақ ханы Әбілхайыр қарақалпаққа жорық жасады. Осының нәтижесінде қарақалпақтардың көпшілігі 18 ғасырдың 2-жартысына таман Сырдарияны тастап, оның батыс атырауына құятын Жаңа дария бойына қарай ойысты. 18 ғасырдың аяғында Хиуа хандарының жорықтары күшейді. Олар 1811 ж. Қарақалпақтарды жаулап алып, Амударияның сағасына көшірумен тынды. Қарақалпақтар аз уақыттың ішінде Хиуа хандығында бірнеше егіншілік аудандарын жасады.

Денсаулық сақтау ісі. 1913 ж. 21 төсектік 2 аурухана, 3 фельдшерлік пункт, 3 дәрігер, 3 фельдшер болған. Олар негізінен әскери бөлімшелерді қамтыды. 1972 ж. республикада 7, 6 мың төсектік (1000 адамға 10 төсек) 96 аурухана, 138 амбулатория мен поликлинника, 67 әйелдер және балалар консультациясы, 351 фельдшерлік пункт болды. 1, 2 мың дәрігер (607 адамға 1 дәрігер), 5 мың орта білімді медициналық қызметкерлері жұмыс істеді. Республикада безгекке қарсы жүргізілген шаралар нәтижесінде бұл ауру толығымен дерлік жойылған. Өкпе ауруы туберкулезін емдейтін 4 санаторий және Арал теңізі жағасында (Мойнақ қаласында) демалыс үйі бар.

Халық ағарту және мәдени ағарту мекемелері. 1914/15 оқу жылында Қарақалпақтарда 200 оқушысы бар 4 жалпы білім беретін мектеп болды. 1971/72 оқу жылында 729 жалпы білім беретін мектептерде 200 мыңнан астам оқушысы, 16 арнаулы оқу орындары 10 мыңға жуық оқушысы, Нүкістегі педагогика институтында 5 мыңнан астам студент оқыды. 1971 ж, мектепке дейінгі мекемелерде 15 мыңдай балалар тәрбиеленді. 1972 ж. 1 қаңтарда Қарақалпақтарда 405 кітапхана (2 млн данаға жуық кітап, журналдар), 236 клубтық мекемелер мен 279 киноқондырғы, Тарих-өлкетану және өнер музейі болды. [3]

Баспасөзі, радиохабары, телевизиясы. Қарақалпақта 16 газет, 4 журнал басылымдары шығады (1971) . Республика газеттері: қарақалпақ тілінде «Совет Қарақалпақстаны» (1924 жылдан), «Жас Ленинші» (1931 жылдан), «Жеткіншек» (1932 жылдан), орыс тілінде «Советская Каракалпакия» (1919 жылдан) . Әдеби-көркем және қоғамдық-саяси журналы - «Эмудэрья» (1932 жылдан) . Республика радиохабары мен телевизиясы хабарды қарақалпақ, өзбек, түрікмен және орыс тілдерінде 2 радио және телепрограммалар бойынша жүргізеді. Мәскеу, Ташкент телепрограммалары қабылдайды. Телеорталық - Нүкіс қаласында.

Архитектурасы мен бейнелеу өнері. Қарақалпақстан өнерінің ежелгі ескерткіштері (Қабатқала қазбасынан шыққан қыш ыдыстардың қалдықтары) б. з. б. 4 ғасырға саяды. Қарақалпақстанның Жаңадария өзені бойына қоныстану дәуірінен (18 ғасырдың 2-жартысы) көптеген суландыру жүйелерінің (плотиналар, тоғандар), құлаған үйлердің қалдықтары сақталған. Қарақалпақстанның негізгі тұрғын-жайы - киіз үй мен кесектен салынған баспаналар болған. Қарақалпақстан жерінде эллинистік Хорезм ескерткіштері: Топырақ қала, Гяур қала және т. б. кездеседі. Қазіргі кезде Нүкіс, Бируни секіді қалалар мен көптеген қ. т. поселкелер өсіп келеді. Қарақалпақстанда ағаш өңдеу, үй жиһаздарын шұғамен, піл сүйегімен әшекейлеу, кілем, мата тоқу, кесте тігу істері ежелден дамыған. Қарақалпақстанда қол өнері мен зергерлік өнері жақсы өркендеген. 1930 жылдан қондырғылы кескіндеме дамуда. Мүсіншілер: Ж. Құттымұратов, Д. Төрениязов; кескіндемешілері: Ж. Беканов, Б. Серекеев, А. Құрбанбаев; график-суретшілері: К. Бердімұратов, К. Нәжімов; театр суретшілері: Б. Д. Каменев, К. Сайыпов.

Қарақалпақ тарихы.

Қарақалпақтар - түркі тілдес халық. Өзбекстан құрамындағы Қарақалпақ Автаномды Республикасы. Жартылай көшпелі халық. Мал шарушылығы, балық аулау, суармалы егіншілік . Қол өнері дамуы. Ислам дінінің сүннит тармағы. Ұлттық мейрамдары мен ойындары. 18 ғ-да қазақтардың Кіші жүзі құрамында . Тайпааралық қақтығыстар. 1742 ж. Ресей бодандығына қабылдануы . 1916 ж. Орта Азияны қамтыған ұлт-азаттық көтерілістер.

Мәдениеті .

1920 ж. желтоқсанда оң жағалаулық қарақалпақ жері Түркістан АКСР-на қарайтын Әмудария облысы болып құрылуы. 1990 ж. 14 желтоқсанда Қарақалпақ. Өзбекстан Республикасының құрамындағы егемен мемлекет болып жарияланды. 1992 ж. қаңтар айынан бастап ел Қарақалпақстан Республикасы деп аталды.

Фольклорлық шығармалары.

Фольклорлық шығармалары - «Қырық қыз», «Ашық Ғарип», «Шадияр», т. б. батырлық, лиро-эпостық дастандары. Жазба әдебиеті. Жыраулар шығармашылығы. Ұлтық әдебиет. Ұлттық қолөнер мен зергерлік өнер шеберлері. Қарақалпақ халқының қолөнері көне заман тарихымен бірге дамып, бірге қайнасып келе жатқан бай қазына. Оның бір ұшы туысқан Орта Азия халықтарының және орыс халқының қолөнеріменде ұштасып жатыр. Қолөнерінің басты бір саласы киім тігу. Ерте заманнан күні бүгінге дейін өзінің қадір-қасиетін жоймай, қолөнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығымен де пайдаланудан қалмай келе жатқан қарақалпақ халқының ұлттық киімдері әлі де аз емес. Олардың кейбіреуін ескінің көзі қарттар күнделікті киіп жүрсе, енді біреулерін қыз ұзату, келін түсіру тойларында ойын-сауыққа пайдаланады. Қалыңдыққа сәукеле кигізу сондай-aқ, көпшілігі театрлардың арнаулы тапсырысы бойынша тігіліп жатыр. Қарақалпақта еркектердің киімі әйелдердікіне қарағанда ерекше. Тіптен жейдені (көйлек-дамбал), қаптал шапанды барлық жерде бірдей киген. Ал жалпыға тән еркек киімінің кешенінде көйлек-дамбалдан басқа бешпет, шапан, шалбар, қара қалпақ, тақия секілді бас киімдер болған. Осындай еркек киімі ғасырларды артына салып бізге жеткенімен оның құрамында, киімінде, тігісінде уақыт талабына сай әр түрлі ұрпақ еңгізген сапалы өзгерістер болып келгендігі даусыз. Әсіресе жігіттің киімі сымбатымен көз тартатын болған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азия мен Қазақстан халықтары әдебиеттерінің өзара жақындастығы
Орта Азия Республикаларындағы ұлттық-территориялық межелеудің барысы
Қарақалпақ Автономиялы Советтік Социалистік Республикасы
«Түркі» этносы және этнонимі
Босқындар барған жерлер
Түргештердің орналасуы және саяси ұйымы
Қазақстанда XX ғасырдың ең ірі демографилық апатының сипаты
«Түркі халықтарының тарихы» пәнінен оқу-әдістемелік кешен
Батыр-жырау Қожаберген туралы
Фонетикалық ерекшеліктер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz