Түрік қағанаты – 551-603 жылдар


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

Түрік қағанаты - 551-603 жылдар

Этникалық ортаның өзгеруіне байланысты біздің заманның 1-ші ғасырында Еуроазия далаларында басымдық түркі тілдес тайпаларға ауысты. Бірінші түрік қағанаты мемлекетінің құрылуымен Қазақстанның орта ғасырлық тарихы басталады.1968 жылы Монғолияда Орхон алқабында түркі руналық жазуның ескерткіші табылды, әзірше бұл түркі қағанаты дәуірінің алғашқы ескерткіші.Бұл жазулар кағандардың билеушілерінің қорған- жерлеу орындарында қойылған. Қағандар билеушілері - Таспара, Бильге және оның ағасы Күлтегін. Міне, осы түркі жазуларынан біз түркі империясы - түркі елі (мемлекеті) туралы білеміз.Ерте ортағасыр дәуірінде Римнің құлауынан оңала алмай жатқан Еуропаға қарағанда Орта Азияда күрделі өзгерістер болды. Санаулы онжылдықта Ұлы Дала кеңістігінде Рим империясының аумағынан кем емес мемлекет құрылды. Дала империясы - түркі қағанатының тууы - түркі әлемі туралы ұғым туғызды, Қазақстан тарихында және басқа да Еуроазия елдеріндегі ежелгі түркі деп аталатын жаңа дәуірді ашып берді.Түркілер тарихы - Қытай жылнамашыларының жазып алған ежелгі түркі аңызына сүйенсек, Шығыс Тянь Шань - Турфаннан басталады. Бұл аңызға қарасақ түркілер ата- бабалары жау тайпаларымен түбімен жойылған, тек бір ғана 10 жастағы ер бала аман қалған, оны бір қасқыр өлімнен аман алып қалып, өзі асырыған, кейіннен оған әйел болып, 10 ер бала туған. Олардың бәрі Түрфан әйелдеріне үйленген. Осы Тарланның Ашина есімі бір немересі жаңа тайпаның көсемі болып, оған өз есімін берген. Кейіннен Ашина руының көсемдері өз туысқандарын Алтайға шығарады, онда олар жергілікті тайпаларды игеріп, түркі есімін қабылдайды. Сондықтан да қасқыр - көптеген түркі халықтарының ең қасиеттейті хайуаны. Сол қасқыр терісі - ішінде қолдары мен аяқтары шабылған адам жатқан қасқыр фигурасы каған стеласындағы барельефте бейнеленген.Аңыз түркілердің шығу тегін Шығыс Тянь-Шаньмен, Қытай жылнамашылары сияқты байланыстырады. Қытай жылнамашыларының айтуынша кейінгі ғұндар тайпасы ІІІ-IV ғасырда солтүстік Тянь-Шаньға қоныс аударған және Турфан аймағына ығыстырылып, онда 460 жылға дейін мекендеген. Сол жылы оларға монғол тілді жуань - жуань (авар) тайпалары шабуыл жасап, олардың иеліктерін құртып, ғұн тайпаларын Алтайға ығыстырған. Сол тайпалар ішінде Ашина ұрпақтарының тайпасы да болған. Ашина Алтайға қоныс аудармай тұрып жергілікті халықпен араласып кеткен. Олар күштерін жинап аварларды талқандады.551 жылы түркі билеушісі Бұмын “қаған” титулын алды, яғни ол император дегенді білдіреді. VI ғасыр ортасында тарихи аренаға жаңа тұлға - Түркі қағанаты келді.Мұған қаған (553-572) 553 жылы Оңтүстік Батыс Манчжуриядағы моңголдардың қидан тайпаларын және Енисайдағы қырғыздарды жаулап алып, түрік елінің Орта Азияның Оңтүстік Сібірдегі өктемдегін біржола орнықтырды. Бірінші Түрік қағанаты атанған осынау мемлекеттік құрылым 630 жылға дейін сақталған.Қытай жылнамаларының айтуына қарағанда әлгі қағанат Ұлы Қабырға сыртында жатқан елдердің баршасының зәресін алған. Шығыстан Корей шығанағына дейіңгі он мың км жуық, Оңтүстіктен Алашан Гоби шөлдеріне, солтүстіктен Байкалға дейінгі бес-алты мың км жуық жердегі ұланғайыр кеңістік осы державаның табанында жатты. Ол аздай-ақ Қытайдың Солтүстігіндегі Ци және Солтүстік Чжу мемлекеттерін де өзіне қаратып алды. Міне оның қуаттылығы осындай болған.Түріктердің Батысқа қарай жасаған жорықтары да жемісті болған. 5 ғасырдың 60-шы жылдарының соңына қарай түрік қағанаты сол заманғы ірі де іргелі мемлекеттер - Византияның, сасанидтік Иранның және Қытайдың саяси, сондай-ақ экономикалық қарым-қатынастары жүйесіне кіреді де, Қиыр Шығыс Жерорта теңізі жағалаундағы елдерді жалғастыратын сауда жолдарына бақылау жасау үшін күрес жүргізеді.555-558 жылдары түркілер Жетісу мен Қазақстанның Сырдария, Арал, Орал және Жайыққа дейінгі далаларын иеледі. Түркілердің батысқа қозғалысы тек жаулап алу болған жоқ, сонымен бірге ол Орта Азия түркілер тайпаларының қоныс аударуы және олардың Солтүстік Шығыс Орта Азия аймақтарына, алдымен қазақ далаларына қоныстанулары болды.:

Этникалық ортаның өзгеруіне байланысты біздің заманның 1-ші ғасырында Еуроазия далаларында басымдық түркі тілдес тайпаларға ауысты. Бірінші түрік қағанаты мемлекетінің құрылуымен Қазақстанның орта ғасырлық тарихы басталады.

1968 жылы Монғолияда Орхон алқабында түркі руналық жазуның ескерткіші табылды, әзірше бұл түркі қағанаты дәуірінің алғашқы ескерткіші.

Бұл жазулар кағандардың билеушілерінің қорған- жерлеу орындарында қойылған. Қағандар билеушілері - Таспара, Бильге және оның ағасы Күлтегін. Міне, осы түркі жазуларынан біз түркі империясы - түркі елі (мемлекеті) туралы білеміз.

Ерте ортағасыр дәуірінде Римнің құлауынан оңала алмай жатқан Еуропаға қарағанда Орта Азияда күрделі өзгерістер болды. Санаулы онжылдықта Ұлы Дала кеңістігінде Рим империясының аумағынан кем емес мемлекет құрылды. Дала империясы - түркі қағанатының тууы - түркі әлемі туралы ұғым туғызды, Қазақстан тарихында және басқа да Еуроазия елдеріндегі ежелгі түркі деп аталатын жаңа дәуірді ашып берді.

Түркілер тарихы - Қытай жылнамашыларының жазып алған ежелгі түркі аңызына сүйенсек, Шығыс Тянь Шань - Турфаннан басталады. Бұл аңызға қарасақ түркілер ата- бабалары жау тайпаларымен түбімен жойылған, тек бір ғана 10 жастағы ер бала аман қалған, оны бір қасқыр өлімнен аман алып қалып, өзі асырыған, кейіннен оған әйел болып, 10 ер бала туған. Олардың бәрі Түрфан әйелдеріне үйленген. Осы Тарланның Ашина есімі бір немересі жаңа тайпаның көсемі болып, оған өз есімін берген. Кейіннен Ашина руының көсемдері өз туысқандарын Алтайға шығарады, онда олар жергілікті тайпаларды игеріп, түркі есімін қабылдайды. Сондықтан да қасқыр - көптеген түркі халықтарының ең қасиеттейті хайуаны. Сол қасқыр терісі - ішінде қолдары мен аяқтары шабылған адам жатқан қасқыр фигурасы каған стеласындағы барельефте бейнеленген.

Аңыз түркілердің шығу тегін Шығыс Тянь-Шаньмен, Қытай жылнамашылары сияқты байланыстырады. Қытай жылнамашыларының айтуынша кейінгі ғұндар тайпасы ІІІ-IV ғасырда солтүстік Тянь-Шаньға қоныс аударған және Турфан аймағына ығыстырылып, онда 460 жылға дейін мекендеген. Сол жылы оларға монғол тілді жуань - жуань (авар) тайпалары шабуыл жасап, олардың иеліктерін құртып, ғұн тайпаларын Алтайға ығыстырған. Сол тайпалар ішінде Ашина ұрпақтарының тайпасы да болған. Ашина Алтайға қоныс аудармай тұрып жергілікті халықпен араласып кеткен. Олар күштерін жинап аварларды талқандады.

551 жылы түркі билеушісі Бұмын “қаған” титулын алды, яғни ол император дегенді білдіреді. VI ғасыр ортасында тарихи аренаға жаңа тұлға - Түркі қағанаты келді.

Мұған қаған (553-572) 553 жылы Оңтүстік Батыс Манчжуриядағы моңголдардың қидан тайпаларын және Енисайдағы қырғыздарды жаулап алып, түрік елінің Орта Азияның Оңтүстік Сібірдегі өктемдегін біржола орнықтырды. Бірінші Түрік қағанаты атанған осынау мемлекеттік құрылым 630 жылға дейін сақталған.

Қытай жылнамаларының айтуына қарағанда әлгі қағанат Ұлы Қабырға сыртында жатқан елдердің баршасының зәресін алған. Шығыстан Корей шығанағына дейіңгі он мың км жуық, Оңтүстіктен Алашан Гоби шөлдеріне, солтүстіктен Байкалға дейінгі бес-алты мың км жуық жердегі ұланғайыр кеңістік осы державаның табанында жатты. Ол аздай-ақ Қытайдың Солтүстігіндегі Ци және Солтүстік Чжу мемлекеттерін де өзіне қаратып алды. Міне оның қуаттылығы осындай болған.

Түріктердің Батысқа қарай жасаған жорықтары да жемісті болған. 5 ғасырдың 60-шы жылдарының соңына қарай түрік қағанаты сол заманғы ірі де іргелі мемлекеттер - Византияның, сасанидтік Иранның және Қытайдың саяси, сондай-ақ экономикалық қарым-қатынастары жүйесіне кіреді де, Қиыр Шығыс Жерорта теңізі жағалаундағы елдерді жалғастыратын сауда жолдарына бақылау жасау үшін күрес жүргізеді.

555-558 жылдары түркілер Жетісу мен Қазақстанның Сырдария, Арал, Орал және Жайыққа дейінгі далаларын иеледі. Түркілердің батысқа қозғалысы тек жаулап алу болған жоқ, сонымен бірге ол Орта Азия түркілер тайпаларының қоныс аударуы және олардың Солтүстік Шығыс Орта Азия аймақтарына, алдымен қазақ далаларына қоныстанулары болды.

Қазақстан жеріндегі ортағасырлық мемлекеттер.
1. Көне түрік, Батыс түрік және Түргеш қағанаттары.
2. Қарлұқ және Оғыз мемлекетері.
3. Қимақ және Қыпшақ хандықтары.
4. Қарахан мемлекеті.
5. Найман, Керей және Жалайыр ұлыстары.
6. Қарақытайлар Жетісуда.
7. VI-XIIғғ. түркі халықтарының шаруашылығы мен мәдениеті.
Халықтардың ұлы қоныс аудару дәуірі (II-Vғғ. ) .
VI ғасырда Қазақстан жерінде құдіретті держава-билеушілері Түрік тайпасының әулеттік ашин руынан шыққан Түрік қағанатының билігі.
Түріктік этно- және глоттогенездік (этнос пен тілдің қалыптасқан жері) ежелгі ошақтары. «Түрік» этнонимі. Ашина түркілері-«Түрік елінің» негізін қалаушылар. Бумын қаған және көне түрік мемлекетінің құрылуы. Орталық Азия халықтарының тарихында ежелгі түрік империясының орны.

Қазақстан жеріндегі ескі түрік мемлекеттері.

Батыс Түрік қағанаты. Оның Жегі қаған мен Тон-Жабғы қаған кезінде күшеюі. Қағанаттың әлеуметтік-этникалық тарихы және саяси құрылысы, қоғамдық қатынастары, олардың алғашқы феодалдық мәні. Көшпелі мал шаруашылық және отырықшы жер шаруашылық тұтастығы. Қағанаттың басқа елдермен-Иран, Византия, Қытаймен байланыстары. Батыс түрік қағанатының құлауы.
Түргеш қағанаты. Оның негізін қалаушы - Үш - елік қаған. Түрік-түргештер, олардың қоныстары және әлеуметтік ұйымдары. Соғды мен қарым-қатынасы. Арабтар мен қытайлар Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда. Арабтарға қарсы күрес. Түргеш қағанатының құлауы. Мұсылман мәдениеті таралуының әсері.
Қарлұқ қағанаты. Оның этникалық және тайпалық құрамы. Қарлұқтардың Жетісу жерінде билігінің орнауы. 751ж. Талас жанындағы қырғын шайқасқа қарлұқтардың қатынасуы. Қарлұқ мемлекетінің құрылуы және оның сыртқы саясаты. Қарлұқтардың ұйғырлар мен саманилармен күресі. Саманилердің Исфиджаб және Тараз қалаларын басып алуы. Қарлұқ тайпаларының арасында ислам дінінің таралуы. Шаруашылығы, сауда және қалалар.
Оғыз мемлекеті. Этникалық қауымдастығының қалыптасуы. Оғыз тайпаларының Сырдария өңірінен жартылай көшпелі печенег - қаңғар тайпаларын ығыстыруы және ерте феодалдық мемлекетін құруы. Хорезм, Хазар мемлекеттері және олардың оғыз көшпелілерімен қарым-қатынастары. IX-XI ғғ. Оғыз мемлекеті. Оғыз-Қыпшақ қатынастары. Шаруашылығы әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері, діні. «Қорқыт ата дастаны».
Солтүстік, шығыс және орталық Қазақстандағы Қимақ қағанаты. Қағанаттың сыртқы байланыстары. Қимақ және Қыпшақ тайпалық бірлестіктері, қалалары. Көрші тайпалардың шапқыншылығы нәтижесінде Қимақ қағанатының әлсіреуі. Қимақтардың шаруашылығы мен мәдениеті.
Қыпшақ хандығы. Қыпшақ қауымдастығының қалыптасу кезеңдері. Қыпшақтардың этникалық құрамы және қоныстануы. Қазақстан жеріндегі қыпшақ даласы - «Дешті Қыпшақ». Қыпшақ конфедерациясының мемлекет- тік құрылысының ерекшеліктері. Қыпшақтардың шаруашылығы. Хорезммен, Киев Русімен, Византиямен, Грузиямен, Египетпен, Индиямен байланыс- тары. Қыпшақ сұлтандарының Ұлы даладан сырт жерлердегі үстемдігі. Ежелгі Русь жылнамаларындағы «половецтер» (құмандар) . Қыпшақтардың қазақ және басқа да түрік халықтарын қалыптастырудағы рөлі.
942 жылы Қарахан мемлекетінің қүрылуы. Қарахан мемлекетінің негізін қалаушы Сатұқ Боғра-хан. Мұндағы әскери-үлестік жүйе және феодалдық жер иеленушіліктің түрлері. Қағанатта исламның мемелекеттік дін болып жариялануы. Абу-Насрдың басшылығымен қараханидтердің Орта Азияда үстемдігінің орнауы. Қарахан мемлекетінің Батыс және Шығыс қағанаттарға бөлінуі. Феодалдық қырқыстар. Салжұқтардың көтеріліп шығуы. Кидандардың (қарақытайлардың) басқыншылығы және Қарахан мемелекетінің ыдырауы.
Кидандар (қарақытайлар) мемелекеті (1128-1213 жж. ) . Елюй-Даши басқарған кидан тайпаларының Жетісу жеріне қоныс аударуы. Олардың Орта Азия салжұқтарымен жүргізген соғыстары. Кидандардың (қарақытайлардың) басқару жүйесіндегі ерекшеліктер.
Наймандар одағы-ежелгі түркі тілдес ұлыстардың бірі. VIII ғ. наймандардың Ертіс пен Орхон өзендері арасындағы мекені. Наймандардың шаруашылығы, саяси құрылысы. Наймандардың Шыңғыс әскерімен қақтығысы және олардың Шығыс Қазақстан мен Жетісу жеріне қоныс аударуы.
Керейттер (X ғ. басы), этникалық құрамы. Керейттердің алғашқы мекендеген жерлері-қазіргі Монголия мен Алтай аймағы. Керейттердің Қазақстан жеріне қоныс аударуы.
Жалайырлар-Шин-жехан әулеті кезінде Монголиядағы белді ұлыстар- дың бірі. Қоныс тепкен жерлері жоғарғы Орхонның Селенга өзеніне құятын беткейлері.
Жоғарыда аталып өткен ұлыстардың шаруашылық-экономикалық жағдайы. Көрші халықтармен өзара қатынастары. Тайпалық және этникалық құрамы.
VI және IX ғасырдың бірініші жартысындағы Қазақстан жеріндегі отырықшы және көшпелі мәдениет. Көшпелі және отырықшы мәдениеттің өзара байланысы. Қалалар мен қалалық қоныстар. Ұлы Жібек жолы және оның тарихи рөлі. Көшпелілердің материалдық мәдениеті-қолөнер, сауда шаруашылығы, архитектура және өнері. Рухани мәдениет: әдет-ғұрып, салт-дәстүрі.
IX ғ. екінші жартысы - XIII ғ. басындағы дала мен отырықшы қала халқының мәдениеті. Қалалар санының өсуі. Қала құрылысының өзгеруі. Сауда мен қолөнердің дамуы. Сәулет өнері. Қолданбалы өнер. Діні мен мәдениеті. Айша-бибі, Қарахан мазарлары. Исламның таралуы. Тіл, ғылым әдебиет. IX-XII ғғ. Қазақстанның ғалымдары мен ұлы ойшылдары: Әбу-Наср Әл-Фараби, Жүсүп Баласағуни, Махмұд Қашғари, Қожа Ахмет Ясауи, Сулеймен Бақырғани т. б. Олар қалдырған мұралардың дүние жүзі мәдениетіндегі маңызы.

Бұл мемлекет Сырдарияның төменгі Арал мен батыс Қазақстанға тоғысатын жерінде орналасқан. Оғыздар құрамына негізінен Арал Каспий далаларының түркіленген халқы кірді, және сонымен қоса Жетісу мен Сібірдің түркі көшпелі тайпалары мен рулары кірген. Оғыздардың негізгі орталығы Жетісуда қалыптасты, бірақ түркі империясының таралуынан кейін, батысқа қозғалу барысында Батыс Қазақстанның көшпелі тұрғындары есебінен толықты. Оғыздардың астанасы Янгикент, Сырдарияның бойындағы қала болды. Оғыздар өз мемлекетін түркі қағанатының қалдықтарында құрды. Олардың қуатының басталуы ІХ ғасырда болды. Олар түркі тайпаларының Арал, Каспийді мекендеген печегнег көшпелі тайпаларын алып соққыға жықты.

Арал бойында печенегтермен оғыздар арасындағы қақтығыстар жүз жылдан астам уақытқа созылды. Оғыздардың және оның одақтасы Хазар қағанатының ығыстыруымен Еділ бойында және қазақстанның батысындағы печенегтер Қаратеңіз бойына қоныс аударды, сол жерде олар Х ғасырда Киев Русіне және Византияға басып кіруімен бүкіл елді дүр сілкіндірді.

Оғыздардың нақты өрлеуі Х ғасырдың екінші жартысына жатады, яғни 965 жылы олар Киев князі Святославпен Хазар мемлекетін талқандады.

985 жылы Святославтың ұлы Владимир, қазіргі татар-чуваштардың ата бабалары - еділ бұлғарларына қарсы жорықта оғыздардың көмегісіз қимылдай алмады. Бұл оқиға Оғыз мемлекетін Алихан басқарып тұрған уақытқа тап келеді.

Оның ізбасары Шахмелик 1041 жылы Хорезмді жаулап алды, бірақ 2 жылдан соң салжықтар қолынан қаза тапты. Салжықтармен жүргізілген бірнеше соғыстар мемлекеттің әлсіреуіне әкеп соқты және қыпшақтардың тықсыруымен оғыз мемлекеті құлады. Оғыздардың едәуір бөлігі Шығыс Европа мен Кіші Азияға кетті. Қалған бөлігі Қарахан билігі астына кірді. Қалғандары түркі тілдес тайпалар арасына қосылды.

М. Қашғаридің айтуына қарағанда олар 24 тайпадан тұрған және 2 топқа: бұзуқ және ұшык бөлінген. Әр топқа 12 тайпа кірген, олар басқа кіші топтарға бөлінген. Мемлекет басшысы - билеуші жабғы болған. Оның өзінің орынбасарлары кюль - еркіндері болған. Билік мұрагерлік болған. Жабғы жанында кеңес құрылған. Әскер қолбасшысы - сюбаши ерекше маңызды роль атқарған.

Мемлекетте басқару аппараты болған. Малға жеке меншік болған, себебі негізгі кәсіп - көшпелі мал шаруашылығы. Көшпелі ақсүйектер қатардағы қауымдастардан алым - салық жинаған. Көшпелі халықпен қатар Оғыз мемлекетінде жартылай көшпелі, отырықшы тұрғындарда болған. Олар Дженд, Сауран, Фараб, Сығанак, Карнак қалаларында қоныстанған. Негізгі кәсібі - егіншілік және қолөнер. Әскери тұтқындар қатарынан құлдар да болған. Алым - салықтың аса көп арттырылуы, халықтың наразылығын тудырып, мемлекетті әлсіретті, көптеген соғыстар, күштірек түркі тайпаларының қысымы - осының бәрі оғыздар мемлекетінің құлауына себеп болды.

Қарахан қағанаты - жаңа түркі империясы, олардың билеушілері қарлұқтардан шыққан, оңтүстік шығыс Қазақстан мен Қашғария аумағын мекендеген.

940 жылы түркі тайпалары Қарлұқ қағанатының астанасы Баласағұнды жаулап алып, жаңа Қарахан хандығын құрды. Хандық билеушілері 990 жылы Тараз, Испиджаб қалаларын өздеріне қосып алды. Х ғасырдың аяғына қарай хандық аумағы, Амудария мен Жетісуге дейінгі және шығыста Қашғарияға дейінгі аралықты алып жатты.

Жазба көздеріндегі деректерге қарасақ, қарахан ұрпақтарының шығу тегі бұрынғы Жабғы - Қарлұқтан шыққан. Бильге Күл Қадыр - қаған екендігі айтылған.

Мемлекетте ең басты рольді екі тайпалық топтар - шігілдер мен яғма, яғни қарлұқ тайпаларының негізін құраған.

Қарахан мемлекетінде билік осы екі топтың ақсүйектері арасында бөлінген. Бұл бөліс қағанаттың - шығыс және батыс бөлігі болып екіге бөлінуіне әкелді, олардың әр қайсысының өз қағаны болған. Бас қаған болып шығыс қаған саналған, оның ордасы Қашғар мен Баласағұнда болған

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түрік қағанаты. шаруашылығы мен жағдайы
Түрік қағанатының ыдырауы
Нәтижесінде Қазакстан аумағында түркі мемлекеттері
Көне түркі дәуіріндегі Қазақстан туралы
Түркі тайпаларының діні
Түркі қағанаты
Түрік қағанатының қоғамдық - саяси құрылысы
Ұлы Түркі қағанаты
Қазақстан тарихы - сызба схема түрінде
Арғытүркілердің мәдени мұрасы туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz