Шардара ауданының табиғат жағдайлары


І-БӨЛІМ. Шардара ауданының табиғат жағдайлары

1. 1. Геологиялық құрылыеы мен тектоникасы.

Геологиясы. Жалпы алғанда Тұран плитасы Оңтүстік және Батыс Қазақстан территорияларында орналасқан. Шардара ауданы негізінен Түран плитасында орналасқан. Тұран плитасының шекарасын әр түрлі зертеушілер әрқалай көрсетеді, бірақ олардың көпшілігі былай қабылдаған: плита батысында Каспий теңізінің акваториясымен шектелген, солтүстік -батысы, яғни Оңтүстік Ембі ауданында Шығыс Европа платформасының Каспий маңы ойысымен шектеседі; солтүстігі мен солтүстік- шығысында оның контуры Орал және Орталық Қазақстанның мезозойға дейінгі қатпарлы қүрылымдарының беткі бөлігіне шыға беріспен сәйкес келеді де Түран иілімімен жалғасады; оңтүстік-шығысы мен оңтүстігінде плита Батыс Тянь-Шань мен Копетдагтың жоталары және таулы ойыстарынан түратын альпі орогенді белдеуімен шектеседі.

Түран плитасының фундаменті қүрамы мен жасы әр түрлі болып келетін докембрийден пермь-триасқа дейінгі геологиялық формациялардан қүралған күрделі гетерогендік қүрылым. Бүлар әр түрлі деңгейде дислокацияланған, сынулармен және интрузиялармен бөлінген.

Түран плитасының платформалық қаптамасы жоғарғы триастан төрттікке дейінгі шөгінділерден қүралған. Қаратау жотасы мен Қызылқүмның орталық бөлігіндегі үстірттерден (Бүқантау, Тамдытау, Қүлдыжықтау, Сүлтансыздак т. б. ) басқа плитаның барлық жерінде дерлік мезозой-кайназой қаптамасы дамыған.

Қызылқүм мен солтүстік-батыстағы Шу-Сарысу ойысында теңіздік щөгінді қабаттар көбінесе сүр саздар, ақ және сүр кварцты қүмдармен көмкерілген: карбонатты жыныстардың маңызы шамалы. Қабаттың қалыңдығы 20-400 м аралығын қүрайды.

Орта олигоцен-төрттік шөгінділер (жоғарғы құрылымдық қабат) Тұран плитасының барлық дерлік территориясында таралған, тек ірі көтерілімдердің кейбір бөліктерінде ғана жоқ. Олардың жалпы қалыңдығының таралуында айқын заңдылық байқалады, олар алғашқы жүз метрден аспайды. Қабат кескінінде 3 бөлік байқалады: орта олигоцен-төменгі миоцен, орта миоцен-төменгі плиоцен және жоғарғы плиоцен-төрттік. Олардың арасындағы шекаралар айқын байқалады. Бөліктердің ішінде сонымен қатар үзілістер де бар, бірақ олардың маңызы айтарлықтай емес.

Жоғарғы плиоцен-төрттік қабат платформалық қаптама кескінін аяқтайды (1- сурет) . Ол көбінесе төсеме қабатта >катады, ал негізінен үлкен аумақтарда жоқ немесе аз қалыңдықта болады. Қызылқүмда кейінгі плиоценге континенттік немесе теңіздік сары-сүр, сүр және далалық карбонатты және қүмды саздар, сүр және далалық қүмдар, борпылдақ қүмдақтар, алевриттер, мергельдер жатады^ 1 /

Солтүстікте Қарақтау тауына қарай төменгі миоценге қызғыш-қоңыр және сүр қүмдақты саздар, сүр жүқадғнді саздақты қүмдақтардан түратын шүбар түсті шөгіндіер ( қалыңдығы 4-26 м арлығында ) жатады.

Батысында төменгі миоцен шөгінілерінің қалыңдығы 85 м-ге дейін үлғаяды. В. П. Нижегородовтың анықтауы бойынша бүнда олар борпылдақ сары үсақдғнді қүмдақтар және қоңыр-қызыл қүмдақты саздардан түрады.

Солтүстік-батысқа Арыс ойысына қарай қалыңдығы 400 м-ге дейінгі қүмдақты, карбонатты ашық-қоңыр саздар мен алевриттерден түратын біртекті қабатты кездестіруге болады.

Қарақтау тауы аумағында палеонтологиялық материал орта миоценді жоғарғыдан бөлуге мүмкіндік бермейді. Бүл шөгінділер кей жерлерінде ашық- сүр гипсі бар ашық және қызғыш-қоңыр саздардан түрады (21) .

Сырдария өзенінің аңғарындағы төрттік жыныстар көбінесе көлдік, аллювийлік, эолдық (сүр және жасыл сүр саздар, қүмдар, алевриттер, құмдақтар, саздақтар, қалың лесс тәрізді саздақтар) . Эолдық кұмдар кең таралған.

Жалпы алғанда Шардара территориясының беткі бөлігі негізінен бор және үштік кезең құмдары, құмдақтары, саздары, сонымен қатар опок, конгломерат, галечник сияқты континенттік және теңіздік шөгінділерден құралған. Теңіз шөгініділері плиоценнен кейін бұнда қалыптаспады. үштік және бор шөгінділері көбінесе лесс тәрізді саздар мен саздақтар, сондай-ақ әр түрлі аллювиалдық үйінділермен жабылған ( 2 ) .

Тектоникасы. Тұран плитасының платформалық қаптама қүрылымы барлық қалыңдықта бірдей емес. Аталған құрылымдық қабаттардың әрқайсысына құрылымдық жоспар ерекшеліктері тән, бірақ жалпы алғанда жоғарғы горизонттан төменге қарай қаптама қүрылымының күрделі-ленетіндігі байқалады. Басты қүрылымдық элементтері барлық горизонттан көрінеді. Оларға ірі ойыстар мен көтерілімдер, сонымен қатар аралық қүрылымдық элементтер - моноклиналдар, ойыстар және қүрылымдық террасалар (сатылар) жатады.

Сырдария ойысы ( Шығыс Қызылқүм ) Шығыс Аралдың оңтүстігіне қарай орналасқан және одан Аққыр-Қүмқалы ойпатымен бөлектенген. Сырдария ойысының ішкі қүрылысы қүрылысы күрделі. Оның ішінде алты иілу - Үрмеқүм, Жауғаш, Берді, Арыс-Байырүм, Ерғашқүдық және Келес -үш көтерілу - Төртқүдық, Балтакөл-Басаға және Қарақтау бөлінеді. Осы қүрылымдық элементтер арасындағы шекаралар ғдетте флексуралар мен жарылулар арқылы жүргізіледі. Иілімдердегі фундаменттің жату тереңдігі 3 шақырымға жетеді, ал көтерілулер мен ойыстардың ернеу маңы бөліктерінде жүздеген метрге дейін төмендей береді ( 2 ) .

Шөгінді кабаттардың қалыңдығының анализі қүрылымдардың морфологиясы мен даму ерекшеліктерін бағалауға мүмкіндік береді. Қаптаманың барлық ірі қүрылымдары мезозойдағы сияқты кайназой шөгінділерінен де жақсы байқалады. Қаптама қүрылымдарына фундаменттің сынулармен бөлшектенген және мезозой мен кайназой шөгінділерінен де жақсы байқалады. Қаптама қүрылымдарына фундаменттің сынулармен бөлшектенген және мезозой мен кайназойда тік қозғалыстар дифференциациясына ұшыраған көтерілген және төмнен түскен. Солтүстік бөлігінде ойыстар шартты түрде үрмеқүм иілімі және Кемпір көтерілімі, Жауғаш иілімі бөлінген. үрмеқүм иілімі бірнеше брахиантиклиналдармен күрделіленген қүрылымнан түрады. Кемпір көтерілімі солтүстік-батысқа бағытталған, ол үлкен Қаратаудың оңтүстік-батыс беткейінің терең батқан моноклиналын қиындата түседі. Жауғаш иілімі ойыстың орталық бөлігінде орналасқан. Қүрылымның шығыс бөлігінің білігі солтүстік -шығысқа бағытталған.

Солтүстік-шығысқа қарай созылған шөгінді қаптаманың ірі қүрылымына Балтакөл-Басаға мен Қарақтау бүйраты және оларды бөліп түратын Берді иілімі, сонымен қатар Арыс-Байырқүм иілімдері жүйесін Келес иілімінен бөліп түратын Шулы-Шардара көтерілімдер тобы жатады. Балтакөл-Басаға бүйраты ойыстың орталык бөлігінде орналасқан.

Берді иілімі Балтакөл-Басаға бүйратымен қатар орналасқан. Оның морфологиясы қаптаманың әр түрлі горизонтында әрқалай болып келеді. Иілімнің солтүстік-батыс бөлігінде Айдар антиклиналы табылған. Оның оңтүстік-батыс қанатын бүрғылаудың нғтижесінде пермь-триастың сүр түсті, шүбар түсті шөгінділері табылған. Қарақтау бүйраты ойыстың орталық бөлігін оның шығыс шетінің қүрылымынан бөліп тұрады. Жоспарда оның формасы дүрыс эллипс тәрізді, оның нңтүстік -шығыс қанаты солтүстік бөлігінде Асаршық брахантиклиналымен күрделіленген.

Арыс-Байырқүм иілімдер жүйесі Қарақтау бүйратының шығысына қарай орналасқан. Ол солтүстік-шығысында үлкен Қарақтаудың оңтүстік-батыс беткейінің моноклиналына, ал оңтүс-тік-батысында Нүратау жотасының солтүстік-шығыс беткейінің моноклиналына біртіндеп ауысады.

Жүйе шөгінді қаптаманың барлық горизонтынан айқын байқалады және аралас Қарақтау дуалы мен Шулы көтерілімінен ірі сынулармен бөлектенген. Жүйе Арыс және Байырқұм иілімдеріне бөлінген : олардың арсындағы шекара шартты түрде жүргізіледі. Изометрлі Арыс иілімі солтүстік шығыста орналасқан. Оның ішкі бөлігі ірі антиклиналь және синклиналь қатпарлармен (Қаракүңгір-ақдала, Арыс антиклиналы т. б. ) күрделіленген. Иілімнің солтүстік-батыс қанатында Шығыс-Қоскүңгір брахиантиклиналы зерттелген. Байырқүм иілімі Арыстың оңтүстік-шығысына қарай орналасқан. Иілімнің солтүстік бөлігінде Байырқүм брахиантиклиналы бар.

Шулы-Шардара көтерілімдер тобы ойыстың оңтүстік-шығысында орналасқан. Ол Шулы және Шардара көтерілімдерінен түрады. Алғашқысының формасы бүрыс изометрлі, қүрылымдық үйінділер және шығанақтармен күрделіленген. Палеозой фундаментінің беткі бөлігінің изосызықтарынан оның бөлігінің солтүстік-шығысқа бағытталғаны көрінеді. Көтерілімнің қанаттары Арыс-Байырқүм көтерілімдер жүйесімен шекарада ірі сынулармен күрделіленген; оңтүстік қанаты Келес иілімімен шекарада фундаменттің сынуымен байланысқан ірі флексурамен созылған. Шардара көтерілімі Шулының оңтүстік-батысында орналасқан және одан жайпақ ойпат арқылы бөлінген. Ол бүрыс күрлелі формалы бірақ жалпы алғанда солтүстік-шығысқа қарай аздап созылған. Ол оңтүстік-батысында Нұратау жотасының солтүстік-шығыс беткейінің моноклиналына ақырындап ауысады. Көтерілімнің солтүстік-шығыс бөлігінде қанаттары жарылулармен күрделіленген ірі Жаусымқүм моноклиналы бар.

Келес иілімі ойыстың шеткі оңтүстік-шығысын ала, солтүстік-шығысқа қарай созылып жатыр. Иілім шөгңнді қаптаманың барлық горизонтында жақсы көрінеді. Ойыстың оңтүстік-батыс шетінде Ерғащқүдық иілімі мен Төртқүдық-Қызылқүрын көтерілімі орналасқан. Бірақ бүлар өте аз зерттелген (21, 10) .

1. 2. Геоморфологиялық құрылысы.

Аллювиалды төрттік үйінділердің үшуынан пайда болған құмдары басым болып келетін кең байтақ аймақтарға мыналар жатады:

  1. Солтүстік-шығысынан Аралға тақалып жататын Арал маңы Қарқұмы
  2. Сырдария маңы жазығының оңтүстік жағалаулық үлкен бөлігін алып жатқан Қызылқүм және
  3. Үлкен Борсық қүмдарының солтүстік бөлігі. Көбінесе бүл қүмдардың қалыңдығы аса үлкен емес және жоғарыда атлған үштік, сирек болса да бор жасындағы шөгінділер ғлгі қүм жалдарының арасында жиі кездесіп отырады.

Көпшілік бөлігі өте тегістігімен, ғйтсе де қазіргі кездегіге қарағанда бүрынғы кездердегі, бастауын таулардан алатын өзендердің тегіс жазықта жиі үшырасатындығымен байланысты пайда болған төбешікті бүйратты жер бедерімен ерекшеленеді. Бүндай аудандардың кейбір жерлерінен беткі бөлік тілімденуі үштік шөгінділердің борпылдақ құрылымымен, сондай-ақ олардың түздылығымен қамтамасыз етілген басқа типтерін табуға болады. Борпылдақ жыныстардың тығыздануы, сонымен қатар түздың сумен бірге тереңге сіңуі сияқты басқа да факторлар өте тегіс ойыстардың пайда болуына жағдай жасайды. Шығу тегі сол немесе басқа тегіс қазаншүңқырларда ғдетте түзды көлдердіңтаралуы осыған байланысты.

Түран ойысының бүрынғы өткен біршама дғуірлердегі транзиттік өзендеріінің кеуіп қалған аудандарында алғашында кғдімгі жайылмалық жер бедері болған аллювиалды қүмдардың кең байтақ жерлері пайда болды. Кейінірек қүм рельефі жел әрекетінің әсерінен түбегейлі өзгерістерге үшырады. Сырдария маңы жазығында қүмды материалдардың жетіспнушілігі байқалмайды, қайта өзендер арқылы жиналған үштік және бор жыныстары бүнда өте көп кездеседі. Сондықтан аллювиалдық қүмды жазықтардың пайда болуы үшін өзендер тек аздаған арақашықтыққа қүмды материалдарды алып келіп, түбірлі жыныстардың үстіне, ең қүрығанда аллювиалды үйінділердің бетіне жүқа қаптама етіп төсей салса болғаны. Осындай жолмен пайда болған аллювиалды жазықтардың біріне Сырдария маңы жазығы жатады. Ол Сырдария өзенінің іс-әрекеті нғтижесінде пайда болған жазық.

Сырдариядан кейінгі Қызылорда қаласынан төмен оңтүстік-батыс пен батысқа қарай кететін көптеген ежелгі құрғақ арналарды көріп, алғашында бүл өзен оңтүстік-батыс бағытқа, сосын батысқа, ең соңында барып солтүстік-батысқа ( қазіргі кездегісіндей) бағытталған жаңа арналарды қосып алған шығар деп ойлауыңыз мүмкін (Герасимов 1943) . Сырдария арнасының бағытын бүлайша өзгертуі Қызылқұмның кең байтақ территориясының аллювиалды жазыққа айналуына жағдай жасады. Түбегейлі зерттелмесе де бүл аудандағы қүмды жазықтың қалыптасу процесін детальды түрде сипаттап айтуға болады. Бүндағы қүмдардың арасында сазды шөлдердің (тақырлар) көптеп кездесуі оның бір ерекшелігі болып табылады. Бүның себебі Сырдария өзенінің ғкелген және ғкеліп жатқан өте көп мөлшердегі лайымен түсіндіріледі. Өзендердің суы азайған кезде бүл лайлар саз үйінділеріне айналады екен. Герасимовтың айтуынша дақырлардың өте көп кездесуі сонымен қатар Сырдария маңы жазығында ойыстар мен көлдердің жоқ болуына себеп болады. И. П. Герасимов бүны ылғал жинала алатын жер бедерінің төмен түскен элементтерін су өткізбейтін тақырлардың жауып жатуымен түсіндіреді. Қызылқүм жазығы оңтүстік-шығысында тегіс Оңтүстік Бетпақдала жазығына өтеді. Бүл жерде Сырдария өзенінің ені онша кең емес. өзен Қызылкүмға жақындаған солтүстік-батысына таман өзен арнасы өте кеңейе түседі.

Оңтүстік Қазақстандағы өзен торабының аңғарлары бір мезгілде пайда болған жоқ. Дамудың кейінгі альпілік неотектоникалық этабының анализі таулы бөліктердегі бассейндердің жер бедері аллювиалды жазықтардың беткі бөлігінен ежелгірек екендігін көрсетеді. Таулардағы өзен тораптарының қалыптасуы бүған дейінгі этапта басталып, бірінші кезекте жауын-шашын көп түсетін жерлерде, яғни көтеріңкі жер-телімдерде белгісі мен амплитудасы бойынша біртекті емес қарқынды радиалды неотектоникалық қозғалыстар жағдайында дамыды. Таулы көтерілімдердің өзен торабы жазықтардың өзен торабынан және өзінің қабылдайтын бассейіндерінен ежелгі болып келетін Оңтүстік Қазақстан өзендерінің арналары мен аңғарлары тау алды шлейфтері мен аллювиалды жазықтардың төменгі ағыстарында олар қазіргі сағаларына қаншалықты жақын орналасса, соншалықты жас болады.

Кейбір өзендердің арналары (Сырдария, Арыс) өздерінің аллювиалды жазықтарының өзен маңылық жер-телімдерінен асып кетеді. Су толған кездерде апатты су тасқындарына дейін баруы мүмкін.

Өзен арналары мен аңғарлары В. М. Девистің айтуы бойынша (1899) негізінен регрессивті эрозия жолымен белсенді түрде үзарады.

В. Н. Вебердің (1929-1930 жж) сипаттауынша Оңтүсік Ферғанада қүрғақ атырау миграциясы кеңінен танымал. Бүл қүбылыс Оңтүстік Қазақстанның өзендерінде айқын байқалады. Сырдария өзенінің арнасында төрттік дғуірде оңтүстіктен солтүстікке қарай миграция болғандығын Б. А. Федорович (1946) сипаттап жазды.

Шардара ауданыны территориясының қазіргі кездегі беткі бөлігіне өзен арналары мен аңғарларындағы аллювиалды жазықтар тән. Олар өзен арналары мен аңғарларына қарай аздап еңкіш келген тегіс келеді. Олардың беткі бөлігін күрделілендіретін эолдық өңдеудің әр түрлі формалары тән.

Аралық зонаның батып, шөгіп кеткен жер-телімдеріне Қызылқүм ойысы (депрессия) жатады. Оның жер бедері Сырдария өзенінің төрттік шөгінділерінен қүралған аллювиалды және аллювиалды-пролювиалды жазықтан түрады. Бүл жазық тектоникалық қозғалмалы аудандарда үзақ уақыт бойы түзілді. өзендері арнасының орнын біртекті өзгертпеді және ғне аллювиалды жазықта бүралаңдап ағып отырды. Сырдария өзеніндегі бұл құбылысты Б. Н. Федорович (1946, 1952) сипттап жазды. Бұндағы аллювиалды жазықтар террасаланған. Қүмдардан қүралған биік те ежелгі террасалар желдің әрекетінен пайда болған. Бұндай жазықтардағы эолдық жер бедерінің пайда болуы мен дамуын Б. Н. Федорович (1952, 1956) зерттеп жазған болатын.

Қызылқұм құмдарының шығу тегі туралы ғдебиеттерде бір жақты пікір айтылмады; оларды мезозой және үштік жастағы жыныстардың үгілуіне немесе кейінгі борпылдақ жыныстардың ұшып тарауына жатқызады. Қазіргі уақытта Қызылқүмның қызғыш-сары эолдық құмдары неоген және одан да ежелгі палеозой және бор шөгінділерінен құралғандығы дғлелденді.

Құмдардың эолдық формалары әр түрлі - жалаңаш барханнан тізбекті, қуысты, дөңесті қүмдарға дейін барады. Ылғалданудың әр түрлі дәрежесіне байланысты Э. Мамедов қүм типтерінің бойлық заңдылығын атап көрсетеді: 1) бөліну тереңдігі 20-дан 80, тіпті 100 метрге дейін баратын бүзылған үстірттер мен қазаншүңқырлар түлғасындағы қазаншүңқырлы- қуысты қүмдар, 2) сақиналы "дюналар"- диаметрі 20-40 м дефляциялық қазаншүңқырлар және 3) қайтадан, бөліну тереңдігі 40-45 м-ге дейінгі қуысты қүмдар.

Қүм рельефінің барлық формалары өсімдік жамылғысымен бекіген. Қүмдардың бекуі олардың қуысқа айналуының негізгі себебі болып табылады. Қызылқүмның қүмды рельефі ежелден-ақ (мезолит, тіпті палеолит) адамның ықпалына үшыраған. Бүл рельефтің біршама қайтадан түзілуіне алып келді (9, 19) .

1. 3. Климаттық жағдайы

Климат жағдайларының ерекшеліктері ең алдымен географиялық орнына байланысты. Шардара ауданы қоңыржай климаттық белдеудің оңтүстігіндегі шөл зонасында орналасқан. Аудан климатының қалыптасуына сонымен қатар Қызылқүм қүмдары, жазда тропиктік ауа массалары әсер етеді. Бұл территорияның климаты айқын көрінетін континенталдығымен, қүрғақтығымен және жылудың молдығымен сипаттталады. Жоғарғы континенталдық күн мен түннің, қыс пен жаздың шұғыл температуральщ өзгерістерінен байқалады. Ауаның орташа тғуліктік температурасы 0°-тан жоғары жылы кезең шамамен 10 айға созылады. Жазы ыстық, ұзақ және құрғақ. "Қызылқұм" метеостанция-сының мғліметтері бойынша ең ыстық ай- шілденің орташа температурасы +29, 6°С кұрайды. Абсолюттік максимумы +46° С. Жаздағы аптап ыстық Иран жақтан соққан желге байланысты. Ондай күндері ауа қүрғап, температура +45°-қа дейін көтеріледі. Бүндай ыстық егінге, бау-бақшаға үлкен зиян тигізеді ( 33 ) .

Маусым айының 25-інен тамыз айының 5-іне дейін "шілде" түседі. Бүл 40 күн шілде жылдың ең ыстық мезгілі. Күннің ыстығы соншалық күндізгі сағат 12-ден кешкі 18-ге дейін даладағы қызу еңбек, тіршілік тоқтап қалғандай болады. Жаздағы болып тұратын желдің жылдамдығы 3-5, 5 м/сек. Аңызақ жиі болып түрады.

Қыс аудан территориясында үзаққа созылмайды және қоңыржай суық болады. Қыстағы ауаның абсолюттік максимумы -35°С. Қыстағы жалпы қар жамылғысының қалыңдығы 8-15 см-ге жетеді. Қыс қатты, үзақ болған жылдары 25-30 см-ге барады. Жылдың суық мезгілдерінде аудан территориясында солтүстік-шығыс пен шығыстан соғатын жел басым келеді. Желдің жылдық орташа жылдамдығы 3-5 м/сек. Аязсыз күндері топырақ қабатының 30-40 см-і тоңданып қалады. Көктайғақ болатын күндер саны 1-7 аралығында.

Жылдың көп мезгілінде күн ашық болады. Жыл бойына дауылды желдер болып түрады. Әсіресе көктемнің соңында және жаз айларында шаңды дауылдарды көруге болады.

Қүрғақшылық - бүл аудан климатының негізгі белгісі. Жауын-шашынның көп бөлігі көктем-қыс айларына тура келеді. Территорияға түсетін атмосфералық жауын-шашын көп емес, оның орташа жылдық мөлшері 170 см-ден аспайды. Бұның өзі маусым бойынша әрқалай таралады. Жауын-шашынның 2 максимумы байқалады: бастысы, шұғыл көрінетін- көктемгі, екіншісі - күзгі. Жазы өте құрғақ.

Эффективті температура жиынтығы 4000-4600° құрайды. Температурасы 10°-тан жоғары кезеңде ауа ылғалы дефицитінің жиынтығы 2600-3200 мм-ге тең. Ылғалдану коэффициенті 0, 1-ден 0, 3-ке дейін өзгереді (20) .

Жоғарыда атап көрсетілген мәліметтер 1-кестеде берілген.

1-кесте

"Қызылқұм" метеостанциясының климаттық көрсеткіштері (33) .

Көрсеткіштер атауы
өлшем бірлігі
Мәні
Мерзімі
Көрсеткіштер атауы: 1 Ауа температурасы :
өлшем бірлігі:
Мәні:
Мерзімі:
Көрсеткіштер атауы: Орташа жылдық
өлшем бірлігі: градус
Мәні: 12, 6
Мерзімі:
Көрсеткіштер атауы: Абсолюттік максималды
өлшем бірлігі: градус
Мәні: 46
Мерзімі: Тамыз
Көрсеткіштер атауы: Абсолюттік минималды
өлшем бірлігі: градус
Мәні: -35
Мерзімі: Желтоқсан
Көрсеткіштер атауы: 2. Жылдық жауын-шашын мөлшері
өлшем бірлігі: мм
Мәні: 170
Мерзімі:
Көрсеткіштер атауы: 3. Вегетациялық кезеңнің ұзақтығы
өлшем бірлігі: күн
Мәні: 197-208
Мерзімі:
Көрсеткіштер атауы: 4. Көктемгі соңғы үсік
өлшем бірлігі:
Мәні:
Мерзімі: 4 сәуір
Көрсеткіштер атауы: 5. Күзгі алғашқы үсік
өлшем бірлігі:
Мәні:
Мерзімі: 11 қазан
Көрсеткіштер атауы: 6. Қар жамылғысы :
өлшем бірлігі:
Мәні: түрақсыз
Мерзімі:
Көрсеткіштер атауы: Пайда болу уақыты
өлшем бірлігі:
Мәні:
Мерзімі: 10 желтоқсан
Көрсеткіштер атауы: Орманға кету уақыты
өлшем бірлігі:
Мәні:
Мерзімі: 20 ақпан
Көрсеткіштер атауы: 7. Топырақтың тоңдану тереңдігі
өлшем бірлігі: см
Мәні: 30
Мерзімі:
Көрсеткіштер атауы: 8. Маусым бойынша басым болатын желдердің бағыты :
өлшем бірлігі:
Мәні:
Мерзімі:
Көрсеткіштер атауы: Қыс
өлшем бірлігі: румб
Мәні: Шығыс
Мерзімі:
Көрсеткіштер атауы: Көктем
өлшем бірлігі: румб
Мәні: Солтүстік-шығыс
Мерзімі:
Көрсеткіштер атауы: Жаз
өлшем бірлігі: румб
Мәні: Солтүстік
Мерзімі:
Көрсеткіштер атауы: Күз
өлшем бірлігі: румб
Мәні: Шығыс
Мерзімі:
Көрсеткіштер атауы: 9. Маусым бойынша басым болатын желдердің жылдамдығы
өлшем бірлігі:
Мәні:
Мерзімі:
Көрсеткіштер атауы:
өлшем бірлігі:
Мәні:
Мерзімі:
Көрсеткіштер атауы: Қыс
өлшем бірлігі: м/сек
Мәні: 2, 8
Мерзімі:
Көрсеткіштер атауы: Көктем
өлшем бірлігі: м/сек
Мәні: 4, 1
Мерзімі:
Көрсеткіштер атауы: Жаз
өлшем бірлігі: м/сек
Мәні: 3, 7
Мерзімі:
Көрсеткіштер атауы: Күз
өлшем бірлігі: м/сек
Мәні: 3, 4
Мерзімі:
Көрсеткіштер атауы: 10. Ауаның салыстырмалы ылғал-дылығы
өлшем бірлігі: %
Мәні: 25
Мерзімі:

Ескерту : Тұрақты қар жамылғысы 10 жылда 1-2 рет байқалады, оның қалыңдығы 10-15 см ғана.

1. 4. Топырақ жамылғысы

Шөлдердің топырағында ылғал аз болатындықтан өсімдіктердің қоректенуіне керекті минералдық тұздар топырақта қатты күйде болады. Күн көзінен қызған, құрғақ ауада су буы да аз боады. өсімдіктердің жапырақ арқылы қоректенуіне қажетті жарық жеткілікті. Бірақ топырақтағы минералдық тұздар өсімдік тамырына өте алмайды. Шөл топырағында шірінді аз болады, түсі ақшыл, сұр топырақ деп аталады. Аудан жерінде сүр және шалғынды топырақ таралған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ОҚО шардара ауданына тарихи- географиялық және әлеуметтік, экономикалық сипаттама
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ШАРДАРА СУ ҚОЙМАСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛҚҰМ КАНАЛЫНА СУ ЖІБЕРГІШ ҚҰРЫЛЫМЫН ҚАЙТА ҚҰРУ ЖОБАСЫ
Климаттық ресурстар туралы түсінік
Ішкі туризм халықаралық туризмнің катализаторы
Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы жер ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері
Шардара ауданы географиялық орны
Шардара ауданының туристік әлеуетін анықтау және туризмнің жағдайы мен даму мүмкіншіліктерін талдау
Сайрам ауданының егістіктегі топырақтарының құнарлылығы
Орманды дала зонасы
Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық географиялық проблемалары және болашағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz