1921-1925 жж. Қазақстанда жаңа экономикалық саясатты енгізу және оның әлеуметтік-экономикалық нәтижелері


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстанда жаңа экономикалық саясатқа көшу және оның барысы

Қазақстанда азамат соғысы аяқталғаннан кейін экономикалық және әлеуметтік - саяси жағдай Ресейдің орталық аудандарымен салыстырғанда ауыр болды. Бейбіт құрылысқа көшудің шаруашылық және саяси қиындықтары мұнда бұрынғы федолдық дәуірден мұра болып келген экономикалық және мәдени артта қалушылықпен байлансты еді.

1920 жылдың аяғында Қазақстанда 4, 7 миллион адам тұрды. Оның ішінде қазақтары-50, 3, орыстары -31, 1, украиындары -14, 4 пайыз. Халықтың басым көпшілігі ауыл шаруашылығында еңбек етті. Ал, ауыл шаруашылығы мешеу жете дамыған еді. Егінщілікте жердіь біраз тыңайтып алып қайта жырту жүйесі, мал шаруашылығында көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылық басым болатын. Егістің көлемі азамат соғысы жылдарында едәуір кеміп астықтың жалпы көлемі мен түсімі 3 есеге жуық азайды. Егер егістік көлемі 1914 жылы 3, 6 миллион десятина болса, 1922 жылы 1, 6 миллион десятинаға қысқарды. Мал шаруашылығы да ауыр халге ұшырады. 1914-1922 жылдың аяғына дейін ірі қара мал саны -2, 1 миллионға, жылықы-2 миллионға, қой ешкі - 6, 5 миллондай, түйе- 0, 3 миллионға азйды. Жалпы алғанда осы жылдары мал түрі 10, 8 миллион басқа кеміді.

Қазақстанның өнеркәсібі де құлдырап кетті. Азамат соғысы жылдарында ірі кәсіпорындар түгелдей дерлік қирап бүлінді, істен шықты. Қазақстан халық шаруашылығы жалпы өнімде өнеркәсіптің үлесі бар болғаны 6, 5 пайыз құрады. Өнеркәсіп халық қажеттерін қанағаттандыра алмады. Еңбек өнімділігі төмен, шикізат пен отын жетіспеді.

Бұл кезде Қазақстанда да Ресейдегі сияқты экономикалық бірнеше түрі:париархалдық, ұсақ тауарлық, капиталистік жекеменшік, мемлекеттік капиталистік, социолистік меншіктер орын алды. Бірақ олардың экономикалық көлемі әр түрлі еді. Қазақстан экономикасында социолистік үлестің меншік салмағы тіпті төмендеді.

Қазақ ауылында капитализмге дейінгі қатынастар таза күйінде болған жоқ. Олар капиталистік қатынастармен тоғысып немесе ұшатысып жатты. Қазақстан халқын таптық құрылымының елдегі орталық аудандарынан айырмашылығы болды. Мұнда ұлттық буржуазияның тап ретінде қалыптасу процесі аяқталмаған еді.

Жеті жылға созылған жүздеген мың адам қырылды. Кейбір уездерде аштық басталды. Кеңес елінің басқада аудандары сияқты Қазақстанда да азық-түлік салғырты жүргізілді. Ол бойынша шаруалардың күн көрісінен артылған азық-түлік үшін әскер мен өндіс орындарындағы жұмысшыларды асырау үшін ешбір өтеусіз алынды. Бұл жағдай шауалардың табиғи наразылығын туғызды.

Әсірісе, ауқатты шаруалар қатты наразы болды. Өйткені олардан азық-түлік көп және қайырымсыз қатал әдістермен жиналды. Мұның өзі Қостанай, Орал, Семей; Шымкент уездерінде шаруалардың Кеңес өкіметіне қарсы шығуына акелді.

Мұндай наразылықтың күшеюі Кеңес өкіметтің салғырттан, яғни «әскери коммонизм» саясатынан \салғырт кейде солай аталатын\ бастартуға, жаңа экономикалық саясатқа көшуге, салғыртты салықпен ауыстыруға мәжбүр етті.

Бұл арада «әскри коммунизм» саясатының социолизм орнатуда неғұрлым тар түсінігі болғанын да айту керек. Ол азық-түлікті күштеп алуға, ірі, ортақ және ұсақ кәсіпорынды қоғамдастыру, сауда -саттыққа, рынокқа тыйым салу, ақша айналымын тоқтатаып, сол арқылы жаңа қоғам орнатуға болады деп әрекеттенудің көрінісі. Оның тұсында мемлекет барынша ортақтандырылып әміршіл-әкімшіл басқару жүйесі пайда болды. Барлық партия мүшелері әскери жағдайда деп танылды. Көп адамдар социолизмге бара жолды қысқартады деп есептелді. Әрине «әскери коммунизм» социолизмге жеткізетін шара емес, ділгерліктен туған болатын. Сондықтан оны жаңа экономикалық саясатпен, төтенше жағдайда енгізілген салғыртты енді салықпен ауыстыру уақыт талабы еді.

Қазақстанда жаңа экономикалық саясатты \ НЭП-ті/ іске асыру 1921-1923 жылдарда ҚазақАКСР Орталық Атқару Комитетінің азық-түлік салығына көшу туралы негізінде жүргізілді. Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда аз болады. Мәселен, 1920 жылы Жетісу және Сырдария обылыстарында астық салғырты 10, 4 миллион пұт астық жиналса, 1921 салық арқылы шаруалардан жиналған астық 6, 0 миллион пұттан асқан жоқ . Шаруалардан алынаты ауыл шаруашылығы өнімдерінің мөлшерін салықпен шектеу ауыл селолардың қаламен байланысын нығайтуға жол ашты.

Шаруалар басы артық өнімдерін қалаға апарып сатып, тұрмыс жағдайын түзеуге мүмкіндік алды.

Алайда, жаңа экономикалық саясатты іске асыру барысында көтеген қиыншылықтарда кездесті. Атап айтқанда, Еділ өзені бойының, солтүстік және батыс Қазақстанның күшті қуаңшылық болуына байланысты аштыққа ұшырады. Орал, Орынбор, Ақтөбе, Бөкей және Қостанай губернияларында егістің көбі күйіп кетті. Малға азық болмай қырыла бастады. Ауыл шаруашылығында болған апаттың аяғы сұмдық аштыққа апарып соқты. Сол кездегі мәліметтерге қарағанда Республикада 2, 3 миллион адам ашыққан.

Осы қиын-қыстау күндерде Қазақстан еңбекшілеріне Ресей халқы елеулі көмек көрсетті. 1921 күзде және 1922 жылы көкемде РКФСР үкіметі толық емес есеп бойынша Қазақстанға 4 миллион 475 мың астық, 183 мың картоп жіберді. Түркістан мен Украина республикалары да Қазақстанға ереулі көмек жасады.

Жұт пен қуаңшылықтан зардап кешкен кедей шаруашылықтарға ондаған мың ірі қара мал, 5 миллион пұттан астам дән берілді. Бұл дән 1921-1922 жылы 1 миллион гетрдан астам күздік және жаздық егіске себілді. Алайда Қазақ Республикасы халық шаруашылығы жағдайы өте ауыр болып қала берді.

20-шы жылдардың басындағы жер реформаларының ерекше маңызды рөлі болды. Мұның өзі жер мәселесіндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатының зардаптарын жою бағытында іске асырылған шаралар еді.

Патша үкіметі алған жерлерін Қазақ еңбекшілеріне қайтарып берді.

1921 жылы ақпан айында жер - су реформасы Түркістанның көптеген аудандарында, оның ішінде Алматы, Қапал, Шымкент, Әулиеата уездерінде жүргізілді. Жайық өзінің сол жағалауының бөлігі межелеп бөлінді. Қазақ шаруалары жайылымдарын алды.

Ауылда әлеуметтік өзгерістер мен жер реформаларының жүзеге асыру үшін бұқараралық қосшы одақтары құрылды. Оның жарғысы кедейлердің таптық сана-сезімін арттыру, олардың мүдделерін қорғау және Кеңес үкіметі көмектесуі сияқты мақсаттарды іске асыруды көздеді. Одақтарды құруда және оның практикалық қызметінде, сондай-ақ жер реформаларын жүргізуде Ж. Бөрібаев, О. Жандосов, А. Розабакиов, тағы басқа қоғам қайраткерлері көрнекті қызмет атқарды. 1922 жылы наурызда Жетісуда 17 мыңнан астам қосшы одағының 99 ұясы жұмыс істеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1921-1925 жылдары Қазақстанда Жаңа экономикалық саясаттың енгізілуі және оның экономикалық-әлеуметтік салдарлары
Қазақстандағы Жаңа экономикалық саясаттың (ЖЭС) енгізілуі мен әлеуметтік-экономикалық нәтижелері (1921-1927)
1921-1929 жж. Қазақстандағы Жаңа экономикалық саясат: көшу, ашаршылық, жер-су реформасы және нәтижелері
Әскери коммунизм (1918-1921 жж.): Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық салдары және Жаңа экономикалық саясатқа өту
Қазақстандағы Жаңа экономикалық саясат (1921-1928): ашаршылық, реформалар және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер
Жаңа экономикалық саясат кезеңіндегі Қазақстан (1921-1928): экономикалық, әлеуметтік және саяси өзгерістер
Азамат соғысынан кейінгі кезең: Жаңа экономикалық саясат және 1920-1925 жылдардағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы
Қазақстандағы Жаңа экономикалық саясат (1921-1928): көшу, іске асыру және экономикалық өзгерістер
1921-1928 жылдардағы Қазақстан: жер-су реформалары, жаңа экономикалық саясат және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер
1920-1930 жж. Қазақстанда ашаршылық пен ЖЭС: экономикалық, әлеуметтік және ұлттық-құрылымдық өзгерістер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz