Экономикалық тәрбие жайында


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

І Кіріспе

Экономикалық тәрбие

ІІ Негізгі бөлім

2. 1. Экономикалық тәрбиенің міндеттері, мазмұны

2. 2. Экономикалық тәрбиенің формалары және әдістері

ІІІ Қорытынды

IV Пайдаланылған әдебиеттер

Экономикалық тәрбие жайлы ұғым және міндеттері

Тәрбиенің басқа салаларымен тығыз байланысты тәрбиенің түрі экономикалық тәрбие. Экономикалық тәрбиенің негіздері еңбек тәрбиесінде жатыр.

Оқушының еңбекті қажетсінуі еңбексүйгіштігін, қоғамдық еңбектегі белсенділігін, саналы еңбек тәртібін және басқа да моральдық сапаларын қалыптастыру экономикалық тәрбиенің алғышарттары болып табылады.

Экономикалық тәрбие деп оқушыларды экономикалық білімдер негіздерімен қаруландыру, қоғамның экономикалық саясатын ұғындыру, өндіріс, айырбас, бөлісу және тұтыну шеңберіндегі (ауқымдағы) негізгі экономикалық қатынастарды тәжірибеде меңгерту деп түсінуіміз керек.

Экономикалық білімдер теориясы қоғам өмірінің материалдық негізін түсіндіреді, адамзат қоғамы өмірінің құпия сырларын ұғынудың, қоғамды қайта құрудың объективті негіздерін түсінуге мүмкіндік береді. Бұл ғылым адам және оның экономикалық қатынастарын зерттейді.

Негізгі мақсат қоғам дамуының қазіргі кезеңіне сай оқушылардың экономикалық ойлауын қалыптастыру. Осының негізінде оқушылар қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы адамның шешуші рөлін ұғынуы, қоғам және тұлғаның мүддесі үшін қоғамдық өндіріс пен еңбекке жаңа қатынастарды қалыптастыруға үйренуі керек. Қазіргі күні бастауыш мектеп, негізгі базистік мектеп және бағдарлы мектептердің оқу тәрбие жұмыстарына экономикалық тәрбие мәселелерін жүйелі ендіру мүмкіндігі туып отыр.

Бастауыш мектептегі қол еңбегі барысындағы құнттылық, базистік мектептегі салалық еңбектің экономикалық негіздері тәрбие жұмысын жаңа негізге көшірудің құралына айналуда.

Қаржыландыру көзі мемлекет тарапынан және оқығаны үшін оқушылардың төлемінен құралады. Халыққа білім беруді қаржыландыруға рыноктық экономика ықпалының өзіндік ерекшелігі бар. Олар:

- қосқан еңбек үлесіне сай мұғалімдердің еңбек ақысын елеулі жекелендіру;

- оқу орындарының тек өзіне лайықты оқушыларды таңдап алудағы өзара бәсекенің пайда болуы, ал мұның өзінің оқытуды ұйымдастырудың жаңа жолдарын іздеу мен оны тәжірибеге ендіруді жандандыру;

- оқушылардың және олардың ата-аналарының оқыту процесіне ықпал етуге түбегейлі мүмкіндік алуы, ал мұның өзі барлық оқушыларға бірдей деңгейлікте қарамай, олардың дербес қабілеттерін айқындауға және дамытуға жағдай туғызу;

- оқу орнының материалдық-техникалық базасын осы заманғы ғылыми-техникалық талаптар деңгейіне жеткізу жағдайының жасалуы;

- әкімшілік басқаруға жұмсалатын қаржының үнемделіп, оның білім беру мұқтажына бағытталуы;

- педагогикалық-зерттеу мекемелерінің оқу орындарымен тікелей келісім шарттар арқылы қаржылануы т. с. с.

Мұның бәрі елімізде халыққа білім берудің деңгейін көтеруге қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Дегенімен, халық ағарту және осы тұрғыдан қараудың көмескі жақтарының болатынын алдын ала біліп отырған жөн. Олар:

- халықтың белгілі бір бөлігінің білім алуға қаражатының жетпеуі мүмкін, сондықтан елімізде сауатсыздықтың өсуіне кездесуі;

- оқу орындарының жіктелуі пайда болып, төлем ақысы жоғары мәртебелі оқу орындарының жарыққа келуі;

  • білім алудың төлем ақысының үнемі өсе түсуі т. с. с.

Рыноктық экономикалық саясаттың бұл салаларын түбегейлі жою мүмкін емес, бірақ мемлекет тарапынан белгілі бір деңгейде реттеуге болады. Мемлекет білім алғысы келетіндердің бәріне көмектссуі қажет. Мұны жүзеге асырудың ең тиімді жолы білім алуға ынталы адамдарға мемлекет тарапынан белгілі мерзімге кредит (қарыз) беру.

Оқушыларға экономикалық білім беру қазіргі қайта құру кезеңінде өте көкейкесті мәселелердің бірі. Оларды халық шаруашылығының әр түрлі салаларында жұмыс істей білуге үйрету үшін экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық білімдермен қаруландыру қажет.

Экономикалық тәрбиенің міндеттері, мазмұны

Экономикалық тәрбие және білім беру шаруашылық іс-әрекетті жақсартудың өндірісті басқарудағы белсенділікті арттырудың қажетті және маңызды шарты. Мұның негізгі міндеттері мемлекеттің жүргізіп отырған экономикалық саясатымен айқындалады.

Қазақстан Республикасының қазіргі әлеуметтік-экономикалық саясаты оқушылардың тәрбиесі мен білім алуына жоғары талап қойып отыр. Себебі бұрын қалыптасқан экономикалық саясат, экономикалық қатынастар күйреп, жаңа рыноктық экономикалық саясат пен қатынастар орын тебуде.

Осы талаптарға сай оқушылардың экономикалық ойлауын дамыту үшін мектеп төмендегідей міндеттерді ескереді.

1. Қоғамның рыноктық экономикалық заңдары мен заңдылықтары меншіктің түріне қарай өндіріс дамуы мен өмір сүру заңдылықтары жөніндегі білімдерді игеру;

2. Мемлекеттің экономикалық теориясы мен саясатын, өндірісті жедел қарқынмен дамыту міндеттерін тәжірибеде шешудің жолдары мен әдістерін жақсы білетін, өзінің оқу-өндірістік іс-әрекетінде жоғары нәтижелерге жетуге қабілетті, өз ісіне ие бола алатын, өзіне және қоғам игілігіне ұқыпты және ыждағатты қатынас жасайтын тұлғаны қалыптастыру;

3. Өндірістегі экономикалық қатынастарға белсене қатынаса алатындай, еңбектің жаңа, алдыңғы түрлері мен әдістерін тез игеруге мүмкіндік беретін біліктермен қаруландыру;

4. Ақыл-ойға сыйымды қажеттіктерді қалыптастыру;

Оқушылардың экономикалық ойлауын дамытуда, әсіресе «Қоғамтану», «Құқық негіздері», «Тарих», «География», «Биология», «Химия», «Физика», «Еңбекке баулу» пәндерінің мүмкіншіліктері мол.

Түрлі пәндерді оқу барысында, сыныптан және мектептен тыс жұмыстарда оқушыларда меншік түрлері, тұтынымға сай игілікті жасау бағыттары, еңбек және өндірістік тәртіп, жалақы сияқты ұғымдар қалыптасады.

Оқушылардың ең алғашқы экономикалық білімі әр түрлі пәндер бойынша сабақтарда қалыптасады. Мектеп оқушыларының биология, химия пәндері бойынша жүргізілетін ауыл шаруашылық тәжірибесінде ең жақсы тұқым сорттарын пайдалануда, тыңайтқыштарды ұтымды етіп, өсімдіктерді қоректендіруде тәжірибе жұмысы экономикалық нәтижені көруге мүмкіндік береді.

Ауыл шаруашылық тәжірибесі оқушылар өндіріс бригадасының учаскесінде ұйымдастырылады. Республикамыздың әр түрлі зоналарында топырақ және ауа райы жағдайлары еске алынып, тәжірибе учаскесінде мәдени өсімдіктер өсіріледі. Мысалы, Республикамыздың Оңтүстік зонасында күріштің «Кубань-3», «Дубровский -129», т. б. сорттары, ал Терістік облыстарда бидайдың «Ишимский-10», жүгерінің «Днепетровск-438» сорттары өсіріледі.

Өсімдіктерді өсіру, олардан мол өнім алу үшін агротехникалық ережелер басшылыққа алынады. Басты мәселелердің бірі - дақылдар егілетін жердің топырағындағы қоректі элементтердің мөлшерін агрохимиялық лабораторияда анықтайды. Бір гектар жерде өсірілетін мәдени өсімдікке берілетін әр түрлі тыңайтқыштардың әдеттегі нормаларына сүйене, топырақтағы қоректі заттардың (N, P, K) және минералдық тыңайтқыштардың мөлшерін орта есеппен анықтап, топырақты қоректендіреді.

Химия сабақтарында, әсіресе эксперимент өткізуде оқушылар еңбек мәдениетіне төселеді, олардың біліктілігі дамиды, лаборатория жабдықтарын, аспаптарды (приборлар), реактивтерді құнттап ұстайды, түрлі материалдарды, электроэнергияны, суды үнемдеп жұмсауда олардың жауапкершілік сезімі артады.

Физика сабақтарында ғылыми-техникалық прогрестің маңызды бағыттары анықталады. Олар өндірісті электрлендіру, механикаландыру, автоматтандыру. Бұл бағыттармен танысу үшін сыныптан тыс жұмыстардың барысында оқушылар мұғалімдердің тікелей басшылығымен әр түрлі экономикалық тақырыптарға баяндамалар, рефераттар жазады, физика пәнінің айналадағы ортаны қорғауға және халық шаруашылығының салаларына ықпалы баяндалады.

Оқушылардың экономикалық тәрбиесінде қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек ерекше орын алады. Олар еңбек арқылы түсіретін қаржының құндылығына түсінеді. Егер еңбек материалдық құндылықты өндіруге бағытталса, онда ұтымды табысқа жетеді.

Өнімді еңбекте оқушылардың жоспарлау ісіне, өнімділік процесін ұйымдастыруға, есеп алу, бақылау және нәтижені талдау жұмыстарына оқушылардың қатысуыныц маңызы өте зор. Бұлардың бәрі материалдық қаржы қорын, жұмыс күшін өнімді пайдалана білуге, ұйымшылдыққа, шаруашылыққа тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады.

Экономикалық тәрбиеде оқушылар мынандай ұғымдарды білуі қажет. Олар: ұлттық кіріс, қаржы, еңбек ақы, пайда, рентабельдік, өзіндік құн, еңбек өнімділігі, акция, бизнес, рынок, т. б.

Экономикалық тәрбиеде ақша мәселесін негізгі бағыттардың бірі. Бұл мәселе негізінен, үйелменде шешіледі, мұндағы мектептің қатынасы жанама ғана. А. С. Макаренко: «Ержетіп өмірге аяқ басқан адамның өзіндік қаржы қоры жөнінде тәжірибесі болуы және ақшаны жұмсай білуі керек», - деп жазды.

Бұл үшін оқушылар еңбегімен ақша табуға және оны жұмсауды жоспарлауды үйренуі қажет. Жазғы демалыс күндері оқушылар ересектердің өнімді еңбегіне қатынаса отырып, еңбек нормасын, оны бағалауды, еңбек ақыны есептеуді дәл білуі керек. Әсіресе, жоғарғы сынып оқушылары лагерьде онда жүргізілетін мәдени іс-шараларын қаржыландыратындай және ұжым қорына қосатындай ақшалай табыс табуына болады.

Еңбекті жандандыру үшін жоғары сынып оқушыларының еңбек ақысын қолына берудің маңызы зор, өйткені бұл кезеңде олардың өз бетінділікке ұмтылуы ерекше байқалады. Бұл өз еңбегімен өзін лагерьде болған күндерінде қаржыландыруға және қолына тиген ақшаға зат сатып алуға мүмкіндік береді. Қазіргі рыноктық қатынастар оқушыларды оқудан тыс уақыттарында ақылы еңбекке қатыстыру мәселесін шешуді қажет етеді.

Қазіргі қоғамдық өмір оқушылардың қалада, ауылда, құрылыста, үлкен ұжымдық, кішкене топтық, жеке еңбегін ұйымдастыру, оның жыл бойына мезгілдік, қысқа уақыттағы жүйесін жасауды талап етеді. Мұндай жүйені жасау шаруашылық (жұмыс қолы жетіспеушілік, педагогикалық еңбекке тәрбиелеу, бос уақытын ұйымдастыру), жеке тұлғалық (қаржы көзі) сияқты көп мәселелердің шешімін табар еді. Осы мәселені ақыл-ойға сыйымды шешу оқушылардың ақшаға қатынасын, сонымен бірге жоғары сынып оқушыларының әлеуметтік бағдарын қалыптастырады. Экономикалық тәрбиенің маңызды бағытын шешуге көмектеседі.

Экономикалық тәрбиенің формалары және әдістері

Халқымыз жастарға экономикалық тәрбие және білім беру ісіне зор көңіл аударуда. Қазіргі халық шаруашылығына өз еркімен еңбектенетін, өз еңбегінің мәніне түсінетін, мақсатқа сәйкес экономикалық шешім қабылдай алатын, экономикалық біліммен қаруланған құнтты, ыждығатты, шаруақор жас мамандар керек.

Осы тұрғыдан қарастырсақ, оқу мектепте экономикалық тәрбие мәселелеріне байланысты теориялық және практикалық біліммен оқушыларды таныстыру қажет. Ол үшін мынандай көрсеткіштер еске алынады.

- қазіргі кезеңдегі мемлекеттің экономикалық саясатының негізгі міндеттері мен бағыттары;

- жас ерекшелігіне сәйкес оқушылардың экономикалық түсініктерді, ережелерді, заңдарды меңгеру деңгейі;

- жұмысты жоспарлау, материалдарды, құралдарды, жабдықтарды тиімді пайдалану, жұмыс орнын тәртіпке келтіру, уақытты бағалай білу, өзінің және жолдастарының жұмыс процесін, оның нәтижесін таңдай білу және сапасын көтерудің мүмкіндігін табу, еңбек өнімділігін арттыру;

Мұның бәрі оқушылардың ұқыптылық, ұйымдастырушылық, іскерлік, тәртіптілік, жауапкершілік сияқты қасиеттерін қалыптастырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
2 – сынып математика сабақтарында оқытудың тәрбиелік функциясын жүзеге асыру
Педагогика ғылымы жайлы
Тәрбие процесі кезінде оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру
Жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмысы
Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің әдістемесі
Қылмыстық мінез-құлық
Экологиялық білім және оқу процессін экологияландыру
Педагогика ғылымын дамтыуға үлкен үлес қосқан ірі ғалым - педагог
Естімейтін және нашар еститін балаларды тәрбиелеудегі ерекшеліктері
Естімейтін және нашар еститін балалардың тәрбие жұмыстарының ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz