Қазақстан Республикасының қылмыстық заңының дамуы



Кіріспе
1 ТАРАУ. Қазақ халқының салт.дәстүрі, әдет.ғұрпы және көне заңдары.
&1. «Жеті жарғы» , «Қасым ханның қасқа жолы», « Есім ханның ескі жолы» заңдардың басталуы.
&2. Әдет.ғұрып заңдарының қылмысқа қатысты қолданылуы.
2 ТАРАУ. Қазақ ССР.інің қылмыстық кодексінің Қазақстан Республикасының Қылмыстық заңына дейін.
&1. Қазақ ССР.інің Қылмыстық заңы және оның ерекшелігі.
&2. Қылмыстық заңның ұғымы.
3 ТАРАУ. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңы .құқықтық реформаның жемісі.
&1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық заңы.
&2. Қылмыстық заңның міндеттері.
&3. Қазақстан Республикасы қылмыстық заңы демократиялық, қүқықтық мемлекет заңының бастауы.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Мемлекетіміздің маңызды билік саласы – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының тал тарихын жазу кезек күттірмейтін аса келелі мәселе, еліміздің абыройлы міндеті. Әрісі дүние жүзі, берісі өз республикамыздың заңгерлері үшін қазақ елінің әлімсақтан келе жатқан сот істері мен билер үкімін тарихи тұрғыдан танып білу – аса қажет нәрсе.
Біздің дәуірге дейінгі жыл санауды және одан кейінгі дәуірлердегі, жалпы, жер бетіндегі мемлекеттердің дамуы, қалыптасуы бір-бірімен етене аралас өркен жағынан тарих теріске шығармайды. Ендеше мемлекетіміздегі үшінші
Әлем жұртшылығының алдында осы кезге дейін қазақ халқы көшпенді, өз алдына мемлекет, ел билеу заңы жоқ жабайы халық ретінде сипатталып келді. Бұл әрине ақиқатты тарихты бұрмалаушылық еді.
1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі: Алматы.: Жеті жарғы, 1997 жыл.
2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне түсінік.-Алматы:. ЖШС "Баспа", 2001 жыл.
3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы Ерекше бөлім-"Дәнекер" халықаралық құқық және халықаралық бизнес институты, Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы, 2000 ж.
4. Қылмыстық құқық Ерекше бөлім,-Алматы: "Жеті жарғы" ЖАҚ, 2000 ж.
5. Комментарий к уголовному Кодексу РК. Караганда .1999 г.
6. Қазақстан Тарихы . Алматы " Жеті жарғы ", баспасы 1998 ж.
7. Заң және Заман 6. 99. " Көне тарих беттерінен ".
8. Материалы по казахскому обычному праву. - Алматы: "Жеті жаргы", 1996. С.7
9. 1882 г., Материалы по обычному казахскому праву. Алматы, 1996. С.13
10. Қазакстан Республикасының Конституциясы . Алматы, "Жеті жарғы", 1995ж. 30 тамыз.
11. Қаз ССР-інің Қылмыстық Кодексі. 1961 ж. 1-қаңтар.

ЖОСПАР

Кіріспе
1 ТАРАУ. Қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы және көне заңдары.
&1. Жеті жарғы , Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы
заңдардың басталуы.
&2. Әдет-ғұрып заңдарының қылмысқа қатысты қолданылуы.
2 ТАРАУ. Қазақ ССР-інің қылмыстық кодексінің Қазақстан Республикасының
Қылмыстық заңына дейін.
&1. Қазақ ССР-інің Қылмыстық заңы және оның ерекшелігі.
&2. Қылмыстық заңның ұғымы.
3 ТАРАУ. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңы -құқықтық реформаның
жемісі.
&1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық заңы.
&2. Қылмыстық заңның міндеттері.
&3. Қазақстан Республикасы қылмыстық заңы демократиялық, қүқықтық
мемлекет заңының бастауы.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе

Мемлекетіміздің маңызды билік саласы – Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Сотының тал тарихын жазу кезек күттірмейтін аса келелі мәселе, еліміздің
абыройлы міндеті. Әрісі дүние жүзі, берісі өз республикамыздың заңгерлері
үшін қазақ елінің әлімсақтан келе жатқан сот істері мен билер үкімін тарихи
тұрғыдан танып білу – аса қажет нәрсе.
Біздің дәуірге дейінгі жыл санауды және одан кейінгі дәуірлердегі,
жалпы, жер бетіндегі мемлекеттердің дамуы, қалыптасуы бір-бірімен етене
аралас өркен жағынан тарих теріске шығармайды. Ендеше мемлекетіміздегі
үшінші
Әлем жұртшылығының алдында осы кезге дейін қазақ халқы көшпенді, өз
алдына мемлекет, ел билеу заңы жоқ жабайы халық ретінде сипатталып келді.
Бұл әрине ақиқатты тарихты бұрмалаушылық еді.
Тарих деректеріне жүгінсек, қазақ халқы өз алдына дербес мемлекет
құрғалы бері бірнеше заңдар жинақтарын қабылдаған. Мұндай заңдар қатарына
алдымен 16-ғасырдың бірінші ширегіндегі Қасымхан (1511-1520 ж.ж.) дәуірінде
қабылданған "Қасым ханның қасқа жолын" жатқызуға болады. 16-ғасырдың
аяғыңца 17-ғасырдың басында билік құрған Есімханның (1548-1628 ж.ж.) "Есім
ханның ескі жолы" деп аталатын заңдар жинағы болғаны тағы белгілі. 17-
ғасырдың аяғында 18-ғасырдың басында Тәуке хан тұсыңда (1680-1718 ж.ж.)
атақты "Жеті жарғы" деп аталатын конституциялық құжат жасалды.
"Жеті жарғыға" сол кездегі қазақтың тұрмыс, әдеп ғұрпына, өміріне тән
қоғамдық қатынастардың негізгі салалары енген. Бұл құжат жеті саланы: жер
дауын; жесір дауын; құн дауын; бала тәрбиесі мен неке қатынасын, қылмысқа
жауапкершілікті, руаралық дауды және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді
тәртіптеген (оның жазба толық нұсқасы әлі табылған жоқ, бізге ұрпақтан-
ұрпаққа ауызша ауысқан түрі ғана жеткен).1
Заң ғылымы-ұзақ тарихы бар, ертеден ауызға ілінген, жалпы алғанда
байырғы жылдардың бірі. Заң ғылымы шын және толық мәнісіңде заң дүниесін,
заң қүрылысын жете танитын ғылым болып 19-ғасырдың ортасында қалыптасты.
Заң ғылымының негізгі салалары-азаматтық, қылмыстық және сот құқықтары. Бұл
салалар қазақ жерінде бұрын болған. Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанда заң
жиынының жаңа салалары пайда болады. Олар: жер, су, орман кен, табиғат
қорғау, еңбек, еңбекпен түзеу, тұрғын үй, шаруашылық, мемлекеттік,
әкімшілік, транспорттық және тағы басқалар. Кеңес үкіметі кезінде
Қазақстанда мемлекетке маңызды бірнеше заңда жиынтығы қабылданды: Қаз. ССР-
нің "Еңбек туралы" заңдар кодексі, "Азаматтық кодекс", "Жер кодексі", "Су
кодексі", "Неке және жанұя кодексі", "Табиғат қорғау заңы" және тб. Соның
ішінде Қаз.ССР-нің "Қылмыстық кодексі", 1959 жылы 22-ші шілдеде қабылданып,
1960 жылы 1-ші қаңтардан бастап күшіне енген. Бұл кодекс ССР одағы мен
одақтас республикалардың қылмыстық заңдары негіздеріне сәйкестендіріліп
жасалды. Онда "Жалпы " және "Ерекше" деген екі үлкен бөлім бар. Бірінші
бөлімде қылмыс, жаза,жаза тағайындау, және одан босату туралы ережелер мен
қағидалар белгіленген. Екінші бөлім қоғамға қауіпті қылмыстық іс
әрекеттердің түрлеріне арналған. ҚазССР-ң қылмыстық кодексі 256 баптан
құрылған. Бұл кодекс совет қоғамдық және мемлекеттік құрылысты, социалистік
құқық тәртібін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауды көздеді.
1991 жылы Қазақтан Республикасы егеменін алуына
байланысты, еліміздің экономикалық, саяси, әлеуметтік өмірінің барлық
саласы түгелімен өзгерді. Республиканың қалыптасуы, елде экономикалық,
құқықтық реформалары жүзеге асыру және нарықтық қатынастарға өту, жаңа
заңдарды қабылдауды қажет етті. Соның ішінде 1997 жылы 16 шілдеде жаңа
"Қылмыстық кодекс" қабылданды.
Еліміздіњ тєуелсіз, демократиялыќ, ќ±ќыќтыќ мемлекет болып
жарияланѓанына жеті жыл болды. 1997 жылы шілденіњ 16-сында Ќазаќстан
Республикасыныњ жања Ќылмыстыќ кодексі ќабылданып, ол 1998 жылдыњ 1
ќањтарынан бастап зањды к‰шіне енді.

Осы бітіру жұмысы. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңының дамуын
жеке сала ретінде қарастыруға арналады.
1 ТАРАУ.

Қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы
және көне заңдары.

&1. "Жеті жарғы " "Қасым ханның қасқа жолы", "Есімханның ескі жолы"
заңдардың басталуы.

Әр елдің әу бастан өз заңы болады. Сол себепті қазақ халқының ұлт болып
қалыптасқандығының бір белгісі - өзіне тән заңдылықтарының болғандығы.
Бірде бір түрмесі болмаған ата-бабамыз ұлан-байтақ жердің бүгіндігін, халық
бірлігін сақтап келгендігінің басты белгісі - дәстүрлік құқықтарының
бұлжымай орындалғандығында деп білеміз. Өз бұзығын өзі түзеп, өз дауын өзі
шешіп отырған халықтың ата заңы - аталы сөз болған. Аталы сөзді жүйелеп
тасқа басу - заңды жүйелеу 15-ғасырдан, Жәнібек ханның баласы Қасым ханнан
басталған. Оны Шығай ханның баласы Есім хан жалғастырып, 1680 жылы таққа
отырған Жәңгірдің баласы Тәуке хан ары қарай дамытты. Ол қазақ қоғамының
ішіндегі дау-жанжалды, барымтаны тежемей, уақ хаңдықтардың уақытша болса да
ынтымақтастығын көздемей тұрып, сыртқы жаулармен батыл күресуге болмайтынын
түсінді. "Халық кеңесін" және "Билер кеңесін" тұрақты орган ретінде
қалыптастырып, жыл сайын бір мезгілде Күлтөбенің басында үш жүздің басын
қосқан жиын өткізіп тұрған.
Хан ордасында сұлтандар, тайпа көсемдері, билер, батырлар, шежіреші-
шешен жыраулар отырған. Олар өте маңызды саяси, әскери және азаматтық
мәселелерді ақылдасып шешкен. Бүл кеңестің қолында сот құқығына, заң шығару
құқығы да болған. "Қасым ханның қасқа жолы ", "Есім ханның ескі жолы " және
Тәуке ханның " Жеті жарғысы " осы хан кеңесінің шешімі арқылы елге
таралған.
Қазақ халқының әдеп - ғұрып заң қалыптары мен этикалық қағидалары -
ұзақ дәуірлердің ішіңде жинақталған, жазылмаған заңға айналған жол-жоба.
Олардың әдеп - ғүрып заңдары қарапайым және өз заманына ыңғайланып жасалып,
бұрмаланбай орындалып отырған. Орындалуын ханнан бастап ру ақсақалдары,
билер қадағалаған.
Ел аузындағы аңызға қарағанда дәстүрлік құқықтың (жарғының) негізін
салушы - Қорқыт Қарақожаұлы екен. Оның
" Атамекенді жерұйық деп білу оны жаудан қорғау, жер-суды белгілі тәртіппен
пайдалану, дау-жанжалды ақылмен шешу, кінәліні жазасыз қалдырмау..." Деген
сияқты жарғылары "Қорқыт айтыпты" делініп әлі айтылып келеді . Жалпы Қорқыт
өз тұсындағы хандықтардың сот, әскери, қоғамдық тәртіп, діни істерше
қатысты жарғылар жасап, оны атқаруға да көп көмегін тигізген.
Қорқыттан кейінгі қазақтың дәстүрлік жарғыларын жасаушы - Майқы би. Сөз
атасы - Майқы би 12-ғасырдың аяғы мен 13-ғасырдың басында Шыңғыс ханға
ақылшы болған . Ол жасаған жеті жарғы мүмкін "Тәуке ханның жеті жарғысына"
мұрындық болған шығар.
Қазақ тайпалары 8-ғасырдың өзінде "ақсақалдар ережесі", "ата-баба
жолы", "жөн-жосықтар" деп аталатын заң тізбектерін шығарған. Содан келіп
"жарғы" деп аталатын заңдарын қалыптастырып, ел салтына сіңірген. Осы жарғы
бойынша елді аузына қаратқан, билігіне ұйытқан билер дауды шешіп, елді
жарастырып, халықтың билігін сақтап отырған.
Тарихшы ғалымдардың айтуынша 15-ғасырдың ортасы қазақ мемлекетінің
мемлекеттік ірге тасы қаланып, өз заңдылығын жүйеге келтірген уақыты екен.
Қазақ хандығы Жәнібектің ұлы Қасым ханның хандық еткен тұсында күшті
мемлекетке айналған. Қазақ халқының жүйеленген құқықтық әдет-ғұрпы сол
кезде "Қасым ханның қасқа жолы " деген атпен жария болған. Ғасыр бойы
жазылмай жинақталған құқықтық әдет-ғұрыптар қазақтардың жаңа мемлекеттік
құрылымына сай бейімделіп жасалған. "Қасым ханның қасқа жолы" кодексі бес
бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде жер дауы мен мүлік дауын тәртіптейтін
құқықтық қалыптар жүйеленген. Екінші бөлімде қылмыстық және жазалау
шарттарын тәртіптейтін құқықтық нормалары негізге алынған. Үшінші бөлімде
әскери заң, оның орындалуы мен осы занды бұзғандарға қолданылатын шаралар
қамтылған. Төртінші бөлім елшілік жораларына (шешендік, әдептілік,
халықаралық қатынастардағы сыпайылық, сөйлеу мәнері) арналған. Бесінші
бөлімде мерекелер мен жиындардағы ережелердің құқықтық қалыптары
жүйеленген.
Қасым ханнан кейін қазақ халқының құқықтық құрылымының дамуына ерекше
үлес қосқан Шығай ханның баласы Есім хан болды. Осы тұста ойраттар шабуылы
тынымсыз болғандықтан " Қасым ханның қасқа жолына " Есім ханның енгізген
жаңалығы - әскери заңды күшейте түсуі. Қалғанын өзгеріссіз қалдырған. Сол
себепті халық бүл заңдар жинағын " Есім ханның ескі жолы " деп атаса керек
.

&2. Әдеп-ғұрып заңдарының қылмысқа қатысты
қолданылуы.

Қазақ халқының өмірінде ең бір ірі жарғылар жинағы -Тәуке ханның ел
ауыз бірлігін нығайтуға арнап шығарған, қазақ әдет-ғұрып заңдарының жинағы
(Жеті жарғы). Осы заңдарға сүйеніп қазақ билері қоғам ішіндегі дау-
жанжалдарды шешіп отырған. Жарғы сөзі қазақша әділдік, шешім деген үғымды
білдірген. " Жеті жарғы " үш бөлімнен тұрады деуге болады. Біріншіден,
қазақтың ежелгі әдет-ғұрып заңдарын қамтыған "Қасым ханның қасқа жолына"
негізделсе, екіншіден, "Есім ханның ескі жолына" - ел басқару ісіне,
үшіншіден Тәуке ханның дәуіріне, саясатына сай енгізілген жаңалықтарына
негізделіп жасалған қазақ халқының саяси, әлеуметтік өміріндегі ең ірі
заңдар жарғысы осы Тәуке ханның "Жеті жарғысынан" басталған болар Жеті
жарғы - жеті жарлық, жеті дау, жеті шешім деген ұғымды білдіретін болуы
керек. Оларға: қазақтың ең бір жан ауыртар дауы - жер дауы, жесір дауы, құн
дауы, мал-мүлік дауы, ұрлық-қарлық айып-жаза, алым-салық т.б. кірген. Тағы
бір дерек бойынша " Жәнгір ханның ұлы Тәуке хан "Қасым ханның қасқа жолын",
"Есім ханның ескі жолын" өз заманына сай етіп, сондағы ережелердің жеті
түріне күрделі өзгеріс енгізгендіктен Тәуке ханның "Жеті жарғысы " деп
аталып кеткен делінеді. 1
Енді сол жеті жарғыға тоқталайық.
Бірінші жарлығы: " Халықтың ханы, сұлтаны, пірі-әзіреті қастан
өлтірілсе, олардың әрқайсысы үшін жеті кісінің құны мөлшерінде құн төленсін
" .
Екінші жарлығы: "Төрелер мен қожалардың жай қатарыңдағы біреуі
өлтірілсе олардың әрқайсысына (ақсүйектің, пірдің тұқымы деп) екі кісінің
құны төленуі тиіс ".
Үшінші жарлығы: "Сырттан келген адам үйге кірерде мініп келген атын
босағаға байлағандықтан біреуді теуіп өлтірсе "бүтін құн", ал үйдің
жапсарына байланған ат теуіп өлтірсе "жарты құн", ал үйдің артына байланған
ат теуіп өлтірсе тек "ат-тон" айып төлейді.
Төртінші жарлығы: "Ата-анасын туған баласы ренжітіп, қарсы келіп қол
жұмсаса, онда ол баланы ата-анасы өлтіремін деседе ерікті, сұраусыз болады
".
Бесінші жарлығы: "Кәмелетке жеткен баласы туған ата-анасына тіл
тигізіп, сөккені үшін (қол тигізбесе) - қара сиырға немесе қара есекке
теріс мінгізіп, мойнына құрым іліп, бүкіл ауылды айналдыру керек ".
Алтыншы жарлығы: "Құда түсіп, құйрық-бауыр жескеннен соң - ақбаталы
жесір басқаға кетсе, оған берілген қалың мал жесір иесіне түгел қайтарылып,
оның үстіне қалыңсыз қыз немесе бір қыздың қалың малы төленсін ".
Жетінші жарлығы: " Ұрыдан айыр түйеге - нар, атқа -аруана, тайлаққа -
атан, тайға - ат, қойға - тана төлетеді. Оның үстіне үш тоғыз айып төлейді
".
Сонымен " Қасым ханның қасқа жолын", "Есім ханның ескі жолын ", " Тәуке
ханның жеті жарғысын " қазіргі жеке -жеке заң кодекстерінің арғы атасы деп
атасақ қателеспеген болармыз.
2 ТАРАУ.

Қазақ ССР- інің Қылмыстық Кодексінің Қазақстан Республикасының
қылмыстық заңына дейін.

&1. Қазақ ССР-інің Қылмыстық заңы және оның
ерекшелігі.

Бұрын қолданылған Қазақ ССР. қылмыстық кодексін 1959 жылы қабылданған
еді. Жаңа қылмыстық кодекс 1997 жылы 16 шілдеде қабылданды. Қылмыстық
Кодекс дегеніміз - барлық қылмыстық заңдардың белгілі бір жүйеге
келтірілген жиынтығы болып табылады. Кодексте қылмыстық құқықтың жалпы
ережелері мен принциптері, қылмыстық құқықтық қатынастарды реттейтін және
қаңдай қоғамға қауіпті іс-әрекеттердің қылмыс болып табылатынын анықтайтын
үғымдар, қылмыс істеген адамдарға қолданылуы мүмкін жазалар белгіленеді.
Қылмыстық Кодекс Жалпы және Ерекше бөлімнен тұрады. Қылмыстық Кодекстің
Жалпы бөлімінде жоғарыда айтылған қылмыстық құқықтың жалпы ережелері,
міңдеттері, қылмыс пен жазаның түсінігі, қылмыс пен жазаны жоятын мән-
жайлар, және тб мәселелер қарастырылады. Жалпы бөлімнің баптары өзара бір-
бірімен тығыз байланыста болады. Мысалы, жауаптылықты жеңілдететін және
ауырлататын жағдайлар жаза тағайындауда және шартты жазаны қолдануда
міндетті түрде есепке алады. Ерекше бөлімде жекеленген нақты қылмыс түрлері
үшін жауаптылық және жаза белгіленген. Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімі
бірнеше тарауларға бөлінген. Әр тарауға бір объектінің маңыздылығына қарай
тиісінше орын берілген. Қылмыстық заңның заң шығарушының еркін білдіретін
белгілі бір техникалық ережелерге негізделген. Өзіндік құрылымы бар.
Қылмыстық құқылық нормалар мазмұнына қарай үш түрлі топқа бөлінеді:
1) Декларативті - яғни, қылмыстық құқықтың жалпы міндеттерін
айқындайтын нормалар (Қылмыстық Кодекстің 2-бабы).
2) Анықтаушы - яғни, қылмыстық құқықтың түсінігі мен жекеленген
институттарына айқындама беретін нормалар (Қылмыстық Кодекстің 9-бабы).
3) Арнаулы - яғни, нақты қылмыс құрамына және оған тағайындайтын жазаға
сипаттама беретін нормалар (мысалы, Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөліміндегі,
барлық нақты, жекелеген қылмыс құрамдары).
Қылмыстық Кодекстің Жалпы бөлімінің бабы өзінің құрылысы жағынан Ерекше
бөлімдегі баптың құрылысынан өзгеше болады. Жалпы бөлімнің бабы тек қана
дизпозициядан құралса, ал Ерекше бөлімнің бабында дизпозицияға қоса
санкцияда болады, Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінің баптары топтық және
түрлік болып екіге бөлінеді. Топтық баптар біртектес қылмыстардың ортақ
және соларға тән белгілерін анықтайды. Мысалы, Қылмыстық Кодекстің 366-
бабыңда - әскери қылмыстардың түсінігі берілген.

307-бапта лауазым адамның түсінігі айтылған.1
Топтық баптардың түсінігі әртүрлі тарауда орналасқан, әртүрлі қылмыс
топтарын бір-бірінен жіктеуге мүмкіндік береді. Түрлік баптар бойынша заңда
көрсетілген жекелеген қылмыстың белгілері және осы қылмысты істегенде
қандай жаза тағайындалу керек екендігі көрсетіледі. Қылмыстық Кодекстің
Ерекше бөлімінің баптары дизпозициядан және санкциядан құралады. Кодекстің
Ерекше бөлімі бабындағы қылмыстың атауын және оның белгілеріне сипаттама
беретін жағын дизпозиция деп атаймыз. Мысалы, Қылмыстық Кодекстің 120-
бабындағы әйелді зорлаудың диспозициясы былай: "Зорлау, жәбірленушіге
немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе қолданбақшы болып қорқытып, не
жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып, жыныстық қатынас жасау" деп
көрсетілген. Диспозицияның төрт түрі бар:
1) Жай дизпозиция - қылмысты іс әрекеттің атын ғана айтып қояды, оның
нақты белгілерін ашып көрсетпейді. Жай дизпозиция қылмысты іс әрекеттің
мазмұны оның белгілерін
ашып көрсетілмегеннің өзінде жеткілікті түрде түсінікті болған жағдайда
қолданылады. Мысалы, 96-баптағы "Адам өлтіру", 175-баптағы "Ұрлық".
2) Сипаттамалы диспозиция-қылмыстың барлық белгілерін заңның өзінде
нақтылап көрсететін диспозиция сипаттамалы деп аталады. Жай дизпозицияға
қарағанда қылмыс құрамын айқындайтын сипаттамалы артықшылығында дау жоқ.
Сипаттамалы диспозицияға 166-бапта көрсетілген шпиондық жасау құрамы мысал
бола алады. Мұнда шпиондық жасау аталып қана қоймай, оған "мемлекеттік
немесе әскери құпияны құрайтын мәліметтерді шетелдік мемлекетке, шетелдік
ұйымға немесе олардың өкілдеріне беру, сол сияқты оларға беру мақсатында
жинау, ұрлау немесе сақтау, сондай-ақ шетелдік барлаудың тапсырмасы бойынша
өзге де мәліметтерді Қазақстан Республикасының сыртқы қауіпсіздігі мен
егемендігіне зиян келтіре отырып пайдалану үшін беру немесе жинау, егер осы
әрекеттерді шетелдік азамат немесе азаматтығы жоқ адам жасаса" деп толық
сипаттама беріп отыр.
3) Бланкеттік диспозиция - балта көрсетілген нақты қылмыстың құрамын
анықтау үшін басқа заңдарға немесе нормативтік актілерге, үкімет қаулылары
мен жарлықтарына, бұйрықтары мен ережелеріне, нұсқауларға жүгіну қажет.
Яғни қылмыстық заңның талаптарының бұзылуы орын алғандығы туралы мәселені
шешу басқа заңдар мен немесе нормативті актілермен анықталады. Мысалы,
қылмыстық кодекстің 295-бабындағы темір жол, әуе немесе су көлігі қозғалысы
мен оларды пайдалану қауіпсіздігінің ережелерінің бұзылуы. Бұл қылмыс
құрамын анықтау үшін көлік құралдарының осы түрлерінің қауіпсіздігі мен
пайдалану ережесін реттейтін тиісті нормативті актісін басшылыққа алу
қажет. Егер осы сияқты бланкеттік нормаларды қылмыстық кодекстің өзінде
тізіп көрсете беретін болсақ, кодекстің баптарының көлемі тым ұлғайып, оны
пайдаланудың өзі қиынға түсер еді. Мысалы, тау-кен немесе құрылыс
жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзудың (245-бап) өзі осы
баптың диспозициясына көптеген қиын әрі күрделі ережелер мен бүйрықтарды
көрсететін жазуды талап етер еді. Сондықтанда заң шығарушы мұндай реттерде
бланкеттік диспозицияны пайдаланудың тиімділігіне жол беріп отыр.
4) Сілтемелі диспозиция нақты қылмыс құрамын анықтайды. Бұл диспозиция
бойынша қайталап жатпау үшін қылмыстың осы құрамын анықтаған қылмыстық
заңның тиісті бабына, баптың тармағына сілтеме жасайды . Мысалы, Қылмыстық
кодекстің 96-бабы, 2-бөлігіндегі кісі өлтіруді алайық. Онда "н" тармағында
осы кодекстің 97,100-баптарында көзделген әрекеттерді қоспағанда, бұрын
адам өлтірген адам өлтіру делінген. Бұл жерде бұрын адам өлтірген деген
үғымға қатысты болатын құрамдарды қайталап жатпас үшін, заң шығарушы сол
ұғымдарға анықтама берілген баптарға тиісінше сілтеме жасап отыр.1
Қолданылып жүрген кодексте санкцияның екі түрі көрсетілген.
Салыстырмалы-айқындалған (относительно-определенно) және балама
(алтернативный). Салыстырмалы-айқындалған санкция жазаның мөлшерін белгілі
бір шекті шықпайтын етіп реттейді. Кейбір реттерде бапта жазаның ең төменгі
шегі ғана көрсетіледі. Мұндай жағдайда жазаның ең төменгі шегі қылмыстың
қүқықтық жалпы бөлімінің ережелеріне сәйкес: 2-ай мерзім деп есептеу керек.
Көп жағдайларда қылмыстық заң нормаларында жазаның төменгі және жоғарғы
шегі көрсетіледі. Мысалы, кісі өлтіру, яғни басқа адамдар құқыққа қарсы
қасақана қаза келтіру алты жылдан он бес жылға дейінге мерзімге бас
бостандығынан айыруға жазаланады делінген (96-бап, 1-бөлігі). Санкцияның
мұндай түрлі жазаны даралап тағайыңдауға зор мүмкіндік туғыздырады. Балама
санкция Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабындағы жазаның екі
немесе одан да көп түрінің біреуін қолдануға мүмкіндік береді. Өзінде СОЗ
ауруы бар екендігін білген адамның оны басқа адамға жұқтыруы жүз айлық
есептік көрсеткіштен бес жүз айлық көрсеткішке дейінгі мөлшерді немесе
сотталған адамның екі айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысынан немесе
өзге табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не бір жылдан екі жылға дейінгі
мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты айға дейінгі мерзімге қамауға, не бір
жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады деп көрсетілген
(115-бап). Балама санкциялар сотқа кінәлі адамға бірнеше жазалардың ең
әділін, тиімдісін таңдап алуға жол береді.
Қылмыстық заңның кеңістіктегі күші қылмыстық кодекстің 6-бабындағы
(аушақтық) 7-бабындағы (азаматтық) және 8-бабындағы (қылмыскерді ұстап беру
туралы халықаралық шарт) принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Қылмыстық кодекстің 6,7,8-баптарда бекітілген осы принциптердің
кеңістіктегі қолданылуын жүзеге асыру үшін төмендегі мынадай түсініктерді
анықтап алу қажет:
1. Қазақстан Республикасының аумағы ;
2. Қазақстан Республикасы қылмыстық заңы қолданылатын жерлер мен
обьектілер;
3. Қылмыс істеу орны;
4. Шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдерінің және имунитетті
пайдаланатын өзге де азаматтарының жауаптылығы;
5. Қылмыскерді ұстап беру туралы халықаралық шарт туралы. Қылмыстық
Кодекстің 6-бабының 4-бөлігінде Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс
жасаған адамдарға, республика қылмыстық заңның ережелерінің қолданылуы
шартты көрсетілген.
Бұл бапта:
1. Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған адам осы Кодекс
бойынша жауапқа тартылуы тиіс.
2. Қазақстан Республикасының аумағында басталған немесе жалғастырылған
не аяқталған әрекет Қазақстан Республикасының аумағында жасалған қылмыс деп
танылады. Осы Кодекстің күші Қазақстан Республикасының құрлықтық шельфінде
және ерекше экономикалық аймағында жасалған қылмыстарға да қолданылады.
3. Қазақстан Республикасында портына тіркелген, Қазақстан
Республикасының шегінен тыс ашық су немесе әуе кеңістігінде жүрген кемеде
қылмыс жасаған адам, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында
өзгеше көзделмесе, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылады.
Қазақстан Республикасының әскери кораблінде немесе әскери әуе кемесінде
қылмыс жасаған адам да оның қай жерде болуына қарамастан, осы Кодекс
бойынша қылмыстық жауапқа тартылады.
4. Шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдерінің және иммунитетті
пайдаланатын өзге азаматтардың қылмыстық жауаптылығы туралы мәселе осы
адамдар Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған жағдайда
халықаралық құқық нормаларына сәйкес шешіледі деген. Қазақстан
Республикасының 1993 жылғы 13 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының
мемлекеттік шекарасы туралы" заңның 1-бабына сәйкес Республика аумағының
шегін құрғақ құрлық, су, жер қойнауы және әуе кеңістігі шегін айқындайтын
сызық және осы сызық бойынша өтетін беткі қабат құрайды. Ашық теңізде
немесе оның әуе кеңістігінің үстінде ұшып жүрген әскери емес корабльдер,
ұшақтар немес қандай жерде тұрғанын қарамастан Қазақстанның әскери
корабльдері мен үшақтары Республика аумағының бір бөлігі болып табылады.
Оларға да Республика қылмыстық заңының күші қолданылады. Қазақстан
Республикасының мемлекеттік шекарасы аумақтық (су, жер қойнауы, әуе
кеңістігінің) заң жүзінде баянды етілген кеңістігі шегінде қарастырылады.
Құрғақ аумақка Қазақстан Республикасының жер бедерінің сипатты нүктелері
мен сызықтары жатады. Су аумағына Республиканың ішкі суларынан басқа,
аумақтық теңіз жағалауындағы теңіз сулары, олардың тиесілі ені жатады,
Қазақстан Республикасы әуе кеңістігі аумағына - Қазақстан Республикасы
құрғақ немесе су аумағы үстіндегі берілген аспан кеңістіктері жатады. Жер
қойнауының мемлекеттік шекарамен белгіленген құрғақ немесе су кеңістігі
астындағы аумақтар жатады. Жер қойнауының тереңдігіне Қазақстан
Республикасы ешқандай шек қоймайды. Қазақстан Республикасының қылмыстық
заңының күші Республиканың кезкелген аумағында немесе объектілерінде
істелген қылмыстық іс-әрекеттің бәріне де қолданылады. Егер қылмыс
Қазақстан Республикасының портына тіркелген және де Республика шегінен тыс
ашық су немесе әуе кеңістігінде жүрген, бірақ шет мемлекеттердің жеріңде
емес кемеде істелсе, ал әскери корабльде немесе әскери әуе кемесінде қылмыс
жасаған адам олар қай жерде тұрса да онда ол Қазақстан Республикасының
аумағында қылмыс істеген деп танылып, мұндай адамдар қылмыстық жауапқа
Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі бойынша тартылады. Республика
аумағында Қазақстанға тиесілі Каспий теңізі суларының үстінгі және астыңғы
кеңістігі - құрлықтың шельфі, сондай-ақ ерекше экономикалық аймақтар да
жатады. Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі елшіліктері,
өкілдіктері орналасқан жер, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалауымен
жүрген елшілері мен өкілдіктерінің автокөліктері Қазақстан Республикасының
аумағына жатады.
Егер қылмыс істеуге даярланғандық немесе қылмыс істеуге оқталғандық
шекарадан тысқары жерде жүзеге асырылып, ол біздің елімізде аяқталса, онда
қылмыс Қазақстан Республикасы аумағында істелген деп табылады. Сондай-ақ,
қылмысқа қатысу, қылмысты ұйымдастыру немесе қылмысқа азғырушылық
әрекеттері үшін де жауаптылық дәл осындай тәртіппен шешіледі. Екі немесе
одан да көп мемлекеттің аумағында істелген қылмыс үшін жауаптылық қылмыс
аяқталған немесе қылмыс тоқтатылған мемлекеттің заңы бойынша жүзеге
асырылады. Қылмысты ұйымдастырушы, айдап салушы немесе көмектесуші шет
елде, орыңдаушы Қазақстан Республикасының аумағында іс-әрекет істесе немесе
қылмысқа қатысу Қазақстан Республикасының аумағында, ал қылмысты орыңдау
шет елде орын алса, қылмыс Қазақстан Республикасының аумағында істелген деп
танылады. Қылмыстық Кодекс 6-бабының 4-тармағына сәйкес қолданылып жүрген
заңдар бойынша және халықаралық шарттар бойынша қылмыстық істері Қазақстан
Республикасының соттарында қаралуға жатпайтын шет елдік мемлекеттердің
дипломатиялық өкілдерімен иммунитетті пайдаланатын өзге де азаматтардың
қылмыстық жауаптылығы жағдайындағы мәселе бұл адамдар Қазақстан
Республикасы аумағында қылмыс істеген болса халықаралық құқық нормаларымен
шешіледі. Шет мемлекеттің Қазақстан Республикасы аумағында дипломатиялық
және концулдар өкілдіктері туралы ережеге сәйкес жеке басына қол
сұқпайтындығы иммунитетімен, дипломатиялық өкілдіктердің басшылары (елші,
өкіл, сенімді өкіл) кеңесшілер, сауда өкілі және оның орынбасары, әскери,
әскери теңіз, әскери әуе атташелері және олардың көмекшілері, бірінші,
екінші және үшінші хатшылар, архивариус-хатшылары, олардың өздерімен бірге
тұрақты тұратын Қазақстан Республикасың азаматы болып танылмайтын отбасы
мүшелері пайдаланылады. Бұл санаттағы адамдардың қылмыстық істері Қазақстан
Республикасы соттарында қаралуға жатпайды. Мемлекеттердің өзара келісімі
бойынша концулдық лауазым адамдары: дипломатиялық өкілдіктердің
қызметкерлері, парламенттік немесе үкіметтік делегация мүшелелері,
халықаралық ұйымдардың мүшелері немесе лауазым адамдары, қылмыстық
жауапкершілік туралы шекті иммунитет құқығын пайдаланады. Мұндай
эксаумақтық құқықтарын пайдаланатын адамдардың тізімі мүдделі жақтардың
келісімі бойынша белгіленеді. Эксаумақтық құқығы дипломатиялық
өкілдіктердің қызмет немесе тұрғын жайларына қатынас көліктеріне де
қолданылады. Әрине, мұндай құқық дипломатиялық өкілдіктердің қызметтеріне
өз иммуниттерін пайдаланып, заңсыз әрекет істеуіне жол бермейді. Осындай
иммуниттеті-атақты пайдаланып, қылмыс жасағандар персенонон грато (жарамсыз
адам) деп жарияланады. Оларға белгілі уақыт ішінде Қазақстан Республикасы
аумағынан кету талап етіледі. Қылмыстық кодекстің 7-бабында Қазақстан
Республикасының шегінен тыс жерлерде қылмыс жасаған адамдарға қылмыстық
заңның қолданылуы туралы анықтама берілген.
Осы бапта:
1. Қазақстан Республикасының шегіне тыс жерлерде қылмыс жасаған
Қазақстан Республикасының азаматтары егер олар жасаған әрекет ол аумағында
жасалған мемлекетте қылмыс деп танылса, егер бұл адамдар басқа мемлекетте
сотталмаған болса, осы кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылады. Аталған
адамдарды соттау кезінде жазаны аумағында қылмыс жасаған мемлекеттің
заңында көзделген санкцияның жоғарғы шегінен асыруға болмайды. Азаматтығы
жоқ адамдарда осындай негіздерде жауапты болады.
2. Басқа мемлекеттің аумағында қылмыс жасаған адамның соттылығының және
өзгеде қылмыстық-құқықтық зардаптарының, егер Қазақстан Республикасының
халықаралық шартында өзгеше көзделмесе немесе басқа мемлекеттің аумағында
жасалған қылмыс Қазақстан Республикасының мүдделеріне қатысты болмаса, бұл
адамның Қазақстан Республикасы аумағында жасаған қылмысы үшін қылмыстық
жауаптылығы туралы мәселені шешуші қылмыстық-қүқықтық мәні болмайды.
3. Қазақстан Республикасының одан да тыс жерлерде орналасқан әскери
бөлімдерінің әскери қызметшілері шет мемлекеттің аумағында жасаған қылмысы
үшін, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше
көзделмесе, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылады.
4. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде қылмыс жасаған
шетелдіктер қылмысы Қазақстан Республикасының мүдделеріне қарсы
бағытталған жағдайларда және Қазақстан Республикасының халықаралық шартында
көзделген жағдайларда, егер олар басқа мемлекетте сотталмаған болса және
Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық жауапқа тартылса, осы кодекс
бойынша қылмыстық жауапқа тартылады делінген.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 8-бабыңда қылмыс
істеген адамды ұстап беру мәселесі келтірілген. Осы бапқа сәйкес шет
мемлекет аумағында қылмыс істеген Қазақстан Республикасының азаматтарын
егер халықаралық шартта өзгеше белгіленбесе, сол мемлекетке ұстап беруге
болмайды. Қазақстан Республикасы шегінен тысқары жерде қылмыс істеген
Қазақстан Республикасы аумағындағы шетел азаматтары немесе азаматтығы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақастан Республикасы прокуратура органдары қызметінің басты бағыттары
Қылмыстық іc жүргізу құқығының көздері
Жедел іздестіру қызметінің құқықтық негіздері
Қылмыстық іс жүргізу құқығы туралы
Қазақстан Республикасының сот жүйесі
Республикасының құқыққа қарсы жекелеген әрекеттері үшін қылмыстық жауаптылық туралы заңдары
Прокурорлық қадағалаудың салалары
Қaзaқстaн Республикaсындaғы сот реформaсы:теңденциялaры және aлғышaрттaры
Адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына прокурорлық қадағалаудың маңызы мен мақсаттары
ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер