Музыкалық білім мен тәрбиенің атқаратын міндеттері



1. Музыкалық білім беруде тәрбиенің орны
2. Музыкалық білім беруде тәрбиенің атқаратын міндеттері
Қазақ музыкасының тарихы ғылым ретінде Ұлы Октябрь социолистік ревалюциясынан кейін ғана қалыптасаи бастады. Ұлы Октябрь революциясы қазақ халқының мәдениетін дамыту үшін барлық жағдай жасады. Егер Совет үкіметінің алғашқы жылдарында бұрынғы артта қалған елдің сауатсыздығын жою жұмысын қолға алған болса, ал енді жиырмасыншы жылдардан бастап, халық ағарту ісімен бірге, Қазақстан халық ағарту комиссиариаты күн тәртібіне көркем өнерді дамыту мәселесін қойды. Музыкалық тәрбие берудің алғашқы мұғалім даярлайтын курсы, мектеп хорларынбасқарушылардың аса жедел курсы ашыла бастады, халық музыка таланттарын іздестіру және халық аспаптарын жасай білетін шебер мамандар табу мақсатымен анкета өтініш таратылды. Өткен дәуірде нотаға түскен ән-күйдің саны аз болғанымен ғылым үшін маңызы үлкен. Феодалдың ру тартысының талай тауқыметін тартқан, үстем тап өкілдері қатыгездікпен қанап, езіп келген қазақ халқы қаншама қиын-қыспақты басынан кешірсе де, өзінің елдік қасиетін сақтап қала білді, өніп-өскен ортаның ұлылы – кішілі құбылыстарын ән мен күйге бөлеп, жадында сақтады. Феодалдық – патриархиалдық өмір қалыбы, Шыңғыс ханның елді талан-таразға салған жортуылдары, халықтың басын айналдырып , үстем таптың қолындағы қанау мен езгінің құралы болған ислам дінінің кертартпа мәні халық творчествасына да із тастап кеткені сөзсіз. Домбыра тарту, әсіресе, әйелдің домбыра ұстағаны күнә деп саналады. Жан иесінің кейіпін кескіндеуге болмайды деп, ислам діні халықтың бейнелеу өнерін тежеді. Алайда, халық тасқауылдың қандай түрін болса да жеңіп шығып, өзінің жарқын болашаққа, алдағы бақытты өмірге деген сенімін ән мен күйге қосып шыпқай берді.
1. А.Қ. Жұбанов «Ән- күй сапары»
2. Алматы, Қазақ СССР-нің « Ғылым » баспасы , 1976 ж.
3. А.Қ. Жұбанов : «Өскен өнер» - Алматы: Ғылым, 1985 ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Музыкалық білім мен тәрбиенің атқаратын міндеттері
Жоспары:
1. Музыкалық білім беруде тәрбиенің орны
2. Музыкалық білім беруде тәрбиенің атқаратын міндеттері

Қазақ музыкасының тарихы ғылым ретінде Ұлы Октябрь социолистік ревалюциясынан кейін ғана қалыптасаи бастады. Ұлы Октябрь революциясы қазақ халқының мәдениетін дамыту үшін барлық жағдай жасады. Егер Совет үкіметінің алғашқы жылдарында бұрынғы артта қалған елдің сауатсыздығын жою жұмысын қолға алған болса, ал енді жиырмасыншы жылдардан бастап, халық ағарту ісімен бірге, Қазақстан халық ағарту комиссиариаты күн тәртібіне көркем өнерді дамыту мәселесін қойды. Музыкалық тәрбие берудің алғашқы мұғалім даярлайтын курсы, мектеп хорларынбасқарушылардың аса жедел курсы ашыла бастады, халық музыка таланттарын іздестіру және халық аспаптарын жасай білетін шебер мамандар табу мақсатымен анкета өтініш таратылды. Өткен дәуірде нотаға түскен ән-күйдің саны аз болғанымен ғылым үшін маңызы үлкен. Феодалдың ру тартысының талай тауқыметін тартқан, үстем тап өкілдері қатыгездікпен қанап, езіп келген қазақ халқы қаншама қиын-қыспақты басынан кешірсе де, өзінің елдік қасиетін сақтап қала білді, өніп-өскен ортаның ұлылы - кішілі құбылыстарын ән мен күйге бөлеп, жадында сақтады. Феодалдық - патриархиалдық өмір қалыбы, Шыңғыс ханның елді талан-таразға салған жортуылдары, халықтың басын айналдырып , үстем таптың қолындағы қанау мен езгінің құралы болған ислам дінінің кертартпа мәні халық творчествасына да із тастап кеткені сөзсіз. Домбыра тарту, әсіресе, әйелдің домбыра ұстағаны күнә деп саналады. Жан иесінің кейіпін кескіндеуге болмайды деп, ислам діні халықтың бейнелеу өнерін тежеді. Алайда, халық тасқауылдың қандай түрін болса да жеңіп шығып, өзінің жарқын болашаққа, алдағы бақытты өмірге деген сенімін ән мен күйге қосып шыпқай берді. Жаратылыстың жат сырларына киелі күтеріне қарсы тұрар қауқары болмай, жалбаруымен күн кешкен, жаны ауырса, сыйынары - бақсының зікір салуы болған халық бұл (жағынан) жалғаннан сірә да тұяқ серіптеспен жөней берген жоқ, қайта алдағы, арайлы таңды, өлмес, өшпес күнді көксеп өтті. Қазақ арасына аңыз боп тараған Қорқыт күйі осындай өміршең қиялдың жемісі еді. Ел ауызындағы әңгімеге қарағандағы әңгімеге қарағанда ата-анасы жаңа туған нәрестенің атын Қорқыт деп тектен - тек қоймаса керек. Қорқыт шыр етіп жерге түскенде қағанағы жарылмай туыпты - мыс. Шикі емес секілді шарананы көргенде, абысын - ажылдары қорқып үйден тұра қашады. Тек туған шешесі ғана ештеңеден қорықпай, баланың тонын өз қолымен сыпырып тастап, талықсып жатқан бөбегінің аузына емшек сүтін тамызады.Сол кезде барып, жас баланың іңгәлаған дауысы шығады. Дүниеге келген басқа емес, кәдімгі адамзат, ата-ананың күткен перзенті екенін түсінген ауыл адамдары қайта жиналып, баланың атын Қорқыт деп қойысады. Қорқыт өсіп, ер жетіп, жиырма жасқа толған шағында, күндердің күнінде бір түс көреді. Ақ киімге оралған әлде мендей бір бейнелер оған түсінде аян беріп, сен қырық жастан артық жасамайсын ! деп ескертеді. Түсінен шошып оянған Қорқыт желмаясын ерттеп, ажалдың құрығы жетпейтін бір қиянға қашпақшы болады. ( Жолшыбар жүріп келе жатқан адам ) Ол төрт құбыланы түгел шарлап шығады, бірақ ажал аяқ баспаған жерді кездестіре алмайды. Ақырында, Қорқыт желмаясын құрбанға шалып, оның көнімен қобызының бетін қаптап алады да, дарияның үстіне кілем кілемін төсеп отырып, қобызын сарнатып күй тартады. Бұл Өмір күйі болатын. Содықтан Қорқыт оны күні- түні үзбей таратады. Қорқытты аңдыған қобыз күйі тартылып тұрған шақта оған жолай алмайды. Бір заманда шаршаған күйшінің көзі сәл ғана ілініп кетеді. Арбасқан ажал қас қаққанша қайрақ жыланның кейіпіне келіп, кілем үстіне шығып Қорқытты шағып өлтіреді.Міне, содан бері күй өмірге арашашы болып келе жатса керек; музыка үні шығып тұрғанда, ажал аяқ аттамайды- деп білген халық. Қазақтар- еті тірі, қунақ,өмірге құштар халық,- дейді Г.Н. Потонин,- олар сауықшыл келеді, киімді ашық түстен киеді, өмірде той- думанды жақсы көреді. Бұл халықтың өлген адамдарына ас берудің өзі ұлан - асыр салтанатпен өтеді, жиналған халық ойын ойнап , ат жарыстырып, ән салып ақындардың айтысын тындар жасайды.
Қазақ даласына жайылған әндердің біспырасы халықтың дербес ұлт болып жаңа - жаңа қалыптаса бастаған кезінен бермен қарай белгілі болса керек. Бұған тұрмыс - салт жырларына жататын Тойбастар, Беташар, Жар - жар, Алтыбақан әндері т.б. дәлел бола алады.
Қазақ халқынын басынан кешкен толып жатқан тарихи оқиғалар музыка тілінде де аңыз болып сақталады. Мысалы, Ақсақ құлан күйінде халқымыздың өсіп - өркендеуіне ұзақ уақыттыр бойы қырсығын тигізетін татар- монғол басқыншылығы тұсындағы бір көрініс бейнеленеді.
Қазақ елімнің басына өткен тарихи ауыр оқиғалардың біразы Шыңғыс хан, Ақса Темір есімдерімен байланысты. Сондықтан ән күйлерде де сол қатыгез әміршілердің аты жиі ұшырап отырды. Мысалы, Ақсақ Темір деп аталатын өлең осындай ел басына түскен ауыртпашылықтарды , қиын- қыстау кезеңдерді баяндайды. Қазақтың әншілері бұрын әнді тек жеке дауыспен унисонда домбыраның, не қобыздың сүмелдеуімен орындалған, көп дауыс қосылып, хормен айту дәстүрі болмаған. Бірақ, соған қарамастан тақырыптың, айтылу өрнегі жағынан әндердің түрлері сан алуан болған. Оларды лирикалық, драмалық, әзіл- сықақ, қайғылы- шерілі, мақтау- арбау әндері деп бөлуге болады. Қазақ халқының әнді қастерлегені белгілі, олар әннің қасиетті киесіне сеніп келген. Көпшілік қауым өткен кеткенді жырға қосып, халықтың өмір жолын әнімен жадында сақтаған , әнші- жыршыны мақтап қастерлеген. Халықтың музыкаттарынын озық ойлы шығармалары байлардың байлығын дәріптейді, керсінше, халық өмірін, халықтан шыққан ерлерді, батырларды жыр етеді, Мысалы, XVIII ғасырлардың 80- ші жылдарында хандық қырылысқа қарсы Сырым Датов бастаған халық қозғалысы еңбекші бұқараның таптық сезімін оятқан елеулі оқиғалар болды. Халық ол жайында Сырым сазы атты күй шығарып, өнерімен ескерткіш тұрғызды. Исатай, Махамбет бастаған ұлтазаттық қозғалыста халық музыкасынан өзіне лайық көрініс тапты. ХІХ ғасырдың 40- жылдарында Бөкей хандығында орыс мектептері ашыла бастады. ОЛар қазақ арасына білім тарумен бірге, бұқара халықтың кертарпа ислам діні ықпалдарына қарсы күресінде де едәуір игі міндеттер атқарады. Орыс мәдениетінін игі ықпалымен қазақтық музыкалық халық твочествосы ХІХ ғасырдың 2- ші жартысынан бастап жедел өркендей бастайды. Қазақтың ХІХ ғасырдағы аса көрнекті халық композиторларының бірі- Құрманғазы Сағырбаев. Құрманғазы туындыларының өзегі еңбекші бұқараның феодалға , үстем топқа, ауыл ұлықтарна қарсы күресі болды. Бұл қылығы үшін ол ақ патшаның итаршыларынан өмір бойы қуғын көрді. Құрманғазы күйлері өмірдіңең көкейкесті құбылыстарын паш етті. Күй музыкасы айқын да әуенді келеді, күй программалары нақты, қалын көпшілікке түсінікті болды, тыңдаушысын бай сазыммен, әсіресе, кербез нақышысымен билеп алады. Шыққан тегі жөнінен үстем топ өкілі бола тұра, творчествосын халқына арналған композиторларда жоқ емес, мысалы, Бапас деп көпшілік атаған, атақты күйші Даулеткерей Шығиев ата- бабасынан мұра болып қалған сұлтан- правиталь шенінен гөрі күйшілікті артық санаған. Даулеткерейдің творчествосы негізінен лирикалық сипаттта өрбиді. Ақпаратты феодалдың баласы Тәттімбет Қазалғапұлы да халық музыкасын таңдаған. Ол өз өмірін өнерге бағытайды. Теттімбетің бұқарашыл бағыттағы музыкалық және ақындық шығармаларында қыр елінің тіршілігі асқан шындылықпен суреттеледі.
Қазақстандағы ХІХ ғасырдың 2- жартысындағы саяси- әлеуметтік жағдай, қазақ қоғамында таптық қайшылықтардың өрши түсуі, озат орыс мәдениетінің қыр өміріне сіңе бастауы. Міне, осының бәрі қазақ өнерінің барлық салаларында бұқарашыл ағындардың күшейуіне жол ашты. Қазақ халық композиторлары шама- шарқы жеткенше осы осы жаңа ағымдарды твочество тұрғысынан игере алуға тырысты. Бұл кезеңдегі әндер мен күйлерде халақтың бостандыққа қол созған талап - тілегі, әлеуметтік нараздылық мотивтері айқындала түсті. Лирикалық әндерде әйелдердің бас бостандығы тақырыбы жарылды. Тұрмыс - салт әндері мен халық ойындарында оқуға, білімге деген тарпыныс, феодалдық дәуірдің сарқыншақтары мен күрес тақырыбы сөз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Музыкалық тәрбиенің тенденциялары
Қазіргі кезеңде шағын жинақталған мектептердегі тәрбиелік жұмыстардың өзекті мәселелері
Бастауыш сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеудің педагогикалық негіздеулері
Оқу тәрбие процесінде оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің жолдары
Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие беру жолдары
Музыка өнер сабағы
Жас ұрпақтың эстетикалық мәдениетін қалыптастыру
Бастауыш сыныпта оқушыларына эстетикалық тәрбие беру
Музыкалық білім беру педагогикасының жалпы мәселелері
Сынып жетекшісі
Пәндер