Мәтінмен жұмыс жасау


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе3

І. Мәтіндер арқылы тіл үйрету4

1. 1 Мәтінмен жұмыс жасаудың түрлері4

1. 2. Сыныптан тыс оқуға арналған мәтіндермен жұмыс6

1. 3. Көркем мәтін арқылы көркем әлемге7

ІІ. Мәтінді тыңдап түсінуге үйрету9

2. 1 Мәтінді тыңдап түсінудегі қиындықтар11

  1. Тыңдап түсінуге үйрететін жаттығулар13

ІІІ. Ағылшын тілінде берілген мәтінді оқуға үйрету16

  1. Оқу түрлеріне қойылатын негізгі талаптар20
  2. Ағылшын тілін оқыту әдістемесінде оқуға байланысты іскерліктер 21
  3. Таныса және зерттей оқу түрлерін дамыту23

Қорытынды26

Қолданылған әдебиеттер27

Кіріспе

Тіл - адам қоғамының ең негізгі қатынас құралы тіл үйрету дидактикалық ұстанымдардың ішінен алғашқысы - оқытудың ғылымилығын қолдануға болады. Мұндағы басты мақсат - білім беру, яғни тілді ғылыми тұрғыда үйретті. Ағылшын тілінің қолданылу аясының кеңеюіне байланысты қазір барлық мектепдерде, жоғары оқу орындарында ағылшын тілін үйрету ең негізгі мәселелердің бірі болып отыр.

Тіл үйретуде мәтіндермен жұмыс істеудің атқаратын рөлі өте зор. Мәтін - дербес тұтастық. Оны түсіну дегеніміз - сол мәтіндегі фактілі-ақпараттарды ала білу және оның мазмұнын түсіну сонымен қатар оларды біртұтас бірлікке жинақтай білу.

Соңғы 10-жылдықта мәтін көптеген лингвистикалық зерттеулерге арқау болуда. Мәтін туралы лингвистикалық ғылымның алғашқы қалыптасуында мәтін анықтамасы жөнінде әртүрлі кереғар пікірлер болды. Лингвистикалық энциклопедиялық сөздікте берілген, жиі айтылып жүрген анықтаманы келтіруге болады. Мәтін - латын сөзі textus - өрілім, қосылым, арқау, тілдік бірліктердің мағыналық байланысы арқылы біріккен тиімділігі дегенді білдіреді. Басты қасиеттері - байланыстылық (орамдылық) пен тұтастық. Сонымен, мәтіннің басты сипаты - оның тұтастығы.

Мәтін - ол әр тараудың тақырыбына негізделген, ішінде жаттығып жұмыс істеуге арналған үлгі құрылымдары бар, оқуға арналған сөйлемдер жиынтығы.

Кейбір мәтіндерді суреттеме, кейбіреулерін әңгіме немесе мақала, не болмаса диалог, әлде хат ретінде таңдап дайындауға болады. Оларды мұғалім өзі дауыстап оқып білуіне немесе оқушылардың өздеріне іштен оқытуына болады.

І. Мәтіндер арқылы тіл үйрету.

Мәтіндермен жұмыс - тіл үйретуде негізгі элемент. Мәтін - дербес тұтастық. Мәтінді түсіну дегеніміз - сол мәтіндегі фактілі ақпараттарды ала білу және оның мазмұнын түсіну сонымен қатар оларды біртұтас бірлікке жинақтай білу.

Тілші ғалымдар мәтіндердің өзіндік ерекшеліктеріне, көбіне мына мәселелерге жиі тоқталады:

  1. Ақпараттардың жазба түрінде берілуі;
  2. Мәтіннің мазмұндық және құрылымдық тұтастығының сақталуы;
  3. Мәтіннің бөліктері өзара байланысты және сабақтас болуы;

Мамандыққа байланысты оқытқанда мына мәселелерге негізі көңіл бөлінуі тиіс:

А) мәтіннің құрамына талдау жасай білу;

Ә) мәтіндерді мағыналық бөліктерге бөле білу;

Б) әр мағыналық бөліктердегі негізгі және қосымша ойларды ажырата білу;

В) мәтіннің қиын жерлерін оңайлатып, қайта құра білу;

Г) мәтіннің негізгі ақпараттарын жоспар, конспект, аннотация түрінде жазып алып, кейіннен оларды басшылыққа ала отырып жұмыс істей білу;

Студенттерге мәтіндерді оқымастан бұрын, осы талаптарды орындату арқылы, оларды кез келген тақырыптағы мәтіндерді өз бетімен түсіне алу қабілеттерін арттыруға болады.

Мәтіндермен жұмыс істеуде мұғалімдер көбіне аударма, мазмұн айту сияқты жұмыстармен шектеледі. Ал қандай тілді болсын үйретуде істеуге болатын әдістемелік жұмыстар өте көп. Бұл ретте шетел тілін үйрету әдістемелерінен көп нәрсе үйренуге болады. Қазіргі заманғы алдыңғы қатарлы ғалым-әдіскерлеріміздің еңбектерімен таныса отырып, тіл үйретуде мәтіндермен жұмыс істеудің көптеген жаңа әдістерін пайдалануға болады. Мысалы: пәрменді лексиканы пайдаланып сұхбаттасу, мәжіліс, конференция, келіссөздер жүргізу, түрлі әскер тілдің әдістерін іске асыруға болады.

1. 1. Мәтінмен жұмыс.

Мәтін - тіл білімінің объектісі ретінде XX ғасырдың соңғы 20 - 30 жылдарында қарастырыла бастады. Мәтін - тіл бірліктерінің барлық басқа түрлерінен өзгеше келетін өзіндік ерекшелігі мол бірлік ретінде танылады.

Мәтін туралы түсінік беруде мәтіннің дыбыстан, фонемадан, сөзден, лексикадан, морфемадан, сөйлемнен (жай сөйлем, құрмалас сөйлем), абзайтан тұратындығын түсіндіріп, сол жеке белгілердің барлығы бірігіп, біртұтас мағынаны, яғниғ мәтінді түсіндіріп береді.

Егер осыған дейін жаттығуларды көп ретте жекелеген дыбыстар мен жекелеген сөздер, сөйлемдердің қызметін, формасын тану үшін ғана мәтін етіп құратын болсақ, ендігі кезекте әрбір тіл бірлігінің қызметі - өзінен жоғары тұрған тіл бірлігін жасау үшін бағытталғанын, нәтижесінде нақты айтылатын ой - мәтін түрінде келетінін түсіндіруімізге болады.

Мәтінді қолданудың екі жақты тиімділігі бар:

  1. Дыбыс, сөз, сөйлемдердің қызметін мәтін ішінде тану мүмкіндігі.
  2. Солардың тұтасқан қызметінің нәтижесінде ерекше тіл бірлігі - мәтіннің композициясы құрылатынын таныту мүмкіндігі.

I. Мәтін дегеніміз - мынадай белгілерге ие болып келетін тілдің күрделі бірлігі.

1. Мәтінде бірден көп сөйлемдер тобы болады.

2. Ол сөйлемдер бір-бірімен мағыналық байланыста.

3. Ол сөйлемдердің тақырыбы бір болады.

4. Сөйлемдердің орын тәртібі де мағынаның тұтастығын, бірлігін сақтайды.

5. Мәтіннің құрамындағы сөйлемдердің бірімен екіншісі ортақ ойды дамыта түсіп байланысып отырады.

6. Мәтіннің құрылымы өзара тығыз байланыста келеді. Мәтін құрамындағы бірліктер (сөйлемдер) тізбектеле немесе параллель түрде байланысады. Бірақ мәтін деп әр жерден терілген сөздер жиынтығы мен іріктелген сөйлемдерді атауға мүлде болмайды. Барлық уақытта оқушының ойында белгілі бір мазмұн туралы тұтас ой қалыптастыратын сөйлемдердің жиынтығын айтады.

II. Оқушылардың құрастырған жекелеген мәтіндерінің құрылымын мына сызба арқылы көрсетуге болады.

Бұл сызба бойынша оқушылар құрылуы тиіс мәтіннің кіріспеден, негізгі бөлімнен, ол бөлімнің төрт бөліктен тұратындығын, соңғы қорытындымен аяқталатынын анықтайды.

Алдында көрсетілген жұлдызша қызыл жолды білдіреді. Сол жұлдызшалар арқылы мәтіннің ішкі ірі бөлігі абзацты тани алады.

1. 2. Сыныптан тыс оқуға арналған мәтіндермен жұмыс

Шет мемлекеттер мен қарым-қатынасымыздың күшеюіне және біріккен өкілеттердің пайда болуына байланысты түрлі салада жұмыс істеп жүрген мамандардың шетел тіліне деген қызығуы күннен күнге арта түсіп отыр.

Оқушыға мұндай білімді игеру үшін сыныптан тыс оқуға арналған мәтіндердің қызметі зор.

Мұғалім бұл мәтіндерді оқыту үшін 2 мақсатты көздейді:

Оқуға деген қызығуды қалыптастыру. Оқушылардың оқитын мәтіндері ерекшеліктеріне, қызығу қабілеттеріне қарай іріктелініп алынуға тиіс. Мәтінді оқыған кездегі қиындықтарды жеңе білуге автордың айтайын деп отырған ойын, мағлұматын мәтіннен ала білуге дағдыландыруы керек. Оқу барысында кездесетін таныс емес сөздерді меңгеруде кездесетін қиындықтарды жеңу үшін оқушылар мынадай жұмыстар жүргізуі тиіс:

Оқушы сөздіксіз оқи білгені жөн, себебі ол сөздің мағынасын басқа контексте түсінуі ықтимал. Әрбір жаңа сөз кездескен сайын сөздікке қарауға болады. Себебі, шәкірт жаңа сөз үйренеді. Дегенмен, мұнда оқуға деген құлшыныс төмендейді. Сөздік кей жағдайда ғана пайдаланылады. Мұғалім жоғарыда айтылған оқу жолдарын түсіндіріп, оның неғұрлым тиімдісін қалап алуға көмектесуге тиіс.

Сыныптан тыс оқуға арналған мәтіндердің міндеті - оқушыларға пайдалы, жаңа мәлімет беру, оларды өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру, оқудың әр түрі бойынша оқу әдістері мен дағдыларын қалыптастыру.

Белгілі ғалым С. Фоломкина орта мектепте оқушылар оқудың мынадай түрлеріне дағдылануы тиіс деген пікір айтады: қарап шығу, таныса оқу, зерттей оқу.

Оқушылар көбіне ауызша жұмыстан гөрі жазба жұмысын бірінші орындайды. Себебі жазба жұмысының қорытындысы, нәтижесі көрініп тұрады. Оқушы мақсатына жеткендігін тапсырманы орындап болған соң түсінеді.

Ал ауызша тапсырмада олай емес, мақсатына жеткеніне толық сенімді болмауы ықтимал немесе сабақ кезінде ой мағынасын жеткізіп бере алмауы да мүмкін. Мәтіннің алдында жаттығулар жасатқанда оқу нәтижесі арта түседі. Мәселен:

А) мәтінді оқығанда төмендегі сөздерге көңіл бөліңіздер;

Ә) мәтінді өзіңіз құрған жоспар бойынша айтып беріңіз;

Б) мәтінді оқып болып, соңындағы жаттығуларды орындаңыздар;

Мәтіннен кейін берілетін жаттығу түрлері:

А) мағынасына байланысты мәтіннің қиып, теріп ана тіліне аудару, сұраққа жауап алу;

Ә) жаңа сөзге байланысты мәтіннен негізгі жаңа сөзді табу, бір сөздің құрамын (түбірін, қосымшасын) білу, шетел сөзінің ана тіліне ұқсастығын табу;

Б) пәнаралық байланысқа сәйкес кейіпкерге мінездеме беру, әңгімені қысқарту, кейіпкердің орнында болсаңыз не істер едіңіз, мәтіннен қандай мағлұмат біле алдыңыз?. .

Жоғарыда айтылған жаттығулар сыныптан тыс оқуға арналған мәтіндерге ғана байланысты кішкене бір қосымша ғана жаттығулар мен жұмыс жүргізгенде мұғалім де, оқушы да көп жетістікке жетеді. Мұғалім жаттығуды оқушының қабылдау дағдысына, білім деңгейіне байланысты жалпы да, жекелей де бере алады. Барлық оқушыда сыныптан тыс мәтіндерге арналған дәптер болуы шарт. Мұғалім сыныптан тыс оқуға арналған мәтіндерді төменгі буында айына бір рет, ортаңғы, жоғарғы буында аптасына бір рет өткізуі қажет.

Мұғалім оқудың жолдарын, түрлерін және жаттығуларды дұрыс әдістемелік жағынан қарастыра білсе, сонда ғана оқушы мәтіндерді жан-жақты түсініп, тілдік лексикасын байытып, өтілген лексиканы және грамматиканы қорытындылап, бекітуге көп көмегін тигізеді. Шетел тілін оқып отырған оқушылар сол ел жайында көп мәліметтер алып, сол елдің әдебиетімен, салт-дәстүрімен, мәдениетімен, тарихымен танысуға мүмкіндік туады.

Мысалы:

Төмендегі сөздерге көңіл аударыңдар. Мәтінді өзің құрған жоспар бойынша айтып бер. Мәтінді оқып болып, соңындағы жаттығуларды орында. Ағылшын тіліндегі алынған мәтіннің мазмұнын айтып бер. Мәтінді бөлімдерге бөліп, әр сөйлемге тақырып қой. Досыңа мәтінге байланысты барлық мүмкін сұрақтарды қой. Мәтіннен қандай мәлімет алдың?Міне, осылайша осы тәртіппен жұмыс істегенде біршама игі жетістіктерге жетуге болады.

1. 3. Көркем мәтін арқылы көркем әлемге.

Бүгінгі мектеп өміріндегі ең өзекті мәселелердің бірі - оқушылардың көркем шығармаларды оқуы. Психологтардың зерттеулеріне сүйенсек, бүгінгі оқушылар көбіне үлкен кітаптың алдында қорқыныш сезімдерін білдіреді. Балалар көркем мәтінді оқи алмайды, өкінішке қарай, дұрыс оқуға үйретілмеген. Қазіргі мектептегі талдау балалардың көркем шығарманы оқуға деген не дағдысын, не ынтасын арттырмайды.

Көркем шығарманың бүкіл компоненттерінен мазмұн шығара алатын оқушыны тәрбиелеу мәселесіне келейік. Егер сабақта оқытудың заты көркем мәтін мен көркем әлем болатын болса, онда айтарлықтай нәтижеге жету мүмкіндігі туады. «Көздеген нәтижеге жете алмасаң, іс-әрекетіңді өзгерт» деген бар. Көркем мәтін арқылы көркем әлемге. Бұл әдістеменің құндылығы таусылмайтын түсінік пен көптеген мағынаны жеткізіп тұруында. Бұл жол қызықты да жемісті.

Бұл - оқушыларға шығармашылық жұмысқа жағдай жасайды, яғни оның мәтінмен және авторымен қарым-қатынасын «белгісіздікке жол шегу» дегенмен теңеуге болады. Оқырман болу үшін, адам көп еңбектенуі тиіс, бұл еңбектен ешқандай таңғажайып босата алмайды.

Оқырман еңбегі, ұғынықты болуы тиіс. Ол үшін теориялық білім қажет, бұл жерде - көркем мәтіннің, көркем әлемнің және олардың құрамдас бөліктерінің: көркем кеңістіктің, көркем шақ, оқиғалардың шеңбері, көркем әлем бейнелері қатарының, көркем антропологиясының теориясы.

осы

Осы білім оқушылардың кітаппен қарым-қатынасындағы көргендік қабелітен кеңейтеді.

Практикалық қызметте көркем мәтін мен көркем әлем теориясын пайдалану мұғалімнің өз білімін, әдістемесін ең бастысы дүниетанымын көтеруді: оқушылармен бірге «өнер туындысымен сұхбаттасу» дәрежесінде бола білуді, «белгісіздікке апарар жол» жағдайында оқушыны ғана емес, мұғалімді де байытатын бірлесе ойласу жағдайында бола білуді талап етеді.

Көркем мәтінмен жұмыс барысындағы автордың көркем әлемін ұғыну кезінде біз көркем кеңістік, көркем шақ, көркем антропология, бейнелер қатары, оқиғалардың шеңберін модельдей аламыз.

ІІ. МӘТІНДІ ТЫҢДАП-ТҮСІНУГЕ ҮЙРЕТУ

Ауызша сөз негізгі екі сыңардан тұрады: оның бірі ауызша айтылған сөзді тыңдап-түсіну (орысша аудирование, ) екіншісі - сөйлеу. Ауызша сөздің бұл екі компоненті бір-бірімен тығыз байланыстылығы сондай, кейбір методистер бұларды бір-бірінен ажыратпайды. Олардың көзқарасы бойынша, ауызша сөзді игеру үшін сөйлей білсе жеткілікті. Ал ауызша айтылған сөзді тыңдап-түсіну - сөйлеудің серігі. Сөйлей білген адамға тыңдап-түсінуге арнайы дағдыланудың қажеті жок, Ол дағдылар_ өз-өзінен қалыптасады. Басты дағды - сөйлеу дағдысы. Олай болса, бір тілде сөйлей білген адам сол тілде айтылған ауызша сөзді тыңдап-түсіне алады. Міне, көпшілік әдіскерлердің пікірі бойынша, тыңдап-түсіну дағдыларының күні бүгінге дейін тиісті мөлшерде дамытылмай келуінің бір себебі осында.

Мұндай көзқарастың қате екенін психологиялық зерттеудер де, шетел тілдерін оқыту теориясы мен практикасы да дәлелдеп беріп отыр.

Психологиялық зерттеулер бұл екі әрекет (тыңдап-түсіну және сөйлеу) бір-бірімен тығыз байланысты болғанымен, олардың әрқайсысы мүлде басқа іскерліктер негізінде қалыптасатынын көрсетіп берді. Сөйлеуші де, тыңдаушы да тілді қолдана отырып, қатынас жасайды. Бірақ олардың әрқайсысы тілді әр түрлі жолмен қолданады. Сөйлеу үстінде адам белгілі бір ойдан шығады, яғни әуелі сөйлеушінің санасында белгілі бір ой туады да, ол сол ойды басқаларға жеткізу үшін тілдік форманы пайдаланады. Демек сөйлеу процесінде сөздің мазмұны алдын ала берілген, сол мазмұнды сөйлеуші тілдік форма арқылы өзгелерге жеткізеді. Сөйлеуші белгілі мазмұннан шығьп, оны тілдің әр түрлі элементтерін қолдану арқылы басқаларға жеткізеді. Іс-әрекет бағыты: мазмұннан тілдік формаға қарай. Тыңдау процесінде іс-әрекет бағыты; мүлде басқа. Мұнда тыңдаушыға әуелі берілгені - тілдік форма. Соны қабылдау арқылы тыңдаушы тілдік формада кодталған мазмұнды ашады. Мұндағы іс-әрекет бағыты: тілдік формадан мазмұнға қарай. Ауызша сөздің бұл екі компонентін бір-бірінен ажыратудың маңызы өте зор. Бұлар сөз әрекетінің әр түрлі формаларына жатады: сөйлеу экспрессивтік формаға жатса, тыңдау импрессиитік формаға жатады. Бұ-лардың әрқайсысын әр түрлі жолмен оқытып, үйрету керек.

Ауызша айтылған сөзді қабылдау мен түсіну өте күрделі психикалық әрекет екені белгілі. Қабылдау мәселелерімен шұғылданып жүрген еліміздің психологтары екі процесті ажырату қажегтігін атап көрсетеді. а) бейнені қалыптастыру процесі, яғни объектінің маңызды даралау белгілерін (дифференциальные признаки) және олардың өзара байланысын анықтау және сол белгілерді игеру процесі, ә) қалыптасқан бейнені эталонмен салыстыру нәтижесінде объектіні тану процесі. Бұл екі процесс бір-бірімен тығыз байланысты. Бейнені қалыптастыру барысында оны тану процесі саналы түрде өтуі мүмкін. Ал материалмен танысқаннан кейін тану процесі өте тез (симултанды түрде), қас пен көздің арасында өтуге тиіс. Тіл арқылы қарым-қатынас жасау процесінде даму бір мезгілде (симултанды түрде) өтеді. Мұнда логикалық операцияның қатысу-қатыспауы түсінудің түріне бай ланысты: дискурсивтік жолмен түсіну және тікелей түсіну. Тікелей түсіну кезінде ішкі сөзде болып жататын ойлау процесі барынша қысқартылған түрде өтеді. Қабылдаудың осы аталған екі процесіне байланысты сөзді есту қабілетнің екі механизмы бар екенін Е. И. Исечина атап көрсетеді: ажырату және тану механизмдері. Ажырату барысында мынадай процестер болады:

1. Есте бейнесі қалыптаспаған объектіні қабылдағанда, адам оның бейнелері қалыптасқан объектілерден өзгеше екенін ұғынады. Мысалы, таныс емес сөзді естігенде, оның өзіміз, білетін сөздерден өзгеше екеңін аңғарамыз.

2. Бұл объектінің даралау ерекшеліктері бейнелері есте қалыптасқан басқа объектілермен салыстыру арқылы немесе сол белгілерді тану арқылы анықталады. Мысалы, (d) дыбысы таныс болмаса, оны өзімізге таныс (t), дыбысымен салыстыру арқылы (d) дыбысының даралау белгісін (ұяңдығын) анықтаймыз.

3. Даралау белгілерінің өзара қарым-қатынасы анықталады. Мысалы, бір сөздің бейнесін қалыптастыру үшін оның барлық даралау белгілерін анықтаумен қатар, сол белгілерінің тіркесу ретін де анықтау керек.

Тану процесі, объектінің есте қалыптасқан бейнесіне сүйенеді. Жалпы алғанда-ауызша сөзді қабылдау барысында тану акустикалық белгілерді талдау-жинақтау тәсілімен өңдеуге, анықталған белгілерді есте сақтаулы тұрған бейнемен салыстыруға және оларға мән беруге саяды.

Қабылдау бірлігі жеке, сөздермен тікелей байланысты. Ал жеке сөздерді қабылдау үшін оқушылардың санасында фонематикалық есту қабілетін қалыптастыру керек. Фонематикалық есту қабілеті, дегеніміз - сөздегі дыбыстарды ажырату және оларды тиісті фонемалармен
ұштастыру. Ал қабылдау бірлігіндегі фразаны оған кіретін сөздерді талдап, сосын оларды жинақтау арқылы емес, информативтік белгілерді1 тану арқылы түсінеміз. Фразаны тусіну ушін ең басты информативтік белгі интонация. Сондықтан оқушылардың санасында фонематикалық есту қабілетімен қатар интонациялық есту қабілетін де қалыпастыру керек. Интонациялық есту қабілеті сөйлемдердің коммуникативтік типтерін (хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты сөйлем) ажыратуға, фраза бөлшектерінің байланысын анықтауға, сөйтіп оның мазмұнын түсінуге көмектеседі.

Естігенін түсінуді жеңілдетуле көру анализаторының, көмегі мынада: егер тыңдаушы тыңдап отырған мәтінінің (текстің) жазбаша нұсқасын керіп отырса, онда ол естігенін әлдеқайда жеңіл түсінеді. Бұдан тыңдап-түсінудің оқумен тығыз байланысы көрінеді. Оның үстіне тыңдап-түсіну мен оқу сөз әрекетінің импресивтік түріне жатады. Яғни екеуі де сөзді қабылдап, оны түсіну болып табылады. Тек тыңдап-түсінуде ауызша айгылған сөзді қабылдап, түсіну керек болса, оқуда жазбаша сөзді кабылдап, түсіну керек. Сонымен тыңдап түсіну сөйлеумен де, оқумен де, жазумен де байланысты.

2. 1 Мәтінді тындап-түсінудегі киындықтар

Тыңдап-түсінуге үйрету барысында оқушылар көптеген қиындықтарға кездеседі. Тыңдап-түсінуге үйретуді дұрыс ұйымдастыру үшін мұғалім бұл қиындықтарды және оларды жеңу жолдарын жақсы білуге тиіс.

Тыңдап-түсіну дағдыларын қалыптастыруда кездесетін қиындықтар негізінен екі топқа бөлінеді: а) қай тілде болмасын тыңдап-тусінуге үйретуде кездесетін жалпыға бірдей, ортақ. қиындықтар; ә) тек белгілі бір тілде тыңдап үйренуде кездесетін, арнайы қиындықтар.

Енді тыңдап-түсінуге үйрету барысында кездесетін қиындықтардың аталған түрлерін жеке-жеке қарастырып өтелік.

Төменде аталатын қиындықтар кез келген тілде
тыңдап-түсінуге үйрену барысында кездеседі. Демек, олар
қазақ оқушылары ағылшын тілінде айтылған ауызша сөзді тыңдап-түсінуге үйренгенде де кездеседі. Бұл қиындықтар тобына мыналар жатады:

1. Белгілі бір ойды, мазмұнды айтып жеткізу үшін сөйлеушінің қолданған тіл материалы мен оқушылар меңгерген тіл материалының арасындағы алшақтық. Тіл материалын таңдауда, оны қолдануда сөйлеуші оқушының тіл материалын ескермейді. Ол өзі айтып жеткізгісі келген мазмұнды неғұрлым жан-жақты ашатын тіл материалын қолданады. Сондықтан сөйлеуші қолданған кейбір лексикалық және грамматикалық материал оқушыға таныс емес болуы мүмкін. Тыңдап отырган мәтінде кез-дескен таныс емес сөздер, оқылмаған грамматикалық кұбылыстар оқушыға тыңдаған мәтінінің мазмұнын түсінуді қиындатады. Бұл қиындықты жеңудің жолы - оқушылардың пассивтік және потенциалдық сөздік қорын байыту. Бұл жолда мынаны естен шығармаған жөн. Мәтінде таныс емес сөздер шамадан тыс көп деген жалған әсер жиі кездесіп отырады. Оған себеп - жеке айтылғанда аудитор (тыңдаушы) сөздерді оп-оңай танығанмен, дәл сол сөздерді тұтас сөз кұрамында кездестіргенде, сол аудитор тани алмай қалды. Сондықтан таныс сөздердің өзі таныс емес сөз болып көрінеді де, оқушыға тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінуді қиындатады. Қиындықты жеңу үшін оқушылардың пассивтік және потенциалдық сөздік қорын байытумен қатар мәтінде кездесетін таныс емес сөздердің мағынасын болжауға ұсақ текстерде өткен лексиканы тануға дағдыландыратын жаттығуларды орындау кажет, сондықтан оқушыларды кейбір таныс емес сөздері бар мәтінінің мазмұнын түснуге де дағдыландыру керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шетел тілі сабақтарында көркем мәтінді тиімді пайдалану жөнінде әдістемелік нұсқаулар
Қазақ тілі сабағында мәтінді оқыту түрлері
Мәтін арқылы қазақ тілін танымдық тұрғыдан оқытудың әдістемесі
Мәтінді оқыту әдістемесі
Орыс сыныптарына қазақ тілі пәнінен мәтінмен жұмыс жасау әдістемесі
Төлеу сөз
Көркем мәтіннің тілі
Тілдік дағды қалыптастырудағы мәтін маңызы
Мәтінге бейнелі сөздерді қолдану
Тіл білімі сөздігінде мәтін
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz