Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі



1 Жұмыссыздықтың мәні және себептері
2 Еңбек нарығындағы жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс. Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу
3 Жұмыссыздыққа ЖҰӨ әсері. Оукен заңы
4 Инфляцияның мәні, түрлері, себептері
5 Инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланысы
6 Инфляцияның әлеуметтік.экономикалық зардаптары
Экономикалық жағдай қолайлы саналады, егер ол толық жұмысбастылықпен сипатталатын болса. Бірақ толық жұмысбастылық деген не? Толық жұмысбастылық түсінігіне анықтама беру қиын. Бір қарағанда оны барлық жұмысқа қабілеті бар тұрғындардың жұмыспен қамтылуы, яғни 100% жұмыс күші жұмыс істейді деп түсінуге болады. Бірақ бұл олай емес. Жұмыссыздықтың белгілі бір деңгейі қалыпты саналады. Толық жұмысбастылықты түсіну үшін жұмыссыздықтың типтері мен жұмыссыздықтың табиғи нормасы түсінігімен танысу керек.
Жұмыссыздықтың негізгі түрлері: фрикциондық, құрылымдық, циклдық, маусымдық және жасырын.
Фрикциондық жұмыссыздық - жұмыс іздеу және оны күтумен байланысты. Бұл жұмыссыздық тұлғалар үшін олардың сәйкес біліктілік және индивидуальдық талабына жұмыс іздеудің белгілі бір уақытын қажет етеді. Кейбір адамдар өздерін күрделі және жоғары төленетін жұмыстарды орындауға қабілеттілігін сезінеді және сондай жұмыс орындарын іздейді. Ал кейбіреулері жұмыс орындарындағы талаптарға сәйкес келмей ақысы төмен жұмыс іздеуге мәжбүр болады. Еркін нарықтық қоғамда әртүрлі себептер бойынша өзіне ыңғайлы жұмыс іздейтін әрқашанда адамдардың белгілі бір саны болады. Бұл процестер еңбек ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыруды және олардың тиімді бөлінуін қамтамасыз етеді.
Құрылымдық жұмыссыздық. Өндіріс құрылымы өзгеріссіз қала алмайды. ҒТП және технологиялық өзгерістер нәтижесінде жұмыс күшіне сұраныс құрылымы да өзгереді. Кейбір мамандық түрлеріне қажеттілік қысқарады, ал кейбіреулері мүлдем жоғалуы мүмкін. Бұрын болмаған жаңа мамандықтарға сұраныс пайда болады. Жұмыс күшінің құрылымы баяу өзгереді және өндірістің жаңа құрылымына сәйкес келмейді. Осының салдарынан пайда болатын жұмыссыздық құрылымдық жұмыссыздық деп аталады.
Циклдық жұмыссыздық нақты жұмыссыздық деңгейінің шынайы деңгейден айырмашылығымен түсіндіріледі. Экономиканың циклдық құлдырау жағдайында капитал және тұтыну тауарларына сұраныстың жеткіліксіздігі өндірістің қысқаруына алып келеді. Бұл циклдық жұмыссыздықтың пайда болуына негіз болады.
Толық жұмысбастылықтың анықталуы. Фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздық экономикада сөзсіз кездесетін жағдай, сондықтан да олар жұмыссыздықтың табиғи деңгейін құрайды. Егер циклдық жұмыссыздық жоқ болса жұмысбастылық толық болады.
Сонымен жұмыссыздық- еңбекке қабілетті адамдардың жұмыс істемеуі. Еңбекке қабілетті адамдар (жұмыс күші) – жұмыс істейтін және істемейтін жұмысшылардың жалпы саны.
Жұмыс күші= жұмыс істейтіндер саны+жұмыссыздар
Жұмыс күшіне жатпайтындар: 16 жасқа дейінгілер, арнаулы мекемедегілер, жұмыс күші құоамынан шыққандар. Жұмыссыздықты сандық сипаттау үшін оның деңгейінің көрсеткіші қолданылады:
1.Курс экономической теории /Под ред. Чепурина М.Н., Киселевой Е.А.-Киров, 1997.
2.Экономика. Учебник по курсу “Экономическая теория” /Под ред. А.С.Булатова.-М., 1997.
3.Экономическая теория (политэкономия). Учебник. /Под общей ред. В.И.Видяпина, Г.П.Журавлевой.-М., 1997.
4.Мамыров Н.К. и др. Микроэкономика. - Алматы: Экономика, 1997.
5.Макконелл К., Брю С. Экономикс.- М., 1992, т.1.
6.Дайджест экономической теории.-М., Аналитика - Пресс, 1998.
7.В.Крымова Экономикалық теория: Кестелі оқу құралы - Алматы, 2003.
8.Я.Аубакиров Экономикалық теория негіздері Алматы: Санат, 1998.
9.Экономикалық теория: Оқу құралы / Я.Аубакиров, Б.Байжұмаев т.б.-Алматы: Қазақ университеті, 1999.
10.Осипова Г.М. Экономикалық теория негіздері, Алматы, 2002.
11.А.Нурсеит, А.Темирбекова, Р.Нурсеитова Теория рыночной экономики: предпринимательский аспект. Алматы, 2000.
12. Макконелл Кэмпбелл Р., Брю Стэнли Л. Экономикс: принципы, проблемы и политика. В 2-х т.: Пер. с англ.-13-е изд. М., "Республика", 1992, 2000.
13.Основы экономической теории /Под ред. В.Д.Камаева, Москва, 1997.
14.Жалпы экономикалық теория. Ө.Шеденов, Ү.Байжомартов, Ақтөбе, 2001.
15. С.С.Мәуленова, С.Қ.Бекмолдин, Е.Қ.Құдайбергенов Экономикалық теория: Оқу құралы.-Алматы: Экономика, 2003.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде
20.1 Жұмыссыздықтың мәні және себептері
20.2 Еңбек нарығындағы жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс. Еңбек нарығын
мемлекеттік реттеу
20.3 Жұмыссыздыққа ЖҰӨ әсері. Оукен заңы
20.4 Инфляцияның мәні, түрлері, себептері
20.5 Инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланысы
20.6 Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық зардаптары

20.1 Жұмыссыздықтың мәні және себептері
Экономикалық жағдай қолайлы саналады, егер ол толық жұмысбастылықпен
сипатталатын болса. Бірақ толық жұмысбастылық деген не? Толық жұмысбастылық
түсінігіне анықтама беру қиын. Бір қарағанда оны барлық жұмысқа қабілеті
бар тұрғындардың жұмыспен қамтылуы, яғни 100% жұмыс күші жұмыс істейді деп
түсінуге болады. Бірақ бұл олай емес. Жұмыссыздықтың белгілі бір деңгейі
қалыпты саналады. Толық жұмысбастылықты түсіну үшін жұмыссыздықтың типтері
мен жұмыссыздықтың табиғи нормасы түсінігімен танысу керек.
Жұмыссыздықтың негізгі түрлері: фрикциондық, құрылымдық, циклдық,
маусымдық және жасырын.
Фрикциондық жұмыссыздық - жұмыс іздеу және оны күтумен байланысты.
Бұл жұмыссыздық тұлғалар үшін олардың сәйкес біліктілік және индивидуальдық
талабына жұмыс іздеудің белгілі бір уақытын қажет етеді. Кейбір адамдар
өздерін күрделі және жоғары төленетін жұмыстарды орындауға қабілеттілігін
сезінеді және сондай жұмыс орындарын іздейді. Ал кейбіреулері жұмыс
орындарындағы талаптарға сәйкес келмей ақысы төмен жұмыс іздеуге мәжбүр
болады. Еркін нарықтық қоғамда әртүрлі себептер бойынша өзіне ыңғайлы жұмыс
іздейтін әрқашанда адамдардың белгілі бір саны болады. Бұл процестер еңбек
ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыруды және олардың тиімді бөлінуін
қамтамасыз етеді.
Құрылымдық жұмыссыздық. Өндіріс құрылымы өзгеріссіз қала алмайды. ҒТП
және технологиялық өзгерістер нәтижесінде жұмыс күшіне сұраныс құрылымы да
өзгереді. Кейбір мамандық түрлеріне қажеттілік қысқарады, ал кейбіреулері
мүлдем жоғалуы мүмкін. Бұрын болмаған жаңа мамандықтарға сұраныс пайда
болады. Жұмыс күшінің құрылымы баяу өзгереді және өндірістің жаңа
құрылымына сәйкес келмейді. Осының салдарынан пайда болатын жұмыссыздық
құрылымдық жұмыссыздық деп аталады.
Циклдық жұмыссыздық нақты жұмыссыздық деңгейінің шынайы деңгейден
айырмашылығымен түсіндіріледі. Экономиканың циклдық құлдырау жағдайында
капитал және тұтыну тауарларына сұраныстың жеткіліксіздігі өндірістің
қысқаруына алып келеді. Бұл циклдық жұмыссыздықтың пайда болуына негіз
болады.
Толық жұмысбастылықтың анықталуы. Фрикциондық және құрылымдық
жұмыссыздық экономикада сөзсіз кездесетін жағдай, сондықтан да олар
жұмыссыздықтың табиғи деңгейін құрайды. Егер циклдық жұмыссыздық жоқ болса
жұмысбастылық толық болады.
Сонымен жұмыссыздық- еңбекке қабілетті адамдардың жұмыс істемеуі. Еңбекке
қабілетті адамдар (жұмыс күші) – жұмыс істейтін және істемейтін
жұмысшылардың жалпы саны.
Жұмыс күші= жұмыс істейтіндер саны+жұмыссыздар
Жұмыс күшіне жатпайтындар: 16 жасқа дейінгілер, арнаулы мекемедегілер,
жұмыс күші құоамынан шыққандар. Жұмыссыздықты сандық сипаттау үшін оның
деңгейінің көрсеткіші қолданылады:
Жұмыссыздар саны
Жұмыссыздық деңгейі = ----------------------------------- *100%
Жұмыс күші

20.2 Еңбек нарығындағы жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс. Еңбек нарығын
мемлекеттік реттеу
Еңбек нарығы- бұл жұмыс күші мен еңбекті пайдалануды көрсететін
экономикалық механизмдер жүйесі. Еңбек нарығында да еңбекке сұраныс және
ұсыныс құрылады.
Еңбекке сұраныс бағасы шектік еңбек өнімділігінен тұрады, демек
өнімнің көбеюі қосымша еңбек бірлігін жалдау нәтижесінде алады. Қосымша
жұмысшыны жалдау нәтижесінде алынған қосымша өнімді шектелген өнім дейді.
Шектік өнімнен түскен табысты анықтау үшін шектік өнімді өнім бірлігі
бағасына көбейтеміз. Осы табыс шектік өнімінен түскен шектік табыс деп
аталады. Шектік өнім әрбір қосымша жұмысшыны жалдағандағы өнім шығару
көлемінің өзгеруін көрсетеді.
Шектік өнімнен түскен табыс төленетін еңбек ақыдан жоғары болғанда ғана
қосымша жұмысшыны жалдауға болады. Сондықтан жетілген бәсекелестік нарықта
еңбекке сұраныс екі көрсеткішпен анықталады; жалақы және шектік өнім құны.
Жалақы мөлшері мен жұмыс күшіне сұраныс мөлшері арасындағы тәуелділік
еңбекке сұраныс қисығын береді (сурет 20.1). Егер шектік өнім басқа
өндіріс факторларын қолданғанға қарағанда еңбекті қолдануда жоғары болса,
онда еңбекке сұраныс көтеріледі және керісінше.
Еңбек ұсынысы сұраныс сияқты жалақы мөлшеріне байланысты, бірақ
байланысы басқаша. Ұсыныс қисығы еңбек ақы өскенде еңбек ұсынысы көбейгенін
көрсетеді. Ал жалақы түссе, еңбек ұсынысы да түседі (сурет 20.2).
Еңбекке жинақталған ұсыныс халық санымен анықталады, ондағы халықтың
еңбекке жарамды бөлігі орта сағат санымен, бір жылдық істеген жұмысшы
жұмысы, жұмысшының еңбек сапасы жақтарын қамтиды.
Жалақы ставкасы Жалақы ставкасы

Жұмысбастылық көлемі
Жұмысбастылық көлемі

20.1 сурет
20.2 сурет

Еңбек ұсынысына әсер ететіндер:
1 Еңбекке қабілетті елдегі халықтың саны.
2 Жұмыс күшінің ұзақтығы.
3 Халықтың мамандық деңгейі және кәсіпшілік дайындығы.
Ұсыныс пен сұраныстың қиылысқан жері жалақының теңестірілген деңгейін
көрсетеді. Берілген жалақы деңгейі экономикада толық жұмысбастылықты
тұрақтандырады. Еңбекке сұраныс еңбек ұсынысына тең (20.3 сурет).

Жалақы ставкасы

W2--------------------------------- ------

0
W0--------------------------------- -------

W1--------------------------------- ------

Жұмысбастылық деңгейі
20.3 сурет

Егер жалақы деңгейі төмен және W1 тең болса, бұл жағдай ұсыныстан
көп болғаны және кәсіпорында жұмысшылар жетіспейді. Кәсіпорын жұмыс
күшін ұстау мақсаты мен жалақыны көбейтеді. Сол кезде адамның көбі жұмыс
алуға ұмтылады (ұсыныстың жоғарғы қозғалысы) кейде жалақының өсуі жұмыс
берушілерді аз жұмысшы жалдауға мәжбүр етеді (сұраныстың төмен қозғалысы).
Егер жалақы W3 деңгейіне жетсе, онда ұсыныс сұраныстан артады. Бұл жағдайда
кәсіпкерлер мүмкіндігінше төменгі жалақы ұсынып, бос орынды толтырады.
Төменгі жалақы кезінде жұмыс істеуге деген ынта төмендейді, демек ұсыныс
азаяды. Сонымен қатар кәсіпкерлер аз жалақы мөлшерімен көп жұмысшы
санын жалдай алады. Сол кезде жалақы деңгейі W2 тіреледі. Жалақының бұл
деңгейі жұмысшылар тарапынан да, жұмыс берушілер тарапынан да қолдау
тауып, еңбектің ұсынысы мен сұранысы 0 нүктесінде теңеседі.

20.3 Жұмыссыздыққа ЖҰӨ әсері. Оукен заңы.
Жұмыссыздық деңгейі қандай факторларға тәуелді( Эконом белсенділік пен
жұмыссыздық арасындағы сандық өзара байланысты белгілеген Оукен заңы. Бұл
заңға сәйкес жұмыссыздықтың нақты деңгейінің табиғи деңгейден 1(-ке өсу
ЖҰӨ көлемін 2.5(-ке азайтады. Осы 2,5 Оукен коэффициенті деп аталады. Бұл
1( 2,5 қатынасы жұмыссыздықтың ЖҰӨ көлемінің төмендеуіне қатынасы болып
табылады және жұмыссыздық пен байланысты өнімнің абсолюттік зиянын
анықтауға көмектеседі.
Мысалы, құлдырау жылдарында жұмыссыздық деңгейі – 9,5( немесе 6( табиғи
деңгейден 3,5( -ке жоғары. Осы 3,5(×2,5 Оукен коэффициентіне көбейтіп ЖҰӨ
-нің арта қалу көлемі 8,75( құрағанын көреміз. Басқаша айтқанда толық
жұмысбастылық жағдайында жұмыссыздық деңгейі болатын болса ЖҰӨ 8,75( көп
болған болар еді . Оукен заңы 2 бөліктен тұрады.
1) ЖҰӨ өсімінің белгілі бір шамасы тек қана жұмыссыздық деңгейін өсірмеу
үшін қажет. Жұмыс күшінің саны жыл сайын өседі, ал оны қолдану бұл
кезде одан әрі өнімді болады. Осы себептер бойынша 2,5 тен 3 (-ке дейін
нақты ЖҰӨ жыл сайынғы өсімі жұмыссыздықты бұрынғы деңгейде ұстап тұруға
қабілетті жаңа жұмыс орындарын құру үшін қажет
2) Қарқынды өсім жұмыссыздықты азайтады, ал өсу қарқынының төмендеуі
жұмыссыздардың үлесін ұлғайтады. Егер өсім қарқыны мысалы, 3 тен 5,5%
-ке дейін өсетін болса, жұмыссыздық үлесі шамамен 1 % -ке түседі. Оукен
заңының маңызды аспектісі оның екінші бөлігі, яғни 2:1 ережесі
табылады. 2:1 ережесі жұмыссыздық мәселесін шешу үшін эконом өсім
қандай болуы тиіс екендігін көрсетеді.
Айталық, жұмыссыздық үлесі 8%, ал үкіметтің міндеті оны 6%-ке
төмендету. Бұл салықтық ынталандыру ақша саясаты арқылы экономикалық
өсудің жоғарғы темпіне қол жеткізуді білдіреді. Бірақ экономикалық өсу
қандай болуы тиіс? Жұмыссыздық жыл ағымында 2%-ке түсуі тиіс. Бұл үкімет
алдағы жылы нақты ЖҰӨ өсу қарқынын шамамен 6,5% деңгейінде қамтамасыз етуі
тиіс екендігін білдіреді. Оның 2,5% жұмыссыздық деңгейін өткен жыл
деңгейінде сақтау үшін қажет, ал тағы да 4% жұмыссыздық деңгейін 2%-ке
қысқарту үшін қажет.

20.4 Инфляцияның мәні, түрлері, себептері
Инфляция қағаз ақшаның құнсыздануынан болатын әлеуметтік-экономикалық
процестер жиынтығы. Инфляция жалпы баға деңгейінің көтерілуімен байқалады.
Инфляцияға ықпал етуші факторлар мыналар:
1. Мемлекет секторының өсуі және мемлекеттің экономикаға араласуы. Бұл
мемлекеттік шығындар мен табыстардың теңсіздігіне алып келеді, ол
мемлекеттік бюджеттің тапшылығын туғызады. Бұл жағдайда Орталық банк
тапшылықты банкнот эмиссиясымен, ал коммерциялық банктер несиені
кеңейтумен, яғни депозиттік-чектік эмиссиямен өтей алады. Нәтижесінде
ақша санының өсуімен олардың құнсыздануы орын алады.
2. Бір жағынан трансұлттық корпорациялар ретінде жеке биліктік ірі
институттардың пайда болуы, екінші жағынан кәсіпорындардың пайда болуы.
Қандай да монополист бағаның жоғарғы дәрежесін ұстап тұруға мүмкіндік
беретін тапшылықтың болуын қалайды. Кәсіподақтар да өздерінің мүшелерін
қолдау мақсатында осындай саясатты жүргізеді. Бұл баға мен жалақының
өсуіне алып келеді.
3. Тауар тапшылығы сұраныстың ұсыныстан алшақтануына алып келеді және
осының негізінде бағаның өсуі.
4. Жалақының өсуінің еңбек өнімділігінің өсуінен алшақтығы
5. Ұлттық экономиканың ашықтығының өсуі және әлемдік шаруашылық
байланыстардың кеңеюі "импортталған инфляцияның" қауіптілігін тудырады.
6. Қағаз ақшалардың эмиссиясына бақылаудың болмауы. Бұл нарықта тауармен
қамтамасыз етілмеген ақша массасының пайда болуына алып келеді.
Нәтижесінде тауарларға баға өсіп, инфляциялық процестерге негіз пайда
болады.
7. Экономиканың рационалдық емес құрылымы. Инфляцияның пайда болуы ішкі
және сыртқы себептерге байланысты. Инфляцияның сыртқы себептеріне
сыртқы саудадан түсетін түсімдердің қысқаруы, төлем және сыртқы сауда
балансының теріс сальдосы жатады. Ішкі себептеріне халықшаруашылық
құрылымдарының деформациясы және шаруашылық механизмнің кемшіліктері
жатады.
Қазақстан Республикасындағы өтпелі кезеңдегі инфляция себептеріне
мыналарды жатқызуға болады:
- ұлттық экономикада өндірістің терең құлдырауынан болған тауар тапшылығы;
- өндірілген өнімдерге энергетиканың, материалдардың, еңбектің жоғарғы
мөлшерде жұмсалуы;
- өз тауарлары мен қызметтеріне бағаны негізсіз көтеруге мүмкіндік берген
жеке тауар өндірушілер монополизмі;
- мемлекеттік бюджеттің тапшылығы, оны бүркемелеу үшін мемлекет қағаз ақша
шығарады;
- мемлекеттің өнімсіз шығындарының жоғарғы деңгейі;
- басқа мемлекеттердегі экономикалық дағдарыстардың ықпалы.
Инфляцияның бірнеше түрлері бар. Инфляция ашық және басыңқы инфляция
деп бөлінеді.
Ашық инфляция- еркін баға құрылымы экономикасына тән және тауар мен
қызмет көрсетуге үнемі бағаның өсуін байқатады. Егер макроэкономикалық тепе-
теңділік сұраныс жағына қарай өзгерсе және тұрақты бағаның өсуімен
байқалса, онда бұны ашық инфляция деп атаймыз. Ашық инфляция бірнеше
көрсеткіштер бойынша жіктеледі:
1.Бағаның өсу қарқыны
2.Әртүрлі тауар топтары бойынша бағаның өсу деңгейінің алшақтауы
3. Инфляцияның күтілуі және алдын-ала болжануы
Бірінші белгі, яғни бағаның өсу қарқыны тұрғысынан инфляция 3 түрге
бөлінеді:
• Баяу
• Қарқынды
• Ұшқыр
Баяу инфляция кезінде бағалар баяу өседі (жылына 10%-ке дейін).
Инфляция 2-3 % болған жағдайда нарық үшін орынды құбылыс болып табылады.
Мысалы, 1992 жылы инфляция Францияда –2,7%, Германия мен АҚШ-та –3,8%
құрады.
Қарқынды инфляция кезінде баға жылдам, ырғи-ырғи өседі (жылына 20%-
тен 200%-ке дейін). Мұндай инфляцияға жол бермеу керек, себебі ол өте ауыр
әлеуметтік-экономикалық салдарға ұшыратады (тұрғындардың өмір сүру деңгейі
төмендейді, кәсіпорын күйзеліске ұшырайды).
Ұшқыр инфляция кезінде айналымдағы ақшаның саны мен баға
астрономиялық жылдамдықпен 1000% және одан да жоғары өседі.
Екінші белгі бойынша инфляция балансталған және баланстанбаған
инфляция болып бөлінеді. Баланстанған инфляцияда әртүрлі тауарлар мен
қызметтер көрсетудің бір-біріне қатынасында баға өзгермейді, ал
баланстанбаған инфляцияда әртүрлі тауар мен қызмет көрсетудің бағасы бір-
бірімен салыстырғанда тұрақсыз және әртүрлі пропорцияда өзгереді. Ол шағын
және орта бизнестің дамуына кедергілер келтіреді.
Үшінші белгі бойынша күтілетін және күтілмейтін инфляция болып
бөлінеді. Күтілу факторы инфляцияның салдарынан білінеді. Егер фирмалар мен
халық келесі жылы баға 5 есе өсетінін білсе, онда тиімді нарық жағдайында
олар келесі жылы өздерінің тауар бағасын 5 есе көтереді және ешкім
күтілетін инфляциядан зардап шекпейді. Ал күтілмейтін инфляцияда бағаның
10%-ке өсуі экономикалық жағдайды нашарлатады.
Басыңқы инфляция оны кейде жасырын инфляция деп те атайды. Ол
жалпылама мемлекеттің бағаны бақылауымен жүзеге асатын инфляция. Сондай-ақ
тауар тапшылығы, өнім сапасының төмендеуі, көлеңкелі экономиканың дамуы мен
бартерлік іс -әрекетте көрінеді. Басыңқы инфляция мемлекеттің бағаны
сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігінен төмен болуын қолдау арқылы пайда болады.

КР-да 1992 жылға дейін жасырын инфляция басым болып, ол кейінірек
ашық қарқынды инфляциялық сипатқа ие болды. Сосын ұшқыр инфляцияға ұласты.
1993 жылы инфляция 2260 % құраса, 1994 жылы 1258 %, ал 1995 жыл аяғында
теңге тұрақтана бастады, бұл кезде инфляция төмендеп, 56-58 %-ке қысқарды.
Инфляция 1996 жылы 30 %-тің маңайында болса, 1997 жылы 20 %, ал 2000 жыл
аяғында 7 %-ке тұрақтады. Инфляцияның жалпы деңгейін сипаттайтын тұтыну
бағаларының индексі 1997 жылы-11,2 %, 1998 жылы – 1,9, 2000жылы - 9,8,
2001жылы – 6,4 % құрады.
Шетел экономистері сұраныс пен ұсынысқа байланысты инфляцияны екі
типке жіктейді:
• Сұраныс инфляциясы
• Ұсыныс инфляциясы
Сұраныс инфляциясы- бағаның жоғарлауы артық сұраныспен түсіндірілуі
мүмкін. Барлық қолда бар ресурстар іске қосылғанда сқраныстың өсуі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек рыногын реттеу, рыноктың мәні, атқаратын қызметі
Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде
Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде. Инфляцияның түрлері
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық және оның себептері мен формалары жайлы ақпарат
Экономикалық цикл. Жұмыссыздық пен инфляция.
Виртуалдық лекция бойынша пәнің «Экономиқалық теория негіздері» мәліметтері
IS-LM моделі
Экономикалық дағдарыс теориялары және оның негізін қалаушылар
Экономикалық өсудің кейнстік модельдері
Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері туралы
Пәндер