Педагогикалық бақылау теориясы бойынша электрондық терминологиялық түсіндірмелік сөздік


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университеті

Информатика және қолданбалы математика кафедрасы

Қорғауға жіберілді

“__” 2010 ж.

кафедра меңгерушісі

тех. ғ. к., доцент

Г. И. Салғараева

Дипломдық жұмыс

Тақырыбы: ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ТЕОРИЯСЫ БОЙЫНША ЭЛЕКТРОНДЫҚ ТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ ТҮСІНДІРМЕЛІК СӨЗДІК

050111-Информатика мамандығы бойынша

(сырттай бөлім 2 жылдық 2-курс)

Орындаған А. М. Бектұрған

Ғылыми жетекшісі

п. ғ. к., доцент А. Е. Сағымбаева

Алматы, 2010 ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1. ТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК ЖАСАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 5

1. 1. Жалпы терминологиялық сөздіктің шығу тарихы және оның түрлері . . . 5

1. 2. Педагогикалық бақылау теориясы бойынша терминдерді таңдап алу мәселесі . . . 15

2. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ТЕОРИЯСЫ БОЙЫНША ТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК ЖАСАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ . . . 23

2. 1. Электрондық терминологиялық сөздіктерді жасауға

қойылатын талаптар . . . 23

2. 2Тестілеу теориясы бойынша терминдер сөздігі . . . 24

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 59

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМ І . . . 60

КІРІСПЕ

Өз тәуелсіздігін алып, дербес мемлекет ретінде өркениетке қадам басқан Қазақстан Республикасы бұл күндері ана тілімізге, оның тағдырына ерекше көңіл бөлуде. Әсіресе, мемлекеттік мәртебеге ие болып отырған қазақ тілінің қоғамдық қызметін жандандыру, қалыптастыру басты мәселеге айналды.

Осы орайда оның негізі туралы академик Әбуәлі Қайдаровтың «Ең алдымен оның тірек болар үш тағаны - жазу-сызуы, ономастика (жер бетіндегі ескерткіші), терминологиясы берік емес екендігін мойындау қажет» деген пікір орынды айтылған.

Қоғамда болып жатқан өзгерістерге орай тіліміздегі терминдер - бүгінгі күні нарықтың өтпелі кезеңіне орай едәуір өзгерістерге ұшырап, қайта зерттеліп жатыр.

Қазақ терминологиясын бұрынғыдан да гөрі түпкілікті етіп қалыптастыру, тілдік тұрғыдан түсінік беру, олардың нәтижесін әртүрлі салаға баянды етіп сіңіру мәселесі өте зор маңыз алып отыр. Осыған байланысты бүгінгі таңда үлкен қажеттілікке айналып отырған терминология мәселесі, оның ішінде тестілеу терминдерінің мәселелері терең зерттеуді қажет етеді.

Тақырыптың өзектілігі: Терминология мәселесі, оның ішінде педагогикалық тестілеу термин мәселесіне аса көңіл бөлініп, салиқалы да жан-жақты зерттеу жұмысын жүргізу бүгінгі күннің зор талабы ретінде жұмыстың өзектілігін белгілейді.

Бұл сөздік - қазіргі кезде педагогикалық тестілеу терминдерден хабардар ететін бірден - бір лингвистикалық еңбек деп айтуға болады.

Сөздік - бұл белгілі бір ретпен орналасқан анықтама ретінде қолданылатын, сипатталған бірлік белгісін түсіндіретін, әртүрлі ақпарат беретін немесе бір тілден екінші тілге аударатын сөздердің жиынтығы.

Демек, Қ. Жұбанов, С. Бәйішев, К. Аханов, Ә. Сатыбалдин, Ә. Әбдірахманов т. б. еңбектеріндегі және оқулықтарындағы берілген анықтамалар негізінде алынып, бүгінгі кезеңде арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет.

Қоғам дамуының жаңа кезеңіне көтерілгенде, халық тұрмысына, ғылымға, салалық өзгерістер енгенде көптеген жаңа атаулар, сонымен қатар ұғымдар пайда болып, соған байланысты тілдегі бұрыннан бар сөздердің мағыналары, әсіресе білім саласында көбейеді немесе мүлдем жаңа сөздер, терминдер туындайды. Осындай жолмен туындайтын, өзгерістер болған сайын жетілдіріп отыруды қажетсінетін терминология саласының бірі - педагогикалық терминдер.

Зерттеу нысаны - қазақ тіліндегі тестілеу терминдерінің мағынасы мен ерекшеліктері, жалпы қалыптасу принциптері мен заңдылықтары ескеріледі. Зерттеуде оқу үрдісіндегі педагогикалық тестілеу терминдерінің жүйелілігі, дәйектілігі негізінде алынады.

Осыған орай дипломдық жұмыстың мақсаты - педагогикалық бақылау теориясы бойынша терминологиялық түсіндірмелі сөздік құру жолдарын анықтау, олардың көпшілікке беймәлім жақтарын топтастырып, ғылыми айналымға қосу мәселесіне назар аудару.

Дипломдық жұмыстың мақсатына сай мынадай міндеттер қойылады:

  • қазақ тілінде шыққан жалпы терминологиялық сөздіктің тарихына шолу жасау;
  • терминологиялық сөздіктің жасалу принциптері қарастыру;
  • педагогикалық тестілеу теориясы бойынша терминдерді таңдап алу;
  • электрондық терминологиялық сөздіктерді жасауға қойылатын талаптарды нақтылау;
  • педагогикалық тестілеу теориясы бойынша терминологиялық сөздік жасау.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. ТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК ЖАСАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1. Терминологиялық сөздіктің шығу тарихына шолу

Қазақ тіл білімі тарихында теңдесі жоқ үлгі қалдырған ғажап лигвист, тамаша ақын, көсем сөздің көрнекті өкілі, керемет мысалшы А. Байтұрсынұлының лингвистикалық термин жасауда «Тіл құралы» еңбегінің маңызы бар. Байтұрсынұлы заманынан бері әлеуметтік және қоғамдық өмірде санаулы өзгерістер болып жатса, жасаған терминдердің бұлайша тұрақтылық танытуы таңқаларлық жай. А. Байтұрсынұлының еңбектерінде терминжасаманың лексика - морфологиялық және морфологиялық - синтаксистік тәсілдері басымырақ. Әсіресе, терминжасамның лексика - морфологиялық тәсілі жеке сөздерді мәністік - морфемдік жағынан түрлендіруді қамтыса, ал морфологиялық - синтаксистік тәсіл сөздерді біріктіру жағына бейім. А. Байтұрсынұлы бұл екі тәсілді де қазақ тілінің ерекшелігіне қарай қолдана білді.

Қазақ тілі терминологиялық жүйесін қалыптастыру, салалық терминдерді ретке келтіру мәселесімен қазақ тіл мамандары да көптен бері шұғылданып келеді. Ұлт терминдерінде терминдер жүйесінің қалыптасуына үкімет тарапынан бірсыпыра қамқорлық жасағаны белгілі.

1920-30 жылдар аралығында «термин» деген атаулар өзі бірде «термин», бірде «пән сөздері», немесе «жат сөздер», «шет сөздер» болып түрліше қолданылады.

Терминология - үздіксіз дамып келе жатқан ғылым саласы. Оның Қазан төңкерісінен кейінгі жылдарда ілгерілеуіне біршама үлес қосқан, терминологиялық лексиканы зерттеуде және оның қоғам үшін мәнін, маңызын анықтауда А. А. Реформатскийдің, В. В. Виноградовтың, Н. А. Баскаковтың, В. И. Сифоровтың, Р. А. Будаговтың, О. С. Ахманованың, Б. О. Орузбаеваның, М. Ш. Гасымовтың т. б. зерттеуші ғалымдардың еңбектерінің мәні зор болды.

Қазақ терминологиясының даму тарихында елеулі пікірлер айтып, пән атауларын жүйелеуде маңызды үлес қосқан ғалымдардың бірі - Халел Досмұхамедов кірме сөздерді, соның ішінде орыс тілі арқылы енген сөздерді қолдануда ана тілінің ішкі дыбыстық заңын сақтап айтылуы дұрыс құбылыс деп есептейді. Мысалы, песір (писарь), жәрмеңке (ярмарка), ауылнай (волосной) т. б. сөздерді мысалға алып, олардың дыбыс жағынан өзгертіліп айтылуын дұрыс деп санайды.

Сондай - ақ Х. Досмұхамедов терминдердің жүйеленуі туралы: «Бүтін қазақ халқы үшін жалғыз білім кеңесі болу керек. Ол білім кеңесінің жанында әр пәннің мамандарынан сайлаған комиссиялар болуы керек. Пән сөздерді әуелі пән комиссиясының сынына түсіп, оның қабылдап алған сөздері сонан соң ғана барып білім кеңесінің қарауына түсіп бекітіліп шығуы тиіс» - деп пән атауларын бекітудің дұрыс жолын ұсынды. Кірме сөздер тілімізге тән сингармонизм заңына лайықталып алынуын сол кездегі көптеген ғалымдар да қолданғандығын көреміз.

Н. Төреқұлов «Жат сөздер туралы» деген мақаласында «қазақ тіліне кіретін жат сөз болса, қазақтың тымағын киіп, жалпақ сөзі болып кірсін» дейді.

Сол кезеңде термин жөнінде пікір айтқан адамдардың көпшілігі кірме терминнің емлесі, дыбысталуы жөнінде ана тіліміздің фонетикалық заңдылықтарын сақтау принципін ұстанады.

1927 жылы Қызылорда қаласында «Пән сөздігі» деген атпен Қ. Қаратышқановтың сөздігі жарық көрді. Бұл сөздік мектеп оқулықтары мен оқу құралдарында қолданып жүрген терминдердің ала - құлалығын реттеп, бір жүйеге түсуіне себебін жасаудың алғашқы үлгісі болды.

1930 жылдары термин жасау, дамыту және қалыптастыру ісіне республикада мемлекеттік мән беріліп, терминдерді жинақтап, зерттеу жұмысы қолға алынды. Көп кешікпей 1931 жылы Қызылорда қаласында 800 сөз қамтитын «Атаулар сөздігі» жарық көрді.

1920 жылдары мәдени - ағарту саласында үлкен өзгерістер болды. Бұл кезеңде термин қалыптастырудың белгілі бір жүйесі болмаса да, тілімізге ғылымның сан - саласы ұғымдары енді. Қоғам дамуына, мәдениет, ғылым, техниканың өрістеуіне сай заттар мен құбылыстардың жаңа мазмұндарының ашылуы, жаңа ұғым туғызып, лексиканың баюына септігін тигізді.

Қазақ терминологиясының негізгі басқа халықтар сияқты, алдымен туыстық, мал шаруашылығына, дене мүшелеріне, ұлттық тірлікке байланысты дәуір бойы жинақталған атаулардан тұрса, ал ғылыми терминдердің дамуының, толығуының негізгі кезеңі - осы қарастырылып отырған 1920 жылдар екені аян.

Қоғамдағы саяси - әлеуметтік, экономикалық т. б. өзгерістер тілдегі көптеген терминдердің, атаулардың пайда болуына не сирек айтылатын сөздер қатарына ауысуына себеп болды. Қоғам өмірінде өзгерістер неғұрлым көп болса, тілдегі сөздердің архаизм, неологизмге ауысуы, сөздердің жаңадан пайда болуы да соғұрлым көп болады. олар дамудың барысында уақыт сайын, бірқатары тілдің актив сөз қатарына еніп, енді біреулері қолданыстан шығып қалып немесе сирек қолданылмаған бірқатар сөздер қайта жаңғырып, актив сөздік қорына қосылып жатады. Енді біреулердің мағынасы кеңейіп, жаңа қосымша мағына үстеп алады. Бірақ, жаңа сөздердің басым көпшілігі түрлі жұрнақтар арқылы жасалған немесе шет тілдерінен сөз ауысу арқылы енген сөздер.

Бір тілден екінші бір тілге сөз ауысып отыруы, тіл дамуының өзіндік заңды құбылыс екендігі және жер бетінде «таза тіл» болмайтындығын, сөз алмасу ежелден келе жатқан процесс екені тіл зерттеушілерінен белгілі тілге еніп жатқан атаулар сол тілдің дамуына зор ықпалын тигізеді.

Жалпы қазақ терминологиясының қалыптасу процесі ХІХ ғасырдың екінші жартысынан басталғанымен, көптеген термин атаулардың тілімізге енуі, әсіресе, кеңес дәуіре кезінде қарқынды дамыды.

Тілімізге кірме сөздердің бірқатары қазақ тілінде ертеден сіңісіп, әбден қалыптасып орныққандары болса да, басым көпшілігі 20-30 жылдарда пайда болған неологизмдер екенін байқадық. Араб, парсы, европа, орыс тілдерінен енген кірме сөздерді І. Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев, Л. Рүстемов, Р. Сыздықова т. б. тіл зерттеушілердің еңбектерінде көрсетілгендей, үлкен екі топқа бөлуге болады:

а) араб-парсы тілдерінен енген сөздер;

б) орыс тілі арқылы енген сөздер.

Араб-парсы сөздерінің қазақ еліне енген сөздердің ену кезеңі ХІ ғасырға дейінгі және ХІХ ғасырдан кейінгі кезең деп екіге қарастырса, Р. Сыздықова ХҮІІІ ғасыр мен ХІХ ғасырдағы ақын-жыраулардың тіліндегі араб-парсы сөздерін айта келіп, Л. Рүстемовтың пікірін қолдайды да, қазақ тіліндегі араб-парсы сөздерінің сипатына, түріне қарап екі топқа бөледі;

а) мұсылманша діни ұғымдарды білдіретін сөздер;

б) діни ұғымға қатысы жоқ сөздер.

«Дала уәлаяты» газеті тілін зерттеуші Б. Әбілқасымова; «Араб-парсы тілдерінен сөз ауысу талай ғасыр жемісі . . . дінмен байланысты бірсыпыра сөздер кейін де, яғни Х-ХІХ ғасырларда реакциялық бағыттағы паниисламизмнің дәуірлеп тұрған кезінде көптеп кірген. Бұған . . . қазақ жерінде салынған медресе, мешіттердің әсері болған тәрізді, » деп көрсетті. Ал, ХХ ғасырдың бас кезіндегі 1920-30 жылдарда араб-парсы сөздерін қабылдау қарқыны мүлдем әлсіреп кеткен.

Қазақ топырағында ғылыми ой-пікірлердің өрбуіне байланысты сөздік қорымыз орыс тілінен немесе орыс тілі арқылы енген халықаралық атаулармен толығып отырғаны белгілі. Мысалы, агроном, физика, химия, академия т. б.

Европа тілдерінен енген сөздердің дыбысталуы туралы Ж. Аймауытов «Емлені оңайлату жобасы» деген мақаласында былай: «үндестік» заңына тіл атауларын бағындырамыз деп . . . жаңа жат тілдерді жаурытпа тілінен аса алыстатпау керек. Жат тілдермен араға кедергіні көбейте мәдениеттен алыстатады.

Мемлекеттік терминология комиссиясы Ұлы Отан соғысы жылдарында да тоқтатпады. 1948-50 жылдары екі томдық орысша - қазақша терминология сөздігі жарық көрді. Сөздік жасауға академиктер Н. Сауранбаев, С. Бәйішевтер қатынасты.

1956 жылы Тіл білімі мен әдебиет институты құрамында терминология бөлімі ашылды. Осы кезде Қазақ кеңес энциклопедиясы жарық көрді.

60-жылдан бастап, 70-80 жылдарда қауырт дамыған бұл жұмыс қазақ тілі терминологиялық лексикасының дамып, қалыптасуына, саналуан ұғымдардың заңды түрде терминдік сипатқа көшуіне, тіліміздің ғылыми-техникалық қолданыс өресін биіктете түсуіне себебін тигізді.

1950-70 жылдарда термин жасаушылар 1920-30 жылдардағы тәжірибені жеткілікті түрде пайдаланбады. Көптеген сәтті жасалған атауларды пайдаланбай, оларды баламаларын орыс тілінен іздейтін болды. Соның нәтижесінде тіліміздің өз мүмкіндіктері еленбей тіліміз орыс тілінен енген шет сөздермен шұбарланды. Соның нәтижесінде ол баста пайда болған көптеген атаулар, кейін түрлі сыртқы факторлардың әсерінен көнерген сөздер қатарына ауысты.

Ал, қазіргі тіл дауындағы өзгерістерді байқап отырсақ, сол кезеңде пайда болып кейін қолданыстан шығып қалған атаулардың біразын қайтадан жаңартуда.

Бүгінгі күні орын тауып, қолданысқа қайтадан еніп, орнығып жатқан терминдік атаулар сол кезеңдегі баспа беттерінде, әсіресе «жаңа мектеп» тілінде кеңінен қолданылғандығын көруге болады. Мысалы, кеңес, төраға, дәріс, таңба, сарап, құқық т. б.

Сөз болып отырған мерзімде қоғам өмірінің көптеген салаларын қамтитын жүздеген сөздер пайда болды. Жаңа сөздердің саны жағынан бұл дәуірде енген терминдер кейінгі дәуірлермен салыстырғанда әлдеқайда мол. Мысалы, ағару одағы (союз просвещения), туысқандар жиналысы (родительское собрание), күн белгі (календарь), білім басқармасы (глав наука), жылдық жоспар (годовой план) т. б.

Алпыс жылдан астам уақыт ішінде мемлекеттік терминология комиссиясының құрамы бірнеше рет жаңартылып, қайта құрылып отырылды.

Қазақ терминологиясының әр кезеңдегі дамуы, ұстанған принциптері, бағыттары, қолдану ерекшелеіктері жөнінде 1930 жылы, әсіресе 1950 жылдардан бастап А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, С. Аманжолов, Н. Сауранбаев, С. Бәйішев, Ө. Айтбаев, С. Исаев, Б. Әбілқасымов, Ә. Әбдірахманов, А. Сатыбалдиев, Р. Өркенова, т. б. зерттеушілердің еңбектерінің үлкен маңызы болды. 1927 жылы 25 сәуірде Қазақ ССР Министрлер Кабинеті жанындағы мемлекеттік терминология комисссиясының Ережесі бекітілді.

Термин жасауда негізігі принциптері анықталып, бұл істегі жүйелік қалыптаса бастады. Принциптер бойынша ана тіліміздің ішкі қоры, өз сөз байлығы қолданылуы тиіс болды да, сонымен қатар, орыс тілі мен кеңес халықтары тілі арқылы еніп жатқан халықаралық терминдерді игеру қажеттігі басшылыққа алынды.

Қазан төңкерісінен кейін дінге деген көзқарас мүлдем өзгеріп, діни атаулар көнерген сөздер қатарына кетсе, 1980-90 жылдары бұл атаулар әдеби тілімізге қайтып келді. Мысалы, мешіт, молда, тұмар, таспиық, құран, айт, т. с. с.

Орыс тілінен енген терминдер алғашқыда аударылып, кейіннен ол баламасы әдеби тілде тұрақталмай, оның орнына бүгінгі күнге дейін орыс тіліндегі нұсқасы норма болып қалыптасқан атаулар да бар. Мысалы, семестр (оқу маусымы), воспитание (тәрбие), методическое бюро (әдістеме бюросы) т. б.

Қазақ тілінде термин жасау ісін шартты түрде бірнеше кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең ХХ ғасырдың 10-жылдары мен 30-жылдардың екінші жартысындағы аралық. Бұл - терминжасаманың бастапқы кезеңі. Бұл кезеңде терминдерді қазақыландыру бағыты басым болды. Бұл жерде, А. Байтұрсынұлы, М. Дулатов, Х. Досмұхамедов тәрізді тұлғалардың зор ықпалы болды.

Екінші кезең, 30-40 жылдар арасы. Бұл кезеңде - интернационалдық терминдер мен орыс атауларын тілімізге түпнұсқадағы пішінін бұзбай, сол қалпында қабылдау болатын. Алфавитімізге тіл табиғатына тән емес дыбыстар енгізілді, бөтен префикс пен жалғаулар енді. Емле ережесі осы уақытта құрастырылды.

Үшінші кезең, 40-50 жылдар аралығы. Негізінен терминологиялық лексикамызды интернационалдандыру, орыстандыру бағыты жүріп жатты.

Төртінші кезең, 50-70 жылдар аралығы. Бұл қазақ зиялыларының соғыстан кейінгі жылдары еңсе көтеріп рухани дүниемізді зерделей бастаған дәуірі. Тіл байлығымыздың қадіріне жете бастаған сәт есебінде бағаланады.

Бесінші кезең, 70-90 жылдардың екінші жартысы. Бұл жылдардағы қоғамдық өзгерсітерге байланысты бұл кезеңді үш бөлікке бөліп қараймыз.

• бірінші - тоқырау жылдары атанып, тарихқа енген Брежнев заманы.

• екіншісі - қайта құру.

•үшіншісі - Кеңес одағының құлап, Тәуелсіз мемлекеттер достастығының пайда болған заманға сәйкес туындалған тіл қозғалысы.

Бұл құбылыстардың әрқайсысының тілде қалдырған өзіндік ізі бар. Әсіресе, мемлекеттік тілімізге, оның ішінде қазақ терминологиясының қалыптасуы мен дамуына жасаған ықпалы ұшан-теңіз деп айтамыз.

Академик Ә. Қайдаровтың «Қазақ терминологиясына жаңаша көзқарас» деген еңбегінде қайта түлеу үстіндегі әдеби тіліміздің болашақ даму үрдістерін белгілеуде шешуші рөл атқаратын бір саласы - қазақ терминологиясының толғақты мәселелерді жаңаша қарастырып, оны қалыптастырудың жаңа принциптері ұсынылады. Ә. Қайдаров мынандай киелі пікір айтады: «Егеменді ел, тәуелсіз мемлекеттің басты белгілерінің бірі - мелекеттік тіл десек, оның негізігі тіректерінің бірі - терминогияны жан-жақты дамытуға, реттеуге, қалыптастыруға, кеңінен қолдануға сол мемлекеттің өзі қамқорлық жасауы керек. Салалық терминдер мен атауларды жаңадан жасауда, өзгертуде, ауыстыруда ең алдымен қазақ тілінің төл, бұрыннан қалыптасқан байырғы лексикалық байлығын сарқа пайдалану. Бұл - термин саласында бұрыннан келе жатқан негізігі де дәстүрлі принцип. Бірақ терминология мәселесінің бүгінде күн тәртібіне қайта қойылуына себеп болып отырған да осы негізігі принциптің іс жүзінде орындалмай, бұрмаланып келуі».

Терминология саласында жарты ғасырдан астам тәжірибемізде біз қазақ тілінің байлығын біршама пайдаландық, бірақ сарқа пайдалана алмадық. Оның көптеген себептері де болды. Ең басты себеп - заман үрдісі, тіл саясаты мен идеология ықпалы, орыс тілінің аз ұлттар тіліне жасаған үстемдігі мен өктемдігі. Екінші себеп, еліміздегі ұлт, ұлыс тілдері өздерінің дамудан кенжелеп қалуына байланысты ғылым тілі болып орыс тілімен терезесі тең тұра алмайды деген пікірдің орталықта да, жергілікті мамандар арасында да қалыптасуы.

Олай болса, біз 70 жылдың ішінде термин жасауда ана тіліміздің барша байлығын сарқа пайдалану керек деген принципке жете мән бермегенімізден деп айтуға болады. Сондықтан да бүгінде бұл мәселе жаңа серпіліс алып отырған бұқаралық үрдіс екені мәлім болып отыр.

Өмірзақ Айтұлының 1997 жылы жарық көрген «Қазақ сөзі (Қазақ терминологиясының негіздері) » атты монографиясының тарихи дерек ретіндегі орнын ерекше атауға болады.

Бұл көлемді әрі мазмұны жағынан ғылыми деректерге толы монографиялық еңбекте қазақ терминологиясының жүз жылға таяу даму тарихы жүйелі де деректі зерттелінген. Әдеби тілдің, оның ішінде ғылыми тілдің өркендеуіне септігін тигізген терминдік жүйе, бұрын соңды айтылған келелі пікірлер, болжамдар сарапқа салына отырып, салиқалы ой-пікірлері зерттеушіні елітіп, тартып отырады. Автор өзінің терминологиялық сөздік жасау жөніндегі көзқарасын анық байқатумен қатар, еңбектің соңында 1927 жылдан бастап, 1997 жылдар арасында термин туралы еңбектер мен сөздіктердің тізімін көрсеткен.

Сондай-ақ, еңбекте терминді зерттеудің қазіргі жайы тілінде сөздік қалыптастырудың негізгі кезеңдері, терминжасам мәселесі, аударманың орны сияқты келелі ауқымды проблемалардың теориялық жағынан кең әрі ғылыми дәлелді зерттей білген.

«Аударма - мағынаны бір тілдік кеңістіктен екінші тілдік кеңістікке көшіру, ал атау - сөз ұғымының заттық бейнелеу нәтижесі» тезисі негізінде ғылыми аударма жасау принциптері мен тәсілдері, оны үйлестіру мәселелері жан жақты қарастырылады. Бұл монографиялық ғылыми еңбектің теориялық мәнінің зор екендігін атап айтуға тиіспін.

Бұл күнде қазақ тіліндегі терминдер барлық ғалымдар саласында жүйеленген, жинақталып сөздіктерге енген. Қазір көптеген ғалымдар бойынша педагогикалық терминдердің түсіндірме аударма сөздіктері бар.

Кейінгі жылдары қазақ тілі мамандары ғылымның жеке-жеке салалары бойынша педагогикалық терминдерді зерттеп, олардың теориялық және практикалық жақтарына талдаулар жүргізуде.

Еліміздегі қарқынды қоғамдық әлеуметтік өмір туғызып отырған күнделікті қызметтегі қолданыстың қажеттілігін мынадан көруге болады: Бұрын термин жасау жұмысымен тек лексикографтар мен лексикологтар, шет ел тілдерінің мамандары аудармашылар айналысса, қазіргі ғылым мен техника заманында - математиктер, информатикатер, физиктер, педагогтар, медицина қызметкерлері, ауылшаруашылығы ғылымының өкілдері және басқа сала ғылымдары да жүйелі түрде шұғылдана бастады.

Қазақстан Республикасының Ғылым мен Академиясы Тіл білімі институты жанындағы сөздіктер бөлімі де педагогикалық терминдерді зерттеуде бірқатар жұмыстар істелді, зерттеу мақалалар жинақтарын шығарды, педагогикалық терминдік сөздіктер жасау тәжірибесіне ғылыми тұрғыдан талдау жасаумен айналысуда.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Оқушылардың шетел тілі сабағында аударма құзыреттілігін қалыптастыру ерекшелігі
Қазақ тілі түсіндірме сөздігінің тарихы
Стандартталған информатика терминдарынын тезаурустарымен танысу
Деңгейлік саралап оқыту технологиясы
Сөздіктің түрлері және олармен жұмыс
Когнитивтік парадигмадағы терминология
Ағышын тіліндегі неологизмдердің ерекшеліктері
Жаңартылған білім жүйесінде ағылшын тілін оқытуда заманауи педагогикалық технологияларды пайдалану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz