Оқушы шығармашылығын дамытуда оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастырып, ізденімпаздылыққа баулу


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. Болашақ мұғалімдердің танымдық ізденімпаздығын қалыптастыру негіздері.
1. 1. Негізгі ұғымдар: шығармашылық, танымдық ізденімпаздық, танымдық мотив (әдебиеттерге шолу) ……. . . . . 6
1. 2 Танымдық ізденімпаздықты құраушы компоненттер . . . 8
1. 3. Студенттердің танымдық әрекет құрылымы . . . 18
2. «ТЕХНОЛОГИЯ» сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары.
2. 1 ТЕХНОЛОГИЯ пәнін оқытуда шығармашылық еңбек дағдыларын қалыптастыруды субъектілік басқару . . . 20
2. 2. Оқушылардың шығармашылық қабілеттері тоқыма және графика өнері негізінде дамыту . . . 26
2. 3. Оқушылардың шығармашылық потенциал деңгейін анықтау . . . 31
2. 4 ТЕХНОЛОГИЯ сабақтарында шығармашылық жобалау
әдісі . . . 34
Қорытынды . . . 42
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 43
Кіріспе
«Бала мейлі жақсы, мейлі жаман іс болсын, әйтеуір бірдеме істеуі керек. Ештеңемен айналыспаған адамның жан дүниесі жөнді жетілмейді. »
Ж. Аймауытов
Тақырыптың өзектілігі :
Ел президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстан халқына арналған жолдауында» «Біздің болашақтағы жоғары технологиялық және ғылыми өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет» деген сөздері бар. Демек, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, қазіргі техниканы тиімді пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу - технология ғылымы саласындағы басты бағыттардың бірі делінген.
Қазіргі «Технология» білім саласының басты мақсаты - оқушылардың өздігінен еңбек етуіне ықпал ету, оларды әртүрлі материалды өңдеудің қазіргі заманғы технологиялық мәдениетіне және бұйымдарды көркем жобалауды орындауына қатыстыру болып табылады. Бұл:
- жастардың политехникалық дамуын, оларды қазіргі заманғы және болашақ технологиялармен таныстыруды, жалпы еңбек біліктіліктері мен дағдыларын игеруді;
- оқушылардың шығармашылық және эстетикалық дамуын;
- оқушылардың өзін-өзі анықтауына мүмкіндік туғызуды, техника мен технология әлемін зерделеуді, өзіндік анықталу мақсатында кәсіптік іс-әрекет элементтерінен практикалық тәжірибе алуды ескереді және оқушылардың жобалау мен конструкциялау мәселелерін шешу бойынша ізденімпаздығы мен қабілеттілігін дамыту мәселесін қарастырады.
Елбасының 2010 жылғы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстаннның жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауында: «Егер біз табысқа жеткіміз келсе, онда мына төрт қағидатты басшылыққа алуға міндеттіміз:
Біріншіден, біздің ең басты құндылығымыз - ол Отанымыз, Тәуелсіз Қазақстан!
Екіншіден, мемлекет және оның әрбір азаматы қай жерде де қоғамның тұрақтылығы мен елдің әл-ауқатына кері әсерін тигізуі мүмкін кез келген қадамға бармауы тиіс.
Үшіншіден, экономикалық өрлеу - әрқайсымызға қатысты бүкілхалықтық іс. Бұл - қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешудің және баршамызды табысқа бастаудың кілті.
Төртіншіден, өңірлік және әлемдік нарықпен интеграциялану - дамудың аса маңызды шарты» делінген.
12 жылдық білім беру жүйесінде білім берудің басты мақсаты - әлемдік білім беру стандартына сәйкес келетін білім берудің жоғарғы сапасын қамтамасыз ету, өзін-өзі тәрбиелеуге, өздігінен білім алуға, өзін-өзі іске асыруға және кәсіптік білім беру бағдарламаларын меңгеруге дайын, жеке және қоғамдық мүдделерді үйлестіре білетін жан -жақты мәдениетті, шығармашыл тұлғаны қалыптастыру. Сондықтан да алып отырған тақырып өзекті деп ойлаймыз.
Зерттеу объектісі: : оқушылардың шығармашылық қабілеттері.
Зерттеу пәні: «Технология» сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Зерттеу мақсаты:
Оқушы шығармашылығын дамытуда оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастырып, ізденімпаздылыққа баулу.
Субъектілік басқару арқылы оқушылардың технология пәні бойынша шығармашылық еңбек дағдыларын қазіргі заман талабына сай қалыптастырып, олардың болашақтағы даму сатыларына жол ашуына ықпал ету.
Осыдан төмендегідей зерттеу міндеттері туындайды:
- шығармашылық еңбек дағдысын зерттеу
- әр оқушының жеке-дара танымдық қабілеттерін дамыту;
- оқушының дербес субъектілік тәжірибесін «мәдениеттендіру», қолдану, барынша айқындау;
- дара тұлғаның қабілеттерінің сыртқа шығып, іс-жүзінде өзін-өзі жүзеге асыруына көмектесу.
Зерттеу барысында қолданылатын әдістер:
- оқу әдебиеттерге шолу жасау;
- «Технология» сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту тақырыбына байланысты барлық ғылыми-көпшілік әдебиеттерді, анықтамаларды, сөздіктерді талдау, оның ішіндегі материалдарды сараптау.
Зерттеудің ғылыми болжамы:
- Заман талабына сай кезде бұрынғы «еңбек» пәні «технология» пәні деп аталып, жаңаша әр түрлі әдістермен оқытуды талап етеді;
- Әрбір оқушылардың мұғалім оқушылардың шығармашылық потенциал деңгейін анықтап, шығармашылықпен жаңашыл әдістерді қолданса, онда оқушылардың білімі тереңдеп, бәсекеге қабілетті, шығармашыл, өмірде өз орнын таба алатын тұлға қалыптасар еді;
- Егер болашақ мұғалімдер танымдық ізденімпаздықтарын қалыптастырса, мектеп оқушылары да:
- шығармашылық потенциал деңгейлерін арттырып;
- ойлау қабілеттерін дамытып;
- нәтижеге жетуге ынталы болар еді. Болашақ мұғалімдердің танымдық ізденімпаздықтары ілгері басса, студенттердің біліктері:
- ақыл-парасат
- оқу еңбегі
- арнаулы пәндік біліктері дамыса,
Кәсіптік дайындығы мол шығарымпаз жеке тұлғаның қалыптасуының негізі болар еді. Шығармашылық қабілеттері жоғары деңгейде қалыптасқан тұлға қоғамның кез-келген аймағында өз орнын алары сөзсіз.
1. Болашақ мұғалімдердің танымдық ізденімпаздығын қалыптастыру негіздері.
1. 1. Негізгі ұғымдар: шығармашылық, танымдық ізденімпаздық, танымдық мотив (әдебиеттерге шолу)
Қазақстанда шығармашылықтың дамуы жөнінде арнайы зерттеу жұмысын жүргізген психолог - ғалымдар Т. Тәжібаев, Ж. Аймауытов, В. К. Шабельников, Н. Палагина, Қ. Р. Рахымбаев, М. О. Резванцева, С. Қ. Бердібаева, Б. Тұрғынбаева еңбектерін атап өтуге болады.
«Бала мейлі жақсы, мейлі жаман іс болсын, әйтеуір бірдеме істеуі керек. Ештеңемен айналыспаған адамның жан дүниесі жөнді жетілмейді. » Ж. Аймауытовтың бұл пікірі белгілі психолог А. Н. Леонтьевтің адам психологиясы тек іс - әрекет үстінде дамып отырады дейтін қағидасына жақын тұжырым деп есептейміз.
Ғылыми зерттеулерге сүйенетін болсақ, оқушы шығармашылығын дамытуда «шығармашылық тапсырмалар» үлкен рөл атқарады. «Шығармашылық тапсырмалар» атауы педагогикада белгілі, екі құрамдас бөліктен тұрады. Шығармашылықты,
- біріншіден, оқушылар дербес, өз бетімен ойдан жаңаны құрастырады
- екіншіден, жағдай тудырушы материалдар даярлап, шығармашылыққа икемдейтін ересек адамның қатысуы қарастырылады.
Педагогикалық энциклопедияда: “Шығармашылық дегеніміз адамның белсенділігі мен дербес іс-әректінің ең жоғарғы формасы”-деп анықтама берілген. Педагогке жауапкершілік жүктеледі, жұмыс нәтижесі оның іскерлігіне байланысты. Шығармашылықты қалыптастыру жолдарын зерттеу тапсырмаларды күрделендірудің үш кезеңін анықтауға мүмкіндік туғызады.
Мектеп оқушылары мен студенттердің танымдық ізденімпаздығын қалыптастыру мәселесіне педагогтардың, психологтардың, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған. Зерттеулер авторлары танымдық ізденімпаздықты жеке тұлғаның қасиеті, екіншілері қабілеті, ал үшіншілері оны қажетсінуі мен бейімділігі және т. б деп түсіндіреді. Мысалы, М. И. Махмутов «танымдық ізденімпаздық» ұғымын жеке адамның өз бетімен оқуына септігін тигізетін интеллектуалды қабілеті мен қасиеті ретінде түсіндіреді.
Н. А. Половникованың пікір бойынша, танымдық ізденімпаздық - оқушының өз күшімен білімді игеруге ұмтылысы мен қабілеттілігі.
И. Я. Лернер танымдық ізденімпаздықты жеке жеке тұлғаның бітімі, индивидтің өз қабілеті арқылы өзінің танымдық белсенділігін ұйымдастыруда және жаңа танымдық мәселені шешуде қолдануы ретінде түсіндіреді.
Т. И. Шамова танымдық ізденімпаздықты жеке адамның білім мен іс-әрекет тәсілдерін біреудің көмегінсіз игеруге, қоршаған өмір шындығын одан әрі өзгерту және жетілдіру мақсатымен танымдық міндеттерді шешуге ұмтылысымен және белсенділігімен сипатталатын қасиеті ретінде қарастырылады.
Оқушылар мен студенттердің танымдық ізденімпаздық ұғымын ізденімпаздықтың неғұрлым кең ұғымынан тыс қарастыруға болмайтыны анық, соңғысы жеке тұлғаның белсенділігі атты оған жақын ұғымға қатыстылығы тұрғысынан ғана ой елегінен өткізілуі мүмкін.
Жоғары мектеп дидактикасында авторлар танымдық ізденімпаздық ұғымын студенттердің жеке тұлғасы қасиеті ретінде, ықпалды кәсіби дайындығымен тығыз байланыстырады.
Е. Б. Ястребова танымдық ізденімпаздық ұғымын жеке тұлғаның қасиеті, яғни адамның кәсіби дайындығы барысында өз күшімен білім мен іс-әрекет тәсілдерін игеру және оны оқу, зерттеу, практикалық әрекеттерде қолдану деп түсіндіреді.
С. И. Марченко кәсіптік-педагогикалық қабілеті арқылы болашақ мұғалімдердің танымдық ізденімпаздығы мазмұнын анықтауды ұсынады. «Болашақ мұғалімнің танымдық ізденімпаздығы - жеке тұлға қасиеті, ол
- психологиялық-педагогикалық және арнайы пәндік білімдері мен іс-әрекет тәсілдерін игеруі;
- оқытудың ғылымилығы мен оқу тиімділігі бірлігін жүйелеуі;
- сабақ барысында оқыту мен оқудың дидактикалық өзара әрекетін ұйымдастыруы;
- мұғалім мен оқушылардың бірігіп жасаған әрекетіне педагогикалық талдау жасауы», - деп түсіндіреді.
Г. Н. Кулагинаның көзқарасы неғұрлым соңғы көзқарас болып табылады: «Мұғалімнің танымдық ізденімпаздығын тек қажетсінуді, іс-әрекетті жүзеге асыруды және оны ретке келтіруді ғана біріктіретін тек кәсіптік біліктілікті игеруге саю дұрыс емес, себебі бұл ұғымның мазмұнын тым тарылтады», - дейді ол.
60-жылдарға дейінгі кезеңде танымдық ізденімпаздық пен танымдық белсенділік ұқсас ұғымдар ретінде қарастырылып келді.
Ғалым-педогогтар И. Я. Лернер, Р. А. Низамов, Н. А. Половникова, М. И. Махмутов, Т. И. Шамова және т. б зерттеулерінде танымдық белсенділік әлеуметтік мәдениет тәжірибесін игеруде және жеке тұлға қасиеттерін дамытуға бағытталған танымдық нысан мен оқытудың дидактикалық өзара әрекеті ретінде қарастырылады. Бұл педагогтардың анықтамаларында жеке тұлғаның оқудағы іс-әрекет жағдайына және бұл жағдайды анықтайтын педагогикалық шарттарға көңіл бөлінеді.
1. 2 Танымдық ізденімпаздықты құраушы компоненттер
Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерге шолу жасай отырып, зерттеулерде танымдық ізденімпаздықтың мотивтік, мазмұнды-операциялық, еріктік компоненттерінің мазмұнын ашуға, талдау жасауға ұмтылыс жасалды.
Т. И. Шамова бойынша да танымдық ізденімпаздықты
- мотивтік;
- мазмұнды-операциялық;
- еріктік
компоненттеріне бөледі және олар бір-бірімен байланысты және тұтас біріккен, оны күнделікті оқуда жіктеуге болмайды, тек қана тереңдетіп оқыту кезінде ғана ажыратуға болады деп түсіндіреді.
Танымдық ізденімпаздық компоненттерінің құрамы
Танымдық ізденімпаздық компоненттерін жеке-жеке қарастырайық.
Мотивтік компонент . Мотив - адамның объективті қажеттігі мен ынтасын бейнелейтін әрекетіне ішкі талаптануы.
Оқыту практикасында оқудың әр түрлі мотивтері болады. Олардың бірі - тікелей талаптандыру мотиві - бұл шәкірттің ұстазын ұнатуы, оған сүйіспеншілігі. Өйткені мұғалім оларға қызықты, тартымды сабақ береді, түрлі көрнекі және техникалық құралдарды, үйрету машиналарын шеберлікпен қолдануды, лингафон, компьютер кабинеттерінде қызықты сабақтар өткізеді. Осылардың бәрі оларды терең білім алуға қызықтырады, талаптандырады.
Перспективті талаптандыру мотиві - шәкірттің өз көздеген мақсатына ұмтылушылығына, оның іс-әрекетін болашаққа бағыштауына байланысты. Бұған мотивтер:
- мамандықты таңдап алуға байланысты шәкірттің пәнге қызығушылығы;
- келешек мамандыққа байланысы жоқ белгілі іс-әрекеттеріне қызығушылық (ән, сурет, әдебиет, спорт, т. б) . Бұл жерде мұғалім оқушыны белгілі мақсатқа ынталандыру қажет.
Түрлі психологиялық-педагогикалық зерттеу деректеріне сүйеніп, мотивтерді екі топқа ажыратуға болады:
- Танымдық мотив:
- оқушыны жаңа білімді игеруге және ұғу тәсілдеріне бағыттау;
- өз бетімен білім алу, оны іс-әрекетінде қолдана білу;
2) Әлеуметтік мотив:
- кең мағынадағы әлеуметтік мотивтер (оқуда белсенділік, ынталылық, жауапкершілік және борышын сезу) ;
- тар мағынадағы әлеуметтік мотивтер (отбасы, ұжым және жолдастарының, құрбы-құрдастарының арасындағы бедел т. б) ;
- ынтымақтастық-әлеуметтік мотив оқу-тәрбие жұмысында өзара қарым-қатынасқа ұмтылу және үнемі жетілдіру.
Психология мен педагогикада оқыту мәселесі терең зерттелген (Л. И. Божович, А. Н. Леонтьев, С. Л. Рубинштейн, Г. И. Щукина, П. М. Якобсон және т. б) .
А. Н. Маркова танымдық мотивті үш топқа бөлген:
- жаңа білімдерді игеруге бағыттаумен сипатталатын ауқымды оқу мотиві;
- білімдерге қол жеткізу тәсілдерін игеруге бағытталған оқу-танымдық мотиві;
- білімге қол жеткізу тәсілдерін ұдайы жетілдіруге бағытталуымен ерекшеленетін өз бетінше білім алу мотиві.
В. А. Сластениннің еңбектерінде мотив студенттердің оқу-танымдық іс-әрекетінде мынадай маңызға ие деп атап көрсетеді:
- жеке тұлғаның қалыптасыу негізі, ол студенттің әрі қарай дамуының факторы ретінде көрінеді;
- ойлау жүйесін реттеуге әсер етіп, интеллектуалды белсенділігінің көзі болады;
- танымдық тапсырмаларды шешуге, ізденуге шығармашылық күш беріп, білім сапасына, оның тереңдеуіне әсер етеді;
- өздігінен білім алуға ұмтылушылық дамуының ішкі шарты болып табылады.
- диагноздық мағынасы бар, ол жеке тұлғаның көптеген қасиеттерінің даму көрсеткіші болып табылады, яғни мақсаткерлік, саналылық, еңбекқорлық, танымдық қызығушылық ауқымы мен тұрақтылығы.
Оқу процесінде көзқарасты анықтау үшін зерттеудің түрлі әдістері пайдаланылады, олар;
- сабаққа қатысу мен үлгерімді талдау;
- сауалнама;
- жеке-жеке немесе топ-тобымен сұхбаттасу;
- оқушылармен әңгімелесу т. б.
Алынған деректер студенттердің көпшілігінде (92%) өздерінің оқу міндеттемелері туралы дұрыс түсінік бар екенін дәлелдейді. Әдетте, университетке түсуге олардың белгілі бір пәнге деген қызығушылығы, оны оқып-үйренуге деген ынтасы жетелегенін айтады; оқу қызметінде біліктілігі жоғары маман болуға ұмтылушылықты мақсат тұтады, 60%-і мұғалім болғысы келеді. Студенттердің тек 38%-і ғана дәріске үзбей қатысатыны, ал 32%-і практикалық сабақтарға дайындалатыны, 10%-і күн сайын ізденімпаздық жұмыспен шұғылданатыны анықталады. Бұл деректер студенттердің танымдық қызығушылығын қалыптастыру қажеттігін дәлелдейді. Пәндік курстардың кәсіптік бағытталуы мұғалімдік кәсіпке қызығушылықты дамытудың маңызды құралдарының бірі болып табылады. Сонымен бірге студенттердің танымдық қызығушылығы даму үстінде болатынын, қабылдау неғұрлым терең де тиянақты қабылдауға айналатынын, зейін мен абстрактілі ойлау қабілеті кемелденетінін, дүниетану көзқарасының қалыптасатынын еске сақтау керек. Сабақ беру нысандарын таңдау кезінде студенттердің танымдық мүмкіндіктерін ескеру қажет. Дәстүрлі әдістерден гөрі ізденімпаздық жұмысты неғұрлым кеңірек пайдалану да танымдық қызығушылықты қалыптастыруғы септігін тигізеді.
Кәсіпке ертерек бейімделу «кәсіптік танымдық мотивті» дамытудың қуатты түрткісі болып табылады, ал оқу барысында студенттердің ақыл-парасаты мен ерік күштерінің жоғары деңгейде болуын айқындайды.
Мұндай мотив тек оқу үлгерімінің ғана емес, сонымен бірге кәсіптік дайындығы мол шығарымпаз жеке тұлғаның қалыптасуының де негізі болмақ, ал танымдық ізденімпаздық осындай тұлғаның ажырағысыз сапасы болып табылады. Төменгі курстардан бастап оқу-тәрбие процесінің кәсіптік бағытталуын іске асыру - оқуды бастаған студенттер кездесетін қарама-қайшылықты (кәсіпке тезірек араласу ықыласы мен іргелі пәндерді төзімділікпен оқып үйрену қажеттігі арасындағы қарама-қайшылықты) шешу үшін қажет. Кейбір студенттерге жекелеген пәндер кәсіби жетілу үшін қажетсіз болып көрінеді, сондықтан оқытушының міндеті - төменгі курстарда оқылатын пәндердің таңдалған кәсіппен байланысын ашу. Бұл байланыстарды ашу жолдары нақты пәндердің ерекшеліктеріне қарай түрліше болып келуі мүмкін. Кәсіпті игеруге негіз жасайтын мазмұнды анықтауды басты бағыт деп есептеуге болады. Университет жағдайында мұғалім кәсібіне бағдарлау төменгі курстарда оқылатын іргелі ғылымдардың негіздік мазмұнын және мұғалімнің практикалық қызметіне даярлауға тікелей жәрдемдесетін жұмыстың әдістері мен нысандарын іріктеу арқылы іске асырылады.
Мазмұнды-операциялық компонент . Студенттердің танымдық ізенімпаздығының екінші компонентінде жетекші білімдердің және оқу - қызмет тәсілдерінің жүйесі қамтылады, бұл тәсілдер жаңа білімдер мен әрекет тәсілдерін өз бетінше игеру біліктілігін айқындайды. Бұл компоненттің ерекшелігін айқындау үшін жоғары оқу орны студенттері білімдерінің және олардың оқу-танымдық қызмет тәсілдері жүйесінің ерекшеліктерін анықтау қажет. С. И. Архангельский жоғары білімнің мазмұнына үш компонент кіруге тиіс деп есептейді:
- ғылымның қазіргі жай-күйі;
- даму процесіндегі ғылым мен техниканың жаңа мазмұнын айқындалуы;
- ғылым мен техниканың болжамды дамуының көрсетілуі.
Бірінші компонент ғылымда тұжырымдалған және практикада қабылданған нәрседен тұрады. Ол ең алдымен, төменгі курстарда оқылатын іргелі ғылымдардың мазмұнын құрайды. Жоғары курстарда екінші компоненттің және біраз дәрежеде үшінші компоненттің ролі арта түседі. Сөйтіп, студенттің жетекші білімдерінің жүйесіне жоғары оқу орнында ғылыми-техникалық даярлаудың негізін құрайтын іргелі ғылымдардан алған білімдер және ғылым мен практикада тексеруден өткен жаңа білімдер - даму үстіндегі ғылым мен техниканың жетістіктері кіреді. Жоғары білім мазмұнына студенттің болашақ кәсіптік қызметіне практикалық даярлығының мазмұны да кіретінін ескеру керек.
Танымдық ізденімпаздық компоненттерінің ішінде мазмұнды-операциялық компонент маңызды роль атқарады. Бұл студенттердің танымдық ізденімпаздығының екінші компонентінде жетекші білімдердің және оқу-танымдық қызмет тәсілдерінің жүйесі қамтылады, бұл тәсілдер жаңа білімдер мен әрекет тәсілдерін өз бетінше игеру біліктілігін айқындайды.
Мазмұнды-операциялық компонент жетекші білім жүйесі оқыту тәсілдерін қамтиды. Студенттердің жетекші білім жүйесі орта мектеп қабырғасында қалыптаса бастайды. Бұған жүйеленген, кеңейтілген дидактикалық мақсаттағы ғылым негіздері кіреді. Осы білім ғылыми білімдердің негізі болып табылады, бұд дәлелдемелер, ұсынымдар, заңдар, теориялар мен әдістер.
Студенттердің жетекші білім жүйесі жалпы алғанда жоғары оқу орындарындағы білім беру мазмұны негізінде қалыптасады.
С. И. Архангельскийдің анықтамасы бойынша, іргелі және арнайы теориялық білімдер жүйесі студенттердің теориялық алған білімдері мен практикасында, яғни болашақ кәсіптік іс-әрекетінде пайдалануына септігін тигізеді. Студенттердің жетекші білім жүйесі негізінде танымдық ізденімпаздықтың операциялық жақтары қалыптасады, оқыту тәсілдері жетіледі. Біліктер үш топқа бөлінеді, олар:
- ақыл-парасат,
- оқу еңбегі
- арнаулы пәндік біліктер.
Осы біліктерді меңгерудің белгілі бір деңгейі танымдық ізденімпаздықтың ілгері басуын қамтамасыз етуі тиіс. Сөз жоқ, ақпарат алып, оны зерделеуді қамтамасыз ететін ақыл-парасат білігі жетекші білік болып табылады. Оның қалыптасу деңгейінің жалпы танымдық ізденімпаздықты дамыту үшін зор маңызы бар.
Оқу процесінде оқытушы мен студент іс-әрекетінің өзара байланысы
Психологтар мен дидактиктердің атап көрсеткеніндей, оқу еңбегінің жалпы дағдыларына:
- мақсат қоя білу;
- жұмысты алдын-ала жоспарлау;
- оны тиімді ұйымдастыру;
- белгілі бір қарқында жұмыс істей білуді жатқызуға болады.
Студенттің ең басты нәрсені ажырата білу біліктілігі студент жасының ерекшелігімен және жоғары оқу орындарындағы оқу танымдық қызметтің ерекшеліктерімен айқындалады, ол студенттің жас ерекшелігіне, ақыл-парасаттың және арнаулы қабілеттердің қарқынды дамуына байланысты болады.
Ғылым саласына сәйкес құралған және теориялық, әдіснамалық білімдерді қамтитын жоғары оқу орнының пәндерін оқып үйрену студенттің ақыл-парасатының дамуына септігін тигізеді. Бұл өз кезегінде білімдерді жинақтауды әлі де неғұрлым жоғары деңгейде игеруге, теориялық және қолданбалы мәселелерді шешуге негіз жасайды, ал теориялық және қолданбалы мәселелерді шешу барысында ең басты нәрсені ажырата білу біліктілігі одан әрі дамытылады. Осының нәтижесінде студенттердің бойындағы осы біліктілік терең де ауқымды бола түсуімен ерекшеленеді.
Жалпы алғанда студенттің танымдық ізденімпаздығының операциялық жағы басқа сапалық деңгейімен (тереңдей түсуімен ауысуға бейімділігімен және оған жататын оқу-танымдық қызмет тәсілдерінің тұрақтылығымен) ерекшеленеді, бұл ақыл-парасат дамуының аса жоғары деңгейіне және студенттің ой-танымдық қызметінің ерекшелігіне байланысты болады.
Ең басты нәрсені ажырата білу біліктілігі оқу-танымдық қызметтің осы тәсілдерінде жетекші роль атқарады, бұл білікті танымдық ізденімпаздықтың операциялық жағы үшін жүйе құрайтын фактор деп есептеуге болады. Ол хабардың ең басты идеясын қабылдап жаңғыртуда, алдағы оқу-танымдық қызметтегі ең басты нәрсені айқындауды және осы негізде, осы қызметтің мақсатын қоя білуде көрініс табады. Оқу-танымдық қызметтің алға қойылған мақсатына сәйкес жұмысты жоспарлай білу және жұмыстың мақсатымен оқылатын материалдың ерекшелігін ескере отырып, өзін-өзі бақылау біліктілігі операциялық сипаттағы танымдық ізденімпаздықтың қалыптасуының қосымша көрсекіштері болып табылады.
Еріктік компонент.
Егер жеке тұлға белгілі бір ерік күшін жұмсамаса, білімді және әрекет тәсілдерін игеруге талаптанғынымен білімдердің бір жүйесі болғанымен және біліктілік қалыптасқанымен, танымда ізденімпаздық пен ілгерілеушіліктің болуы мүмкін емес. Сондықтан еріктік компонент танымдық ізденімпаздықтың ажырамас бөлігі болып табылады, бұл компоненттің негізінде таным барысындағы қиындықтарды жеңу жөнінде ерік күшін жұмсауға дайын тұрушылық және оны әрекетте іске асырушылық жатыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz