Қазақша күрес


Қазақша күрес әлемдегі ең тарихы терең спорт түрлерінің бірі ғой. Қазақтың ешбір ұлы тойы мен мерейлі мерекесі онсыз өтпеген. Сонау ықылым замандардан бері қазақ білекті азаматтарына қара күштің киесі дарыған жан деп қана қарамай, үлт қуаттылығын, ел қүдыретін танытар өнер иесі деп қадір тұтқан. Алайда осы өнеріміз күні кешеге дейін Қазақстан аумағынан аса алмады. Кеңес тұсында да ол кеудесінен басылып тұрды. Бұл ретте оның ашылмай тұрған тағы бір тынысы бардай сезілетін. Содан еліміз егемендік алып, ел еңсесін көтере бастаған тұста, Штаттағы ұлттық командалар дирекциясын басқарып тұрған маған қазақ күресінің басы-қасында жүрген ағаларымыз қолқа салды. Осы күрестің қыр-сырын білетін Бауыржан Жаналин, Марат Жақитов, Диқанбай Биткөзов, Бақытжан Жаңбырбаев секілді ағаларымыз: «Өзің қазақша күресті жақсы білесің, сосын барлық күрес түрлерін басқарып отырсың. Демек, осы ұлттық спорт түрін жаңа биік деңгейге шығару қолыңнан келеді. Елде экономика өрледі емес пе, енді рух та көтерілсін!» деп ой тастады. Өзімді де осы ой мазалап жүрген болатын, сөйтіп, төлтума спортымызды тар шеңбер мен шекарадан асырып, әлемдік деңгейде шарықтатуға тэуекел жасап, бел будық. Бұл жолда, ең алдымен, оны сырттан таңылған, кірме ұғымдардан аршып алу қалсет еді. Ол кезде Кеңес тұсынан қазақ күресінде «бір балл, екі балл» деген сияқты орысша бағалау терминдері, сосын еркін күрестен алына салынған айла-тәсіл атаулары араласып жүрген, олардан арылу керек болды. Содан төрешілік бұйрықтарды, әдіс-айла атауларын, күрес тәсілдерін қайтадан қазақшалауға кірістік. Мәселен, «бір балл, екі балл» дегеннің орнына қазақи қалыппен «жамбас», «бүк» сияқты баға айту керектігін белгіледік. Анау жапондар мысалға, өз күрестерінде - дзюдода «иппон», «кока», «юка» деп бекіткен, орысың да, ағылшының да әрқайсысы өз тіліне тартпай, тілін бұрап, осылай жапонша атайды. Бізде де солай болуға тиіс. Мысалға, жапондар «хаджиме!» дейді, қазақша күресте біз «баста!» дедік. Сосын оларда- «иппон», ал бізде - «таза жеңіс». Оның сыртында, біз «тоқта!», «жартылай жеңіс» сияқты көптеген бұйрықтарды бекіттік. Қиын ештеңесі жоқ, қазір мұны бәрі үйреніп алды.
Күрестің ұлттық түрі «қазақ күрестің» даму тарихы қазақ халқының тамыры тереңнен тартылатын тарихымен тұтасып жатыр. Түрлі бас қосулар мен мереке тойлар спорттың осы түрінің сайысынсыз өткен емес. Күші басым түсіп, жеңіске жеткен балуандар халықтың төбесіне тұтар құрметті адамына айналған. Қазақтың ұлы батыры Қажымұқан есімі қазақ халқының тарихына ғана еніп қойған жоқ, сонымен бірге спортшылардың әлемдік элитасының қатарына кірді.
«Қазақ күресі» бойынша бірінші ірі жарыс 1938 жылы ауыл шаруашылығы аймақтары арасындағы спартакиада аясында өткен. Сол сәттен бастап жарыс дәстүрлі түрде республика қалаларында тұрақты өткізіліп келеді.
Ірі Халықаралық турнирлер 1952 және 1975 жылдары Азия аймағы спортшыларының қатысуымен өткізілді. Ұлттық күрестің дамуы Қазақстан егемендік алғаннан кейін жаңа серпін алды. 1991 жылдан бастап республикалық чемпионаттар мен біріншіліктер жыл сайын өткізілетін болды.
2004 жылы Қазақтардың Берлиндегі Бүкіләлемдік Құрылтайында конференция болып, сонда «Қазақ күресі» бойынша халықаралық федерация ұйымдастырылды. Федерацияның президенті - Төкеев Серік Адамұлы.
2005 жылы Ресейде (Алтай өлкесі) «Қазақ күресі» бойынша І Азия Чемпионаты өтті. 2005 жылы қарашада Астанада ҚР Президентінің жүлдесіне «Қазақ күресі» күресі бойынша ірі халықаралық турнир болды. Оған әлемнің 25 елінен 100-дене аса спортшы қатысты. Олардың қатарында Германия, Түркия, Голландия, Франция және басқалары бар.
2006 жылы Алматы қаласында қазақ күресінен 1-ші әлем біріншілігі өткізілді, оған 36 мемлекеттің балуандары қатысты. Бұл жарыста Қазақстанның 4 балуаны әлем чемпионы атанды, атап айтсақ Бауыжан Тәліп, Мәди Құрымбаев, Бақтыбай Қисықов, Бейбіт Ыстыбаев.
2008 жылы Ресейдің Орск қаласында 2-ші әлем біріншілігі өткізілді, оған 42 мемлекеттің балуандары қатысып, Қазақстанның 4 балуаны алтын, 2-і күміс медальмен оралды.
2010жылы Елордамыз Астана төрінде 3-ші әлем біріншілігі туын желбіретті, 46 мемлекеттен 300-ден астам балуандар қатысты. Қазақ балуандары бұл бәсекеде намысты қолдан бермей 5 алтын 1 күміс 1қола медаль иеленіп командалық есепте бірінші орынды алды.
2011 жылы 20-шы тамызда Қазақ барысы жүлдесі өткізілді, оған әр обылыстан 4 балуаннан, барлығы 64 балуан қатысып бас жүлдені сарапқа салды. Бұл сайыста 1-ші орынды Қызылордалық балуан Рысқұл Ұлан иеленіп 150 000 АҚШ долларын алды, 2-ші орынды Жамбыл обылысының балуаны Ыстыбаев Бейбіт иеленіп жүлдеге 30 000 АҚШ долларын алса, 3-ші орын Шығыс Қазақстандық Жоламанов Шалқарға бұйырды, тиісінше 10 000 АҚШ долларын алды.
2012 жылдың 15 қыркүйегіне Қазақ барысы жүлдесі сарапқа салынбақшы жалпы жүлде қоры 320 000 АҚШ долларын құрайды, мұндай үлкен сый тағайындау арқылы бүкіл әлемге қазақ күресін насихаттау
Қазақша күрестің техникасы
Қазақша күрес техникасы дегеніміз жеңіске жетуге бағытталған белгілі бір әрекеттер жүйесі. Күрес тактикасында аса тиімді әрі түрлі әрекеттер сараланып шықты. Оларды шабуылдау, қорғану, қарсы шабуылдау әрекеттер деп бөлуге болады. Осылардың ішінде палуанның техникалық шеберлігін арттьфуға ең пайдалысы шабуылдау әрекеттері болып табылады. Күрес техникасына нашар палуандар әдетте, өзіне қолайлы әрі тиімсіз амалдарды пайдаланады. Сөйтіп көбінесе қарсыластарының бетін қайтаруға ғана күш салады. Ал мұндай амалдар шабуылдаушы жақтың күші басым болса ғана нэтиже береді. Техникасы жақсы палуандар көбінесе ісүші басым қарсыласын да жеңіп кетеді. Брі үшін олар түрліше қимылдар жасап, қорғанып, қарсы шабуылға шығып, не күш жағынан, не уақыт жағынан ұтады.
Күрес техникасын анықтау үшін күресушілердің барлық негізгі қимылдарын талдаудан өткізу қажет. Мұндай талдауды ең алдымен ол қимылдарды орындауға жұмсалатын механикалық күш тұрғысынан қарау керек.
Ең қарапайым қимылды орындағанның өзінде де адам денесінің бірқатар органдары өзара қимылға келіп, оны орталық нерв жүйесі реттеп тұратындығы белгілі. Сондықтан күрес техникасын талдап анықтағанда жеке бұлшықет қызметі қарастырылмайды. Өйткені күресте оны қысу немесе тарту күші тарту ұзақтығы, шапшаңдығы пайдаланылады. Сонымен, палуандар қозғалысында әсер етуші күш ретінде мыналар ескеріледі:
· салмақ күші;
· бұлшықеттің тарту күші;
· дененің инертті (қимылсыз тұрған кездегі) қарсылығы.
Осы күштер әсер еткенде палуан денесі әртүрлі жағдайға түседі, оның жеке бөліктерін рычак ретінде қарастыру ыңғайлы.
Қазақша күрестегі техникалық тәсілдері
Күрес жеке-жеке қарапайым қозғалыстан (ол қозғалыс кеңістік және уақыт арқылы бір-бірімен байланысты) тұратын тұтас әрекет болып табылады. Яғни әрбір әдіс, қол, аяқ, дене арқылы жасалатын қарапайым қозғалыстан тұрады, ол қарапайым қозғалыс деп аталады. Күресте шартты түрде қозғалыстар былайша бөлінеді:
1. қолдардың қозғалысы - ұстау, орап ұстау, қысу, итеру, жұлқу, тұю, тарту, тіреу, басу, т. с. с.
2. аяқтардың қозғалысы - қою, аттау, кейін қою, адымдап кету, бүгу, жазу йіліп шалу, қағу, үстіне салу, т. с. с.
3. дененің қозғалысы еңкею, тік көтеру, иілу, бұрылу, қысу, итеру, құлату, т. с. с.
Палуанның қимылдарының біразы бір мезгілде, біразы бірінен соң бірі орындалады. Барлық әдістерді шапртты түрде қарапайым қозғалыс және қозғалыс фазасы деп бөлуге болады.
Күресушінің негізгі жағдайы және қозғалыстары олардың биомеханикалық талдауы (тіреу алаңы, жалпы ауырлық центрі) .
Қазақша күрес те айқасудан басталады. Сондықтан күресушілер қозғалған кезде тепе-теңдікті сақтау заңдылықтарын ескерулері қажет.
Күрес үстіндегі шабуылдағанда күресушінің бірі екіншісін тепе-теңдіктен шығаруға, ал екіншісі жығылып қалмау үшін тепе-теңдігін сақтап, сондай жағдайда қарсыласын түсіруге тырысады. Бірақ қарсыласын тепе-тендіктен шығарғанда палуанның өзі де тепе - теңдікті сақтай алмайды. Өйткені ондай қимылдарды бір орында тұрып орындау мүмкін емес. Сөйтіп, күрес кезінде екі жақ та ұдайы тепе-теңдігінен айырылып және оны сақтап тұрады.
Күрескен кезде палуандар көбінесе тіреу алаңын көзбен бақылайды. Мұндай жағдайда тіреу алаңы екі табаны мен табандарының арасындағы кеңістік болып табылады. Палуанның жағдайына қарай оның аяқтары тірейтін алаңы өзгеріп отырады. Әрине тіреу алаңы неғұрлым үлкен болса, срғұрлым палуанның берік түратындығы да табиғи нәрсе.
Жалпы ауырлық центріне түсетін түзу сызық тіреу алаңының шетіне келсе немесе одан шығып кетсе, тепе-теңдік бұзылады. Сондықтан палуан қимылдаған кезде ауырлық центрінің түзу сызығы тіреу алаңының ортасына жақын болуының маңызы зор.
Палуан денесінің белгілі бір табиғаттағы орнықтылығы орнықтылық бұщрышы бойынша сипатталады. Орнықтылық бұрышы дегеніміз ауырлық сызығы және дененің ауырлық центрінің тіреу алаңының шетімен (дененің орщнықтылықдәрежесі анықталатын жақтағы) қосатын сызық арасындағы бұрыш. Орнықтылық бұрышы (X) дененің ауырлық центрі төмендеп, тіреу алаңы үлкейген сайын және ауырлық сызығы тіреу алаңының шетінен қашықтауына қарай үлкейе береді. Айқас кезінде аяқтарын алшағырақ қойып, аздап бүксе, палуан денесі орнықтырақ болады. Алайда аяқтарын тым алшақ қойып немесе көбірек бүгіп жіберсе, спортшы денесін шапшаң игере алмай қалады.
Тепе-теңдікті сақтау өнері мынаған саяды: тіреу алаңын тез өзгертіп, «қауіпті бағытта» орнықтылық бұрышын арттыратын қимылдар жасау; қарсыластың жұмсаған күшін бейтараптау немесе кері серпу үшін тиісті бұлшық еттерін қатайту немесе босату.
Осындай қимылдар жасау үшін ең қолайлы жағдайды күресте палуанның тұрысы деп атайды. Бұл мынадай жағдай: аяқтары иығына сәл алшақтау, бір аяғы ( сол немесе оң) бір табан алға қойылған; тізелері аздап бүгілген, бұлшықеттері бос, кез-келген бағытта тез қимылдауға дайын, денесі сәл ғана еңкейген, Іал алға қойған аяғы жағындағы иығы да солай қарай бұрылған. Әсіресе, жалпы ауырлық центріне ерекше көңіл аудару қажет. Ол шабуылдау кезінен басқа уақытта тіреу алаңының ортасында (аяқтарының арасында) болуы тиіс.
Орнықтылық бүрышын «қауіпті бағытта» арттағы аяқты палуан өзінің тұрған күйін сақтайтындай етіп, ал қауіпті бағыт қарсы жақта қалатындай етіп тағы да кейін қою арқылы арттыруға болады.
Қазақша күресті үйретуді жаңа әдістері
Күрес тәсілдерін квалификациялау барлық белгілі әдістерді ортақ белгілеріне қарай топқа бөлуге болады.
Жүйелеу - Тәсілдердің әртүрлі топтардың арасындағы байланыстар мен өзара тәуелділіктерді тауып, оларды қиындық дәрежесіне, құрылымының күрделілігіне, тағы сол сияқты белгілеріне қарай бірінен бірін орналастыру (жүйе) .
Терминология - педагогикалық және спорттық жұмыс кезінде пайдаланылатын қазақша күреске тән атаулар.
Жүйелеу классификациялау негізінде жүргізіледі. Ол жаттықтырушының күрес техникасы, топтар мен амалдар арасындағы өзара байланыс жөніндегі жаттығушыларға түсінік беруіне көмектеседі. Бұл палуандарды дәйекті түрде және дұрыс оқытуға мүмкіндік береді.
Қазақша күресті классификациялау негізіне қарсыласпен күрескен кезде қолданылатын және жарыс ережелерінде рұқсат етілген амалдар алынған.
Қазақша күрес техникасындағы кейбір түсініктерді анықтау.
Күрес техникасы дегеніміз палуанның жеңіске жетуі үшін қолданатын және әрекет ету ережелерінде рұқсат етілген амалдар жиынтығы.
Түрегеліп күресу техникасы - тұрып күрескенде қолданылатын амалдар.
Ұстасу - қолмен орындалатын әрекеттер, палуан шхабуылдау, қорғану немесе қарсы шабуылдау мақсатында қарсыласының киімінің бір жерінен ұстай алады.
Бір жақты ұстау - оң қолымен қарсыласының оң қолының (сол қолын сол қолынан) ұстау.
Әр жақты ұстау - оң қолымен қарсыласының сол қолынан (сол қолымен оң қолынан) ұстау.
Ырғақ - білектерін айқастыру әдісі, саусақтарына қармақтап ілмектеп, құлыптап, бір-бірімен ұстастырады.
Шалу - аяқпен жасалатын қимыл, бұл кезде палуан балтырын, жіліншігін қарсыласының тізесінен төмен қойып, сырттан шалады.
Ілу - аяқпен жасалатын қимыл. Бұл кезде палуан қарсыласының денесінің қандай да болмасын бір бөлігін ұстап, өзіне немесе бір жағына қарай тартады. Аяқты бүгіп тұрьш жіліншікпен немесе табанмен орындалады.
Орау - аяқпен жасалатын қимыл. Палуан қарсыласын қимылдатпай ұстап, өзіне немесе бір жағына қарай тартып, онымен бір мезгілде жіліншілігімен және табанымен аяғынан іледі.
Қағу - аяқ қимылы. Палуан табан жағымен, табанның ішкі, сыртқы қырларымен қарсыласын аяқтан қағады.
Көтере қағу - аяқ қимылы. Палуан санының артқы жағымен қарсыласын аяғынан немесе екі аяғынан бірдей артқа көтере қағады.
Тізеден қағу - аяқ қимылы. Палуан қарсыласының аяқтарын кілемге тигізбей көтеріп алып, тізесімен қағады.
Көтере итеру - аяқ қимылы. Палуан қарсыласын санымен немесе жіліншігімен өзінің алдынан жоғары көтере итереді.
Адымын айқастыру - қарсыласының жанына немесе артына шығу мақсатымен палуан аяғын оның аяқтарының артына қояды.
Еңкею - денені тік тұрған күйінен горизонталь күйге қозғалту.
Тікею - денені горизонталь күйден тік күйге келтіріп қозғалу.
Шалқаю - денені артқа қарай шалқайтып доғаша иілу.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz