Қазақша күрес туралы


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
Негізгі бөлім
- Қазақ ұлттық спорт ішіндегі қазақша күрестің алатын орны және оның даму тарихы . . . 6
- Қазақша күрес терминологиясы . . . 15
- Қазақша күрестің техникалық және тактикалық әдіс-тәсілдері . . . 19
- Қазақша күрес үйрету әдістемесі . . . 27
Қорытынды . . . 34
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 36
Кіріспе
Қазақша күрес әлемдегі ең тарихы терең спорт түрлерінің бірі ғой. Қазақтың ешбір ұлы тойы мен мерейлі мерекесі онсыз өтпеген. Сонау ықылым замандардан бері қазақ білекті азаматтарына қара күштің киесі дарыған жан деп қана қарамай, үлт қуаттылығын, ел қүдыретін танытар өнер иесі деп қадір тұтқан. Алайда осы өнеріміз күні кешеге дейін Қазақстан аумағынан аса алмады. Кеңес тұсында да ол кеудесінен басылып тұрды. Бұл ретте оның ашылмай тұрған тағы бір тынысы бардай сезілетін. Содан еліміз егемендік алып, ел еңсесін көтере бастаған тұста, Штаттағы ұлттық командалар дирекциясын басқарып тұрған маған қазақ күресінің басы-қасында жүрген ағаларымыз қолқа салды. Осы күрестің қыр-сырын білетін Бауыржан Жаналин, Марат Жақитов, Диқанбай Биткөзов, Бақытжан Жаңбырбаев секілді ағаларымыз: «Өзің қазақша күресті жақсы білесің, сосын барлық күрес түрлерін басқарып отырсың. Демек, осы ұлттық спорт түрін жаңа биік деңгейге шығару қолыңнан келеді. Елде экономика өрледі емес пе, енді рух та көтерілсін!» деп ой тастады. Өзімді де осы ой мазалап жүрген болатын, сөйтіп, төлтума спортымызды тар шеңбер мен шекарадан асырып, әлемдік деңгейде шарықтатуға тэуекел жасап, бел будық. Бұл жолда, ең алдымен, оны сырттан таңылған, кірме ұғымдардан аршып алу қалсет еді. Ол кезде Кеңес тұсынан қазақ күресінде «бір балл, екі балл» деген сияқты орысша бағалау терминдері, сосын еркін күрестен алына салынған айла-тәсіл атаулары араласып жүрген, олардан арылу керек болды. Содан төрешілік бұйрықтарды, әдіс-айла атауларын, күрес тәсілдерін қайтадан қазақшалауға кірістік. Мәселен, «бір балл, екі балл» дегеннің орнына қазақи қалыппен «жамбас», «бүк» сияқты баға айту керектігін белгіледік. Анау жапондар мысалға, өз күрестерінде - дзюдода «иппон», «кока», «юка» деп бекіткен, орысың да, ағылшының да әрқайсысы өз тіліне тартпай, тілін бұрап, осылай жапонша атайды. Бізде де солай болуға тиіс. Мысалға, жапондар «хаджиме!» дейді, қазақша күресте біз «баста!» дедік. Сосын оларда- «иппон», ал бізде - «таза жеңіс». Оның сыртында, біз «тоқта!», «жартылай жеңіс» сияқты көптеген бұйрықтарды бекіттік. Қиын ештеңесі жоқ, қазір мұны бәрі үйреніп алды.
Күрестің ұлттық түрі «қазақ күрестің» даму тарихы қазақ халқының тамыры тереңнен тартылатын тарихымен тұтасып жатыр. Түрлі бас қосулар мен мереке тойлар спорттың осы түрінің сайысынсыз өткен емес. Күші басым түсіп, жеңіске жеткен балуандар халықтың төбесіне тұтар құрметті адамына айналған. Қазақтың ұлы батыры Қажымұқан есімі қазақ халқының тарихына ғана еніп қойған жоқ, сонымен бірге спортшылардың әлемдік элитасының қатарына кірді.
«Қазақ күресі» бойынша бірінші ірі жарыс 1938 жылы ауыл шаруашылығы аймақтары арасындағы спартакиада аясында өткен. Сол сәттен бастап жарыс дәстүрлі түрде республика қалаларында тұрақты өткізіліп келеді.
Ірі Халықаралық турнирлер 1952 және 1975 жылдары Азия аймағы спортшыларының қатысуымен өткізілді. Ұлттық күрестің дамуы Қазақстан егемендік алғаннан кейін жаңа серпін алды. 1991 жылдан бастап республикалық чемпионаттар мен біріншіліктер жыл сайын өткізілетін болды.
2004 жылы Қазақтардың Берлиндегі Бүкіләлемдік Құрылтайында конференция болып, сонда «Қазақ күресі» бойынша халықаралық федерация ұйымдастырылды. Федерацияның президенті - Төкеев Серік Адамұлы.
2005 жылы Ресейде (Алтай өлкесі) «Қазақ күресі» бойынша І Азия Чемпионаты өтті. 2005 жылы қарашада Астанада ҚР Президентінің жүлдесіне «Қазақ күресі» күресі бойынша ірі халықаралық турнир болды. Оған әлемнің 25 елінен 100-дене аса спортшы қатысты. Олардың қатарында Германия, Түркия, Голландия, Франция және басқалары бар.
2006 жылы Алматы қаласында қазақ күресінен 1-ші әлем біріншілігі өткізілді, оған 36 мемлекеттің балуандары қатысты. Бұл жарыста Қазақстанның 4 балуаны әлем чемпионы атанды, атап айтсақ Бауыжан Тәліп, Мәди Құрымбаев, Бақтыбай Қисықов, Бейбіт Ыстыбаев.
2008 жылы Ресейдің Орск қаласында 2-ші әлем біріншілігі өткізілді, оған 42 мемлекеттің балуандары қатысып, Қазақстанның 4 балуаны алтын, 2-і күміс медальмен оралды.
2010жылы Елордамыз Астана төрінде 3-ші әлем біріншілігі туын желбіретті, 46 мемлекеттен 300-ден астам балуандар қатысты. Қазақ балуандары бұл бәсекеде намысты қолдан бермей 5 алтын 1 күміс 1қола медаль иеленіп командалық есепте бірінші орынды алды.
2011 жылы 20-шы тамызда Қазақ барысы жүлдесі өткізілді, оған әр обылыстан 4 балуаннан, барлығы 64 балуан қатысып бас жүлдені сарапқа салды. Бұл сайыста 1-ші орынды Қызылордалық балуан Рысқұл Ұлан иеленіп 150 000 АҚШ долларын алды, 2-ші орынды Жамбыл обылысының балуаны Ыстыбаев Бейбіт иеленіп жүлдеге 30 000 АҚШ долларын алса, 3-ші орын Шығыс Қазақстандық Жоламанов Шалқарға бұйырды, тиісінше 10 000 АҚШ долларын алды.
2012 жылдың 15 қыркүйегіне Қазақ барысы жүлдесі сарапқа салынбақшы жалпы жүлде қоры 320 000 АҚШ долларын құрайды, мұндай үлкен сый тағайындау арқылы бүкіл әлемге қазақ күресін насихаттау.
1. Қазақ ұлттық спорт ішіндегі қазақша күрестің алатын орны және оның тарихы
Қазақ халқы қашаннан ұлттық спорт түрлеріне бай халық. Қазақша күрес, көкпар, қыз қуу, бәйге тағы басқа спорт түрлері бағзы заманнан бері халқымызбен бірге жасап келеді. Күні бүгін де олар өздерінің мән - мазмұнын жойған жоқ. Қайта партия мен үкіметтің қамқорлығының арқасында жаңарып, түрленіп келеді. Оған партия мен үкіметіміздің ұлттық спорт түрлерін дамыту жөніндегі алған документтері мен советтік дене шынықтыру жүйесіндегі қазақтың спорт түрлерінің алатын орны әбден дәлел бола алады. Өздерінің спорт жолдарын қазақша күрестен бастаған, републикамыздың мақтанышы, СССР-дің, СССР халықтары спартакиясының, әлем және олимпияда чемпионы Ж. Үшкемпіров, сондай-ақ қазақша күрестен Қазақ ССР-нің чемпионы, самбодан жастар арасындағы әлем чемпионы, ересектер арасындағы Европа чемпионы Қ. Байшолақов, самбодан әлем және Европа чемпионы А. Мұсабековтардың еңбектері куә. Ал А. Ғабсаттаров, К. Байдосов, А. Қазымбетов, Ә. Айханов, С. Өтенов сияқты спортшылар да қазақша күресті дамытуға атсалысқан абзал жандар.
Қазақтың ұлтық спорт түрлерінің дамуына 1978-1979 жылдардағы 1 спартакиядағы дайындық кезеңі үлкен серпіліс қосты. Әрбір колхоз - совхозда, мектептер мен училищелерде үйірмелер мен секциялар ұйымдастырылып, олардың қортындылары шопан тойларында, егін орағының соңында шығарылып отырады.
Партия мен үкіметтің ұлттық спорт түрлерін дамытуға деген қорлығы ұшан-теңіз. Мәселен КПСС Орталық Комитеті мен СССР Министрлер Советінің 1966 жылғы қаулысында ұлттық спорт түрлерін кеңінен өрістету жайы көрсетіледі. Ал 1965 жылы қазақ ССР Министрлер советінің жанындағы дене шынықтыру және спорт жөніндегі комитеті қазақша күрес үшін разряд нормалары мен талаптарын жасап, бекіткенді. 1971 жылы осы комитеттің коллегиясы «Қазақ ССР -нің спорт шебері» атағын белгіледі. Ал бәйге, көкпар, қыз қуу, күміс алу сияқты ұлттық спорт түрлері жыл сайын СССР Ауыл шаруашылығы министрлігі өткізетін ат спорттың Бүкіл одақтық жарысының программасына енгізілген.
Бірақ қазақша күрес пен тоғызқұмалақтан басқа ұлттық спорт түрлерінде разряд беру талаптарын әлі белгіленген жоқ. Келешекте қазақтың қыз қуу, бәйге, көкпар секілді ат спортына да көңіл аударылғаны жөн сияқты. Сондай-ақ қазақ халқында түйежарыс та болған. Ол кейбір жерлерде қазіргі кезде де өткізіледі. Болашақта бұған да көңіл бөлінеді деп сенеміз.
Қазақтың ұлттық спорт түрлерінің ішінде әзірге Одақ көлеміне белгілісі - қазақша күрес. Соған орай спорттың бұл түрі басқаларына қарағанда әбден қалыптасқан.
Қазақша күресті жетілдіріп, одақ көлеміне әйгі етуге атсалысқан М. Рақымқұлов Ж. Төлегенов, Ә. Бүркітбаев, Т. Асқаров, Д. Биткөзов, Ж. Сабыржанов, Н. Омаров, Р. Сапарғалиев сынды спортшылар есімдерін мақтанышпен атамасқа болмайды.
Қазақша күрес - көптеген тәсілдер, жасап орындалатын күрес. Оның ережесі бойынша самбоның, еркін және классикалық күрестің кейбір амалдарын қолдануға рұқсат етіледі. Мұнда белбеуден қос қолдап, бір қолмен ұстап немесе кеудеден қолдан, киімнен ұстап лақтыруға болады.
1928 жылға дейін күрестің бірыңғай ережесі болған жоқ. Жарысқа түсетін палуандардың салмағы ескерілмеді. Сондықтан көбінесе қарсыласынан күші ғана емес, салмағы да артық палуандар жеңіске жетіп келді. Жарыс жергілікті жерде ежелден қабылданған немесе алдын ала келісілген шартқа сәйкес ереже бойынша өткізілді. 1928 жылы қазақша күреске тән бүкіл әдіс-тәсілдерді түгелдей қамтыған бірыңғай ереже жарияланды. Ал 1938 жылы Қазақстанда спорттық ірі жарыстар өткізіле бастады. Республика астанасы Алматы қаласында өткізілген колхозшылардың І республикалық спартакиясында қазақша күрестен алғаш рет салмақ категориясы бойынша (жеңіл салмақ - 65 килограмм, орта салмақ - 76 килограмнан жоғары) жарыс өтті. «Республика чемпионы» деген құрметті атақты салмақ категориялары бойынша Семей облысының өкілдері С. Адасқанов, К. Алтыбасаров және И. Түйменов жеңіп алды.
1939 жылы республика біріншілігінен бұрын облыстарда біріншілік өткізілді. Онда жеңіп шыққандар «Қазақстан чемпионы» атағы үшін күресу правосына ие болды. Содан соң Семей қаласында Қазақстан біріншілігі өткізіліп бұл жарысқа Алматы, Павлодар, Семей, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарының палуандары қатысты. 1938 жылы Семей обылысының өкілдері үш салмақ категориясы бойынша да бірінші орын алған болса, бұл жолы «республика чемпионы» деген атақты Құрманбаев (Алматы облысы), Досқалиев (Батыс Қазақстан), Мусин (Павлодар облысы) жеңіп алады. Табанды күрес үстінде Батыс Қазақстан облысының өкілі Досқалиев барлық қарсыласын жеңіп, «республиканың абсолюттік чемпионы» деген атаққа ие болады. 1940 жылы бес салмақ категориясы бойынша Республика біріншілігі өтті. Ол салмақ категориялары: аса жеңіл, орта, жеңіл, жартылай ауыр және ауыр салмақ. Республиканың чемпионы атағын осы салмақ категориялары бойынша Байдәулетов, Құрманбаев, Төлегенов, Мохманов, Жұмабаев жеңіп алады.
Ұлы Отан соғысына байланысты дене шынықтыру жолындағы қозғалыс тежеліп, Қазақстанда бұқаралық спорт жұмысы уақытша тоқтап қалды. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ дене шынықтыру ұйымдарының қызметі түгелдей Отан қорғау ісіне бағытталды. Олар жаппай оқу орындарына халықты әскери дене шынықтыру дайындығынан өткізуге, Қызыл армияның жауынгерлік резервін даярлауға көмектесуге тиісті болды, дене шынықтыру ұйымдарының мүшелері мен спортшылар әскери оқу пунктерінде жауынгерлерді қолма-қол ұрысқа үйретіп, граната лақтырушыларды, шаңғышыларды т. б. даярлады.
Қазақстанның мыңдаған спортшысы дене шынықтыру саласының қызметкері тылдағы жанқиярлық еңбегімен ұрыстарға тікелей қатысуы арқылы жаумен күресуге елеулі үлес қосты.
1944 жылы қазақ халқы азамат соғысының батыры Амангелді Имановтың юбилейін өткізді.
Батырды еске алу ретінде спорттың ұлттық түрлерінен, соның ішінде қазақша күрестен де жаппай жарыс өткізілді.
Фашистік Германия тізе бүкеннен кейін еліміз қираған шаруашылықты қалпына келтіруге кірісті. Бұған бүкіл халық болып жұмсалды. Сонымен қатар партия мен үкімет елімізде спортты дамытуға үлкен көңіл бөлді. Әрбір мерекені, әрбір тойды қазақ халқы да ұлттық ойындар өткізе отырып қарсы алды. Фашистік Германияны жеңу бүкіл халықтық мереке еді. Соған орай соғыстың аяқталған құрметіне 1945 жылы майда Қазақстанның колхоздары мен совхоздарында қазақша күрестен жаппай жарыстар өткізілді.
1945 жылы Республиканың спорттық өмірінде спорттың ұлттық түрлерімен айналысу жөніндегі жұмыстардың кеңінен өріс алған жылы болды. Спартакияда программасына ұлттық қазақша күрес те енгізілді. Мысалы 1946 жылғы Жамбыл Жабаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған спартакиядағы ұлттық күрес кірді. Ұлы ақын атындағы арнайы жүлделерді Медібаев, Күнібаев, Аманов жеңіп алды.
1948 жылы ВКП(б) орталық комитетінің «партия мен үкіметтің елімізде дене шынықтыру қызметін жаппай дамыту және совет спортшыларының шеберлігін арттыру жөніндегі комитеттің орындау барысы туралы» тарихи қаулысы жарияланады. Ол қаулыда ВКП(б) Орталық комитеті елімізде дене шынықтыру мен спортты дамытудағы негізгі кемшіліктердің бетін ашып, одақтас республикаларды дене шынықтыру жолындағы қозғалыстың өрлей түсуіне ықпал етті.
1952 жылы Түркіменстан астанасы Ашхабадта Орта Азия Республикалар мен Қазақстанның кезекті спартакиядасы өткізілді. Оның программасында ұлттық күресте жарыс өткізуде көзделеді. Бес республиканың ұлттық күрес жөніндегі жарысы ережелерінің негізіне күрестің классикалық түрлерінің ережелеріне жақын тұрғандықтан, қазақша күрес ережелері алынды.
Жарыс сегіз салмақ категориясы бойынша алынды. Семей обылысынан Байбатыров (жеңіл салмақ), Қарағандылық Сәлімбаев спартакияда чемпионы атанды.
ВКП(б) Орталық Комитетінің жоғарыда аталған тарихи қаулысының негізінде республикалық және облыстық спорт комитеттері спорттың ұлттық түрлерін дамытуға үлкен көңіл бөлді. Мысалы, 1953-1954 жылдары қазақша күрестен өткізілген жарыстарды талдау бұқаралығы жағынан да, техникалық жарақтандырылуы мен тактикасы жағынан да оның күрестің классикалық түрлеріне жақындағанын көрсетеді. 1955 жылы қазақша күреске сегіз салмақ категориясы енгізіліп, алғаш рет одан өткізілетін жарыстың ережелері жарияланды. Алғашқы ресми ережелердің авторы қазақша күресті дамытудың жанашары Мұзафар Рахымқұлов болды.
1959 жылы СССР халықтары екінші спартакиядасы өтті. Сол кезде Москвада ұлттық күрес түрлері жаттықтырушылары мен спортшыларының Бүкілодақтық семинары болды.
Оған одақтық және автономиялық республикалардың күрес жөніндегі жиырмадан астам өкілі қатысты. Онда басқа ұлттық күрес пен қатар қазақша күрес ережелері де талқыланды.
1964 жылы «Қайрат» ерікті спорт қоғамы орталық советінің қазақ палуаны Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы жеке командалық котегориясы бойынша чемпион атағы сарапқа салынды. 52 килограмға дейінгі салмақта еркін күрес шеберіне кандидат Орынбеков «Шымкент чемпион» болды. Ол төрт кездесу өткізіп бәрінде жеңіске жетті. Семейлік Р. Берікболовтың да жұлдызы жанып 57 килограмға дейінгі салмақта Бөкенаев «Қарағанды» жеңіске жетті, бұрын аты шықпаған Семейлік Сақаев 67 килограмға дейінгі салмақта еңбек тұғырға көтерілді. Ол еркін күрестің шебері А. Қазымбетов және самбодан СССР спорт шебері Д. Биткөзов сияқты белгілі палуандарды ұтты. 73кг. дейінгі салмақта Оралдық Бейсенов, 79кг дейінгі салмақта Семейлік Арғынов жеңіске жетті. Шымкент қаласының намысын қорғаған Қонақбаев 87 кг дейінгі салмақта чемпион атанды. Қажымұқан атындағы бас жүлдені қазақтың белгілі палуаны, халықаралық жарыстардың жеңімпазы, еркін күрестен СССР чепмпионы Әбілсейт Айханов жеңіп алды. Командалық есепте бірінші орынға Семей (16 ұпай) екінші орынға Шымкент (22 ұпай), үшінші орынға Қарағанды (29 ұпай) облыстары шықты.
1965 жылы «Қайрат» ерікті спорт қоғамының орталық советі Шымкент облысының Темірлан селосында тағыда біріншілік өткізді. Бұл жолы бірінші орынды Алматылықтар жеңіп алды. Табан тірескен бәсекеде екінші орынға өткен жылғы чемпионда үшінші орынға тағы да Қарағандылықтар шықты салмақ категориялары бойынша Керімбаев, Ұртбаев (Семей), Айберов, Непинов (Шымкент), Рахинов, Алдырбаев, Еркінов және Райымбеков (бәрі де Алматы) чемпион атанды. 1968 жылдың жеке командалық біріншілігі «Қайрат» ерікті спорт қоғамы Орталық бірінші спартакиядасы программасы бойынша өтті. Жарысқа 14 облыстан жүзден астам спортшы қатысты. Салмақ категориялары бойынша Керімбаев (Семей), Смағұлов (Алматы), Изотов, Семей
Сейсенбаев (Семей), Қалдарбеков (Шымкент), Еркінов (Алматы), Зиновьев (Шығыс Қазақстан), чемпион атанды. Сол 1968 жылы қазақша күрес Көкшетау облысының Қызылту поселкесінде өткізілген колхоздар мен совхоздардың бүкіл қазақстандық ойынының программасына енгізілді. Жарысқа облыстардың 15 командасы қатысты. Сонымен қатар Қазақ ССР-туғанына 100 жыл толуы құрметіне барлық облыстар мен аудандарда спорттың ұлттық түрлерінен жарыстар өткізілді.
«Қайрат» ерікті спорт қоғмының Орталық Советі 1970 жылдың сәуірде қазақша күрестің жаттықтырушылары мен мамандарының семинарын өткізді. Оның программасына жаттықтырумен үйрету методикасын, оқу- жаттығу процесін жоспарлау мәселелері енгізілді, сондай - ақ жаңа ережелер талқыланды.
Қазақтың әйгілі палуандары Сәлімбаев, Бақижанов, Татиев (Қарағанды), Сәдуақасов (Семей), Бәшіров (Алматы), Досқалиев (Шығыс Қазақстан) Құлжанов (Талдықорған), қазақша күресті жетік білетін жатықтырушылар М. Рахымқұлов, Ж. Әкенов, В. Корпец, Р. Ильмат күрестің техникасына, қазақтың ұлттық күресін кеңінен тартатуға үлкен үлес қосты. Әсіресе, СССР - дің еңбек сіңірген жаттықтырушысы П. Ф. Матущек қазақша күрестің қалыптасуына үлкен еңбек сіңірді.
1970 жылы Қазақстанының 50 жылдығына арналған мерекелік спартакияда программасына қазақша күресте кірді. Жарыс Семей қаласында өткізілді, оған республиканың 15 обылысының және Алматы қаласының командалары қатысты. Жарыс екі кіші топ бойынша өтті. Әр кіші топқа 8 команда кірді. Салмақ категориялары бойынша Сарбаев, Омарбаев, Ысқақов (үшеуіде Алматы), Мүсіров (Семей), Шалқыбеков (Қарағанды), Шираманов (Алматы) чемпионы атанды.
Қазақ ССР Министрлер Советі жанындағы дене шынықтыру және спорт комитеті коллегиясының 1971 жылғы 27 қаңтарда қаулысы бойынша күрестен «Қазақ ССР спорт шебері» деген атақ енгізіліп, куәлік және «Қазақ ССР спорт шебері» деген значок берілетін болды. Мұның да спорттың көпшілік ұнататын түрінің дамуына елеулі ықпалы тиді.
Қазақша күресті одан ары дамытып, кеңінен тарату ісінде Қазақ ССР Министрлер Советі жанындағы дене шынықтыру және спорт комитеті коллегиясының 1972 жылы 3 желтоқсандағы қауылысының алатын орны ерекше. Ол қаулыда коллегия халық деппутаттарының облыстық, калалық және аудандық Советтерінің жанындағы дене шынықтыру және спорт комитеттерінің, ерікті спорт қоғамдарының аудандық Советтерінің назарын спорттың ұлттық түрлерін дамыту жөніндегі жұмыстарының қанағаттанғысыз жүргізіп келе жатқандығыны аударды. Ол Республикада бұл жұмысты жақсартудың нақты шараларын жасып, жүзеге асыруды ұсынады. Коллегия республикалық ерікті спорт қомандасының Орталық Советтерін және ведомстволарды, облыстық спорт комитеттерін жыл сайын жергілікті жерлерде спорттың ұлттық түрлерінен жарыстар өткізіп отыруды және республикалық жарыстармен спартакиялардарға қатынасып отыруды міндеттеді.
Қазақ ССР Министрлер Советінің жанындағы дене шынықтыру және спорт комитетінің спорттың қолданбалы түрлері жөніндегі бөліміне Қазақ СССР Ауыл шаруашылығы министрлігі және «Қайрат» ерікті спорт қоғамының орталық Советімен бірлесе отырып, спорттың ұлттық түрлерін жергілікті жерлерде насихаттап тарату жөніндегі ұйымдастыру және жүргізу мәселелері жайлы жиындар, семинарлар өткізіліп отыру ұсынылды. Денешынықтыру және спорт жөніндегі облыстық комитеттерге де облыстық ерікті спорт қоғамдары мен бірлесе отырып осындай жиындар мен семинарларды дайындап өткізу тапсырылды. Мұнымен қоса Қазақ СССР Министрлер Советінің жанындағы дене шынықтыру және спорт комитеті ерікті спорт қоғамдарының республикалық советтерін, « Қайрат» ерікті спорт қоғамының Орталық Советін, облыстық және аудандық советтеріне тиісті жарыстарды жүйелі түрде өткізіп отыруға спорт секцияларын ашып, жаттықтырушылар мен төрешілерді даярлауға, республика біріншілігінде жеңіске жеткендерге «спорт шебері» деген құрметті атақты міндеттеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz