Өлім. Өлімнен кейінгі өзгерістер


ӨЛІМ.
ӨЛІМНЕН КЕЙІНГІ ӨЗГЕРІСТЕР.
ӨЛІМ - организмдегі тіршіліктің толық және қайтымсыз тоқтауы. Өлу заңдылықтарын, оның себептерін, өлімнен кейінгі өзгерістерді зерттейтін ілім - танатология болып табылады. Адам өлімі - бүкіл организмнің өлімі.
Өлім себептеріне қарай бөлінеді:
1 . Табиғи өлім - адам әбден қартайып, ағза қызметтерінің біртебірте әлсіреп барып, тоқтауымен, тозуымен байланысты.
2 . Зорлықзомбылыққа байланысты өлім - қылмыс, өзінөзі өлтіру, ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған әрекеттер мен түрлі жарақаттар, бақытсыз жағдайлар нәтижесінде болады.
3. Аурулар салдарынан өлу (патологиялық) - организмдегі патологиялық өзгерістер нәтижесінде болады. Бұл өлім түрі ұзақ уақыт бойы өмірлік ісәрекеттердің біртебірте азаюымен көрінеді.
Өлу үрдісі өте күрделі болып, бірнеше сатылардан тұрады:
Жанталасалды күйі (преагония) өліп бара жатқан адам есінен айырылады, рефлекстері жоғалады, науқастың жүрек соғуы жиілеп, әлсірейді, артынан сирейді, тыныс алуы үзілісті тыныстарға (Чейнстокс, Биот) ауысады. Кейінірек жүрек соғысы, тынысы тоқтайды, ақтық үзіліс пайда болады.
Жанталас (агония) күйі - агониялық тыныс қозғалыстары байқалады. Қан қысымы қайтадан сәл ғана көтеріледі. Тыныстық қозғалыс демді ауызбен терең ішке тарту түрінде болады. Адам ауаны ауызбен жұтуға тырысады. Зат алмасу үрдісі толық бұзылады. Адам бұл кезде 5О8О грамм салмақ жоғалтады (‘‘жан салмағы’’ деп айтады) . Ұзақтығы 56 минут (ЗО минут) . Артынан тыныс алу мен жүрек жұмысы толық тоқтайды.
Клиникалық өлім - барлық рефлекстер жоғалады, қан қысымы, артериялық қысым, тамыр соғуы анықталмайды. Бұл кезде жүрек жұмысы, тыныс алу және орталық жүйке жүйесінің қызметтерінің толық тоқтауы мен мида қайтымсыз патологиялық өзгерістер пайда болғанша жүреді. Негізінен клиникалық өлімнің ұзақтығы 56 минуттан аспайды. Оның ұзақтығына өлудің себебі, жағдайы, ұзақтығы, адамның жасы, өлу кезіндегі дене температурасы және тағы басқа көптеген факторлар себеп болады. Клиникалық өлім қайтымды - қазіргі заманғы реанимациялық технологиялар өмірлік қажетті органдардың, орталық жүйке жүйесі мен ми қызметтерін қалпына келтіре алады.
Биологиялық өлім - организмнің өмірге қабілеттілігінің қайтымсыз өзгерісі, аутолиздік процесстердің басталуы. Бірақ жасушалар мен ұлпалардың өлімдері әр түрлі уақыттарда жүреді. Ең алдымен жүйке жүйесінде қайтымсыз өзгерістер байқалады. Мидың қыртысты қабаты, одан кейін бағаналық және жұлын қызметтері тоқтайды. Себебі жүйке жүйесіне қанмен қамтамасыз етілу, оттегі және қоректір заттар жеткізілуі болмауынан қоректік заттардың оттегіні пайдаланып тотығуы бұзылады да, кесек қуатты фосфор қосындылары түзілуі болмағандықтан энергияның тапшылығы дамиды. Артынан өлімнің даму себебіне қарамай, оттегінің үдемелі жетіспеушілігінен эндокриндік бездердің, ұлпалық ағзалардың және тіндердің қызметтері бұзылады. Басқа ағзаларда (тері, бүйрек, жүрек, өкпе т. б. ) бұл процесс бірнеше сағаттардан бірнеше тәлікке дейін созылады. Осыған сәйкесінше, мәйіттен алынған материалды (ағза) ағзалар мен жасушалар трансплантацияға қолданады. Қазіргі кезде клиникалық практикада мәйіттің қанын, ағзаларын трнсплантацияға кеңінен қолданады.
Биологиялық өлімнен кейін біршама уақыттан соң өлімнің морфологиялық белгілері және өлімнен кйінгі өзгерістер дамиды. Олрды анық білу кей жағдайда болатын ‘‘жалған өлімді’’ анықтауда аса қажет.
ӨЛІМНЕН КЕЙІНГІ ӨЗГЕРІСТЕР:
Мәйіттің сууы өлгеннен соң организмдегі зат алмасу үрдісінің тоқтауына байланысты. Дене жылуы біртебірте азайып, айналадағы температурамен теңеседі. Егер де өлер алдында науқастың дене қызымы жоғары болса немесе жанталас кезеңінде науқаста сіреспелер байқалса мәйіттің сууы ұзақ уақытта созылады. Кейбір жағдайларда өлгеннен соң бірнеше сағатта мәйіттің температурасы көтеріледі. Бұл процесске әсер етуші себептерге мәйіттің көлемі мен салмағы, айнала температурасы, ылғалдылығы жатады. Мәйіттің сууы кезеңінде терісі:
мұздай және құрғақ болады;
сіңірілу қабілеті жоқ;
- қатты және тығыз болады;
- беттің шеттерінде кішкентай сызықты әжімдер шығады;
- терінің түссізденуі;
- теріні басса ол қалпына келмейді;
Мәйіттің сіресіп қалуы - дене бұлшықеттерінің қатайып, тартылып қалуына байланысты. Бұл өзгерістердің негізінде биохимиялық үрдістер жатады. Мәйіттің сіресуі өлгеннен соң 5 сағатта болады. Сіресу ең алдымен беттің шайнау бұлшықеттері, одан кейін мойын бұлшық еттері, одан соң дене және оның ұштары сіреседі. Сіресу нәтижесінде ерлерде жыныс жұмыртқалары және жыныс мүшенің ісінуі, ал әйел адамдарда егер ол жүкті болса түсік тастау болады. Сіресу бұлшықеттері жақсы дамыған адамдарда өте жақсы байқалады, ал жас балалар мен кәрі адамдарда, сепсистен өлген жандарда әлсіз өтеді. Шала туылған нәрестелерде сіресу мүлдем болмайды. Мәйіттің сіресуі 23 тәулік бойы сақталып, басталған реті бойынша қайта жоғалады. Сіресу тоқтап қйта жоғалған соң, қайтадан қайталанбайды.
Мәйіттің кебуі өлгеннен кейін денедегі сұйықтықтардың құрғап және буланып кетуінің нәтижесі. Бұл үрдіс өлгеннен соң бірнеше сағаттан соң басталып терінің, шырышты қабықтардың кеуіп қалуына алып келеді. Көздің мөлдір қабығы күңгірттеніп, ақшыл қабығы өзінің реңін жоғалтады да сарғышсұр түсті болады. Көзде төбесі көз бұрышына қараған үшбұрышты дақ пайда болады. Еріннің шырышты қабығы, терінің жұқа жерлері қатып, бүрісіп, қоңырқызыл түске ие болады. Мұндай дақтар тірі кездегі күйіктер мен тыртықтарға саналып кетуі мүмкін.
Қанның қайта бөлінуі өлгеннен кейін артерия қан тамырының қысқаруы нәтижесінде қан вена тамырларына өтеді және өзінің салмағына байланысты дененің төменде жайғасқан бөліктеріне жинала бастайды. Жүректегі және ірі веналардағы қан ұйып қалады. Кейбір жағдайларда мысалы ауру тұншығып өлсе (асфиксия) қан ұйымай, сұйық күйінде сақталады. Осындай ұйындылардың түсі өлу механизмін (танатогенезін) анықтаушы морфологиялық белгілердің бірі болып табылады.
Көздегі өзгерістер. Өлгеннен соң алғашқы 24 сағатта организм сусыздануыныа байланысты көздегі өзгерістер:
- Көздің мөлдір қабығының мөлдірлігі жоғалады;
- Ақ қабықта Соммер-Ларчер дақтары пайда болады;
- Көз алмасының бұзылуы, Алма ішіндегі сұйықтық жоғалғанда көз алмасы бүрісіп қалады.
Мәйіт дақтары - мәйіттегі қанның денеде орналасуы мен таралуына байланысты болады. Ол өлгеннен кейін 2-4 сағаттан соң пайда болады. Дақтар мәйіттің төменгі бөлігінде көкала-қызыл немесе қоңыр-күлгін түсте көрінеді. Қолмен басса реңі ақтаңданып барып, қайта орнына келеді. Бұл белгі мәйіт дақтарын тірі кезіндегі қанталаулардан ажыратуға жәрдем береді. Мәйіт дақтарының шығуы қанның қайта бөліну механизмімен түсіндіріледі.
Гипостаз - қан өз ауырлық күшімен дененің төменгі жағына жиналады. Мәйіттің өз салмағы түсіп тұрған жерлерде дақтар болмайды. Жалпы мәйіт дақтарының орналасуы өлер алдындағы жатқанына байланысты. Бірінші тәуліктің екінші жартысында қандағы эритроциттер гемолизге ұшырап, плазма қан тамырларынан шыға бастайды.
Имбибиция - қан тамырларынан шыққан плазманың айналадағытіндерге сіңу үрдісі. Бұл кезде мәйіт дақтары бір жерге орнығып, қолмен басып көрген кезде өз реңін өзгертпейді. Мәйіт дақтарын пайда болу ұзақтықтарына байланысты З фазаға бөледі:
1. Гипостаз кезеңі - қанайналуы тоқтағаннан бастап 1214 сағаттан соң тоқтайды. Қолмен басса дақ толық жоғалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz