Семей аймағындағы экологиялық жағдайы


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:
Семей аймағындағы экологиялық жағдайы.
2007 жыл
Семей аймақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы бірнеше жылдар бойы экологиялық мәселелерді шешуге ұмтылып, сандық, сапалық көрсеткіштердің тұрақтылығын талап етіп келді. Оған облыстағы экологиялық қызметтер арасындағы ұжымның алған жыл сайынғы рейтинголық орындар дәлел. Экологтардың жұмыс көрсеткіштерінің бірі - қоршаған ортаның мөлшерден жоғары ластануына жол берілгені үшін шағымдар, айыптар, бюджет саласына түсетін төлемдер нормативтері болып табылады. Семей қаласынан облыстық қазынасына 2007 жылы экологиялық төлемдерден 198 млн. теңге қаражат түсті.
Қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік бақылауды жүргізу, заңды пайдалану жұмыстың негізгі бағыты болып есептеледі. 2007 жылы табиғатты қорғау заңнамасын сақтау үшін табиғатты пайдалану нысандарында 159 тексеріс жүргізілді. Жіберілген кемшіліктерге 166 ұйғарым, 2236, 445 мың. теңге көлемінде 119 әкімшілік айыппұл, 4190, 503 мың. теңге көлемінде 24 айып ұсынылды. Инспекциялық тексеріс зертхананың аналитикалық бақылау мамандарының міндетті түрде қатысуымен жүргізілді.
Негізінде қаладағы жағдай бір қалыпты болып есептеледі. Кейігі жылдарда Семей қаласы бойынша стационарлық көздерден атмосфераны ластайтын заттардың эмиссия көлемі 33-37 мың тонна деңгейін құрайды. Семей қаласының Гидрометеоорталықтың екі бақылау станциялықпост көрсеткіштері бойынша атмосфералық ластану индексі (АЛИ) 1, 5-5, 1 құрайды.
Қаладағы ТЭЦ-3 құрылысы қаладағы от қазандықтарын жабуға немесе қаланың от қазандықтарының негізгі бөлімін жылу пунктілеріне ауыстыруына мүмкіндік береді, сонда лас шығындылардың эмиссиясын төмендетеді. Алматы қаласының «Каз НИПИ Энергопром Институты» ЖШС жобалық ұйым «2005-2015 жылдарға Семей қалшасының жылумен қамтамасыз ету схемасы, 2010 жылға дейінгі перспективасымен» атты технико-экономикалық негіздеме бойынша жұмыс жасады.
«Цемент зауымы» Семей ЖШС цемент ұсақтайтын, шаңды ұстап қалатын ескі құрылымдардың ауысуына ықпал етті.
«Силикат» ЖШС ізбес өндіру технологиясында отын есебінде көмірдің орнына кокс пайдаланылады, ол қаланың солтүстік жағындағы экологиялық жағдайды жақсартуға көмектеседі. Табиғатты қорғау шараларына табиғат пайдаланушылар өздерінің қаражаттарын жұмсайды.
Семей қаласының ІІБ жол полициясымен бірігіп қала көшелеріндегі автокөліктен шыққан түтіннің, зиянды заттардың белгілі мөлшерден аспауын бақылау қайта жаңартылады. Басқарманың зертхана, инспекция-экологиялық тексеру барысында қала мекемелерінің көліктері тексерілді.
Аймақта Ертіс өзені негізгі су артериясы болып есептеледі. Ертіс өзенінің жағалауында өздерінің ағынды суларын төгетін Семей, Курчатов қаласы, Шүлбі ауылы орналасқан. Мекемелерге Ертіс өзеніне тиісті мөлшерден ластайтын заттарды көп төгетінділері үшін, табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшін айып санкциялары қолданылды. Ертіс өзенінің бассейніндегі экологиялық жағдайды жақсарту үшін ағынды сулардың жасанды биологипялық тазарту станциясының тазалау қондырғыларының құрылысын жедел аяқтау қажет. 2003-2006 ж. осы мақсатта Республикалық бюджет есебінен 1, 4 млн. теңге бөлінді.
Жер ресурстарын тиімді пайдалану қорғау бөлімінде өзекті мәселелер: тау жұмыстары кезінде жердің бүліну рекультивация мәселелері, өндірістің, пайдалану қалдықтарымен ластанудан қорғау мәселесі, ленттік қарағай борын қалыптастыру. «Семей орманы» МБ мәліметтеріне сәйкес 01. 01. 2007 жылға дейін жанған жерді қалпына келтіру көлемі 137400 га құрайды. Кейінгі 3 жылда жанған жер аймағында орманды қалпына келтіру шаралары жүргізілді. 2004 жылы - 525га, 2005 жылы - 893 га, 2006 жылы - 1300 га. 2007- 2010 жылдарына ағаш егу көлемі: 2007 жылы - 1850 га, 2008 жылы - 2000га, 2009 жылы - 2100 га, 2010 жылы - 2220 га. Осы көрсетілген жұмыстарды жүргізу үшін жобалық смета құжаттары бар. Республикалық бюджеттен шараларды қаржыландыру жүргізіледі.
Семей қаласы жер көлемінде радиациалық жағдай тиісті мөлшерде.
Аймақ жерінде Гамма - фон осы жерге лайықты, сәйкес, 0, 08-0, 12 мк 3/сағ, белгілі деңгейден аспайды.
Біздің аймақтағы жерде тамақ өнімдеріне, құрылыс материалдарына радациалық бақылау жасалды.
Аймақ үшін Семей ядрлық сынақ полигоны (СИЯП) негізгі мәселе болып табылады. Шығыс Қазақстан облысына 18, 5 мың шаршы метр полигон көлемінен - 54%, Павлодар облысына - 39%, Қараганды облысына - 7%. Қазақ ССР Президентінің № 409 қаулы бойынша, 29 тамыз 1991 жылы СИЯП жабылды.
Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша СЯСП жүргізілетін шаруашылық іс-әрекеттер мәселелер үшін талаптарлы ҚР ҰЯО радияциялық қауіпсіздік және экология Институты жүргізеді. «Қаражыра» көмір жерінде көмір сынамасы радиоактивтілікке зерттеу үшін алынады. Қорытынды бойынша «көмірдің зерттелген үлгілер шаруашылық саласына шексіз пайдалануға болады»- деген шешім берілді.
2007 жылы 1600 табиғат пайдаланушылар тіркелген, оның ішінде Семей қаласынан ластайтын заттардың эмиссиясына рұқсат алған - 750, Ірі 18 табиғатты пайдаланушылар рұқсатты ҚР қоршаған ортаны қорғау министірлігінен тікелей алды, оның ішінде 15 Семей қаласынан.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz