Өзін-өзі тану пәнінінен лекциялар жиыны
№1.дәріс. Өзін.өзі тану пәнінің ғылым ретіндегі жалпы түсінігі.
№2.дәріс. Тақырыбы: Өзін.өзі тану адам тану туралы ғылымдар жүйесінде.
№3.дәрісТақырыбы: Өзін.өзі тану ілімінің ғылыми негіздері.
№4.дәріс. Тақырыбы: Болашақ бүгіннен басталады.
№5.дәріс. Тақырыбы: Махаббат келбеті.
№6.дәріс. Тақырыбы: Өзін.өзі тану әдістері.
№7.дәріс. Тақырыбы: Қазақстан ортақ мекенім
№8.дәріс. Тақырыбы: «Өзін.өзі тану» пәнінде қарым.қатынас мәдениетін дамыту
№9.дәріс. Тақырыбы: Рухани құндылықтар
№10.дәріс. Тақырыбы: Тұлға қалыптасуындағы өзін.өзі танудың рөлі.
№11.дәріс. Тақырыбы: Табиғат құндылықтарын сақтау жолдары.
№12.дәріс. Тақырыбы: Өзін.өзі танудың философиялық аспектілері
№13.дәріс. Тақырыбы: Өзін.өзі тану ілімінің психологиялық қырлары.
№14.дәріс. Тақырыбы: Өзін.өзі тану арқылы адамгершілікке тәрбиелеу
№15.дәріс. Тақырыбы: Әрқашан мейірімділік жолмен жүр.
№16.дәріс. Тақырыбы: Өзін.өзі тану мұғалімінің кәсіби құзыреттілігінің құрамы
№ 17.дәріс. Тақырып: Педагогтің жеке тұлғасы.
№18.дәріс. Тақырып: Педагогтың кәсіби компетенттілігі.
№ 19.дәріс. Тақырып: Мұғалімнің кәсіби өзін.өзі тәрбиелеуі.
№20.дәріс. Тақырып: Мұғалімнің педагогикалық стилінің жеке даралығы
№21.дәріс. Тақырыбы: Өзін.өзі тану мұғалімінің портфолиосы және оқушының портфолиосы

1. Философиялық көзқарастар тарихындағы тұлғаның өзін-өзі тануының негіздерін Хилон мен Фалес аузынан шыққан дана сөз немесе даналық формуласы “өзіңді-өзің таны” ұғымы ретінде Сократқа дейін пайда болды. Ең алғаш Греция тарихында теориялық ойлаудың жаңа кезеңінде адам проблемасы, философия проблемасын өзін-өзі тану арқылы түсінуге болатындығына көз жеткізілді. Кейін бұл идея кімде-кім өзін -өзі тани білсе ол өзінің не істей алатынын және не істей алмайтынын түсіне біледі. Соның нәтижесінде бақытты өмір сүре отыра өзін қанағаттандыра алады, білмейтін нәрсесінен аулақ болып, өмірде қателікке бой алдырмай бақытсыздықтан айналып өте алады. Осы артықшылығының арқасында біреудің құндылығын көре алады және оны өз қажеттілігіне қолдана алады” - деп, Сократ еңбектерінде өз жалғасын тапты.
Өзін-өзі тану философиялық тұрғыда - бүкіл дүниені ойлау, оның шығу тегін білуге ұмтылу, адамның дүниедегі орнына үңілу, адамның ішкі дүниесінің сырын ашу, табиғат пен қоғамның негізгі заңдарын танып білу, адам өмірінің мәнін айқындау т.с.с. жүйе ретінде қарастырылады. Бұдан шығатын қорытынды сол кездегі көзқарастарға тоқтала келе, өзін-өзі тану көзқарастарын зерделей отырып, олардың адамның ішкі дүниесі мен сыртқы дүниенің бірлігі үндестік тапқанда ғана табиғат пен қоғамның талабына сай тұлғаның қалыптасуына көз жеткізуге болады. Өзін-өзі тану арқылы тұлғаның өзіндік дамуына, білімдік және танымдық әрекеттеріне ықпал ету, өзара адамгершілік құндылықтары мен өзіндік бағдарын таңдауға мүмкіндік жасалу идеялары алынатындығы белгілі болды.
Аристотель: “Адам өмірінің мақсаты бойындағы рахымшылдық сапаларын дамытса, онда ол мейірімділік мінез танытады”-деп, рақымшылдығы басым адам өзін үнемі дұрыс ұстай білетіндігін, ол табиғатынан мейірімді, сондықтан да өзін адамгершілікке бейім ұстайтындығын сипаттайды.
Әбунасыр әл-Фараби өзінің философиялық трактатында ақыл, қайрат, жүрек жайлы егжей-тегжейлі түсінік бере келіп: “Жүрек - басты мүше, мұны тәннің ешқандай мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұл да басты мүше, бірақ үстемдігі біріншісі емес”, -дей келе өзінің әлеуметтік, рухани құндылықтарының негізіне адамның ішкі сана сезімінің даму ерекшеліктерін алады. “Тек қана өзіндік еркін әрекеттене алатын белсенді пенде қоғамдық пайдалы қызметімен жеке бақытын жасай алады- деп, ... “бір халық екінші халықтан табиғи үш қасиетімен ерекшеленеді: болмысы, мінезі және тілі”. Ғұлама ғалым әртүлі халықтың музыкасын, мәдениетін, тілін, әдетін, болмысын, мінезін зерттегенде рухани құндылықтарға зор мән бере отырып адам бойындағы осы қасиеттердің дамуына ерекше көңіл қояды. Себебі адамның бойындағы ізгілігі, қайырымдылығы, мейірімділігі ол оның бойындағы өнері мен мәдениетінің дауына тікелей байланысты. Адам мінезге бай, болмысы биік, тілі құдіретті болатын болса оның рухани-адамгершілік даму сатысы өте жоғары болатындығын дәлелдейді.

1. Ғабитов Т., Мүталіпов Ж., Құлсариева А. Мәдениеттану оқулық-Алматы.: Дәнекер, 2002.
2. Нұржанов Б. Мир как игра языка в концепций Deppuga Exlibris //Б. Нұржанов, Алматы.: 1996 г.
3. Назарбаев Н. Тарих толқынында-Алматы.: Атамұра, 1999,- 296 б.
4. Разумный В.А. Клуб и культура общения: Пособие для клубных работников. М.:1989 -92с.
5. Абалкина М.А., Агеев B.C. Анатомия взаимопонимания. М.: 1990 - 64с.
6. Гайтукаева И.Ю., Юдина И.Г. Тірі бағалау: «Мектептегі портфолио» бағдарламасы. - Панорама , 2006.
7. Жайтапова А.А. Біліктілікті арттыру жүйесінде мұғалімдердің кәсіби өсуі. – Алматы, 2006.
8. Новикова Т.Г. Портфолионың түрлі модельдерін құрастыру. // Әдіскер. – 2005. - №3.
9. Мектептегі тәрбие беру үрдісін басқару. // Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының ғылыми-әдістемелік журналы. – 2005. - №5

№1-дәріс
Өзін-өзі тану пәнінің ғылым ретіндегі жалпы түсінігі.
Жоспары:
1. Өзін-өзі тану ұғымына жалпы түсінік
2. Рухани-адамгершілік құндылықтар жайында жалпы түсінік.
3. Өзін-өзі тану ғылымының обьектісі және пәні.
1. Философиялық көзқарастар тарихындағы тұлғаның өзін-өзі тануының
негіздерін Хилон мен Фалес аузынан шыққан дана сөз немесе даналық формуласы
“өзіңді-өзің таны” ұғымы ретінде Сократқа дейін пайда болды. Ең алғаш
Греция тарихында теориялық ойлаудың жаңа кезеңінде адам проблемасы,
философия проблемасын өзін-өзі тану арқылы түсінуге болатындығына көз
жеткізілді. Кейін бұл идея кімде-кім өзін -өзі тани білсе ол өзінің не
істей алатынын және не істей алмайтынын түсіне біледі. Соның нәтижесінде
бақытты өмір сүре отыра өзін қанағаттандыра алады, білмейтін нәрсесінен
аулақ болып, өмірде қателікке бой алдырмай бақытсыздықтан айналып өте
алады. Осы артықшылығының арқасында біреудің құндылығын көре алады және оны
өз қажеттілігіне қолдана алады” - деп, Сократ еңбектерінде өз жалғасын
тапты.
Өзін-өзі тану философиялық тұрғыда - бүкіл дүниені ойлау, оның шығу
тегін білуге ұмтылу, адамның дүниедегі орнына үңілу, адамның ішкі
дүниесінің сырын ашу, табиғат пен қоғамның негізгі заңдарын танып білу,
адам өмірінің мәнін айқындау т.с.с. жүйе ретінде қарастырылады. Бұдан
шығатын қорытынды сол кездегі көзқарастарға тоқтала келе, өзін-өзі тану
көзқарастарын зерделей отырып, олардың адамның ішкі дүниесі мен сыртқы
дүниенің бірлігі үндестік тапқанда ғана табиғат пен қоғамның талабына сай
тұлғаның қалыптасуына көз жеткізуге болады. Өзін-өзі тану арқылы тұлғаның
өзіндік дамуына, білімдік және танымдық әрекеттеріне ықпал ету, өзара
адамгершілік құндылықтары мен өзіндік бағдарын таңдауға мүмкіндік жасалу
идеялары алынатындығы белгілі болды.
Аристотель: “Адам өмірінің мақсаты бойындағы рахымшылдық сапаларын
дамытса, онда ол мейірімділік мінез танытады”-деп, рақымшылдығы басым адам
өзін үнемі дұрыс ұстай білетіндігін, ол табиғатынан мейірімді, сондықтан да
өзін адамгершілікке бейім ұстайтындығын сипаттайды.
Әбунасыр әл-Фараби өзінің философиялық трактатында ақыл, қайрат, жүрек
жайлы егжей-тегжейлі түсінік бере келіп: “Жүрек - басты мүше, мұны тәннің
ешқандай мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұл да басты мүше, бірақ
үстемдігі біріншісі емес”, -дей келе өзінің әлеуметтік, рухани
құндылықтарының негізіне адамның ішкі сана сезімінің даму ерекшеліктерін
алады. “Тек қана өзіндік еркін әрекеттене алатын белсенді пенде қоғамдық
пайдалы қызметімен жеке бақытын жасай алады- деп, ... “бір халық екінші
халықтан табиғи үш қасиетімен ерекшеленеді: болмысы, мінезі және тілі”.
Ғұлама ғалым әртүлі халықтың музыкасын, мәдениетін, тілін, әдетін,
болмысын, мінезін зерттегенде рухани құндылықтарға зор мән бере отырып адам
бойындағы осы қасиеттердің дамуына ерекше көңіл қояды. Себебі адамның
бойындағы ізгілігі, қайырымдылығы, мейірімділігі ол оның бойындағы өнері
мен мәдениетінің дауына тікелей байланысты. Адам мінезге бай, болмысы биік,
тілі құдіретті болатын болса оның рухани-адамгершілік даму сатысы өте
жоғары болатындығын дәлелдейді.
Қазір Республикада жастарды тәрбиелеу мәселесінде адамның ішкі жан
дүниесін, рухани әлемін танып, дамыту, жетілдіру бағытында көптеген
ғалымдар С.А. Назарбаева, психол.ғ.д. Х.Т. Шерьязданова, п.ғ.к. Т.А.
Левченко, п.ғ.д. М.Х. Балтабаев, профессор Б.Қ. Дамитов, п.ғ.к. А.А.
Семченко, ф.ғ.д. Е.Е. Бурова, п.ғ.к. Л.К. Көмекбаева, психол. ғ.к. З.Б.
Мадалиева т.б. үлкен ізденістер үстінде. Және бұл тұрғыда өзін-өзі тану
ілімінің философиялық негізін қалаған ғалымдар А.Н. Нысабаев, Г.Г.
Соловьева өз еңбектерінде ұстанған басты қағида - адамның кісілік келбеті
мен адам деген атқа лайықты бола білуін қалыптастыру, адамның табиғатпен,
әлеммен үйлесуі, халықтық дәстүр, рухани мәдениет негізінде болашақ
ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесін жаңа сатыға көтеру міндеттерін
жүзеге асыруды көздейді.
Бүгінгі білім жүйесінде, С.А. Назарбаева атап өткендей үлкен
өзгерістер басталуда. С.А. Назарбаева оқытушылардың біліктілігін көтеру
семинарында сөйлеген сөзінде . Білім беру жүйесі тұлғаның өзін-өзі тануына
Мен кіммін? Шексіз әлемге менің қандай қарым - қатынасым қалыптасуы керек?
Маған қалай өмір сүру керек? Кез- келген жағдайда жаман мен жақсыны қалай
айыра білу керек? деген сұрақтардың төңірегінің мәнін ашуға бағытталуы
тиіс. Білімнің мазмұнын, оның құрылымын тұлға өзіне соншалықты керек
екендігін сезінген уақытта ғана білім беру мақсатына жетеді - деп саралап
өтті.
Адам өзін-өзі тануға талаптанбаса, оның қолынан өзге адамдарды танып
түсіну және оларға нақты көмектесе алу келмейді. Қоғамдық дамудың өзге
адамдармен қарым-қатынасқа түсетін әрбір адам өзін-өзі тануын тереңдетуі
шарт, бірақ Джерсиидтің байқауынша бұған жеткілікті мөлшердегі жүректілік
қажет, өз рефлексиясының нәтижелері қандай болса да, оларды әділ түрде
қабылдауға мүмкіндік берерлік белгілі мөлшердегі объективтілік қажет.
Студент тұлғасының өзін-өзі тануы білім беру жүйесінде жетекші
мақсаттардың бірі дәрежесін алуы қажет. Студенттің “Менін” позитивтік
өзгерту қазіргі таңда педагогика мен психологияға деген гуманистік
көзқарастың бірден-бір маңызды саласы, оқыту мен тәрбиелеу ісіне қатысы бар
әр адамның өзін-өзі адамгершілік тұрғыда дамытуын қамтамасыз ететін басты
құралы. Болашақ маманның өзін- өзі дамыту қағидаларын меңгеруі қажет,
әйтпесе ол өзгелерге бұл процесте қажетті көмек бере алмайды.
Оқытудың тиімділігі тұлғаның психикалық дүниесінің жалпы
үйлесімділігіне, әсіресе оның “Менінің” көтеріңкілігіне, позитивтілігіне
тәуелді. Сондықтан студенттің тұлғалық дамуының сипаты мен өз бойындағы
рухани-адамгершілік құндылық бағдарының мән-маңызы оның академиялық
жетістіктерінің маңызынан кем емес. Қазіргі уақытта жоғары білім берудің
кредиттік жүйеге көшірілуі оқытудың дәстүрлі әдістерімен қатар жаңа
технологияларын ендіру негізінде білімді шығармашылықпен меңгеруге,
өздігінен білім алуға, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі жетілдіруге қабілетті
тұлғаны қалыптастыру мәселесі алдыңғы орынға шығарылып отыр.
2. Бүгінгі таңда қоғам өзгерістерінің шешуші факторы-Адам. Адамның
қарым-қатынасының үйлесімділігін қамтамасыз етуде адамгершілік құндылық
жетекші орын алады. Жалпы Адам-Қоғам, Адам-Әлем қатынасының адамның
дүниеге деген көзқарасы қандай ұстанымдарға, принциптерге арқа сүйетінінен
құндылықтарды анықтауда үлкен маңыздылыққа ие болғанын көреміз.
Әлемді рухани-адамгершілікті игеру процесі барысында адам болмысты өз
құндылықтары арқылы қарастырады. Бұл қоршаған ортадағы заттар мен
құбылыстар тұлғаның сезімдеріне, қызығушылық ұмтылыстарына сәйкес келетін
әлемге деген ерекше эмоциональдық реңкке ие болатын қатынасты білдіреді.
Адамның әлемге қатынасының ерекшелігі оның өзін және өзге адамдарды,
қоршаған дүниедегі заттарды, сұлулық, еңбекқорлық, еркіндік т.б. тұрғысынан
бағалап, адамгершілік құндылықтар арқылы қарастыруымен сипатталады.
Рухани-адамгершілік құндылықтар адамзат пайда болған кезден бастап адам
санасына еніп дамып отырды десек те болады. Себебі рухани-адамгершілік
құндылық адамның өзіне, қоршаған әлеуметтік ортаға бір-біріне деген қарым-
қатынасы, өмір сүру салты, даму деңгейін бейнелейтін құрлымдық элемент.
Рухани құндылықтың сапасы жан дүниесінің дамуы, сана сезімінің деңгейі
білімділігі, өнерлілігі, ақылдылығы, мәдениеттілігі т.б. көптеген сапалары
арқылы өлшенетін болса, адамгершілік құндылық адамның адами қасиеті, бір-
біріне деген қайырымдылық көрсетуі, мейірімділік сезімі, іс-әрекеттегі
адалдығы, әділдігі, өмір сүру салтындағы туыстық, достық қарым-қатынасымен
бірігу идеясымен ерекшеленеді. Ал құндылықтық қатынас әрқашан да
субъектінің бойында белгілі бір эмоцияларды -қуану, сүйсіну, таңдану,
табыну т.б. қамтып дүниетаным ықпалымен қалыптасып келген. Оның ішінде ең
жоғарғысы - қасиеттерге табыну бала кезден, ана сүтімен бірге, өзінің ана
тілі арқылы, мораль негіздері ретінде, өз тарихын, мәдениетін, әдет-
ғұрыптары мен салт- дәстүрлерін игеру нәтижесінде орнығып, кезеңге сай
дамып отырды.
Бірақ осы құндылықтардың өмірдегі мәнін түсініп, талдап, саралап
қабылдайтын бұл - адам санасы. Адам санасында бірінші құндылықты анықтау
үшін белгілі бір себепке байланысты қажеттілік оянады, әрі қарай сол
қажеттілікті қанағаттандыру жолында өз алдана мақсат қойып өзі үшін
құндылық негізін анықтап алады. Негізгі рухани-адамгершілік құндылықтар бұл
адам бойынан бастау алады десек те болады. Себебі рухани-адамгершілік
құндылықтар адам жаратылысы, олардың өмірге қарым қатынасы, тұрмыс
тіршілігі, саналы іс-әрекеті мен сезімі арқылы өлшеніп, сараланып отырады.
Сондықтан ең жоғары құндылықтардың өзегі - бұл адами қасиеттер және адам
екендігі қоғам дамуында әрдайым дәлелденіп келген.
Бүгінгі сабағымыздың негізгі мақсаты адамгершілік адами құндылықтарға
жалпы сипаттама беріп, оның өмірдегі маңызы мен мәніне тоқталу.
Құндылықтар- сезіммен ақыл-ойдың ұштасуын және сол арқылы адамның іс-
әрекет бағдарын белгілейді.
Құндылықтар тек объективті, яғни шынайы ғана болады, ол адамға тәуелді
емес, солай бола тұра, субъективті, өйткені ол адам санасында орын алады.
Құндылықтар сезім арқылы қабылданады, ал сана арқылы оны түсінуге болады,
соның нәтижесінде тұлға құндылық бағдарды игереді де, іс-әрекет етеді.
№І-ші кесте. Құндылықтардың жіктелуі.
Жалпы адамзаттық Жоғары сапа деңгейіндегіРухани - адамгершілік
құндылықтар құндылықтар имани құндылықтар
-адам өмірі, бостандық, -адам конвенциясы, -мәдениет, саясат,
отбасы, қарым-қатынас, демократия, азаматтық әдебиет, Отан, Ана, Жер,
адам бақыты, ұрпақ қоғам, мәдениет т. б. дін, діл, ар- ождан,
жалғастыру, еңбек ету, парыз, ерік, жігер, күш,
табыс, ынтымақтастық, махаббат, қайырымдылық,
белсенділік, тәуелсіздік мейірімділік т.б.
т.б.
Қоғамды ізгілендіру - XXI ғасырдың табалдырығындағы өркениетті
дамудың талабы, мұның өзі әлеуметтік қатынастарды ұйымдастырудың тиімді
нысандарына қол жетуіне байланысты болып отыр, әрі бұл қатынастарда
алдымен әлемнің тұтқасы ретінде адам аса айшықтана көрінеді. Ендігі жерде
ізгілендіру мақсатына жету құралы зиялылықты қалыптастыруды, сезім, көңіл-
күй мәдениетін тәрбиелеуді, өмірлік құндылықтар мен бағдарлардың белгілі
бір жүйесін орнықтыруды көздейтін сан қырлы процесс болып табылады.
Өйткені, біздің ертеңгі күні осы қазіргі мәдениетті, бүгінгі білім, тәрбие
берудің аясында өзіміз қалыптастырған қоғамға қадам басатындығымыз айқын.
Құндылықтар - тәрбие мен оқытудағы адамгершілікке бағытталған идеалдар.
Оларға шындық, қайырымдылық, тұлға, пайда, бостандық,
махаббат, шығармашылық, т.б. жатады. Құндылықтар- идеалдарды қабылдау
немесе қабылдамау сезімі арқылы айқындалып, ақыл-ой сана арқылы
қабылданады. Құндылықтар - құрметтеу, қошеметтеу, қабылдау тәрізді бағдарды
білдіреді.
Сонымен “Рухани-адамгершілік құндылық дегеніміз” адамның өзінің табиғи
жаратылысы мен өзін-өзі тану, қабылдау, сезіну арқылы сарапқа түсіп
дамыған, сыртқы ортаның ықпалы нәтижесінде қалыптасқан, тұлғаның
тұрақтылығы мен жетілу деңгейін, қоғамдағы орнын, даралық қасиеттерінің
сипатын айқындайтын ішкі құрылымдық элемент- деп білеміз.
Студенттің рухани-адамгершілік құндылықтарын өзін-өзі тану негізінде
қалыптастыру үрдісін студенттің бойындағы тұлғалық өзгерістер және оның өз
деңгейін дамыту әрекеттерімен тығыз байланысты. Өйткені, бүгінгі жаңа
қоғамда білім алушы студентке жаңаша қойылатын талаптар оның жеке тұлғалық
қасиеттерін, тек қана өз басы үшін емес, сонымен бірге өз айналасындағы
жолдастарына, жалпы адамдар үшін үлгі болуын қажет етеді.
Студенттердің рухани-адамгершілік құндылықтарын өзін-өзі тану арқылы
қалып-тастыру олардың бойында төмендегі қасиеттердің пайда болуына ықпал
етеді:
- жаңашылдық, шығармашылық, еңбекқорлық;
- интелектуальдық сипаты: ой биіктігі мен тіл байлығы, логикалық өріс-
өресі, терең танымдық, өзін-өзі сыни ойлау қабілеті;
- ашықтық, сабырлылық, табандылық, мейірбандық;
- өз көзқарасының сипаты: ізгіліктік, сүйіспеншілік, талап қоя алушылық,
көмек көрсетуге даярлық;
- болашаққа көзқарас сипаттары: өз біліміне, тәжірибесіне, білігіне,
адамгершілік қасиетіне сыни көзқарас, өзінің адами даму сапасына жоғары
талап қоя білу, жауапкершілік, өзін-өзі дамытуға, өздігінен білім алуға
қажеттілігінің болуы;
- өз мамандығы бойынша студенттер өз бойындағы адамгершілікке жатпайтын
олқылықтарды зерттеп, түзетудің жолын табуға ұмтылуы;
Осы орайда өзіндік таным жобасының авторы С.А. Назарбаеваның. “Қазіргі
уақытта қоғамдағы балалар мен жас жеткіншектердің тұлғалық дамуында рухани
- өнегелі тәрбиесі, гормониялық дамуын зерттеу аса қажет” - деп көрсетеді.
Бұл орайда С. Назарбаева қазіргі жастар тәрбиесінде этика, эстетика, рухани
жан азығын өмірге деген көзқарасты өзгертіп, барлығына тек қана
сүйіспеншілікпен, махаббатпен, ізгілікпен қарауға, өзінің ішкі жан дүниесін
өзгерткенде, толықтырғанда ғана ол адамнан жоғары білікті азамат шығатынын
“Путь к себе” еңбегінде көрсетіп кетеді. “Быть здоровым человеком значит
привести в равновесие тело, разум дух, установить мир и спокойствие в самом
себе. Найти путь к себе. Без духовной любви всякое обучение бесполезнодеп,
бұл тұрғыда ғалым, білім алуда оны сүйе білуге, талпынысқа шақырады.
2. Ғылым - білім негіздері, негізгі принциптер мен жалпы заңдылықтарды
қорытып шығаруға жұмылдырылған зерттеулер не пәндер саласы. Ғылым табиғат,
қоғам, ой жүйесі туралы жаңа білімдерді жасауға бағытталады.
Ғылыми зерттеу - жаңа біліммен қаруландыру процесі, оқыту, тәрбиелеу,
дамытудың обьективті заңдылықтарын ашуға бағытталған танымдық іс-әрекеттің
түрі. Ғылыми зерттеудің үш деңгейі сараланады: эмпирикалық - ғылымда жаңа
фактілер белгіленеді, теориялық - бұрын ашылған фактілерді түсіндіруге және
олардың дамуын болжауға мүмкіндік беретін негізгі, жалпы заңдылықтар
ұсынылып қалыптастырылады; әдістемелік-тәжірибелік зерттеулер негізінде
құбылыстарды зерттеудің жалпы қағидалары мен әдістері, теория құрылымы
қалыптасады.
Өзін-өзі тану ғылымның объектісі - білім беру, тәрбиелеу.
Білім беруді тек өзін-өзі тану пәні ғана емес, сонымен қатар философия,
педагогика, әлеуметтану, психология, экономика және т.б. зерттейді. Мысалы,
экономист жұмысшылардың шынайы мүмкіншілік деңгейін зерттей отырып, оларды
дайындауға қажетті шығынды есептейді. Әлеуметтанушы білім беру жүйесінің
адамды әлеуметтік ортаға бейімделуге, ғылыми-техникалық прогрестің дамуына
көмектесуге дайындайтынын білгісі келсе, философ білім берудің жалпы
өмірдегі мақсаты, орны жайындағы мәселелерді қарастырады. Психолог білім
берудің психологиялық жақтарын зерттейді. Саясаттанушы мемлекеттік білім
саясатының тиімділігін анықтауға бағытталады.
Бұл ғылымдардың білім беру де, зерттеуде тигізер көмегі өте зор
болғанмен, олардың біреуі де адамның өзін-өзі адами тұрғыдан тануы мен ішкі
дүниесінің ізгілік бағытта тәрбиеленіп қалыптасу қырларын, осы қарым-
қатынасқа түсу процестерімен байланысты білім берудің мәндік аспектілерін
қарастырмайды. Осы аспектілерді зерттеу білім берудің белгілі саласы-пәні
ретінде танылады.
Өзін-өзі тану пәні - жалпы білім беру мектептерінде, институттарда,
университетте (жанұяда, білім беру, мәдени, тәрбиелеу орталықтары)
ұйымдастырылатын педагогикалық процесс.
Осы мағынада, өзін-өзі тану -адамның өзін-өзі тануының факторы және құралы
болып табылатын педагогикалық процестің мәнін, заңдылықтарын, дамуын
зерттейтін ғылым.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
1. Өзін-өзі тану ұғымына ерте ежелгі және қазіргі мағынада анықтама
беріңіз.
2. Өзін-өзі тану пәнін сіз қалай түсінер едіңіз?
3. Өзін-өзі тану пәнінің ғылым ретінде дамуына не түрткі болды?
4. Ғылымның обьектісі және пәні дегеніміз не?
5. Өзін-өзі тану пәнінің тәжірибесі мен пәнін негіздеңдер.
№2-дәріс
Тақырыбы: Өзін-өзі тану адам тану туралы ғылымдар жүйесінде.
Мақсаты: өзін-өзі тану пәнінің ұғымдық аппараты туралы ұғым беру; өзін-
өзі тану пәнінің басқа ғылымдалмен байланысын көрсету.
Тірек ұғымдар: өзін-өзі тану пәнінің категориялары, категориялық
аппарат, ұғым, адамгершілік тәрбие, адами қасиеттерге тәрбиелеу, оқыту,
жүйе.
Жоспар.
1. Өзін-өзі тану пәнінің ұғымдық аппараты.
2. Өзін-өзі тану адам тану туралы ғылымдар жүйесінде.
1. Өзін-өзі тану пәнін және оның зерттейтін салаларын толық түсіну үшін ең
алдымен негізгі өзін-өзі тану ұғымдарын қарастырайық:
Өзін-өзі тану пәнінің болмыс ұғымдарына тәрбие, үйрету, оқыту жатады.
Ұғымдар - объективтік құбылыстарды, қасиеттерді және қатынастарды
бейнелейтін ойлау формасы. Өзін-өзі тану арқылы тұлғаның өзіндік дамуына,
білімдік және танымдық әрекеттеріне ықпал ету, өзара адамгершілік
құндылықтары мен өзіндік бағдарын таңдауға мүмкіндік жасалу идеялары
алынатындығы белгілі болды. Өзін-өзі тану ұғымдары: Елімізде 2002 жылы
шыққан Педагогика және психология саласының түсіндірме сөздігінде Өзін-
өзі тану ұғымына төмендегідей түсінік берілген: Өзін-өзі тану - өзін-өзі
бағалау секілді интероспекциядан маңызды өзекшелігі бар өзін-өзі бақылау
әдісі секілді, психиканы субъективтілік тұрғыдан танып білу: 1
интроспекцияның әдеттегі актілеріне қарағанда бұл процестер әлдеқайда
күрделі және ұзағырақ, жинақталған және өңделген өзін-өзі бақылау
мәліметтері бұларға тек бастапқы материал ретінде ғана енеді; 2 адам өзі
жайлы мәліметтерді өзін-өзі бақылау арқылы ғана емес, сондай-ақ сыртқы
бастау-көздер - өз әрекеттерінің объективті нәтижелері, өзге адамдармен
қарым- қатынасы арқылы да алады.
Өзін-өзі тану ұғымдары арқылы адамның ішкі дүние танымындағы
құбылыстарды, олардың өзара байланысын көреміз. Өзін-өзі тануда өзін-өзі
тану, өзін-өзі өзектілеу, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі тәрбиелеу
өзін-өзі басқару, даму және қалыптасу саналы пайымдау, өзінді
талдау сияқты ұғымдар да кездеседі. Педагогика ұғымдарының бірі - өзін-өзі
тәрбиелеу. Өзін-өзі тәрбиелеу - жеке тұлға болып қалыптасудың негізгі
маңызды бөлігі. Оның нәтижесі қоғамдық талаптарға адамның өзіндік жауап
қайтаруы, яғни реакциясы арқылы көрінеді. Өзін-өзі тәрбиелеу - ол моральдық
және этикалық нормалардың қалыптасуы және олардың әдетке айналуы.
Өзін-өзі тәрбиелеу - адамды дамытуға арналған тәрбие үрдісі. Кез-келген
тәрбие жүйесінде адам өзін әлеуметтік тұлға ретінде сезініп, қоғаммен және
табиғатпен біртұтас тіршілік етеді. Өзін-өзі тәрбиелемей жеке тұлға
қалыптаспайды. Өзін-өзі тәрбиелеу барысында адам өз білімін дамытады.
Өздігінен білім алу - мәдени мұраны игерудің өзіндік жүйесін жасау, өзін
дамытушы жүйе құру. Өздігінен білім алу білімді дамытушы қозғаушы күш болып
табылады. Өздігінен оқу- адамзат тәжірибесін өзінің ынтасымен, өзі таңдаған
әдіспен игеру үрдісі. Осы өздігінен білім, тәрбие алу, оқу адамның ішкі жан-
дүниесінің қажеттілігінен туындап, өздігінен дамуға өзін-өзі жетілдіруге
тұлғаны бағыттайды.
Өзін-өзі оқытуды оқу орындарының оқу бағдарламасы мен оқу жоспарынан
тыс қоғамдық және өзіндік қажеттіліктер негізінде жүйелі және белгілі бір
мақсатқа құрылған жеке тұлғаның танымдық іс-әрекеті деп тануға болады. Өзін-
өзі оқыту - жалпы және кәсіби білімнің үздіксіз жалғасы, өйткені білімнің
жан-жақты болып кеңеюіне және адамның рухани баюының жетілуіне септігін
тигізеді. Сонымен қатар интеллектуальдық арсеналының үнемі жаңалануына,
кәсіби шеберлігінің шыңдалуына әсер етеді.
Өзін-өзі тануды өзін-өзі тәрбиелеуден ажыратып қарауға болмайды. Ол
педагогиканың негізігі бөлігі ретінде қарастырылады және ол берілген
тәрбиенің қорытындысы. Ол жалпы жеке тұлғаның рухани даму үрдісінде де
байқалады. Өзін-өзі тану түсінігінен жалпы мәдени дамуды да бөліп
қарастырмаймыз. Өзін-өзі оқыту мәселесінде теориялық материалдарға анализ
жасау және өзін-өзі тәрбиелеу барысында анықталғаны жоғары курс
студенттерінің көбінесе өзін- өзі басқару тәртібі сәйкес келсе, ал қалған
пайызы өз-өзімен жалпы жүйесіз жұмыс жасайды. Сонымен бірге өз-өзімен
жүйелі жұмыс жасау қатары университет ішіндегі студенттердің бойында күннен
күнге сиреп барады. Оның себебі, студенттер өзін-өзі басқару үрдісіне
даярланғанымен, оның әдіс-тәсілдері үйретілмейді. Егер мұғалім мектеп
оқушыларының өзін-өзі тәрбиелеуіне басшылық жасауда қиындықтар сезінсе,
онда оның өзі де өзін-өзі дамытуды дұрыс біле бермейді. Мұның себебі,
педагогикалық курстарда өзін- өзі тәрбиелеу мәселесі бойынша дәріс өте аз
оқылады, ал практикалық-тәжірибелік сабақтар дұрыс жүргізілмейді. Осы
тұрғыдан студенттердің өзіне өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі тануға қатысты
тәжірибе аз екенін ескерген жөн.
Тәрбие - қоғамның негізгі жеке адамды мақсатты жүйелі қалыптастыру
принципі болып табылады. Тәрбие жайында осы уақытқа дейін әр түрлі
теориялар мен пікірлер айтылып келеді. Тәрбиені ересек адамдардың балаларға
ықпал жасауы деп
түсіңдірушілерде бар. Бұл жағдайда бала пассивті обьект түріңде
қарастырылады. Ол субъекті бола алмайды, яғни, өздігінен ойланып, белсенді
іс - әрекет жасау рөлін атқармайды.
Студенттердің өзін-өзі тану және өздігінен оқу, өзін-өзі тәрбиелеуді
қалыптастыру өзінің жеке даму жолында пайдалану үшін мыналарды білуі қажет:
1) Осы үрдісті басқару принциптерін;
2) Оның негізгі салаларын;
3) Өзін-өзі тану мен өзін-өзі тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін.
Студенттерді өз таңдаған жолында даярлауда өзін-өзі оқыту мен өзін-өзі
тәрбиелеу, оқытудың ролі мен мәнін студенттерге жеткізу; ақпараттандыру
(педагогикалық-психологиялық білім беру); Оларды өзін-өзі жетілдіруде
бағытталған іскерлікпен және дағдымен қаруландыру; өзін-өзі тану мен
тәрбиелеудің жолдарын қалыптастыру; студенттердің өзін-өзі тану мен
тәрбиелеу барысындағы жұмыстарын ынталандыру, қанағаттандыру.
2. Студенттердің рухани-адамгершілік құндылықтарын өзін-өзі тану негізінде
қалыптастыруда тұлға ұғымына тоқталмай айналып кету мүмкін емес. Себебі,
рухани-адамгершілік құндылықтарды, тұлғаның өзін-өзі тануы арқылы
қарастырғалы отырмыз. Сол себептен Тұлға ұғымына тоқталуымыз керек.
Бүгінгі күнге дейін тұлға теориясының ортақ пікірі жасалған жоқ. Тұлға
қоғамда өз орны мен ролін жеткілікті мойындайтын саналы әрекетпен
айналысатын даралық қасиеттерге ие жеке адам. Бостандық, ақыл-парасат,
қозғалысты өмір салты, индивидуализм және кәсіпкерлік рух - қалыптасу
үстіндегі тұлғаның басты көрсеткіштері. Тарихшылардың пікірінше,
“индивидуальдық” сөзінің өзі “тұлға” ұғымы ретінде бұдан 200-300 жыл бұрын,
яғни ағартушылық дәуірінде пайда болған.
Адамдардың мінез-құлқы, ішкі жандүниесі, бар нәрсені қабылдауы,
түсінігі әртүрлі болады. Бірақ бұл қасиеттерінің өзін адамгершілік
тұрғысында, қоғамдық қатынастарда өз ерекшеліктерін басқалардың бойындағы
қасиеттерімен салыстырып, өзгелерді тани білуінде, өзінің артықшылығын сана-
сезім өлшемімен бағалай білуде тұлғаға тән болмысты аңғарамыз. Қазақстанның
өркениетті елдер қатарында болып, өсіп-өркендеуі үшін жан-жақты, үйлесімді
білім беретін мектептің болуы сонымен қатар бұл мектептерде өзін-өзі тани
білетін табанды тұлға тәрбиелейтін ұстаздар қауымын даярлауда қазіргі таңда
үлкен жауапкершілікпен қараудың қажеттілігіне байланысты қазіргі уақытта
көптеген ғалымдар тың құнды пікірлерді жиі айтып отыр.
“Қазір қоғам адам болмысындағы мейірім, шапағат, төзім, махаббат...
сияқты құндылықтардың жаңғыруына зәру болып отыр”.
Адамдарға сенім арту және оларды сүйе білу, олардың сыртынан ғайбат
сөйлемеу, олар туралы жағымсыз танымына, тұлға мен ортаның дамуы көзқарасы
мен қарым-қатынасына тікелей байланысты болып отыр. Адам өз бойындағы
қараулықты, жалқаулықты, масаттануды, ашкөздікті, үрейді, екіжүзділікті,
менмендікті жеңе білудің жолы ол адамның өзін-өзі тануы болып табылады.
Тұлғалық өзін-өзі тану бағыттарын саралау оның ішкі дүниесіне өзінің
үңіліп, болашаққа берік сеніммен, биік адамгершілік тұрғыдан дайындалуына
негіз болады. Бұл тұрғыда Ә.Мұқанбетжанова “Тұлғаны дамыту-өзекті мәселе”
- атты, Қазақстан мектебі
журналында жарық көрген мақаласында Ш. Амонашвилидің тұлға туралы айтқан ой
пікірін келтіреді: “... тұлға өз-өзімен күресте болады, өзін-өзі тану және
өзін-өзі анықтау үрдісінде туады, тәрбие және оқыту тұлғаның тұрақтану
жолына бағытталады, сол жолда жеңіске жету үшін көмек беруге тиіс...” - деп
келтіреді. Сөйтіп, студент тұлғасының бойында рухани-адамгершілік
құндылықтардың қалыптасуы тұлғаның өзін-өзі тануына бағытталуы оның ең
тиімді құрылымы бар өзіндік даму жүйесінің болуын қажет етеді.
Осы орайда студенттің өзін-өзі тануы мен өзін-өзі түсінуінің
қалыптасуын зерттейтін салалар тұлғаның біліктілігін көтеру мен оларды
өмірге даярлау сапасын көтерудің тың көкжиектерін ашады. Себебі психикалық
өмірдің бұл жағын қалыптастыру тұлғаның еңбек, қарым-қатынас және таным
субъектісі ретіндегі адамгершілік тұрғыдан жетілуінің алғы шарты болып
саналады. Өзін-өзі танудың тағы бір қырын жеке тұлғаның белгілі бір іс-
әрекетке бағыттаушы, бағдарлаушы ролін арнайы зерттеу ісін Ю.Н. Кулюткин,
Г.С.
Сухобская, В.Д. Шадринов және т.б. бастады. Болашақ маман ретінде өзін-өзі
осы жолға бағыттап отырған студенттердің өзін-өзі тану дегеніміз нақты осы
жолдағы оқу түрінің шарттары мен талаптарын, сонымен қатар болашақ мамандық
иесінің мінез-құлық пен қатынастарының белгілі үлгісін қабылдау мен ұғынуды
ғана емес, таңдап алынған әлеуметтік қарым-қатынастар саласындағы тұлғаның
өзінің ролін, міндеттері мен мүмкіндіктерін тану мен пайымдауды білдіреді.
Бұл процесс тұлғаның өзін іс-әрекет субъектісі ретіндегі тану үрдісіне
негізделген. Қазіргі заманғы психология ғылымында өзін-өзі тану мәселесі
одан ауқымы кеңірек ұғым-тұлғаның өзіндік сана өзін-өзі түсіну,
самосознание ұғымымен берік байланыста қарастырылады.
Өзіндік сана мәселесін зерттеудің педагогикалық-психологиялық аспектісі
өзіндік сананың өзін-өзі түсінудің адам психикасының ерекше бір процесі
ретіндегі табиғатын анықтау болып табылады. Бұл процесс жеке тұлғаның өзін-
өзі тану мен өзіне деген эмоционалдық құндылық қатынасы негізінде іс-әрекет
пен тіршілік әрекеттері санасындағы өзін-өзі ұйымдастыруына бағытталады.
Өзін-өзі түсінуді меңгерген тұлғаның өзінің не істеп, не қойғанын
түсінуге, саналы түрде өндірістік міндеттерді алға қойып, оларды шешуге, өз
іс-әрекеттерін жоспарлап, міндеттемелерді орындауға, өз сәтсіздіктерінің
себептерін саралауға, өз іс-әрекеттеріне түзетулер енгізуге қабілетті.
Өзін-өзі түсіну - тұлғаның өзін-өзі билеп, өз тағдырын өзі шешудің
белгілі деңгейі. Өз өмір сүріп отырған ортада өз жүрер жолын анықтаған
тұлға - өзінің өмірлік мақсаттарын, өз потенциалын толық пайдаланумен
байланысты жоспарларын, өз қалауларын, өзінің тұлғалық және физикалық
қасиеттерін, өз мүмкіншіліктерін, қабілеттерін, таланттарын, сондай-ақ, өзі
таңдаған осы оқу орнының ортасында өзінің білім игеруіндегі әзірлік шама -
шарқын ұғынатын тұлғаны қалыптастыру.
Осы студент тұлғасы ретінде ішкі өсумен қатар, өзін-өзі түсіну де
өзгереді. Ол игеруге талпынған мамандық түрінің жаңа белгілерінің іске
қосылуының арқасында кеңейеді. Студенттердің өзін-өзі түсінудің құрамындағы
маңызды компоненттерінің бірі-сол тұрғыда өзін-өзі тану. Ол белсенді
танымдық іс-әрекеттің нәтижесі, танушы сана. Алайда танушы сананың дүниеге
келуі сана дамуының белгілі деңгейін талап етеді, сонымен қатар ол өзінің
мақсатын қамтамасыз ететін нақты жағдайларды талап етеді. Ең алдымен, тұлға
өзін таным объектісі ретінде бөліп қарастыруы қажет, сонымен қатар осы
мақсатта өзінің бар ішкі мүмкішіліктерін пайдалана білуі шарт. Қалыпты
психикалық денсаулығы өз деңгейіндегі адам өзі мен өз іс- әрекеттерін танып-
ұға алады, бірақ бұл таным процесі сыртқы сабақтаса жүретін ықпалдарға да
тәуелді болады. Жалпы, авторлардың көпшілігі өзін-өзі түсінудің дамуы мен
қалыптасуы арнайы зерттеуді қажет ететіндігін атап көрсетеді, алайда көп
жағдайда ол стихиялы түрде өрбиді. Өмірдің жан-жақты, алуан түрлі
құбылыстарының кез-келген тұрмыс-тіршілік ортада өзі туралы ұғымдарының өсу
процесін толықтай белгілі бір қалыпқа келтіруге жол бермеуі-табиғи нәрсе.
Бірақ бұл процестің тиімділігін арттыруға деген қажеттілік әркез студенттің
бойынан сезіледі. Сондықтан тұлғаның танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру оны
дамытудың педагогикалық қағидаларын бұлжытпай орындау ұтымды нәтижелер
беруі мүмкін.
Қазіргі өзін-өзі тану мәселелері тұлғаның перцевтивтік- коммуникативтік
қабілеттерін В.К. Елманованың психология ғылымдарының кандидаттық
диссертациясиялық зерттеу еңбектеріндет.б. көруге болады. Бұл бағыттағы
еңбектерде өзі мен өзгелер туралы білімге адам дамуына ортаның белгілі
ықпалы бар екендігі туралы идея нақтыланады. А.А. Бодалев, О.Г. Кукосян,
И.А. Вишняков, Л.Н. Суетова. Өзін-өзі тану деңгейі ортаға кері әсер етуі
мүмкін екендігі жөнінде де айтылады, яғни тұлға іс-әрекеттердің бағыт-
бағдары мен табыстылығына әсер етеді. Дегенмен мәселенің бұл жағы
жеткілікті түрде зерттелмеген.
Студент тұлғасының өзін-өзі тану мәселесіне деген көзқарастарды саралап
көрелік. Алғаш рет студенттің тұлғалық тұрғыдан өзін-өзі тану мәселесі Г.И.
Метельскийдің еңбектерінде орын алды.
Ол тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін зерттеген болатын. Өзінің
тәжірибелік зерттеуінде тұлғаның өзін-өзі тану процесінде жинақталатын
білімдер, қабілеттер және дағдылар жүйесі алуан түрлі педагогикалық
міндеттерді шығармашылық тұрғыдан шешудің маңызды шарттарының бірі екендігі
туралы болжамды негіздейді. Педагогикалық шеберліктің алуан түрлі
деңгейлеріндегі тұлғаның қомақты тобын зерттей келе, Г.И. Метельский
олардың өзін-өзі тануындағы, өзінің даму үрдісі мен нәтижесінің, оның
жетістіктері мен кемшіліктерінің ерекшеліктерін танудағы да өзекті
айырмашылықтарды көрсетіп берді.
Г.И. Метельскийдің зерттеуі студенттің болашақ педагог тұлғасы ретінде
өзін-өзі тануы - оның өз тұлғасы мен іс-әрекетінің алуан жақтарын
объективті, шынайы қабылдау мен түсінуге түрткі болар рефлексиялық
гностикалық міндеттердің белгілі бір жиынтығын шешу процесі екендігін
көрсетті. Г.И. Метельский тұлға бойындағы рефлексияға, өзін-өзі тануға
қабілеттіліктің дамуының үш сатысын жіктеп көрсетті. Тұлға өз іс-
әрекеттерінің ішкі бір бөлігін көріп-біліп, пайымдап, тек жекелеген
жақтарына ғана түзетулер енгізу-төменгі деңгейге тән құбылыс. Адам тұлғасы
туралы мағлұматтардың көбірек болып, оның ерекшеліктерін шынайырақ тануы-
орташа деңгейдің сипатында жатады. Жоғарғы деңгей - болашақ педагог
тұлғасының өзін-өзі тану кезінде көрінетін мағұлматтық және бағдарлау
қызметтерінің бірлігінің көрнекті үлгісі.
Г.И. Метельскийдің зерттеуі тұлғаның өзін-өзі тану процесінде
қалыптасатын мағлұматтар мен қабілеттер жүйесі педагогикалық мәселелерді
шығармашылық тұрғыдан шешудің маңызды шарттарының бірі болып табылып,
тұлғаның еңбек, таным және қарым-қатынас субъектісі ретіндегі өсіп-
жетілуіне ықпал ететіндігі туралы болжамды дәлелдеп берді.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
1. Өзін-өзі тану ұғымына анықтама беріңіз.
2. Адамның өмір сүру мен мақсат-міндеттерін атаңыз.
3. Адам мақсатының анықталуына қандай факторлар әсер етеді?
4. Мақсат пен міндет терминдерінің айырмашылығы неде?
№3-дәріс
Тақырыбы: Өзін-өзі тану ілімінің ғылыми негіздері.
Мақсаты: өзін-өзі тану іліміне ғылыми тұрғыдан баға беру; өзін- өзі
тану пәнінің дамуындағы ғылыми ұғымдарының тарихи аспектілері мен
байланысын көрсету.
Тірек ұғымдар: өзін-өзі тану, өзін-өзі басқару, өзін-өзі дамыту, ар,
ождан, бақыт ұғымдары.
Жоспар.
1. Өзін-өзі тану ілімінің тарихи даму аспектілері.
2. Өзін-өзі тану туралы ғалымдардың педагогикалық-психологиялық ой-
пікірлері.
3. Жан мен тән байланысы. Ар-ождан ұғымы.
1. Тұлғаның өзін-өзі тануы мен өзін -өзі түсінуі терминологиялық статусқа
Е.М. Боброваның, Н.И. Кузьминнің, Ю.Н.Кулюткиннің, В.Н. Козиевтің, С.В.
Васильковскаяның, Л.М. Митинаның, А.К. Маркованың, В.А. Якуниннің
еңбектерінде ие болды.
Мысалы, Е.М. Боброва өзін-өзі түсінуді, яғни студенттің болашақ
педагогикалық қабілет дағдыларды игеру деңгейін тұлғаның өз бойында бар
білім мен тәжірибені педагогикалық үрдісте мақсаттарына жету үшін
пайдаланады деп түсіндіреді.
В.Н. Козиев болашақ педагог тұлғасының өзін-өзі түсінуін ол тұлға өзін
ұғына отырып, өз ісін белгілі бір жүйеге бағыттап отырады деп қарастырады.
Бұл іс-әрекетінің арқасында студент тұлғасының бойында белсенді түрде
өзіндік жетілу, өз бойында саналы түрде жеке тұлғаның маңызды қасиеттері
мен өз шеберлігін қалыптастыру процесі жүреді.
Ю.Н. Кулюткин өзін-өзі түсіну-қол жеткен жетістіктерді бағалау, өзіндік
өсіп-жетілу бағыттарын жоспарлап, оларды жүзеге асыру жолындағы іс-әрекеті
деп көрсетеді. Бүгінгі студент болашақта өз бойында қандай рухани-
адамгершілік қадір-қасиеттерді тәрбиелеп дамыту қажеттігін, екінші жағынан
ол қасиеттердің өз бойында қаншалықты өсіп жетілгенін білгенде ғана ол
аталмыш қабілеттерді қалыптастыру мен дамытуға саналы түрде ұмтылуы мүмкін.
Тек тұлға өзінің психологиялық ерекшеліктерін танып-біліп, оларды өз даму
жолымен салыстырып, сәйкестендіре алған жағдайда ғана оның бойында қажетті
адамгершілік қадір-қасиеттер мен дағдыларды тәрбиелеу мен жетілдіруге
бағытталған белсенділік туындайды. Ұсынылған анықтамалардың көрсеткеніндей,
көптеген зерттеуші - ғалымдар өзін-өзі түсінуді өзін-өзі тану, өз бойындағы
ерекшеліктерді пайымдап, оларды нақты іс-әрекет саласының талаптарымен
сәйкестендіру үрдісі ретінде қарастырады.
Е.М. Боброва студенттердің өзін-өзі түсінуінің мазмұндық жағына көп
көңіл бөледі. Ол бұл аспектіні студенттердің оқыту үрдісінде
қалыптастыратын дағдылардың үш тобына жіктейді: жалпы педагогтық дағды,
арнаулы және тұлғалық дағдылар.
Л.М. Митинаның пікірінше, студенттің өз мамандығында өзін-өзі түсіну
деңгейінің төмен болуы оның тек жекелеген қасиеттер мен қабілеттерді
түсінуінен туындайды. Өзін-өзі түсінудің жоғарғы деңгейіне қол жеткізген
студенттердің ұғымындағы “Меннің” біртұтас бейнесі оның құндылық бағытының
жалпы жүйесіне кіреді. Бұл бағыт оның өз дамуы мен алға қойылған
мақсаттарына жетуде басты негіз болады.
Егер бұдан ертеректе болашақ педагог шеберлігінің критериі ретінде
оның, негізінен, арнаулы әдістемелік және педагогикалық саладағы білімі мен
дағдылары қарастырылса, соңғы кезде зерттеуші ғалымдар болашақ педагог
тұлғасының психологиялық қасиеттеріне баса көңіл аударады, әсіресе тұлғаның
қайталанбас бітім болмысы мен тұлғаның өзін-өзі қабылдап ұғынуын сараптауға
мүмкіндік беретін перцевтивтік-рефлексиялық қабілеттеріне ерекше мән
береді.
Н.В. Кухарев еңбетерінде шебер педагог жұмысын қатаң қадағалау олардың
өз тәрбиеленушісінің жеке тұлғасына айрықша нәзік сезімталдықпен
қарайтындығын көрсетті. Тұлғаның мұндай сезімталдығы олардың жоғары
байқағыштығы мен көрегендігінің жемісі. Бұл қабілет олардың болашақ педагог
жолындағы шығармашылық табысының алғы шарты. Олай болса, бүгінгі студенттің
өзін-өзі үнемі танып, қадағалап отырып, олардың бойында қырағылық, жоғары
сезімталдық, соның арқасында жаманнан жиреніп, жақсыға ұмтылысы
жоғарлайтыны сөзсіз.
А.К. Маркованың пайымдауынша, бұл қабілеттер - қайтадан қалпына
келмейтін қабілеттер. Тұлға бойындағы олардың мардымсыздығы немесе мүлде
дамымағандығы оның жеке бітімінің жағымсыз жаққа өзгеруіне әкеліп соғады.
Н.В. Кузьминаның зерттеу еңбегінде шеберліктің жоғары деңгейін
меңгерген студент үздіксіз өзін-өзі тану процесіне жететіндігін көрсетті.
Бұл үрдіс тәжірибенің өзге адамдар мен өзін- өзі танудың барлық
компоненттерінің бір-бірімен үйлесе ұштасуына негізделген. Оларға өзін-өзі
әділ бағалау, өзінің жеке тұлғасының жетістіктері мен сәтсіздіктерінің
себептерін түсіне білу, өз іс- әрекетінің нәтижелерін пайымдай және
сараптай білу, өз іс-әрекеті мен өзге іс-әрекеттерін салыстыру қасиеттері
тән. Жоғары деңгейдегі студент тұлғасы өз мүмкіндіктерін әділ бағалай
білудің арқасында өзінің іс-әрекеттерін тиімді қадағалайды, оқу-тәрбиелік
мәселелерді шешуде жоғары деңгейге қол жеткізеді, жеке тұлғаның бойында
рухани-адамгершілік құндылықтары мен қасиеттері қалыптасады. Перцептивтік-
рефлексиялық, диагностикалық және алдын-ала анықтау дағдылары студент
тұлғасының кейбір психологиялық қасиеттерімен тығыз байланысты.
Г.М. Метельскийдің зерттеу еңбегінде студенттің жоғарыда аталған
дағдылары мен оның санасының сынилығы, өзіне талап қоюы, оның өзін-өзі
бағалауының әділдігі, өз уақытын ұйымдастыра білуі, өз мінез-құлқын және
дағдыларын тәрбиелеу жүйесін жобалауға көмектеседі, яғни рефлексиялық
міндеттерді тиімді орындай білу студент тұлғасында рухани-адамгершілік
құндылықтарының табысты жетілуіне жетелейді.
Қазіргі кезге дейін тұлғаның өзін-өзі түсінуін зерттеу еңбектері
негізінен теориялық негіздері терең сарапталмаған. Бұл жөнінде шектеулі
мәселелер қарастырылады. Олар өзін-өзі түсінудің деңгейлері мен бірліктері
секілді мәселелерге бағытталады.
Тұлғаның өзін-өзі түсінуінің құрылымын теориялық сараптау оның үш
құрама бөлімнен когнетивтік, аффективтік және мінез- құлықтық
компоненттер тұратын өзін-өзі толықтырушы бірлік екендігін көрсетті. Л.М.
Митина, А.К. Маркова.
Когнитивтік құрылымдық бөлімнің ішіне тұлғаның өзін педагогикалық
саладағы тұлғааралық қарым-қатынастар жүйесіндегі және өзінің тұлғалық даму
жүйесіндегі өзін-өзі түйсінуі сезінуі кіреді. Біртіндеп, жекелеген
педагогикалық ситуациялардағы өз бітімі туралы ұғым - түсінігі негізінде,
әріптестерінің пікірі негізінде тұлғаның бойында тұрақты “Мені”
қалыптасады. Ол тұлғаға өз-өзіне деген сенімділік туғызады немесе
керісінше, ол сенімді яки мүлде жояды. “Мен”- негізінде тұлға өзіне қатысты
құбылыстарға баға береді.
Тұлғаның өзіне деген аффективтік - бағалаушылық қатынасы тұрғысынан -
өзінің қазіргі бойындағы қасиеттері мен мүмкіндіктерін бағалауы өзін-өзі
ретроспективті бағалау және болашақ жетістіктерін бағалау өзін-өзі
потенциальді немесе идеальді бағалау, сонымен қатар өзі туралы өзгелердің
ой-пікірін бағалауы рефлексиялық бағалау жіктеліп - бөлінеді.Ю.Н.
Кулюткин, В.Н. Козиев, А.К. Маркова. Егер өзекті бағалау ретроспективті
бағалаудан, ал идеальдік бағалау- өзекті бағалаудан жоғары болса, бұл өзін-
өзі түсінуінің өз бойында өсуі-жетілгендігін дәлелдейді. Өзіне жағымды
көзқараспен қарайтын студент тұлғасының бойында өзіне деген сенімі ұлғайып,
өз бойындағы адамгершілік-рухани құндылық бағдарына көңілі толу сезімі
туындап қабілеттің жалпы тиімділігі артады. Мұндай студент тұлғасы өзінің
рухани- адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға деген қабілет
мүмкіндіктерін толықтай іске асыруға ұмтылады. Айрықша маңызы бар бір жайт
тұлғаның өзі туралы позитивтік, көтеріңкі “Мені” оның өз бойында осындай
көтеріңкі “Менін” тәрбиелеуге ықпал етеді. Р.Бернс,1986. Өзін сенімді де,
салмақты , байсалды сезінетін тұлға әріптестерінің бәріне де бірдей мейірлі
әрі тең көзқараспен қарайды. Өз қабілетінің әлсіз, дамымаған жақтарын
түсініп, оларды түзесем деген ниет өзіне деген жалпы көтеріңкі көзқарасқа
кері әсер ете алмайды. Керісінше өзін-өзі бағалау деңгейі төмен тұлға
қорғансыз күйге еніп өзінің қорқынышы мен стрестері әсерінен қоршаған
ортаны теріс қабылдап, психологиялық өзін-өзі қорғау құралы ретінде
авторитарлық стильге көп жүгінеді. Соңғы жылдардағы зерттеулер студент
тұлғасының өзіне деген қызығушылық деңгейі төмен екендігін, өз “Менін”
қорғауға бейімдігінен қарағанда, олардың өзге адамдарға жоғары талап
қоятындығын көрсетті. Сондықтан да студент тұлғасының өзі туралы көтеріңкі
көзқарасын жетілдіруі өз бойындағы рухани-адамгершілік қадір-қасиеттерінің,
өсіп-жетілу мүмкіндігі туралы өзін толыққанды көрсетсем деген ниетін
бекітуі “өз әріптестері үшін маңызды тұлғаға айналып, өзінің және олардың
өсіп-жетілуіне ықпал етіп, осыған байланысты өзіне деген құрмет
адамгершілік сезімінің туындауы - осының бәрі адам тұлғасының сипаттамасы
ретіндегі көтеріңкі “Менін” жетілдірудің маңызды компоненттері.
Бұл сипаттамалар жас студент тұлғасының өзін-өзі түсінуі мен өз
шеберлігінің өсу барысын анықтайды. Өзін-өзі түсіну, яғни өзіндік “Мен”
тұлғаның өзін-өзі тану процесінде қалыптасады. Студент тұлғасының өзін-өзі
тануы оқу процесінде жүзеге асады.
2. Шетелдік педагог ғалымдардың зерттеулерінде болашақ педагог тұлғасының
өзін-өзі тану, өзін-өзі бағалау, оның “Меніне” арналған бірқатар зерттеу
еңбектері бар: А.Комбс, 1962;
М.Розенберг, 1965; С. Мецер, 1968; Ф. Куолтер, 1974; К. Паркер, 1977; Т.
Кейт, 1986; Р. Бернс, 1986; М. Харрис, 1986 және т. б.
Ф. Куолтер 1974 студенттердің - болашақ педагогтардың педагогикалық
сараман уақытындағы өздерін көрсету, ұстау ерекшеліктерін зерттеді. Осының
нәтижесінде ол мынандай шешімге келді: егер студенттердің өзі туралы ұғым
түсініктерін қалыптастыру бағытында арнайы жұмыстар жүргізілетін болса, бұл
ұғымдар өзге студенттер ұғымынан әлдеқайда терең әрі толық, студенттердің
өз тұлғасы туралы ұғымдарын қалыптастыруды басқаруға болатындығы тәжірибе
негізінде дәлелденді.
№2 Кесте. К.Р. Левинтан мен С.Г. Верловский көзқарасы бойынша өзін-өзі
танудың басты тәсілдері мен мазмұны.
Өзін-өзі тану тәсілдері Мазмұны
Тұлғалық өзін-өзі сараптау Тұлғаның жетістіктері мен
сәтсіздіктерінің себеп-салдарлық
байланысын ашуға көметеседі.
Өзін-өзі сараптаудың қай бағытта
өрбуі тұлғаның өз бойында
адамгершілік рухани қадір-
қасиеттердің қаншалықты тереңдігі
оның тұлғалық шығармашылық
потенциялының дамуын, тұлғалық
өсіп-жетілуін анықтайды. Осындай
ішкі жан- дүниедегі жұмыс
аналитикалық ойлау қабілетін
дамытады, тұлғалық рольдік мінез-
құлықына дер кезінде түзету енгізуді
қамтамасыз етеді.
Педагогикалық рефлексия -тұлға саласының өз-өзіне қарай
бағытталуы, оның өз бойына үңілуі,
болашақ педагогтық қызметі туралы
ұғымдарын ескеру. Бұл тұлғаның
белгілі бір ситуация туралы пайда
болған ұғымдарының бейнесінің көз
алдына ойша келтіріп, соның
арқасында өзі туралы ұғымды нақтылау
қабілеті. Өзінің әрбір іс-әр
екетін оның мақсатқа сәйкестігі
тұрғысынан саралай келе, ол өзін
әркез түзеп отырады. Рефлексияның
негізінде осындай үздіксіз өзін- өзі
түзеу процесі жатыр. Онсыз болашақ
педагог студент тұлғасын
дайындаудың жемісті болуы мүмкін
емес.
Өзін-өзі бақылау оқу барысындағы белгілі бір
ситуациядағы өз қалпын көз алдына
елестетуге тырысуы. Өзін-өзі
бақылаудың, болжаудың басты
критериі - адамгершілік-рухани
құндылық бағдарын жан-жақты сараптау
қабілеті мен осы негізде шешімдердің
көптеген мүмкіндіктерін дайындау,
сонымен қатар іс-әрекеттің алдағы
мүмкін нәтижесін алдын- ала көру.
Өзін-өзі қабылдау -бұл процесс кезінде нақты
ситуацияға байланысты өзі және өз
құлқының жекелеген бейнелері,
қалыптасады.
Өзін-өзі қадағалау түрлі ситуациялар кезінде өзін- өзі
саналы немесе еріксіз түрде бақылау.
Мұның арқасында белгілі бір
айтарлықтай тұрақты өзінің “Мені”
туралы ұғым қалыптасады.
Р. Гарвей жоғарғы курс студенттерінің “Меннің” ерекшеліктері мен оларды
оқыту тиімділігі мәселелерін зерттеді. “Жоғары академиялық үлгерім деңгейін
игерген жоғарғы курс студенттерінің
бойындағы олардың өзі туралы ұғымдарындағы қайшылықтар мен өзіне деген
сенімсіздік деңгейі әлдеқайда төмен”.
Студенттердің педагогикалық қызметінің табыстылығы әркез олардың өзін-
өзі көтеріңкі бағалауымен, өзі туралы ұғымдарындағы бұлыңғырлықтың,
түсініксіздіктің жоқтығымен және олардың бейімделуге деген жоғарғы
қабілеттілігімен ұштасып, сабақтасып жатады. Бұл тұлғаның өзін-өзі бағалау
қызметінің қажеттілігін дәлелдеді. Өзін-өзі бағалау әрбір тұлғаға өз тиімді
стилін тауып, оны дамытуға мүмкіндік береді.
Д. Доуэрти және К.Паркер студенттердің өзін-өзі бағалауы олардың
экстраверттілігі мен нейротизміне тәуелді екендігін анықтады. Студенттердің
өздерін қоршаған ортасы олардың көбінесе интроверттікке бейімделуіне ықпал
етеді, ал интраверттердің экстраверттерге қарағанда өзін-өзі бағалау шамасы
төмендеу, қалыпты эмоциялық деңгейдегі студенттен нейротизмнің жоғары
деңгейіндегі студенттің өзін-өзі бағалауы жоғарырақ.
Болашақ педагог өміріндегі өзін-өзі көтеріңкі бағалаудың маңызы туралы
А. Комбс, М. Розенберг, Р. Бернс және т.б. жазды.
Тұлғаның өзін позитивтік тұрғыдан қабылдауы оның қызметінің
тиімділігінің маңызды факторларының бірі ретінде тұлғаның көтеріңкі
“Менінің” дамуына әсер етеді.
Өзіндік “Мен” мен “Менінің” тиімді оқыту арасында айқын байланыс бар.
Тиімді оқытудың қажетті шарттарының бірі- тұлғаның өзінің жеке және өз
біліктілігіне деген сенімділік деңгейі. Сынып ішінде өзін сенімді сезіне
отырып студент өз кемшіліктері мен оқушылардың кемшіліктерін оңай, тез
ұғынады. “Өзінің бойында әділдік, шынайылық, өз тұлғасының адамгершілік-
рухани құндылығы сезімі бар және оқушыларға позитивтік көзқараспен қарауға
әзір тұлға оқушылардың өзін-өзі түсінуі мен олардың тұлғалық қалыптасуына
тиімді ықпал ете алады, оларды өзіне сенуге үйретеді, құндылықтарды жеңіп,
оқудағы өз мүмкіндіктерін толықтай қолдауға үйретеді. Алайда түрлі
зерттеулердің нәтижелері Бернс” тұлғаның мұндай маңызды қасиеттерінің
даму деңгейі төмендігін көрсетті.

адамдармен қарым-қатынасқа түсетін әрбір адам өзін- өзі тануын тереңдетуі

жетістіктерінің маңызынан кем емес.
Сөйтіп, педагогикалық жоғары оқу орындарының бағдарламаларындағы өзін-
өзі тану мен өзгелерді түсінудің алар орнын, маңызын айтып жеткізу мүмкін
емес, себебі “болашақ маман біреуді өмір бойы бір нәрсеге оқытады”.
3. Осы тұрғыдан Ш.Құдайбердінің “Үш анық” атты философиялық еңбегінде
тұлғаны рухани қалыптастыру мәселесіндегі маңызы ерекше екеніне тоқталуға
болады.
Ол өзінің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz