Елтірілер


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

Сонымен Қаратау таулы аймағы жағдайында қаракөлдің аумағы бойынша аса құнды ірі елтірілерінің ішінде қалың жакет I, және қалың қабырға бұйралы I сорттарының алатын орны ерекше болып табылатыны анықталды.

4. 3. 3 Елтірілер салмағы

Қаракөл қой тұқымының ерекшелігі оның полиморфизмдігі (алуан түрлілігі) болып табылады. Оның негізгі елтірілік қасиеттері және белгілері бойынша тұқым қуалаушылығы басым, сондай-ақ түсі мен түрі жағынан да нәсіліне тартады, паратиптік факторлардың әсерінен алынатын елтірілердің тауарлық қасиеттері өзгергіш келеді. Бұл ерекшеліктер көптеген түрлерді, типтерді, әртүрлі жағдайда сұрыптап алудың нәтижесі сондай-ақ өздеріне тән артықшылықпен туу қасиеттерінің басым түсу әсері болуы да мүмкін.

Көптеген тәжірибе материалдарына қарағанда төлдің туылған кездегі тірілей салмағы және олардан алынған елтірілер салмағы енесінің құрсағындағы өсу жағдайына, елтірі түрлеріне байланысты, ал ол жағдайдың қолайлы болуы енелерінің азықтандырылу деңгейіне, жасына, қозылардың жынысына және тұқым қуалайтын басқа да факторларға байланысты.

Қаракөл елтірілерінің салмағын зерттеу асылдандыру жұмыстарында қойларды іріктеуді жақсы меңгеру үшін селекционерлерге көп мүмкіндіктер береді. Сондықтан малды іріктеу кезінде негізінен елтірінің сапасын бағалаудан басқа елтірінің салмағына да баса назар аудару қажет.

Қаракөл елтірісінің салмағы өте маңызды экономикалық қасиеттерінің бірі. Қаракөл елтірісінен тігілген киім-кешектер неғұрлым жеңіл болса шетел сауда орындарында соғұрлым қымбат бағаланады.

Елтірінің салмағы негізінен терінің аумағы мен қалыңдығына және жүн жабының тығыздығы мен ұзындығына байланысты болады. Басқадай тауарлық белгілері бірдей болған жағдайда бір сорттың ішінде жеңіл елтірілер жоғары бағаланады және олардан дайындалған мехтық бұйымдар біршама жеңіл болып келеді.

Тәжірибе топтары саулықтарынан алынған елтірі салмағының көрсеткіштері 31 кестеде келтірілген. Зерттеулер көрсеткендей аталық пен аналықтарды елтірілік типтеріне байланысты біртекті және әртекті жұптастырғанда ұрпақтарынан алынған елтірі түрлері олардың терісінің салмағына әсер ететіні анықталды. Тәжірибенең бірінші-2003 жылы қабырға х қабырға бұйралы типті жұптаудағы саулықтардың қозыларының елтірісінің салмағы жеңілдеу болды және олар қабырғалы х жакеттік типті жұптаудағы саулықтардан көрсеткіші бойынша басымдылығы нақты болды. Тәжірибенің екінші жылы (2004) елтірінің салмағы бойынша анықталған топаралық айырмашылықтар сақталғаны байқалды.

Жалпы екі жылда алынған деректер бойынша ең жеңіл елтірілер қабырғалы х қабырғалы типті жұптаудағы саулықтарының ұрпағында болды.

31 - кесте Құрғақ тұздалған елтірілер салмағы, г. (Х±m x )

Сорттар
2003 ж
2004 ж

Қабырғалы х қабырғалы

n=255

Қабырғалы х жакеттік

n=313

td

Қабырғалы х қабырғалы

n=233

Қабырғалы х жакеттік

n =327

td
Сорттар: Жакет I
2003 ж: 303, 6±17, 6
2004 ж: 308, 2±20, 8
1, 60
290, 1±25, 8
295, 3±30, 3
1, 73
Сорттар: Қалың жакет
2003 ж: 380, 2±29, 3
2004 ж: 389, 4±7, 1
1, 76
379, 9±29, 0
384, 4±7, 9
1, 80
Сорттар: Мәскеулік жакет
2003 ж: 283, 6 ±9, 8
2004 ж: 287, 5±7, 9
0, 80
281, 2±18, 7
279, 1±8, 6
0, 63
Сорттар: Жұқа қабырғалы-I
2003 ж: 306, 7±20, 7
2004 ж: 308, 2±6, 3
1, 00
312, 9±18, 6
327, 0±14, 2
0, 95
Сорттар: Қалың қабырғалы-I
2003 ж: 379, 9±7, 7
2004 ж: 381, 6±9, 5
3, 03
390, 6±13, 9
395, 5±19, 5
3, 58
Сорттар: Қалың кавказдық-I
2003 ж: 385, 7±8, 5
2004 ж: 388, 3±13, 9
2, 0
392, 5±9, 9
396, 3±17, 7
1, 91
Сорттар: Жакет-II
2003 ж: 262, 9±15, 9
2004 ж: 266, 2±6, 9
2, 2
269, 9±13, 5
274, 0±6, 9
2, 00
Сорттар: Жұқа қабырғалы-I
2003 ж: 259, 9±17, 2
2004 ж: 261, 7±6, 0
9, 9
291, 6±19, 9
297, 4±17, 5
8, 01

4. 3. 4 Терінің қалыңдығы

Қой терісі - феногенетика тұрғысынан ең көп және жан-жақты өзгергіштік пен бейімделуге ие орган болып табылады. Тері-жүн жабындысының даму заңдылықтары - жануарлардың жеке дамуының бір бөлігі болып есептелінеді. Осының нәтижесінде, қойлар онтогенезінде терінің өсуі және жүн фолликуласының дамуының гистологиялық зерттеулерінің басқа факторлармен қатар үлкен ғылыми және практикалық маңызы бар. әр түрлі экологиялық аймақта өсірілетін қаракөл қозыларының терілерінің қалыңдығы гистоморфологиялық көрсеткіштеріне сәйкес келеді. Сондықтан тері-жүн жабындысының гистоморфологиялық параметрлері жануарлардың даму жағдайын бағалағанда критерий қызметін атқаруы мүмкін және олардың белгілі аймақта дамуында қой тобының генетикалық құрылымын бейнелейді.

Қаракөл сапасы едәуір дәрежеде тері қабаттарының қасиеттеріне байланысты болады және тері қалыңдығы елтірі сапасы мен бағасын айқындайтын негізгі қасиеттерінің бірі болып табылады (32 кесте) .

Сондықтан тері шелінің қалыңдығын зерттеудің аса маңызды мәні бар,

32 - кесте Қаракөл елтірілерінің қалыңдығы, мм (Х±m x )

Сорттар
2003 ж
2004 ж

қабырғалы х қабырғалы

n =255

қабырғалы х жакеттік

n =313

td

қабырғалы х қабырғалы

n=233

қабырғалы х жакеттік

n =327

td
Сорттар: Жакет I
2003 ж: 1, 32±0, 4
2004 ж: 1, 37±0, 3
0, 40
1, 36±0, 4
1, 39±0, 3
0, 30
Сорттар: Қалың жакет
2003 ж: 1, 46±0, 3
2004 ж: 1, 49±0, 2
0, 11
1, 50±0, 6
1, 51±0, 4
0, 10
Сорттар: Мәскеулік жакет
2003 ж: 1, 47 ±0, 5
2004 ж: 1, 48±0, 3
0, 6
1, 46±0, 8
1, 48±0, 6
0, 09
Сорттар: Жұқа қабырғалы-I
2003 ж: 1, 30±0, 5
2004 ж: 1, 32±0, 6
0, 13
1, 33±0, 4
1, 34±0, 5
0, 21
Сорттар: Қалың қабырғалы - I
2003 ж: 1, 43±0, 4
2004 ж: 1, 44±0, 3
0, 15
1, 44±0, 6
1, 45±0, 4
0, 12
Сорттар: Қалың кавказдық - I
2003 ж: 1, 50±0, 3
2004 ж: 1, 51±0, 4
0, 29
1, 50±0, 7
1, 53±0, 6
0, 63
Сорттар: Жакет-II
2003 ж: 1, 10±0, 6
2004 ж: 1, 13±0, 4
0, 32
1, 10±0, 3
1, 15±0, 4
0, 11
Сорттар: Жұқа қабырғалы-IІ
2003 ж: 1, 13±0, 5
2004 ж: 1, 15±0, 3
0, 26
1, 20±0, 4
1, 21±0, 3
0, 10

әсіресе әр түрлі елтірілік тип бойынша біртекті және әртекті жұптастыру нәтижелерін талдағанда қаракөл елтірісінің қалыңдығы терінің тығыздығына байланысты. Терінің қалыңдығы болбыр болса, оның жүні де сиректеу және ұзындау болып келеді. Тері тығыздығының әр тұста әртүрлі болуына байланысты түгі де өзгеріп отырады. Әдетте бүйірлерінде, әсіресе бауырында терісі болбырлау болғандықтан арқасы мен құйымшағына қарағанда жүн сиректеу. Сондықтан қаракөл терісінің қалыңдығын анықтағанда елтірінің әр тұсынан қарап бағалау керек.

Терінің қалыңдығы қаракөл елтірісінің жеңілдігін анықтайды, оған терінің жұмсақтығы мен жүн жабының жетілу дәрежесінің байланысы болады. Қаракөлдің сорттылығы терінің қалыңдығына қарай өзгереді. терісі ірі елтірілерде, жүн жабыны өскелең бұйралар қалыптасады. терісі жұқа елтірілерде орташа және ұсақ бұйралар басым болады. Олардың жүн жабыны қысқалау келеді.

Елтірілердің орташа қалыңдығы зерттелген топтар мен жылдар бойынша 1, 05-1, 56 мм шегінде болды. елтірілер қалыңдығының айқын сорт аралық айырмашылықтары 32-кестеде келтірілген. Осы деректерде Қаратау таулы аймағы жағдайында құрғақ тұздалған қаракөлдің орташа қалыңдығы қайталануының дәрежесі біршама жоғары екені байқалады.

Елтірінің қалыңдығы әртүрлі елтірілік типті аталық пен аналықты біртекті және әр текті жұптастырғанда алынған елтірілердің салмағының тегіне байланысты өзгергіштіктері байқалды. Жұқа терілер қабырғалы х қабырғалы елтірілік типті жұптастырғандағы саулықтардың ұрпақтарының елтірілерінен (1, 12-1, 50мм) алынды, ал қабырға гүлді х жакетті жұптастырудағы саулықтардың ұрпақтарынан елтірілері сәл қалыңдау (1, 13-1, 52 мм) болды.

4. 3. 5 Жүн талшығының ұзындығы

Жаңа туылған қозылардағы жүн ұзындығы - сұрыптаудың ең басты белгісі, себебі елтірінің басқа қасиеттерінің барлығы осы белгіге байланысты болады. Біз осы жүн талшығы ұзындығының елтірі типіне байланыстылығын зерттеу үшін біртекті және әртекті жұптаудан алынғын қозыларды зерттедік.

Кейінгі жылдары қаракөл қозыларын бағалауда жүн талшығына көп назар аударылуда, өйткені оның ұзарып не қысқаруы елтірінің сапасына өз әсерін тигізеді.

1930 жылдары алғашқы рет Мәскеудің жоғарғы зоотехникалық институтының қой шаруашылығы кафедрасында профессор М. Ф. Ивановтың жетекшілігімен қаракөл елтірілерінің жүн талшығының ұзындығы олардың топографиялық бөліктері мен бұйрасы және түсіне байланысты екені анықталды.

Кейіннен қаракөл сорттарымен бұйраларының әр түрлі формаларын сипаттауда жүн талшығының ұзындығы есепке алынады.

И. Н. Дьячков, Р. Т. Письменная [343] толқын бұйраның әр типінің орташа ұзындығы анықтаған олардың зерттеуі бойынша жартылай шеңберлі - 8, 7 мм, жазық - 7, 7 мм, қабырғалы - 6-14 мм болған.

Жүн жабыны ұзын болған сайын оның сапасы төмендей береді. Жүн талшығы ұзындығының көрсеткіштері 33- кестеде келтірілген.

33- кесте Қаракөл елтірілерінің жүн талшығының ұзындығы, мм (Х±m x )

Сорттар
2003 ж
2004 ж

қабырғалы х қабырғалы

n=255

қабырғалы х жакеттік

n=313

td

қабырғалы х қабырғалы

n=233

қабырғалы х жакеттік

n=327

td
Сорттар: Жакет I
2003 ж: 8, 7±0, 6
2004 ж: 8, 9±0, 3
0, 31
8, 8±0, 3
9, 1±0, 4
0, 9
Сорттар: Қалың жакет
2003 ж: 9, 8±0, 4
2004 ж: 10, 2±0, 4
1, 51
9, 9±0, 4
10, 4±0, 6
1, 5
Сорттар: Мәскеулік жакет
2003 ж: 9, 0±0, 6
2004 ж: 10, 3±0, 4
1, 62
10, 4±0, 6
10, 5±0, 5
0, 9
Сорттар: Жұқа қабырғалы-I
2003 ж: 8, 8±0, 5
2004 ж: 8, 9±0, 6
1, 02
9, 1±0, 7
9, 5±0, 4
1, 5
Сорттар: Қалың қабырғалы-I
2003 ж: 11, 2±0, 7
2004 ж: 11, 5±0, 5
3, 22
11, 7±0, 6
12, 1±0, 6
1, 8
Сорттар: Қалың кавказдық
2003 ж: 11, 3±0, 4
2004 ж: 11, 6±0, 7
0, 63
11, 8±0, 3
12, 3±0, 4
3, 7
Сорттар: Жакет-II
2003 ж: 10, 3±0, 3
2004 ж: 10, 7±0, 3
2, 61
10, 0±0, 4
10, 2±0, 3
0, 9
Сорттар: Жіңішке қабырғалы-IІ
2003 ж: 8, 8±0, 4
2004 ж: 9, 1±0, 4
2, 33
9, 0±0, 6
9, 6±0, 6
4, 3

Біздің зерттеулерде ең қысқа жүн талшығы жакеттік және қабырға бұйралы сорттарда анықталды. Сонымен қатар қабырғалы х жакеттік типті жұптастырғандағы саулықтардың елтірілерінің барлық сорттары жүн талшығының ұзындығы бойынша қабырғалы х қабырғалы типті жұптастырылған саулықтардың елтірілерінің жүн талшығынан ұзын болды.

4. 3. 6 Бұйра ені

Қаракөл елтірісінің барлық қасиеттерін білудің ғылыми-практикалық маңызы зор. Ол білім қаракөл өсірушілерді елтірінің сапасын жетілдіре тусу жөніндегі жұмыстарды бұрынғыдан да тиімдірек жүргізуге, қажетті байланыстар мен тәуелділікті білгірлікпен және толық ескеріп отыруға мүмкіндік береді.

Қаракөл қозыларын елтірілік типке және бұйрасының ені бойынша белгілі топқа жатқызып бонитировкалағанда бағалы бұйра түрлерінің қаншалықты жайылғандағын көрсететін бұйраның ені бірінші кезекте ескерілуі тиіс. Ол қозы кластылығымен елтірі сорттылығының басты белгісі болып табылады.

Тауарлық белгілердің басқалары бірдей болған кезде бұйралар ені орташа және ұсақ елтірілер жоғары бағаланады. Бұйраның ені тұқым қуалайтын белгі, сонымен бірге оған паратиптік факторларда өз әсерін тигізеді.

Көптеген зерттеушілер қаракөл қозылары бұйрасының ені төлдің құрсақта даму жағдайлары (дене бітімі және туылғандағы тірілей салмағы мен) тікелей байланысты болатынын анықтаған. Біздің тәжірибеде алынған бұйралар мөлшері жөніндегі деректер 34-кестеде келтірілген.

34 - кесте Қаракөл елтірілері бұйрасының ені, мм (Х±m x )

Сорттар
2003 ж
2004 ж

қабырғалы х қабырғалы

n=255

қабырғалы х жакеттік

n=313

td

қабырғалы х қабырғалы

n=233

қабырғалы х жакеттік

n=327

td
Сорттар: Жакет I
2003 ж: 7, 0±0, 4
2004 ж: 6, 8±0, 8
1, 6
7, 2±0, 5
7, 0±0, 6
1, 1
Сорттар: Қалың жакет
2003 ж: 7, 2±0, 5
2004 ж: 7, 0±0, 7
0, 7
7, 0±0, 6
7, 1±0, 4
1, 9
Сорттар: Мәскеулік жакет
2003 ж: 6, 8 ±0, 4
2004 ж: 6, 7 ±0, 3
0, 6
7, 0±0, 4
6, 9±0, 5
0, 8
Сорттар: Жіңішке қабырғалы-I
2003 ж: 8, 4±0, 5
2004 ж: 8, 2±0, 4
1, 0
8, 5±0, 7
8, 3±0, 6
0, 5
Сорттар: Қалың қабырғалы-I
2003 ж: 8, 3±0, 5
2004 ж: 8, 1±0, 4
0, 9
8, 6±0, 7
8, 4±0, 4
0, 8
Сорттар: Қалың кавказдық-I
2003 ж: 9, 5±0, 7
2004 ж: 9, 3±0, 6
0, 6
9, 6±0, 4
9, 4±0, 3
0, 7
Сорттар: Жакет-II
2003 ж: 6, 9±0, 6
2004 ж: 6, 9±0, 7
0, 7
7, 0±0, 6
6, 9±0, 4
0, 8
Сорттар: Жіңішке қабырғалы-IІ
2003 ж: 7, 8±0, 6
2004 ж: 7, 3±0, 9
2, 6
7, 9±0, 8
7, 6±0, 7
2, 4

34 кесте деректерінен жұптастырудың екі тобынан да алынған қозылар елтірісі бұйрасының ені төмендеу көрсеткіштер тенденциясы барлық сорттар бойынша байқалады.

Қабырғалы х жакеттік типті жұптастырудағы саулықтарының ұрпағы елтірілерінің бұйрасының ені бойынша орташа - бағаланады.

4. 3. 7 Бұйра ұзындығы

Елтірі бұйрасы - қаракөл қойының асыл тұқымдық бағасын анықтайтын маңызды белгі болып есептелінеді. Неғұрлым бұйра ұзын болса, соғұрлым елтірі көрікті болады.

Қаракөл қойларын селекциялағанда қозылар бұйрасының ұзындығы қазіргі қолданылып жүрген нұсқауға [263] сәйкес былай бөлінеді: ұзындығы қысқа (20 мм-ге дейін), орташа (20 мм-ден 40 мм-ге дейін) және ұзын (40 мм-ден жоғары) .

Бұйра ұзындығы белгісінің маңыздылығын ескере отырып, біз елтірі түрі бойынша әр түрлі жұптаулардан алынған қозылардың елтірілерінде сол қасиеттің тұқым қуалауын зерттедік (35 кесте) .

35 - кесте Қаракөл елтірілерінің бұйраларының ұзындығы, %

Жұптау түрі
2003 ж
2004 ж
n
қысқа
орта
ұзын
n
қысқа
орта
ұзын
Жұптау түрі: Қабырғалы х қабырғалы
2003 ж: 255
2004 ж: 20, 9
54, 9
25, 1
233
9, 9
57, 1
33, 0
Жұптау түрі: Қабырғалы х жакеттік
2003 ж: 313
2004 ж: 25, 9
50, 2
23, 9
327
18, 0
52, 0
30, 0

35 кестедегі көрсеткіштерді талдай отырып, мынаны байқауға болады: бұйралардың ұзындығы бойынша ұзын бұйралы қозылар санының ен көпшілігі қабырға бұйралы қошқарларды қабырға бұйралы саулықтарға пайдаланғанда алынған. Бұл көрсеткіш 2003 жылы 25, 9%, 2004 жылы 33, 0% болды. Ал әртекті (қабырғалы х жакеттік) елтірілік типті жұптастырғанда алынған көрсеткіш сәл төмендеу: 2003 жылы 23, 9%, 2004 жылы 30, 0% аралығында болды.

Бұйралар ұзындығы орташа болып келетін қозылар арасында да дәл осындай қайталану байқалады. Ал көрсеткіштердің керісінше басқаша болуы бұйра ұзындығы қысқа болып келетін қозыларда көрінеді. Әртекті (қабырғалы х жакеттік) типті жұптаудан алынған қозыларда қысқа бұйралар зерттелген жылдарда 25, 9-18, 0% болса, біртекті (қабырғалы х қабырғалы) типтегі жұптаудан алынған қозыларда 20, 9-9, 9%-ға дейін кеміген.

Соныменен Қаратау өңіріндегі аталық қошқарлар мен аналық саулықтарды осы қасиеттеріне байланысты жұптау, ұрпақтар арасында жоғары көрсеткіштерге ие болуына мүмкіндік туғызады.

4. 3. 8 Жүн жабының жібектілігі

Жамылғы жүннің жылтырлығы мен жібектілігіне зерттеу барысында барынша көңіл бөліну керек. Себебі, жылтырлық пен жібектілік - елтірі қасиеттерін анықтайтын басты қасиеттердің бірі.

Елтірінің жібектілігі сипағанда сусылдаған жібек матаны еске салады. Қаракөл үшін бұл ең жақсы қалыпты жүн түрі, ол өзінің қасиеттері арқылы елтірінің бағасын арттыра түседі. Бұл негізінен қалыпты, жартылай шеңберлі, толқын бұйра және бадана бұйра түзейді. Елтірінің әдемі жібектілігі де, түк өсуінің қалыпты жылдамдылығы да, жақсы ширатылуы да және де бұйраның тығыздығы да соған байланысты. Жүннің қалыпты жібектілігі қабырғагүлдік және жакет типті (әсіресе бұйрасының ені орташа болғанда) ең жақсы сорттарға тән.

Жұмсақ жібек түкті елтіріні сипағанда атлас жібек матаны сипағандай, қолға жағымды жұмсақ әсер етеді. Жартылай шеңберлі, бірақ болбырлау толқын және бадана бұйралы арасы жымдасып тұрған елтірінің бедері айқын болмайды. Сондықтан оның бағасы әуелгі елтіріден төмен. Бұл негізінен тегіс және өскелең бұйраларда кездеседі.

Қатты жібек және қалыпты түктің кебірісіп әлсіреп қатая түскендігі, оларды жібектілігінен айырылуға әкеп соқтырады, әдетте ол әлсіз болады, аздап шыны тәрізді жылтырап тұрады. Ондай түктің бұйрасы сапасыз.

Елтірінің бағалығы жүн талшығының сапасымен тікелей байланысты болады. Елтірілердің жібектілігі қаракөл мехын тұтынуда ұнамды жасап және оны өте жоғары сапасын сипаттайды. басқадай бірдей жағдайда бірініші сортты елтірілердің жібектілігі мен жылтырлығы жеткіліксіз болса олар екінші сортқа жатқызылады.

Жүн талшығының жібектілігі оның ұзындығы мен жіңішкелігіне, елтірілік типіне байланысты болады. Қысқа және жуан жүн талшығы қылшықты әрі құрғақ келеді. Сонымен қатар терінің құрылысына, елтіріде жүретін зат алмасу процесіне және сыртқы ортаның әсеріне де байланысты болады.

Елтірілердің жібектілігі жөніндегі деректер 36 - кестеде келтірілген.

36 - кесте Қаракөл елтірілері жүн жабынының жібектілігінің сипаттамасы, % (Х±m x )

Сорттар
2003 ж
2004 ж

қабырғалы х қабырғалы

n=255

қабырғалы х жакеттік

n=313

td

қабырғалы х қабырғалы

n=233

қабырғалы х жакеттік

n=327

td
Сорттар: Жібектілігі жоғары
2003 ж: 20, 8±0, 5
2004 ж: 20, 4±0, 3
16, 8
24, 9±0, 4
22, 0±0, 3
18, 6
Сорттар: Жібектілікті
2003 ж: 74, 9±0, 4
2004 ж: 70, 6±0, 4
13, 7
73, 0±0, 3
70, 0±0, 3
21, 1
Сорттар: Жібектілігі жеткіліксіз
2003 ж: 4, 3±0, 3
2004 ж: 9, 0±0, 3
8, 8
2, 1±0, 4
8, 0±0, 2
9, 7

Әр түрлі елтірілік типті саулықтарды жұптастырғанда алынған елтірілерінің жібектілігін салыстыру нәтижесі олардың ұнамды түрлерінің қабырғалы х қабырғалы типті жұптастырудағы саулықтардың ұрпақтарынан алынғанын көрсетеді.

4. 3. 9 Жүн жабынының жылтырлығы

Елтірінің жылтырлығы оның басқа қасиеттерінен гөрі түк сипатына тығыз байланысты. Көбінесе көзге түсетін жылтырлығы бойынша да елтірілік түгінің сапасы жөнінде айтуға болады. Бірақ бұл оны тікелей бағалау емес. Түк сипаты өзіне тән жылтырлықты дәл көрсетеді деуге болады. Жылтырлық сапасы елтірінің әдемілігіне елеулі әсер етеді. Сондықтан жылтырлық - түк сапасы мен елтірінің әдемілік белгісі ретінде оның құндылығын анықтайтын аса маңызды қасиеттерінің бірі.

Жылтырлықтың түрі жүнін қабыршақ қабатының құрылысына, талшықтың бұйрадағы орнына және оның иректелуіне (бұйра доғасының сипаты, шамасы, саны) байланысты. Қабыршақ қабаты тегіс, қабыршақтары ірі, доғалары аз, ірі және иректері көлденең бағытта болғанда жабық типті бұйраның түгі тығыз келсе жарықты шағылыстыратын алаң көлемі ұлғаяды да елтірінің жылтырлығы да артады. Керісінше, қабыршақ қабаты тегіс емес болса, бұйра ашық типті болғанда бұйрадағы жүн шатасып жылтырлығы азаяды. өйткені бұл жағдайда жарық шағылыстыратын алаң көлемі азаяды, шағылыстан жарық та бөлініп шашырап кетеді. Жүннің жылтырлығын анықтағанда оны шайырдың күшейтіп тұратындығын ескеру қажет.

Қаракөл елтірісінің сапасын бағалауда оның жылтырлығы үлкен орын алады. Ол жүн талшығының сыртқы қабығының ерекшеліктеріне шартты болды. Жылтырлыққа бұйрадағы жүн талшықтарының орналасу тәртібі де әсер етеді. Олар күн сәулесін қайыруға жағдай жасайды. Күн сәулесі түсетін бұйраның тегіс беті неғұрлым үлкен болған сайын, елтірінің жылтырлығы да басым болады.

Жүн жабынының жібектілігі оның жылтырлығына байланысты болады. Жоғары және қалыпты жылтырлыққа жүн талшығының біркелкі жіңішкелігі мен тығыздығы жағдайында әрі қалыпты жібектілік сай келеді.

Біздің зерттеулерде қабырғалы х қабырғалы типті жұптастырудағы саулықтары қозыларынан өндірілген елтірілер де ұнамды жылтырлықтың үлесі жоғары болды (37- кесте) .

37 - кесте Елтірілердің жүн жабыны жылтырының сипаттамасы, % (Х±m x )

Көрсеткіштер
2003 ж
2004 ж

қабырғалы х қабырғалы

n=255

қабырғалы х жакеттік

n=313

қабырғалы х қабырғалы

n=233

қабырғалы х жакеттік

n=327

Көрсеткіштер: Жылтырлығы жоғары
2003 ж: 22, 0±0, 4
2004 ж: 21, 1±0, 5
25, 8±0, 2
19, 9±0, 2
Көрсеткіштер: Жылтырлығы қалыпты
2003 ж: 76, 5±0, 5
2004 ж: 71, 9±0, 6
72, 9±0, 4
71, 9±0, 5
Көрсеткіштер: Жылтырлығы жеткіліксіз
2003 ж: 1, 5±0, 1
2004 ж: 7, 0±0, 3
1, 3 ±0, 2
8, 2 ±0, 2

4. 4 Әртүрлі елтірілік типті қаракөл қойларының терілерінің гистоморфологиялық ерекшеліктері

Қаракөл қойларының елтірілерінің терісінің, жүнінің даму ерекшеліктерін зерттеу аса қызығушылық танытатындығы сөзсіз, өйткені қаракөл елтірілері қаракөл қойының басты өнімі. Елтірінің сұлулығы оның формасына, көлеміне және бұйрасының орналасуына, жарқырауына, жүнінің жібектілігіне байланысты. Қаракөл елтірілерінің бұл тауарлық қасиеттері терінің құрлысымен тікелей байланысты: әр түрлі қабаттардың қалыңдығы, жүнінің қалыңдығы, шаш фолликулаларының мөлшеріне және оның орналасуына, әрі май және тері бездерінің көлеміне.

А. П. Воробьевский [344] өзінің зерттеулерінің негізінде қаракөл елтірісі бұйраларына күрделі факторлардың әсер ететіндігін айтады. Ол бұйраның формасымен түбірінің иілгендігімен және оның терідегі жағдайына байланысты екендігін анықтады.

Аналық ағзаның құрсағында ұрпақтың, терінің, жүн талшығының өсіп-жетілуіне және қаракөл елтірісіндегі бұйраның пайда болуына байланысты көптеген зерттеулер М. Ф. Ивановтың жетекшілігімен жүргізілді [345] . Қаракөл бұйрасы формасының тері құрылысының, оның орналасуының және шаш қынабының формасына, жүн талшығының тері сыртына шығу бұрышына байланысты екенлігі анықталды.

С. Шамсутдинов [346] өзінің зерттеулерінің негізінде әр түсті қозы терісінің эпидермис қабатының қалыңдығында айырмашылық болмайтындығын дәлелдеді.

Т. Д. Положенцева [347] қаракөлдің бұйрасының сапасымен терісінің құрылымында байланыс бар екендігін дәлелдеді (терідегі жүн талшығы түбірінің орналасуы) . Жақсы елтірі, автордың ойынша, жұқа, тығыз, серпімді, әрі жүн талшығы түбірі тығыз және садақ сияқты иіліп тұруы тиіс.

Ф. Ш. Шарафутдинов [348] жаңа туған қозының терісін бағалауда оның қалыңдығына және тығыздығына үлкен мән берген дұрыс деп есептейді. Жіңішке, әрі тығыз қынапты, елтірі жоғары бағаланады. Бірақ елтірі шектен тыс кіші болмауы керек. Тері қабатының қалыңдығы бойынша іріктеу елтірі көлемін арттырады, әрі қалыңдығымен қатар орташа бұйра құрылымын сақтауға мүмкіндік береді.

М. А. Кожева [349] ұзақ зерттеулерінің нәтижесінде мына заңдылықты дәлелдеді. Жүн талшығы ұзындығы қысқарған сайын елтірінің сапасы артады. Бұйрасы ұзарады, пигментациясы жақсарады, жарқырауы, жібектілігі, суреті айқындалады, елтірінің қалыңдығы азаяды.

М. А. Виноградованың [350] зерттеулерінің нәтижесінде қаракөл қозыларының әр түрлі елтірілік типінің туған кездегі салмақтары бірдей болатыны, ал олардың гистологиялық құрылымы мен жүн талшығы фолликулаларының дамуына және тері қабатында, оның ішінде ретикулярлық қабатындағы тығыздығында елтірілік типтерге сәйкес өзгерістер болатындығы белгілі болды.

Қаракөл қозылары елтірісінің сапасының гистологиялық құрылымын басқада ғалымдар жан-жақты зерттеді. (Салиев В. Х., Ахмеджанов Т. М. [351] ; Рахматов Н., Валиев Р. Г. [352] ) .

Б. Л. Исаянц [353] жаңа туған қозының жүнінің ұзындығымен бұйрасының түрі мен формасының арасында байланыстың бар екендігін дәлелдеді. Автордың мәліметі бойынша, ең қысқа жүн талшығы жал типтес бұйрада, ал ең ұзын жүн талшығы штопор және бұршақ типті бұйрада болатындығы белгілі болды. Осы сияқты мәліметтер (И. Базаров [354] ; У. Еламанов [355] ) еңбектерінде де кездеседі.

В. А. Петров [356] ; М. А. Виноградова [357] көрсеткендей қаракөл қозыларының елтірісінің құрылым ерекшеліктері, оларда болатын бұйраның әртүрлілігіне байланысты.

Г. М. Попова [358] өз зерттеулерінің негізінде конституциясы мықты қаракөл қозыларының әр түрлі бұйралығына байланысты гистологиялық құрылымының әр түрлі болатындығын анықтаған.

Г. М. Толмакова [359] қаракөл қозыларының терісінің құрылымын және сапасын зерттеу нәтижесінде мынадай қорытындыға келді. Қаракөл қозыларының тері құрылымында, жүнінде және сапасының арасында белгілі бір байланыс бар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаракөл қой өнімдерін өндіру және алғашқы өңдеудің тиімді технологиясының ғылыми негіздері
Жұп таңдау қаракөл тұқымын әр текті жұптау ерекшеліктері
Мех өңдеу технологиясы оқу құралы
Қаракөл қойының биологиялық ерекшеліктері
Мал шаруашылығы шикізат өнімдерінің негізгі көздері
Мал шаруашылығы негіздері
Сібір хандығы
Қой шаруашылығы және Қазақстандағы жағдайы
Лақтарды өсіру
Терінің микрофлорасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz