Жастарға этностық ұлттық құндылықтарды әлеуметтендіру факторы ретінде, оның тетіктері мен мехнизімін анықтау


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. «Қазақ ұлтының тағдыры өзге ұлтта емес Қазақстанда шешіледі» бүгінгідей әлемді жаһандану процесі жайлап отырған тұста қазақ халқының аман қалуы ұлттық құндылықтарымыздың жағдайына байланысты. «Қазіргі таңда өзге түгілі азуын айға білеп отырған, Еуропадағы ықпалды, беделді мемлекеттердің бірі саналатын Франциядағы француздар Америка мен өзге де мемлекеттердің экспансиясынан қорқып, Франция кинотеатрларында шетелден келетін туындыларға, тіпті әртістерге дейін шектеу қойып отыр. Олар бірінші орынға француз киносын, француз мәдениетін шығарып отыр» [1] . Яғни олардың өзі ұлтымызды қалай сақтап қаламыз деген мәселемен бас қатыруда.

Қазіргі таңда еліміз тәуелсіздік алып өз іргетасын нықтап жатқанда, бүкіл әлемді құшағына алуға ұмтылған «ғаламдастыру» процесі жүріп жатқанда ұлт теориясын терең түсінуді, зерттеуді керек етеді. Тәуелсіздіктің ең жауапты, барша қиыншылыққа толы кезеңі әлі алдымызда екендігін ескерсек, толыққанды, белсенді еліне қызмет ететін азамат тәрбиелеудің маңызы өте үлкен. Ұлт болмысы, мәні, адамға ұлттық келбет беретін факторлар, ұлттың келешегі сияқты мәселелр ерте заманнан бастап адамзатты ойландырып, келеді.

Ертеңіміз десек ойымызға бірінші оралатыны жастар. Бар үміт, баршама мұрат - олардың жарқын болашағы ғана емес салауатты тұлғасы, рухани кемел болмысы. Сондықтан жастар ісі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі, мемлекет саясаттың бір бөлігі болып табылады.

Қазіргі заман талабына сай әлеуметтік тәрбие ұғымы адамға жағдай жасау және барлық әлеуметтік әсерлер мен әрекеттерді қолдана отырып, адам дамуын, адамның әлеуметтік құрылуын ынталандыру деп түсіндіріледі, осы процестер аясын қамтиды.

Тәрбие кез - келген қоғамның аса маңызды қызметі. Бұл әлеуметтік процесс болып табыла отырып, адамның мінез құлқы мен қызметіне, қоғамдағы барлық институттар, қоршаған орта және осы процестің субьектісі ретінде жеке тұлғаның белсенділігі арқылы мақсатты түрде әсер етуі [2] .

Тәрбие процесі жеке адам мен балалар ұжымын әлеуметтік тұрғыдан қалыптастыруда, оларды өмірге дайындап, қоғамда өз орнын таба білуге үйретіп, әрбір әрекетімен, қызметімен қоғамға пайда келтіруден, өз жеке басына қанағаттанатын сезіммен қарауға тәрбиелеу.

Тақырыптың зерттеуді қажет ететіндігі, бұл проблемаға ғылыми тұрғыда кешенді жұмыс қажет екендігі келесі үш сұраққа жауап беру ашылады деп ойлаймыз. Жалпы аталған мәселе бойынша ауқымды, маңызды үш сұрақ туындайды.

Біріншіден, неге этностық құндылықтар негізінде тәрбие беру қажеттігі туындап отыр?

Екіншіден, жастарға этностық ұлттық құндылықтарға сүйене отырып, тәрбие беру процесі қалай жүргізіледі, кімдер немесе нелер жүзеге асырады және неге негізделеді?

Үшіншіден мәселе неге жастар төңірегінде көтеріліп отыр, ұлтымыздың жастардан басқа бөлігінің бұл мәселеге қосып алары жоқпа?

Келесі туындайтын сұрақтар мен қарастырылатын мәселелер аталған осы үш сұрақ төңірегінде болмақ. Біз өзімізше аталған аталған мәселелрге жауап беріп көрейік.

Қай мәселеде болсын өсу мен өркендеудің басты шарттарының бірі - тұрақтылық. Тұрақтылық болу үшін басталмақ іске белгілі бір құндылық негіз болуға тиіс. Осы орайда ұлттық құндылықтар негіз бола алады және солай болуға деген пікірдеміз. Ал ұлттық құндылықтар тұрақтылық пен өркендеудің негізі болуы үшін жастарға ұлттық тәрбие беру қажет.

Белгілі ғалым Амангелді Айталының пікірінше Еуразияшыл идеолог Трубецкой қазақ сияқты халықты екі бірдей қателіктен сақтандырыпты. Біріншісі, тәуелсіздік алған халық дамыған елдермен терезесі тең, дамыған елдер мойындаған қазақ сияқты ұлт сол дамыған елдерден үйренгіш келеді, көнгіш келеді, көп затты алады, тіліне көп сөздер кіреді, мәдениеті өзгереді, психологиясы өзгереді. Бірте бірте сол ұлт әлгі елдердей боламыз деп жүргенде, өркениетті елдердің рухани ықпалына, саясат ықпалына, экономикалық ықпалына түсіп, баяғы отаршылдық қалпына келгенін білмей қалады. Бұл - өз тәуелсіздігін алған, өзін - өзі таныған, өзін - өзі билеп бірақ өзінің тарихи мақсатын ақтамаған ұлтқа тән нәрсе. Мұны бір қателігі дейді. Екіншісі, бұл халықтар жайбарақат келеді. Тәуелсіздік алдық, Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесіміз, Туымыз желбіреп тұр бізге енді не керек деп тоқмейілісіп жүргенде тарихи көштен қалып қояды. Осылайша Еуразияшыл идеолог еліктегіштіктен, жайбарақаттықтан сақтандырып кетті. Біздің пікірімізше Еуразияшыл идеолог Трубецкой көрсеткен екі қателіктің ұлтымыз үшін қаупі үлкен. Осы қауіптен сақтанудың бірден бір жолы ұлттық тәрбие беруде [3] .

Қазіргі таңда жаһандану заманы әлемді үлкен қарқынмен жаулау үстінде. Жер бетіндегі көптеген ұлттар өздерінің тіршілігінен айырылып, жойылып

кетеді деген болжамдар бар. Еліміз тәуелсіздік алып коммунистік идеологиядан арылғаннан кейін халықта ешқандай идеология жоқ, идеологияның орны бос вакум болып тұр деген пікірлер жиі айтылып жүр және ол рас. Біз мойындауымыз қажет тәуелсіздік алған жылдардан кейін экономикалық дамуға баса назар аударылып, халықтың рухани дамуы, идеология, ұлттық құндылықтарды дамыту кеyжелеп қалды.

Осының салдарынан Батыстық идеология жылдам қарқынмен санамызды улай бастады, әртүрлі діни ағымдар қаптап кетті, соңында ұлтымыздың тоз - тозы шығатын түрі бар. Сондықтан ұлттық тәрбие беру мәселесін дұрыс жолға қою кезек күттірмейтін мәселе.

Бағыт бағдарсыз жаңа дамып келе жатқан қазақ ұлты түгілі жаһандану заманында Ресей үлкен ой үстінде. «Жаһандану және орыс мәселесі» деген конференция өткізді. Басты мәселе - жаһандану заманынан орыс қалай аман қалу керек. Осы мәселе бізді ойландырады. Қазір тәуелсіздікке, мемлекеттікке қол жеткізді, басқа елдермен терезесі тең қарым - қатынас орнатуда. Елбасымыз мемлекетімізді әлемдегі бәсекелестікке қабілетті ең дамыған ел қатарына кіргізу мақсатын қойып отыр. Бұл саяси, әлеуметтік - экономикалық дамуымызбен қатар халқымыздың рухани дамуын қажет ететін процес. Сондықтан ұлт мәселесін дұрыс қойып, ұлтымыздың кешегісі мен бүгінін және келешегін ғылыми саралап соған сәйкес нақты іс - әрекеттер жасайтын кез келді.

Енді ұлттық тәрбие қалай және қандай бағытта қалыптасуы қажет осыған тоқталсақ. Жалпы ұлт пен ұлттық тәрбие беру мәселесін зерттеу, ондағы проблемалардың бетін ашу біздің елімізде біршама қиын проблемаға айналып отыр. Қазақстан - көп ұлтты мемлекет. Бұл біздің мемлекетіміздің күш қайратының көзі деген пікір болғанымен, біздің мемлекетіміздің ең нәзікте, ең осалда жері екені анық. Ұлттық тәрбие атадан жалғасып келе жатқан салт - дәстүрімізге, ұлттық төлтума ерекшелігімізге, ұлттық мәдени құндылықтарымызға, тіліміз бен дінімізге, ақын - жырауларымыздың өнегелеріне, халық ауыз әдебиеттеріне негізделе жүргізілуі керек. Яғни осы аталған құндылықтарымызды дұрыс дамыта білсек және жастарға дұрыс тәрбие білсек, мықты, бірлігі жарасқан рухы биік ұлтты қалыптастыра аламыз.

Енді, неге жастарға ұлттық тәрбие беруге ерекше көңіл бөліп отырмыз. Жастар біздің келешегіміз, атам қазақ «не ексең соны орасың» деп жайдан жай айтпаса керек. Біз қалай тәрбиелейміз келешегіміз соған тікелей байланысты болатынын ешкім жоққа шығармайды. «Ұлты жою үшін ең алдымен оның жастарын аздыру» керек дейді екен Батыс саясатшылары. Бізге келешек керек десек, алдымен жастар тәрбиесін қолға алу керек. Сонымен айтарымыз, «Бүйтіп көрген күн құрысын . Жапырақтай қалтырап», - деп ұлы Жамбыл айтқандай ұлт болып ұйысып, ұлағатты іс қылатын күн туды.

Мәселенің ғылыми зерттелу деңгейі. Қазақстанда еліміз тәеулсіздік алғаннан кейін ұлт мәселесін зерттеп, осы салада еңбектер жазып мәселеге ғылыми негізде бетбұрыс жасаған ғалымдар саны арта түсті. Олардың қатарында А. Айталиев «Ұлттану», М Жолдасбеков «Ел тағдыры ер тағдыры»,

Ә. Нысанбаев «Қазақстан демократия, рухани жаңару», «Өркениет және ұлт», Т. Бурбаев «Ұлт менталитеті», М. Арын «Бес анық», М. Мырзахметов «Қазақ қалай орыстанылды», К. Нүрпейісов «Алаш һәм Алашорда», Ш. Мұртаза, А. Сейдімбек, С. Дроженов, С. Балғабаев, Ә. Кекілбай, Ә. Ғали, Ғ. Есім, Р. Сыздықова, С. Әбдіманапов т. б. бар.

Соңғы уақыттарда ұлт мәселесі көптеген мамандардың қызығушылығын танытып отырғандықтары белгілі болады. Ұлтаралық қарым - қатынас мәдениеті оны гуманитарландыру, нығайту мен халықтар достығын беріктендіру мәселелріне біздің отандық Қазақстандық ғалымдарымыз да үлес қосуда. Олардың ішінде Г. В. Малиннің, Т. С. Сәрсенбаевтың, Ж. Қ. Жүнісованың, К. Мардановтың, М. М. Сужиковтың, Д. К. Кішібеков пен Т. Д. Кішібековтың, К. Е. Көшербаевтың, Ж. Қуанышәлінің т. б еңбектерін атап өтуге болады.

Зерттеудің обьектісі мен пәні. Қазіргі Қазақстандағы ұлттық сипаттағы проблемалар, әлеуметтендіру институттарының қызметі, жастарға ұлттық тәрбие беру механизмі мен тетіктері, еліміздегі тіл, дін, салт - дәстүр, әдет ғұрып т. б. мәдени құндылықтардың жай - күйі және қазақ жастарының ұлттық байланысы.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері . Жастарға этностық ұлттық

құндылықтарды әлеуметтендіру факторы ретінде, оның тетіктері мен мехнизімін анықтау, осы процесті тиімді жүзеге асырудың жаңа бағыттары мен жолдарын қарастыру, мәселені ғылыми негіздеу. Осы мақсатқа сай келесідей міндеттерді шешуді алға қойып отырмыз:

  • Жастарға берілетін ұлттық тәрбиенің мазмұнын анықтау;
  • Ұлттық тәрбие беру процесін жүйелі түрде ұйымдастыру жолын көрсету;
  • Ұлттық құндылықтарды дамытуға байланысты тиісті мекемелер мен ел басқарып отырған басшыларға ұсыныстар беру;
  • Жастардың өзге дінге кіру себептерін анықтап, оның алдын алу шараларын жасап, тиісті мекемелерге ұсыныс беру;
  • Қазіргі кезде шет елдердің діндерінің, миссионерлерінің келуі біздің мемлекетіміз үшін аса қауіпті екенін дәлелдеп, тиісті заңдарға өзгерістер енгізуге ұсыныс беру;
  • Мәдени мұраларымызды, ұлттық құндылықтарымызды, салт - дәстүрлерімізді, әдет - ғұрпымызды жаңғыртуға, ұлттық ерекшелігін сақтай отырып, қазіргі заманға сай етіп негіздеудің жолдарын іздеу.

Зерттеудің методикалық негізі. Проблеманы зерттеу барысында ұлттық проблемаларға қатысты мақалаларға талдау жасалды, статистикалық мәліметтерге социологиялық талдау жасалды.

Жұмыстың құрылымы . Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, бірінші тарау екі бөлімінен, екінші тарау үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Этностық ұлттық құндылықтар түсінігі және мәні

1. 1 Этностық ұлттық құндылықтар ұғымы

Алла әмірімен түскен Құран кәрімнің Хұжрат сүресінде: «Бір - біріңді танып, ажырата білулерің үшін сендерді әртүрлі ұлтқа, тайпа - тайпаға бөлдік» деп жазылған. «Құран Кәрімдегі аятты және тіл төңірегіндегі сан - саналы, құпиялы, тарихи толғамдарды ой елегінен өткізген адамның мынадай қорытындыға келері хақ: тілдердің әрқилылығы, түріміздің, дініміздің басқа - басқа болуы, Құдай санасымен, қолымен құрастырылып, әдейі жасалған рухани физиологиялық байлық» [4] - деген әр ұлттың дамуы, тілінің қанаттануы, салт - санасының, руханияттарының сақталуы турасындағы парасат биігінен айтылған баға үлкен жетекшілік қызмет атқарары сөзсіз.

Ұлт болып қалу мүмкіндігі ұлт өкілдері өздерін ерекшелейтін рухани құндылықтарын жоғалтып алмағанға дейін ұласады. Бүкіл жер шарындағы 6, 5 млрд. адамның қай - қайсысы да белгілі бір ұлт өкіліне жатады. Қай ұлтты алып қарасаңыз да дәстүрге негізделген тұрмыс - тіршілігі, кәсібі, соның ыңғайындағы тарихы, мәдениеті, өркениеті бар.

Көне грек философиясында адам белгілі бір ұлтқа жатуын сезіну үшін бес түрлі шартқа сай болуы тиіс делінеді:

1 - ші ұлтының тілін жақсы білуі қажет;

2- ші ұлтының дінін меңгергені жөн;

3 - ші ұлтының дәстүрін толық бойына сіңіруі тиіс;

4 - ші ұлтының тарихын түгендей алуы абзал;

5 - ші ұлты мекендеген жердің ой - шұңқырын жақсы білуі парыз.

Осы сипаттар түгел бойынан табылған адам ғана сол ұлттың толық өкілімін, ұрпағымын деуге құқылы. Ежелгі Афина азаматтарына эллан тілінде сөйлей алмайтындармен некеге тұруға заң жүзінде тыйым салынған. Бұл заңды әрбір грек бұлжытпай орындап қана қоймай, ұрпағына насихаттаған.

Ұлт болып ұйысу белгілі бір географиялық ендікті алып жатқан адамдар тобының басқа да тұрмыстық, дүниетанымдық, ең бастысы тілдік бірліктерінен туады. Әр ұлттың ғасырлар бойы сараланған рухани құндылықтарды ұрпақтан ұрпаққа желісін үзбей беріліп отырылуы тиіс. Ал дәл біздің ұлтымыздың өз менін жоғалтып алу себебі, салдары тарих тереңіне шөксе де, әлі де рухани дамуымызға кедергі болуда. Өткел бермес болып көрінген ұлт тағдырындағы түрлі қысылтаяң уақыт та, ұлт рухы алмастай жарқыраған дәуір де уақыт сынды ұлы көшке қарсы тұра алған жоқ. Бүгінгі күн де ертең тарихқа айналғанда, ұрпағымыз бұл кезеңді қаншама дәуірлер ата - бабасы аңсаған тәуелсіздігі бола тұра, қазақы рухтың халқымен қауыша алмай пұшайман болған кезеңі деп жүрмесе . . .

Қазақ халқына елдігін нықтап, түрлі жаугершіліктен аман қалып, тарихта ұлт болып қалуы үшін 275 жыл (1456 - 1731ж. ) уақыт кеткен. Көш көлігі - түйе, мінгені - жылқы, баспанасы - киіз үй болған эпикалық көшпелі өмірдің асыл қалыбында кісілік пен парасат басшылыққа алынған қоғамдағы қазақтар ғажайып асқақ рухты болды. Ат тұяғы баратын жердің бәрімен табиғи байланыста болған халық өр намысты, текті, жауынгер болып келді. Бұған дәлел - Күлтегін, Білге қаған мен Елтеріс қаған заманы мен көк сүңгілі түріктерге жалғасқан жойқын шайқастар, Шыңғысханның қайысқан қолына жолбарысша атылған Кенесары, Наурызбай, Истатай - Махамбет, Сырым, Жанғожа, Есет батырлар көтерілістері.

«Қарға тамырлы қазақ» деген сөз тіркесі аясында орнаған үзілмеген беріктік болды. Қазақ өзінікін өзекке теппеді, қазақтың танымында қайыршылық, қол жайып күн көру болмады. Халық танығыштығын ойлаған көсемдер, дау - дамайды шешетін әділ билер ел тұтқасын ұстаған азаматтардың, байлардың көкірек керген кезі болса дереу сабасына түсіріп, жанындағы кедей - кепшікке қарайласуды, міндеттеп отырған. Малшы, жалшы ретінде түрлі қызмет етсе де алақан жайып, қайыр тілеген қазақ болмады. Сондай - ақ біздің халқымыздай әйел қауымын ардақтаған ел де болмаған. Еуропа «мыстан аулау» деп шырайлы сұлу қыз - келіншектерін отқа жақса, шығыста ислам діні толық орнамай тұрған кезде өз туған қыздарын тірідей көмген жағдайлар орын алса, тіпті шыққан тегіміз туыс халықтардың өзі әйелдерінің бет - жүзін тұмшалап ұстаса, қазақ қыздарын жарқыратып, үкідей үлбіретіп өсірді. Болмысы дархан, жайбарақат та тыныш қазақ қиын - қыстау, намысқа сын сәттерде түгелдей өзгеріп шыға келетін. Ұлт мүддесі жолында кез - келген қазақ жанын берді.

Өзінде біте қайнаған тілін, жерін, елін сүюді ұрпағына жүрек балқытар өлең - жырмен дарытты. Жоңғар қалмақтармен кескілескен ұрыс кезінде Қоңтажыда кеткен кекті сөз құдіретінің күшімен қайтарған қаз дауысты Қазыбек бидің:

«Біз - қазақ деген мал баққан елміз,

Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.

Елімізден құт - береке қашпасын деп,

Жеріміздің шетін жау баспасын деп,

Найзаға үкі таққан елміз.

Ешбір дұшпанды басындырмаған елміз,

Басымыздан сөзді асырмаған елміз,

Досымызды сақтай білген елміз,

Дәм - тұзын ақтай білген елміз,

Асқақтаған хан болса, Хан ордасын таптай білген елміз,

Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды,

Анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды.

Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз.

Сен қалмақ болсаң, біз қазақ,

Қарпысқалы келгенбіз,

Сен темір болсаң, біз көмір, еріткелі келгенбіз,

Қазақ, қалмақ баласы табысқалы келгенбіз,

Танымайтын жат елге танысқалы келгенбіз,

Танысуға келмесең шабысқалы келгенбіз,

Сен қабылан болсаң, мен арыстан,

Алысқалы келгенбіз,

Жаңа үйреткен жас тұлпар жарысқалы келегенбіз,

Берсең жөндеп бітіміңді айт,

Бермесең дірілдемей жөніңді айт, не тұрысатын жеріңді айт!» [5] - деуі жоғарыдағы сөздеріміздің бір ғана дәлелі. Мұндай дәлелдерді жүздеп, мыңдап келтіре беруге болады.

Тіліміз бұл кезеңде жеке ұлттың бар қажетін өтейтіндей дәрежеге көтеріліп дараланды. Қарлұқ, оғыз, қыпшақ, салжұқ болып үлкен бес топқа, қырық тілге, жүз диалектіге бөлінген жалпы түркі тілдерінің ішінде тіліміз туыстығы жағынан 12 тілмен (қазақ, татар, чубаш, башқұрт, қырым татарлары, қарақалпақ, құмық, қарашай, малқар, ноғай, қарайым, қырымшақ) бірге қыпшақ тобын құрады. Қазақ тілі түркі тілдес халықтардың ішіндегі сөздік қоры жағынан өте бай, дамуы жағынан да көш озық тұрған тіл. Бұл жай өзімдікі болған соң мақтану емес, дәлелденген, зерттелген нақты тұжырым. Кезінде түрколог В. Радлов «Әлем тілдерінің ішінде мен үш тілді ұлы деп білемін. Ол - орыс, француз, қазақ тілдері» - деп баға берсе, тағы бір әйгілі түрколог С. Е. Малов: «Түркі халықтары ішіндегіең суретшіл образды тіл - қазақ тілі. Қазақтар өзінің шешендігімен де, әсем ауыз әдебиетімен де даңқты» - деген болатын.

Тіпті, халқымыздың тіліндегі сөздік қор туралы айтпай - ақ, дыбыстар жүйесін алайық. Дыбыс дегеніміз өзі адам құлағымен ести алатын түрлі үндер. Олар жалпылама алғанда физикалық, биологиялық, музыкалық, тіл дыбыстары болып бөлінеді. Ал тіл дыбыстары сол тілдегі мағына және сөз ажыратуға қатыса алатын дыбыстар яғни фонемалар. Мысалы: сал - сәл, тол - төл, тұс - түс . . . дыбыстар алмасқан сайын мағына өзгеріп, сөздерді ажырата аламыз. Осы фонемалар турасында ғылыми теориялық негіз салған Бодуен де Куртенэ психофонема психобейнеден келіп, шығады деген болатын. Бұл теорияның қағидалары бойынша әр ұлт өкілдерінің санасында, ойлау қабілетінде сөз мағынасын өзгертетін дыбыстардың психологиялық бейнелері болады. Сол бейнелер арқылы халық бір - бірімен тілдік қарым - қатынас жасайды. Дыбыстардың, сөздердің сөз тіркестерінің, сөйлемдердің психобейнелері ұлттың барлық мүшелерінің ойында бірдей болады (сан жағынан да, сапа жағынан да) сондықтан олар бір - бірін толық түсініп, тілдесімдік қатынасты табиғи заңдылық ретінде жасайды. Әр тілдің өзіне ғана тән төл дыбыстары болатынын қарапайым түрде былай түсіндірсек: бір тілдің дыбысталуы өте жағымды (қазақ, француз) болса, енді бір тілдікі мысалы қытай тілі шаң - шұң еткен өңкей ащы дыбыстар жүйесінен түзілген, алтай, якут тілдері дауыссыздар жүйесіне негізделгендіктен құлаққа түрпідей тиеді. Әр дыбыстың артикуляциялық, акустикалық, генетикалық сипаттамасы болады. Мысалы, қазақ тіліндегі дыбыстардың барлығы дерлік ауыз қуысынан шығады. Тіліміздегі кез - келген дыбысты айту кезінде өкпеден шыққан ауаны ауыз қуысында еш кедергіге ұшыратпай, не мұрын жолымен айтып көріңізші. Ол дыбыстар біздің тіліміздегі саздылығынан, ерекше ойнақылығынан жұрдай болады да қалады. Тілдегі әр дыбыстың айтылуы құлаққа жағымды саздылыққа ие болуы да тілдің ұзақ даму жолын көрсетеді. Дыбыстардың саздылығынан тіліміздегі кез - келген сөзді бағындырып, тұрған буын үндестігі мен дыбыс үндестігі келіп шығады.

«Өнер алды - қызыл тіл» деп бағалаған қазақ халқында тұспалдап, мақалдап, мақамдап, тақпақтап сөйлеу негізінде жыр, терме, толғау, дастан, айтыс, шешндік өнер, қара өлең, өлең түрлері сияқты әдеби өнер үлгілері қалыптасқан.

Сөз мәйегін тізіп, құлақ құрышын қандыра, ерекше ырғақпен, ынтықтыра сөйлеу логикалық дұрыс ойлауда, ал ол қазақтың қан тазалығын сақтай отырып, ұрпақ өрбітуінде жатыр. Жалпы түркі тілдері жанұясынан шығып, ұлтымыздың бүкіл әлеуметтік бейнесін қалыптастырып, ұлттық менталитет, саяси, оқу - тәрбиелік, тұрмыстық жадыны ұстап тұрған тіліміз үш ғасыр даму дәуірінен өткен .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бірегейлік пен бірлікті қалыптастырудағы жастар саясаты басым бағыттарының баспасөзде берілу ерекшеліктері
Оқушылар мен ұстаз - тәрбиешілер
Ұлттық саясатты іске асыру тетіктері
Көпэтносты Қазақстан жағдайындағы полимәдени тәрбие
Жастардың саяси құндылықтық бағдары қалыптасуының негізгі жолдары мен әдістері
ПЕДАГОГИКА ТАРИХЫ, ДАМУ ЖОЛДАРЫ
Жастарының саяси құндылықтық бағдарлары
Қазіргі қазақ жастары
Саяси құндылықтық бағдарлары
Нарық жағдайында этностық құндылықтар арқылы студенттерді отбасылық өмірге психологиялық дайындау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz