Қазақстанның мұнайлы аудандары


Тақырып: Қазақстанның мұнайлы аудандары.
Жоспар:
1. Кіріспе. 2-3 бб.
2. Негізгі бөлім.
1 - тарау. Қазақстанның мұнай алабтары мен кен орындары,
1. 1. Орал - Ембі мұнай алабы. 4-5 бб.
- Маңғыстау мұнай алабы. 6-9 бб.
1. 3. Каспий қайраңы мұнай алабы. 10-26 бб.
2 - тарау. Қазақстандағы мұнай өнеркәсіптері және олардың экологиялық жағдайлары.
2. 1. Қазақстандағы ірі мұнай өкәсіпорындары. 27-33 бб.
2. 2. Қазақстан топырағының мұнаймен ластануы. 34-37 бб.
2. 3. Мұнаймен ластанған жерлерді рекультивациялау. 38-39 бб.
3. Қорытынды. 40-41 бб.
4. Сілтемелер тізімі. 42-43 бб.
- Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. 44-45 бб.
... жалғасыКіріспе.
Тақырыптың өзектілігі: Бүгінгі таңда әлемнің 60 - тан астам мемлекетінде 1 мұнай өндіріліп отыр, ал мұнайды өндіру жылына 3 млрд. т. құрайды. Мұнай мен мұнай өнімдеріне деген сұраныс жыл бойына орта есеппен 7 пайызға, ал мұнай өндіру 5 пайызға өсіп отыр. Сонымен қатар өзіміздің Қазақстанда да мұнай өндіру мен өңдеу басты салаға айналып отырғандықтан ерекше мән бергеніміз жөн болар. Елімізде мұнай өндірудің пайдасымен қатар жағымсыз жағы болып отырған жағдай табиғи ортаны мұнаймен және оның өнімдерімен ластануы болып отыр. Қазіргі таңда мұнай мен мұнай өнімдері қоршаған ортаны ластаушының басты құбылысы болып отыр. Белгілі болғандай мұнайды қазу мен тасымалдау, өндіру барысында жылына мұнай мен мұнай өнімдерінің көп мөлшерде шығыны шығады. Сондықтан да бүгінгі таңда қоршаған ортаны және мұнаймен ластанған жерлерді қорғау мен тазарту мәнді істердің бірі болып отыр.
Тақырыптың мақсаты: Бұл жұмыстың мақсаты тақырыптың аты «Қазақстанның мұнайлы аудандары» болғандықтан біз ең алдымен Қазақстан территориясындағы ірі - ірі мұнайлы аудандарын жеке - жеке аудандастырып, ол аудандардың мұнай қорлары, сапасы, Қазақстан және дүние жүзінде алатын орны мен сыртқа шығарылып сатылуын және сол аудандардың экологиялық мәселелерін жан - жақты талқылап, жұмыс жасағанда сол аудандардың ластанбаудың тиімді жолдарын қарастыра отырып жазылады.
Әлемнің геоэкономикалық, экологиялық және биошаруашылық мүдделерін тоғыстырып отырған Каспий 2 өз алдына әлдебір қауымдастық түзілдіру мүмкіндігі бар дара сипатты геосаяси аймақ ретінде бой көрсете бастады. Бұған оны жағалай орналасқан шектес елдердің теңіз су алабын бірлесіп пайдалану жөніндегі көзқарастары да ықпал - әсерін тигізе бастағандай. Каспий аймағы - бұл Еуразия эканомикасының жаңа әлі қалыптасу үстіндегі бөлігі. Бірқатар бағыттар бойынша аймақтық өзара қарым - қатынасты дамыту үшін Каспийдің экономикалық болашағы анық байқалады.
Тақырыптың міндеті: Тақырыптың міндетіне келетін болсақ біз мына мәселелерді атап көсеткеніміз жөн болады деп ойлаймын. Олар: Мұнай өндірген кезде сол аймақтың экологиялық резервтерін қарастыру; мұнай өндіріліп жатқан жерде сол жерде жұмыс істейтін қандастарымыздың қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру; мұнайды экспортқа шығарған кезде шет ел компанияларының үстінен мемлекет тарапынан қатаң бақылау жасап отыру;
Бүгінгі таңда әлемнің 60 - тан астам мемлекетінде мұнай өндіріліп отыр, ал мұнайды өндіру жылына 3 млрд. т. құрайды. Мұнай мен мұнай өнімдеріне деген сұраныс жыл бойына орта есеппен 7 пайызға, ал мұнай өндіру 5 пайызға өсіп отыр. Сонымен қатар өзіміздің Қазақстанда да мұнай өндіру мен өңдеу басты салаға айналып отырғандықтан ерекше мән бергеніміз жөн болар. Елімізде мұнай өндірудің пайдасымен қатар жағымсыз жағы болып отырған жағдай табиғи ортаны мұнаймен және оның өнімдерімен ластануы болып отыр. Қазіргі таңда мұнай мен мұнай өнімдері қоршаған ортаны ластаушының басты құбылысы болып отыр. Белгілі болғандай мұнайды қазу мен тасымалдау, өндіру барысында жылына мұнай мен мұнай өнімдерінің көп мөлшерде шығыны шығады. Сондықтан да бүгінгі таңда қоршаған ортаны және мұнаймен ластанған жерлерді қорғау мен тазарту мәнді істердің бірі болып отыр.
1 - тарау. Қазақстан мұнай алабтары мен кен орындары.
1. 1. Қазақстандағы Орал - Ембі мұнай алабы.
Қазақстан біршама жас мұнайлы аудан болып табылады. Ембі мұнай кен орындары патшалы Ресей 3 кезінде - ақ іске қосылғанымен, Каспий маңында мұнайды көптеп өндіру 1930 жылдарда басталды. Республиканың барлық жерінде дерлік кездесетін көмірдей емес, мұнай мен газ кен орындары Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарын қамтитын Батыс Қазақстанда шоғырланған. Мұнай кен орындары екі - Орал-Ембі және Маңғыстау мұнай алабында орналасқан.
Мұнайдың қазіргі шаруашылықтағы рольі аса зор. Ол сұйық отын өндіретін басты шикізат болып есептеледі. Одан автомобиль, транспорт, дизель двигательдері үшін бензин, дизель майы, керосин алынады. Мұнайды өңдегеннен кейін қалатын сұйық қалдық - мазут электр станциялары мен металлургия пештерінде отын ретінде жағылады, ал қатты қалдық гудрон - жол құрылысында пайдаланылады.
Мұнайды өңдеген кезде бөлінетін газдар - химия өнеркәсібі үшін бағалы шикізат. Серіктес мұнай газдарынан синтетикалық спирт, синтетикалық каучук, синтетикалық талшықтар, пластмассалар алынады. Мұнайдан әрбір машинадағы жұмысшы бөліктердің үйкелісін азайтып, олардың жұмыс істеу мерзімін ұзарту үшін қажетті жағар майлар жасалады.
Ембі мұнайы өзінің сапасы жағынан аса бағалы, өйткені онда қоспалар ( күкірт, парафин, қарамай ) аз. Оны өңдегеннен кейін жоғары сапалы бензин алынады.
Мұнай кен орындары тұзды - күмбезді дөңестерде орналасады. Ембі алабында 4 олардың мөлшері 2 мыңға жуық, қазіргі кезде олардың ішінен әзірше бірнеше ондағаны ғана өнеркәсіптік мақсатта пайдаланылады. Ірі мұнай және мұнай - газ кен орындарына жататындар - Доссор, Мақат, Құлсары, Прорва және тағы басқа мұнай кәсіпшіліктері . Алаптың барлық мұнай кәсіпшіліктері Оралға және Ресейдің орталық аудандарына баратын мұнай құбырымен жалғасқан. Атырау облысында Теңіз мұнай кен орны игерілуде. Соның негізінде мұнай, газ және көмірсутектік шикізат өндіріп, өңдеуге арналған ірі кешен салынған.
Қазіргі кезде дүниежүзілік эканомиканың 5 отын, шикізат қорына деген қажеттілік артып отырғаны баршамызға белгілі. Дәл осы жағдай шетел инвесторларының Қазақстан өнеркәсібінің мұнай, тау-кен, металлургия салаларына белсене араласуына себеп болды. Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасу кезеңінде мұнай-газ салаларына ірі инвестициялар салынуда. Бірнеше жылдан бері Теңіз мұнай кенінде американдық « Шеврон » 6 компаниясы жұмыс істеуде. Осы жылдардың ішінде Теңіз мұнайын халықаралық рынокқа шығару жолы қарастырылуда. 1997 жылы мамыр айында ұзындығы 1500 шақырым Теңіз - Новосибирск экспорттық мұнай құбырын салу туралы келісім бұл мәселені шешуге жағдай тудырады.
1. 2. Қазақстандағы Маңғыстау мұнай алабы.
Маңғыстау алабы - республикада мұнаймен серіктес газ 7 өндіретін ірі аудан. Бұл ауданды игерудің едәуір қиындықтары бар: аумағының көбі елсіз, климаты қатаң, су жетіспейді және т. б. Оның үстіне мұнайының құрамында парафин көп, сондықтан құбырмен тасымалдау үшін оны қосымша қолдан жылыту керек. Дегенімен, бұған қарамастан Маңғыстау мұнайын өндіру экономикалық жағынан тиімді. Мұнайында күкірт жоқ, қарамай аз, бірақ парафин көп. Парафин химия өнеркәсібі үшін қажетті шикізат болып табылады.
Өзен мен Жетібай кен орындарында мұнайдың мол қоры табылып, игерілуде.
Маңғыстау мұнайы өңдеу үшін Орал, Еділ бойы, Солтүстік Кавказ зауыттарына жіберіледі. Мұнайды тасып әкету үшін Маңғыстау түбегін Атырау - Ор магистралімен қосатын Мақат - Ақтау - Жетібай - Өзен темір жолы салынды. Атырауға келетін тармағы бар, ұзындығы 1700 шақырымнан асатын Ақтау - Самара мұнай құбыры іске қосылды. Жетібай, Өзен алаптарында 1970 жылдардан бастап өндірістік мұнай өндіріледі. Бұл жерлерде мұнай мен газ жер бетінен 1250 - 2400 метр тереңдікте орналасқан. Мұнай беретін қабаттардың қалыңдығы 300 метр және одан да асып түседі. Бұл алаптың тиімділігі мынада: мұнай кен орындары жинақы, бір - бірінен 25 - 30 шақырым қашықтықта шағын аумақта шоғырлана орналасқан.
Маңғыстау мен Ембі 8 мұнайы Ақтау мен Атыраудағы мұнай өңдейтін зауыттарда өңделеді. Дегенімен мұнайдың көбі шетке шығарылады. Мұнай өңдейтін басқа екі зауыт Павлодар мен Шымкентте орналасқан. Олар Батыс Сібір мұнайын пайдаланып, жұмыс істейді. Әзірге республиканың басқа аймақтарының Батыс Қазақстанның мұнай өндіру және өңдеу жүйесімен өндірістік байланыстары жоқ.
Батыс Қазақстанда Каспий маңы ойпаты, Оңтүстік Маңғыстау және үстірт қыратында орналасқан газ қоры бар. Жетібай мен Өзендегі 9 мұнайға серіктес газдардың қоры ғалымдардың алдын - ала есебі бойынша жүздеген млрд текше метрге жетеді. Бұл Өзбекстандағы Газли газ кен орны қорының жартысын құрайды. Бұл газ кен орындары - Қазақстандағы өнеркәсіптік маңызы бар алғашқы табиғи газ кеніштері болып табылады.
Каспий құбырын салатын консорциумға қатысушы үш мемлекет - Ресей, Қазақстан, Оман және дүние жүзінің алты елінен он жеке компания құбырды пайдалануға берілгенге дейін оны қаржыландыруға міндеттенеді. Құбырды 1999 жылы салып бітіріп 2000 жылы пайдалануға берілді. Құбырды пайдалану кезінде Қазақстан төрт мың адамға жұмыс орнын және 8, 2 млрд доллар пайда алады. Бұл мұнай құбырының бастапқы өткізу қабілеті жылына 28 млн тонна. Кейін оның өткізу қабілетін 67 млн тоннаға, ал 2000 жылдан бастап 170 млн тоннаға жеткізу жоспарланған. Мұнай қоры мамандардың есебі бойынша 40 жылға жететін көрінеді.
Мұнайдың бұдан да ірі кені Каспий теңізінің табанынан табылып отыр. « Қазақстан Каспийшілер » халықаралық консорциумы Қазақстанға тиісті Каспий теңізінің 100 мың шаршы шақырым аумағын зерттеу жұмыстарын аяқтады. Теңіз түбінің Қазақстанға тиісті секторының мұнай қоры - 85 млрд тонна, газ қоры - триллион тонна ( мамандардың зерттеу қорытындылары бойынша) . Пайдалануға дайындаған кесіндіде 10 млрд тонна мұнай бар.
Каспий теңізінің түбін зерттеу 10 теңіз шельфінде көмірсутек шикізатының қоры өте мол екенін дәлелдеп отыр. Алдағы уақытта Каспий теңізінің түбінен мұнай құбырын жүргізіп тасымалдау арқылы оны дүниежүзілік рынокқа шығару мәселесі шешілу керек.
1997 жылы Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасында Қазақстан - Қытай мұнай құбырын 11 салып, оны Иранға дейін жеткізу жөнінде құны 9 млрд доллардан асатын келісімге қол қойылды. Мұны әлем жұртшылығы ғасыр келісімі деп танып отыр. Келісім Қазақстан мұнайын сыртқа экспорттауға даңғыл жол ашады.
Қазақстан келешекте аса ірі мұнай өндіруші және оны экспортқа шығаруға айналып, экономикалық және әлеуметтік дамудың жаңа сапалы деңгейіне көтеріледі.
Қазақстанда 200 - дей 12 мұнай және газ кен орындары анықталып барланған, оның ішінде 102 мұнай, 29 мұнай-конденсат, 30 мұнай-конденсат, 6 мұнай-газ, 11 газ конденсат, 19 газ кен орындары бар. Барланған мұнайдың алынатын қоры 2, 2 млрд тонна, газ - 2, 5 трлн текше мерт, конденсат - 0, 7 млрд текше метр. Қазақстанда мұнайдың болжамдық қорлары 20 - 25 млрд тонна деп бағаланады.
Мұнай мен газдың барланған қорының негізгі бөлігі Каспий маңы мұнайлы - газды аймағында шоғырланған. Мұнда 122 кен орыны ашылған, оларда республикадағы көмірсутек қорының 80 пайызы ( 1, 3 млрд тонна мұнай, 700 млн тонна шамасында конденсат, 1, 7 млрд текше метр бос және 577 млрд текше метр сұйытылған газ) шоғырланған. Бұл жерде мұнай мен газдың Қашаған, Теңіз және Қарашығанақ сияқты айрықша ірі кен орындары бар, олардың жиынтық үлесі мұнай мен газ өндірісінің жалпы балансында 30 пайыздан асады.
Оңтүстік Маңғыстау мен Солтүстік Үстірт - Бозашы аймағындағы ең ірі кен орындары - Өзен, Жетібай, Қаражамбас, Солтүстік Бозашы. Мұндағы мұнайдың барланған қоры 700 млн тонна, конденсат - 1, 4 тонна және газ - 141, 0 млрд текше метрді құрайды. Жалпы республикадаға баланста бұл аймақтағы көмірсутек өндірісінің үлесі - 50 пайыз шамасына тең. Мұнайдың өнеркәсіптік мол қоры Оңтүстік Торғай мұнайлы - газды алабында анықталған ( Құмкөл, Майбұлақ, Ащысай, Арысқұм т. б. кен орындары) .
Бұл жерде жиынтық болжамдық қоры 400 млн тонна шамасындағы 11 кен орыны барланған. Олардың ең ірісі - Құмкөл кен орыны ( 1990 жылдан мұнай өндіріле бастады) . Бұл аймақтың мұнай өндірісіндегі үлесі 10 пайыз шамасында.
1. 3. Каспий қайраңы мұнай алабы.
Егер Каспий 13 және оның жағалаулары жөнінде көне кезеңге, тіпті одан бергі көз жетер уақытқа назар сала отырып айтар болсақ, мынадай бір ерекшелікті байқауға болар еді: тек бір халықтың өзінің тарихи деректемелерінде, мифалогиясы мен аңыздарында Каспийге қатысты мүлдем кереғар көзқарастар бар: олар оны бірде асқақтатса, бірде мүлдем төмендетіп бағалайды. Қалай дегенімен, Каспий теңізінің кейіптелуі мен сипатталуында ұдайы бір мистикалық рең бары байқалады.
Мысалы, көне гректер Каспий бойын өздерінің бастапқы туған отаны, жер кіндігі және сонымен бірге жердің қиыр тұсы деп есептеген. Дәл осы жерде Промотей гректерге жан бітіретін алау отын жеткізген және нақ осы жерде соның жазасына Қап ( Кавказ тауы ) тауының қапталына тасқа қағылған. Ал кейбір зерттеушілер Каспий теңізі жағалауларында өте көне өркениет өркен жайған деп есептейді, бірақ ол қалаларды арнасынан асқан Каспий суы шайып кетсе керек, өйткені әртүрлі тарихи дәуірлерде оның деңгейі ұдайы өзгеріп отырған. Інжілдегі аңызға сәйкес Нұх пайғамбардың кемесі Арарат тауларына келіп қайырылғаны тектен - тек айтылмаса керек.
Осылай дегенімен, Каспий маңындағы ойпаттан шыққан Александр Македонский 14 бұл теңізді ешқандай бір көңіл аударуға тұрмайтын боз батбаққа балайды және осы алаптың солтүстік суларынан әрі қарай құмды, жан баласы мекендеп көрмеген жерлер жатыр деп есептеген.
Бұл айтылғандарға қарамастан көптеген елдер мен халықтардың тарихында, олардың мифтік аңыздары мен мәдениетінде Каспий шағын ғарыштық әлемнің не басталуын, не аяқталуын және жекелеген этностардың немесе мемлекеттердің дүниетанымын әйгілейтін бейне бір тұрлаулы таңба ауқымында әрдайым қылаң беріп отырады.
Сонымен Каспий бүкіл әлемдік өркениеттер мен діндердің өзінше бір тоқайласқан өңірі болып саналады. Осы орайда Велимир Хлебников бейнелі түрде « Каспий - Христос, Мұхаммед және Будда үшбұрышы » деп бір шиырып тастайды.
Тағы бір тұрғыдан қарағандар Каспийді Гондван праматеригінің орталық тұсына жайғасқан аса алып Тетис көне мұхитының қалдығы деп есептейді.
Тарих басталғанға дейінгі дәуірдің осы жұрнағының өзі бұл күнде планетамыздың ішкі қойнауындағы ең ауқымды су айдыны болып отыр,
Тым таяу кезеңге дейін Каспий өңірі геосаяси шеткері аймақтарының бірі тәрізді болып келді. Каспий шельфі мен құрлықтық Каспий бойындағы болашақ энергия қуатының қорын бұлдыр бағалау өзінше бір « Каспийлік мифалогия » туындатты, бірақ оны географиялық аймақтың атағын көтеруге бағытталған сенімсіз талпыныс қана деп бағалаушылар да табылды.
Сонда қазіргі шақтағы Каспий аймағы дегеніміз не деген сұраққа жауап беретін болсақ, яғни мұны неғұрлым дұрыс анықтап түсіну үшін мына сұрақтардың жауабын байыптап алайық: геосаяси аймақ деген ұғымды Каспий бойына қолдануға болама, егер болса, оның геосаяси тұрғыдан толымдылығы қандай ?
Бұл реттен кеогенде сарапшылар арасында Каспий аймағын өзінше тұрғыдан қарайтын бірнеше нұсқалы пайымдаулар бар.
Бір сараптаушы топтың көзқарасы бойынша, Каспий - планетамыздағы айрықша экожүйе болып қалыптасқан энергиялық және биологиялық ресурстардың « алтын сандық » қойнауы.
Әлемнің геоэкономикалық, экологиялық және биошаруашылық мүдделерін тоғыстырып отырған Каспий өз алдына әлдебір қауымдастық түзілдіру мүмкіндігі бар дара сипатты геосаяси аймақ ретінде бой көрсете бастады 15 . Бұған оны жағалай орналасқан шектес елдердің теңіз су алабын бірлесіп пайдалану жөніндегі көзқарастары да ықпал - әсерін тигізе бастағандай. Осының өзінен ақ Каспий аймағы Орталық Еуразиядағы геосаяси жағдайдың маңызды буыны ретінде стратегиялық берік қимылға айналып отыр.
Ал екінші бір көзқарас Каспий аймағын Альжирден Оңтүстік - Шығыс Азияға дейін Балқан, Таяу Шығыс және Кавказ, Ауғанстан, Кашмир арқылы созылып жатқан жаһандық « тұрақсыздық иіні » деп аталатын Солтүстік Ареалдың бір бөлшегі деп қарайды.
Сарапшылардың үшінші бір тобының көзқарастары бойынша, Каспий бойы - Кавказ, Орта Шығыс, Ресей және Орта Азия ірге түйістіретін шекаралық аймақ. Соған сәйкес ол христиан, ислам және буддалық өркениеттердің де шекарасы болып табылмақ.
Кейбір сарапшылар « Үлкен Орталық Азия 16 » деген ұғымды да қолданып жүр. Олар бұған Еуразияның ішкі кеңістігін, атап айтқанда, Каспий мен Арал теңіздерінің бассейндерін, құрлық орталығындағы сусыз облыстарды және оларды қоршап жатқан таулар желісін, сондай ақ оның батыс бетіндегі ( Шығыс Иран), Кавказ және Еділ - Каспий бассейнін қосады.
Саяси география тұрғысынан алғанда, Каспий теңізі ірі теңіз жағалауы өңірлері жүйесінің шеткерірек өңірі - дәлірек айтқанда, Атланд мұхитында басталатын және Жерорта мен Қара теңіздер арқылы қамтылатын қатарынан бірнеше аймақтар кіретін жүйенің бірі болып табылады.
Бұл алып аймақ өзінің алатын орнының мәніне қарай ерекше сабақтасқан бірнеше ірі - ірі теңіз байламдарын құрайды. Шын мәніне келгенде теңіздер батыста Солтүстік - Батыс Атлантикадан Қазақстанға дейін, Шығыста Ресей мен Кавказға 17 дейін қамтылатын біртұтас геосаяси кеңістіктің жекелеген бөліктерін өзара көктеп, тұтастырып тұрған материал іспеттес. Осы тұрғыдан қарағанда, Каспий теңізін мұндай алып жүйеге кіретін жол немесе қақпа деуге болар еді. Алайда осы сатылы сабақтас байланыстар желісінде Каспий белгілі бір дәрежеде шеткері орынға ие.
Сонымен бірге Капий аймағы қазіргі кезде тұрақсыздыққа шырпы тастауға дайын тұрған алапқа айналғандықтан, кейбір сарапшылардың пікірі бойынша, Каспий жағалауы - бұл нағыз Таяу Шығыс 18 тақылеттес геосаясаттың « қара үңгірінің» нағыз өзі.
Бірқатар факторлар арқылы дәйектелген көмірсутекте шикізат қорының орасан молдығымен байланысты бұл тұжырым көптеген ұлы және аймақтық державалардың мүдделерінің қақтығысуына әкеліп соғатын себептердің бірі болады деп есептейді.
Бұған қазіргі Каспий теңізінің құқықтық мәртебесінің шешілмей тұрғандығы, шельфтегі кейбір кен орындарының Каспий жағалауындағы жекелеген мемлекеттердің қайсысына тиесілі екендігіне байланысты қайшылықтар, Каспий мұнайын қалай тасымалдауға қатысты басым бағыттар жөніндегі дау - дамайлар және басқа себептер қосылады.
Анық жай мынау: Каспийдің ұшан - теңіз байлығын оның төңірегіндегі елдер бір - бірінің мүддесін ескеріп сыйлайтын болса ғана ұқыпты пайдалануға болады.
Өкінішке қарай, бұл үлкен аймақта қазіргі қалыптасып отырған жағдай мүлдем қауіпсіз деп айту мүмкін болмай отыр ( мысалы, тек Ауғанстандағы жағдайлардың өзін алайық ) . Жағдайды оңға қарай бастыру үшін бірлескен шешімдер әзірлеп, әлі де көп - көп күш - жігер жұмсауға тура келеді.
Саяси - географиялық аймақтандыру өз кезегінде таяудағы тарихта орын алған аса маңызды тарихи оқиғалармен ұштасқан аймақтық геосаяси парадигмасымен тікелей байланысты.
Бұдан КСРО 19 ыдырағаннан кейінгі кезеңде Каспийдің геосаяси маңызы артқан үстіне артып келе жатқанын байқау қиын емес.
2001 жылдың 11 қыркүйегінен кейін халықаралық антитеррористік науқан басталысымен Каспийдің маңызы батыс елдері үшін күрт арта түсті.
Соңғы кезде бұл өте анық байқалады. Неліктен бұлай болып отыр деген сұраққа сарапшылар әртүрлі жорамалдар айтады. Қанеки, осы бетбұрысты жалпы елестетуге мүмкіндік беретіндей белгілі бір қорытындылар жасап көрелік.
Сонымен біріншіден, Америка Құрама Штатындағы ылаңкестікке байланысты әлемдегі жалпы геосаяси жағдай өзгерді, мұның өзі Батыста олардың Таяу Шығыс аймағындағы энергетикалық тәуелділікті азайту тенденциясын күшейте түсті.
Екіншіден, тұтастай алғанда дүниежүзілік энергетика рыногындағы жағдай орнықты болмай отыр. Әлемдік рынокқа мұнай шығаратын негізгі өндірушілер арасындағы бәсеке ширығып барады.
Үшіншіден, Каспийдің негізгі энергетикалық қорын пайдалану кезеңі жақындап келеді. Каспий шельфін барлау жұмыстары соңғы кезеңіне аяқ басты. Мұндағы ресурстар картасы неғұрлым айқындалып келеді, ынта туғызып отырған мұнайлы аудандардың қарасы анықталып та қалды.
Осыдан келіп, мұның бәрі Каспий аймағы төңірегіндегі геосаяси күресті күшейтіп отыр.
Атап өту керек, бұл процеске объективті қалыптасқан жағдайлардың салдарынан көптеген мемлекеттер өзінен-өзі қатысуға мәжбүр болады екен. Каспий төңірегінде бірнеше « күштің орталықтары » - Америка Құрама Штаттары, Ресей, Қытай, Еуропалық одақ, Түркия
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz