Киім



1 Ертедегі адамдардың киім.кешектері
2 Тысқы киім
3 Өрмек тоқу
4 Қамзол
5 Қазақтын, аяқ киімдері
Адамға ауа райының қолайсыз жағдайынан қорғану үшін және көріктілік үшін де киім қажет. Ертедегі адамдардың киім-кешектері мал терісінен жасалатын еді. Әсіресе, теріні сырт киім үшін пайдаланатын –ды. Оның бірі — тон. Ол «қаптама», «камйолша» атанып екіге бөлінген. Қаптамасы суықка сырттан киетін тон. Махамбеттің «Қаптай соққан боранда, қаптама киген тонар ма?» — дейтіні осы. Қамзолшасы етегі тізеден жоғары келетін тон. Тон орнына қасқырдың, түлкінің, қарсақтың, күзеннің, басқа аңдардың терісімен астарлап, сыртын матамен тыстап тігетін киімнің аты ішік. Ішіктің толып жатқан түрлері болады. Мысалы, түлкі терісінен, оның жөн, бауыр, аяқ терілерінен — қараяқ ішіктер жасалады. Кейде, құндыз, бүлғынның қымбат терілерінен де ішік жасалады. Оған Абайдың Ақылбай деген баласы шығарған ән сөзіндегі «Бұлғын ішік мен кидім, құндыз жаға» деген жолы куә.
Құндыз қазақта аса бағалы аң саналған. Қазақтар оның сала-құлаш терілерін төрдегі кереге басына сән үшің ілген. Ертеде бұл аң қазақ даласында көп болғандығына «Құндызды» аталатын өзен мен (Қостанайда), «Қамқа» (құндыздың бір түрі) атты келдің болуы куә. Кейін ел жиілене келе бұл сулардан құндыз бен қамқа ауып кеткен.
Құлынның терісінен астарсыз тігілетін тонды «жарғак» дейді, Оның қара кұлынның терісінен сәндеп тігілетіні жоғары бағаланады. Қасқыр терісінен астарланатын ішік те қымбатқа саналады. Ішікті қазақтар тыстап киген.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Киім
Адамға ауа райының қолайсыз жағдайынан қорғану үшін және көріктілік
үшін де киім қажет. Ертедегі адамдардың киім-кешектері мал терісінен
жасалатын еді. Әсіресе, теріні сырт киім үшін пайдаланатын –ды. Оның бірі
— тон. Ол қаптама, камйолша атанып екіге бөлінген. Қаптамасы суықка
сырттан киетін тон. Махамбеттің Қаптай соққан боранда, қаптама киген тонар
ма? — дейтіні осы. Қамзолшасы етегі тізеден жоғары келетін тон. Тон орнына
қасқырдың, түлкінің, қарсақтың, күзеннің, басқа аңдардың терісімен
астарлап, сыртын матамен тыстап тігетін киімнің аты ішік. Ішіктің толып
жатқан түрлері болады. Мысалы, түлкі терісінен, оның жөн, бауыр, аяқ
терілерінен — қараяқ ішіктер жасалады. Кейде, құндыз, бүлғынның қымбат
терілерінен де ішік жасалады. Оған Абайдың Ақылбай деген баласы шығарған ән
сөзіндегі Бұлғын ішік мен кидім, құндыз жаға деген жолы куә.
Құндыз қазақта аса бағалы аң саналған. Қазақтар оның сала-құлаш
терілерін төрдегі кереге басына сән үшің ілген. Ертеде бұл аң қазақ
даласында көп болғандығына Құндызды аталатын өзен мен (Қостанайда),
Қамқа (құндыздың бір түрі) атты келдің болуы куә. Кейін ел жиілене келе
бұл сулардан құндыз бен қамқа ауып кеткен.
Құлынның терісінен астарсыз тігілетін тонды жарғак дейді, Оның қара
кұлынның терісінен сәндеп тігілетіні жоғары бағаланады. Қасқыр терісінен
астарланатын ішік те қымбатқа саналады. Ішікті қазақтар тыстап киген.
Кедей адамдар ішікті қоян, тарақ кұйрық (сарышұнақ) сияқты арзан
терілерден де жасаған. Бірақ олардың сапасы оншама болмайды. Сондықтан бір
жылға қоян терісі де шыдайды деуде де мән бар.
Ішіктің тысы, әдетте шұға, мәуіті сияқты қальщ мата-лардан тігіледі.
Тері мен тыстың арасьш қалыңдату үшін тозған маталардан, жүннен бидай
саналады.
Тонның жағасы жоғары етіп жасалады да, боран-шашында оны көтеріп алса,
басқа суық тигізбейді. Ел ағасыз, тон жағасыз болмайды деу содан. Жағаға
қымбат аң терісі, қозының, лақтың бұйра елтірісі сияқты терілер салынады.
Тонның белі тарылып тігілетіндері қынамал, қынамайтындары қаптал деп
аталады.
Тысқы киімнің біреуі — күпі. Ол қойдың және түйенің жабағасынан
жасалады да, жылылығы тері тоннан кем болмайды.
Жаздың сырткы киімі, түйенің иә қойдың жүнінен тоқылатын шекпен, түйе
жүнінен тоқылған шекпен дәулетті адамдардын, қолына түскен. Шамасы
келмеген кедейлер шекпенді қойдың жүнінен жасайды.
Тоқу әдісініқ аты — өрмек. Ол көне заманнан келе жатқан кол өнері.
Өрмек тоқу ұзақ уақытқа созылады. Өрмек тоқудан бұрын жүнді қылшықтап,
түтеді. Оны шүйкелеген соң, ұршықпен иіріп, иірілген жіпті төгеді
(домалақтайды). Домалақ жіпті ұзындығын он құлаштай етіп керуге және тоқуға
әлгі жұмыс процестері атқарылған соң ғана кіріседі. Жіптерді біріктіріп
тоқуға арналған құралды мосы дейді. Мосыға асылған ермектің арасынан өтіп
тұратын жіпті — арқау, арқауды нықтайтын- құралды қылыш, жіптердін
жоғарғылары мен төменгілерін ауыстыратын құралды адарғы, тоқылған
өрмектің екі шетін кенере, тағысын тағылар деп атаған.
Өрмекті тек әйел ғана тоқиды. Ертеде, қалаға барып, араласпайтын
көшпелілер ішкі киімдерді (көйлек, жейде мен іш киімді) өздері тоқып киген.
Өрмектен қазақтар алаша сияқты төсеніштер де, қоржын, аяқ-қап сияқты
ыдыстар да, ат-жабу сияқты жамылғылар да жасады. Тіпті кей жерлерде
кілем де тоқитып болған. Кейіннен өнеркәсіп бұйымдарының көптеп шығарыла
бастауына байланысты өрмек тоқушылар азайды.
Көшпелі қазақ ауылдары бірнеше ғасыр бойы Орта және Орталық Азия
немесе Еділ бойының қалаларына барып сауда-саттық жасаған, Онда дәулетті
адамдар жібек пен манат (қалың тоқылған жібек) сатып алатын болған. Еділ
бойындағы қалалардан (әсіресе көне болғарлардан) алатыны көбіне былғары
екен. Осы алыс-берістің нәтижесінде болғарлардан ауысқан бұйымның былғары
аталуы сондықтан болса керек.
Кедей шаруалардың ерте заманнан бері іш киім үшін пайдаланатын матасы
— бөз.
Дәйім менің кигенім бөз көйлегім,
Жаман жақсы болса да өз көйлегім,
Көрмегелі көп айдың жүзі болды,
Аман-есен жүрмісің көз көргенім,
немесе
Жатыр едім далада пішен шауып,
Бөз көйлегім су болды жаңбыр жауып —
дегендегі бөз осы мата.
Бөз — отырықшы кәсіпқорлардың қолдан, мақтадан тоқитын маталар
казине деп аталады. Бұрынғы қалың малға сатылатын қыздардың:
Қазане камзол кидім киылмаған,
Жапанда жатыр жылқым жиылмаған.
Бар ма екен қыздан сорлы бұл жалғанда,
Топырақ туған жерден бұйырмаған, —
дегенде осы қазине сөз болады.
Сыртқы және ішкі киімдерден қазақ өрнектелген қамзол мен шалбар (сым)
киеді. Әйелдерден сым кйетіндері тек үнемі көшіп-қонуға қатысы барлары.
Д. Н. Ушаковтың Түсіндірме сөздігінде қамзол француз сөзі дейді. Қамзол
мен шалбар қазақта көне заманнан келе жатқан киім болғанға ұқсайды.
Алпамыс батыр жырында Ұлтанкұлды көн шалбары көтіне қатқан деп
сипаттауына қарағанда, ертедегі казақтар шалбарды көн теріден де істеген
сияқты. Жұмсақ иленген ешкі терісінен қазақтар кестелей сәндеп жырық балақ
ойран-талбар киген. Бертіндегі қамзол шалбарлардың көбі орыс базарынан
алатын кездемелерден жасалған.
Ертедегі әйелдер мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Спорттық киімдер мен аяқ киімдерге жалпы сипаттама
Костюм нақты уақыттағы адамның рухани және моральді сапасын көрсету құралы
Киім және костюм қызметі. Киімнің сапасы және оған қойылатын талаптар. Киімдердің жаңа түрлерінің жасалуы
Әскери форманың даму тарихы
Киім және оның түрлері
Қазақ ұлттық костюмінің дамуы
Аяқ киім гигиенасы жайында
Киім гигиенасы
Тұрмыстық киімдердің жіктелуі
Жеңі тұтас пішілген киім үлгілерін конструкциялау және модельдеу жолдарын ашып көрсету
Пәндер