Академик Әлкей Марғұлан



1. Әлкей Марғұланның өмірбаяны.
2. Әлкей Марғұланның зерттеулері.
3. Ерен тұлға.

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Чулууны Далай, Моңғол ғалымы, (Улан-батор) - Қазақ халқының үлкен ғалым академик Әлкей Хақанұлы Марғұлан ақсақалдың 80 жастық дүбірлі тойы өтіп жатқан осы бір шақта қолыма қалам алып ілтипат білдіруді жөн көрдім.
Әлкей Марғұланның шыққан биігі Ұлы Совет халқының ұрамында тең праволықпен еңбек етіп, мол табысқа жеткен Советтік Қазақстан ғалымдарының көл-көсер табыстарының бірден-бір айғағы. Сондықтан да, біз Қазақ ғалымының бүгінгі табысына қызыға қараймыз.
Ә. Марғұлан қазақ халқының тарихы мен археологиясын, этнографиясы мен ауыз әдебиетін арнай зерттеп, ондаған құнды еңбектер жазғанын Моңғолия ғалымдары жақсы біледі.
Қазақстандағы Андрон мәдениетінің қалың қыртысы Ә. Марғұлан ақсақал өз шәкірттерімен қоян-қолтық жұмыс жсай отырып, байтақ әлем назарына жайып салды. Онымен қатар Қола дәуірінің
3
Дандыбай- Беғазы мұрасын сол замандағы тайпалар мәдениетін және сол кезеңдерінің дамуымен дәуірлері қақында соны да салмақты пікірлер ұсынды,- деп өз ойын білдірген.
Тарих ғылымының кандидаты, Қазақ ССР Мемлекетттік сыйлығының лауреаты Кемал Ақышев Әлкей Марғұланды археологияның атасы деп атаған. Ол өз сөзінде - әлекең халық үшін, ғылым үшін археология саласында ғаламат еңбекқорлықпен, ғибрат боларлық талғампаздықпен жасаған еңбекті қысқаша шолып өткеннің өзінде, сексенге келіп өнеге таратып отырған парасатты ғалым, үлкен адамның бейнесін қапысыз танимыз.
Халқымыздың тарихын, мәдени шежіресін жалықпай зерттеп, том-том бағалы кітаптар жариялап, көпшілік санасының өсуіне, білім қорының молаюына ықпал жасап келгендердің ең көрнектілерінің бірі - Марғұлан деп жазған, профессор Мырзатай Жолдасбеков.

Жұмыстың өзектілігі.
Марғұлан қазақтың біртуары. Бұл сөздің аясында оның бүгіндері аталып өтіп жатқан жүз жылдық мерейлі ғұмыры шеңерінде көп сөздер айтуға болар еді. ол иен далада палатка тігіп, қолына лупасы мен қаламын қоса ұстап, топырақтан сыр тартқан төзім иесі. Ол кезінде аты шулы Орталық Қазақстан, Сарайшық, Талас, Шу экспедицияларын басқарып, Батыс пен Шығыс , Оңтүстік өңіріндегі түркі жұртына тиесілі тылсым сырларды ашты. Аша алмай көкірек тұңғиығында кеткендері қаншама. Қазақ жеріндегі ұлыстарды , соның ішінде Орталық Қазақстанда, атақты Сарарқаны жарты ғасырға жуық зерттеп, қайран қалдырар жаңалықтар ашқан ғалым өзінің шәкірттерімен бірге Орталық Қазақстан халықтарының мұнан төрт мың жыл бұрынғы тарихынан бастап, біздің заманымызға дейінгі мәдениетін жан-жақты көрсететін тарихи-
археологиялық ескерткіштерді тапты. «Мұсылман дініне дейінгі Қазақстандағы архитектура», «Беғазы-Дандыбай мәдениеті» атты іргелі еңбектер соның нәтижесі.
1. Қазақстан ұлттық энциклопедия 6-том. А., 2004 ж.
2. Оңтүстік Қазақстан №59. 2004 ж.
3. Ә. Х. Марғұлан және оның мұрасы.
4. Отан тарихы 1/ 2004 ж.
5. Ұлт тағылымы №3. 1999 ж.
6. Парасат журналы №12. 2004 ж.
7. Ғұлама. Тұлға, тағдыр, тағылым. Павлодар 2004 ж.
8. Білім және еңбек. 1985 ж. №11.
9. Еңбекпен өткен өмірім. Ә. Марғұлан. Жұлдыз, 1989 ж. №1.
10. Шоқан туралы естеліктер. Ә. Марғұлан. Қазақ әдебиеті, 1982 ж.
11. Хабаршы. А., №2. 2004 ж.
12. Ә. Х. Марғұлан. Ежелгі жыр аңыздар. А., 1985 ж.
13. А. Веселовский . Сказания о красавице в тереме...
14. Ә.Х. Марғұлан. Шоқан және «Манас» А., 1971 ж.
15. В. Киселев. Древняя история Южной Сибирии. М., 1951 ж.
16. Өтенияз С. К. Аттила А., 2000 ж.
Сілтеме
1. Қазақстан ұлттық энциклопедия 6-том. А., 2004 ж. 368-369 б.
2. Оңтүстік Қазақстан №59 2004 ж.
3. Қазақстан ұлттық энциклопедия 6-том. А., 2004 ж. 369 б.
4. Ә .Х. Марғұлан және оның мұрасы 46-47 б.
5. Отан тарихы 1/2004 ж. 71-73 б.
6. Ә. Х. Марғұлан және оның мұрасы 46 б.
7. Ұлт тағылымы №3 1999 ж. 15-18 б.
8. Білім және еңбек 1985 ж. №11.
9. Шоқан туралы естеліктер. Ә. Марғұлан. Жұлдыз, 1989 ж. №1.
10. Ә. Х. Марғұлан. Ежелгі жыр аңыздар. А., 1985 ж. 5 б.
11. Көрсетілген шығ. Сол бетте.
12. Көрсетілген шығ. 6 б.
13. А. Веселовский. Сказания о красавице в тереме...
14. Ә. Х. Марғұлан. Көрсетілген шығ. 7-8 б.
15. Көрсетілген шығ. 11 б.
16. В. Киселев. Древняя история Южной Сибири. М., 1951 ж. 317-326 б.
17. Ә. Х. Марғұлан. Көрсетілген шығ. 52 б.
18. Сол бетте.
19. Сонда 54 б.
20. Сонда 55 б.
21. Thomson E.A. A history of Attila and the Huns. 1975. 21 б.
22. Ә.Х. Марғұлан Көрсетілген шығ.
23. Өтенияз С. К. Аттила А., 2000 ж. 77, 107-108 б.
24. Ә. Х. Марғұлан. Көрсетілген шығ. 57-59 б.
25. Көрсетілген шығ. 59 б.
26. Сонда 60 б.
27. Сонда 61 б.
28. Ә. Х. Марғұлан. Шоқан және «Манас», А., 1971 ж. 93-94 б.
53
29. Парасат №12. 2004 ж. 2-5 б.
30. Ғұлама. Тұлға, тағдыр, тағылым.2004 ж. 12-14 б.
31. Ғұлам. Тұлға, тағдыр, тағылым.2004 ж. 52-б.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
1
Жоспар
1. Әлкей Марғұланның өмірбаяны.
2. Әлкей Марғұланның зерттеулері.
3. Ерен тұлға.

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

2
Жұмыстың мақсаты:
Тарихи тұлға Әлкей Марғұланның тарихта алар орнын ашып
көрсету.

Жұмыстың мақсатына қарай төмендегі міндеттер алға қойылады:
- Ә. Марғұланның өмірбаянына тоқталу.
- Ә. Марғұлан зерттеген хундар аңыз ертегілеріне ашып
көрсету.
- Ә. Марғұлан Шоқан мұрасын жинаушы ғалым екеніне сипаттама
беру.
- Ғалымдардың Ә. Марғұлан туралы еңбектеріне тоқталу.

Жұмыстың тарихнамасы.
Чулууны Далай, Моңғол ғалымы, (Улан-батор) - Қазақ халқының
үлкен ғалым академик Әлкей Хақанұлы Марғұлан ақсақалдың 80
жастық дүбірлі тойы өтіп жатқан осы бір шақта қолыма
қалам алып ілтипат білдіруді жөн көрдім.
Әлкей Марғұланның шыққан биігі Ұлы Совет халқының
ұрамында тең праволықпен еңбек етіп, мол табысқа жеткен
Советтік Қазақстан ғалымдарының көл-көсер табыстарының
бірден-бір айғағы. Сондықтан да, біз Қазақ ғалымының бүгінгі
табысына қызыға қараймыз.
Ә. Марғұлан қазақ халқының тарихы мен археологиясын,
этнографиясы мен ауыз әдебиетін арнай зерттеп, ондаған құнды
еңбектер жазғанын Моңғолия ғалымдары жақсы біледі.
Қазақстандағы Андрон мәдениетінің қалың қыртысы Ә. Марғұлан
ақсақал өз шәкірттерімен қоян-қолтық жұмыс жсай отырып, байтақ
әлем назарына жайып салды. Онымен қатар Қола дәуірінің
3
Дандыбай- Беғазы мұрасын сол замандағы тайпалар мәдениетін
және сол кезеңдерінің дамуымен дәуірлері қақында соны да
салмақты пікірлер ұсынды,- деп өз ойын білдірген.
Тарих ғылымының кандидаты, Қазақ ССР Мемлекетттік сыйлығының
лауреаты Кемал Ақышев Әлкей Марғұланды археологияның атасы
деп атаған. Ол өз сөзінде - әлекең халық үшін, ғылым үшін
археология саласында ғаламат еңбекқорлықпен, ғибрат боларлық
талғампаздықпен жасаған еңбекті қысқаша шолып өткеннің өзінде,
сексенге келіп өнеге таратып отырған парасатты ғалым, үлкен
адамның бейнесін қапысыз танимыз.
Халқымыздың тарихын, мәдени шежіресін жалықпай зерттеп,
том-том бағалы кітаптар жариялап, көпшілік санасының өсуіне,
білім қорының молаюына ықпал жасап келгендердің ең
көрнектілерінің бірі - Марғұлан деп жазған, профессор Мырзатай
Жолдасбеков.

Жұмыстың өзектілігі.
Марғұлан қазақтың біртуары. Бұл сөздің аясында оның
бүгіндері аталып өтіп жатқан жүз жылдық мерейлі ғұмыры
шеңерінде көп сөздер айтуға болар еді. ол иен далада палатка
тігіп, қолына лупасы мен қаламын қоса ұстап, топырақтан сыр
тартқан төзім иесі. Ол кезінде аты шулы Орталық
Қазақстан, Сарайшық, Талас, Шу экспедицияларын басқарып, Батыс
пен Шығыс , Оңтүстік өңіріндегі түркі жұртына тиесілі
тылсым сырларды ашты. Аша алмай көкірек тұңғиығында
кеткендері қаншама. Қазақ жеріндегі ұлыстарды , соның ішінде
Орталық Қазақстанда, атақты Сарарқаны жарты ғасырға жуық
зерттеп, қайран қалдырар жаңалықтар ашқан ғалым өзінің
шәкірттерімен бірге Орталық Қазақстан халықтарының мұнан төрт
мың жыл бұрынғы тарихынан бастап, біздің заманымызға дейінгі
мәдениетін жан-жақты көрсететін тарихи-
4
археологиялық ескерткіштерді тапты. Мұсылман дініне дейінгі
Қазақстандағы архитектура, Беғазы-Дандыбай мәдениеті атты
іргелі еңбектер соның нәтижесі.

Кіріспе
Қазақстан Ғылым академиясының Шоқан Уалиханов
атындағы сыйлығының лауреаты араб, парсы, түркі тілдерін жетік
білетін, ағылшын, француз, немісше де танып қажетінше
тереңдей алатын, әр құбылысты егжей-тегжейлі талдап,
талассыз ой айтатын телегей теңіз білім иесін даналықтың
сыр сандығы ретінде қабылдауымыз әбден орынды.
Әлкей Марғұлан. Бұл есімді атаған кезде қазақ қауымының ,
оның тарихының бір белесі көз алдыңа келеді. Ол – қаһарлы
да шерлі, айбынды да мұңды, ерлікпен қасіретке толы ХХ
ғасыр. Ол – сол ғасырды дүбірлеткен, гүмбірлеткен, көсемсөз бен
қаһарлы іспен бірге қайғы-қасіретке батқан ерлердің заманы.
Ол заман – Алаш азаматының заманы, елім деп еңіреген, халқым
деп қайысқан қаһармандар заманы .
Шүкіршілік етер бұл жайт, даламыз қандай кең болса, бай
болса жүрегі де сондай бай. Жүрегінің байлығы - сәбидей
тазалығы, оның ешкімге жамандығының жоқтығы, бейбіт момындығы.
Иә, соымен бірге халқымыз - батыр да халық. Ол еңкейгенге
еңкейеді, шалқайғанға шалқаяды. Шірене қалса асқар –асқар
тауларына сүйенеді, еңкейе қалса, иен елін көреді, қаз қатар
тұра қалса , заматтығына, өзінің парасаттылығына сенеді.

6
1. Әлкей Марғұланның өмірбаяны.
Әлкей Хақанұлы Марғұлан 1904 жылдың 11 мамырында Павлодар
облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген. Болашақ
ғұлама ғалымның әкесі Хақан – атақты Олжабай батырдың тікелей
ұрпағы. Олжабай батыр Абылай хан басшылығмен бірге Бөгенбай
атыр, Наурызбай атыр және қабанбай батырлармен бірге қазақ
жерін жоңғар шапқыншылығынан қорғап, көзге түсті. (1)
Әлкейдің әкесі Хақан мен шешесі Нүрилә көптеген
халық ертегілері мен аңыздарын білген. Үйінде халық әндері,
өлеңдері және Абай әуендері жиі шырқалған. Әлкей бес
жасында оқып жаза білуге үйренген. Бала кезінде Қобыланды,
Алпамыс, Кероглы, Қозы Көрпеш-Баян Сұлу дастан жырларын
жатқа айта білген. Хақан үйінде белгілі ақын, ғалым Мәшһүр
Жүсіп Көпейұлы, Жаяу Мұса, Имантай Сәтбаев сынды қазақтың
ақын, сауыққойлары бас қосып тұрған. Әлкейдің өнер сауыққа
ұғымтал болып өсуіне олардың ықпалы көп болды. (2)
Ғалым - ұлттық археология мектебінің негізін қалаушы,
шығыстанушы, әдебиеттанушы, өнертанушы. Бүкілодақтық география
қоғамының толық мүшесі (1933 ж), филология ғылымының докторы
(1945 ж), Қазақстан ҒА академигі (1958 ж), ҚазКСР-інің еңбек
сіңірген ғылым қайраткері (1961 ж). Бастапқы біліміді ауыл
мектебінен алды. Повлодар қаласындағы мұғалімдер курсын бітіріп,
туған ауылында мұғалым болып істеді. 1921 – 25 жылдары Семей
пед. Техникумының студенті бола жүріп, Таң журналы мен
Қазақ тілі газетінің редакцияларында қызмет атқарды . Осы
жылдары ол М. Әуезовпен, М. Жұмабаевпен танысты. 1925 – 29
жылдары Ленинградтағы (қазіргі Санкт-Петербург) Шығыстану
институтының түріктану және тарих-филология факультеттерінде қатар
оқыды. 1926 – 27 жылдары М. КСРО ҒА-ның акад. А. Е. Ферсман мен
профессор С. И.
7
Руденконың басшылығымен ұйымдастырылған Қазақстан және Алтай
археология және этнография экспедицияларының жұмысына
қатынасты. Экспедиция кезінде Ә. Бөкейхановпен тығыз қарым-қатынас
орнатып, бірлесіп қызмет жасады. М. 1928 жылдан қазақ халқына
қатысты әдеби, мұрағаттық материалдар жинақтаумен шұғылданды.
1929 жыл Абай шығарм. туралы дипломдық жұмыс қорғап, орыс
геогр. қоғамы архивіндегі Абай қолжазбалары туралы нақты
тарихи деректер негізінде ғылыми дәйекті тұжірімдар жасады.
1930-31 жылдары Терминол. комиссиясының ғалым хатшысы, 1931-34
жылдары Ленинградтағы Мемл. Материалдық мәдениет тарихы
академиясының асперанты, 1931 – 35 жылдары Шығыстану
институтының оқытушысы, 1936 – 38 жылдары Мәскеудегі материалдық
мәдениет тарихы институтының ізденушісі және ғылыми
қызметкері болды. Осы жылдары ол Шығыс Түркістан археологиясы
мен өнері бойынша маманданып, бірнеше археолог.
экспертизаларға қатысты. 1939 – 41 жылдары КСРО ҒА Қазақ
бөлімшесі Тарих институтының аға ғылыми қызметкері болды.
1940 – 41 жылдары оның Мәшһүр Жүсіп мұрасындағы түркі
эпосы , Декабристер және Қазақстан, Әлішер Науаи және
қазақ мәдениеті, Мұхаммед Хайдар - тарихшы , Шоқан Уалиханов
және Орта Азия тарихы , Суворов, Жамбыл Жабаев, т.б.
еңбектері жарық көрді.
1941 жылы КСРО ҒА қазақ бөлімшесінің тарих бөлімін
басқарды. Осы қызметте жүріп Хандар жарлығының тарихи
маңызы деген тақырыпқа қорғаған канд. Диссертациясында көне
қыпшақ тарихына байланысты құнды зерттеулер жасады. 1945
жылы Қазақ халқының эпикалық жыр-дастандары тақырыбында
қорғаған докт. диссертациясы қазақ әдебиеті мен тарихы
саласындағы іргелі зерттеулердің нәтижесі саналды. (3)
8
Ә. Марғұлан ойшыл әрі ғалым педогог ретінде өз бетін
танытқан жұмыстарының бастамасы бұл қазақ халқының рухани
мұраларын жинақау арқылы алтын қорын байытуы. Сонымен қатар
оған жан-жақты талдау жасауы. Осы іс-әрекет барысында ғұлама
ғалым осы рухани мұралардағы тәлім-тәрбиелік идеяларға назар
аудару құптарлық жағдай. Ол қазақтың ауыз әдебиеті мен жазба
мұраларын зерттеуде көптеген тың материалдарды өңдеп
жарыққа шығарды. Қазақтың небір мақал-мәтел эпостық жырларын
алғашқылардың бірі болып өз халқына қайта таныстырды.
Ғұламаның Қозы Көрпеш-Баян Сұлу кешені деген
кітапшасының бірінші бетінде Естияр балалар үшін деп
тайға таңба басқандай анық етіп оқшаулап ойған. Кітаптың
мазмұнында бұл эпос бозбалалар мен бойжеткендердің
адамгершілік сезімін оятып оларды сертіне берік болуға,
туған жерді аялап оны жан тәнімен сүюге тәрбиелейді, -деп атап
көрсетеді.
Тәлімгер ғалымның бастауыш және жоғарғы класс оқушыларына
арнап сонау аумалы-төкпелі кеңес заманында шығарған
кітапшаларына қарап таң қалуға болады. Бұл оның
педогогика тұрғысынан терең ойлайтын жастарға үлкен
тағылымдық тәрбие беретін әйгілі тұлға екенін байқатады. Осы
жылдары , ғұлама ғалым өзінің бар білімін, өнерін, қажыр-
қайратын қазақ елінің көрнекті тұлғаларын зерттеуге бағыштағаны
байқалады. Ол әрқашан талапты адам әрқашан биікке шығады
деп жиі айтатынын оның шәкірттері еске алуда. (4)
1930 жылы қазақ жастарын оқытуға арналған оқу пәндерінің
жалпы бағдарламасы 12 бөлімнен тұрады:
1. Қазақстан Оқу комисариатының қаулысы;
2. Қара шаруа жастар мектебі;
9
3. қара шаруа жастар мектебінің кешенді жүйесімен жасалатын
програма;
4. Қара шаруа жастар мектебінде ауыл шарауашылық
кәперетибке тарту, коллективтендіру мәселелерін зерттеу;
5. Қара шаруа жастар мектебі үшін қоғам тану сабағының
программасы;
6. Жағрафия программасы;
7. Суретті әдебиет туралы;
8. Физика сабағынң программасы;
9. Химия программасы;
10. Қара шаруа жастар мектебінде математика сабағы;
11. Қазақ мектептері үшін орыс тілінен программалар;
12. Программаларға методикалық хаттар (орыс тілі бойынша).
Әрбір жеке оқу пәндерінің бағдарламаларын жазғандар мен
жасаушылардың нақты аты -жөндері көрсетілмегендіктен
авторлық ұжымның мамандықтарына қарап, Әлкей Марғұлан Суретті
әдебиет оқу пәнінің бағдарламасын жасаушылардың бірі деп
толық айтуға болады.
Олай деуімізге себеп, Марғұлан 1930-1931 жылдары Қазақ
ССР Оқу ағарту Комисариатының жанындағы терминологиялық
комиссияның ғылыми хатшысы қызметін атқарған және мамандығы
филолог.
Бағдарлама жинағындағы Суретті әдебиет бөлімі қазақ
әдебиеті бойынша шаруа жастар мектебінің оқу бағдарламасы. Ол
Жалпы сөз деген кіріспеден, Оқуға жаттығу , сөйлеуге
жаттығу, Жазу тіліне жаттығу, Әдебиет жөніндегі істердің
қоғамға пайдалы іспен байланысуы, әдебиет шығармаларын түр
жағынан зерттеу деген бөлімдерден және үш жылға арналған
білім қорыту , байқау бағдарламасынан тұрады.
10
Кіріспеде әдебиеттанушылар мен мұғалімдер алдына қойылатын
талаптар туралы, қоғам дамуындағы әдебиеттің рөлі мен
міндеттері туралы, жазушылардың аттары мен олардың шығармалары,
ұсынылған әдебиеттер тізімі берілген. Мысалы, мұғалімдерге
қойылатын негізгі талаптар: әдебиет шығармаларын зерттеуде
қолданылатын әдіс, ғылыми-социологиялық әдіс болуы керек; бұл
әдістің шарты әрбір әдебиет шығармалары мен соның
шығарушыларын өз заманының көрінісі есебінде тексеруде;
қоғамтану сабағында алынған білімге сүйене отырып, тексеретін
жазушыларымыздың мұң-тілегін, арман мақсатын, нені жырлайтынын
айқындап алуымыз керек. Бұл жайларды ашу әрбір жазушының
шығармалары социалдық жағдайдың қорытындысы екенін білдіреді,
- делінген .
Бағдарлама кіріспесінде, сондай-ақ, үш жылдық оқу
мерзімінде оқытылатын мына төмендегідей тақырыптар бөлініп
көрсетілген:
Бірінші жыл.
1. Тақырып – бүгінгі ауыл, төңкерістің жемісін көріп
отырған ауыл кедейінің әдебиеттегі суреттері.
2. Бұрынғы рушылдық жігіндегі ауыл, хан, би, батырлар
заманы, соның ілгері-кейінді жоқшылары.
Екінші жыл.
1. Азамат соғысының уақытындағы ауыл тұрмысы. Төңкеріске
қатысқан қазақ жалшылары, төңкерісшілері.
2. 16- шы жыл мен ескірек кездегі ұлт бостандығы
жолындағы әдебиет сол кездегі ауыл күйі.
Үшінші жыл.
1. Октябрь төңкерісінен соңғы жылдар. Сонымен қатар
жүрген кеңес құрылысы. Жұмысшы табының соңына ерген ауыл
еңбекшілері жалпы батырақтары, алғаш соның бағытына талпынған
бет.
11
2. 1905 жыл мен 1916 жыл арасындағы ауыл күйі. Ел
арасындағы азғындаған мінездер, теңсіздіктер.
Сол кездегі оқығандар қозғалысы. Алғашқы ұлтшыл, халықшыл
оқығандар. Отаршылыққа қарсы ағым.
Бағдарлама мен түсініктеме хатта, бірінші жылда тіл
тануда көп уақыт бөлу керектігін ескерте отырып, бұл
тұстағы істелер жұмыстар мен ұстанар талаптарға тоқталып
өтіледі. Бағдарламада көрсетілген тақырыптар негізінде тоқырап
қалмау, оларды сол күйінде ұғынбау, жалпы осы
программаны негізге ала отырып, оның ауқымын кеңейту керектігі
айтылады. Ол үшін оқытушылардың өздері сол кезде шығып
тұратын журналдарды кеңінен оқып, бүгінгі ауыл, бүгінгі
құрылыс деген жайлардан жазылатын әңгімелерден хабардар
болып, ол әңгімелерден балалардың жасына қолайлы келетіндерін
таңдап ала білулері керек. Осындай түсініктерден кейін
автор, бірінші жылдың алғашқы жарты жыл ішіндегі мынадай
зор міндеттерді анықтап береді: Балаларды суретті
әдебиетке қызықтыру. Соны оқытуға ентелету, онан соң дұрыс
оқуға үйрету. (5)
Бағдарламадағы Оқуға жаттығу бөлімінде Оқи білу
жалғыз тіл ғылымы мен әдебиеті үшін ғана емес, ғылымның қай
саласына барып, қай кітабын ұстасаң да соған мұқтажсың
дейді. Осы бөлімде мұғалімдердің әлі методика
мәселелерін жетік меңгере алмағандығын айта келіп, оларға
бірқатар кеңестер берілген.
Бағдарламаның Сөйлеуге жаттығу бөлімінде автор балаларды
...анық, ұғымды, тиімді сөйлеуге баулу екенін көрсетіп,
сөйлеуге жаттығудың әр жылдарда негізгі жолдарын көрсете отырып,
үшінші сөйлеудің аса қажет екендігіне тоқталады.
Бағдарламаның Әдебиет жөніндегі істердің қоғамға пайдалы
іспен байланысы атты бөлімінде жазылған түсініктері негізінен

12
ағартушылық бағыттты ұстанғанымен, әдебиет пен өмір бірлігінің
қажеттігін, әдебиетті оқытуда өмір мен тығыз байланыстыру
принциптерін ұсынады.
Әдебиет шығармаларын түр жағынан зерттеу атты бағдарлама
бөлімінде автор әдебиет туындысын жалғыз мазмұны жағынан
зерттеп қоймай, әдебиет түрін де ғылыми-социологиялық әдіспен
зерттеп, ұғынуды ұсынған. Әдебиетті түр жағынан салыстыра зерттеу
жаңа ғылым екенін ескертіп, қолдана білмесе, алдын ала көп
ойланбаса, көпшілік тайғақ жолға түсіп кетуі мүмкін. ...Ақынның,
не жазушының өмірбаянына қарай салып, шыққан ортасын ғана
біле салып, барлық шығармаларында да ол не байдың , не
қара шаруаның, не жұмысшының ақыны деп келетін қорытындылар
болуы мүмкін дейді.
Сонымен қазақ әдебиетінің бұл бағдарламасы сол кездегі
өмір қажеттігінен туған, бағдарламадағы тақырыптар көлемі мен
мазмұны жағынан кең және терең. Сондай-ақ, қазақ
мұғалімдері әдебиетті оқыту әдістемесін игеру қажеттігі
туралы автордың пікірлері оның еңбек жолын мектепте
мұғалімдіктен бастап, Санкт-Петербургтың оқу орындарында студент
болып, тәлім-тәрбие алған әдебиетші, педагог болғаны көрініп
тұр.
Көп жылғы ізденісінің негізінде Ежелгі Қазақстан қалалары
мен құрылыс өнерінің тарихы деген үлкен монографиялық
еңбегінде ертедегі бабаларымыздың жастарды қолөнерге, кітап
көшіруге, сурет салуға тәрбиелеуге байланысты арнайы
шеберханалармен ұғындырды (ерте замандарда мектепті солай атаған
– Т. Ә) орындарының ерекшелігін дәріптеп жазды. Қазақ халқының
жастарды сәби кезінен еңбекке баулып ерекше деп қойғанын
әр кездерде әр қырынан мақтана жазғанын байқаймыз.
Күрделі ғылыми еңбектер мен қатар мектеп оқушыларына арнап
олардың
13
таным деңгейіне байланысты сонау 1939 жылы Еңбексіздің ісі
, Уезірдің шешуі атты ертегілерді еріней жинап, жарыққа
шығарды.
1946 – 53 жылдары археология , палеолит бөлімінің
меңгерушісі, аға ғыл. қызметкері. 1953-55 жылдары Қазақстан
ҒА – ның Архитектура құрылыс және құрылыс материалдары
институтының аға ғыл. қызметкері болды. 1958 – 76 жылдары
этнография бөлімін басқарды. Осы жылдар Марғұлан Сырдария, Шу,
Талас өзендері бойында және Отырар, Сауран , Сығанақ
қалалары орнында қазба жұмыстарын жүргізіп, соның негізінде
Көне қазақ жерінің қалалары мен құрылыс өнерінің
тарихы аталатын монографиясын жариялады. К.Акышев, М. Қадырбаев,
М. Оразбаевтармен бірге Орталық Қазақстанда жүргізген
археологиялық қазба жұмыстарының қорытындысы саналатын
Орталық Қазақстанның ежелгі мәдениеті атты ғыл. зерт. Еңбегін
жазып, кітаптың редакциясын басқарды. Марғұлан - қорқыттанушы.
Ол оғыз қыпшақ тайпасынан шыққан данагөй абыз, жырау, күй
атасы, қазақ бақсыларының жебеушісі, батагөй –сәуегөйі
Қорқыт мұрасын зерттеді. Оның жазуынша , қазақ музыкасы мен
философиясында Қорқыт күйі , Қорқыт сарыны , Қорқыт толғауы,
Тәңір биі дейтін рухани ізгі дәстүрлер мақамдар қалыптасып
дамыған. Демек, Қорқыт - керемет иесі, ұлыстың ұлы
кеңесшісі, тарихи оқиғаларды жырлаушы жырау. Марғұлан Қорқыт
мұрасын, дәстүрін ұстанған халық мәдениетінің көрнекті
өкілдерін былайша топтастырады: 1) бақсы - жыраулар (Қойлыбай,
Қарамырза, Нысан абыз, т.б.); 2) қобызбен күй орындаушылар (Әл-
Фараби, Кет бұға); 3) Сәуегей жыраулар, шешендер (Сыпыра жырау,
Асан қайғы, Шалгез, Қазтуған, Әнет баба, Бұқар жырау,
Тәтіқара, Майлықожа , т.б.) 4) орқыт дәстүрін жалғастырған,
қобызбен жыр туындатқан ақындар (Балқы Базар , Ерімбет жырау,
Кете Жүсіп, Қаңлы Жүсіп, Абыл,
14
Оңғар жырау, Шораяқтың Омары, т.б.). Марғұланның Қазақ халқының
көне замандағы ақындық өнерінің шеберлері атты еңбегінде
қазақ халқының эпикалық жыр-дәстүрін дамытқан ақындарға, шебер
орындаушыларға, сал- серілерге тоқталып, олардың сөз
өнеріндегі орнын айқындады. Еңбектегі ғыл. тұжырымдар танымдық
тереңдігі мен ерекшеленеді, онда көне ойшылдардан бастап
Жанақ, Шөже, Арыстанбай, Барабай, Сүйінбай, Жамбыл,
Нүрпейіс, Иса секілді ақындар шығармасы талданады.
Марғұланның Тамғалы тас жазуы атты зерттеуінде әдеби-
тарихи һәм мәдени деректер молынан кездеседі. Ол сонымен
қатар қырғыз халқының Манас эпосы туралы ғылыми
зерттеу ісінің дамуына үлес қосты. Қырғыз эпосын дүние
жүзіне алғаш таныстырған Шоқан Уалиханов, Кеңес заманында
бастапқы зерттеулерді жүргізген Әуезов болса, кейіннен осы
дәстүр Марғұланның Шоқан мен Манас атты монографиясында
жалғасты. Ол эпостағы өмір шындығы, жырдың шығу тегі,
дәуірі, кейіпкерлері мен көркемдік кестесі және манасшылардың
жырды жетілдірудегі қызметі, т.б. жөнінде ғылыми маңызы
жоғары пікірлер айтты. 1957-67 жылдары Уалихановтың ғылыми
мұраларын жинайтын топқа басшылық етіп, оның таңдамалы және
бес томдық шығармалар жинағын жарыққа шығарды. 1976-84
жылдары Қазақстан ҒА этнография бөлімінің аға ғылыми
қызметкері болды. Оның ынта-жігері мен ұсыныс бойынша қазақ
даласының ең шалғай аудандарына бірнеше археологиялық және
этнографиялық экспедициялар ұйымдастырылды. Ол өзіне
дейінгі Қазақстанды зерттеуші оры ғалымдарының қзақ даласы
тек көшпелілер мекені болды деген тұжырымдарының шындыққа
сай келмейтіндігін дәлелдеді. Ғалым 40 жылдардың аяғында
бірнеше рет саяси қудалауға ұшырады, кейін де ұдайы саяси
бақылауда
15
болды. ғылыми ортаның кейбір қисынсыз сындарына ұшырады.
Марғұлан тарих, археология, этнография, әдебиет, өнер және
металлургия саласына қатысты 300 – ден астам ғылыми зерттеу
жұмыстар, 100-ден астам энциклопедиялық мақалалар жазды,
сонымен қатар Қазақстандық этнографтардың, архелогтардың,
тарихшылардың бірнеше буынын даярлады. Оның ғылыми
еңбектерінің бірқатары шетел тілдеріне аударылды. 1991
жылы Ш. Уалиханов атындағы Тарих, археология және этнография
институтындағы археологиялық ортаның негізінде Марғұлан атындағы
Археология институты құрылды. Астана, Павлодар, Екібастұз,
Жезқазған қалалары мен Оңтүстік қазақстан облысында, Баянауыл,
Екібастұз аудандарында бірнеше көшелер, мектептер Марғұлан
есімімен аталады. Павлодар қаласында мүсіні орнатылған, сондай
ақ С. Торайғыров атындағы Павлодар педоггогикалық
университетінде Марғұлан атында стипендия тағайындалып, музей
ашылған. Жүз жылдық мерей тойы ЮНЕСКО –ның шешімімен
дүние жүзілік деңгейде аталып өтті. 1962 жылы Қазақстан ҒА
–ның Ш. Уалиханов атындағы сыйлық , 1982 жылы Қазақстан
мемлекетттік сыйлығын алды. Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы,
Ленин ордендері мен және медальдармен марапатталған.
Шығ: Из истории городов и строительного искусства древнего
Казахстана, А. - А., 1950; Открытие новых памятников культуры
эпохи бронзы Центрального Казахстана А. –А., 1966; До исламская
архитектура Казахстана, М, 1968; Бегазы-Дандыбаевская культура
Центрального Казахстана; А.-А. , 1979 ; Ежелгі жыр аңыздар, А.,
1985; Казахское народное прикладное искусство, 1-3 т., 1986-90;
Собрание соч., 1-4 т; А., 1998-2003.
Ал, 1990 жылы Қ. Сәтбаевқа арнап Зерек баладан – заңғар
ғалым мақалалары жас еңбекке тәрбиелеу мәселесіне зер сала

16
кіріскенін көреміз. Жастардың ақыл ойын дамытуға қатысты
небір жаңылтпаш, есеп , ойынның маңызы зор екенін білім және
еңбек , Мәдениет және тұрмыс журналдарында жиі жарық көрген
мақалаларынан аңғаруға болады.
Тарих, археология және этнография институтының этнография
бөлімінің меңгерушісі болып жүрген кездерінде Шоқан
Уалихановтың әдеби мұраларын жинастырып, оны бес том етіп
шығаруға басшылқ етті. Бұл кітаптардың студент жастарымыздың
ғылыми еңбекте ынталануына көмегі зор – деп жазды білгір ғалым.
Міне ғұлама - ғалымның тәрбиенің әр түріне байланысты
небір құнды ой пікірлер айтқанын байқаймыз. Сонымен қатар
Петербордағы Шығыстану институтында мұғалім болып жүргенде
шығарған арнайы курс бағдарламалары мен лекциялар жинағын
келешекте тауып оны көпшілікпен ғылыми қауымға таныстыру
абзал істердің бірі дер едік. (6)
Ә. Марғұланның этнопсихология, ұлттық мінез туралы айтқан
небір сындарл түйін тұжырымдары да ерекшелігімен көзге
түседі. Ғұлама әр халықтың өзіне тән мінез құлқы,
темпераменті, талғам түсінігі, салт-дәстүрі, әдет-ғұрып, жол-
жоралғысы болатындығын ерекше алға тартады. Сондай ақ ол
барша тәрбиенің басты мақсаты өз елін сүйетін, ұлттық
санасы оянған, бойында игі қасиеттері мол қазіргі қоғамның
белсенді мүшелерін тәрбиелеу деп атап айтуы оның тәлім-
тәрбиеге мән берген тәлімгер ғалым екенін аңғартады.
Сөз соңында айтарымыз ұлы ғалымның мол мұрасын
зерделеп, келешекте ол жайлы тың еңбектер жазылатынына сөз
жоқ.
Оның педогогика мен психологияға қатысты арнайы еңбектері
болмаса да, оны қазақтан шыққан жаңа типтегі педогогтардың
бірегейі деп айтуға әбден болады.
17
2. Әлкей Марғұланның зерттеулері.
Әлкей Хақанұлы Марғұлан тек ғалым ғана емес, ол өз
алдына дербес ғылыми мекеме деп М. Әуезов айтқандай, Әлкей
Хақанұлы өмірі мен ғылыми еңбектері жаңалық ашу мен сәтті
табыстардың үлкен біртұтас дәуірі деуге болады (7). Әр
ғалымның өмірдегі басты нәрсесі - зерттелмегенді танып
білуге, жаңалықтар ашуға ұмтылуы, өткенге сын көзбен
қарауы. Ә. Марғұланның ден қойып, көңіл аударған ғылым
салалары археология, өнертану, тарих, этнография мен шектеліп
қана қоймайды. Сонымен бірге, ғалымның айрықша көңіл
бөліп, ұзақ жылдар шұғылданғаны - қазықтың ұлы демократ
ғалымы, ағартушы, саяхатшы Шоқан Шыңғысұлы Уалихановтың өмірі
мен еңбегі.
Шоқанның ғылыми мұрасы мен қоғамдық қызметін көптеген
ғалымдар зерттеді. Шоқантанушы ғалымдардың ішінде Әлкей
Марғұланның орны ерекше. Ғалым Шоқан мұрасын зерттеуде үлкен
білгірлік пен белсенділік танытты. Бұл туралы кезінде
академик Салық Зиманов Его труды имеют двоякие значение
научное и источниковетческие деген болатын (8). Академик С.
Зиманов Шоқанның өзінің және ұшқан ұясының толық
өмірбаянын жазуда Әлкейдің үлесінде екенін бағалады. Ол
Шоқанның Париж, Санкт-Петербург, Омбы, Семей тағы басқа
қалалардағы кітапханалар мен қолжазба қорларында, архивтерде
шаң басып, ешкімнің назарына ілінбей жатқан ірі-ірі
еңбектерін тырнақтап жинап, сарыла зерттеп, ғылыми
библиографиялық жүйемен басын қосып, бес томдық шығармалар
жинағын бастырып шығарды. Егер Әлкей Марғұлан сияқты
ұлы зерттеуші болмаса, ұлы ғалым Шоқанды біз дәл бүгінгідей
дәрежеде танып біле алмас едік. Бұл пікірімізді ғалымның:
Мен өмірімнің ең жеміс бретін шағын, қайрат-қуат мол
жылдарын Шоқанды әлемге танытуға арнадым. Мүмікн сол
18
себептен кезектегі өзімнің еншімнен қағыс қалған шығармын,
көкректе сайраған талай ойлар бар еді. бірақ өкінбеймін.
Шоқан көп адамдар ғұмырын арнауға тұратын жан. Ол
халқымыздың ең жақсы қасиеттерін бойына жыйып туа салған
данышпан деген сөздерді толық растайды. (9).
Аты аңызға айналған этнограф, тарихшы, шығыстанушы,
географ, суретші, әдебиетші, фольклоршы Шоқан сынды ғалым
өзінің бар жоғы жиырма тоғыз жылдық қысқа ғұмырында ұшан
теңіз көп ғылыми мұра қалдырған. Ғылым әлемінде құйрықты
жұлдыздай жарқырап көрінген Шоқанның мұраларын жинап, жариялау
ісіне көптеген ғалымдр қатысып, лайықты бағаларын берді.
Тарихшы С. Келдекбайұлы Қазан төңкерісіне дейінгі мерзімде
Шоқан мұрасын игерушілерді үш топқа бөліп қарайды,
бірінші топ - Шоқаннның көзі тірісінде ақ оның еңбектерін
бастырып, жариялаумен айналысқандар. Олар: К. К. Гутковскй, П. П.
Семенов-Тянь-Шанский, А. Н. Бекетов, Ф. Р. Остен-Сакен, Е. П.
Ковалевский, неміс ғалымдары А: Эрман, А. Петерман, ағылшын
ғалымдары ағайынды Митчельдер және тағы басқалар. Ғалымның
Қашғария туралы зерттеуін 1861 жылы профессор А. Н. Бекетов
Петербургте басып шығарса, көп ұзамай неміс ғалымдары
Эрман мен Петерман Германияда басып шығарады. Оның үлкен
кітабын ағайынды Митчельдер 1865 жылы Лондонда ағылшын
тілінде шығарады. Әрине, мұның бәрі ұлы қазқ ғалымының
ғылыми мұрасының бір пұшпағы ғана еді.
Екінші топ - қазақ ғалымы қайтыс болғаннан кейін оның
мұрасын игерушілер. Олар: генерал К. К. Гутковский, А. К.
Гейнс, Н. М. Ядринцев, П. П. Семенов-Тянь-Шанский, Ф. Р. Остен-Сакен
тағы басқалар. Шоқан қайтыс болғаннан кейін, оның ғылыми
мұрасын игеріп, жарыққа шығарудың жаңа кезеңі басталды.
Ең басты мәселе, ғалымның еңбегін жоғалып кетпей тұрғанда
сақтап қалу
19
керек болды. Осы игілікті іске оның достары, яғни,
алдыңғы қатарлы орыс зиялыларының көрнекті өкілдері
және орыстың география қоғамы жұмыла кірісті. 1867 жылы
П. П. Семенов-Тянь- Шанскиймен К. К. Гутковскийдің қозғауы
бойынша орыстың географиялық қоғамының ғылыми кеңесі П.П.
Семенов – Тянь-Шанскийдің редакциясымен Уалиханов еңбектерін
баспаға әзірлеп, бастырып шығару жайында қарар қабылдады.
Бірақ, К. К. Гутковскийдің кенеттен қайтыс болуына
байланысты, бұл іс жүзеге аспай қалды. Кейіннен Ф.Р. Остен-
Сакеннің көмегімен Шоқан мұраларын жарыққа шығару жөнінде
бірнеше рет мәселе көтеріледі. Бірақ, қаражат жоқтығынан
және басқа да себептермен бұл талпыныс іске аспайды.
Зерттеуші ғалым Ә. Марғұлан Шоқан еңбектерін бастыруға
кедергі болған ең басты себептерді анықтап берді. Оның
бірі Шоқанның көптеген еңбектерінің аяқталмай қалғандығы
болса, екнішісі - ғалымдардың Шоқан қолжазбаларын тани
алмауында болды деп көрсетеді. Шоқан қолжазбаларында арнайы
шығыстану білімі бар адамдарды қажет етерлік
шығыстық терминдермен сөздер кездесіп отырған.
Әр дәуір өзінің көрнекті ғалымдарын тудырады. ХІХ
ғасырдың 80 жылдарында зерттеуші ғалымдардың жаңа бір
легі бұл игілкті істі одан әрі жалғастырды. Олардың
қатарында Г. Н. Потанин, Е. К. Гутковская, Г. А. Калпаковский, М.
Шорманов, Н. И. Веселовский, П. М. Мелиоранский, француз
ғалымдары Эмиль Жанво мен Элизе Раклю тағы басқаларды
айтуға болады. Н. И. Веселовский 1902 жылдың 21 мартында
Орыс археологиялық қоғамының жиналысында Манас поэмасынң
Шоқан аудармасы турлы алғаш рет ғылыми баяндама жазды.
Мұнда зерттеуші ғалымдарды алғаш рет Манастың орыс
тіліндегі Шоқан аудармасымен таныстырады. Ол жырдың қырғыз
тіліндегі
20
нұсқасының жоғалып кеткеніне қатты күйзеліп, Шоқан аудармасы
жоғары дәрежеде орыстың бай тілімен жазылғанына
тоқтала отырып, как превосходно и до какой степени силы
и образности умел передовать по-руский сжатую
киргизскую речь деп ғылыми әділ бағасын береді. 1904
жылы И. Н. Веселовский оның үлкен бір томдық жинаығн
шығарып, бір жылдан соң, Петербург университетінің
профессоры П. М. Мелиоранскийдің басшылығымен және бір кітабы
жарық көрді. Зерттеушілер Шоқанның фольклортану
тарихындағы алатын орнына аз тоқталған жоқ. Себебі, оның
фольклортануға сіңірген еңбегі ерекше болатын. П. Н.
Потанин Шоқанның Едіге жыр жөніндегі зерттеулеріне
ерекше көңіл бөлген. Ұлы Шоқанның әлемдік фольклортануда
Уалихановтың классикалық тексті атанған қазақтың Едіге
жыры алағаш жазылып алынған кезінен –ақ ғалымдардың
назарын өзіне аударған, Едіге туралы жырлардың ішінде
көлемі жағынан болса да, көнелігі жағынан да,
көркемдігі жағынан да ең құндысы танылып, күні бүгінге
дейін дүние жүзі фольклортануындағы айрықша сипатты
эпикалық мұралардың бірі болып есептеледі.
Қырықыншы жылдары Қазақстан ғалымдары Шоқан мұрасын
игеруге айрықша ден қойып, оның еңбектерін жарыққа
шығара бастады. Бірақ бұл қыруар ғылыми мұраны рухани
байлығымыздың бір бөлшегі етудің басы ғана еді. бір емес
алты рет құрылған Шоқантанушылар тобының жұмыс нәтижесіз
болды. Академик Қаныш Сәтбаев 1957 жылы топты басқаруға Әлкей
Марғұланды сайлайды. Осы кезден бастап Шоқантану жұмысы
ілгері басып, Әлкей жұмыстың барлық түрін жедел
ұйымдастыра білді. Ғалым басшылығымен еліміздің негізгі
архивтерін мұқият зерттеу басталды. Шоқанның қолжазбалары
негізінен Санкт-Петербург, Москва
21
архивтерінде сақталумен қатар профессор И. Н. Веселовскийдің
академиялық қорымен көптеген шығыстанушылардың қорында сақтаулы
екені анықталды. Халқымыздың маңдайына біткен біртуар
ғалымы Әлкей Марғұлан Шоқан Уалихановтың ғылыми мұрасы мен
өмірбаянын зерттеуге жиырма жылдан астам өмірін арнап,
қазақ ғалымының із-түзсіз жоғалған материалдарын жинап,
тауып, жіктеді және оның өмірі мен шығармашылығына
қатысты барлық құжаттардың басын біріктірді.
Ұзақ уақыт бойы белгісіз болып келген еңбектері, құнды
жазбалары, Петербургтегі ғылыми қызметтері туралы көптеген
құжаттары мен бірнеше хатттарының табылуы тер төгіп, еңбек
етіп жүрген ғалымдар үшін зор табыс болды. Бірақ
еңбектерін әскери сапарда , ғылыми саяхаттарында , жол үстінде
жүріп қалдырған Шоқан қолжазбасын қатесіз оқу - жауапты
әрі қиын шаруа еді. Шоқан қолжазбаларында қысқарған сөздер
мен шығыс тілдерінде, Европа халықтарының тілдерінде,
латын мен французша жазылған сөздер көптеп кездесіп
отырады. Бұл жөнінде Әлкей Марғұлан: архивте сақталып
тұрған Шоқан жазбаларының ерекшеліктері өз алдына бір
басқа, өзінің қолымен жазғандарын оқу өте қиын, кейде
қысқартып жазады. Көп жазуларының беттерінде араб
әліппесімен жазған шығыс елдерінің сөздері тізіліп отырады.
Шоқан шығармаларын бірінші бастырып шығарғанда, көп
сөздердің аяғы бітпей қалады. Біз ондай жерлерін ашық
түзетіп, Шоқанның өз нұсқасына келтірдік. Бір қиын жері,
Шоқанның көп жазуларын басқа бір кісі көшіріп,
терминдерді, сөз құрылысын бүтіндей бұзып жазған. Шоқан
шығармаларының бірінші басылымына басшылық еткен И. Н.
Веселовский де осыны еске түсіреді, оның көбі түзетілді
дейді. Замандастарының өзі оқып шыға алмаған

22
Шоқан қолжазбасының мағынасын ашу - ғалымның асқан білгірлігі
мен табандылығын көрсетеді.
Осындай қиыншылықтарды академик Әлкей Марғұлан мен ол
басқарған Шоқантанушылар тобы ғана жеңе білді және алға
қойған міндеттерін абыроймен орындап шықты. Соның нәтижесінде
1958 жылы Шоқанның таңдамалы шығармалары жарыққа шықты.
Әлкейдің қол астында республика ғылымына көп еңбек сіңірген
академиктер И. В. Павлов, М. С. Тұрсынова, профессорлар С.Я.
Болатов, П. Галузо, Л.М. Әуезова, Ғ. Уалиханов, А. Б. Никольская, А.
А. Слуцкий, Ш. Қармышева, Н. Мингулов сынды майталмандар қызмет
істеді.
Шоқан мұраларына Әлкей Марғұлан жүргізген терең ғылыми
іздестіру жұмыстарының нәтижесінде ғалым қолжазбалары тек
Қазақстанның академиялық архивтерінде ғана емес, өзге
қалалардағы архивтерде де сақталғаны анықталды. Атап
айтсақ, Москва мен Ленинградтың архивтерінде, әдебиет пен
өнердің Мемлекеттік Орталық архивінде, Кеңес Одағының
географиялық қоғамының Мемлекеттік архиві мен Кеңес Ғылым
академиясының материалдық мәдениет тарихы институтының Ленин
бөлімшесінің архивінде, Омбы облыстық Мемлекетік архивінде
сақталған. Әр жерде шашырап жатқан Шоқан мұраларын жинап, бір
ізге түсіріп жүйелеген Әлкейдің осыншама архив
материалдарымен таныс болуы ғалым еңбегінің ауқымдылығын,
қомақтылығын көрсетеді.
Бірнеше жылдардан соң, 1961 -1972 жылдары Шоқанның бес
томдық еңбегінің үлкен жинағы Әлкей Марғұланның басшылығымен
жарық көріп, еліміздің ғылыми жұртшылығы арасында жоғары бағаға
ие болды. Бұл жұмыс ғалымнан қыруар еңбекті , таным-талғамды,
шынайы білгірлікті талап етті. Оның Шоқан Уалихановтың өмірі
мен қызметі туралы жазған очеркті цифрлар дерегінің жалаң
тізбегі емес, Шоқантанудағы теңдесі жоқ туынды.
23
Әлкей Марғұлан Шоқан еңбектерін қаз қалпына келтіріп қана
қоймай , байыпты зерттеу жүргізе білді. Шығармаларының шығу
тарихын , ой түйісін көпке ұқтырды. Шоқанның өскен ортасын
сипаттап, барлық пікірлес, ұғымы, мақсаты бір жолдас
жораларына дейін тауып, халық ұлының өшіп бара жатқан ұлы
бейнесін жаңғыртып, ғылымдағы алғашқы жарық жұлдыз екенін
әлемге әйгілі етті.
Әлекең өзінің көп қырлы ғылыми еңбектері мен
зерттеулерінде хундар мұрасына көп көңіл бөлді. Бүкіл түркі
халықтары өзінің тарихын , тілін және мәдениетінің
бастаулары мен қайнар бұлағын алатын Хун империясы туралы
Әлекеңнің зерттеулерін негізінен былай зерттеуге болады:
- Хундардың саяси тарихы
- Хундардың тұрмысы және салт-дәстүрі
- Хундардың бізге жеткен аңыз – ертегілері
- Хундардың қала мәдениеті және архитектурасы
- Хундардың қолөнері
а) ою - өрнектері (орнамент)
б) зергерлік өнері (Полихром стилі)
в) қару – жарақтары
г) бейнелеу өнері
- Хундардың шет елдермен қарым-қатынасы
- Хун жазулары, яғни эпиграфикасы
- Хун тілі мен түркі тілдерінің сабақтастығы.
Осылай деп тағы басқа бөліктерге бөліп Ә. Х. Марғұланның
ғылыми мұрасын жіктеп көрсетуге міндеттіміз. Біз солардың ішінде
хундардың аңыз ертегілері мен әңгімелеріне және олардың қазақ
халқы мен байланысына тоқталамыз.

24
Әлекең қазақ ауыз әдебиетін терең зерттеген ғалым.
Халқымыздың көп ғасырлардан келе жатқан асыл мұраларын - ғажайып
аңыздарды, мазмұны ертегіге айналған терең мифтерді, жан-күйін
көкке сермейтін асқақ ерлік жырларын, пәлсапалық қария
сөздерін тереңнен алып қараған алғаш рет Ә. Х. Марғұлан
болатын... Сонда ол бүкіл дүние жүзі мәдениетіне
қосылатын бір үлкен сәулетті сыр бар екенін көріп
мұқият зерттеген... Сол бір халық шығармаларын ертеде
келіп шығуының өзі ерекше - жарқын дүние деп көрсетеді
Әлекең. (10)
Көп халықтардың әдебиетінің басталуы батырлар мен
ерлік жырлары. Қазақ халық мұралары да сондай. Қазақстанды
ежелден мекендеген сақ, ғұн, үйсін және қаңлылар болса,
орта ғасырларда оғыздар, қыпшақтар, қарлұқтар, наймандар,
керейлер және хазарлар болатын. Солардың ауыз әдебиеті
бірімен бірі тығыз байланысты...
Батырлық пен ерлік жырларының көп туған кезі
ғұндар, үйсіндер және қаңлылар заманы деп жазған Әлекең.
Сондай ақ ол Ер төстік, Еділ, Жайық туралы әр түрлі
аңыздар мен жырларды сол дәуірде шыққан деп дәлелдейді.
Мысалы, Еділ аң аулап жүріп, жалғыз көзді дәудің
үңгіріне кездеседі. Еділ жалғыз көзді дәумен алысып, қызып
тұрған темірмен оны ң маңдайындағы жалғыз көзін ағызып
түсіреді ... (11) Мұндай аңыз ертегілер тек түрік халықтары
арасында ғана емес, сондай ақ грек жырлары мен мифтеріндегі
сюжеттерге өте ұқсас. Мысалы, гректің Одиссей мен Иллиада
жырларында осы жалғыз көзді дәуді көреміз.
Ә. Марғұланның зерттеулерінде ғұн дәуірінен сақталған
аңыздың бірі - Дың-сұлу. Ерте дәуірдегі ұлы қағаннның сұлу
қызына биік мұнара дың тұрғызып, сыртынан қарап тұруға
қырық күзетші қойған екен. Әлеуке деген жас батыр оның
қиындығына
25
қарамай, аса биік мұнараның басына шығып, қыздың жатқан
жеріне есігінен кіреді... Қыз ұйықтап жатқан екен, жағып
қойған шамын басқа жерге қойп, қызды ақырын оятып тұрғызады.
Қасына тұрған көркем жігітті көрген қыз оянғанда таң қалады.
Жігіттің ұнап қалғаны соншалық қыз оған ғашық болады...
кейін әкесіне сөз салып, осы жігітке қосуды тілек етеді
(12). Сондай –ақ Әлекең бұл аңызды А. Веселовский жазған
аңызбен салыстырады. Онда жігіт мұнараның басына өрмелеп
шықпай ағаш атқа мініп көтеріледі...
Ғұндардың Дың сұлу туралы аңыздарының бірнеше нұсқасы
бар. Бірінде қағанның екі сұлу қызы болады. Хан мұндай
өзгеше туған қыздарының елсіз жапан түзге салынған дың
мұнара ішінде сақтайды. Осы арада оның қыздарына бәрі
ғашық болып, әсіресе күн нұрынан екі қабат болып көп
ұрпақ тарайды. Жалпы айтқанда бәрінің төтем болатыны тек
түркі халықтарында ғана емес, сондай-ақ римдіктерде де
бар екені әуел бастан белгілі. Бұл аңыздар әсіресе бөріге
қатыстылары сол ғұн, түркі қағанаттары кезінде кеңінен
тараған аңыз ертегілердің бірі...
Ғұндар туралы әртүрлі аңыздар мен нақты мәліметтер
Қытай мен Рим тарихында көптеп жазылған... Әсіресе
Қытай жылнамаларындағы аңыздарды мұқият зерттеген Әлкең:
...Біздің эрамыздан үш ғасыр бұрын – Қытай үкіметі
ғұндарға қарсы жойқын соғыс ашып, алты жүз жыл өткенде
оларды қиратып бітіреді. Бостандықты жақсы көретін ғұндар
Алтай тауының және Жетісудың төңірегіне жиналып,
суармалы егін егіп, тау-кен жұмысымен шұғылданады. Темір,
мыс, алтын шығарып, сәнби, жуандардың хандарына көмек
көрсетеді... 350 жыл өткен соң ғұндардың қалғандары
жаңадан көтеріліп, ҮІ ғасырдың орта кезінде Түрік
қағанатын құрады. Бұл туралы Қытай тарихында ғұндардың
бір ғажайып әңгімесі сақталған.
26
Онда мынадай дерек келтіріледі. Түріктердің бұрынғы
аталары күнбатыс теңізінің жоғары жағында тұратын. Олар
ғұндардың бірі ұлы тайпасы еді. ғұндар өзінің
күншығыстағы көрші елінен жеңіліп, тегіс қырылады, тірі
қалғаны тек жалғыз бала. Жау әскері оны өлтіруге қимай,
шөбі шүйгін көлдің жағасында қалдырып кетеді. Баланы
бөрінің қаншығы асырайды. Оны аңға шыққан мергендер
көріп, елінің басшыларына айтып барады. Бөрінің қаншығы
соңына түскен аңшыларды сезіп, көркем көлдің (Ыстық
көл) жағасын тастап, баланы ертіп күншығыста тұратын
биік Алтай тауының ішіне келіп бекінеді. Бұл тау Гауо-
Шаннан Солтүстік батысқа қарай тұратын жойқын биік,
іші толған үңгір. Ең таңсығы Ергене көң алабы, жан-
жағын биік таулар қоршап алған кең алқап, қандай жау
болса да таудан түсе алмайтын, мықты бекініс, іші
толған байлық, шөбі, суы орасан көп. Бөрінің қаншығы
осы арада бекініп, баладан он ұл көтереді. Соның бірі
ғұн ұрпағы Ашина, Қытай иероглифы мен жазылған,
қазақша айтқанда Шене (Бөртешене) -бөрі. Түрік қағанатын
бірінші рет басқарған ғұн ұрпағы шене - ақылды, кемеңгер
ойшыл кісі болған, Тоны-көкке ұқсас... (13) - деп әдемі
халықтың аңызын жазыпты.
Сондай – ақ Әлекең ғұндар туралы жазылған Қытай
деректерін мұқият зерттеген... Ғұндар түркі тайпасының арғы
атасы екенін Қытай тарихынан келістіре аударған жүйрік
ғалымның бірі Абел Ремюзе... - деп жазған Ә. Х. Марғұлан
әйгілі ғалымдар академик А. А. Куник, В. В. Бартольд, И.
Дегин, Н. Я. Бегурин, Ф. Хирд, Гроот, Радлов және басқалардың
ғұндар түркі тілдес болғанын дәлелдейтін ойларын одан
әрі дамытты.
Ғұн тайпаларының географиялық орналасуын зерттеген ол
Бичурин материалдары бойынша - Ғұндар Ордос пен Хансудан

27
бастап, Жайық өзеніне, Каспий теңізіне, одан да әрі
қоныстанғанын айтады. Бұл мәліметтер б.э.д. ІХ – ІҮ ғасырларға
қатысты. Ол кездегі ғұндарды тоғыз тайпалы ел деп атаған.
Кейінірек ғұн империясы нығайған кезде тайпалардың саны
24 жеткені белгілі.
Чжоу заманынан қалған ескі жазулар мәліметеріне
қарағанда ғұн мемлекеті басшылары шежіресі 48 атадан
тұрады.
Егер бұл материалдарды Шыңғыс ханның жазылған
шежіресімен салыстырып, оның бүгінгі тірі жүрген ұрпағына
дейін жеткізсек барлығы 28 ата болып шығады, демек
800 жыл шамасында. Ғұндардікі бұдан екі есе артық (14) -
деп жазған Ә. Х. Марғұлан.
Сол Қытай жазуларының мәліметтеріне қарағанда қола
дәуірінің соңғы кезінде өмір сүрген ғұндар әлі де
көшіп жүруді біле қоймаған деп көрсетеді Әлекең. Олар бір
жерде қоныстап егіншілік кәсібімен, мал бағумен, кен
қазу жұмысымен айналықан. Аңыз бойынша ғұндарға ең алғаш
егіншілік кәсібіне үйреткен аяулы қарт Кәуке. Ол
ғұндардың ескі жырларында үзілмей айтылатын ұлы бейне.
Ғұндарды ң сол ескі дәуіріндегі тұрмысын археологиялық
зерттеулерімен ашқан белгілі совет ғалымы В. Киселев
болатын... (15)
Ғұндар кейінгі заманда көшпелі тұрмысқа өтуі б.э.б.
ҮІІІ ғасыр деп көрсетеді Әлекең... Ғұндардың мал өсіруі
де сол кезден бастап дамыған. Олардың ең жақсы көрген
малы түйе болса - түйенің тәңірісін - Ойсылқара деп
атаған. Жылқының иесін, яғни оны қолдайтын тәңірісін Қамбар
ата, сиырдікі - Зәңгі баба, қойдікі - Шопан ата деп айтқан.
Сондықтан осы уақытқа дейін қазақ елінде:
Ойсылқара оңдай гөр
28
Қамбар ата қолдай гөр
Зәңгі баба жарылқай гөр
Шопан ата байыта гөр (16) - деп айтылатын халық сөзін
келтіреді. Кезінде Ақсақ Темір Қожа Ахмет мавзолейін
тұрғысбас бұрын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Маңдайы жарқыраған марғасқа Әлкей Марғұлан
Әлкей Марғұлан
Ұлттық құндылықтар – жеке тұлғаға рухани –адамгершілік тәрбие берудің кәусар бұлағы”
Әлкей Хақанұлы Марғұлан
Әлкей Марғұланның педагогикалық қызметтері
Академик Ә. Х. Марғұланның ғылыми еңбектері
Ә. Марғұланның Қорқыт жайындағы зерттеулері
Орталық Қазақстанның қола дәуірінің ескерткіштері
Әлкей Марғұлан деген кім
Әлкей Марғұлан өмірбаяны
Пәндер