МАО ЦЗЕДУННЫҢ САЯСИ ҚЫЗМЕТІ
1. Мао Цзедунның ішкі.сыртқы саясаты
2. Мао Цзэдунның саяси қызметі
3. ҚХР мәдени революциясы (1966.76жж)
4. Мәдени революция
Қорытынды
Пайдаланған әдебиет
2. Мао Цзэдунның саяси қызметі
3. ҚХР мәдени революциясы (1966.76жж)
4. Мәдени революция
Қорытынды
Пайдаланған әдебиет
Тақырыптың өзектілігі:Қытай тарихындағы Мао Цзедунның алатын саяси орнын анықтау
1949жылы Mao және оны жақтаушы коммунистер құрлықта Қытай Халық Республкасын (ҚХР) жариялады. Біріккен штаттар Чан Кайшиді қолдап, Маоны Сталиндік Кеңес Одағымен дипломатиялық қатынас орнатуды тапсырды. 1949жылы Мао КСРО-ға келіп, премьер министр Чжоу Эньлайнмен бірге Сталинмен келіс-сөздер жүргізіп, 1950жылы ақпанда Қытай - Кеңес достық қарым-қатынас пен одақта өзара көмектесуге қол қойылды. [12]
1949ж-1954ж аралығында Мао партияны өзінің жауларынан тазартты. Ол ірі жер иеленушілерге қарсы мұрагерлік иеленуге өз бағдарламысын жариялады. 1950жылы қарашадан - 1953жылы шілдеге дейін ҚХР-сы Маоның бұйрығымен Солтүстік және Оңтүстік Корея соғысына араласты. Яғни коммунистік Қытай және біріккен штаттар күрес алаңында қақтығысты. Бұл уақытта Мао комунистердің ортасыда үлкен беделге ие болған еді. [28]
Тақырыптың мақсаты мен міндеті:Мао Цзедунның саясат жолында іске асырған жетістіктері мен ағаттықтарын зерттей отырып Қытайға,сонымен қатар әлемге тигізген әсерін саяси идеяларын зерттеу болып табылады
1911 жылғы төңкерістің кезінде Мау Һунан өлкесінің төңкерісшілердің жағында соғысқан қосынына қатардағы жауынгер болып қабылданды. Циң дәулеті тақтан түсірілгеннен кейін Мау әскерді тастап, оқуын жалғастырды.[3]
1918 жылы Һунанның өлкелік бірінші мектебін бітіргеннен кейін 1919 жылдың 4-ші мамыр қозғалысының кезінде Мау өзінің мектеп ұстазы және болашақ қайын атасы Яң Чаңжимен біргеБейжиңге сапар шекті.
Профессор Яң Бейжің университетінде ұстаздық қызмет атқаратын. Яңның қолдауымен Мау университеттің кітапханасына кітапханашы болып орналасты, онда ол Ли Дажаоментанысып, оның қол астында жұмыс істей бастады. Мау Бейжің университетіне жарым-жартылай уақыт оқитын студент ретінде түсіп, Чен Дусю, Һу Ши, Цян Сюантоң секілді атақты ғалымдардан лекция тыңдап, семинарларына қатысты. Бейжіңде жүрген кезінде ол барынша көп кітап оқуға күш салып, коммунизм ілімімен танысты. Сол кездері ол өзімен бірге оқитынЯң Кайхуейге үйленді, ол профессор Яңның қызы болатын. Маудың өзі бұл некені ешқашан мойындаған емес. 1930 жылғы қазан айында Гоминдаң Яң Кайхуейді ұлымен бірге қолға түсірді. Жасы 8-дегі Анійңді олар туыстарына жіберіп, оның анасы Яң Кайхуейді өлтірді.

1 В. Кучумов «Очерки по истории Китаиской революции »М.1934.
2 М.Ф.Юрьев «История стран Азии и северной Африки» после второй войне. 1945-1950гг М, 1994., 53-194стр
3 «Изучение новой истории стран Азии и Африки в СССР (по регионам) История стран Азии Африки в новое время» М,1982 552стр.
4 Г.В.Ефимов «Внешная политика Китая» М. (1894-1899) М.1959.
5 под. ред Б.Т.Пофуров «Зарубежный восток и современность» ІІ – том М, 1974.
6 Делюсин.Л.П Спор о социализме В Китае. М., 1974-205стр
7 С.Л. Тихвинский «Новая история Китая» М,1972 115-144стр

ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасындағы студенттерінің
ғылыми-зерттеу жұмыстарының жылдық байқауының жүргізілуі мен ұйымдастыру
МАО ЦЗЕДУННЫҢ САЯСИ ҚЫЗМЕТІ
Түркістан 2013
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...3
1. Мао Цзедунның ішкі-сыртқы саясаты ... ... ... ... ... ... ... .5
2. Мао Цзэдунның саяси
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
3. ҚХР мәдени революциясы (1966-76жж) ... ... ... ... ... ... ... 12
4. Мәдени
революция ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
...14
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ..21
Пайдаланған
әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі:Қытай тарихындағы Мао Цзедунның алатын саяси орнын
анықтау
1949жылы Mao және оны жақтаушы коммунистер құрлықта Қытай Халық
Республкасын (ҚХР) жариялады. Біріккен штаттар Чан Кайшиді қолдап, Маоны
Сталиндік Кеңес Одағымен дипломатиялық қатынас орнатуды тапсырды. 1949жылы
Мао КСРО-ға келіп, премьер министр Чжоу Эньлайнмен бірге Сталинмен келіс-
сөздер жүргізіп, 1950жылы ақпанда Қытай - Кеңес достық қарым-қатынас пен
одақта өзара көмектесуге қол қойылды. [12]
1949ж-1954ж аралығында Мао партияны өзінің жауларынан тазартты. Ол
ірі жер иеленушілерге қарсы мұрагерлік иеленуге өз бағдарламысын жариялады.
1950жылы қарашадан - 1953жылы шілдеге дейін ҚХР-сы Маоның бұйрығымен
Солтүстік және Оңтүстік Корея соғысына араласты. Яғни коммунистік Қытай
және біріккен штаттар күрес алаңында қақтығысты. Бұл уақытта Мао
комунистердің ортасыда үлкен беделге ие болған еді. [28]
Тақырыптың мақсаты мен міндеті:Мао Цзедунның саясат жолында іске асырған
жетістіктері мен ағаттықтарын зерттей отырып Қытайға,сонымен қатар әлемге
тигізген әсерін саяси идеяларын зерттеу болып табылады
1911 жылғы төңкерістің кезінде Мау Һунан өлкесінің төңкерісшілердің жағында
соғысқан қосынына қатардағы жауынгер болып қабылданды. Циң дәулеті тақтан
түсірілгеннен кейін Мау әскерді тастап, оқуын жалғастырды.[3]
1918 жылы Һунанның өлкелік бірінші мектебін бітіргеннен кейін 1919 жылдың 4-
ші мамыр қозғалысының кезінде Мау өзінің мектеп ұстазы және болашақ қайын
атасы Яң Чаңжимен біргеБейжиңге сапар шекті.
Профессор Яң Бейжің университетінде ұстаздық қызмет атқаратын. Яңның
қолдауымен Мау университеттің кітапханасына кітапханашы болып орналасты,
онда ол Ли Дажаоментанысып, оның қол астында жұмыс істей бастады. Мау
Бейжің университетіне жарым-жартылай уақыт оқитын студент ретінде
түсіп, Чен Дусю, Һу Ши, Цян Сюантоң секілді атақты ғалымдардан лекция
тыңдап, семинарларына қатысты. Бейжіңде жүрген кезінде ол барынша көп кітап
оқуға күш салып, коммунизм ілімімен танысты. Сол кездері ол өзімен бірге
оқитынЯң Кайхуейге үйленді, ол профессор Яңның қызы болатын. Маудың өзі бұл
некені ешқашан мойындаған емес. 1930 жылғы қазан айында Гоминдаң Яң
Кайхуейді ұлымен бірге қолға түсірді. Жасы 8-дегі Анійңді олар туыстарына
жіберіп, оның анасы Яң Кайхуейді өлтірді.
Бұл кезде Мау Һе Зыжен деген Жияңси өлкесінде туған 17 жасар қызбен бірге
тұрып жүрген болатын.
Мау Францияға оқуғабару туралы ұсынысты қабылдамады, себебі оның ойынша
Қытайдың алдында тұрған қиындықтарды тек Қытайдың ішінде жүріп қана шешуге
болатын еді. Өз замандастарынан бір айырмашылығы, Мау тағы Қытайдың басым
бөлігін құрайтын шаруа қауымын зерттеуге зор көңіл бөле бастады.
1921 жылғы шілденің 23-інде 27-жасар Мау Шаңһайда өткен Қытай Коммунистік
партиясының ұлттық съезінің бірінші отырысына қатысты. Екі жылдан кейін
үшінші съездің кезінде партияның Орталық комитетінің бес комиссарының бірі
болып сайланды. Сол 1923 жылдың аяқ жағында Мау ҚКП Орталық комитетінің
және Гоминдаң Орталық комитетінің тапсыруымен Һунанда Гоминдаң партиясының
жергілікті ұйымын ұйымдастыру үшін Һунанға қайта оралды.[4] 1924 жылы ол
Гоминдаңның бірінші ұлттық конференциясына делегат болып барып, сонда
Орталық комитеттің балама атқарушысы болып сайланды. 1924 жылы ол
Гоминдаңның Шаңһай ұйымының атқарушысы және ұйымдастыру бөлімінің хатшысы
болып таңайындалды.
Тақырыптың құрылымы. Тақырып негізінен кіріспе, тақырыпшалар, қорытынды мен
пайдаланған әдебиеттен тұрады.
1. Мао Цзедунның ішкі-сыртқы саясаты.
ҚХР-ның ғылым мен техника саласындағы жетістіктерге
қарамастан үлкен секіріс елдің дамуын баяулатты. Бұл Қытайдың
экономикалық дамуына нұқсан келтірді. Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп 50
жылдардағы деңгейден аспады. Бұл мәселелерді шешуде 1960ж халық санының
күрт өсуі кері әсерін тигізді. 1961 жылы Қытай шетелден 5-6 тонна астық
өнімдерін сатып алып, өзінің экспорттық өнімдерін 40%-ін осыған жұмсады.
1962жылы қала халқын шектеу туралы әкімшілік шаралар қолданылды.
ҚХР-ның үлкен секіріс жылдарындағы қиындықтардың бірі ракеталық-
атомдық саланың құрылуы еді. Қаржының көп бөлігі әскери салаға жұмсалы.
1963-65жылдары бюджеттің жалпы 40% жұмсалды. Өнеркәсіптің азаматтық яғни
бейбіт салаларына назар аударылмады, 12-жылдық жоспар іске аспай қалды.
Оның ішінде Хуанхэ өзеніндегі ирригациялық құрылыс аяқсыз қалды. Тың
жерлерді игеру бейбіт салалар бойынша ірі кәсіпорындар салу төменгі
дәрежеде қала берді. [15]
Капиталдың көп бөлігін ауыл шаруашылығы және әскери салаға жіберіп,
Студенттер 1960жылдан 1964жылға дейін 695мыңнан 250мыңға азайды. Орта
мектепте 2,7 млн адам, бастауыш мектепте 8-10 млн адам оқыды.
Орта мектептердің (7-12сыныптар) және ЖОО санының қысқартылуы
салдарынан бастауыш біліммен алған адамдар көбейді. Ал орта мектепті
бітіргендердің 50% ЖОО түсе алмады. Өнеркәсіптің даму деңгейінің төмендеуі
мектеп және ЖОО орындарының бітірушілерінің жұмыспен қамтылмауы, оқу
ақысының (оғары болуы мектеп жасындағы балалардың сабаққа қатыспауын
тудырды. 1964-65жж 30 млн оқушы оқуға бармады.
Әлеуметтік мәселеге айналған білім беру жүйесі 1963-64жж өзгерістер
енгізілді. 1964жылы қалаларда тәжірибе негізінде төртте төрт жүйесі
енгізілді. Ол бойынша оқушылар 4 сағат заводтарда жұмыс жасап, сағат
мектепте оқуға тиіс болды. Ауылдарда маусымдық оқу жүйесі енгізілді.
Оқушылардың оқуға тартылуы Мемлекетті, отбасыны, уақытты үнемдеу жүйесі
арқылы жүргізілді. Мұндай жүйенің енгізілуі оқуды бәсеңдетіп, оның саласын
төмендеткенімен үкімет басшылары оған өзгеріс енгізбеді. Қазіргі заманғы
өнеркәсіппен ғылым үшін маман даярлауда маңызы зор деп білді. [13]
1945 жылы желтоқсанда КСРО, АҚШ, Ұлыбритания елдерінің Сыртқы
Істер Министрлерінің Москвадағы кеңесінде Қытайдың жағдайы қаралады, олар
басқа елдің ішкі ісіне араласпау принципі негізін алға қояды. КСРО мен АҚШ
Қытайдағы кеңес және америка әскерлерін алып кетуге келіседі. 1946 жылы
мамырда КСРО ол жерден барлық әскерін алып кетеді. Ал АҚШ үкіметі уәдесінде
тұрмай, әскерін сол жерде қалдырумен қатар елдің ішкі ісіне араласуды
Гоминдандықтарға көмек беру арқылы жалғастыра берді. Бұл кездегі саяси
жағдай тұрақты емес еді. АҚШ әскерін сол жерде қалдыру (150 мың солдатты
оқытып, 45 дивизияны қарумен қамтамасыз етеді) арқылы өзінің позициясын
нығайтуға тырысты. Ал КСРО Чан Каиши режимімен байланысты сақтай отырып,
Қытай коммунистерін қолдауды әлі нақтылай қоймаған еді. 1949 жылы қаңтарда
тығырыққа тірелген Чан Кайши АҚШ, КСРО, Ұлыбритания басшыларынан ҚКП-сын
жеңу үшін бірігіп күрес жүргізуді ұсынады. Алайда КСРО одан бас тартады.
[8]
Осы кезде Сталин мен Трумен үшін де біріккен Қытайдың үкіметімен
одақтасу тиімді тәсіл еді. Алайда екі елдің Қытайға байланысты саясаттары
басқа бағытпен өрбіді.
1970жылдардың басында Қытай-Америка қарым - қатынасына көңіл бөлінді.
1972 жылы АҚШ президенті Никсон және ҚХР премьері Чжоу Эньлай Шахайда өзара
достық келісім шартқа қол қойды. АҚШ Тайвань Қытай бөлігі екенін мойындады.
1979жылы 1-ші қаңтарда АҚШ пен ҚХР-сы арасында дипломатиялық қарым-қатынас
орнап, сауда - экономикалық, ғылыми техника байланысы мен әскери
байланыстардың өсуіне көмектесті.
1945жылғы КСРО-Қытай келісіміне сәйкес КСРО-ның көмегімен нығайған
Қытайдың революциялық күштері 1948жылы Гоминдандық режимді талқандап,
азамат соғысында жеңіске жетеді. 1949жылы Мао Цзедун: "Егер Кеңес Одағы
болмағанда, екінші дүниежүзілік соғыста фашистер жеңілмегенде, Қытай
революциясы үшін маңызды жапон империализмі талқандалмағанда, егер өзге
елдердің революциялық күші мен кеңес елінің азамат соғысында қолдауы
болмағанда, Қытай революциясы жеңіске жетіп, Қытай Халық Республикасы
құрылмаған болар еді" деп мәлімдейді. [12]
1949жылы шілдеде Лю Шаоци бастаған ҚКП-ның делегациясы Москваға
келеді. Сталинмен кездесуде олар коммунистік әскердің Тайвань мен Гонконг
жерін гомендандықтардан азат ету күресіне авиациялық және сүңгуір қайықпен
көмек беруін өтінеді. Алайда, Сталиннің келісімдерге қарсы күресетіні жайлы
да айтылған болатын.
Бұл кездегі екі ел арасындағы қатынастардың дамып, нығаюына екі ел де
мүдделі еді. Біріншіден, екінші дүниежүзілік соғыстан соң КСРО әлемде
"бейбітшілікті" қалыптастыру жолында күрес жүргізгені белгілі, бұл Қытайдың
сыртқы саясаттағы курсымен сәйкес келді, екіншіден, Сталин социалистік
лагерь құрамын толықтыру арқылы капиталистік елдерге (оның ішінде АҚШ)
қарсы мықты ұйым құрмақшы болды. Ал Қытай жағы, оның ішінде Маоның кеңес
елімен одақтасу не үшін керек болды, біріншіден ҚХР-сы жаңа ғана құрылды,
елдің жағдайы өте төмен жағдайда еді, ел экономикасын бір өзі көтере
алмайтынын білген Қытай басшылары өздеріне мықты одақтас керектігін сезді.
Бұл жағдайда Мао тек КСРО тарапынан болатын көмекке ғана сенді. Ол кеңес
елінің көмегімен Қытайды ұлы державаға айналдыруды көздеді. Екіншіден ҚКП-
ның мүшелері КСРО-мен арадағы қатынасты ҚХР-да кеңестік жүйені орнатуда ел
қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құрал ретінде көрген болатын яғни,
халықаралық аренада Қытайдың қауіпсіздігі мен беделін нығайту мақсаты.
Міне, екі елдің қатынасының дамуының астында осындай саяси мақсаттар бар
болатын. [14]
1949 жылдың аяғында Мао жоғарыда аталған мақсатты көздеп Москваға
Сталиннің 70 жылдығын тойлау мерекесіне келеді. Салтанат біткен соң екі ел
арасындағы келіссөз басталады. Мао кеңес жерлерін аралап, халықтың жағдайын
көреді. Келіссөз нәтижесінде И.В.Сталин мен Мао Цзедун 1949 жылдың
желтоқсан мен 1950 жылдың ақпан айлары арасында халықаралық жағдайдағы
мәселелер, орыс-қытай қатынастары жайлы мәселелер қаралып, келісімнің дамуы
үшін және ҚХР-ның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шаралары қарастырылады.
1950 жылдың 14 ақпанында Москвада екі ел арасында 30 жыл мерзім ішінде
достық, одақ және өзара көмек беру туралы келісімге қол қойылды.
Желісіммен қатар Қытай Чанчунь темір жолын бірігіп басқару, Порт-Артурдан
кеңес әскерін қайтару, Дальн келісімдеріне, Маньчжуриядағы жапон шығаруға
және сол қағидаларды ғылымға қарсы алмастырып марксизмді жоюға тырысуда деп
кінә тағып, КСРО-ны ревизионист ел деп жариялады, ал оның одақтастары
капитализм реставрациясы деп айтылды. [22] Өз кезегінде 1964 жылы ақпанда
КОКП-ның Орталық Комитетінің Пленумында Кеңес басшылары Қытайды ұлы
державалық шовинизм, буржуазиялық авантюризмге айыптады. Үлкен секіріс
нәтижесі мен оның салдарын көрген Хрущев Маоны догматизмге яғни теориялық
және саяси мәселелерді зерттеп шешуде нақты жағдайларды ескермеушілікке
айыптады. Бір мәселені атап өтуге болады. Қытай басшыларының негізгі курсы
Хрущевтің позициясымен сәйкес келеді. Осылайша екі коммунистік партияның
қайсысы шын марксист болатыны туралы екі ел арасында күрес басталды.
1965жылы көктемде КОКП мен ҚКП арасындағы қатынас мүлдем тоқтады. [24]
1950 жылғы достық, одақ және өзара көмек келісіміне сәйкес
кеңес-Қытай шекарасындағы аудандардың халықтары арасында белсенді түрде
іске асқан тату көршілік шекарасына айналған болатын. Сонымен қатар Амур,
Уссурн, Аргун, Сунгача шекаралық өзендері мен Ханка көлінде жүзу тәртібі,
осы су жолдарындағы кеме жүзетін қолайлы жағдай орнату туралы, шекара
ормандарында болатын өрттерге қарсы бірлесіп күресу туралы бірқатар
келісімдер де бар еді. Осы келісімдер негізінде екі елде шекара мәселесінде
қолайсыздық тудырмаған еді. 50-жылдардың басында КСРО ҚХР-на шекараның
барлық линияларын білдіретін топографиялық картаны берді. Осы кезде де
Қытай жағы ешқандай ескерту жасамаған еді. Мына жағдайды атап өтсек, кеңес-
Қытай қатынасы дәуірлеу кезінде Қытайдың қауіпсіздігі мен экономикалық
тұрақылығы КСРО-ға біршама бағынышты болған кезде шекара туралы мәселе
ресми түрде мәлімделмеген еді. Алайда 50-жылдардың 2-жартысында ҚХР-мен
өзара байланыста қиындық туа бастады. Бұл қатынастың шиеленіскені сонша
Қытай бұрын елемеген жағдай - шекара туралы мәселелерді қозғады. Бұл
шекарадағы қарулы қақтығыстарға әкелді. [28]
1956-1958 жылдары алғаш Қытай азаматтары тарапынан екі ел
шекарасындағы шекара бұзушылық істері көрінеді. Алайда, бұл кезде Қытай
азаматтарының шекараны бұзушылық әрекеттері жергілікті билік орындарының
деңгейінде табысты шешілетін. КСРО-Қытай шекара мәселесіндегі келіспеушілік
алғаш осылай басталды. Одан кейін 1960 жылы Қытай малшылары кеңес
юрисдикциясына тиісті Қырғызстан жеріндегі Буз-Айғыр асындағы аудандарға
малдарын жайылымға жібереді. Бұл жағдайды көрген кеңес шекарашылары келген
кезде олар бұл жерлердің Қытай территориясына тиісті екендігін айтады.
Кейін малшылардың провинция басшыларының бұйрығы бойынша әрекет еткені
мәлім болады. Осы жағдайдан соң КСРО мен Қытай Сыртқы істер министрлері бір-
біріне бірнеше нота мен ауызша мәлімдемелер жібереді, сөйтіп екі ел
арасындағы шекара мәселесі ресми дипломатиялық деңгейде қаралады[20].
Екі ел арасындағы қарулы қақтығыс өрлеуі 1969 жыл 2 наурызда КСРО-ның
Қиыр Шығысындағы Уссури өзеніндегі Даманск аралында (Даманскінің Қытайша
аты Чжэнь-баодо екен) кеңес және Қытай әскери шекарашылары арасындағы
қарулы қақтығыс еді. Осы кезеңге дейін болған шиеленістер екі ел
шекарашыларының төбелесімен ғана шектеліп, адам шығындары болмайтын болады.
Бұл ұрыста 58 кеңес жауынгері қаза тауып, 11 жауынгер ауыр жараланады.
Қытай жағынан бұл ұрысқа шамамен 300 адамдай қатысады. Олар артиллерия,
миномет, танкіге қарсы қару мен пулемет қолданады. Қарулы қақтығыс 14-15
наурызға дейін созылады. Тек кеңес жағының Қытай территориясының 20 км2
жерін жабатын Грод дүркін от жүйесін қолданғанда, Қытай қарулы күші үлкен
шығынға ұшыраған соң ғана тоқтатуға мәжбүр болады. [6]
Осы оқиғадан соң Маоның Пакистан Президенті Яхия Ханға бұл жағдайдың
барлығы Кеңес Одағын Қытайдың халқы мен кейінгі ұрпақтары жек көріп кетуі
үшін арнайы жасалғаны туралы айтқандығы шекарадағы жағдайлардың барлығы
Қытай басшыларының сыртқы саясаттағы курсы негізінде, оның ішінде Мәдени
Революция бағыты бойынша жүргізілгені белгілі. Ол ҚХР-да ұлттық және
шовинистік орнату жағдайында жасалған еді. Себебі, Мәдени революцияны
ұйымдастырушылар өздерінің қарсыластарына соққы беру арқылы беделдерін
нығайтқысы да келген болатын. Оның үстіне қарулы қақтығыс ҚКП-ның IX
съезіне дайындық кезінде болғаны да кездейсоқ емес. 30 наурызда съезд
басталар алдында КСРО 1964 жылғы келіссөзді жақын арада қалпына келтіру
туралы мәлімдеме жасады, яғни екі ел арасындағы мәселені әлі де бейбіт
жолмен шешуге болатыны туралы айтты. Кеңеске қарсы шовинистік ойларды IX
съезд алдында жоспарлаған маоистер ҚХР-ның сыртқы саясаттағы негізгі
линиясын кеңес еліне қарсы заң жүзінде реттеп алғысы келді. ҚКП-ның IX
съезі басталды. Онда елдің ішкі жағдайын қарастырып болған соң, Кеңес
шекарасы Уссуриде болған қарулы қақтығыс сыртқы саясат линиясы бойынша жеке
баяндама болып оқылды. 30 наурызда жасалған мәлімдеме Маоистердің картасын
шатастырды, қарулы қақтығыс жайындағы есеп баяндамасы бұл мәлімдеменің
мазмұны мен нақты ұсынысын жасырып қалуға тырысты. Бұл жағдайда олар екі ел
арасындағы шиеленістің ұзаққа созылғанын мақсат етті. Керісінше Кеңес жағы
бұл оқиғадан соң, екі ел арасындағы қатынасты реттеу үшін қадамдар жасауды
мәлімдеді. Алайда шекарадағы шиеленістер 1969 жылы жаздың аяғына дейін
тоқтамады. Шілде мен тамыз айының басына дейін 2,5 мың Қытай азаматтарының
қатысуымен 488 шекара бұзу әрекеттері болған. 8 шілдеде Қытай шекарашылары
Гольдин аралында кеңес өзеншілеріне оқ жаудырады. IX съезде сонымен қатар,
шекара мәселесі бойынша Қытай территориясының бірнеше жерлерін алып
қойған, сондықтан екі ел арасындағы келісім тең емес деп тағы да айтылды.
Сонымен қатар Уссури аралында болған қарулы қақтығыс туралы тағы бір
нұсқа бар: қақтығыс Линь Бяо басқаруымен Қытай Қарулы Күштерінің арандату
ісімен болғандығы. Линь Бяоның негізгі мақсаты - ҚКП-ның IX съезд алдында
осы оқиға арқылы өзінің беделін нығайтып, Халықтық-Азаттық Әскер ішінде
беделін көтеру. [15]
Уссуридегі жағдайдан соң КСРО тез арада ек ел арасындағы шекара туралы
келіссөздің тезарада басталғанын мәлімдеді. КСРО-ның 2 наурыздағы нотасында
кеңес территориясына ашық түрде басып кіруге нақты подтекст жасады,
мұнымен қатар Қытай халқына достық қатынасын білдіреді және осы линияны
алға жылжытатыны туралы ерекше айтылады. Алайда Пекин басшылары Бұл
келіссөзден бас тартып, шекарадағы қарулы қақтығыстардың жалғасуына әрекет
жасай береді. ҚКП-ның IX съезінен соң Қытай тарапынан болатын арандатушылық
істері көбейе берді. 1969 жылы мамырдың екінші жартысында шекараны
бұзушылықтың 20-сы тіркелгенін кеңес шекарашылары мәлімдеді. Ал маусым
айынан тамыздың ортасына дейін Қытай азаматтарының бастауымен, 2,5 мың
Қытай азаматтарының Қатысуымен ұйымдасқан түрде болған 488 қылмыстық
жардайлар тіркелген. Олар тағы да келесі бір ірі қарулы қақтығыс
(арандатушылық) жоспарын дайындау үстінде еді яғни, бұл Жалаңаш көлдегі
оқиға болатын. [1]
Даманскі аралынан кейін адам шығыны болған келесі қарулы қақтығыс 1969
жылы 13 тамызда сол кездегі Қазақ КСР-нің Семей олысының Жалаңаш көл
ауданында болады. Бұл көл Алматыдан 900 шақырымдай жердегі Жоңғар
қақпасының солтүстік шығысында, қазіргі Алматы облысының Алакөл ауданында
орналасқан. Ол кездегі көл жағасындағы шағын поселкеде шекарашылар мен ауа
райын бақылау станцияларының қызметкерлері тұратын. Кеңес-Қытай шекарасының
осы тұсы сол жылдың көктемінен байқалмай өтіп кетулері, арғы беттен кеңес
шекарашыларын мас күйінде балағаттау, намысқа тиетін айту, т.б. арандату
әрекеттері жиіледі.
Тамыздың 12-нен 13-не қараған түні Қытайлық 12 жауынгер шекарадан
жасырын өтіп, Жалаңаш көлден 10 шақырымдай жердегі шекарашылық Каменная
деп атайтын биіктікке окап қазып, бекініп алады. Таң сәріде сержант Дулепов
пен жауынгерлер Н.Егоровчевтен тұратын шекарашылар наряды болған оқиғаны
көріп, көрші заставалардан көмек шақырылады. Шекара подполковник И.
Никитенко бастаған офицерлер тобы тік ұшақпен оқиға болған жерге жетеді.
Лейтенант Е.Говар дауыс күшейткіш арқылы шекара бұзушылардан кеңес жерінен
кетуді талап етеді. Жауап орнына биіктіктен оқ жаудыра бастайды. Сөйтіп
ұрыс басталады. Уақыт таңғы 07.55 болатын. Қытай жағына 60-70 адамнан
тұратын топ өз кісілеріне көмекке ұмтылады. Кеңестік шекарашыларды
П.И.Никитенко, П.С Теревенков, Е.Говор, В.Ф.Ольшевский, В.В.Пушков сияқты
офицерлер бастап, бірнеше бронетранспортердің көмегімен ұрысқа кіреді.
Биіктікке бірнеше бағыттан бір мезгілде шабуыл жасалады. Шайқас 1 сағат 05
минутқа ғана созылып, кеңес шекарашыларының жеңісімен аяқталады. Шекара
бұзушылар бірнеше жауынгерінен айрылып, өз жеріне шегінуге мәжбүр болады.
Жаудың радиостанциясы, 2 кино камерасы, бірнеше фотоаппараты, қару-
жарақтары мен оқ-дәрілері қолға түседі. Кеңестік шекарашылардан Михаил
Дулепов пен Виталий Рязанов қаза болады, бірнеше жауынгер жараланады.[23]
Осы қарулы қақтығыстарға адам шығындары екі алып мемлекет арасында
соғыс болып кету қаупінің күшеюі әлем жұртшылығын да кеңес елі басшыларын
да алаңдата бастайды. Бұл екі ел басшыларының да аптығын басып, біршама
тәубесіне түсуге мәжбүр етеді. Алғашқы болып кеңес елі бұрынғы айтылған
мәлімдемелерінің негізінде тағы да шекара мәселесі туралы келіссөз жүргізу
мүмкіндігін алға тартады. Бұған Қытай үкіметі де келісіп, келіссөз 1969
жылы 11 Қыркүйекте басталған еді.
1964 жылы 25 ақпанда екі елдің сыртқы істер Министрлері деңгейінде
болады. Кеңес делегациясын генерал-полковник П.И.Зырянов, ал Қытай
делегациясын Сыртқы істер министрінің орынбасары Цзян Юнцюань бастап
келеді. 1964 жылдың 22 тамызына дейін созылған кездесу кезінде екі жақтың
да шекараны реттеу мәселесінде түрлі айырмашылықтары болғандығы білінеді.
Мәдени революция кезінде екі ел арасындағы шиеленіс мүлдем
нашарлады. КСРО бірнеше мәрте келіссөз жүргізуге дайын екендігін
мәлімдегенімен Қытайлықтар талас аудандарды мойындамай келіссөз
болмайтынын айтты, ал бұл аудандарды кеңес елі мойындамады. [23]
1969 жылы 24 наурызда Кеңес Үкіметі 1964 жылғы келіссөзді қалпына
келтіру туралы мәлімдеме жасады. Онда ҚХР-на шекарадағы әрекетті тоқтату,
шиеленіскен жағдайды бейбіт жолмен шешу туралы айтылды. Мәлімдеменің
соңында кеңес халқымен қарумен сөйлесу - жеңіліске әкеліп соғатыны жайлы да
айтылды.
Бұл жағдайлардан екі елдің өздерін агрессия құрбаны ретінде қойып,
қанды шайқастағы жауапкершілікті алып тастауға тырысқаны белгілі.
1969 жылы 16 қыркүйекте Қытай Мемлекеттік Кеңесінің Премьері КСРО
Сыртқы Істер Министріне хат жолдады. Шекара жайындағы мәселе бейбіт жолмен
шешілуі керектігі, оған дейін екі жақта жағдайды қалпына келтіру үшін шара
қабылдайтындығы айтылды, сонымен қатар бес пункттен тұратын шаралар жайлы
айтты, егер кеңес елі осы шараларды қабылдаса ғана екі ел арасында келісім
болады. Ал 26 қыркүйекте Кеңес үкіметі қайтарған жауап хатында Бұл
шараларға келіспейтіндігін хабарлады. Осы жылдың қазан айында Қытай
Мемлекеттік кеңесінің Премьерінің шекара мәселесі туралы, оның ішінде
талас аудандарға келіссөз жүргізу туралы тағы хат келді. Бұл хатқа да
келісім берілмеді. [16]
2 Мао Цзэдунның саяси қызметі
Мао Цзэдун (1893-1976) - Қытай жаңа дәуірі төңкерісінің көсемі, 1930- 1970-
жылдар аралығындағы ҚХР компартиясының жетекшісі. Мао Цзэдун идеялары Қытай
төңкерісі мәселелерін қайта қарастырумен байланысты болды. Мао Цзэдун жаңа
дәуірдің әлемдік ауқымында Қытай төңкерісінің мәнін байыптауға тырысты.
Ол империализм кезеңіне өткеннен кейін "әлемдік оқиғалар тығыз байланысты
және енді қайтып ажырамайды" деді. Сондықтан да, "Қытай төңкерісі әлемдік
төңкерістің бір бөлігі болып табылады". "Әлемдік төңкерістің" дамуы Қытай
төңкерісінің жеңісінің маңызды алғышарты болады. ҚХР құрылғаннан кейін Мао
Цзэдун әлемдік мәселелерге аса көңіл бөлді. Ол "қазіргі дәуір - төңкерістер
мен соғыстар уақыты" деді. Солай бола тұра, ол әлемдік ауқымда FTP мәнін,
дамудың негізгі үрдістерін, II дүниежүзілік соғыстан кейін экономикалық
жаһандану ықпалын түсінбейді. Сонымен қатар әлемдік дамуға кең көзқарас
танытады. Мао Цзэдун ұсынған "Үш элем" туралы теорияда "бірінші әлем" -
дамыған империалистік елдер, "екінші" - Азия, Африка және Латын
Америкасыныңдамушы елдері, "үшінші" - дамыған және дамушы елдердің
ортасындағы елдер. Оның "Үш элем" туралы теориясы "империализмге қарсы
бірден-бір ауқымды майданды біріктіру" саяси мақсатына қызмет еткенімен, ол
қазіргі әлемнің даму жағдайлары мен ережелерін көрсетті. Мао Цзэдунды
саясатта қызықтырған негізгі сұрақ - "капиталистік төңкерістің алдын алу".
Қытай экономикасын қалыптастыруда Мао Цзэдун "тәуелсіздік пен дербестік, өз
күшіне ғана сүйенуге" шақырды. Осы бағыт бойын-ша ұлттық экономиканың дамуы
басқа елдерден тәуелді болмауы керек, тек өз күшіне сенуі қажет. Жүзеге
асырылуы барысында бұл бағыт "жабық есік" саясатына ұласты. Халықаралық
саудадан, айырбастан және әлеммен өзара байланыстан бас тарту, түптеп
келгенде, Қытай экономикасының дамуын тежеді.
Кезінде дүниежүзілік саясаттағы ең маңызды тұлғалардың бірі болып
есептелген ол[1], Мау қазір де, қайтыс болғанынан кейін отыз жылдан астам
уақыт өтсе де талас-тартыстар туғызатын тұлға болып табылады. Қытайдың
өзінде ол қазірге дейін ұлы төңкерісші, Қытай Азамат соғысында Чияң
Кайшиді жеңген дарынды қолбасшы және жүргізген саясаты арқылыҚытайды қуатты
мемлекеттер қатарына қосқан кемеңгер саясатшы ретінде құрметтеледі. Сонымен
бірге Қытайдың өзіндегі және шетелдегі сыншылар Маудың әлеуметтік-саяси
жоспарларының кейбіреулерінің, мысалы Үлкен секіріс және Мәдени
төңкеріс сияқтылардың Қытайдың мәдениеті, экономикасы, сыртқы қарым-
қатынастарына келтірген зияны үшін және бейбітшілік кездің өзінде
миллиондаған адам шығынына алып келгені үшін айыптайды.[2]
Мау Зыдоң ақын және хұснихатшы ретінде де белгілі.
3 ҚХР мәдени революциясы (1966-76жж)
Ұлы пролетарлық мәдени революция (Wuchan Jieji Wenhua Da Geming) – 1966-
1976ж аралығындағы он жылдық кезеңді қамтыған Қытай тарихындағы оқиға. Бұл
кезең әлеуметтік баспалдақтың төменгі деңгейіндегі жұмысшылар мен
студенттердің тәртіпсіздік әрекеттерімен және елдің партиялық
басшылығындағы хаоспен сипатталды. Революцияның басталуына қорытынды
ықпалды саяси оппозициялық көзқарастармен күрес шеңберінде және мемлекеттік
идеология ретінде ҚКП басшылығындағы өз жақтастарының көзқарастарын
(маоизм) орнықтыру үшін ҚКП төрағасы Мао Цзедун жасады. Мәдениет зор
төңкерісі (Ұлы пролетарлық мәдени төңкеріс[1]) — Қытай Халық
Республикасында орын алған, Қытай коммунистік партиясының ішіндегі билік
үшін тартыс ретінде басталған, бірақ кейін бүкіл Қытай қоғамын қамтып,
әлеуметтік, саяси және экономикалық бүліншілікке алып келген, бүкіл
елді азаматтық соғысқа душар ете жаздаған тарихи кезең.
Ол 1966 жылғы мамырдың 16-сында Қытай коммунистік партиясының төрағасы Мау
Зыдоңның пәрменімен басталды. Ресми түрде ол Қытайды
либералды буржуазиялықэлементтерд ен тазалау науқаны ретінде жарияланған
болатын. Бірақ оның түпкілікті себебін Маудың бастаған үлкен
секіріс науқаны сәтсіз аяқталып, оның билігі мен ықпалының төмендеп кетіп,
оның бақталастары Лю Шаоци мен Дың Шаопинның күшейіп кетуінен көруге
болады. Соның нәтижесінде ұлттық және жергілікті деңгейлерде топтардың
арасында билік үшін талас басталды.
Маудың өзі мәдени төңкерісті бітті деп 1969 жылы ресми түрде жарияласа да,
бұл ұғым 1969 жылдан 1976 жылы төрт сыбайластың тұтқынға алынғанға
дейінгі кезеңді де қамтып қолданылады.
Әлеуметтік жағдайлар
Адамдардың қарсылығын басып-жаншу тәсілдерінің көбі одан ертеректе болған
Ян'ан жұмысты түзеу қозғалысының кезінде дамытылған болатын. 1949 жылы
коммунистер билік басына келгеннен кейін елде түбегейді әлеуметтік
өзгерістер орын алды. Бұрынғы билеуші тап пен зиялыларға оңшылдар, қара
ниетті элементтер немесе қара ниетті қарақшы элементтер деген айдарлар
тағыла бастады. Олардың үйлері тәркіленіп, Мау қолдайтын құндылықтарға сай
келмейтін бұйымдардың бәрі жойылып отырды. Шығу тегі жағынан бір осалдығы
бар ешкім қуғын-сүргіннен аман қалмады.[2]
Бастапқы кезеңде Орталық баспа және хабар тарату бюросы барлық
мектептерде, әскери бөлімшелерде және барлық деңгейдегі қоғамдық ұйымдарда
дыбыс зорайтқыштар орнатты. Орталық халық радиостанциясы осы саясатты
жүзеге асырудың басты құралына айналды. 1960 жылдардың басына қарай ауылдық
жерлерде тұратын 400 миллион тұрғын 70 миллион дыбыс зорайтқышпен
қамтылды.[3]
Үлкен секіріс
1957 жылы Қытайдың алғашқы бесжылдығынан кейін Мау ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz