Жерсілкіну түрлері


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
- 1 Кіріспе
- 2 Жерсілкіну түрлері мен басқа да сипаттамалары мен өзгешеліктері2. 1 Пайда болу тегіне қарай2. 2 Сейсмикалық толқындар таралуына қарай2. 3 Жер қойнауындағы орналасу тереңдігіне қарай2. 4 Жерсілкіну ұзақтығы
- 3 Жерсілкінудің өлшеу құралдары мен әдістері
- 4 Жерсілкінудің басқа да түрлері
- 5. Сычунь жер сылкынысы
- 5 Пайдаланылған әдебиеттер
Жер сілкіну ошақтары (1963 - 1998)
Тектоникалық плиталардың қозғалуы
1906 жылы АҚШ-та Сан-Францискода болған қатерлі жерсілкнісінің зардаптары
Цунами болып өткен аймақ
ЖЕР СЫЛКЫНЫСЫ
Кіріспе
Жерсілкіну (араб тілден ескірген сөзі зілзала араб. : زلزال ) - жер асты дүмпуі күштерінің әсерінен Жердің беткі қыртысының тербелуі.
Жер сілкінісін сейсмология ғылымы зерттейді. Оның туындауына және дамуына байланысты құбылыстарды ЗЕРТТЕЙДЫ
Жерсілкіну түрлері мен басқа да сипаттамалары мен өзгешеліктері
Пайда болу тегіне қарай
Жерсілкіну жанартаулық, денудациялық және тектоникалық болып бөлінеді.
Жанартаулық жерсілкіну қазіргі жанартаулар әрекет ететін аудандарда дамыған.
Денудациялық жерсілкіну таулы аудандардағы тау жынысы массаларының шатқалдарға құлауынан, жер асты қуыстары мен карст және ірі жылжымалардың ықпалынан туындайды.
Тектоникалық жерсілкіну литосфераның жекелеген блоктары өзара қозғалысқа келгенде, Жер қойнауында ұзақ уақыт бойы жинақталған механикалық энергияның қысқа мерзімде шұғыл босанып шығуына байланысты болады. Мұндай жерсілкіну - Жер қыртысында ұзынынан созылған жарылымдар жасайды. Жарылым қанаттары ығыстырушы жазықтық бойынша бір-бірімен салыстырғанда, лездік жылдамдықпен ығысуына байланысты, босанып шыққан энергия серпімді тербелістер, яғни сейсмикалық толқындар түрінде жан-жаққа таралады.
Сейсмикалық толқындар таралуына қарай
Сейсмикалық толқындар қума, көлденең және беттік толқындар болып үшке бөлінеді.
Сейсмикалық толқындардың таралу жылдамдығы тау жыныстарының құрамына, құрылымына және физикалық жағдайына байланысты болады.
Қума толқындардың таралу жылдамдығы 5 - 6 км/с, көлденең толқындардікі 3 - 4 км/с.
Сейсмикалық толқындар туындатушы жарылымдардың ұзындығы бірнеше км-ден (1966 жылғы Ташкент жерсілкінуінде - 8 км) жүздеген км-ге (1960 жылғы Чилидегі жерсілкіну) дейін жетеді.
Ал 1957 жылғы Гоби Алтайындағы жерсілкінуде жалпы ұзындығы 700 км-дей жарылымдар жүйесі пайда болған.
Жер қыртысында немесе мантияның жоғары бөлігіндегі тау жыныстарының лездік қозғалысқа келуінен жер асты соққысы туындаған орынды жерсілкіну ошағы, ошақтың тереңдіктегі орнын гипоцентр, Жер бетіндегі проекциясында орналасқан ауданды эпицентр деп атайды.
Жер қойнауындағы орналасу тереңдігіне қарай
Жерсілкіну Жер қойнауындағы орналасу тереңдігіне қарай:
- Жер бетіне жақын (тереңдігі 10 км-ге дейін),
- орташа немесе қалыпты тереңдіктегі (10 - 60 км),
- аралық (60 - 300 км) және терең фокусты (300 км-ден терең) болып жіктеледі.
Ең көп тарағаны жақын және орташа (Ашғабадта жерсілкінудің тереңдігі 15 - 20 км, Ташкентте 5 - 10 км, Спитакта 10 - 15 км болған) тереңдіктегі жерсілкінулер. Терең фокусты жерсілкіну өте аз тараған(Қиыр Шығыста, Тынық мұхиттың жағалауындағы жерсілкінудің гипоцентрі 600 - 700 км тереңдікке жеткен) . Жерсілкіну гипоцентрі теңіз бен мұхиттардың астында да орналасады. Оларды теңіз сілкінуі деп атайды. Бұл құбылыстардың нәтижесінде цунами пайда болады.
Жерсілкіну ұзақтығы
Жерсілкіну ұзақтығы бірнеше секундтан бірнеше айға (кейде жылға) дейін созылады. Механикалық кернеу күшінің біртіндеп шығуына байланысты, жер асты дүмпулері қайталанып отырады. Әдетте, алғашқы күшті дүмпуден кейін, әлсіз дүмпулер тізбегі жалғасады. Олардыафтершоктар деп, ал дүмпу білінген уақыттың барлығын жерсілкіну кезеңі деп атайды. Афтершоктар негізгі дүмпуден соң 3 - 4 жыл бойы жалғасуы мүмкін. Мысалы, 1887 ж. Алматыдағы (Верный) жерсілкіну кезінде 600 дүмпу болғаны тіркелген. Жерсілкіну кезінде орташа есеппен 1×10 24 - 1×10 25 эрг энергия бөлінеді. Мысалы, Ашғабадта болған жерсілкінудің энергиясы - 1×10 23 эрг, Моңғолиядағы Гоби Алтайында - 1×10 24 эрг, Чилиде - 1×10 24 эрг, Ташкентте - 1×10 20 эрг, Кемин жотасында (Алматы) - 4×10 24 эрг.
Жерсілкінудің өлшеу құралдары мен әдістері
Сейсмограф
Жерсілкіну үлкен апаттарға әкелетіндіктен оның қай жерде, қашан және күші қандай болатынын болжау өте маңызды мәселе.
Сейсмикалық есептеулер бойынша, орташа алғанда Жер шарында жылына 1 - 2 апатты (күші 10 балдан жоғары), 9 - 15 жойқын, 50 - 100 қиратушы, 300 - 500 өте күшті жерсілкіну болады.
Жерсілкіну, өте сезгіш аспаптар - сейсмографтармен жабдықталған сейсмикалық стансаларда зерттеледі.
Жерсілкінудің геологиялық жағдайларын зерттеу алдағы уақытта жерсілкіну болуы мүмкін аймақтарды және жерсілкіну болмайтын аймақтарды алдын-ала анықтауға мүмкіндік береді.
Осының негізінде сейсмикалық аудандау жүзеге асырылады.
Қазіргі кезде Жер шарының сейсмикалық картасы жасалып, басты екі сейсмикалық белдеу бөлінген:
- Тынық мұхиттық белдеу - Тынық мұхитының батыс және шығыс жағаларын айнала орналасқан.
Бұл белдеуге жас қатпарлы таулар (Альпі, Апеннин, Карпат, Кавказ, Гималай, Кордильерлер, Анд, т. б. ), сондай-ақ, құрлықтардың су асты шеттерінің жылжымалы белдемдері (Тынық мұхитының батыс шеттері, Алеут, Куриль, Жапония, Малайя, Жаңа Зеландия, т. б. аралдар, Кариб, Кариб, т. б. теңіздер) кіреді.
Бұл белдеуде барлық жерсілкіну болатын ошақтардың 68%-ы орналасқан.
- Жерорта теңіздік белдеу - Еуразияның оңтүстік арқылы, батыста Португалия жағаларынан, шығыста Малайя аралдарына дейін созылады.
Бұл белдеуде жерсілкіну болатын ошақтардың 21%-і орналасқан.
Жерсілкіну ошақтарының белгілі бір географиялық аудандарда ғана орналасуы Жердің геологиялық даму ерекшеліктеріне байланысты.
Қазіргі кезде жерсілкіну күшін бағалау үшін оның қирату әрекеті мен адамдардың психологиялық сезіміне тікелей бақылау арқылы түзілген 12 балдық сейсмикалық шкала қолданылады. Күшті жерсілкіну үлкен апат әкелетіндіктен, ол басқа табиғи құбылыстардың барлығынан қатерлі. Жерсілкіну қай аймақта болатынын болжау шешілгенімен, оның қашан және күші қандай болатыны әзірше толық шешімін тапқан жоқ.
Жерсілкінуді жабайы аңдар, жәндіктер мен үй жануарлары ерте сезетіндіктен, олардың мінез-құлқына қарап, бұл құбылысты болжауға болады.
Жерсілкінудің басқа да түрлері
Қазіргі кезде адамның табиғи ортаға ауқымды әсер етуіне (кентас, мұнай, газ бен жер асты суларын көп мөлшерде алуы, ядролық жарылыстар, ірі су қоймаларын жасау, т. б. ) байланыстытехногендік жерсілкіну мүмкіндігі де арта түсуде Сычуань жер сілкінісі (2008)


2008 жылғы Сычуань жер сілкінісі - мамырдың 12-ші күні таңғы сағат 7-де Қытайдың Сычуань өлкесінде болған жер сілкінісі кезінде он мыңнан астам адам қаза болды, деп хабарлаған болатын Қытай Халық Республикасының азаматтық әкімшілік министрлігінен. Келесі күні «Синьхуа» агенттігі, жергілікті уақыт бойынша 15:10-да 6, 1 ұпайлық жер сілкінісі осы өлкеде тағы да қайталанғанын хабарлады.
Эпиорталығы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz