Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификация


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификация

Әлеуметтік қоғамның әлуеметтік құрылымы экономикалық, саяси, әлеуметтік, рухани жағдайларындағы әлеументтік топтар мен адамдар қауымдастығының байланыстары мен қатынастарының жиынтығы.

Қоғамның әлеуметтік құрылымының негізінде:

  • Қоғамдық еңбек бөлінісі
  • өндіріс және оның өкілдері
  • меншік қатынастары жатады.

Қоғамның әлеуметтік құрылымының элементтері:

  • ауыл және қала тұрғындары
  • ой және дене қимылы еңбегінің өкілдері
  • әлеуметтік демографиялық топтар
  • ұлттық қауымдастықтар
  • таптар

Қоғамның әлеуметтік құрылымының компоненттері:

Әлеуметтік байланыс адамдар арасындағы ісәрекеттерінің өзара байланыстары.

Әлеуметтік құрам әлеуметтік құрылымды құрайтын элементтердің жиынтығы.

Әлеуметтік құрылым қоғамда қауымдастықтарға, таптарға, қабаттарға, топтарға бөледі. Көп санды критерийға байланысты адамдардың түрлі жағдайларын бөліп көрсетеді. Мұндай теорияның негізін қалаушы К. Маркс болып табылады. Ал Сорокин теориясы осы Маркстік теорияға қарамақарсы болып, қазіргі таңда қолданылады.

Қоғамның әртүрлі әлеуметтік топтарға, қауымдастықтарға, тағы басқа ша жіктелуі батыстық социологияда көбінесе әлеуметтік стратификация деген терминмен белгіленеді.

Әлеуметтік стратификация дегеніміз адамдар арсындағы табиғи және әлеуметтік теңсіздік; бұл теңсіздік олардың жоғарыдан төмен қарай болатын (иерархиялық сипаттары) теңсіздігінен көрінеді; бұл теңсіздікті түрліше саяси мекемелер берік сақтап, реттеп отырады. Мұның бұлай екенін адамзат қоғамының тарихи дамуы дәлелдейді (құлдық, түрлі касталар, сословиелер және таптар) .

Теңсіздік әлеуметтік себебі бар қажеттілік.

Әділетсіздік - эгоисттік мүдделердінің салдарынан туатын құбылыс. Бұл бүкіл қоғам үшін де, жеке адам үшін немесе әлеуметтік топтар үшін де зиянды құбылыс, сондықтан әділетсіздіктің қайқайсысымен де күресу керек.

Қоғамдық әлеуметтік стратификация әлеуметтік қауымдастықтар теңсіздігі жүйесін сипаттау пайдаланылады.

‘‘Страд’’ термині ‘‘қабат’’ деген мағына береді.

Қоғамда әртүрлі құрылым болғандықтан ондағы адамдар түрлі негіздер бойынша жіктеліп отыратын болған.

Стратификация әлеуметтік дифференциация (жіктелу), және теңсіздік мына критерийлер бойынша жіктеледі:

  • Білім
  • Мамандық
  • Жеке меншік
  • Билік
  • Престиж

Әлеуметтік стратификация теориясының негізін салушы болып американ орыс ғалымы Петерем Соркин болып табылады.

Белгілі бір елдегі адамдардың белгілі бір топқа жатуын қатыпсеміп қалған, өзгермейтін құбылыс деп қарауға болмайтынын, ол үздіксіз өзгерісте, қозғалыста болатынын ‘‘әлеуметтік мобильділік’’ деп атады. Ол әлеуметтік стратификация теориясы бойынша қоғамды әлеуметтік қабаттарға немесе топтарға бөлуде әлеуметтік мобильділік теориясын қалыптастырды.

Әлеуметтік - мобильділік теориясы - адамдардың араласуының әлеуметтік жиынтығы, индивидтердің және әлеуметтік топтардың әлеуметтік статусын өзгерту қоғамдық құрылымдағы алып отырған орны.

‘‘Мобильділік’’ терминінің мағынасы ‘‘Жылжу’’ деген ұғым.

Әлеуметтік статус - адамның қоғамда алатын орны.

Әлеуметтік роль - адамдардың ісәрекетерінің жиынтығы.

Әлеуметтік мобильділік

Вертикальді Горизонтальды

Мобильділік мобильділік

Индивид жағдайының Әлеуметтік жағдайдың

өзгеруі. өзгеруі.

Оның әлеуметтік Әлеуметтік статустың

статусының әлеуметтік қабаттан

жоғары төмен қайтадан сол

ауысуы. деңгйге ауысуы.

(қызметінің көтерілуі, (ері немесе әйелі ажырасып,

атағының өсуі, идеяның басқа отбасы құруы, бір

үстем идеяға айналуы) қызметтен дәл сондай басқа

қызметке ауысуы. )

Әлеуметтік стратификация теориясының теологиясы:

Марксизм ілімі.

Әлеуметтік теңсіздіктің негізгі себебі меншіктік қатынастар, меншіктің формасы мен сиптында болады. Олар таптардың пайда болуының экономикалық себептерін негіздеді. Олардың пікірінше қоғамдағы топтардың бөлінуі, қоғамдағы еңбек бөлінісінің және жеке меншіктің пайда болуына әкеледі.

Ленин ілімі.

Таптардың басты белгісі өндіріске деген қатынастар.

Дэвис пікірі.

Страд - нақты қоғамдағы бірдей жағдайдағы адамдар жиынтығы. Страдқа бөлудегі негіз - оның мәртебесі деді. Страдта материалдық игіліктерді пайдалану игіліктері мен формасына байланысты бөлді. Түрлі тұтыну формасы мен мәртебелік жағдайдың ұдайы өндірісі адамдарда тең емес өмір образын қалыптастырады.

М. Вебер ілімі.

Экономикалық себептермен (меншіктік қатынастар, табыс мөлшері) қатар әлеуметтік мәртебе (атадан мұра болып қалған немесе өзі жеткен әлеуметтік жағдайы) және белгілі бір саяси топтарға (партияға) қатыстығы сияқты критерийлерді де негізге алды.

П. Сорокин теориясы.

Үш стратификациялық құрылысты (экономикалық, саяси және кәсіптік ) басшылыққа алды.

ҚОРЫТЫНДЫ:

Елдегі әлеуметтік құрылымның, адамдардың белгілі бір топқа жатуы өзгермейтін құбылыс емес деп қарауға болмайды.

Әлеуметтік құрылым мен адамдардың белгілі бір топқа жатуы үздіксіз өзгеріп, қозғалыста болып, күннен - күнге дамып, нақтылана түседі.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Аитов Н. А. , Биекенов К. У. Социология Алматы 2002
  2. Тәжин М., Аягина Б. Социология негіздері Алматы 1992
  3. Әбсаттаров Р. Б., Дакенрв М. Әлеуметтану Алматы 2004
  4. Аженов М. С., Садырова М. С. Қоғамның әлеуметтік құрылымы Қаз. Универ. 2004
  5. www. google. kz

ЖОСПАР

  1. Әлеуметтік құрылым
  2. Әлеуметтік стратификация
  3. Әлеуметтік мобильділік
  4. Әлеуметтік стратификация

теориясының теологиясы

  1. Қорытынды
  2. Қолданылған әдебиеттер

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

С. Д. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Тақырыбы: ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ

ӘЛЕУМЕТТІК СТРАТИФИКАЦИЯ

Орындаған: АЛИЕВА Б. Б.

Факультеті : Жалпы медицина

Курс : 2

Тобы : 2049

Тексерген: ТҰРСЫНБАЕВА Б. Ж.

АЛМАТЫ 2009 ж

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамның әлеуметтік құрылымы жайлы ұғым
Әлеуметтік құрылымның болу мен даму механизмдері
Қоғамның әлеуметтік құрылымының және оның дамуының әлеуметтануы
К.Маркстың әлеуметтік құрылым туралы көзқарасы
Әлеуметтік құрылым - әлеуметтік жүйедегі элементтердің тұрақты байланысы
Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификация туралы
Қоғамның әлеуметтік топқа жіктелуі
Әлеуметтік стратификация туралы
Әлеуметтік құрылым түсінігі және ондағы негізгі теориялар
Әлеуметтік теңсіздік және әлеуметтік стратификация
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz