Жалпы қолданбалы өнердің ұлтымыздың мәдени дамуында алатын орыны



Кіріспе
I Кілемнің шығу тарихы
1.1. Кілемнің түрлері
1.2. Түкті кілемдер
1.3. Тақыр кілемнің түрлері

II Кілем тоқу технологиясы
2.1. Кілем шалыс әдіс.тәсілдері
2.2. Қазіргі заман кілемдері

III Гобелен
3.1. Шығу тарихы
3.2. Даму процестерінің кезеңдері
3.3. Қазіргі заман және гобелен

IV Еңбек сабағының дидактикалық негіздері
4.1. «Қолдан кілем тоқу» үйірмесіне арналған оқу
бағдарламасы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Сөздіктерге анықтама
Мақал.мәтелдер
Жастар тәрбиесіне арқау болып отырған ұлттық қолөнер – бұл күнде бүкіл қоғамымызға ортақ, кешегі ата-бабаларымыздан мирас болып қалған ұлы тәрбие құралы.
Қолөнер – ата-бабамыздың ұшқыр қиялынан шыққан үлкен даналық ойының, қажеттілігінен туындаған өнер туындысы және атадан балаған мирас болып келе жатқан асыл мұра.
Әр халықтың ғасырлар бойына жинақталып, белгілі бір жүйеге түскен рухани өмірінің ұлттық мәдениеті бар. Мол рухани мәдениетінің маңызды бір саласы қолөнер. Қазақ халқының шеберлік өнері еңбек барысында және тұрмыс-тіршілігіне қолданылатын өнермен тығыз байланысты болды.
Көкейкестілігі: Бүгінгі таңда сәндік-қолданбалы ұлттық өнерге баулу, атакәсіппен айналыстырып, ұлтымыздың ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан шеберлігін қастерлеуге, іскерлікке баулып, еңбекке деген қабілетін дамыту басты мақсаттардың бірі болып отыр.
Халқымыздың ежелден дәріптеп, қастерлеп келген ұлттық қолөнерінің тегін тектеу, болмысын тану, оның асылын тарихтың рухани көш-керуеніне ілестіру. Ата-бабамыздың еңбек жолын көз алдымызға келтіру арқылы, кейінгі ұрпақты салт-дәстүріміздің мәңгілік жалғастығының алтын қазығын үйретуге бағыттау.
Мақсаты: Жалпы қолданбалы өнердің ұлтымыздың мәдени дамуында алатын орынын айқындау, мағыналық тақырыптық топтарын жүйелеу.
Міндеті: Қолданбалы қолөнердің материалдық мазмұны мен эстетикалық талғамының қалыптасуын тілдік табиғаты мен халықтық танымын, оның рухани өмірін салт-дәстүрін сипаттау.
Жаңалығы: Қазіргі өмір талабынан туындап отырған “компьютер” заманында бүгінгі мектеп оқушысының ой-қиялы ғылыми-техникалық прогреспен бірге күн санап өсуде. Сондықтан технология пәнінің ғылыми дәрежесінің неғұрлым жоғары болуын қамтамасыз етуіміз керек.
Дипломдық жұмысымның графикалық бөліміне келгенде, ең алдымен гобеленнен тоқылатын бұйымның нобайы дайындалады.
1. Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері, А.,1987ж.
2. Ахметұлы Қ, Ахметова Ф. Өмір нәрі – ата кәсіп. Алматы,
3. Әбдуәлиева Ш. Халық қолөнері. А., 1991ж.
4. Әзірбаева С. Қолөнерінің тұрмыстық мәні “Мәдениет және тұрмыс” 1989ж.
5. Әбдіғаппарова Ұ. М. Қазақтың ою-өрнектері. А., Өнер 1999ж.
6. Джанибеков У. Культура казахского ремесла; Алма-Ата Онер, 1982.
7. Жәнібеков Ө. Жолайрықта. А., Рауан , 1995ж.
8. Ибраиова К. Казахский орнамент. А, 1994ж.
9. Қазақ совет энциклопедиясы. А., 1975ж. 6-том.
10. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 10 том. 105 бет.
11. Қасиманов С. Қазақ халқының қол өнері., А., 1995ж.
12. Қазақстан Республикасының білім беретін мектептерде оқушыларды тәрбиелеу және еңбекке баулу тұжырымдамасы “Қазақстан мұғалімі” 18.01. 1992ж.
13. Левин Л.М. , Свердлин В.И. Ковры и ковровые изделия. Москва, 1960г.
14. Муканов М. С. Казахское домашние художественные ремесла., Алматы, 1979г.
15. Маргулан А. Х. Казахское народное прикладное искусство. т-1.А., 1386г.
16. Орымхан Ж. Қазақ ханымы жоғарғы оқу орны компаненті. Кілем тоқу өнері. Алматы, 2001ж.
17. Өмірбекова М. Ш. Ою-өрнектің қолданылуы. А., 1995ж.
18. Тәжімұратов Ә. Киіз үй және оның жиһаздарына байланысты сөздер. Мақалдар жинағы. А., 1973ж. 173-192 беттер.
19. Шаңырақ үй-тұрмыс энциклопедиясы. А., Рауан 1989ж.
20. Зәкірияпов А.Қ. Ата салтын – халықтық қалпын. Алматы.Рауан 1995.
21. Қазыбеков Н. Дала өрнектері
22. Медоев А.Г. Гравюры на скалах. Алматы, Жалын, 1979ж.
23. Тұрлығұл Т, Таймағанбетов Ж, Адырбек Б. Ежелгі Қазақстан тарихы. Алматы. Атамұра.
24. Үстетиров К. Еңбекке баулу. Алматы, Атамұра.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 3-6

I Кілемнің шығу тарихы
1.1. Кілемнің
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6-12

1.2. Түкті кілемдер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12-14
1.3. Тақыр кілемнің
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14-20

II Кілем тоқу технологиясы
2.1. Кілем шалыс әдіс-
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 20-23
2.2. Қазіргі заман
кілемдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...23-24

III Гобелен
3.1. Шығу
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24-26
3.2. Даму процестерінің кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..26-
28
3.3. Қазіргі заман және
гобелен ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28-32

IV Еңбек сабағының дидактикалық негіздері ... ... ... ... ... ... 32 -40
4.1. Қолдан кілем тоқу үйірмесіне арналған оқу

бағдарламасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 40
-46

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...46-47
Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 47-49
Сөздіктерге
анықтама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..49-50
Мақал-
мәтелдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
0-51

Кіріспе

Жастар тәрбиесіне арқау болып отырған ұлттық қолөнер – бұл күнде бүкіл
қоғамымызға ортақ, кешегі ата-бабаларымыздан мирас болып қалған ұлы тәрбие
құралы.
Қолөнер – ата-бабамыздың ұшқыр қиялынан шыққан үлкен даналық ойының,
қажеттілігінен туындаған өнер туындысы және атадан балаған мирас болып
келе жатқан асыл мұра.
Әр халықтың ғасырлар бойына жинақталып, белгілі бір жүйеге түскен
рухани өмірінің ұлттық мәдениеті бар. Мол рухани мәдениетінің маңызды бір
саласы қолөнер. Қазақ халқының шеберлік өнері еңбек барысында және тұрмыс-
тіршілігіне қолданылатын өнермен тығыз байланысты болды.
Көкейкестілігі: Бүгінгі таңда сәндік-қолданбалы ұлттық өнерге баулу,
атакәсіппен айналыстырып, ұлтымыздың ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан
шеберлігін қастерлеуге, іскерлікке баулып, еңбекке деген қабілетін дамыту
басты мақсаттардың бірі болып отыр.
Халқымыздың ежелден дәріптеп, қастерлеп келген ұлттық қолөнерінің тегін
тектеу, болмысын тану, оның асылын тарихтың рухани көш-керуеніне ілестіру.
Ата-бабамыздың еңбек жолын көз алдымызға келтіру арқылы, кейінгі ұрпақты
салт-дәстүріміздің мәңгілік жалғастығының алтын қазығын үйретуге бағыттау.
Мақсаты: Жалпы қолданбалы өнердің ұлтымыздың мәдени дамуында алатын
орынын айқындау, мағыналық тақырыптық топтарын жүйелеу.
Міндеті: Қолданбалы қолөнердің материалдық мазмұны мен эстетикалық
талғамының қалыптасуын тілдік табиғаты мен халықтық танымын, оның рухани
өмірін салт-дәстүрін сипаттау.
Жаңалығы: Қазіргі өмір талабынан туындап отырған “компьютер” заманында
бүгінгі мектеп оқушысының ой-қиялы ғылыми-техникалық прогреспен бірге күн
санап өсуде. Сондықтан технология пәнінің ғылыми дәрежесінің неғұрлым
жоғары болуын қамтамасыз етуіміз керек.
Дипломдық жұмысымның графикалық бөліміне келгенде, ең алдымен
гобеленнен тоқылатын бұйымның нобайы дайындалады. Нобайды мөлшермен кішкене
етіп, қара және ақ түспен жасайды, сосын оны түрлі-түсті бояумен көрсетеді.
Іс-тәжірибелік талабы: Қазіргі кезде мектеп, жоғары оқу орындары халық
педагогикасын кеңінен қолға алуда. “Қазақ халқының қолөнері” қазақ, орыс
тілдерінде әдістемелік құрал ретінде жарық көрді. Жұмыс барысында жасалған
бұйымға халықтың тыныс тіршілігі мен тұрмыстық жағдайын бейнелеу үшін ою-
өрнектің бөлшегін пайдаландық.
Халық өнері – бағзы замандардан бері ұлы даланы мекен етіп келген
тайпалардың заттық және рухани көне мәдениетінің дәстүрлі жалғасы.
Қолөнер кәсібін шартты түрде әйел және ерлер қолөнері деп бөлуге
болады; ағаш тері, сүйек өндеу, тас қашау, бәдіздеу сияқты түрімен ерлер
айналысты. Ал жүн сабау және киіз басу, тігіншілік, кестелеу, кілем тоқу
мен терме теру, ши орау сияқты түрлері әйелдер еншісіне тиген. Дегенмен
киіз басу сияқты дене күшін қажет ететін жұмыстарға ер адамдар да
қатыстырылған. Көшпелі халықтың негізгі баспасы болып келген киіз үйден
бастап үй жиһаздары (мүліктері) кілем, алаша, текемет, түскиіз, керме,
кебеже, сандық төсек, ыдыс-аяқ және еңбек құрал-жабдықтары сияқты үнемі
қолданыста болып келе жатқан қолөнер бұйымдарының сан алуан үлгілері қоғам
мен шаруашылық тіршілігінің дамып өрістей түсуіне байланысты өзгеріп,
жетіліп түрлене түсіп отырған. Қолөнер бұйымдарынан қазақ халқының тек
өзіне тән төл мәдениеті мен тұрмыс-салты сияқты, ғасырлар бойы оның өзге
халықтарға ұқсайтын өзіндік нақыш бояуы мен әшекей өрнектерін де тіпті оның
жасалуына қарап аймақтық ерекшеліктерін де аңғара аламыз. Олар көшпелілер
тұрмысы мен мәдени болмысынан, халқымыздың дүниетанымы мен наным
сенімдерінен мол мағлұмат береді. Қазақ қолөнерде пайдаланылған негізгі
шикізат түрлері тері, жүн, ағаш, ши, сүйек, мүйіз, алтын, күміс, асыл
тастар болды.
Қой жүнінен бау-басқұрлар мен таңғыш алаша, тақыр кілем мен қалың
кілем, қоржын тоқылған. Үлкен кілемдерді көп тік және жатаған қол
станоктарында тоқыған.
Жаз, күз айларында есік алдына көкмайса үстіне құрылған өрнектің
салтанаты өзінше. Қызыл-жасыл киінген қыз-келіншек, ақ жаулықты аналардың
қарбалас қимылы, әсем ырғақты әуенге балқып билеп жүргендей әсер қалдырады.
Ал олардың осы қимыл қозғалысының қорытындысы іспетті терме алаша мен қалың
кілемдер кез-келген үй қабырғасының сәнін келтірері сөзсіз. Төсесең аяққа
жайлы, бөлмені жайнатып жіберетінін қайтерсің. Қолөнер және әшекей
бұйымдарында киім-кешекке кең қолданылатын қызыл, қара, көк, сары, күлгін,
аспан түстес көк өнерді қолдану арқылы түрлі ою-өрнектер табиғат
көрінестерімен ұштастырыла бейнеленеді. Белгілі ұғым түсініктерді
білдіретін ою-өрнектердің қайсы бір түсінің болмасын өзіндік символдық,
ғұрыптық қызметтер атқарады. Айталық көк түс – аспанды бейнелесе, ақ түс
қуаныш пен шаттық көңіл күйдің көтеріңкі болуы мен бақыттың белгісі, жасыл
түс жастық пен көктемнің, қара түс жердің береке нышаны дейді.
Сырмақ, түскиіз бен кілем өз ою-өрнегімен өз нақышымен ерекшеленетін,
мысалы, бұл бұйымдарға қолданылған ою-өрнектерді киімге қолдануға болмайды.

I тарау. Кілемнің шығу тарихы.

1. Кілемнің түрлері

Қолдан кілем тоқу – халықтың көне көркем кәсібі – адамзат баласы
талшықтан иірілген жіп пен мата өндіруді игергеннен бастап өмір сүріп
келеді. Кілем тоқу мәдениеттің көнелілігі туралы мұражайларда, көркем
қорларда сақталған кілемдер, сонымен қатар тарихшылар мен этнографтардың
жазбалары мәлімет бере алады. Бізге жеткен әдеби деректер бойынша түкті
кілемдер жасау Орта Азия мен Қытайда кең дамыған. Ең көне түкті кілем
(б.з.д. V ғ.) 1949 ж. Алтайдағы бесінші Пазырық қорғанындағы қазба
жұмыстары кезінде профессор Руденкомен табылған кілем 2500 жылға жуық мұз
астында жатқанына қарамастан ешқандай бүлінбеген; қазіргі кезде ол “Санк-
Петербург” Мемлекеттік эрмитажында сақталуда. Бұл кілем өлшемдері 183x200
см, тығыздығы 1дм2, 36000 түйін. Кілем өрнегі жаяу адамдар мен аттыларды
бейнелеген көшпелілерден тұрады. Соңғысы өз кезегінде әшекейлер қатарымен
өрнектелген, қимамен жиектелген. Вавилондықтар мен ассириялықтар кілем
шеберлері ретінде танымал болған. Ассириядан (Ниневия қаласы) бізге мәрмәр
плитадағы барельефтер жеткен; олар бойынша лотос гүлдері, әшекейлер басқа
да ұсақ уәжді өрнегі бар кілем суреттерінің сипаты туралы түсінік алуға
болады. Парфян мемлекетінде кілем тоқу өнері Ашхабад қаласынан батыс жақта
жүргізіліп жатқан археологиялық қазбаларды дәлелдейді. Көне әдебиеттерде
Ахеменидтер династиясының негізін қалаушысы (б.з.д. V-VI ғ.ғ.) Кирдің
бейітін қазған кезде “Пазаргадта” Александр Македонскийдің бейіт ішінен
жұқа кілемдер тапқаны туралы айтылады. Кинофонның айтуынша Сардис қаласында
парсы патша сарайына арнайы кілем шығаратын фабрика болған. Гомердің
“Иллиадасында кілемдермен төселген төсекке әкеліп жатқызады”. Б.з.д. II-III
ғ.ғ. Александрияда, Грецияда, кейіннен Римде де бағаланған түкті және
түксіз кілемдерді тоқу Орта Азия және Кіші Азия, Қытай, Кавказ елдерінде
кең дамыған, бұны V, VI, XII, XIII, XV ғ.ғ. жататын кілем өнімдері фрагмент
түріндегі түрлі археологиялық заттар дәлелдейді. Бұл көне заттар бізге әлі
де беймәлім заттардан кейін жасалғанына күмән жоқ. Алайда себебі олардың
өрнектелуі мен жасалу техникасы түрлі халықтардың өзара мәдени байланысы
мен қол өнерінің аталған түрінің дамуына түрлі әлеуметтік-экономикалық
формациялар тигізген ықпал туралы бізге бірқатар мәлімет алуға мүмкіндік
береді.
Көне Қытайда көркемдігі мен жасалу техникасы бойынша ерекшеленген
түксіз мата өнімдері – кэсалар, яғни кесілген жібек жасалатын. Оның атауы
өрнектің жеке детальдарын жасауда сурет пен негізгі жіптер арасында
пышақпен кесілгендей тесіктердің қалып қоюымен түсіндіріледі. X ғ. Кейінгі
ғасырларда да кэсалар Чэнду (Сычуань мекені) қаласында өндірілген болатын.
Кэсалардың өрнегі негіз жіптеріне салынған түрлі түсті жіптеріне салынған
түрлі түсті жіптер көмегімен жасалады, сонымен қатар өрнекте алтын және
күміс жіптер пайдаланған. Олар императордың салтанатты киімдеріне жоғарғы
лауазымды тұлғалардың киімдеріне, қабылдау бөлімдеріндегі керегелерді
әшекейлеуге, асыл тастарды суреттерді орауға арналған. Араб тарихшылары мен
этнографтардың мәлімдеуінше, кілем тоқу өнері көптеген елдерде дамыған
болатын. Мысалы араб тарихшысы Табари (Х ғ.) 18х18 м. көлемді “Хұсырау
көктемі” аталатын Ирандық кілемді сипаттайды. Кілемде гүлденген бақ,
ағаштағы құстар мен шағын су қоймаларын біріктіретін ұсақ бұлақтар
бейнеленген. Кілемді жасауда жібек, алтын, күміс жіптер мен асыл тастар
қолданылған. Бұл кілем Сасанид патшасы Хұсырау I Ануширванға арналып
жасалған.
Араб мәліметтерінің айтуынша Арменияның көне астанасы – Двин X-XII ғ.ғ.
әсіресе қызыл түсті кермес деп аталатын кілемдермен әйгілі болған.
Түкті кілемдер Арменияның Бағдад Хамифтеріне әкелінген сыйларының ішіне
кірген. Х ғ. Армениядан Бағдатқа 400 жылқы, 30000 динар және жеті армян
кілемі жіберілгені мәлім. Сол кілемдердің біреуі 18х18 м. жуық көлемге ие
болған, бұл кілемді Армян қолөнерлері 10 жыл тоқыған. XIII ғ. Араб
этногрофының еңбектерінде бүкіл әлем елдеріне тартылатын Түркімен кілемдері
Ақ-сарайда жасалған деген мәлімет бар.
Парсы елінде, артынша Орта Азияда (Анатолы) болған Венециянлық саяхатшы
Марко Поло 1271 жылы жазған: сел жүктер мекенінде әлемдегі ең жұқа кілемдер
тоқылғанын мәлімдеген. Одан кейінгі араб географы (XVI ғ.) Анатолыны
аралап, өзі көрген кілемдерді мақтайды да, оларды Мысыр, Сирия, Ирак, Иран,
Үндістан, Қытайға апаратынын айтады. XVI-XVII ғ.ғ. қолдан кілем тоқу
Кушандағы Таммаш шах сарайында (Иранда) және сол кездегі Парсы елінің
астанасы Исфахандағы Аббас шах сарайында кең дамыған.
Кілемдер Тебриз, Кирман және Герат шеберханаларында жасалып жатты. Бұл
қалалар Шығыстың көркем күштерін жинаған ірі өнер орталықтары ретінде
танылған. Сол кезде Ирандық түкті кілемдер қолданыла бастады. Сарайда
мақсаттарына сәйкес, шетел елшілеріне арналған сыйларына арнайы жібек және
алтын кілемдер жасалады. Сол кездегі кілем өндіру Үндістандағы Ұлы Моғалдар
сарайында да кең дамыған. Европа елдерінің Шығыс елдерімен жасаған сауда
қатынастары XIV-XV ғ.ғ. Европалық қолөнерінің сипатына өз ықпалын тигізді.
Іскер саудагерлер Шығыстан Францияға, Италияға, Испанияға, Англияға,
Ресейге түрлі заттар, солардың ішінде кілемдерде бар, апарып тұрған.
Олармен әкелінген ертеректе жорықтардан олжа ретінде тиген Шығыстың өнер
туындылары сол кезде Европада тез дами бастаған өнер мен қолөнердің көркем
бағыттарын анықтаған болатын. Шығыс елдерінде жасалған кілем бұйымдары мен
кілемдердің өрнектері мен композициялық (Фломандық, Венецияндық,
Нидерландық Испандық) амал-тәсілдері XIV-XVI ғ.ғ. ең шебер суретшілермен
пайдаланылған. Бізге Рафаэль, Тициан, Рубинс, Якоб Иорданс және т.б.
суреттері бойынша орындалған күрделі сюжеттік композицияны қамтитын,
керегелерді әшекейлендіруге арналған фламандық шпалелар жеткен. XV ғ.
ортасы мен XVI ғ. Гент, Куртрэ және Брюге өнімдері, сонымен бірге маталар
мен гобелендер үлкен сұранысқа ие болған. Бельгиялық тоқу өнеркәсібі
кесілмеген ілгекті қолдан тоқылған брюссельдік кілемдермен танымал болған.
Бұл кілемнің атаулар күні бүгінге дейін сақталуда.
Оденарда қаласында жамандық шпалералар және гобелендер деп аталатын
жапырақты суреті бар кілемдер мен шпалералар жасалады. Голландияда қолдан
кілем тоқу ертеден-ақ дамыған. Девентер және Поттердам қалаларындағы кілем
шеберханалары шығыс кілемдері колористикасы мен суреттері бойынша түкті
кілемдер тоқыған. Сонымен қатар кілемдер Гаога қаласындағы фабрикада да
тоқылған, кейіннен ол Девентер және Поттердам кәсіпорындарымен бірігіп,
қазіргі кезде де сол атпен өмір сүріп келе жатқан. “Біріккен корольдік
кілем фабрикалары” фирмасын құрайды. Францияда XV ғ. Парижде кілем және
шпалер шеберлерінің қатары түзіледі. 1640 жылы Луврда гүлді өрнектері бар
түкті кілемдер өндірісі басталады. Бұл кілемдер керегелерге ілінуге
тағайындалған. Франциялық кілемдер мен кілем бұйымдары жасалу техникасы мен
құрылымы бойынша түрлі болып келгенімен суретінде өрнектерінде XVII-XVIII
ғ.ғ. Францияның көркем стилі мен талғамын береді, жеткізеді. Англияда
кілемдерді тоқу өнері XVI ғ. теңізші саудагерлермен енгізілген болатын.
Олар алыс саяхаттарынан Отанына оралғанда Кавказдық және Ирандық кілемдер
ала келетін. Ағылшын өндірісіндегі жұқа кілемдерде иральдикалық, яғни
елтаңба (герб) бейнесіне негізделген, гүлді өрнектерді қамтитын стиль басым
болған. Кейіннен сипаты жағынан Шығыс елдерінің кілем өнімдеріне жақынырақ
келетін жаңа стиль пайда болуы XVIII ғ. жатады. Алғашқы кілем фабрикалары
1151 жылы Англиядағы Киддер министр қаласында 1755 жылы Аксминстерде, ал
кейіннен Уилтонда құрылды. Бұл қалаларда өндірілген кілемдер
Киддерминистерлік Аксминстерлік және Уилтондық кілем тарихы бойынша біздің
қарамағымызда мәліметтер аз, көне кілем үлгілері де аз сақталған. Олар
Геральдикалық кілемдер тектес болғанымен, арабтардан қабылданған Шығыс
өрнектерінің ықпалының болғаны күмәнсіз. Андалузия мен Гренада мекендері
шығыс уәжі мен өзіндік ерекшеліктерін қамтитын Испандық ұлттық суреттері
тіркескен кілемдермен әйгілі болды. Алтын және күміс жіптері қосылып қолдан
тоқылған. Польшалық кілемдерде біршама танымал болған. Сонымен бірге
олардың құрылымында қызыл қоңырқай, алтын түстері басым болған кілемдер де
белгілі. Ресейде 1607 жылдан бастап Мәскеуде шпалерлар жасайтын
шеберханалар болған. 1716 жылы I Петр бұйрығы бойынша Яков Лефорт сарай
жанынан шеберханалар ұйымдастырған, кейіннен императорлық шпалералық
мануфактура құрған болатын сюжеттік тақырыптық шпалера үлгілері
Ленинградтық Мемлекеттік эрмитажда сақтаулы. Орыстың шпалералары сарай
бөлмелерінің ішін жиһаздандыру қызметін атқарушы тоқылған суреттер
шпалераның ең алдыңғысы (1722) атты I Петр бейнелейді. Ол кереге кілемдері
шебері атанған І Петр ұйғарымы бойынша Бове қаласынан шақырылған француз
шебері Бехильмен жазылған болатын. Басқа шпалералардың мазмұны грек және
рим мифологиясы мен тарихынан алынған: олар Апполон мен Диананың тууын,
Александр Македонский өмірінен көрініс т.б. сюжеттерді бейнелейді. Жасалуы
бойынша ең жұқа болып І Петрдің түкті жібек кілемі табылды, ол саятшылық
көріністерін бейнелейді, көлемі 293х323 см., тығыздығы 1дм2, 12700 түйін.
Сонымен қатар алтын және күміс жіпті жібек кілемдер Үлкен Кремль сарайының
Мәскеулік Гранатовая Оружейная палаталарының қабылдау бөлмелерін
безендірген. Ресейдің Кавказ және Орта Азия елдерімен байланысының даму
үрдісіне қарай (XVII-XIX) сол кезде әлемге танымал бұл халықтың көркем
бұйымдарын, әсіресе кілемдерін Ресейге әкелу мен тысқа экспорттау маңызы
ұлғая берді. Кілемдерді қолдан тоқу және жартылай қолдан тоқу әдісі –
Ресейде XIX ғасырда-ақ орын алған. Завидов, Курск, Воронеж, Шадринск,
Дубовка т.б. қалалар мен ауылдардағы кілем фабрикалары белгілі болған.
Дәстүрлі суреттерді толықтырып, жаңартып, шеберлер ұлттық кілем өрнектерін
жетілдіріп, қолданбалы көркем өнерінің классикалық туындыларын жасап
отырған. Қазіргі кезде кілем тоқу өнері ерекше композициясымен, өрнекті
уәжді шебер стильденуімен және үйлесімділігімен көзге түсетін суреттермен
сипатталады. ТМД елдері мен басқалары да кілем бұйымдарын жасай отырып,
тиімді ерекшеліктерін: пішім және ритм (ырғақ) әсемділігі, бояулардың
тазалығы мен үйлесімділігі, маталардың асылдығы шебер біріктіреді. Кілем
тоқу шеберлері кілем және кілем бұйымдарын көркем бейнелеудің түрлі
композициялық, өндірістік амалдарын, тәсілдерін жетілдіреді. Қолдан кілем
тоқумен қатар механикалық кілем тоқу да даму үстінде. Соңғысы еңбек
өнімділігіне, жоғарылығына қатысты тиімдірек. Қолдан кілем тоқитын кілем
шебері орта есеппен алғанда 7м2 25 күн (мата тығыздығы мен суреттің
композициялық күрделілігіне байланысты) тоқиды. Ал машина көмегімен
тоқылған еңбек көлемі бір жұмыс кезінде-ақ 23-30 м2 түрлі түсті өнім,
өрілмеген әдіспен 400 м2 біртүсті өнім шығаруға болады. Алайда тоқу сапасы
мен сурет күнделігі бойынша қолдан тоқылған кілемдер жоғарырақ, сондықтан
олардың былғары да 2-3 есе жоғары.

Жоғарыда айтылған мәліметтерге сүйене келе ойымызды түйіндесек,
әлемдегі ең көне кілемдер Алтай тауындағы Пазырық, Бес шатыр қорғандарында
және Гобби шөл даласында табылған. Б.э.д. VI-IX ғ. жататын түкті және тақыр
кілем үлгілері болып табылады.

2. Түкті кілемдер

Түкті кілемдер тоқу Қазақстанның оңтүстік аудандарында (Шымкент,
Қызылорда, Тараз) кең жайылған.
Түкті кілемдер әдетте еден бойын бойлап жатқан кері ағашта тоқылады.
Еден бойын бойлап жатқан кері ағаш тіке келген түрінен үлкенірек келеді,
құрылымы жағынан да ұқсас. Олардың айырмашылығы келесіде. Кілем желі
жіптері – ағаш рамаға тартылып, төменгі және жоғарғы желі жібіне адырғымен
(тіреу) бөлінеді. Төменгі негіз жіптері күзу жіптермен өрмек ағашқа
жалғанады.
Күзу жіп пен адырғы ұрғашы және еркек желі жіптерінің орналасуын
ауыстыруға қызмет етеді: егер адырғы бос тұрса, онда күзу жіптермен өрмек
ағашқа ілінген төменгі ұрғашы жіптері еркек желі жіптерінің үстінде болады,
егер адырғы кілем кеңістігіне тіке бойлап тұрса, онда ұрғашы желі жіптері
астында қалып қояды. Еркек ұрғашы желі жіптерінің ауысып келуі тоқыманың
өрілуіне қажет.
Сонымен, өрмек ағаш пен күзу жіптері тақыр кілем тоқушы кері ағаштарда
болғанымен, түкті кілемдерді тоқу өрмек ағаштарында міндетті болып келеді.
Түкті кілем үш жүйелі жіптердің өрілуінен тұрады: қос қабат желі жібі,
арқау жібі, түрлі түсті түкті теру жіптер.
Түкті кілем тоқу құралдары күрделі емес: пышақ - өрнек жіптерін желі
жіптерімен өрілуден кейін кесуге арналады; қайшы – түк биіктігін тегістеу
үшін қолданылады; тарақ - өрнек пен арқау жіптерін тығыздайды.
Түйіндер күрмеп алу шалысы кезінде өрнек жібі желі жібінің (2) үстін
орап өтіп, ұштары төменнен жоғарыға қарай сол екі жіп арасынан шығарылады,
жарым тоқуда жіп ұштары желі жіптердің бір жағынан ғана шығарылады.
Түкті кілем тоқу келесі бірнеше әдістен тұрады.
1. Адырғы, бос орналасқан (яғни кілем бір бағытта).
Адырғының мұндай орналасу жағдайында өрмек ағашқа ілінген ұрғашы
жіптері кілемнің жоғарғы өрнек жіптерінің үстінде орналасады.
Түкті иірілген жіп желі жібіне күрмеп алу немесе оңды-солды шаруашылығы
түйінделіп, ұштары пышақпен қиылады.
Тоқылып жатқан кілемдегі түйіндер жасалып біткенен кейін арқау жібі
тартылып, тарақпен тығыздалады.
2. Адырғы тік тұрған кезде, ұрғашы желі жіптері астында қалып қояды.
Бұл жағдайда ұрғашы және өрнек желі жіптерінің тоғысуы жүреді. Соның өрілуі
жүреді. Өрнек жібі түйін ретінде желі жіпке тіркеліп, бірқатар түйін
байланғаннан кейін арқау жібі қайта жіберіледі.
Кейін адырғы, - алдыңғы қалпына келгенде тоқу үрдісі қайталанып келе
береді.
Кілем желісі тола бере өрмек ағаш пен адырғы тоқылмаған кеңістікке
жылжытылады.
Бұл тектес кілемдердің түгі аласа (түк биіктігі 3-5 млм) және жоғары (7-
11 млм) болып келеді. Алғашқыларындағы кілем тығыздығы 1дм2 ішінде 2500-
10000 түйінге дейін жетеді. Соңғыларының тығыздығы төменірек болады:
1 дм2 ішінде 900-2400 түйін кездеседі. Түгі аласа кілемдер керегеге
ілінеді де, түгі жоғары кілемдер еденге төселеді.
Түкті кілем өрнектілігі түрлі бояуларды қамтиды.
Түкті кілем өрнегінің ерекшелігі болып бүкіл кеңістік бойында
симметриямен берілген розеткалар, (шаршы, тікбұрыш, домалақ, жалпақ т.б.
тұлғадағы) кезігуінен танылады.

3. Тақыр кілемдердің түрлері.

Тақыр кілемдердің өндірісі Қаратаудың сол жағында кең таралған.
Кілем өндіруде шикізат ретінде көктемгі қырқымнан алынған жабағы жүн
пайдаланылады. Ол күзем жүнге қарағанда жақсы иіріледі.
Иірілген жіпті әзірлеу алдында жүнді жақсылап жуады, артынша қайнатып,
кептіреді. Одан кейін жүн таралып, үш бөлікке бөлінеді: ең ұзыны жәй жіп
жасауға жіберіледі, сапасы бойынша жақсырақ, жұмсақ бөлігі арқау жібіне
жіберіледі, ал қалған бөлігі екінші сортты жүн өнімдерін жасауға жұмсалады.

Өрнек жіптерін ұршықпен иіреді. Өрнекке арналған домалақ жіптерді
сіретке қажетті бояумен бояйды. Бұл жерде боялу сапасына үлкен көңіл
бөлінеді. Өрнекпен қатар түстерінің түрлілігі, бояулардың беріктілігі
кілемнің көркемдік сапасын анықтаушы негізгі көрсеткіштері ретінде
танылады.
Иірілген жіпті даяр ерітіндіге салады да, үздіксіз арастырылып отырып 1
сағаттай қайнатады. Боялған жүнді қайтадан сумен жуып, шаң қонбайтын жерде
кептіреді. Жоғары сапалы өрнек жіптерін иірілген қос жіптен жасайды, оның
мықты болуы үшін ешкінің жүнін қосады. Кілемнің негізіне боялмаған жіптер
алынады.
Түскиіз тақыр кілемдерді өндіруге арналған кер ағаштар ауылдық жерлерде
кездесіп отырады. Олар тігінен келген 350х200 см. келген ағаш қаңқасын
құрайды. Бұл киіз үй ерекшелігіне байланысты болып келеді. Онда өрмек ағаш
көп орын алар еді. Ал тіке келген ағашы ыңғайлы. Сондықтан көшпелі халық
арасында ол көп қолданылған. Отырықшы, жартылай отырықшы мекендерде үйлерде
көлденең өрмек ағаштар қолданылу мүмкін болған. Сондықтан тік станоктар
Қазақстанның солтүстік аудандарында (мысалы, Қостанай облысы), ол көлденең
станоктар орталық аудандарда (мысалы, торғай облысы) кең тараған.
Тік станоктың рамасына кілемнің желісі боялмаған қатты жіптерден
салынады. Әдетте 200 см екі бар рамаға 930 жіпке дейін тартылады.
Тоқылған полотноны тоғыз тартуға серу ағаш пайдаланылады. Ондағы жіптен
жасалған түйіндер арасынан кілем желісінің жіптері өтеді.
Кілем негізін тоғыз тарту үшін серу ағаш асатын бағаналар қағады.
Кілем негізі өрнекке тола салысымен бағаналар алынып, жылжытылады да, серу
ағаш қайтадан бағаналармен бекітіледі.
Негіз жіптері арасынан өрнек (арқау) жіптерін өткізу құралы ретінде
инелік пайдаланылады. Оған өрнек салуға қажетті түсті жіп оралады.
Тік станокта тақыр кілем тоқуға ең қарапайым кең таралған мата
жіптерінің өрілу түрі сипатты болып келеді. Онда арқаудың әр жібі негіздің
әр жібімен өріліп, мата бетінде шахматтық тәртіппен келетін бекініс
жасайды.
Мұндай өрілу түрінің маталары тегіс болып, оң, сол жақтары бірдей болып
келеді.
Көлденең станокта тоқу өзіндік ерекшеліктерге ие. Көлденең станок
қарапайым құрылады. Паралель келген екі бағанадан тұрады.
Оларға кілем, желісі оралады. Желі жіптерінің еркегі мен ұрғашысы
арасында адырғы орналасқан, ол желі жіптерді серу ағаш ретінде бөліп
отырады.
Тоқылып отырған желі ұршағы жібі аласа, ұзындығы тоқылып жатқан кілемге
жуық отырғыш қойылады. Осы отырғышқа шебер отырып, өз кілемін тоқиды.
Көлденең кілем тоқуда міндетті құрал ретінде инеліктен басқа тарақ та
танылады. Онымен тоқымашы арқау жібін тоқылған матаға тегістейді.
Кілем тоқу үрдісі екі негізден тұрады: теру мен сүзу. Бірінші негізде
жіптер кезекпен асты үстінен алынып отырады да жіптердің жұтқыншағын
жасайды. Таңдаулы жіптер арасынан жұтқыншаққа қажетті өрнек жібі
шығарылады. Екінші сүзу кезеңі тоқылып жатқан кілемнің бүкіл ені бойынша
арқау жібін өткізуден тұрады. Арқау жібін өткізгеннен кейін, саусақтар
алынып, желінің босатылған жіптері (ұрғашы еркек) арқау жібін ұстап тұрады.
Осы кезеңдерді тоқтаусыз қайталау арқылы тақыр кілемдер тоқылады. Тақыр
кілемдерді тоқу технологиясының бір ерекшелігін атап өткен жөн. Тақыр
кілемдерді тоқу теріс жағымен жүреді, себебі белгілі бір өрнекті тоқып
болғаннан кейін арқау жібі кесіліп, оның ұштары тоқылып жатқан кілем
үстінде, яғни теріс жағында қалып қояды.
Кілем тоқылып болғаннан кейін өрмек ағашы соңғы бағаналарындағы, жіптер
тігінен келген кіндік бойынша келісіп (тілініп) кілем оң жағына аударылады.
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданының Нұрлы совхозының кілем тоқымашысы күні
бойы (таңғы ас пен түскі асқа босатылып) 200х300 см көлемді түскиіз (тақыр)
кілемді 25 жұмыс күнінде бітірді.
Келесілерді атап өткен жөн:
1) Тік кер ағашында тоқылған кілемдер өрнекті суреттері арқаудың
түсті жіптері мен кілем желісі жіптерінің өрілуі арқылы
жасалатын бір қабатты мата түрінде келеді;
2) Көлденең кер ағашында кілем өрнегін жасаушы өрнек жіптерінен,
басқа кілемнің бүкіл ені бойынша өрнек жіптерінің әр қатарынан
кейін арқау жібі тартылады;
3) Тік кер ағаш, кілем бетінің өрнектермен толығуына қарай, желі
серу ағашын босату арқылы жылжытылып, кілемнің дайын бөлігін
төмен түсіріп, серу ағаш қайтадан бекітіледі;
4) Көлденең кер ағаш, инелік желі жіптері қатаң бекітіліп, тоқымашы
кілем бетін өрнекпен бір шетінен екіншісіне қарай толтыра
бастайды;
5) Тік кер ағаш өрнектер инеліктің көмегімен салынады.
6) Көлденең кер ағаш инелік желі кездесе бермейді, желі жіптер
арасынан түсті жіптер өткізіліп, жасалған өрнектер тік өрнек
ағаш тарақпен тығыздалады.
7) Көлденең кер ағаш тоқылған сурет күрделірек және көркемдірек
болады. Өзінің композициясы бойынша түкті кілемнің өрнекті
суретіне сай келеді.
Кілем тоқу өнерінде қолданатын біраз өрнектерді қарастырып көрейік.
1. Қошқар мүйіз – қазақ оюларындағы алдынғы орындағы өрнек.
2. Омыртқа – дербес өрнек ретінде қолданылады. Эволюциялық әдіс
тұрғысынан бұл өрнек түрінің қарапайымнан күрделі түріне дейін
дамуын көруге болады.
3. Ботакөз. Әдетте ол кілем бетіне белгілі бір өрнекті ерекшелеу
үшін қолданылып, тік кіндіктің екі жағынан орналасып келеді.
4. Бота мойын өрнегі сирек кездеседі.
5. Құс тұмсық әдетте баса өрнектермен кешенді түрде кезігеді. Жеке
өрнек ретінде ол кіндік сызығы бойында түстермен кезектесіп
орналасады.
6. Қарға тұяқ өрнегі жеке сурет ретінде емес, күрделі композиция
ретінде кездеседі.
7. Сыңар мүйіз немесе сыңар өкше өрнегі әдетте кілем көмкермесі
суретін құрайды.
8. Тышқан ізі жебе тептес фигуралар, көбінесе ою қатарларын
ерекшелеуде қолданылады.
9. Сірге өрнегін матаның жоғарғы жағында қатар түзеді.
10. Балта сабы - өте жиі кездесетін өрнек. Бұл өрнектің көнедегі
атауы – “қайық құйық” немесе ит құйрық.
11. Тұмарша жеке өрнек ретінде, басқа өрнектермен қатар кешен құрай
алады.
Қазақтың тақыр кілемдеріне өрнектердің тік, көлденең бойынша орналасуы
ірі өрнектер, ою-өрнек кешендерінің тепе-теңдігі, жиек оюларының түрлі
түстердің шектеулігі тән болып келеді. Өрнекте сурет тақтасы әдетте қызыл
болады, сирек кезде сарғылт, көк түстер қолданылады. Өрнектер көк, қызыл,
жасыл, қара, ақ т.б. түсті болып келеді. Бір кілемде 5-6 – дан артық түс
болмайды. Өрнектер кілем тақтасына ашық көрінеді, баяу өту кездеспейді.
Өрнектердің кешендер бойынша бөлінетін кілемдердің төрт түрін
кездестіруге болады.
1. Шаршы кілем – бұл кілемнің ортаңғы алаңы жеке-жеке шаршысы
бөліктерге бөлініп, іші өрнекпен толтырылады.
Кілем көшеннің ортаңғы алаңы көлденең бойынша орналасқан екі қатар
шаршы бөліктерден тұрады. Олардың іші қос мүйіз өрнекпен, ал кілем
бұрыштары қошқар мүйіз өрнекпен әшекейленген. Ортаңғы алаң мен көмкерме
арасындағы кеңістік сол өрнектермен, бірақ кіші көлемде, әшекейленген.
Кілем көмкермесіне сыңар мүйіз өрнегі салынған.
Кілем тақтасы қызыл. Орта алаң өрнектерінің түстері, сары көмкермесі
бар жасыл, ақ, қоңыр.
Мұндай кілемдер әшекей ретінде пайдаланып, интерьерде маңызды рөл
атқарады.
2. Тақта кілем. Бұл кілем түрінде кілем тақтасының ортасы орналасқан
кілемнің ортаңғы алаңын өткір ұшты кең жолақтар жайлаған. Беріліп тұрған
кілемде түрлі түсті тік тақта көлденеле келе бойында ромб тектес тұлғалар
(өрнектер) тоқылған. Олардың іші кезектесіп келген ботакөз өрнегімен
әшекейленеді. Ромб төбелері қарға тұяқ өрнектерімен әшекейленген. Ұзындығы
бойынша орналасқан жиегіндегі ою өрнек әуендері кіші көлемді ромб тектес ою-
өрнек әуендерімен әшекейленген.
Тік жолақтар (тақта) мен өрнектер қызыл, көк, ақ және сарғылт болып
кезектесіп беріледі. Ортаңғы ромбтардың жақтары мен ондағы қарға тұяқ
өрнектер қара түсті болып келеді. Бұл кілем баспана керегелерінде ілулі
немесе төрде ілулі тұрады.
3. Боднос кілем. Мұндағы көшені тік және көлденең келген көпбұрыштардың
тепе-теңдік сақтауы бойынша орналасуынан тұрады.
Әрине өткен де бұл кілем атауы басқа болатын, бірақ кейіннен ол атау
орыс лексикасымен ауыстырылды.
Берілген иллюстрацияда көрсетілген кілемде ортаңғы көлденең орналасуы
бойында қос мүйіз өрнегінің ромб тектес ою-өрнек кешені орналасқан. Ортаңғы
– көлденең өрнектердің жан жағында сегіз бұрыштар салынған. Ортаңғы кіндік
бойында балдақ мүйізімен әшекейленген тіке сызықтық ою өрнек әуендерінен
орналасады.
Арабы кілем. Көптеген ғалымдардың зерттеуі бойынша Әлкей Марғұлан,
Өзбекәлі Жәнібеков. Бұл кілемнің өрнегі бірінғай болып келеді. Мұндағы аз
ғана өзгерістер тоқымы бұйымның ғасырлар бойы қалыптасқан суретін бұзбайды.

Арабы кілемдер Орта Азия аудандарында өзінің көрші елдерінен келген
болатын. Сонымен қатар ол бағалы заттардың қатарына жатады.
Арабы кілем өрнектері дәстүрлі болып келеді: орта алаңдағы өрнектер тік
бойымен орналасады да түрлі бөлімді тақтаға (жалақтарға) көмкіріледі.
Кілем шетінен бастап өрнек тақталары келесідегідей орналасады: алдыңғы
жолақ иректеп беріледі, келесіде ботакөз, үшіншіде балта сабы өрнектер
беріледі. Ары қарай алдыңғылары қайталанып келе береді.
Бірқатар тар жолақтардан кейін қошқар мүйізбен тіркескен тұмарша
үшбұрыш ретінде салынады.
Артынша қарға тұяқ, балта сабы кезектесіп келген өрнектер кездеседі.
Аталған өрнектерден кейін алабас өрнегімен берілген тақта (жолақ)
тоқылады.
Жоғарыда аталған тор, жалпақ жолақтардың кезектесуі арабы кілемдердің
өрнекті суретін құрайды.
Көлденең ортасын аса көмкермесін жағалай қошқар мүйіз өрнегі
бастырылады.
Бұл кілем тақтасы әдетте сарғылт, сирек кезде қызыл болады. Өрнек
түстері: көк, сары, қызыл, қоңыр.
Тақыр кілемдердің төрт типтері осылай болып келеді.
Көшендік құрылымдары көбіне осылардың ішінен табылып отырады. Орымхан
Жұмаханның анықтамасы бойынша алабас және арабы кілем шығу тегі
төмендегідей жіктелген.

ІІ Кілем тоқу технологиясы

1. Кілемдерді шалыс әдіс-тәсілдері

Қолдан тоқылған түкті кілемдер өзінің құрылымы бойынша көп қабатты
өрілген мата тектес. Соңғысы жіптердің үш жүйесінен тұрады: желі жібі,
кілем желісін құрушы жіп, түрлі түсті түкті теретін жіптер, арқау
жіптерінен бір-біріне тығыз орналасқан иірілген жіптің жеке түкті түйіндері
тігінен бекітілген. Белгілі биіктікке дейін оң жағынан қырқылған
түйіндердің ұшы матаның кілем желісі тазалайтын түкті жамылғы жасайды.
Өрнек түрлі түсті түкті иірілген жіптердің белгілі тәртіппен кезектесуінің
негізінде пайда болған. Қолдан тоқылған түкті кілемдер мен кілем бұйымдары
оларға салмақты қалыңдық, мамықтық және қолданыстағы жоғарғы тозбаушылық
беретін қалың түкті иеленеді. Түк биіктігі бойынша қолдан тоқылған кілемдер
төмен түкті (3-5мм.) және биік түкті (7-11мм.) деп бөлінеді. 15-18мм.
биіктігі бар түкті кілемдер кездеседі. Төмен түкті кілемдер мен кілем
бұйымдары жоғарғы тығыздықты (1дм2 ішінде 2500 ден 10000 дейін түйін)
матадан жасалады. Олар әдетте кереге, жиһаз жабуға арналады: төсек жаны
кілемдер, дастархан, кереге кілемдер және т.б.. Мұндай кілемдердің жалпы
ауданы 0,5-2,5м2, орта көлемдері 100х60, 135х70, 100х90, 180х100см. Биік
түкті кілемдер жерге төсеуге арналған. Олар тығыздығы 1дм2, 800-2400 түйін
құрайтын матадан жасалады. Мұндай кілемдердің жалпы ауданы 3-20м2, сонымен
қатар ені мен ұзындығы арасындағы айырмашылық 1м-ден аспайды. Мысалы:
350х250, 370х270, 400х300, 500х400см. Қолдан тоқылған түкті кілем немесе
кілем бұйымдарының 1м2-та салмағы 2000-4000г. Л.М. Левиннің баяндауынша
түкті кілемдер мен кілем бұйымдары қолдан тоқылғандықтан сапалы өнімімен
болады, олар ескірмейді, уақыт өте баяу беріктілігі пайда болады. Түкті
және түксіз қолдан тоқылған кілемдер мен кілем бұйымдары тігінен және
көлденеңінен орналасқан кілем тоқу станоктарында тоқылады. Соңғылары екі
бүйір тіреуден, оларды байланыстырушылардан және екі біліктен немесе
негіздің жіптерін тарту үшін екі біруыстан тұрады. Анағұрлым төменгі және
жоғарғы құрылғылары бар жетілген станоктар да кездеседі. Мақта-маталы
негізді дайындау кілем тоқу станогында негіздің жіптерін төменгі және
жоғарғы көлденеңнен орналасқан төсеу ағашқа үздіксіз орау арқылы немесе
тәсілдермен жүреді. Түкті кілемдер мен кілем бұйымдарын жасау кезде түкті
жіптерді желі жібіне тіркеу үшін түйін байланады. Түйіннің екі шалысы бар:
қос – гиордес және оңды-солды шалыс әдісі – қолдан түйін байлау процесі
түкті жіпті әперу, түйінді байлау, тарту және ұштарын кесуден тұрады. Түйін
саусақпен ілгіш пышақ көмегімен байланады. Түйіндердің әр қатарынан кейін
арқау жібі жіберіледі. (бір немесе екі ұшы) Зев негізде қолымен басу және
адырғы ағаш планканы жылжыту немесе арнайы механизм арқылы пайда болады.
Арқауды салғаннан кейін, оның үстіне темір тісті тоқпақпен түктерді қағудан
пайда болған үзіктен арқауды сақтау үшін мақта-мата жібі салынады. Содан
кейін арқау жіпті алып түкті түйіннің шығып тұрған ұштарын көмкерлеуді
бастайды. Савонари типтес кесілген түкті Француз кілемдері тоқу техникасы
бойынша шығыс елдердің кілемдеріне ұқсас келеді. Айырмашылығы мынада ғана
желі жібі кілем шалысына (теру жіптері) ұштары бар шыбықты суырып алады,
сол кезде ол түкті кесіп өтеді. Мұндай кілемдерді өндіру өндірістік маңызға
ие емес, бірақ бір қызығы, бұл кілемдерді тоқуда қолданатын шыбықтың
көмегімен түкті кесу әдісі кілем тоқушы шыбықты машиналар жасап шығарумен
тоқуға негіз болады. Кілемдер мен кілем бұйымдары суреттері арқау мен желі
жібін қосу түрлі түсті жіптерінің өрілуі арқылы пайда болатын бір қабатты
маталардан жасалады. Оларға палас килим (кілем) шпалералар, сумахи жатады;
ал кілем бұйымдарынан ямани т.б. кездеседі. Паластарда арқаудың түрлі түсті
жіптері өзара байланыспаған, сол себепті сурет бойынша саңылаулар пайда
болады. Түксіз бір жақты француз кілемдері (шпалералар немесе гобелендер)
қызықты ерекшелікке ие: олар төменен жоғарыға емес, солдан оңға қарай, желі
жібі жіптерінің орналасу бағытына қарай тоқылады. Тоқудың мұндай әдісі
негізінде суретте тура сызықтар аз болып, олар кезіккен жерде, кілем
матасында желі жібі жіптері бағытына қарай сызықтар қалып қалды. Оларды
кейіннен дайын кілемде қолымен тігу қажеттілігі туындайды. Сумахи типтес
бір жақты маталарда өрнек жасаушы иірілген жіп өріммен жасалады.
Нәтижесінде желі жібі өрілмеген жіп бөліктері пайда болады, ол ұзындығы 5-
10см. түрлі түсті жіптердің жеке ұштары матаның теріс жағына өздігінен
түсіп отырады. Сумахи килим мен паласқа қарағанда әлде қалай ауыр болып
келеді.
Осы көзқарасты ұсынып отырған Л.М. Левин, В.И. Свердлиннің пікіріне
қосыла келе Жұмахан Орымхан “Қазақ ханымы жоғары оқу орны компаненті” атты
инновациялық оқу бағдарламасының "Қолданбалы қолөнер, кілем тоқу әдіс-
тәсілдері" бөлімінде төмендегідей анықтама береді: Желі жібін өрмек ағашқа
тарту арқылы еніне байланысты пайда болады, кеңістікті кілем желісі деп
атайды. Желі жіптерін адырғы ағашына теру арқылы желі жіптері екі қатарға
үстінгі, астынғы деп екіге бөлінеді. Қазақ қолданбалы қолөнерінде астыңғы
қатардағы жіптерді ұрғашы жіп деп, үстінгі қатардағы жіптерді еркек жіп деп
атаған. Осыған орай басқа халықтарда да мысалы: Грузия халқының кілем тоқу
өнерінде. Осы атаулар Санка – Самец деп аталады. Осы анықтамаға сүйене келе
кілем тоқу өнері көне заманда бір халыққа тән дүние болып танылған. Яғни ең
көне кілем түрлері Алтай тауынан таралады деген тұжырымдама жасалынған.

2.2. Қазіргі заман кілемдері

Кілем өнімдері өткен замандарда қазақтардың тұрмысында үлкен маңызға
ие болған. А.А. Богалюбов ел туралы былай жазған:“Көшпенділер үшін кілем
қажет зат,онсыз бай да кедей де тұра алмайды. Кілем мен қомша (киіз) ең
алдымен киіз үй құрылысына қажет зааттар”.
Қазіргі кезде де ата-баба дәстүрі кең жайылып, ауыл тұрғындары
арасында тараған. Кілем пайдаға асыру мен әсемдеу заттардың бірден бірі.
Тоқылған кілемдер түкті және тақыр болып бөлінеді. Ең көп еңбекті
қажет (талап) ететіні түкті кілемдер.
Тақыр кілемдер өрнегі арқаудың түсті жіптері мен негіздің бір түсті
жібімен өрілуі арқылы жасалатын бірқабат мата болып табылады.
Көп жылдық этнографиялық зерттеулерден түкті және тақыр кілемдердің
тұрмыста қолданылғанын анықтауға мүмкіндік береді.
Түкті кілемдер оңтүстік Қазақстанда, Сырдария өзенінің бассейіні
бойынша жерлерде (Қызылорда, Шымкент, Тараз) жасалады.
Қаратаудың солтүстік жағында тақыр кілемдер өндірісі орын алған
(Орал, Ақтөбе, Қостанай, Торғай, Қарағанды, Жезқазған ).
Кілем тоқудың шектеулі аудандардың тұрмысы қазақтардың экономикалық
тұрмысымен түсіндіріледі. Түкті кілемдерді тоқу көп уақытты қажет
етпегендіктен, отырықшы аудандарда кең тараған. Тәжірибелі тоқымашы бір ай
ішінде (күн сайын 7 сағат бойы) шағын 1,5х2 м түкті кілем тоқи алады.
Әдетте кілемдер 2,5-3х4-5м көлемінде жасалған. Әрине, мұндай қиын жұмыс
тұрақты бос еңбек үшін және біраз отырықшылдықты талап ететін. Мұндай
жағдайлар отырықшы оңтүстік елдерде (мекендерде) болған. Ерлер егін салумен
айналысқанда, әйелдер бос уақыттарын үй шаруасымен өткізген.
Басым жерлердегі көшпелі өмір сүру салты бос уақытпен қамтамасыз
етілмеген. Түкті кілем тоқуға жағдай болмаған. Бар уақыт кезінде әйелдер
бау, басқұр т.б. ұсақ заттар тоқитын.

ІІІ. Гобелен.

3.1. Шығу тарихы.

1601 жылы Фламандық Француа де ла Планш Париждің түбінде орналасқан
Гобель деген отбасыларының жүн бояйтын шеберханасын сатып алды. Осының
орнынан кілем (тақыр) тоқитын шпалера мануфактура Франция корольдігінің
кілем шығаратын мануфактурасына айналды. Осы жерде шыққан кілемдер әлемнің
жан-жағында үлкен сұранысқа ие болды. Мануфактураның аты сол Гобельдер
отбасының атымен аталып кетті. Осы кездерден бастап тақыр кілемнің бір
түрлері Гобелен деп аталып келеді.
Немістің сюжеттік кілемдері. Көне тегіс сюжеттік кілемдерге анықтама
ретінде, жалпы алғанда “шпалера” ұғымы алынады. Ол гүлдерге арналған
тордың итальян тіліндегі мағынасынан жасалады. Одан кейінгі атаулар
кілемдердің шығу жерлерін, сюжеттерін, басқа да себептерін белгілеуші
ретінде пайда болған.
Сақталып қалған Еуропалық шпалералардың ең көнелері неміс
шпалералары. Олардың біразы ғана сақталған. Олардың ішіндегі айтарлықтай
қызығушылық тудыра алатындары – Хальберштадтық шіркеудегі ХІІ ғасыр
ортасындағы “Періштелер” мен “Апостолдар” және 1200 жылғы “Карл”.
Германияда көбінесе манастрь мен шағын шеберханаларда тоқитын. Сол
себепті тоқымашылар суретшілердің қызметін қажет етпейтін.
Станоктар біз жұмыс бастаған (шегесіз) жетілдірілген рама ретінде
беріледі. Тігінен келген станоктар “баслис” деп аталады.
Орта ғасырларда Еуропаның оңтүстігінде керегелер фрескалық
кескіндемелерімен (живопись) әшекейленген, ал солтүстік жақта оларды
шпалералар ауыстырған. Алғашында кілемдер сюжеті керегелік суреттерден
алынған.
Орта ғасырлық қорғандарда шпалералар бір керегеден екінші керегеге
өтетіндей бұл ретінде ілінген. Олардың жатын бөлмедегі далда (балдахин),
үлкен залдардағы шымылдық ретінде қолданған. Сондықтан ерте кездегі
шпалералар үлкен көне шиыршықтарға ұқсас келген. Шпалераларда библия
сюжеттері жиі қолданылады. Алайда, жалпы алғанда, олар живописьтегідей
маңызды рөл атқармайды.
Эрмитаждағы “Апостол Форма және Матвей” неміс шпалерасының шағын
үзіндісін ХV ғасыр соңына жатқызады. Бұл ұзын енсіз кілемнің сол жақ бөлігі
мұндай шпалералар әдетте шіркеудегі орнындықтардың арқасын әшекейленген.
“Апостолдар” – ертедегі шпалералық шығармашылықтың сипатты үлгісі.
Фигуралар (тұлғалар) орта ғасырлық иерархияны сақтау арқылы берілген.
Апостолдардың есімдері нимбтерде жазылған. Шиыршықта манархиняны айнала
былай жазылған: “қасиетті Фома, мен үшін дұға қыл”. Бұл шпалераны тапсырыс
ету үшін әйелдің суреті (бейнесі) болар деген болжам бар. Матадағы түрлі
жазулар ХV-XVІ ғасырдағы неміс шпалераларына тән қарапайым суретпен
қасиетті әулиелердің көмегіне деген сенімді көруге болады. Олар жалаң аяқ,
олардың үстінде алба-жұлба киім, аса таяқтары жай қисық таяқтардан
жасалған. Автор қарт Фоманың жылы жүзін және жас Матвейдің ашық көзқарасын
ерекшелейді.
Сызба тектес тұлғалар, қарапайым сурет тоқымашылардың шеберлік
деңгейлерінің төмендегі екенін нұсқап қана қоймайды, сонымен бірге олар
таза декаративтік ойлауға нұсқау жасайды.
Италяндық бұлдан алынған шығыс өрнектері мен геральдикалық матиф,
апостолдардың аяғының астындағы жұлдыздар мен гүлдер шығыс кілемінің
өрнегіне ұқсас фонды толықтырады.
Көк пен қызыл орта ғасырдың ең негізгі екі түсі болатын, себебі бөлу
ретінде көбіне индиго мен морена тамыры немесе кошинел қолданылатын. Әдемі
жасыл түсті сары жіпті индигомен бөлу арқылы жасайтын.
Неміс шеберлері тоқыма өнерінің барлық негізгі тәсілдерін қолданған:
“тікелей” және “қисық” тесіктер, утоктарды бірліктіру тағы басқа. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан бейнелеу өнерінің даму тарихы
Қазақ халқының қолданбалы ұлттық қол өнері
Қазақ халқының кілем тоқу тарихы
Қазақ ұлттық костюмінің дамуы
Ұлттық ойындар арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы
Қазақтың сәндік өнерінде оюдың түрі өте көп
«Өнер» баспасы өнімдерінің ерекшеліктері
Эстетикалық тәрбиенің мақсаты - жеке адамның эстетикалық мәдениетін дамыту
Эстетикалық тәрбиенің теориялық негіздері
БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҒЫНДА ГОБИЛЕН ТОҚУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Пәндер