Сарапшының қортындысы дәлелдеу құралы


Сарапшының қортындысы дәлелдеу құралы ретінде
Сарапшының қорытындысы - іс жүргізу құжаты, онда жүргізілген зерттеудің нәтижелері баяндалады, койылған сұрақтардың біреуіне болса да жауап өз мәнісі бойынша беріледі немесе тұжырымнын біреуі болса да сарапшынын бастамасы бойынша жасалады. Сарапшы (сарапшылар) өз атынан жазбаша корытынды жасап, оны өз қолын қоюы және жеке мері арқылы растап, сараптама тағайындаған органға жібереді. Сараптаманы сот сараптамасы органы жүргізген жағдайда сарапшының (сарапшылардың) қолы аталған органның мөрімен расталады.
Заң (ҚІЖК-нің 251-бабы) кұрылымын анықтамай-ақ, сарапшы қорытындысы мазмүнының негізгі элементтерін белгілейді. Алайда, сарапшылық практикада мұндай кұрылым жасалған және ведомстволық нормативтік кұкыктық актілерде көрініс тапқан. Соңғыларға сәйкес, сарапшының қорытындысы үш белімнен түрады, олар: кіріспе, зерттеу және тұжырым.
Сарапшы қортындысының құрылымы мен мазмұны.
Сарапшы қорытындысының кіріспе болімінде мыналар көрсетілуі тиіс: сараптама атауы, оның нөмірі, материалдар келіп түскен және корытынды жасалған күні; сараптама тағайындаған адам; сараптама жургізудің негізі (қаулыны кім, қашан және кай іс бойынша шығарды) ; зертеу объектілерінің тізбесі; жеткізу тәсілі, зерттеуге түскен объектілер орамасының түрі; сараптама жүргізу кезінде қатысқан адамдар туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесіні аты, іс жүргізу жағдайы) ; сарапшының алдына қойылған мәселелер; сарапшының бастамасы бойынша койылған мәселелер; сарапшы (сарапшылар) туралы мәліметтер - тегі, аты, әкесінің аты, білімі, мамандығы, мамандык бойынша жұмыс өтілі, ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы, лауазымы; көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстык жауаптылығы туралы өзіне ескертілгені туралы сарапшының кол коюымен куәландырылған белгі.
Осында оған косымша материалдар ұсыну туралы сарапшынын берген өтініші туралы, қорытынды беру үшін елеулі мәні бар іс мән-жайлары туралы, жүргізілетін сараптама түрі туралы ақпараттар болуға тиіс.
Зерттеу бөлімінде сараптама объектілерінің жай-күйі; қабылданған зерттеу сұлбасы; пайдаланылған зерттеу әдістері мен оларды қолданудың техникалық шарттары туралы; сарапшы жүргізген эксперимент нәтижелері туралы; сарапшының қатысқан тергеу әрекеттері және егер зерттеу үшін маңызы болса, олардың нәтижелері туралы; зерттеу барысында пайдаланылған нормативтік құқықтық актілер мен анықтамалык әдебиеттер туралы; жүргізілген зерттеудің нәтижелерін сарапшылык бағалау туралы мәліметтер көрсетіледі.
Зерттеу әдістемесі оны сарапшының толық колдануы туралы айтуға және кзжет болғанда, зерттеуді қайта жаңғырту аркылы тұжырымдардың дұрыстығын тексеруге болатындай сипатталады.
Әрбір сұракка зерттеу бөлімінің белгілі бір тарауы сәйкес келуі керек.
Сараптама актісінің зерттеу бөлімінде бейнелеу материалдары - косымшада болатын фототүсірілімдер, сұлбалар, сызбалар, регистрограммалар, контактограммалар қоса беріледі. Бұл материалдар корнекілікті камтамасыз етіп, сарапшылар тұжырымдарының сенімділігін арттыруға бағытталады.
Қорытындыға мына бейнелеулер коса беріледі:
1) олардың кейінде өзгеруі кезінде ерекше мәні бар зерттеу объектілерінің жалпы (алғашқы) көрінісінің түсірілімі;
2) анықталған белгілері корсетілген объектілердің жеке боліктерінің түсірілімі;
3) олардың бақылау түсірілімдері, өйткені үстінен басып жазу және шартты белгілер анықталған бөлшектерді қабылдап түйсінуде қиындық тудырады.
Тұжырымда койылған сұрактарға сарапшының жауаптары баяндалады. Әрбір сұраққа өз мәні бойынша тұжырым беріледі немесе себептерін көрсете отырып оны шешудің мүмкін еместігі көрсетіледі.
Сарапшының бастамашылық көрсетуі кезінде тиісті тұжырымдар қылмыстык процесті жүргізуші органның (адамның) сүрақтарының тұжырым-жауаптары соңынан беріледі.
Егер қорытынды берудің мүмкін еместігін растайтын мән-жайлар зерттеу барысында аныкталса, онда сарапшының корытындысы барлык сұрактарға немесе қойылған сұрактар дың кейбіреуіне жауап берудің мүмкін еместігі негізінде болуы керек. Сонымен бірге жүргізілген зерттеулердің расталмаған нәтижелері бойынша жасалатын сұрақты өз мәні бойынша шешудің мүмкін еместігі туралы түжырымды қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарламадан айыра білу керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz