Ұлттық публицистика дәстүрі
І. Публицистикалық шығармалардағы бейнелі философиялық ой этюдтері.
ІІ. а) Тақырып.атаулардың көркемдік сипаты
ІІ. ә) Такырып.атаулардағы қанатты сөздер.
ІІ. б) Публицистиқалық туынды тақырыптарындағы ұйқас пен ырғақ.
ІІ. г) Тақырып.атаулардағы ассонанс, аллитерация
ІІ. д)Публицистикалық тақырып.атаулардағы символдық қолданыс
ІІІ. а)Публицистикалық мәтін мазмұнындағы көркемдік троптар, фигуралар.
ІІІ. ә)Өнер.мәдениет қайраткерлеріне арналған шығармалардағы троптарды қолдану өзгешелігі

Жұмыстың мақсаты :
Қазақ сөз өнері мен ұлттық публицистика дәстүрінде өзіндік орны бар, суреткерлік қолтаңбасы мен азаматтық тұғырнамасы айқын Әбіш Кекілбайұлының көркемдік әлемі өзінше дара, ерекше сипатты. Әдебиеттану ғылымында қаламгер шығармаларының эстетикалық табиғаты әбден пайымдалып, тілтанымда жазушының стильдік дәстүрі жіті сарапталғандай оның көсем сөздерінің көркемдік әлемі жайында әлі де болса жалпы ғылымда танымдық зерттеулер жазылған жоқ. Осыған байланысты Әбіш Кекілбайұлының қаламынан туған публицистикалық еңбектердің көркемдік табиғатын ашуды мақсат еттік. Сонымен қоса бұл жұмыста сөз зергерінің тіліне тән көркемдік айшықтарды айқындауды оның азаматтық-қайраткерлік үнімен сабақтастырып, өзара стильдік-логикалық байланысын, тақырыптық-идеялық маңызы мен лексикалық нормаларының өзектестігін көрсетуді міндет еттік. Яғни сонау ХІХ ғасырдың ІІ жартысынан бері қарай өзіндік стильдік нормасы мен тақырыптық соқпағын салған ұлттық публицистика мектебіндегі Ә.Кекілбайұлы шығармаларының кестелі сөз сұлулығын, бейнелі ой оралымдарының даралығын барынша, жан-жақты сөз етуге тырыстық.
Тақырыптың маңыздылығы:
Әлбетте, тамырын тереңнен алатын бай тіліміздегі троп-фигура үлгілерінің теориялық сипаттамасы айқындалғандығы, көркем шындықтағы ролі әбден айтылғанымен ұлт руханиатындағы белді тұлғалардың сөз әлеміндегі құбылту, айшықтаулардың (троп, фигура) стильдік, көркемдік қызметі толықтай ашылған жоқ. Сол себепті де тілімздегі эпитет, символ, теңеу, метафора т.б. көркем әдебиеттегі қажеттілігіндей, көсемсөз көшіндегі тақырып-идеяға бейнелік, өткірлік, эмоционалдық-экспрессивтік маңыздылығын баса ескердік. Сәйкесінше публицист сөз саптасындағы троп-фигуралардың қолданысы арқылы шығармалардың проблематикалық жүгінің салмақтылығын дәлелдеуге тырыстық. Яғни бұл тақырыптың маңыздылығы - тілдегі көркем сөз кестелерінің сан алуан түрлерін таныту; олардың публицистикадағы ой-толғау, азаматтық үндеу мен парасат-пайымдауларды оқырман зердесіне жеткізудегі қызметін көрсетуі.

Кіріспе
Жұмыстың мақсаты :
Қазақ сөз өнері мен ұлттық публицистика дәстүрінде өзіндік орны бар,
суреткерлік қолтаңбасы мен азаматтық тұғырнамасы айқын Әбіш Кекілбайұлының
көркемдік әлемі өзінше дара, ерекше сипатты. Әдебиеттану ғылымында
қаламгер шығармаларының эстетикалық табиғаты әбден пайымдалып, тілтанымда
жазушының стильдік дәстүрі жіті сарапталғандай оның көсем сөздерінің
көркемдік әлемі жайында әлі де болса жалпы ғылымда танымдық зерттеулер
жазылған жоқ. Осыған байланысты Әбіш Кекілбайұлының қаламынан туған
публицистикалық еңбектердің көркемдік табиғатын ашуды мақсат еттік. Сонымен
қоса бұл жұмыста сөз зергерінің тіліне тән көркемдік айшықтарды
айқындауды оның азаматтық-қайраткерлік үнімен сабақтастырып, өзара стильдік-
логикалық байланысын, тақырыптық-идеялық маңызы мен лексикалық нормаларының
өзектестігін көрсетуді міндет еттік. Яғни сонау ХІХ ғасырдың ІІ жартысынан
бері қарай өзіндік стильдік нормасы мен тақырыптық соқпағын салған ұлттық
публицистика мектебіндегі Ә.Кекілбайұлы шығармаларының кестелі сөз
сұлулығын, бейнелі ой оралымдарының даралығын барынша, жан-жақты сөз етуге
тырыстық.
Тақырыптың маңыздылығы:
Әлбетте, тамырын тереңнен алатын бай тіліміздегі троп-фигура
үлгілерінің теориялық сипаттамасы айқындалғандығы, көркем шындықтағы ролі
әбден айтылғанымен ұлт руханиатындағы белді тұлғалардың сөз әлеміндегі
құбылту, айшықтаулардың (троп, фигура) стильдік, көркемдік қызметі
толықтай ашылған жоқ. Сол себепті де тілімздегі эпитет, символ, теңеу,
метафора т.б. көркем әдебиеттегі қажеттілігіндей, көсемсөз көшіндегі
тақырып-идеяға бейнелік, өткірлік, эмоционалдық-экспрессивтік маңыздылығын
баса ескердік. Сәйкесінше публицист сөз саптасындағы троп-фигуралардың
қолданысы арқылы шығармалардың проблематикалық жүгінің салмақтылығын
дәлелдеуге тырыстық. Яғни бұл тақырыптың маңыздылығы - тілдегі көркем сөз
кестелерінің сан алуан түрлерін таныту; олардың публицистикадағы ой-
толғау, азаматтық үндеу мен парасат-пайымдауларды оқырман зердесіне
жеткізудегі қызметін көрсетуі.
Мақсатқа жету жолдары:
Ал көрсетілген мақсатқа-міндетке жетудегі қалыптасқан әдеби-теориялық
ұғым, түсініктерді, публицистика жөніндегі пайымдауларды негізге алып,
қаламгердің жекелеген еңбектерінің көркемдігін айқындау әдісіне сүйендік.
Яғни публицист тілінде актив пайдаланылатын айшықтау, құбылтуларға баса
назар аудару, негізгі қолданыс аясын көрсету - мақсатқа жетуіміздің жолы
болды. Тақырыптық-идеялық бағыттардағы троптардың, фигуралардың қолдану
ара салмағын айқындауға да тақырыпты ашудағы тәсілдің бірі ретінде
жүгіндік.
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қоғам өміріндегі қазақ тілінің
статикасы (сол тұстағы қалыпты жай-күйі) мен динамикасына (дамуына) тікелей
әсерін қалай көрсек, қазақ мәдениеті мен баспасөзіндегі публицистикаға
ықпалын да анық байқаймыз. Сол тұстағы тілдік қолданыстағы қоғамдық-
публицистикалық стильдің пайда болуы жөнінде академик Рабиға Сыздықова ХІХ
ғасырдың ІІ жартысындағы қазақтың ұлттық жазба әдеби тілдің функционалдық
стильдерге тарамдала басталуымен байланыстырады. Яғни, басыңқы (доминант)
стиль бұрынғысынша көркем әдебиет стилі болды. Сонымен қатар өзге стильдер
туып, әрі қарай даму бағытын алды. Солардың бірі - қоғамдық-публицистикалық
стиль. Оның пайда болуы ең алдымен мерзімді баспасөздің тууына байланысты.
Түркістан уалаятының газеті (1888-1902), Торғай газеті, Ауыл
шаруашылық листогы дегендер патша үкіметінің жергілікті әкімшіліктерінің
органдары болғанмен, бұларда халықтың тұрмыс-жайы, оқу-ағарту мәселелері,
қазақтың ұлттық мәдениеті, тарихы, әдебиеті мен тілі т.б. туралы
публицистикалық сипаттағы материалдар басылып тұрды.
Мерзімді баспасөз беттерінде туған қазақ тілінің қоғамдық-
публицистикалық стилін онда жарияланған әлеуметтік, мәдени, экономикалық
мәселелерге байланысты материалдар танытады. Олар оқу-білім мен техника-
шаруашылық түрлері жағынан қазақ қауымының артта қалғаны, кейбір әдет-
ғұрыптардың ескіріп, заман ағымына сай келмей отырғандығы, егін егу,
саудаға араласу сияқты харакеттердің қоғам дамуы үшін пайдалы екендігі т.
т. төңірегінде болды. Және бұл материалдарды оқырман қауымға түсінікті,
жатық тілмен ұсыну көзделді. Сондықтан лексика-фразеологиялық құрамы
жағынан да, грамматикалық құрылысы жағынан да бұл стильдің негізі қазақтың
өз тілі болды. Әрине, бұл кезде қазақ тілінің функционалдық стильдері
қазіргідей сараланып, әрқайсысы өз белгілерін айқындап алмаған болатын,
дегенмен ондай айырым белгілер мен әр стильдің азды-көпті өз нормалары бар
екендігін көрсетуге болады.
І. Публицистикалық шығармалардағы бейнелі философиялық ой этюдтері.
Ал бүгінгі қазақ руханиатында, кемелі жеткен азаматтық публицистика
өмірінде Ә. Кекілбеав мақалалары мен ой-толғауларының алар орны зор. Әбіш
Кекілбайұлы - қазақ рухани әлемiнiң iрi тұлғаларының бiрi. Халықтың дiл
қайнарларынан терең сусындап, әлемдiк ақыл-ой аңсарларын жан-жақты жiтi
зерделеу арқылы даралық биiгiне көтерiлген парасатты публицист, қоғам
қайраткерi - ұлттық мәдениетiмiздегi жаңа құбылыс. Оның шығармашылық
қуатының алтын өзегi, адастырмас арнасы - уақыт. Ол үшiн тарих - тек
тақырып емес, рухани темiрқазық және адам өмiрiнен, қоғам тағдырынан
әлдеқайда биiк тұрған мәңгiлiк өлшемi. Дүние құбылыстарына сол заңғардан
көз салады.
Республикалық баспасөз беттерiнде жарық көретiн құнды ой-толғауларға
толы шығармаларынан оның тiл құнарын терең игерiп қана қоймай, оны тамаша
түрлендiре де бiлетiн сөз зергерiнiң ойшылдық стихиясы басым екендiгiн
байқаймыз. Мәселен, “бейқамдық пен аңғалдық - аузы күйе қоймаған
адамшылық” немесе “Адалдық пен абзалдықты тот көме алмайды, өлiм жеңе
алмайды” дейтiн көркем де бейнелi ой оралымы осыған айғақ. Бұл ретте оның
шығармашылығы жиырмасыншы ғасырда философиялық ой айтудың жаңа әдеби
мектебiн қалыптастырған жазушы А.Камю, Ж.Сартр және Х.Ортеса
шығармашылығымен үндес. Ойшыл, көсемсөз қаламгер көркем сөз кестелерiн
көңiл аулар қызыл-жасыл бояу ретiнде емес, өзiне тартып барып, өзегiн
тануға жетелер өзгеше жолбасшы ретiнде пайдаланады. Ол үшiн сөз сұлулығы
мен ой тереңдігі екi түрлi категория емес. Тұтас бiр болмыс. Сондықтан да
көпшiлiк оның ойы мен сөзiн бiрдей жақсы көредi. Ойшыл үшiн де, суреткер
үшiн де, көсемсөз кемеңгерi үшiн де бұл аз бақыт болмаса керек.
✓ Алдыңнан үлгi таппаған iнi қараң, артыңа үмiт артпаған аға қараң.
✓ Өз басынан бақ ауса да, ел басынан бақ аумасын.
✓ Жасап-жаңғыру үшiн өзiнен бұрынғының аузы-мұрнын қан қылу тiптi де шарт
емес.
✓ Қазiргi жүрек пен бас, қол мен ақыл қатар қиналып, қатар қимылдайтын
кезең: сонда ғана еңбегiмiз еш, қарекетiмiз кеш болмайды.
✓ Өмiрдегi небiр қаны тамшылаған шындықтар қайдағы бiр жалған намыстың
сойылын соққан рухани көлгiрлiктiң тасасында қалып қояды.
✓ Сырт көзге қиқарлық көрiнетiн кейбiр қылықтардың ар жағында үлкен
рухани қайсарлық жатады.
✓ Кез-келген микробтар сияқты рухани микробтардан да тек есiк-терезеңдi
тарс қымтап қойып сақтана алмайсың. Берiк рухани имунитет керек.
Әбiш Кекiлбайұлы шығармашылығының шырайын кiргiзiп, шұрайын шығарып
тұрған - оптимистiк, өмiршеңдiк рух. Жылағанмен қоса жылап, жасыққа
жеңгетайлық жасауды емес, шикiнi ширату мен мықтыны мадақтауды мұрат
тұтады. Шартта-шұрт “не бар, не жоққа” емес, табиғи ұстамдылық пен
ұтқырлыққа iш тартып, өлермендiкке емес өмiрдiң өзiне жүгiнуге көбiрек
бүйрек бұрады. Айсберг тәрiздi: айтқысы келгенi - айтқанының астарындағы
алып мұздақ.. Тақырып маятнигі мәңгүрттiк пен мәрттiк арасындағы кең
амплитудада еркiн тербелгенiмен, ат байлары айқын: адамгершiлiк, адалдық
пен әдiлдiк, тазалық пен тектiлiк.
✓ Рухани экологиямызды аздырып-тоздыратын қасиеттеріміз өзiмiздiкiн
өзiмiзге көп көретiн ескi қасiретiмiзден - етектен тартпа iштарлығымыздан
өнiп, өрбидi.
✓ Қуана бiлмегенге - құт қонбайды, бағалай бiлмегенге - бақ тұрмайды.
✓ Қиқарлық қайсарлық емес, есерлiк ерлiк емес.
Айтылған ойларды зерделей келе, көз, ми, жүрек - адам баласының дүниенi
тану құралдары деген қорытынды шығарасың. Жай көзбен көргенiң - баянсыз
болмыс сұлбасына қарағаның, ой көзiмен көргенiң - шындыққа бiр шама тақала
түскенiң, жүрек көзiмен көргенiң - ақиқат айнасынан өзiңе үңiлгенiң. Әбiш
Кекiлбайұлының көсемсөз көшiнде түйген сарабдал сөздерiнен, тiптi,
қаншалықты ой соқты дүниелерiнен болсын, жүрек дүрсiлi сезiлiп тұрады.
Әбiш Кекiлбайұлы - қазiргi қазақ мәдениетiнiң бiр рухани отауы.
Келтiрiлген ой үзiктерiн, қарымды қанатты сөздердi сол отауға бастайтын
соқпақтардың бiрi деуге әбден болады.
ІІ. а) Тақырып-атаулардың көркемдік сипаты
Әбiш Кекiлбайұлы публицистикасының көркемдiк сипаты еңбек басы -
шығарма тақырыбының атауынан бастап-ақ айқын көрiнедi. Жалпы журналист, я
публицист оқырман назарын мақала мазмұнына бiрден аудару, негiзгi ой
түйiнiн аңдату мақсатымен тақырып атауын елең еткiзер, тосын, бiрегей
тiркеспен, айшықты сөз оралымымен белгiлейдi. Сол тұрғыдан алғанда,
Кекiлбайұлы стилiнiң өзгешелiгiмен, көркем-кестелi айшықтылығымен
ерекшелене байқалады. Яғни оқушының зейiн-ықыласын көркемдiк құрал, сөз
ырғағы мен әуездiгiмен бiрден аудару қаламгер-публицистiң еңбектерiне тән
алғашқы белгi. Әрине, стильдiк салмағына қарай, проблемалық-танымдық
материалдың табиғатына орай шығарма атаулының тақырыбы сезiм еркiндiгiне,
қиял кеңдiгiне салына бередi деуден аулақпыз. Айталық, “Әйтеке би”,
“Тағылым”, “Әуезов туралы сөз”, “Бейбарыс”, “Бiз, Қазақстан халқы...” т.б.
iспеттi тақырып-атаулардың қысқа-нұсқа, қарапайым, дәл келуi сөз зергерiнiң
салмақты ой айтуына, парасат биiгiнен тарихи-танымдық сараптама жасауына
байланысты болса керек. Қоғамның әлеуметтiк, мәдени-рухани хал-ахуалын,
экономикалық-саяси өрiсiн сөз ететiн еңбектерiн баспасөз тiлiнiң қалып-
қағидасына лайық мәнерiмен жазуы да сондықтан. Дегенмен, жазушылық-
қайраткерлiк қасиеттердi қатар бағындырған қаламгер туындыларына
көркемдiлiк, әсерлiк, әуездiлiк тән, тума сипат. Жазушының тiлi бай болуға
тиiс дегенде: ол өзiнiң сөз қорын молайту үшiн ылғи ғана тыңнан сөз жасасын
деп ешкiм де айтпайды және әрқашан олай ету мүмкiн де емес,-дейдi академик
З. Қабдолов. Демек, Ә.Кекiлбайұлының жалпы халықтық тiлдiң телегей-теңiз
бай қазынасын, мүмкiндiгiнше, мол игерiп, оның қилы-қилы қиын әрi қызық
құбылыстарын жете түсiнуi, әр сөздiң мәнi мен мағынасындағы ұланғайыр
өзгерулер мен өңденулердi, ауысулар мен алмасуларды, құбылулар мен
құлпыруларды ұтымды пайдалануын, сөз басын ой ыңғайына сабақтастыру машығын
өзiндiк шеберлiк қуатымен байланыстыруға әбден болады.
Публицист қаламынан туған мақала-еңбектердiң тақырыптық атаулары
жазушының суреткерлiк, шешендiк даралығына орай, көркем, мазмұнды әрi
бейнелi болып келетiндiгiн жоғарыда айттық. Ең алдымен, ат қойылып айдар
етiлген тақырыптар қарапайым, түсiнiктi-дәл келсе де, бiрден оқушы назарын
билеп, зердесiне қонатын ұтымды да өткiр атауымен туындыгер ыңғайын
аңғартатынын айту керек. Яғни баспасөз бетiн парақтаған оқырман кең
тынысты, парасат-пайымы бөлекше мақала-еңбектiң салмағын әдеткi қалыптағы
қарапайым атауынан-ақ сезiнедi, идея-тақырып жетегiне түседi. Мысалы:
✓ Татаусыз татулықты қастерлесек.
✓ Көрер жақсылығымыз көп болғай.
✓ Демократия мен тәуелсiздiк одан әрi орныға түссiн десек.
✓ Ел тағдырын шешетiн жасампаз кезең ендi келдi.
✓ Күйдiң де күйiн ойлайық.
✓ Қырандар қиянға самғасын десек...
✓ Ойға алған iсiмiз оңынан орала бергей.
✓ Ел еңсесi биiк болсын.
Осының өзiнен троп түрлерiнiң берегей үлгiлерi мен тiлдiң айшықты
құбылыстары анық байқалады. Татаусыз татулық, жасампаз кезең – эпитет
құрса, қыран сөзiнде символдық мағына бар. Ал ел еңсесi мен биiк болсын
тiркестерiнен аллитерациялық, ассонанстық құбылыстарын көремiз.
ІІ. ә) Такырып-атаулардағы қанатты сөздер.
Айтылып отырған Ә.Кекiлбайұлы публицистикалық шығармаларының тақырып-
атаулары қанатты сөз, тағылымды ой тiркесi түрiнде жазылуы. Оқырман туынды
идеясын, көтерер проблемалық жүгiн тоқсан ауыз сөздiң тобықтай түйiнi
iспеттi дидактикалық-азаматтық рухпен айтылатын бiр ғана тақырып-атауынан-
ақ аңғарады.
✓ Кешегiңдi бiлмесең, келешегiң де дүдәмал.
✓ Әдiлет бар жерде ынтымақ бар.
✓ Болашағымызды өзiмiз байыптауымыз керек.
✓ Дүниенi түзеткiң келсе, әуелi өзiң түзел.
✓ Келешек қамын кеңiнен ойлаған лазым.
✓ Тiл көгермей ел көгермес.
✓ Азат елге ағайын көп.
ІІ. б) Публицистиқалық туынды тақырыптарындағы ұйқас пен ырғақ.
Ырғақ деген не? Ырғақ, яғни ритм (грекше rhytmos-шамалас, мөлшерлес,
сайма-сай) - қимылдың, құбылыстың үннiң жүйелi, мерзiмдi, мөлшерлi
қайталануы. Ал ұйқас, яғни рифма (грекше rhythmos - өлшемдес, мөлшерлес) -
өлең тармақтарындағы немесе ырғақты, сазды сөз аяқтарының үндестiгi, өзара
ұқсас, дыбыстас естiлуi.
Публицист еңбектерiнiң тақырыптық атаулары әуездi ырғақтылыққа, әдемi
ұйқасқа да негiзделiп, шығарма мазмұнын ажарландыра түседi. Ә.Кекiлбайұлы
қаламынан туған публицистикалық еңбектердiң тақырыптарына мән берейiк:
✓ Жабыла iске жұмылсақ, жағдай тез жаңсарады.
✓ Көшiмiз дәйiм көлiктi болғай.
✓ Жақсылыққа жақсылық жалғасқай
✓ Ойдағымыз болды, ортамыз толды.
✓ Алалық пен шалалық болмағай.
✓ Баптағаны пырақ, жаққандары шырақ.
ІІ. в)Инверциялық құбылыс. Өнер жолын, шығармашылық талабын өлең сөзбен
бастайтын көпшiлiк қаламгердiң бiрi ретiнде Ә.Кекiлбайұлы сөз саптасына
да поэтикалық ажар, бiрегей бейнелiлiк тән қылық. Фигураның бiр түрi -
сөз орнын ауыстыру, яки инверция (латынша inversio - орын өзгерту,
төңкеру) - прозалық, поэзиялық шығармаларда сөздердiң әдеттегi
грамматикалық түзiлу тәртiбiнен тыс, орындарын ауыстырып, өзгеше
тiркестер құру. Қаламгер-публицистiң тiл мен стильдегi үйреншiктi
машықтан бөлек бiр алуан мәнер іздеп, байқау үшiн бұл тәсiлдi де оқта-
текте орнымен қолдануының оғаштығы жоқ, қайта мәтiн мазмұнының
эмоционалды-экспрессивтi бояуын аша түседi. Мәселен, тарихи шындық,
ұлтаралық және ұлттық мәселелер жайында сөз еткен автор Социалистiк
Қазақстан (1990, 27-28 қаңтар) газетiндегi мақаласын “Тәуеклге парасат
болса серiк” деген атпен бастырыпты. Сондай-ақ қазiргi қоғамның
идеологиялық, моральдық-этикалық, саяси-тарихи жағдайы мен өз
шығармашылығы жөнiнде сөз еткен жазушы-қайраткер сұхбат тақырыбын
“Ботасын саңынған аруанадаймын кейде мен” деуi бекер емес. Әдеттi,
қалыпты жағдайда алынып отырған тақырып-атауды “Мен кейде ботасын
сағынған аруанадаймын” деп беруге де болар едi. Алайда, мәтiн мазмұны мен
мақала атауының көркемдiк-стильдiк үндестiгiн берiк сақтайтын суреткер
поэтикалық инверсияны ұтымды қолданады. “Жас Алаш” газетiнiң 1998 жылғы
сандарының бiрiнде Қали Сәрсенбайға берген сұхбатында Ә.Кекiлбайұлы
Қазақстан жағдайындағы демокрия, ұлттық салт-дәстүр, ұлттық басылым мен
баспасөз, билiк пен халық жөнiнде тоқтала келiп, жеке басының
қаламгерлiк, адами әрекеттерi жөнiнде сыр ашуы сұхбат-мақаланың өзiндiк
жанрлық-стильдiк соқпағын аңғартады. Баспасөз бетiндегi осы бiр
шығарылымның iшкi мазмұндық логикасы мен жанрлық стилiн өзара қабыстырып,
публицистикалық табиғатын ашуда инверсиялық тәсiлге сүйенген. “Ботасын
сағынған аруанадаймын кейде мен” дейтiн атау қаламгер қолтаңбасын бiрден
аңғартады.
Осы тектес “Көп көмегiн күтедi көне мұра” еңбегi де айтар ойын, көтерер
жүгiн, стильдiк сипатын маңдайалды ат-айдарымен-ақ айқындап тұрады. Автор
мақала атауын дәл бұлай емес, өзгешелеу, “Көне мұра көптiң көмегiн күтедi”
деп бергенiнде әлдеқайда қарапайым, тiптi қарабайыр, аңдатпалық айдары
солғын, жасықтау болып шығар ма едi. Ал поэтикалық инверсия арқылы бойына
публицистикалық биiк пафос, жарқын да асқақ ой, екпiндi үн жиған мақала
атауы көркемдiктiң бастапқы бетiндей. Яғни шығармадағы негiзгi ой,
азаматтық бастама туынды тақырыбымен үндесiп, тұтас бiр бүтiннiң көркемдiк
келбетiн сәулелендiре түседi. Айқындық үшiн осы мақала арасынан үзiк
келтiрiп, тақырып пен мазмұн үндестiгiне көз жеткiзейiк: “Тарихи мұраға
қамқорлық жасау-тек өткенге iзет емес, ол ең алдымен, болашақтың қамын
ойлау.
Қай кезде, қай ғасырда болсын жүзеге асырылған жақсы iстiң ұмытылмай
ұрпақтар жадында қалатынын бiр сәт естен шығармасақ, кiм-кiмнiң де өткiншi
тiршiлiктегi қам-қаракетi мен талпыныстары саналы арна тауып, салихалана
түседi... Өйткенi халықтарымыздың көп ғасырлық күресi мен еңбегiнiң, рухани
iзденiстерi мен өнерпаздығының асыл көрiнiстерi болып табылатын рухани
мұраларымызды қорғау мен насихаттау қандай ыждаһатты да, қандай қамқорлықты
да толығымен ақтайтын ардақты iс. Оның бағы баршамыз жұмыла кiрiссек қана
жанады.
Ендеше, қазiргiдей қай iсте де жалпының жанашырлығы мен әлеуметтiк
белсендiлiгi ауадай қажет тұста бабаларымыздың да, өздерiмiздiң де,
тарихымыздың да, халқымыздың да күллi қоғамымыздың да рухани мерейiне
бiрдей қатысты бұл шаруадан қай-қайсымыздың да қалтарыс тұрып, қағыс қалуға
хақымыз жоқ”. (“Социолистiк Қазақстан”, 14 мамыр, 1989 жыл).
Қорыта айтқанда, бұдан көретiнiмiз қаламгер-публицист елдiң
экономикалық-әлеуметтiк, саяси-тарихи, моральдық, мәдени кескiн келбетiн
сөз етсе де тiлдiң стильдiк, нормалық, көркемдiк қабiлетiн кең өрiсте
пайдаланатындығы. Публицистикалық шығарманың мазмұн-мақсатын сөз аралық
ұйқас, ырғақтылығымен, әуездiлiгiмен, поэтикалық бояуымен аңдататын бiр
ғана тақырып-атауынан-ақ сезетiндiгiмiз сондықтан.
ІІ. г) Тақырып-атаулардағы ассонанс, аллитерация
Қазақ сөз өнерiнiң тереңiнен сусындап, көркем ой кестелерiнен нәр
алған, әрбiр қайраткерлiк қадамынан азаматтығына қуат қосқан Әбiш
Кекiлбайұлы өз шығармаларының тақырып-атауларының көркемдiк ажарын дыбыстық
құбылтулар арқылы да көрiктендiре түседi. Яғни публицист тiлiнiң
қолданысындағы ассонанстық аллитерациялық құбылыстардың ат-айдарға ажар
берiп тұрары бiр басқа, басылымдағы мәселе өзектiлiгiн, айтылған ой,
зерттеу жұмысының маңыздылығын да алдын ала ұғындыратындай. Жалпы алғанда,
аллитерация деп (латынша allittera - дыбыстас) - бiрыңғай дауыссыз
дыбыстарды қайталауды айтсақ, ассонансты (французша assonance –үндес)-
бiрыңқай дауысты дыбыстарды қайталау деп бiлемiз.
Жазушы-публицисттiң шығармашылығына тән жоғарыда айтылған көркемдiк
белгiге байланысты төмендегiдей тақырып-атауларды мысал етемiз:
✓ Ақиқат айдынындағы ақ шағала.
✓ Өрiстес өмiр, өзектес өнер.
✓ Елдiк пен ерлiк киелi.
✓ Ақындықтың асқар шыңы.
✓ Үлкен тiлек үстiндемiз.
✓ Өркенi өсер өлең.
✓ Азат елге ағайын көп.
✓ Өлмес, өшпес, өжет жыр.
✓ Ой-ортақ, байлам-бiреу.
Бiр байқалары, мақала-еңбектiң тақырыптың атауларындағы бiрыңғай
дауысты дыбыстарымен басталатындарынан гөрi, дауыссыз дыбыстардан
басталып, үйлесiмдi тiркес құратын маңдайалды атаулар әлдеқайда жиi, кең
қолданылатындығы. Қалай болғанда да, шығарма идеясына негiз болатын
тақырып бағдарына орай мақала-еңбектiң ат-айдары да стильдiк бояуымен
үндес, көркемдiгi сабақтас жатады.
✓ Саналы ғұмырымыз сапырылысқан өзгерiстер үстiнде
өттi.
✓ Бар жақсының басы едi.
✓ Көп кемесiн күтедi көне мұра.
✓ Кесек суреткер. Кемел қайраткер. Асқақ азамат.
✓ Тани бiлсең талант көп.
✓ Семсер сiлтегендей серке сөздер.
✓ Жайна, жарқыра, жасампаз жыл.
✓ Келелi кезеңге керегi - кемел әдебиет.
✓ Бағзыдан жеткен баба жыр.
✓ Жарқын бетбұрыстың жойқын беташары.
✓ Рухани жаңғыруымызға жанашырлық.
✓ Талантты ұрпақтың тағылымды келбетi.
✓ Тәуелсiздiк - тәу етер жалғыз кие.
✓ Парықты пайым, парасатты пiкiр керек.
✓ Келешекке керегi - кемелдiлiк.
✓ Бағзы мен бақиды жалғастырар сара жол.
✓ Дәуiрдiң дара тұлғасы.
✓ Жақсылыққа жақсылық жалғасқай.
✓ Дәуiр деңгейiндегi дәйектi еңбек.
✓ Тағылымға тағзым.
✓ Береке басы бiрлiкте.
✓ Жабыла iске жұмылсақ жағдай тез жақсарады.
✓ Көшiмiз дәйiм көлiктi болғай.
Мұндай ассонанстық, аллитерациялық тәсiлмен ат қойылып, айдар тағылатын
публицистикалық шығармалардың бiрқатары қазақ өмiрiндегi көрнектi тұлғалар
бейнесiне бағышталған. Яғни көркем әдебиет пен мәдениет саласында iз
қалдырып, жаңашылдығымен халық жаны мен жадында қалған қайраткер-көсемдер
жайындағы сөз дыбыстық үйлесiммен қиысқан сұлу сөздi тақырыптармен
басталады. Мәселен “Талантты ұрпақтың тағлымды келбетi” деген мақалада
автор: Бiздi бұл буын өнерде де, өмiрде де әрдайым сүйсiндiрiп келедi,-
деп ағынан жарылады. Одан әрi шындығында талантты ұрпақтың тағылымын ашып,
әр азаматтың тұлғасын биiк қояды. Жиырма бес құрдастың жұп жазбай тату
жүргендерi де аса тартымды. Қазiргiдей асқарлы жасқа абыройлы жетiп,
мерейленiп жүрген күндерiнде де, аспай-таспай, бiр-бiрiне кимелемей,
килiкпей, араларынан Астана сахнасына үшеудi ұсынып, олардың қуанышын ортақ
қуаныш деп ұғынып отырғандығы да ұнамды-ақ. Бұл - алдағыларды толғандырып,
арттағыларды ойландырарлықтай абзал өнеге. Әдебиеттiң жарқын
өкiлдерi Д.Исабеков,
Т. Әбдiков, А. Сейдiмбеков туралы сөз еткен мақаласы бiр қауым қаламгер
жұртшылықтың татаусыз татулығы мен замандас үш жазушының қарым-қабiлетiн
мазмұндық тақырып пен мәтiндiк атау аясында тартымды баяндалады. “Дулат та,
Төлен де, Ақселеу де - суреткерлiк парыздарымен қоса, азаматтық парыздарын
да адал атқарып келе жатқан қарымды қайраткерлерiмiз. Олар, әсiресе,
қазiргiдей ел тағдыры шешiлетiн тұста не ел аралап, оңды-солды әңгiмеге
желiгiп, не қалам қажап, қағаз мүжiп, қалтарыста қалған жоқ...
Тәуелсiздiгiмiздiң орнығып, елдiгiмiздiң нығаюына ынт-шынттарымен болысып,
ерекше елжандылық танытып, елеулi еңбек сiңiрiп келедi. (“Егемен Қазақстан”
2002 жыл. 29 қараша).
Осы ретте Ш. Мұртаза жөнiнде “Кесек суреткер. Кемел қайраткер. Асқақ
азамат”, Махамбет өлеңдерi турасында “Семсер сiлтегендей серке сөздер”, ұлы
Әуезовтi “Дәуiрдiң дара тұлғасы” деп, көсемсөз көркемдiгiн тақырып-атаудың
өзiнен бастайды.
Келтiрiлген ассонанстық, аллитерациялық құбылтумен жасалатын мақала-
еңбектердiң атауларынан автордың айтпақ ойын, арқалаған мақсат-мұратын
байқаймыз. Қаламгер шығармашылығынан орын тапқан қоғамдық-әлеуметтiк
қасиет, қағида, жекелеген еңбек-құбылыстар, тарихи-саяси толғау, қоғамдық
үндеу сияқты тақырып-идеялар шоқтықты туындыларға айналса, ал тақырыптық
атаулар дыбыстық әуездiлiгiмен өзiнше жүк арқалайды, шығарма табиғатын
аңғартады. Жоғарыда тiзбектелген мақала-еңбектердiң тақырып-атаулары
iшiндегi “Жарқын бетбұрыстың жойқын беташарына” тоқталайық. 1986 жылғы
Желтоқсан оқиғасының ұлттық, әлемдiк маңызы мен тарихи астар-сипатын ашатын
автор ой-толғауын басқаша емес, “Жарқын бетбұрыс”, әрi “жойқын беташар”
тiркестерiмен ашып, қаламгерлiк окказионал қолданысы арқылы тосын, ерекше
айдар тағады. Елеулi оқиғаның әлеуметтiк-экономикалық және саяси астарын,
тарихи маңызын кеңiнен толғайтын автор айтар ойын төмендегiдей түйедi.
Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызы мен жетiстiгiне баға беру барысында
оның алуан қырлы, алуан сатылы сипатын айтпай кетуге болмайды.
Қазақстандағы Желтоқсан оқиғасы одақтас республикалардың орталық
өктемдiгiне үнсiз қарсылығына жария сипат бiтiрдi. “Дауыл алдындағы
тыныштықтың” астаң-кестеңiн шығарады. Сырттай қарағанда, мызғымастай
көрiнетiн коммунистiк идеологияның сенiмнен бiржола айырылуын тездетiп
бердi. Осы орайда қозғалысты, бiрiншiден, iшкi ұлттық маңызы бар оқиға
(ұлттың өзiн-өзi тану сезiмiнiң оянуы) ретiнде, екiншiден, жалпыодақтық
деңгейдегi (одақтас республикалардың елмендiгiне серпiн берген) оқиға
ретiнде, үшiншiден, әлемдiк маңызы бар (социалистiк лагерьдiң күйреуiнiң
басталуы) аса салихалы көп сипатты әлеуметтiк сiлкiнiс - атышулы тарихи
феномен ретiнде бағаласа да артық емес.
Байқайтынымыздай публицист осы iспеттi қоғамдық мәселе, тарихнамалық
баян ететiн еңбектерiнде тiлдiк нормасын қоғамдық-публицистикалық стиль
шеңберiнде ғана қолданғанымен, шығармасының негiзгi идеялық жүгiне
романтикалық леп, азаматтық асқақ рух дарыттатынын бiр тұтам ғана
тақырыптың атауларынан көремiз.
- жарқын бетбұрыс, жойқын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz