Зейнетақы қорлары қызметтері


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

1. Жалпы ереже

1. Зейнетақы қорлары қызметтерін есепке алу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) 2008 жылғы Ұлттық шоттар жүйесінің халықаралық статистикалық стандартына сәйкес Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын іске асыру шеңберінде статистикалық әдіснамаға халықаралық стандарттарды енгізу бөлігінде әзірленген.

2. Осы Әдістеменің мақсаты экономикалық жағдай, әдіснамалық зерттеулердің соңғы жетістіктері және пайдаланушылардың талаптарына сәйкес зейнетақы қорлары қызметтерінің есептеулерін жетілдіру, сондай-ақ экономиканың жекелеген секторлары мен салаларында құрылатын қосылған құн, жалпы ішкі өнім және оның компоненттерін бағалаудың сенімділігін жоғарылатуға ықпалын тигізу болып табылады.

3. Осы Әдістемеде келесі анықтамалар қолданылады:

1) жинақтаушы зейнетақы қоры - зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті, сондай-ақ «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

2) жинақталған зейнетақы қаражаты - міндетті зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын және ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын, инвестициялық кірісті, өсімпұлды, шарттарға сәйкес өзге де түсімдерді қоса алғанда, салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотында ескерілетін ақшасы;

3) зейнетақы активтері - зейнетақы төлемдерін және аудармаларын, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларынан қаражаттың шығарылуын қамтамасыз ету және жүзеге асыруға арналған ақша, бағалы қағаздар, өзге де қаржылық аспаптар;

4) инвестициялық кіріс - жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижесінде алынған ақша;

5) жеке зейнетақы шоты - жинақтаушы зейнетақы қорындағы салымшының (алушының) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті немесе ерікті зейнетақы жарналары немесе ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары, инвестициялық кірісі, өсімпұлы және өзге де түсімдері ескерілетін және зейнетақы төлемдері жүргізілетін жеке атаулы шоты.

6) ұлттық шоттар жүйесі (бұдан әрі - ҰШЖ) - елдің экономикалық қызметінің нәтижелерін сипаттайтын белгілі бір шоттар мен кестелер жиынтығы түрінде құрылған статистикалық көрсеткіштер жүйесі;

7) жалпы ішкі өнім - елдің экономикалық қызметінің түпкілікті нәтижесін сипаттайтын ұлттық шоттар жүйесінің аса маңызды көрсеткіштерінің бірі;

8) жалпы қосылған құн - тауарлар және қызметтер шығарылымы мен аралық тұтыну арасындағы айырмашылық. Бұл көрсеткішке өндіріс процесінде тұтынылған негізгі капиталдың құны қосылады;

9) жалпы шығарылым - есепті кезеңде экономикада өндірілген тауарлар мен қызметтердің жиынтықты құны;

10) аралық тұтыну - есепті кезеңде өндіріс процесінде түрленетін немесе тұтастай тұтынылатын тауарлар мен қызметтер құны. Негізгі капиталды тұтыну аралық тұтыну құрамына кірмейді.

2. Зейнетақы қорлары қызметтерін есепке алу тәртібі

4. ҰШЖ-ға сәйкес зейнетақы қорлары - бұл жұмыскерлердің нақты топтарына арналған зейнетақыға шығу бойынша крістерді қамтамасыз ету мақсатында құрылатын жеке қорлар (яғни, жеке институционалдық бірліктер) ; бұл қорлар жеке және мемлекеттік жұмыс берушілермен, немесе жұмыс берушілермен және жұмыскерлермен бірге ұйымдастырылады және басқарылады. Мұндай қорлар өз есебінен қаржы нарықтарында қаржылық операциялармен айналысады және қаржылық және қаржылық емес активтерді сатып алу арқылы қаражатты инвестициялайды.

5. Нарықтық өндірушілер ретінде қызмет ететін зейнетақы қорлары өндіретін қызметтер шығарылымы зейнетақы активтерін орналастырудан алынатын және зейнетақы активтері бойынша инвестициялық кірістен түсетін комиссиялық сыйақылар, сыйақы ретіндегі кірістер және өзге де кірістер болып табылады.

Егер зейнетақы қоры нарықтық емес өндіруші ретінде қызмет етсе, онда шығарылым құны өндіруге жұмсалған шығыстар сомасы ретінде анықталады.

6. ҰШЖ-ға сәйкес мемлекеттік емес зейнетақы қорларының аралық тұтынуына келесі арнайы шығыстар жатады:

1) басқарушы компания, депозитарийлер, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына сыйақылар;

2) зейнетақы резервтері орналастырылған мүлікті сақтау, ұстау және бағалауға байланысты шығыстар;

3) зейнетақымен қамсыздандыру шарттарын жасау бойынша көрсетілген қызметтер үшін сыйақылар;

4) актуарийлер қызметтерінің ақысы;

5) зейнетақы куәліктері (полистері), қатаң есептілік бланктері, түбіртектер және өзгелерді жасау бойынша қызметтер ақысы.

3. Зейнетақы қорларының шығарылымын, аралық тұтынуын және жалпы қосылған құнын есептеу тәртібі

7. Зейнетақы қорларының шығарылымын және аралық тұтынуын есептеуге арналған ақпарат көзі Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінің (бұдан әрі - ҰБ ҚҚК) интернет-ресурсында ресми түрде орналастырылған ҰБ ҚҚК есептілігі, осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы қорларының пайдалар мен залалдар туралы жиынтық есебі» болып табылады.

8. Зейнетақы қорларының шығарылымы зейнетақы активтерінен және зейнетақы активтері бойынша инвестициялық кірістен (залалдан) түскен комиссиялық сыйақылар, сыйақы ретіндегі кірістер және өзге де кірістер сомасы ретінде есептеледі. Зейнетақы қорларының шығарылымын есептеу осы Әдістеменің 2-қосымшасында көрсетілген.

9. ҰБ ҚҚК есептілігін пайдалана отырып, аралық тұтыну келесі көрсеткіштердің сомасы ретінде есептеледі:

1) комиссиялық шығыстар;

2) ағымдағы жалдау бойынша шығыстар;

3) өзге де әкімшілік шығыстар;

4) өзге де шығыстар.

11. Комиссиялық шығыстар келесілерден тұрады:

1) зейнетақы активтерінен инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға сыйақылар;

2) кастодиан банктерге сыйақылар.

Өзге де әкімшілік шығыстарға электр энергиясы, байланыс, интернет және басқаларға жұмсалған шығыстар жатады.

Аралық тұтынуды есептеу осы Әдістеменің 2-қосымшасында көрсетілген.

10. Зейнетақы қорларының жалпы қосылған құны зейнетақы қорларының шығарылымы және зейнетақы қорларының аралық тұтынуы арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі.

11. Зейнетақы қорлары бойынша көрсетілген есептеулер одан әрі Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіндегі «Қаржылық және сақтандыру қызметі» секциясы бойынша шығарылым, аралық тұтыну және жалпы қосылған құн есептеулерінде пайдаланылады.

Қазақстан Республикасы

Статистика агенттігі төрағасының

міндетін атқарушының

2012 жылғы 27 маусымдағы
№ 152 бұйрығымен бекітілген
Зейнетақы қорлары қызметтерін есепке алу әдістемесіне
1- қосымша

Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы қорларының пайдалар мен залалдар туралы жиынтық есебі

Баптардың атауы
есепті кезеңде, млн. теңге
Баптардың атауы: Комиссиялық сыйақылар
есепті кезеңде, млн. теңге:
Баптардың атауы:

соның ішінде:

есепті кезеңде, млн. теңге:
Баптардың атауы:

зейнетақы активтерінен

есепті кезеңде, млн. теңге:
Баптардың атауы:

зейнетақы активтері бойынша инвестициялық кірістен (залалдан)

есепті кезеңде, млн. теңге:
Баптардың атауы: Ағымдағы шоттар және орналастырылған салымдар бойынша сыйақы түріндегі кірістер
есепті кезеңде, млн. теңге:
Баптардың атауы: Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйақы (купон және/немесе дисконт) түрiндегi кiрiстер
есепті кезеңде, млн. теңге:
Баптардың атауы: Бағалы қағаздарды сатып алу-сатудан түскен кiрiстер (шығыстар)
есепті кезеңде, млн. теңге:
Баптардың атауы: Пайда мен залал арқылы құрамында әдiл құн бойынша бағаланған бағалы қағаздар құнының өзгеруiнен түскен кiрiстер (шығыстар)
есепті кезеңде, млн. теңге:
Баптардың атауы: «Кері РЕПО» операциялары бойынша кірістер
есепті кезеңде, млн. теңге:
Баптардың атауы: Тазартылған бағалы металдармен операциялардан түскен кірістер (шығыстар)
есепті кезеңде, млн. теңге:
Баптардың атауы: Шетел валютасын қайта бағалаудан түскен кірістер (шығыстар) (нетто)
есепті кезеңде, млн. теңге:
Баптардың атауы: Қаржылық емес активтерді өткізуден және активтер алудан түскен кірістер
есепті кезеңде, млн. теңге:
Баптардың атауы: Өзге де кірістер
есепті кезеңде, млн. теңге:
Баптардың атауы: Кірістер жиыны
есепті кезеңде, млн. теңге:
Баптардың атауы: Комиссиялық шығыстар
есепті кезеңде, млн. теңге:
Баптардың атауы:

соның iшiнде:

есепті кезеңде, млн. теңге:
Баптардың атауы:

зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға сыйақылар

есепті кезеңде, млн. теңге:
Баптардың атауы:

кастодиан банктерге сыйақылар

есепті кезеңде, млн. теңге:
Баптардың атауы: Теріс комиссиялық сыйақыны өтеу
есепті кезеңде, млн. теңге:
Баптардың атауы: Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйақы (сыйлықақы) түріндегі шығыстар
есепті кезеңде, млн. теңге:
Баптардың атауы: «РЕПО» операциялары бойынша шығыстар
есепті кезеңде, млн. теңге:
Баптардың атауы: Алынған заемдар және қаржылық жалдау бойынша сыйақы түріндегі шығыстар
есепті кезеңде, млн. теңге:
Баптардың атауы: Жалпы әкімшілік шығыстар
есепті кезеңде, млн. теңге:
Баптардың атауы:

соның ішінде:

есепті кезеңде, млн. теңге:
Баптардың атауы:

еңбекақы төлеу және іссапар шығыстары

есепті кезеңде, млн. теңге:
Баптардың атауы:

амортизациялық аударымдар және тозу

есепті кезеңде, млн. теңге:
Баптардың атауы:

ағымдағы жалдау бойынша шығыстар

есепті кезеңде, млн. теңге:
Баптардың атауы:

салықтарды төлеу және бюджетке басқа міндетті төлемдер бойынша шығыстар (корпоративтік табыс салығынан басқа)

есепті кезеңде, млн. теңге:
Баптардың атауы:

өзге де әкімшілік шығыстар

есепті кезеңде, млн. теңге:
Баптардың атауы: Қаржылық емес активтерді өткізуден және активтерді беруден түскен шығыстар
есепті кезеңде, млн. теңге:
Баптардың атауы: Өзге де шығыстар
есепті кезеңде, млн. теңге:
Баптардың атауы: Шығыстар жиыны
есепті кезеңде, млн. теңге:
Баптардың атауы: Резервтерге (провизияларға) аударылғанға дейiнгi пайда (залал)
есепті кезеңде, млн. теңге:
Баптардың атауы: Операциялар бойынша ықтимал ысырапқа арналған резервтер (резервтердi қалпына келтiру)
есепті кезеңде, млн. теңге:
Баптардың атауы:

соның iшiнде, номиналды кiрiстiлiктiң көрсеткiшi мен кiрiстiлiктiң ең аз мәнi арасындағы айырмашылықты өтеуге арналған

есепті кезеңде, млн. теңге:
Баптардың атауы: Басқа заңды тұлғалардың капиталына қатысудан түскен кіріс
есепті кезеңде, млн. теңге:
Баптардың атауы: Кезеңдегі пайда (залал)
есепті кезеңде, млн. теңге:
Баптардың атауы: Салық салынғанға дейінгі пайда (залал)
есепті кезеңде, млн. теңге:
Баптардың атауы: Корпоративтік табыс салығы
есепті кезеңде, млн. теңге:
Баптардың атауы:
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зейнетақы қорының нарығы
Жинақтаушы зейнетақы қорларында қаржылық басқару мәселелері
Экономикалық ұғымдар
Қазақстан Республикасында зейнетақы жүйесі
Қаржы нарығы туралы ұғымы
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің теориялық негіздері
Қр-да жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық ресурстарын басқару
Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры
Жинақтаушы зейнетақы қорының маркетингтік қызметтерінің әмбебаптылығы
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің түсінігі және оның кызмет ету механизімі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz