Болашақ мамандардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру біліктерін қалыптастыру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазак-түрік университеті «Педагогика және психология» мамандығын бітіруші IV курс студенті Нұрлыбаева Гүлсім Әділханқызының «Болашақ мамандардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру біліктерін қалыптастыру» атты тақырыбында жазылған диплом жұмысына

Пікір

ППП-611 тобының Нұрлыбаева Гүлсім Әділханқызының «Болашақ мамандардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру біліктерін қалыптастыру» атты тақырыбында жазылған диплом жұмысына студенттердің танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың ерекшеліктері, түрлері, мақсаттары және оның жоғары оқу орны практикасына ендіру тәжірибесі жөнінде тізбектеп көрсеткен. Диплом жұмысы талапқа сай кіріспе, екі тарау, төрт тарауша және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Көлемі 60-бет. Кіріспе бөлімінде тақырыптың өзектілігі нақтыланған, мақсат-міндеттері дұрыс айқындалған, зерттелу деңгейі дұрыс сарапталған. Жоғарғы оқу орындарында болашақ мамандардың танымдық іс-әрекетін дамытудың ғылыми теориялық негіздері жөнінде қарастырса, екінші тарауында Болашақ мамандардың танымдық іс-әрекетін жоспарлау және ұйымдастыру біліктерін қалыптастыру шарттары және тәжірибелік жұмыстарды нәтижелері айқындалған. Қорыта айтқанда жұмыс мазмұнды және ғылыми жинақ жүйеленген. Бітіруші тақытыптың жалпы мазмұнын аша білген. Жалпы жұмыстың барысында, мазмұнында теориялық және әдістемелік қателіктер кездеспейді.

Бітірушінің «Болашақ мамандардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру біліктерін қалыптастыру» атты тақырыбындағы диплом жұмысы талапқа сай орындалғандықтан қорғауға ұсынылады.

Ғылыми жетекшісі п. ғ. д. Садуова Ж

Қ. А. Ясауи атындағы Халыкаралық қазак-түрік университеті

«Педагогика және психология» мамандығын бітіруші IV курс

студенті Нұрлыбаева Гүлсім Әділханқызының «Болашақ мамандардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру біліктерін қалыптастыру» атты тақырыбында жазылған диплом жұмысына

Сын пікір

« Қазақстан - 2030» және «Қазақстанның 2015 жылға дейінгі даму стратегиясы» және білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы білім беру жүйесінің алдына нәтижеге бағытталған білім моделін жасауды қамтамасыз ету және оны халықаралық білім беру кеңістігіне интеграциялау мақсатын қойды. Демек, болашақ мамандарды еңбектің қай саласында болмасын, әсіресе, білім алуда да тек мәлімет жиынтығын меңгертумен шектелмей, іс-әрекетін өздігінен тиімді ұйымдастыра отырып, шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын құзырлы маман болуға даярлау қажеттігін негізге алып отыр.

Нұрлыбаева Гүлсім ғылымның барлық саласында білім мазмұны мен көлемі қауырт өсіп отырған қазіргі әлемдік жаһандану кезіндегі осы мақсат, өздігінен оқу іс-әрекетін тиімді ұйымдастыруға да тікелей байланыстылығын айқындап көрсеткен. Сонымен бірге студенттердің танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың оңтайлы әдістері мен тәсілдерін, оқыту түрлерін, нысандарын іздестіру мақсатына тоқталған. Сондықтан, студенттердің танымдық іс-әрекетін орындайтын жұмыстарының педагогикалық жүйесін оқу іс-әрекетінде арнайы ұйымдастыру - оқу процесін жетілдірудің негізгі шарты екендігін дәлелдеп берген. Нұрлыбаева Гүлсімнің жұмысында заман талабына сай теориялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік даярлығымен қатар, өзіндік іс-әрекетін жаңа жағдайға байланысты оңтайлы ұйымдастыра білуін атап өтті.

Автор тақырыбына сәйкес ізденіп, толық аша білді. Қорыта айтқанда, зерттеу жүмысы өз дәрежесінде жазылып, барлық талаптарға сай орындалған. Осы себепті Нұрлыбаева Гүсімнің дипломдық жұмысын жоғары деп есептеймін.

Пікір беруші.

№ 17 Ататүрік атындағы мектеп-гимназия директоры Макашева А

Мазмұны

Кіріспе

1 Жоғарғы оқу орындарында болашақ мамандардың танымдық іс-әрекетін дамытудың ғылыми теориялық негіздері

  1. Психология-педагогикалық әдебиеттегі танымдық іс әрекет ұғымы туралы түсінік.
  2. Жоғарғы оқу орындарында болашақ мамандардың танымдық іс-әрекетін қалыптастыру жолдары

2 Болашақ мамандардың танымдық іс-әрекетін жоспарлау және ұйымдастыру біліктерін қалыптастыру шарттары.

2. 1 Болашақ мамандардың танымдық іс-әрекетін жоспарлау және ұйымдастыру біліктерін қалыптастыруда жаңаша оқыту технологияларын пайдалану тәсілдері.

2. 2 Студенттердің өзіндік жұмысы арқылы танымдық белсенділіктерін қалыптастыру

Қорытынды

Әдебиеттер тізімі

Қосымшалар

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі кезде еліміздің экономикалық және әлеуметтік мәдени жағдайына сай, қоғам өмірінің барлық салаларында өзін-өзі жетілдіріп әлеуметтік мүмкіншілігін дамытатын білімді, барлық іс-әрекеттерде шығармашылық бағыт ұстанатын білікті маман тәрбиелеу өзекті мәселе болып отыр.

Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы», Заңында ғылым мен практика жетістіктерін жеке адамды дамытуға шығармашылық рухани және дене мүмкіндіктерін, интеллектін дамытуға бағыттау нәтижесінде кәсіби білікті маман тәрбиелеу міндеті көзделген. Демек, қоғам дамуының қазіргі кезеңінде Жоғарғы оқу орындарында оқыту үрдісін жетілдіру, болашақ мамандардың ізденімпаздықтарын дербестігі мен шығармашылықтарын дамыту өзекті мәселе болып отыр. Сондықтан студенттердің Жоғарғы оқу орындарында оқып жүрген кезінде олардың ойлау, белсенділігін дамытып білімі мен біліктерін өмірдің жаңа жағдайында пайдалана білуге үйрету туындайды. Бұл міндеттердің жүзеге асуы студенттердің танымдық іс-әрекетін жоспарлау және ұйымдастыру біліктерін қалыптастыру жағдайына тікелей байланысты. Осыдан келіп студенттердің танымдық іс-әрекетін жоспарлау және ұйымдастыру біліктерін қалыптастыруға септігін тигізетін оқу процесін ұйымдастырудың тәсілдерін, әдістері мен нысандарын іздестіруге өзекті сипат береді.

Оқу-әдістемелік және психологиялық педагогикалық әдебиеттерегі танымдық іс-әрекет төңірегіндегі тұжырымдары мен пайымдаулар сондай-ақ зерттеу жұмыстарының мәліметтері студенттердің танымдық іс-әрекетіне деген қажеттіліктің интеллектуалды еріктілік сезімділік сияқты бір-бірімен өзара байланысты бөліктерінің бірлігі студенттің танымдық ынтасын, ізденімпаздығын қалыптастырып іс-әрекет бағытын анықтаушы фактор ретінде қарастыруға болатынын анықтап берді. Танымдық іс-әрекетті тұрақты қажетсіну ізденімпаздық және оны жоспарлап, ұйымдастыру нәтижесін көру студенттердің танымдық қанағаттану сезімін тудырады. Мұндай нәтиже студентті жаңа танымдық әрекетке белсенділікпен ізденіске, істі меңгере білуге тәжірибе жинақтауға дағдыландырады.

Танымдық іс-әрекет ұғымының әлеуметтік-экономикалық педагогикалық тұрғыдан мәнін жалпы кәсіби білімінің мағыналық сипатын зерттеген ғалымдар Ю. К. Бабанский, В. А. Сластенин, Т. И. Шамова, К. К. Жанпейсова, Б. И. Мұқанова т. б. еңбектері оқу танымдық әрекетті арттыруға әсер ететін оқу үрдісінің кейбір факторлары мен құралдары, әдістері туралы құнды материал беріп, маңызды ой-пікірлер айтылады.

Еліміздің әлемдік біім кеңістігіне енуге бағытталған талпыныстары білім берудің мазмұнын жаңарту мәселесіне ерекше көңіл бөлініп осыған байлансты тұжырымдамалар мен заңдар қабылдау мәселесіне баса назар аударылуда

Танымдық іс-әрекетін жоспарлау және ұйымдастыру біліктерінің қалыптастыруы педагогикалық тұрғыда ғылыми негізделмеуі, әдістемесінің болмауы салдарынан жоғарғы оқу орнын бітірген жас мамандар өз білімін жаңа жағдайда пайдалана алмауы кәсіпке бейімделуі кәсіби, шығармашылық бағыттылығының төмендігі байқалады. Осыдан келіп, студенттердің танымдық іс-әрекетіндегі кәсіби маңызды біліктерін дамыту қажеттігі мен болашақ мамандардың кәсіби даярлығы арасындағы қайшылықтар бізге зерттеу проблемасын анықтап тақырыпты: «Болашақ мамандардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру біліктерін қалыптастыру деп таңдаумызға себеп болды.

Зерттеудің объектісі. Жоғарғы оқу орындарында студенттерді кәсіби даярлау процесі.

Зерттеудің пәні. Студенттердің танымдық іс-әрекетін жоспарлау және ұйымдастыру біліктерін қалыптастыру жүйесі.

Зерттеудің мақсаты. Жоғарғы оқу орындарында студенттердің танымдық іс-әрекетін жоспарлау және ұйымдастыру біліктерін қалыптастыру жүйесін ғылыми тұрғыда негіздеп әдістемесін жасау.

Зерттеудің болжамы. Егер жоғарғы оқу орындарында студенттердің танымдық іс-әрекетін жоспарлау және ұйымдастыру біліктерін қалыптастыру процесінің тұлғаның жүйелі құрлымдық негізде теориялық әдістемелік тұрғыда жаңартатын жүйесі құрылса: студент субъек ретіндегі дербес мүмкіндіктері танымдық іс-әрекетін жоспарлау және ұйымдастыру біліктерін қалыптастыру жүйелі түрде педагогикалық мақсатқа сай жүргізілсе, онда студенттің болашақ кәсіби қызметке икемділігі және өзінің алдына қойған мақсатқа жетуге өз қабілеті мен біліктілігін пайдалана білуі оны жетілдіруге деген маңызды қажеттіліктерді іске сырып, шығармашылық элеуметтің көтерілуіне негіздері қаланады.

Зерттеудің міндеттері.

1. Студенттердің танымдық іс-әрекеті құрылымын жоспарлау ұйымдастыру біліктерін қалыптастыру мәселесін теориялық тұрғыда қарастыру және оның болашақ маман даярлаудағы маңызын айқындау.

2. Қазіргі кезеңде Жоғарғы оқу орындарында студенттердің танымдық іс-әрекетін жоспарлау және ұйымдастыру біліктерін қалыптастыру әдістемесінің тиімділігін тәжірибе жүзінде тексеру.

3. Зертеліп отырған біліктерді қалыптастыру процесінің мақсаттарын міндеттерін және жеке тұлғаны дамытудағы ерекшеліктерін мүмкін діктерін мазмұн дық сипатын анықтау.

Зерттеудің көздері. Зерттеліп отырған мәселеге байланысты философиялық, психологиялық, педагогикалық еңбектерде талдау жасау; Қазақстан Республикасының үкіметінің ресми материалдары, заңдылықтар, қаулы т. б. бағдарламалар оқу әдістемелік құралдар, тұжырымдамалар.

Зерттеудің әдістері. Зерттеудің проблемасы бойынша түрлі әдебиеттерге талдау жасау, қорыту және жүйелеу, Жоғарғы оқу орындарында оқыту процесін бақылау сауалнамалар, жүргізу арнайы конкурстар пікірталас, әңгіме жүргізу, педагогикалық эксперимент алынған нәтижелерді саралау және әдістемелік жүйенің тиімділігін тексеру.

Зерттеудің кезеңдері. Дипломның құрылымы: Диплом кіріспеден, екі тараудан, тұжырымнан, қорытындыдан, ғылыми әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

Кіріспеде. Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі негізделіп, зерттеу объектісі, пәні, мақсаты, міндеті болжамы жетекші идеясы айқындалып көрсетілді.

«Жоғарғы оқу орындарында болашақ мамандардың танымдық іс-әрекетін дамытудың ғылыми теориялық негіздері» атты бірінші тарауда мәселенің оқу әдістемелік және психологиялық, педагогикалық әдебиеттегі талдау дәрежесі студенттердің танымдық іс-әрекетін жоспарлау және ұйымдастыру процесінің талдау өлшемі мен Жоғарғы оқу орындарында аталған біліктердің қалыптасу жүйесі, қазіргі жағдайына талдау жүргізіледі.

«Болашақ мамандардың танымдық іс-әрекетін жоспарлау және ұйымдастыру біліктерін қалыптастыру шарттары» атты екінші тарауында студенттердің зерттелініп отырған біліктерінің дәстүрлі оқыту жағдайында және жаңа оқыту формаларыарқылы қалыптастырудың нақты әдістемесі көрсетіліп тәжірибелік эксперимент жұмыстарының мазмұны талданады.

Қорытындыда зерттеу болжамын дәлелдейтін нәтижелер тұжырымдар ғылыми әдістемелік ұсыныстар беріледі, және қарастырылып отырған проблеманың келешекте зерттелінетін бағыттары көрсетіледі

Қосымшада студенттерге сауалнамалар, тест сұрақтары, нұсқалар мен тапсырмалар ұсынылады.

1 Жоғарғы оқу орындарында болашақ мамандардың танымдық іс-әрекетін дамытудың ғылыми теориялық негіздері

  1. Психология-педагогикалық әдебиеттегі танымдық іс әрекет ұғымы туралы түсінік.

Танымдық іс-әрекет шәкірттердің білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті. Мектеп оқушылары мен студенттердің танымдық іс-әрекетін жетілдіру проблемасына педагогикалық психологиялық еңбектері арналған. Бұл проблеманың кейбір қырлары тамыры тереңге бойлайтын көне замандардан бастау алады. Сократтың өзі -ақ оқыту барысында шәкірттердің танымдық іс-әрекетін арнайы басқарудың маңызын атап көрсеткен еді. Ежелгі Рим философтарының еңбектерінде білімді игеруде шәкірттердің танымдық іс-әрекеті олардың дамуына ерекше орын алатындығы, айтылады. Оқыту процесіндегі баланың танымдық іс-әрекетінің маңыздылығы Я. А. Каменский И. Г. Пестоллоцции мен Дистервегтің еңбектерінде тереңдетіледі. Мәселен, А. Дистервег оқыту барысында балалардың танымдық іс-әрекеті, сәбидің ақыл-ой қабілетін дамытудың аса маңызды құралдардың бірі деп есептеді [1, 2, 3, 4] .

Я. А. Коменский «Ұлы дидактика» деген еңбегінде: «Заттық не құбылыстың түп тамырына жету, анықтау қабілетін дамыту, оны шынайы түсіну, және оны қолдану білу қажет»-деп ерекше атап өткен.

И. Т. Пестолоцци оқыту әдісінің жалпы психологиялық қайнар көзін іздеді, сол арқылы ғана адамның дамуын жүзеге асыруға болады деп есептеді ол алғаш рет баланың танымдық іс-әрекетіне әсер ететін оқытудың эвристикалық әдістемесін жасайды [5] .

Н. Т. Чернышевский еңбектерінде оқу процесінде оқушылардың танымдық іс-әрекетіне арқа сүйеудің көптеген пікірлер айтылады. «Егер біздің балаларымыз шын мәнінде білімді адам болғысы келсе, -деп жазды ол, -өз бетінше ізденіп, оқу арқылы білім алуы тиіс»[6] .

З. Г. Белинский баланың танымдық әлемін кеңейтуде индуктивті әдістердің маңыздылығын көрсетті [7] .

Оқушының танымдық ой өрісін дамытуда маңызды оқыту әдістемесін жасады. К. Д. Ушинский зор үлес қосты. Материалдың көлемін, сипатын және оқыту әдістерін анықтауда оқушылардың жас ерекшеліктерін ой-өрісі мен қабілеттерін қатаң еске алуға материалдың біртіндеп және тізбектеліп берілуін әрдайым сақтап отыруды, мазмұндауда да анықтамалар мен қорытындылар, тұжырымдамалар анықтап дәл айтылуын талап етеді. Сондай -ақ шәкірттердің ойлау білуін дамытудың және өздігінше білім алуда маңызды біліктері мен дағдыларын меңгеру мәселесіне зор маңыз берді[8] .

А. Н. Леонтьев Жоғарғы оқу орындарында терең теориялық білім беруде кәсіби маңызды біліктерін қалыптастыруда студенттердің өзіндік жұмысы маңызды роль атқарады деп есептеді. Танымдық іс-әрекетті белсендіру мәселесімен, Б. П. Есипов, М. А. Данилов, П. И. Пидкасистый, М. Н. Скаткин, Г. И. Щукина сияқты педагогтар айналысты. Н. Ф. Талызина өзінің «Оқушылардың танымдық іс-әрекеттерінің қалыптасуы» деген жұмысында кіші мектеп жасындағы балалардың психологиялық ерекшеліктерін атап көрсетеді, олардың танымдық белсенділігін дамыту жолдарын ұсынады[9, 10] .

Мамандардың танымдық іс-әрекетін белсендіру үшін бірінші кезекте мотивациялық компоненттерді жүзеге асыратын оқытудың әдістері мен тәсілдерін қолдану, білім алуға өз бетінше ізденуін, мамандардың бағдарлық іс-әрекеттерін қалыптастыруын И. Я. Лернер, А. М. Матюшкина, М. И. Махмутова, В. Окон өз еңбектерінде қарастырған [11, 12] .

Ал танымдық мәселелерді дербес шеше білу, проблемалық ситуациядан өздігінен жол табу жайын Д. Б. Эльконин мен В. В. Давыдов «оқыту процесінде мамандардың ойы қалыптаса ма?» деген сұрақ қоя отырып, қарастырады. Қызығу-адам ерекше сезінгендіктен қымилды нақты себебі. Қызығуды жеке тұлғаның өз әрекетіне бағалық қатынасы деп анықтауға болады. Болашақ маманның танымдық қызығуы танымдық саласына қатынасынан пайда болады. Оқуға білуге деген қызығу танымдық белсенділіктің қозғаушысы екені белгілі [13, 14] .

Л Выготский бұл жөнінде былай деген: «ең алдымен, баланы бір әрекетке тарту үшін сен оны қызықтыр, оны бұл әрекетке дайын екенін білу үшін қамқор жасау, осыны іске асыру үшін барлық күшін салатынын және бала өз қимылдайтынын, ал мұғалім болса сол әрекетті басқарып бағыттап отыру керек. Оқушылардың танымдық қызығуы олардың білім сапасы мен даму деңгейіне байланысты ойлау әрекетінің әдістерінің қалыптасуына тәуелді» [15] .

Қазақ мектептерінде оқыту мәселесін жетілдіруде Ыбырай Алтынсарин көп үлес қосты. Ол оқу тәрбие жұмысымен тек сабақ уақытында ғана шұғылдану жеткіліксіз екенін айтып, оның сыныптан тыс түрлерін көрсетіп берді.

Алтынсаринның пікірінше, педагогикалық жұмыстағы ең шешуші нәрсе: мұғалімнің ең жақсы оқыту таба білуінде, балалармен дұрыс сөйлесе білуінде «үлгілі жолға қойылған, дұрыс тәртібі бар тіпті мектеп оқушыларды қызықтырып оларды мәдениетке жұмысқа және айналасын, өз ортасын, тануға, ой еңбегін үйретуге тиіс»-деп атап көрсетті.

Қазақ мектептерінде байланысты дидактикалық міндеттерді қоя білу, танымдық іс-әрекет жолдарын табу тиімді әдіс-тәсілдерді жетілдіру, саласында Алтынсарин еңбектері маңызды болып табылады. Алтынсарин мұғалімнің міндеттері туралы нұсқаулары оларға қалай оқыту керектігі; оқушылармен болатын байланыс олардың қалай оқу керектігі -оның өз мананындағы оқыту әдістемесін терең және жан-жақты білгенін көрсетеді. Ол «баланың әрбір еңбегі құрр босқа жаттауға жұмсамай, мағыналы және жүйелі болуы керек»-деп жазды. Ыбырай Алтынсарин шәкіртінің танымдық іс-әрекетінде оқыту әдістері мен тәсілдерінің маңыздылығына ерекше тоқталды: « . . . оқыту әдістері-баланың жүре келе мектепке сабаққа кейіннен ғылымға, өз бетімен білім алуға құмарландыратын жол»- деп атап көрсетті . Әсіресе танымдық іс-әрекетте мұғалімнің басшылық роліне мән берді. Ол мұғалім балалармен істес болады; егер олар бірнәрсені түсінбесе, онда мұғалім шәкірттерді кінәламай, оларға дұрыс түсіндіре алмағаны үшін өзін-өзі кінәлауы керек. Мұғалім балалармен сөйлескенде ашуланбай, күйгелектемей, сабырлықпен сөйлеп, шұбалаңқы сөздермен керексіз терминдерді қолданбаудан әрбір затты ықыласпен қарапайым тілмен түсіндіру керек», -деп жазды [16] .

Баланы жас кезінде- ақ танымдық әлемін кеңейту сол бағытта әрекет ету маңыздылығы Абай Құнанбайевтың да еңбектерінде көрініс тапты. Мысалы, Абайдың «Жетінші қара сөзіндегі» ақыл-ой белсенділігі туралы пікірін айта кетелік «жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Бұлар тәннің құмары бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды, кәм өзі өспейді, қуат таппайды. Бірі - білсем екен деп не көрсе соған талпынып жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып аузына салып дәмін татып қарап, тамағына бетіне басып қарап, сырнай керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетің кірегенде ит үрсе де, мал шуласада, біреу келсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «Ол немене?», «бұл немене?», деп, «Ол неге үйтеді?», «Бұл неге бүйтеді?», деп көз көрген, құлақ естігеннің бәрін сұрап тыныштық көрмейді. Мұның бәрі - жан құмары, білсем екен үйренсем екен деген» [17]

Шәкәрім Құдайбердиев білім беруде шәкірттің ойлау белсенділігін, ақыл-парасатын дамытуды басты бағдар деп таниды. Берілетін білім мен оның тәлімдік-тәрбиелік ғибрат жолын бөлмей бірлікте қарауға ерекше мән бәрді. Оқытудың әдіс-тәсілдеріне уақыт деңгей тұрғысынан қарап, білім алудың өнегелі жолын дұрыс көрсетті. Демек, берілетін білім, де тәрбиелік тәлімі де шәкірттің жамасына үйлеспесе, нәтиже шықпайтын деп баса айтқан. «Оқыту мен үйрету зорлау, күштеу емес, баланың дербес ерекшелігімен бейімділігіне қарай жүргізілсе дұрыс болады», -деп көрсетті[18] .

Сондай-ақ Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев сынды қазақ педагогтары да танымдық әрекет туралы құнды пікірлер айтты. Ахмет Байтұрсынов «бала білімді тәжірибие арқылы өздігінен алуы керек. Мұғалім балаға жұмысты әліне қарай шағындап берумен қарай бетін белгіленген мақсатқа қарай түзетіп отыру керек»-деп жазды[19] .

Мағжан Жұмабаев өзінің «Педагогика» оқулығында: « . . . Бала заттарды көріністерді, ұқсас сындары бойынша тап-тапқа бөліп үйренсін, жеңілден ауырға көшуді естен шығармуы керек, көріністердің олардың араларындағы байп ашуды һәм олардың қайсысына себеп екенін тауып үйренсін. Бұл балаға мысалдардан ерекше-заң шығартқызып үйрету сиқымды істермен болады; -деп жазды. Алайда оқу- әдістемелік және педагогикалық-психологиялық әдебиеттерге жүргізілген таңдаулар бұқаралық мектепті 50-ші жылдарға дейін догматизмның үлесі басым болған көрнекі құралдармен түрлендіріп оқитындығын көрсетеді. 50-ші жылдардан бастап ғылыми -техникалық жандану мектеппен өмірдің байланысуы сияқты факторлардың ықпалымен дидактар мен әдіскерлердің танымдық іс-әрекет теориясына деген ықыласы қайтадан күшейе түседі [20] .

Еліміздегі ғылыми педагогтар Т. Сабыров, А. Е. Әбілқасымова, Н. Д. Хмель, А. Ғ. Қазмағанбетов, Р. С. Омарова т. б. зерттеулер нысаналы түрде ұйымдастыру оқу процесінің жетілдірудің маңызды педагогикалық шарты ретінде қарастырылады.

Сонымен қатар, танымдық іс-әрекет ұғымының мазмұнына авторлар түрліше мағына береді. М. И. Махмутов «танымдық іс-әрекет - шәкірттің ақыл -ой белсенділігі және оның өз бетінше ізденіп оқуына мүмкіндік беретін әрекеті- деп қарастырады». Н. А. Половникова танымдық іс-әрекеттің мәні -шәкірттер оқушысының білімді игеруде өз бетінше талаптануы дейді.

Зерттеуші ғалымдар оқудағы танымдық белсенділікті қалыптастыру мәселелерін тәжірибеде шешудің түрлі жолдарын бөліп көрсеткен. Олар мына төмендегілер:[21, 22, 23, 24, 25] .

-оқу үрдісіне қатысушылардың екі жақты сипаты әсері негізінде мұғаліммен студенттің бірлескен әрекеті арқылы (Т. Сабыров, Н. Хмель, Е. Галант, Л. Аристова, М. Данилов, Г. Щукина, Р. Лемберг) ;

-танымдық іс-әрекеттің дербестігін қалыптастыратын өзіндік жұмысты ұйымдастыру мен оқу міндеттерін іріктеп шешу арқылы (Б. Есипов, Т. Сабыров, М. Скаткин, Б. Айтмамбетова) ;

-танымдық іс-әрекет тәсілдерін қалыптастыру арқылы (н. Меньшинская, П. Пидкасистый, Т. Шамова, А. Әбілқасымова, Р. Омарова, А. Мустояпова) ;

-оқытудағы әдістемелік білімдер элементтерін енгізу арқылы (И. Лернер, Б. Коротяев, М. Құдайқұлов) ;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ педагог-психолог мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру
Оқытудың кредиттік жүйесінде студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыру
Болашақ химия мұғалімінің креативті тұлғасын қалыптастырудың ғылыми педагогикалық негіздері
Виртуалды зертханалық жұмыстар
Жоғары оқу орнындағы интеллектуалды тұлғаның шығармашылық іс-әрекетін белсендіруді теориялық тұрғыда негіздеу
Өзіндік жұмыс арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру туралы
Студенттердің даму ерекшеліктерінің ғылыми-психологиялық негіздері
Педагогикалық технологияға педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың әдістемлік құралы
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАДА СТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІБИ БІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ - ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Тәжірибелік-бағдарлы кәсіптік білім берудің оқыту әдістерімен байланысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz