Қазақстандағы инновациялық белсенділікті арттыру жолдары
1 Қазақстанда ұлттық инновациялық инфрақұрылымды дамытудың негізгі бағыттары
2 Инновациялық кәсіпорынның кластерлі экономикада бәсекелестікті жоғарылату стратегиясы
3 Кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін дамыту және жетілдірудің негізгі бағыттары
4 Қазақстандағы ұлттық инновациялық жүйенің қызметіндегі даму институттарының іс.әрекеті

Қазақстандық бизнес–инкубаторлардың қызметінің шағын ғана тәжірибесі олардың бірқатар ерекшеліктері мен өзекті мәселелері бар екенін көрсетті, атап айтқанда [39]:
көптеген бизнес–инкубаторлар халықаралық қорлар мен ұйымдар қолдауымен құрылған;
жеке бизнестің бизнес–инкубаторларды құруға деген ынтасының жеткіліксіздігі;
жоғары оқу орындары базасындағы инкубаторлардың аз болуы;
технологиялық бизнес–инкубаторларды қалыптастыратын және дамытатын бірден-бір орта – еліміздегі технопарктердің аздығы;
бизнес–инкубаторлармен көрсетілетін қызметтердің шектеулі болуы;
технологиялық бизнес–инкубаторлардың тиімді дамуына жағдай жасайтын инновациялық кәсіпкерлік ортасының болмауы;
қаржыландырудың жеткіліксіздігі және осы аталған мәселелерді шешудің ғылыми негізделген тетіктерінің қалыптаспауы, т.б.
«Ұлттық инновациялық қор» АҚ қызметінің басты мақсаты елдегі жалпы инновациялық белсенділікті арттыруға, соның ішінде жоғары технологиялық және ғылыми сыйымды өндірістерді дамытуға бағытталған. Әйтсе де, бұл қор Қазақстанның инновациялық әлеуетінің дамуына қажетті деңгейде ықпалы болмай отыр.
Оның себебі ретінде қордың елдегі венчурлық кәсіпкерлікті дамыту тетіктерін ұсына алмауын, отандық ғылыми зерттеулерді дайын өнімге дейін жеткізетін ғылыми-өндірістік тізбектің қалыптаспауын, қоғамда ғылымға деген қызығушылықтың төмендігін, қордың қатысуымен құрылған инновациялық жобалардың қажетті тиімділікті көрсетпеуін және жоғарыда автормен анықталған, инновациялық инфрақұрылымның басқа субъектілеріне тән мәселелерді көрсетуге болады [39].

7 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКТІ АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
7.1 Қазақстанда ұлттық инновациялық инфрақұрылымды дамытудың негізгі
бағыттары
Қазақстандық бизнес–инкубаторлардың қызметінің шағын ғана тәжірибесі
олардың бірқатар ерекшеліктері мен өзекті мәселелері бар екенін көрсетті,
атап айтқанда [39]:
көптеген бизнес–инкубаторлар халықаралық қорлар мен ұйымдар қолдауымен
құрылған;
жеке бизнестің бизнес–инкубаторларды құруға деген ынтасының
жеткіліксіздігі;
жоғары оқу орындары базасындағы инкубаторлардың аз болуы;
технологиялық бизнес–инкубаторларды қалыптастыратын және дамытатын
бірден-бір орта – еліміздегі технопарктердің аздығы;
бизнес–инкубаторлармен көрсетілетін қызметтердің шектеулі болуы;
технологиялық бизнес–инкубаторлардың тиімді дамуына жағдай жасайтын
инновациялық кәсіпкерлік ортасының болмауы;
қаржыландырудың жеткіліксіздігі және осы аталған мәселелерді шешудің
ғылыми негізделген тетіктерінің қалыптаспауы, т.б.
Ұлттық инновациялық қор АҚ қызметінің басты мақсаты елдегі жалпы
инновациялық белсенділікті арттыруға, соның ішінде жоғары технологиялық
және ғылыми сыйымды өндірістерді дамытуға бағытталған. Әйтсе де, бұл қор
Қазақстанның инновациялық әлеуетінің дамуына қажетті деңгейде ықпалы болмай
отыр.
Оның себебі ретінде қордың елдегі венчурлық кәсіпкерлікті дамыту
тетіктерін ұсына алмауын, отандық ғылыми зерттеулерді дайын өнімге дейін
жеткізетін ғылыми-өндірістік тізбектің қалыптаспауын, қоғамда ғылымға деген
қызығушылықтың төмендігін, қордың қатысуымен құрылған инновациялық
жобалардың қажетті тиімділікті көрсетпеуін және жоғарыда автормен
анықталған, инновациялық инфрақұрылымның басқа субъектілеріне тән
мәселелерді көрсетуге болады [39].
Қазақстанның ұлттық инновациялық инфрақұрылымының бүгінгі жағдайына
жүргізілген сараптаулар нәтижелері жыл өткен сайын Қазақстанның ғылыми-
техникалық әлеуетінің қарқындап өсіп емес, төмендеп келе жатқанын көрсетуде
(кесте 7.1). Мәселен, ЖІӨ ғылыми сыйымдылығы 2007 жылғы небәрі 0,24% болса,
2008 жылы одан да төмендеп, 0,22%–ға теңесті. Әйтсе де, жеке сектордың
ғылыми–техникалық бағыттағы белсенділігінің біртіндеп артуы байқалады.
Яғни, жеке капиталдың ғылыми–техникалық қызметке бағытталған жалпы шығындар
сомасындағы үлесі 50%-дық деңгейден асып, 2009 жылы 56,4%–ға жетті.
Сондай–ақ, ЖІӨ-дегі инновациялық өнімнің үлес салмағы да төмендегені
байқалады, оның деңгейі 2007 жылғы 1,53%–дан, 2009 жылы 0,69%-ға дейін
кеміді. Мұны экономиканың шикізаттық секторының әлі де болса тартымды
болуымен түсіндіруге болады.
Кесте 7.1 – Инновациялық дамудың әлемдік моделі және оның
Қазақстандағы қалыптасу алғы шарттары
Инновациялық дамудың жалпыға тән әлемдік моделі (АҚШ, Қазақстандағы инновациялық даму алғы шарттары және олардың
Жапония, Финляндия, Ұлыбритания, Германия, Сингапур, қалыптасу реті
Қытай, Оңтүстік Корея, Малайзия)
Елдің инновациялық даму стратегиясын айқындау Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық
дамуының 2003–2015 жылдарға арналған стратегиясы мен
үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010–2014
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасыны қабылданды.
Инновациялық дамуды ынталандыратын заңдық-құқықтық ҚР Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы, ҚР
құжаттарды қабылдау арнайы экономикалық аймақтар туралы Заңдары, ҚР 2015
жылға дейінгі технологиялық даму бағдарламасы, ҚР
ғылымын дамытудың 2007–2012 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы қабылданды.
Инновациялық жүйені қалыптастыру Қазақстан Республикасының Ұлттық инновациялық жүйесінің
қалыптасуы мен дамуының 2005–2015 жылдарға арналған
бағдарламасы қабылданды.
Инновациялық инфрақұрылым элементтерін құру Инновациялық инфрақұрылымның мамандандырылған субъектілері
(технополистер, технопарктер, инновациялық құрылды (ұлттық және өңірлік технопарктер, технологиялық
бизнес–инкубаторлар, инновациялық қорлар, инжинирингтік бизнес–инкубаторлар, Ұлттық инновациялық қор АҚ).
орталықтар және т.б.)
Инновациялық қызметті қаржыландыратын венчурлық қорлар Ұлттық инновациялық қор АҚ қатысуымен отандық алты
құру венчурлық қор құрылды (Сентрас, Әрекет, Адвант,
Almaty venture capital, Glotur Technology Fund, АИФРИ
Center Capital).
Инновациялық инфрақұрылым элементтерін дамытуға ықпал Самұрық-Қазына, Зерде, Арна Медиа, Парасат,
ететін және ынталандыратын арнайы құрылымдарды ҚазАгро және басқа ұлттық холдингтік компаниялар мен
қалыптастыру олардың құрамындағы ұлттық компаниялар және даму
институттары, экономиканың басым бағыттары бойынша
құрылған кластерлер, өңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік
корпорациялар, корпоративтік көшбасшы компаниялар, арнайы
экономикалық аймақтар қалыптасты.
7.1-кестенің жалғасы
Инновациялық дамуға ірі, шағын және орта бизнесті, Алматы Бинес Групп АҚ, ТұранӘлем Секъюритис АҚ,
жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу ұйымдарын тарту, Lancaster Group Kazakhstsn АҚ, ЦентрКредит Банкі АҚ,
оларды жеке инновациялық, венчурлық қорларды құруға, Glotur АҚ, Centras Capital Group АҚ венчурлық қорларды
инновациялық инфрақұрылым элементтерін қалыптастыруға құруға қатысты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қ.Сәтпаев
ынталандыру атындағы ҚазҰТУ, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан МТУ
технопарктерді құрды, сондай-ақ Қазақстанда Ғарыш
индустриясы орталығы, Ұлттық биотехнологиялар орталығы,
ұжымдық пайдаланудың Ұлттық нанотехнологиялық зертханасы,
Ұлттық ғылыми портал пайда болды.
Инновациялар елдің экономикалық дамуының негізі болып Қазақстан Республикасының үдемелі
саналады; индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасына сай экономиканы
әртараптандыру және оның бәсекеге қабілеттігін арттыру
арқылы орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету үшiн
жағдай жасау ғылыми-техникалық және инновациялық үрдістер
арқылы жүзеге асады, сондай-ақ, 2014 жылға дейінгі кезең
ішінде инновациялық инфрақұрылымдарды құру және
қолданыстағыларын кеңейту, елдегі кәсіпорындардың
инновациялық белсенділігін 2015 жылға қарай – 10%-ға, 2020
жылға қарай – 20%-ға арттыру, енгізілген жаңа
технологиялар мен жүзеге асырылған
тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелердің санын 2014
жылға қарай тиісінше 200-ге және 160-қа дейін ұлғайту,
халықаралық танылған патенттер санын 2014 жылға қарай
30-ға дейін ұлғайту межеленуде.
Елдің экспорттық әлеуеті негізінен инновациялық өнімдер Қазақстан Республикасының үдемелі
мен қызметтерден тұрады. индустриялық–инновациялық дамуының 2010–2014 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасында елдiң экспорттық
әлеуетiн қосылған құны жоғары инновациялық тауарлар мен
қызметтердiң пайдасына қарай әртараптандыру көзделген.
Кесте 7.2 – Қазақстанның ғылыми-техникалық саладағы бүгінгі әлеуеті
№ Көрсеткіштер Жылдар
2007 2008 2009
1 ЖІӨ ғылыми сыйымдылығы, % 0,24 0,21 0,22
2 Ғылыми-техникалық салада қызмет етуші 0,26 0,23 0,21
халық саны бойынша ЖІӨ ғылыми
сыйымдылығы, %
3 Мемлекеттік капиталдың ҒТҚ бағытталған 57,6 51,1 43,6
жалпы шығындар сомасындағы үлесі, %
4 Жеке капиталдың ҒТҚ бағытталған жалпы 42,4 48,9 56,4
шығындар сомасындағы үлесі, %
5 Инновациялық өнімнің ЖІӨ үлес салмағы, %1,53 1,19 0,69
6 Ғылыми сыйымды сала өнімдерінің ЖІӨ үлес2,4 2,0 1,3
салмағы, %
7 100 мың адамға шаққандағы патенттелген 38 38 39
дайындамалар саны, дана
Инновациялық инфрақұрылым қызметінің тиімділігі елдегі ғылыми ортаның
нақты жағдайымен тікелей байланысты екендігін ескере отырып, оған арнайы
зерттеу жұмыстары жүргізілді (кесте 7.3). Зерттеу нәтижелері
көрсеткеніндей, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалған шығындар
көлемі жыл санап ұлғайғанымен, ЖІӨ шаққандағы үлестік көлемі соңғы екі жыл
көлемінде төмендеп отыр. Ол ЖІӨ қарқынды жоғарылауымен емес, ғылымға
жұмсалатын шығындардың баяу өсуімен байланысты.
Сондай-ақ, ғылыми зерттеулермен және әзірлемелермен айналысатын
ұйымдарға тиесілі қаражат көлемінің 2009 жылы 2007 жылға қарағанда небәрі
2,1% артқанын аңғарамыз. Мұның өзі аталған ұйымдардың ғылыми
белсенділігінің әлі де төмен екендігін білдіреді.
Кесте 7.3 – Қазақстандағы ғылымның қазіргі жағдайы
№ Көрсеткіштер Жылдар
2007 2008 2009
1 Жалпы ішкі өнім, млрд. теңге 10213,7 12849,8 16052,9
2 Ғылыми зерттеулер мен 24,8 26,8 34,8
әзірлемелерге жұмсалған
шығындар, млрд. теңге
- ЖІӨ шаққанда пайызбен, % 0,24 0,21 0,22
3 Ғылыми зерттеулер мен 437 438 421
әзірлемелерді орындаған ұйымдар
саны, бірлік
4 ҒЗӘ-мен айналысатын персонал 19563 17774 16304
саны, адам
- с.і.: ғылым докторлары 1157 1166 1191
- ғылым кандидаттары 3147 3058 2861
5 ҒЗӘ-мен айналысатын ұйымдарға 19247,7 18782 19177
тиесілі қаражат көлемі, млн.
теңге
6 ҒЗӘ-ді жүргізуші персоналдың 51400 64108 81810
орта айлық жалақысы, теңге
7 Жоғары білім жүйесіндегі 36007 45557 50877
қызметкер-лердің орта айлық
жалақысы, теңге
Қазақстандағы ғылыми-техникалық дамуға жүргізілген талдау елдің
инновация саласындағы белсенділігі біртіндеп кеміп, 2009 жылғы мәлімет
бойынша тек 4,0% құрағанын көрсетті (кесте 7.4).
Кесте 7.4 – Отандық кәсіпорындардың инновациялық қызметтерінің негізгі
көрсеткіштері
№ Көрсеткіштер Жылдар
2007 2008 2009
1 Респонденттер саны, барлығы 10591 10889 11172
- с.і.: инновациясы бар 505 526 447
инновация саласындағы белсенділік 4,8 4,8 4,0
деңгейі, %
- инновациясы жоқ 10086 10363 10725
инновация саласындағы енжарлық деңгейі,95,2 95,2 96,0
%
2 Инновациялық өнімдердің ЖІӨ-гі үлесі, %1,53 1,19 0,69
3 Инновациялық өнімдердің өнеркәсіптік 2,4 2,0 1,3
өндіріс көлеміндегі үлесі, %
4 Ғылыми-зерттеу, жобалау-конструкторлық 724 763 745
бөлімшелердің саны
- осы бөлімшелердегі қызметкерлердің 11472 9375 10781
тізімдік саны, адам
Елімізде мемлекет тарапынан қолға алынып жатқан шараларға қарамастан
инновациялық белсенділікті арттыру әлі де мүмкін болмай отыр. ЖІӨ-дегі жаңа
ғылыми өнім үлесінің соңғы жылдары күрт кеміп, 2009 жылы небәрі 0,69%-ға
тең болса, кәсіпорындардың ғылыми өнімдер өндіру жөніндегі белсенділігі де
2007 жылғы 2,4% деңгейден 2009 жылы 1,3% мөлшеріне дейін төмендеген. Бұл
ғылыми-техникалық қызметтің елдің экономикалық дамуына әлі де негіз бола
қоймағанын аңғартады. Әлемнің көптеген елдерінде елдерде бұл көрсеткіш өте
жоғары. Мәселен, АҚШ-та 50%, Түркияда – 33%, Венгрияда – 47%, Эстонияда –
36%. Сондай-ақ, дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, жаңа білімдері
мен ғылымның негізінде туындаған жетілдірілген технологиялар, өнімдер,
жабдықтардың үлесіне ЖІӨ өсімінің 70-тен 85%-іне дейін келеді.
Қазақстан өңірлерінің инновациялық белсенділігі де әр алуан болып
отыр, өйткені ол қолда бар ғылыми-техникалық, қаржылық, еңбек ресурстарға
және оларды пайдалау мүмкіндіктеріне байланысты. Сондықтан, өңірлердің
инновациялық белсенділігі олардың инновациялық әлеуетіне байланысты
қалыптасуда және де әртүрлі деңгейді көрсетіп отыр.
Төмендегі 7.1-суреттің мәліметтеріне сүйене отырып, еліміздегі
өңірлерді инновациялық белсенділіктері бойынша үш топқа бөліп қарауға
болады:
төменгі деңгей, бұл топқа Алматы, Ақмола, Маңғыстау, Қостанай,
Оңтүстік және Солтүстік Қазақстан облыстары және Астана қаласы жатады;
орта деңгей, бұл топқа Атырау, Қызылорда, Павлодар, Ақтөбе және Шығыс
Қазақстан облыстары кіреді;
жоғары деңгей, бұл топқа Қарағанды, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстары
мен Алматы қаласы енеді.
Сурет 7.1 – Қазақстан Республикасының облыстары бойынша
кәсіпорындардың инновациялық белсенділік деңгейі, %
Қазақстанның жаһандық инновациялық-технологиялық саладағы бүгінгі
деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер еліміздің әлемдік деңгейден көп төмен
екенімізді көрсетіп отыр (кесте 7.5).
Кесте 7.5 – Қазақстанның және әлем елдерінің инновациялық-
технологиялық саладағы салыстырмалы деңгейі, 2008 жыл
Көрсеткіштер Қазақстан Әлем елдері
ЖІӨ ғылыми зерттеулер 0,22 Швеция – 3,86; АҚШ –
мен әзірлемелерге 2,67; Жапония – 3,2;
жұмсалған шығындар, % Германия – 2,51; Ресей –
1,3
Кәсіпорындардың 4,0 Германия – 82,5; Швеция
инновация саласындағы – 75,3; Австралия –
белсенділік деңгейі, % 60,8; Ресей – 10,0
Өнеркәсіптік өнім 1,3 Германия – 29; Австралия
көлеміндегі инновациялық – 31; Ресей – 3,7
өнімнің үлес салмағы, %
Ел экспортындағы жоғары 2,0 Жапония – 54; АҚШ – 32;
технологиялық өнімнің Ресей - 9
үлес салмағы, %
1 тұрғынға келетін ҒЗТКЖ14 АҚШ – 892; Швеция – 875;
шығындары, АҚШ долл. Германия – 580; Норвегия
– 479; Ресей - 420
ҒЗТКЖ-мен қамтылған 629 Жапония – 5287; АҚШ –
халық саны, 1 млн. 4484; Германия – 3261;
адамға Ресей - 3319
1 млн. халыққа тіркелген126 Жапония – 2875; АҚШ –
патенттер саны 701; Германия – 586;
Ресей - 165
ҒЗТКЖ-ға жұмсалған 1,6 АҚШ – 18; Ұлыбритания –
қаражаттардағы шетелдік 14
инвестициялардың үлесі
Қазақстанның инновациялық инфрақұрылымы мен инновациялық әлеуетінің
қазіргі жағдайына жүргізілген зерттеулерді қорытындылай келе, төмендегі
жағдайларды атап өтуге болады:
Біріншіден, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалатын шығындардың
көлемі әлі де мардымсыз. Қазақстанды инновация әлеміндегі көшбасшы
мемлекеттердің қатарына кіргізуді қажет деп тапсақ, онда оның деңгейін
экономикасы дамыған елдердің деңгейіне дейін жеткізу.
Екіншіден, өңірлердің ғылыми белсенділігі өте төмен. Оны көтеру үшін
ғылыми мақсаттарға бағытталатын мемлекеттік қаражатты еліміздегі өңірлердің
ғылыми-инновациялық мүмкіндіктерін ескере отырып бөлу.
Үшіншіден, ғылыми мақсатта пайдаланылатын негізгі капиталды
толықтыруға немесе жаңартуға қажетті инвестициялардың көлемін көбейту
қажет. Ол үшін ғылыми зерттеулермен айналысуды тартымды ету және ол үшін
барлық жеңілдіктер мен ынталандыру тетіктерін енгізу.
Төртіншіден, Қазақстандағы даму институттарының ғылыми бағыттылығын
арттыруды қолға алу. Ол үшін инновациялық және инвестициялық жобаларды
қаржыландыру үрдісіне міндетті ғылыми негіздеулер енгізу.
Бесіншіден, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелілігін
арттыру. Мұны жүзеге асыру үшін мемлекеттік гранттар жүйесін кеңейту және
әкімшілік кедергілерді азайту.
Алтыншыдан, Қазақстан өңірлері индустриялық-инновациялық және ғылыми-
технологиялық даму үшін қажет әртүрлі бастапқы шарттарға ие және ол шарттар
біркелкі емес. Яғни, еліміздің барлық өңірлерінен бірдей индустриялық-
инновациялық даму нәтижелерін күту орынсыз, сондай-ақ, ол өңірлерді
түгелдей инновациялық бағытқа салу да дұрыс емес. Әйтсе де, ҚР Үкіметі
елдің барлық облыстарына индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге
асырумен байланысты, кей жағдайларда шынайылығы жоқ әрі қолға алуға тиімсіз
жобаларды жүзеге асыруды міндеттеп отыр.
Жетіншіден, өңірлерде жүзеге асырылып жатқан жобаларды индустриялық
және инновациялық деп бөліп, тиісінше оларға мемлекеттік қолдау көрсету
(салықтық жеңілдіктер беру немесе салықтан босату, төмендетілген пайызбен
несие беру, гранттар тағайындау және т.б.) тетіктерін анықтау. Өйткені,
елімізде қолға алынған жобалар көбіне инновациялық бағыттан гөрі
индустриялық бағытқа сәйкес келеді. Бұл Қазақстан мен оның өңірлерінің
шынайы инновациялық әлеуеті мен инновациялық белсенділігін анықтауға
мүмкіндік береді.
Сегізіншіден, елімізде көрініс тапқан инновацияларды технологиялық
және үрдістік деп бөліп, тиісінше өңірлерді де технологиялық инновацияларға
икемді немесе үрдістік инновацияларға икемді деп бөлу. Яғни, технологиялық
инновациялар өндірістік және тауарлық сипаты бар жаңа немесе жетілдірілген
өнім түрінде көрініс табады. Ал, үрдістік инновациялар мемлекеттің, ынталы
топтардың қоғамдық, әлеуметтік қатынастарды жетілдіруімен, қоршаған ортаның
тазалығын немесе тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында атқаратын
шараларымен байланысты. Тиісінше, өндірістік және инновациялық
инфрақұрылымы мейлінше дамыған және ғылыми әлеуеті жоғары өңірлерді
негізінен технологиялық инновациялармен шұғылдануға жұмылдырып, елдің
инновациялық дамуын сол өңірлердің белсенділігімен байланыстыру.
Тоғызыншыдан, инновацияларды шикізатты өңдеу және дайын өнім шығару
салаларында дамытуды шындап қолға алу. Бұның себебі – Қазақстан
Республикасының ұлттық экономикасын өркендетудің басым бағыттарының
қатарында тамақ өнеркәсібі, металлургия сынды салалармен қатар құрылыс,
туризм, көлік инфрақұрылымы сияқты салалар да бар. Автордың пікірінше, осы
басым бағыттардың өзін екіге бөліп, біріншілерінің инновациялық
бастамаларына айрықша ынталандырулар мен жеңілдіктер берілуі керек. Онсыз
нақты өндірістердің инновациялық белсенділіктерін көтеру қиын. Өйткені,
өнім өндіруші салалар қызмет көрсету және жұмыстар орындау салаларына
қарағанда қашан да күрделі, өндірістік циклы мен капиталдың қайтарымы ұзақ,
бәсекелік ортасы тығыз кәсіпкерлік қызмет түріне жатады. Бұларға қоса,
өндірістік сфера бастапқы капиталды көбірек қажетсінетін, әрдайым айналым
құралдарының үздіксіздігі мен негізгі құралдардың жаңарып отыруын талап
ететін шаруашылық түрі болып саналады.
Оныншыдан, отандық инновациялық инфрақұрылым элементтерінің өндірістік
бағыттылығын арттыру. Оны дәстүрлі өндірісті қолға ала отырып, кейіннен
ғылыми–зерттеу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде бірте–бірте бұл өндірістік
жүйені инновациялық тұрғыдан дамытуға болады. Яғни, технопарктер мен
технологиялық бизнес–инкубаторларда орналасатын кәсіпорындардың бастапқы
қызметінің инновациялық болуы міндетті емес. Бірақ, міндетті түрде оның
кейінгі қызметі инновациялануы тиіс. Бұл қадам арқылы қазіргі кезде
жұмыссыз тұрған еліміздегі көптеген технопарктер мен технологиялық
бизнес–инкубаторлардың жұмысын жандандыруға мүмкіндік туады.
Біздің зерттеуіміздің өзегі болып саналатын ұлттық инновациялық
инфрақұрылымды дамытудың экономикалық механизмі – ол еліміздің инновациялық
әлеуетін дамытуға негіз болатын, оны жүзеге асыру белгілі-бір нәтижелі
жетістікке жетуге ықпал ететін қаржылық, экономикалық, салықтық, несиелік
және басқа да іс-әрекеттер мен тетіктердің жиынтығынан тұрады. Дұрыс
таңдала білген механизм ұлттық экономикамыздың ұзақ мерзімде инновациялық
өркендеуі мен дүниежүзілік нарықта лайықты орын алуына ұтымды жағдай жасауы
тиіс (сурет 7.2).
Инновациялық инфрақұрылымды дамыту механизмі әлемдік және елдегі
инновациялық ортаның жалпы жағдайына, қоғам мен ғылыми–техникалық
прогрестің дамуына, адамзат мәдениеті мен ой–санасына, экология
талаптарына, сонымен қатар, еліміздің нақты мүмкіндіктері мен стратегиялық
өркендеу бағыттарына сай болуы тиіс.
Аталған механизм оның құрамындағы өзара байланысты тетіктерді кешенді
түрде жүзеге асырғанда ғана белгілі–бір нәтижеге жеткізетінін ескерткеніміз
жөн. Онсыз, әр тетіктің өздігінен ұлттық инфрақұрылымның дамуына қомақты
үлес қосуы екіталай.
Инновациялық инфрақұрылымды дамытуға қажетті жағымды экономикалық
ортаны қалыптастыру осы инфрақұрылымды құрайтын әрбір элементтің
белсенділігі мен тиімділігін арттыру үшін қажет. Өйткені, салық, несие,
мемлекеттік қаржыландыру сияқты тетіктерді қолданбай, экономикалық
шараларды заңдық–құқықтық қамтамасыз етпей, инновациялық инфрақұрылым
элементтерінен жағымды нәтиже күту орынсыз (сурет 7.3).
Әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей, инновациялық инфрақұрылымға қажетті
жағымды экономикалық ортаны қалыптастыруда мемлекет жеке сектормен
ынтымақтастық орната алады. Осындай ынтымақтастықтың неғұрлым ұтымды
мысалдары Жапонияда, Швецияда, Түркияда және соңғы отыз жылда өздерiнiң
инновациялық жүйелерінде iрi жетістіктерге жеткен басқа да елдерде бар.
Еуропа елдерінде мемлекет университеттерде жеке сектордың
белсенділігін қолдайтын ғылыми-инновациялық инфрақұрылым элементтерін
қалыптастырған. Бұл міндетке сай университеттер шағын және орта қалалардың
қоғамдық жүйедегі өзіндік орнын қалыптастыратын ғылыми бастамаларын
сараптап, оларды жүзеге асыруға ықпал етеді.
Жағымды экономикалық ортаны қалыптастыру саясатын жүзеге асыруда біз
әсіресе мына тетіктерді іске қосқан жөн деп санаймыз:
1. Мемлекет тарапынан әрбір ғылыми-зерттеу ұйымына нақты бір
кәсіпорындармен байланыс жасауын міндеттеу. Бұл жердегі басты қағида –
мемлекет байланыстың мұндай түрлерін қолдай отырып, оларға екі–үш жыл
көлемінде гранттарды жеңіп алуға мүмкіндік жасау (құжаттарды дайындауға
көмектесу, ақпараттық қолдау көрсету және т.б.). Ал егер мұндай ғылыми-
зерттеу орталығы мемлекеттің үмітін ақтамаса, оны ғылыми–зерттеу орталығы
статусынан айыру.
2. Ғылыми кадрларды материалдық ынталандыру жүйесін қайта дайындау.
Бүгінгі күні еліміздегі ғылыми кадрларды ынталандыру тетігі тиімсіз және
инновациялық ортаның дамуына ықпал ете алмайды. Олай дейтініміз, қазіргі
білікті жастар ғылыммен емес, бизнеспен айналысуға ынталы. Ал егер осы
білікті құрамын ғылымға тарта біліп, олардың ақыл–ой жетістіктерін
инновация саласына пайдалансақ, біздің ұтарымыз көп болар еді.
3. Арнайы ғылыми зерттеулер жүргізіп, оның нәтижелерін өндіріске
енгізген кәсіпорындарға салық жеңілдігін беру. Мәселен, ғылыми
қызметкерлердің еңбек ақы қорын әлеуметтік салықтан босату. Бұл тетік
кәсіпорындардың ғылыми кадрларға көңіл бөліп, оларды өндіріске тартуға
ықпал етеді;
4. Инновациялық мақсаттарға салық несиесін беру, яғни инновациялық
жобаларды жүзеге асыруға қажетті қаражатты кәсіпорынның салық
аударымдарынан белгілі бір кезеңге шегеру. Бұл қадам кәсіпорынға банктен
немесе басқа да қаржы ұйымынан несие алмай–ақ, арнайы гранттарға
қатыспай–ақ кішігірім жобаларды орындауға мүмкіндік береді.
5. Инновациялық шығындардың өсуіне қарай регрессивті түрде
корпоративтік табыс салығын енгізу. Осы арқылы кәсіпорындарды
Сурет 7.3 – Инновациялық инфрақұрылымның жағымды экономикалық
ортасының құраушылары
инновациялық қызметтің көлемін арттыруға, жаңа өнімдерді зерттеуге
ынталандыруға болады. Мұндай салық түрі Жапонияда, Оңтүстік Кореяда,
Ұлыбританияда енгізілген. Жапонияда корпоративтік табыс салығы 10%–дық
мөлшерге дейін төмендетілсе, Оңтүстік Кореяда ол шама 7%–ға дейін, ал
Ұлыбританияда 1%–дық деңгейге жетеді.
6. Инновациялық жобаларды жүзеге асырып, одан пайда тапқан
кәсіпорындарға салық каникулдарын беру. Инновациялық жобалардың саны
артқан сайын еселі түрде демалыс мерзімін де ұзартып отыру. Бұл әдіс АҚШ–та
кең тараған. Салықтан босатылуға талпынған көптеген фирмалар инновациялық
жобалармен айналысуға өздері қызығушылық танытып отырады.
7. Инновациялық кәсіпорындардың акцияларын иемденген жеке және заңды
тұлғалардың дивиденттеріне жеңілдетілген жеке табыс салығын енгізу. Мұндай
салық түрі Оңтүстік Корея мен Малайзия мемлекеттерінің тәжірибесінде бар.
Осы жеңілдік арқылы инновациялармен айналысатын кәсіпорындарға акция
шығару арқылы өз қызметтеріне қосымша капитал тартуға мүмкіндік жасалады.
Жеке және заңды тұлғалар осындай кәсіпорындардың акционерлеріне жасалатын
жеңілдікке қызығып, олардың құнды қағаздарына сұраныс білдіреді.
8. Ғылыми–инновациялық әзірлемелерді, интеллектуалдық меншікке кіретін
материалдық емес активтерді қолдана отырып қызметін жүзеге асырған және ол
қызметінен пайда тапқан заңды тұлғаларға тиісінше корпоративтік табыс
салығын төмендету. Салықтың мұндай түрі ғылыми сыйымды өнімдерді көптеп
өндіруге жағдай жасайды. Оның мысалдарын Жапония, АҚШ, Канада, Швеция
сияқты мемлекеттерден алуға болады.
9. Инновациялық кәсіпорындардың салық салғанға дейінгі табысының бір
бөлігін арнайы есеп-шоттарға салу, егер де кейіннен кәсіпорын бұл қаражатты
инновациялық мақсаттарға жұмсаса, оған жеңілдетілген мөлшерде салық салу.
Салықтың дәл осы түрі Финляндия мен Германияда қолданылады. Ол
мемлекеттерде жеңілдетілген табыс салығының мөлшері 20%–дан 5%–ға дейінгі
аралықта болады.
10. Инновациялық инфрақұрылым шеңберіндегі кәсіпорындарға
жеделдетілген амортизация әдісін қолдану. Мәселен Жапонияда жеделдетілген
амортизация жүйесі энергияны үнемдейтін құрал–жабдықтарды қолданатын немесе
ресурстарды тиімді пайдаланатын әрі қоршаған ортаға залалы тимейтін
жабдықтармен жұмыс жасайтын компанияларға енгізіледі. Оның мөлшері 10%– дан
50%–ға дейін жетеді.
Инфрақұрылым шеңберіндегі элементтердің қызмет ету тиімділігін арттыру
олардың өзара байланысын жетілдіру арқылы жүзеге аспақ. Инновациялық
инфрақұрылымның әрбір субъектісінің дамуы басқа элементтердің дамуымен
тығыз байланысты екенін ескерсек, онда оларды кешенді түрде қолдау арқылы
ғана оң өзгерістерге жетуге болады. Бұған қоса, инфрақұрылымның әрбір
элементі өз тарапынан бастама көтеріп, басқа элементтермен байланысын
арттыруға ұмтылуы тиіс.
Бұл тетікті жүзеге асыру бойынша біздің ұсыныс-пікірлерімізді
төмендегідей топтап көрсетуге болады:
инновациялық инфрақұрылым шеңберіндегі элементтердің белсенділігін
арттыруды еліміздің білім жүйесінен бастау керек. Өйткені, инновацияларды
ойлап табатын да, олардан әзірлемелер дайындап, өндіріске енгізетін де
мамандар. Сондықтан да, білікті мамандар даярлау ісін инновация жүйесіндегі
басымды мақсат деп тауып, инфрақұрылым шеңберіндегі басқа элементтері оған
жан–жақты қолдау жасаулары керек. Атап айтсақ: өз есептерінен білікті
жастарға оқу гранттарын беру; білім жүйесіне қажетті ғылыми–зерттеу және
тәжірибе–конструкторлық орталықтарын ашып, оған дарынды жастар мен ғылыми
кадрларды тарту; жоғары және орта арнаулы оқу орындары тәлімгерлерінің
оқу–өндірістік тәжірибелерін ұйымдастырып, олардың арасынан біліктілерін
жұмысқа қабылдау; арнайы конкурстар ұйымдастырулар арқылы жастардың
инновацияларға құлшынысын арттыру және т.б.;
ғылыми-зерттеу мекемелерінің белсенділігін арттыру үшін оларды
шетелдің осы саладағы озық ғылыми орталықтарымен байланыстыру. Ол үшін
отандық ғылыми–зерттеу орталықтарына біріккен жобаларды орындауларына
мүмкіндік ашу;
инновациялық инфрақұрылым элементтерін бір–екі макротехнологиялар
жобасының аясына топтау. Өйткені, ел экономикасының басым бағыттары тым көп
және оларды бірден дамыту мүмкін емес. Ол үшін әрбір инновациялық
инфрақұрылым субъектісіне қатысты арнайы стратегия дайындап, олардың
жұмысына қатысты нарықтың қандай бөлігін иемдену, қандай бәсекелік
артықшылықтарды пайдалану, қандай жеңілдіктерді мемлекет тарапынан алу,
қандай тәуекелдермен жұмыс жасау сияқты және басқа да өзекті мәселелерді
анықтап, қызметтерін нарықтың нақты қажеттіліктеріне икемдеу керек;
еліміздің әр өңірінде ғылыми–инновациялық кешендер құру. Мұндай
кешендер жоғары оқу орындарынан, ҒЗИ–нан, ғылыми орталықтардан, бiлiктi
жұмыс күшiн даярлауға және жаңа идеялар мен әзiрлемелердi генерациялауға
бағдарланған консалтингтiк және бiлiм беретiн компаниялардан, технологиялық
парктер мен технологиялық бизнес–инкубаторлардан, инновациялық қызметтi
қолдауға бағдарланған және қаржыландыру, маркетинг, жарнама–көрме қызметi,
патенттеу–лицензиялау жұмысы мен зияткерлiк меншiктi қорғау мәселелерiмен
айналысатын құрылымдардан жасақталуы тиіс;
арнайы экономикалық және индустриалды аймақтарда жұмыс істейтін
кәсіпорындардың белгілі бір көлемде өндірістік сипатының болуын міндеттеу.
Себебі еліміздің индустриалды кезеңге көшуі үшін бізде табиғи ресурстарды
пайдалана отырып, өнім өндіретін салалар көптеп жасақталуы тиіс. Ол үшін
салық жеңілдіктерінің мерзімін өндірістік және инновациялық белсенділігі
жоғары кәсіпорындарға ұзартып, керісінше төмен белсенділікті көрсеткен
кәсіпорындарды қысқарту;
ұлттық холдингтік компаниялардың инновациялық белсенділігін,
біріншіден, байланыс және ақпарат кеңістігінде бәсекелік ортаны
қалыптастыруға, екіншіден, көлік–тасымалдау инфрақұрылымын дамытуға,
үшіншіден, жеке сектор тарапынан болатын ғылыми бастамаларды қолдауға
бағыттау. Себебі, елде дамыған ақпараттық–телекоммуникациялық
инфрақұрылымның болуы ұлттық экономиканың өсуiнiң, қоғамның iскерлiк және
зияткерлiк белсендiлiгiнiң артуының басты факторларының бiрi болып табылады
және ол халықаралық қоғамдастықтағы елдiң беделiн айғақтайды;
даму институттарын бір жобаға кешенді қызмет көрсетуге бағыттау, яғни
инвестициялау құқы бар даму институты нақты бір жобаны қаржыландырса,
басқалары ол жобаға қатысты нарықтық зерттеулер жүргізіп, тәуекелін бөлісу
сияқты қызметтер ұсынулары тиіс. Өйткені, олардың қызметінде жүйелілікті
арттыру қажет болып отыр. Оған қоса, олар ірі инновациялық немесе
инвестициялық жобаны қаржыландыра отырып, осы жобаға қызмет көрсететін
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне арнайы гранттар беру;
әлеуметтік–кәсіпкерлік корпорациялар тарапынан өңірдегі табысты
кәсіпорындарды жаңа нарықтарға шығаратын ғылыми сыйымды, жоғары
технологиялы өнімдерді шығаруға бейімдеу, осындай бастамаларға қаржылай
қолдау көрсету, ал табысы төмен немесе шығынды кәсіпорындарға жеке
инвесторларды тарту мақсатында қатысушы функциясын атқару. Ол үшін мемлекет
пен жеке бизнестің арасындағы дәнекерлік қызметті атқару, өңірдегі шағын
және орта бизнеске қол жетімді несиелер беруді ұйымдастыру, сондай–ақ
өңірдегі кластерлік бастамаларды қолдап, олардың дамуына жан–жақты қолдау
көрсету;
экономиканың басым бағыттары бойынша құрылған кластерлерге жергілікті
инновациялық инфрақұрылымның мамандандырылған субъектілерінің өнімдерін
тұтынушы, сол субъектілерге жоба дайындауға тапсырыс беруші, кластердің
жанынан инновацияға қабілетті ғылыми әлеуетті қалыптастырушы ролін жүктеу
және т.с.с.
Ғылыми–техникалық әлеуеттің мүмкіндіктерін ұтымды пайдалану арқылы біз
қосылған құн тізбегіндегі элементтердің көбейуін қамтамасыз ете аламыз.
Еліміздің ғылыми–техникалық әлеуеті өз күшін өндірістік сипаттағы
инновациялық бастамалар мен одан нақты нәтижелердің пайда болуына, сол
арқылы экономика салаларын әртараптандырып, алдағы уақытта
индустриалды кезеңге өтуімізге бағыттауы тиіс. Өз кезегінде бұл бағыттардың
барлығы да экономикалық ынталандыруды, реттеуді, қадағалауды қажет етеді.
Ғылыми-техникалық әлеует ғылымның іргелі және қолданбалы секторларын,
салалық бағыттағы ғылыми–зерттеу институттарын, кәсіпорындар мен
мекемелердің зертханаларын, сондай–ақ талантты инженерлерді, ізденушілерді,
ғалымдарды, ізденімпаз менеджерлерді өзіне топтастыра отырып, олардың
жинақтаған ғылыми білімдерін тәжірибеде қолдану арқылы өмірге жаңа
құндылықтарды алып келуге мүмкіндік береді.
Міне осы айтылғандардың барлығы да инновациялық инфрақұрылымның дамуын
ынталандыратын экономикалық механизмнің маңыздылығын және қалыптастыру
қажеттілігін көрсетеді.
7.2 Инновациялық кәсіпорынның кластерлі экономикада бәсекелестікті
жоғарылату стратегиясы
Қазіргі кезде бәсекелестік теориясы мен тәжірибесі аумағында
қалыптасып келген Қазақстан мен капиталистік елдер арасындағы айырма
тереңдеуін тоқтатты деп айтуға негіз бар. Қазіргі уақытта Қазақстан өзінің
ұтымды географиялық және көліктік–коммуникациялық орналасуын нақты ескере
отырып, нарықтық экономиканың теоремалары мен демократиялық дамудың
аксиомаларын бірінен соң бірін игере отырып мүлдем жаңа экономикалық
жүйенің, демократиялық құқықтық мемлекеттің іргетасын қалыптастырып, осы
заманғы қоғамдық институттарды нығайтып үлгергенімен бірге әлемнің озық
мемлекеттерінің бәсекелестік туралы теориялық, әрі кең практикалық
тәжірибесіне ие болып отыр.
Соңғы жылдардағы тәжірибеден Қазақстанның шаруашылық етудің нарықтық
әдістеріне көшуіне байланысты бәсекенің қоғамның экономикалық өмірінде ролі
елеулі түрде өсіп отырғанын көреміз. Көптеген жаңа кәсіпорындар мен
ұйымдардың пайда болуы, капитал нарығының қалыптасуы, қазақстандық нарыққа
компанияларының енуі – барлығы да нарықтық жағдайды күшейте түсті.
Бәсеке шаруашылық етудің тиімді нысандарының дамуы үшін жағдайлар
жасап, тұтынушыға қажетті өнім түрлері өндірісін ынталандырады.
Экономикалық бәсекенің негізі болып экономикалық еркіндік, шаруашылықтар
субъектілерінің өнім, тауар, қызмет көрсетулер нарығындағы бақталастықтағы,
өткізу нәтижелеріндегі, пайда алудағы теңдігі болып табылады. ҚР Заңына
сәйкес, бәсеке – рынок субъектілерінің өз бетімен жасалған іс–әрекеттері
тиісті тауар рыногындағы тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер
айналысының жалпы жағдайына олардың әрқайсысының біржақты ықпал ету
мүмкіндігі тиімді шектейтін және тұтынушыларға қажетті тауарлар (жұмыстар,
көрсетілетін қызметтер) өндіруді ынталандыратын жарыстастығы. Бәсеке мен
бәсекеге қабілеттілік бәсекелестік ортамен тығыз байланыстырып қарауға
тиісті күрделі көпжақты түсініктер болып табылады. Бәсекеге қабілетті өнім
өндіру, сосын оны өткізу – кәсіпорынның өміршеңдігінің жалпылауыш
көрсеткіші, кәсіпорынның қаржылық, өндірістік еңбек әлеуетін тиімді
пайдалана алу қабілеті. Басқаша сөзбен айтқанда, бәсекеге қабілеттілік
кәсіпорынның барлық бөлімдері мен қызметтері жұмыстарының нәтижелері (оның
ішкі ортасының жай–күйі) және де оның сыртқы факторлар өзгерістеріне
қатысты оның реактивтілігі (жылдамдығы) шағылысатын айна іспетті.
Жеке бір тауар түріне қатысты алсақ, бәсекеге қабілеттілік – өнімнің
сатып алушының нақты бір қажеттілігін қанағаттандыруды қамтамасыз ететін
құндылық қасиеттері деп түсінеміз. Егер оның тұтынушылық және құндылық
қасиеттерінің жиынтығы оны басқа тауар–аналогтар айырбасының кең ұсынысында
лайықты ақшаға табысты айырбасталуына мүмкіндік беретін болса, тауар
бәсекеге қабілетті деп танылады. Осыдан абсолютті бәсекеге қабілетті деп
нарықта еш аналогы жоқ жаңа тауар түрлерін айта аламыз. Тауардың бәсекеге
қабілеттілігі тұтынушы үшін ерекше қызығушылық тудырған қасиеттермен ғана
анықталады. Сонымен қатар, сатып алушының шығындары тауарды сатып алу және
оны тұтынумен байланысты шығындардан тұратын болғандықтан, нарықта
минималды бағамен сатылатын тауар емес, тұтынушы пайдаланған барлық уақыт
ішінде минималды бағасы болатын тауар бәсекеге қабілетті болып танылады.
Кез келген экономикалық объект тәрізді тауардың бәсекеге қабілеттілігін
нақты нарық жағдайы мен сатылу мерзімінде бәсекелестердің аналог-
тауарларымен салыстыру арқылы ғана анықтай аламыз. Сонымен қатар, әрбір
сатып алушының өз қажеттіліктерін қанағаттандырудың жеке өзінің бағалау
алғышарттары болатын болғандықтан, бәсекеге қабілеттілік те жекелік
(индивидуалдылық) реңкке ие болады.
Бәсекеге зерттеу жүргізу қажеттілігі мен маңыздылығын тек нарықта
қызмет ететін кәсіпорынның маркетинг бөлімдері басшылары ғана емес, сонымен
қатар қазіргі заманғы зерттеуші ғалымдар арасында да үлкен қызығушылық бар
екендігін ғылыми еңбектерінен көруге болады. Бәсекені өзінің зерттеу
тақырыбы етіп алған ғалымдардың ішінде біздің уақытта аты әлемге әйгілі
ағылшын экономисті, Гарвард мектебінің профессоры М.Портер өзінің әлемдік
бәсеке туралы еңбектерінде бәсеке нарық құрылымын, сала құрылымын және оның
өзгерістері үрдісін жан-жақты түсінуге негізделуі тиіс деген [43].
Өнім түрлері, кәсіпорындар мен бірлестіктер, жекелеген елдер немесе
топтастықтар (аймақтық, саяси, этномәдени) бәсекелестік күрес субъектілері
бола алады. Осы сайыс орындалатын аумақты не ортаны бәсекелестік орта деп
айтуға болады. Әрине, бұндай аумақтың не сфералардың әртүрлілігі сәйкесінше
бәсекелестік орталардың да әртүрлілігін анықтайды. Сала немесе кәсіпорын
қандай қызмет сферасында бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізіп жатады деген
сұраққа жауапты М.Портер ұсынған жергілікті кәсіпорындар бәсекеге түсетін
бәсекелік ортаны қалыптастыратын төрт қасиеттерден табамыз. М.Портер
бәсекеге қабілеттілікті құрайтын факторларды 4 үлкен топқа
классификациялауды ұсынады [43].
Факторлық шарттар (ресурстық факторлар), яғни берілген салада сәтті,
бәсеке үшін қажетті нақты бастапқы ресурстар. Компаниялар өнімділіктің
жоғары деңгейін қамтамасыз етуі үшін оларда осы ресурстарға қажетті
сападағы және жарамды бағалармен қол жетімділік болуы керек. Бәсекелік
артықшылықты қалыптастырудағы факторлардың маңызын анықтау үшін, алдымен
осы саладағы бәсекелік күресте олар қандай роль атқаратынын анықтап алу
керек. Олар:
Адам ресурстары, белгілі бір профильдегі кәсіби білікті жұмыс күші,
жұмыс күшінің саны, құны. Жақсы даярланған мамандардың көмегінсіз бәсекелік
артықшылықтарға қол жеткізу мүмкін емес.
Физикалық (табиғи) ресурстар, яғни жер, су, пайдалы қазбалардың, орман
ресурстарының, балық аулау жерлерінен басқа да табиғи жағдайлардың саны,
сапасы, қол жетімділігі, құны. Елдің климаттық жағдайы да оның мөлшері мен
жағрафиялық орналасуы секілді физикалық ресурс болып табылады.
Білім ресурсы, яғни тауар мен қызмет көрсетулерге әсер ететін ғылыми,
техникалық және нарықтық ақпараттар жиынтығы. Білімдер қоры
университеттерде, мемлекеттік ғылыми–зерттеу институттарында, жеке зерттеу
мекемелерінде, мемлекеттік статистика қызметінде, іскерлік және ғылыми
әдебиеттерде басқа да көздерде болады.
Ақша ресурстары. Бұл өнеркәсіпті қаржыландыруға жұмсалуы мүмкін
капитал саны мен құны.
Инфрақұрылым. Жоғары мамандандырылған инфрақұрылымның жоқтығы бәсекеге
қабілеттіліктің болмауына алып келеді. Оған елдің транспорттық жүйесі,
байланыс жүйесі, пошталық қызметтер, ел аумағы мен сыртындағы төлемдер мен
құралдарды банктен банкке аудару, денсаулық сақтау жүйесі т.б. жатады.
Сонымен қатар, өмір деңгейі мен елдің тұру мен жұмыс істеу үшін
тартымдылығын анықтайтын тұрғын үй қоры мен мәдениет мекемелері де жатады.
Сұраныс шарттары берілген саланың өнімі немесе қызмет көрсетуіне деген
ішкі сұраныс табиғаты. Ішкі нарықтағы сұраныстың – ішкі клиенттердің
(отандық тұтынушылардың), әсіресе талап қойғыш және талғампаз сатып
алушылардың қажеттіліктері және олардың сатып алушылық әрекеттері елдің
ішінде фирмаларды тұтынушылық қасиеттерге сай сапа стандарттарын арттыруын,
өз өнімін үнемі жетілдіріп, өнімнің жаңа мүмкіндіктерін ойлап табуын, сатып
алушылардың ағымдағы қажеттіліктерін түсініп, қандай да бір тауарға деген
қажеттілік сол елде басқаларына қараған да бұрын пайда болатын болса,
берілген елдің фирмалары артықшылыққа ие болатын болғандықтан, болашақ
қажеттіліктерін болжап отыруға үнемі мәжбүрлеп отырады. Кәсіпорындар осы
қажеттіліктерді қалай анықтап–біліп, оларды түсінеді және қалай оны қалай
елеп, назар аударады сол сұраныс құрылымын анықтайды. Өнімнің жоғары
сапасы, оның қауіпсіздігі, медициналық және экологиялық стандарттарға
сәйкес болуы барлығы да ішкі талапты сұраныс нәтижесінің арқасында
кәсіпорындардың заманауи технологияларды пайдаланып, жоғары тұтынушылық
қасиеттерге ие өнімді шығаруының себебі болып табылады. Демек, осы елдің
сатып алушылары, талғампаз және тауарлар мен қызмет көрсетулерге талап
қоятын болса, елдің фирмалары жоғары артықшылыққа ие болады.
Туыс немесе демеуші салалар. Төрт макроэкономикалық аспектілер
арасындағы ішкі бәсекенің интенсивтілігі әлемдік нарықта жетістікке жету
үшін ең маңыздысы болып табылады. Ішкі нарықта бәсекенің болмауы
фирмалардың сыртқы нарықта өте көп қиыншылыққа тап келетіндегінің басты
себебі болады. Ішкі бәсекенің маңызды шарттарының бірі – жоғары
технологиялық деңгейде бәсекеге түсуге және өнімділікті арттыруға ұмтылуға
мүмкіндік беретін жайлы инвестициялық климаттың болуы.
Кәсіпорын стратегиясы, оның бәсекелестері, яғни ішкі нарықтағы
бәсекенің жай–күйімен байланысты фирманың қалай құрылатындығы,
ұйымдастырылатыны, басқарылатындығы. Әр елде фирмалар әртүрлі құрылып,
әртүрлі стратегиялар мен мақсаттар анықталады. Ұлттық ерекшеліктер
фирмаларды басқару нысаны мен бәсекенің нысанына да әсер етеді. Көптеген
уақыт бойы американдық басқару жүйесіне назар аударып, 80 жылдары
жапондықты зерттей бастадық. Ешбір ел қандай да бір жүйеге толығымен сәйкес
келмейді.
Бұл ромб – компонентері өзара тығыз байланыстағы жүйе болып
табылады, яғни әр детерминант басқаларына әсер етеді. Егер бәсеке өткір
болмаса, фирма өніміне деген сұраныстың болуы бәсекелік артықшылық
бермейді. Бір детерминанттағы артықшылықтар басқаларындағы артықшылықты
күшейте алады. Барлық детерминанттарды үнемі жетілдіріп отырмай бәсекеге
қабілеттілікке қол жеткізу мүмкін емес. Осыны назарға ала отырып, саланың
әрбір кәсіпорыны елдегі макро және микроэкономикалық жағдайды жүйелі
талдауға мүмкіндігі болу үшін, яғни кәсіпорынның ұзақ мерзімді
өсіп–өркендеуін қамтамасыз ететін қажетті бәсекелік статусқа ие болу үшін
үнемі өзінің стратегиялық әлеуетін жоғары деңгейде ұстап отыруы қажет.
2020 жылы Қазақстан бизнес-ахуалы ең қолайлы деген 50 елдің қатарына
енуі қажет міндетін жүзеге асыру жолында, бәсекеге қабілеттілікті
қалыптастырып, жетілдіруде мемлекет пен оның заңдарына шешуші роль тиесілі
болуы керек. Ұлттық қызығушылықтардағы, мәдениеттегі, экономика
құрылымындағы, жалпы тарихи дамудағы ерекшеліктер – барлығы сәтті бәсекеге
қабілеттілігін арттыруда мемлекет жалпы ұлттық қызығушылық мақсатында
қоғамда ауыл шаруашылық еңбекке және ауылда тұратын азаматтарға деген сыйлы
көзқарас қалыптастыру, ауылдық жерлерден тұрғындардың көшіп кетуін азайту,
кәсіби білікті мамандар мен кадрларды ауылға тарту мақсатында қоғамда
ауылға және ауылдық өмір сүру салтына позитивті қатынас пен көзқарас
қалыптастыру бойынша қолдау шаралары кешенін іске асырғаны дұрыс.
Қазақстан шағын және орта кәсіпкерлік секторында көптеген
кәсіпорындарының басшылары стратегиялық ынтымақтастықтың тиімді
стратегиясын жасады. Бұл стратегиялар экономикалық тұрақтылық пен дамуды
қамтамасыз ететін бірнеше кәсіпорындардың біріккен қызметіне бағытталған,
белгілі қоғамдық ұйымдасқан, олардың қызметі өзара ынтымақтастықпен
анықталады.
Осы базада өнеркәсібі дамыған және дамушы елдерде корпорациялар және
кластерлер қалыптасуда. Кластер ұғымы кәсіпорындар кешені (өнеркәсіп
компаниялары, зерттеу орталықтары, ғылыми мекемелер), мемлекеттік басқару
органдары, кәсіподақтар, қоғамдық ұйымдар және басқалар территориялық
шоғырландыру базасында арнайы жеткізіп берушілер, негізгі өнім өндірушілер
және тұтынушылар технологиялық тізбекпен байланысқан.
Мұнда кластерлер ішінде кәсіпорындар (фирмалар) арасында болатын
кейбір қиыншылықтарды ескеру қажет, яғни компаниялар және институттар
арасындағы қолдауды (ғылыми орталықтар, университеттер, қоғамдық ұйымдар,
сауда–өндірістік палаталар, биржалар), сондай–ақ, мемлекеттік секторлар
құрылымдары (жергілікті билік органдары, салықтық ұжымдар, басқа реттеуші
құрылымдар) мен жеке меншік бизнес арасындағы кооперация мәселелерін (сурет
7.4).
Бұл кешендер балама секторлық (салалық, корпоративтік) тәсілге жатады.
Корпоративтік бірлестіктер теориясы жеткілікті түрде дамыған, сонымен
қатар кластер теориясы соңғы жылдарда ғана дами бастаған. Мұнда кластердің
әлеуметтік құрылымы ерекше мәнге ие болып отыр.
Қызмет жасап тұрған кластердің жақсаруы экономиканың даму жолындағы
нақты қадамдарға жатады және кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін
көтеруде басты әлеуметтік бағытқа кіреді. Кластердің даму маңыздылығына мән
беру келесі фактіден көруге болады, АҚШ Ұлттық губернаторлар ассоциациясы
мемлекеттің саяси бағытымен қатар, инвестициялық ресурстар қаржыларының
қолжетімділігін қамтамасыз ету; техникалық көмек көрсету; құнды қағаздарды
реттеуді жетілдіру, лицензиялау және тіркеуді жеңілдету, кәсіпкерлікті
реттеу сызбасын реформалау; штаттың университеттеріндегі интеллектуалдық
капиталды құру; салық салудың ыңғайлы жүйесін енгізу; кәсіпкерлерді
оқытудың жүйесін жетілдіру; кәсіпкерлердің сіңірген еңбегін қоғамның
бағалауына қамтамасыз ету және т.б., негізі ретінде бөледі және өнеркәсіп
кластерінің қалыптасу мәселесін шешеді.
Сурет 7.4 – Кластердің тікелей және кері байланысы
Өнеркәсіптің аймақтық кластері кәсіпкерліктің дамуында бірнеше
себептермен маңызды мәнге ие. Алдымен, ол фирманың мамандануында жоғары
деңгейге жетуіне мүмкіндік береді. Бұл кәсіпкерлерге жаңа фирмалар құруға,
нақты өнеркәсіп кеңістігінде қызмет жасауға мүмкіндік береді. Сонымен
қатар, маманданудың төменгі деңгейі тік бағыттағы интеграцияда кластердің
ішкі құрылымына жаңа фирмалардың енуін жеңілдетеді. Кластерлік құрылымдарда
капиталға қолжетімділігі жеңілдетеді. Көптеген фирмалардың жақын орналасуы
идеялардың алмасуын жеңілдетеді және мамандардың білімдерін бірі–біріне
беруіне жеңілдетеді.
Аумақтық инновациялық–өнеркәсіптік кластерлер – жаңа ойлардың таралу
жүйесінің тұрақты болуын көздейді. Олар біріккен ғылыми базаға сүйенеді.
Кластер кәсіпорындары қосымша ішкі мамандануды жүзеге асыру мүмкіндігі
нәтижесінде қосымша бәсекелестікке ие болады. Кәсіпорын кластерлері қосымша
нақты артықшылықтардың мүмкіндіктері есебінен ішкі мамандандыруды және
стандарттауды жүзеге асырады, жаңа инновацияны енгізу шығынын азайтады.
Осындай кластерлердің маңызды ерекшеліктері шағын бизнестің икемді
кәсіпкерлік құрылымындағы инновациялық өсу нүктесі деп аталуын
қалыптастыруға мүмкіндігі болып табылады.
Экономикадағы дамыған кластерлер, әлі де әлсіз анықталған болып отыр,
өйткені осы жағдайларда өнеркәсіптік кәсіпорындардың басым бөлігі
жергілікті негіздері бар. Олар көп мөлшерде өздерінің жеке компоненттерін
өндірмей, тік бағыт бойынша интегралданған, алайда оларды энергия
ресурстарымен қолдау қажет болып табылады; кейде олар өздерінің табиғи
инфрақұрылымын, жеке мектептерін, сондай–ақ басқа да қызмет көрсету
түрлерін қолдау мен құруға тәуелді болады. Дамыған экономикалық жүйе
жағдайларында әрекет ететін салыстырмалы бәсекеге қабілетті компаниялар
өздерінің жұмыстарын, яғни кластер құрылымына еңбегін жеке арал ретінде
ұсынады.
Дамыған елдердің техникалық тәжірибесі көрсеткендей, кластердің аясын
табысты кеңейту мен тереңдетуде әлемдік экономиканың даму бөлігінің
ажырамас құрамы болып табылады. Көптеген елдер бәсеке принциптерін дамыта
отырып, ынтықмақтастық мәселесіне көп көңіл бөледі. Егер соңғы уақытқа
дейін осы ынтымақтастық салалық мүдделермен шектелмесе, онда осы саладағы
ынтымақтастықты жаңа деңгейде – кластер деңгейінде кеңейту байқалады.
Кластерлердің артықшылықтары төмендегідей бағыттар бойынша алынуы
мүмкін: ресурстарға мүмкіндігі бар; ақпараттарға қолжетімділігі; өзара
толықтырушылық; қоғамдық игіліктер мен кәсіпорынға қолжетімділігі;
ынталандыру; жаңа енгізулерде артықшылықтары.
Түсінікті болу үшін 1 бағытты ғана қарастырамыз.
Ресурстарға қолжетімділігі. Кластер ішінде орналасу тәртібін
анықтауда өндірістің мамандандырылған фактордың компоненттері машина
жабдықтары, бизнес–қызметтер, қызметшілер, жеке оқшаулау түрімен салыстыру
бойынша – тік сызық бойынша бірлестіру, сыртқы құрылымдардың формальды
альянстарымен немесе өндіріс факторының шетелден тауар енгізу немесе
артықшылықтармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондықтан, кластер
жергілікті жеткізушілердің бәсекеге қабілетті қолжетімділігі жағдайында
ресурстар қатынасында өте тиімді ішкі маңыздылығын көрсететін кеңістіктегі
ұйымдастырылған түрін көрсетеді. Бәсекеге қабілетті желідегі
жеткізушілердің қолжетімсіздігі кезінде ресурстарды кластердің сыртынан
алуға қажеттілігі туындауы мүмкін, бірақ осындай жағдайды міндетті тәртіп
ретінде санауға болмайды.
Кластер қатынасушыларынан өндіріс факторларын алуда алыстағы
дереккөздерін (қашықтағы ресурстар) пайдалану жағдайы (жергілікті
ресурстар) мәміленің өте төмен құнын келтіреді. Жергілікті ресурстарға
қолжетімділік материалды–өндірістік қордағы қажеттілікті азайтады және
импортқа кететін шығыннан, сондай–ақ осы кідіріспен байланысты
қажеттіліктен құтқарады.
Кластер ішінде ресурстармен қамтамасыз ету бейімделудегі шығынды
төмендетеді және қосымша немесе қолдау қызметтерімен жалпы қамтамасыз етуге
мүмкіндік туғызады, сондай–ақ орнату, жөндеу, пайдаланушыларды оқыту,
кедергілерді жою және өз уақытындағы жөндеулер қатынасты жақсартады.
Жергілікті ресурстарға басқа көрсеткіштердің қолжетімділігі әрқашанда алыс
қашықтықтағы ресурстарының қолжетімділігін қамтамасыз етуге әрекет етеді,
әсіресе технология бөлігінің ажырамас құрамдас бөлігіне енетін өндірістің
мамандандырылған немесе ілгерілеу факторлары жағдайында ақпараттар мен
қызмет көрсету болып табылады.
Ішкі кластерлерге тән артықшылықтар – жергілікті тауармен қамтамасыз
етушілерді ынталандыру әрекетін көрсетеді, осының нәтижесінде олар өте
күшеюге және жетілуге тырысады, ал кластерге ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz