Жедел респираторлы аурулар


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ЖРВИ

Жедел респираторлы аурулар дегеніміз - тыныс алу жолдарының зақымдауымен жүретін полиэтиологиялық аурулар тобы.

  • Осы инфекциялар тобына барлық инфекциялардың 20% жатады.
  • Таралу жолы - аэрогендi.
  • Берiлу жолдары:
  • - ауа - тамшы(қоздырғыштың сыртқы орта факторларының әсерiне әлсiз тұрактылығы )
  • - ауа - шаң(қоздырғыштың сыртқы орта факторларына жоғары төзімділігі)
  • Қоздырғыштың орналасуы:
  • ауыз қуысы,
  • жұтқыншақта,
  • тыныс алу жолдары.
  • Қоздырғышың таралуы - жотелу, түшкіру, әңгімелесу кезінде.

Тыныс алу жолдары ауруларының эпидемиологиялык ерекшеліктері:

  • Таралу жолының жеңіл болуы.
  • Соған байланысты кездесу жиілігі жоғары.
  • Қызылша, қызамық, желшешек сияқты инфекцияларды жұқтыру жиілігі жоғары.
  • Бұл ауруларэпидемия немесе пандемия түрінде өтеді.
  • Жұқпалы аурулар көбінесе циклдік түрде өтеді.

1961ж. ДСҰ-ң ұсынысы бойынша ЖРА-ң этиологиялық факторына негізделген жіктелу тағайындалды

  • Вирусты этиология
  • Бактериалды этиология
  • Физико-химиялық

Вирусты этиология ЖРА 1-і орында.

ЖРВИ тобына кіреді

  • грипп;
  • парагрипп;
  • аденовирусты инфекция;
  • риновирусты инфекция;
  • RS- немесе респираторлы-синтициальді инфекция;
  • реовирусты инфекция;
  • Микоплазмалық инфекция және т. б.

ЖРВИ этиологиясы

Грипп, парагрипп, аденовирусты инфекциялары тыныс алу жолдарының эпителиіне троптылық қасиеті жоғары вирустарға жатады (жасушаішілік паразит ) .

Тұмау ( грипп) вирусы -РНК құрылымды, үш типті ( А, В, С ), екі антигені бар (гемагглютинин - Н және нейраминидаза - N) . Вирустар сыртқы ортада төзімсіз, Вирустың А типіне антигендік қасиетінің өзгергіштігі, вируленттілік қасиеті тән.

Парагрипп -парамиксовирустар тұқымдасына кіретін, құрамында РНК-сы бар вирус. 4 серовары белгілі. Жасушаға цитолитикалық әсер етеді. Сыртқы ортада төзімді.

Аденовирусты инфекция - құрамында ДНК-сы, 3 тұрақты антигені (А, В, С) бар Adenoviridае тұқымдасының вирусы. Аденовирустардың 90 серовары белгілі, оның ішінде 32-сі адамға патогенді. Аденовирустардың ерекшелігі - лимфотроптылық қасиеті. Сыртқы ортаға төзімді

ЖРВИ эпидемиологиясы

Бұл инфекциялардың таралуы барлық жерде кездейсоқ жағдайлар және эпидемия түрінде кездеседі, тек грипп басқарылмайтын инфекциялардың тобына жатады және эпидемиялық және пандемия түрінде таралуға бейім.

Грипп, парагрипп және аденовирусты инфекция антропоноз инфекцияларының топтарына жатады.

Инфекцияның таралу көздерi:

  • әр түрлi клиникалық формалары бар ауру адам (7-10 күннiң iшiнде ), аденовирус инфекциясы кезінде - 25 күн және одан көп;
  • вирус тасушылар (аденовирусты инфекция) .

Рисунок136

Тұмау пандемиясы (1918-1919)

Берiлу жолдары:

  • (негiзгiсi ) ауа-тамшы;
  • Тұрмыстық-қатынас(гриппта инфекциялалған тұрмысқа қажет заттар арқылы беріледі- ойыншық, ыдыс тағы басқалар) ;
  • алиментарлы(аденовирусты инфекция кезінде)
  • Маусымдық - күзгi-қысқы.
  • Жоғары қабылдағыштық.
  • Иммунитет. Постинфекциялық иммунитет ерекше және ұзақ емес.

Патогенетикалық факторлар:

  1. ЖРВИ-дың жанасу орны-тыныс алу жолдарының шырышты қабаттары.
  2. Вирустың репродукциясы (олардың деструкция және қабыну процесi) тыныс алу жолдарының эпителий қабатында өтеді, содан соң вирусемия және токсинемия дамиды, әсіресе ол грипта жиі кездесіп, интоксикация мен қалтыраудың негізі болып табылады.
  3. Сонымен қатар аденовирусты инфекция кезінде вирус макрофагоцитарлы жүйесіне бай ағзаларға жанасады (лимфа түйіндері, бауыр, көкбауыр) .
  4. Сонымен, ЖРВИ патогенезінде басты орынды вирусемия мен токсинемия алады.

Клиникалық көрінісі:

ЖРВИ клиникасы екі синдроммен анықталады

Жалпы улану синдромы, ол ЖРВИ-ң барлық түрлеріне тән.

Үрдістің орналасуымен байланысты синдром

- грипп кезінде- кеңiрдек;

- парагриппте - көмей;

-аденовирусты инфекция кезінде - жұтқыншақ және макрофагоцитарлы жүйе элементтеріне бай ағзалар.

-

Жергілікті коріністер синдромы- диагностика және салыстырмалы диагностика тұрғысында ең негізгі синдром .

Рисунок136658

Тұмаумен ауырған науқастың сыртқы келбеті

96654

Науқас тамағын қарайтын болсақ фарингит көрінісін байқаймыз

Тұмаудың (Грипптің) клиникалық жіктелуі

  • Типті
  • Атипті

Атиптік түрі :

  • Жеңіл

- акатаральды

- афебрильды

  • Ауыр

- «найзағай» тәріздес

- гемморагиялық

Ағымы бойынша

  • жеңіл
  • орташа ауыр
  • ауыр

Инкубациялық кезең бірнеше сағаттан 7 күнге дейін, орташа 2-3 күнді құрайды.

Аурудың басталуы жедел, интоксикация синдромымен сипатталады.

Бірнеше сағат ішінде дене температурасы 39-40 С дейін котеріледі, әртүрлі дәрежедегі қалтырау, мерзімі қысқа, 3-5 күн.

Әдеттегiдей аурудың басы өткiр, кенет интоксикация синдромынан басталады.

қалтырауы бар науқастарда (өте жылдам бiрнеше сағат ағымында) дене температурасы 39-40С көтеріледі, қалтырау қысқа және әртүрлі сипатқа ие(ремиттирлеуші, интермиттирлейтiн сипаттағы қалтырау тағы басқалар), маңдай бөлімінің, әсіресе қабақ үсті аймағының ауырсынуы, бас айналу, тершеңдік, буындардың, сүйек-бұлшықеттерінің ауырсынуы тән, адинамия, жалпы әлсіздік үдей түседі. Гриптің ауыр ағымында ұйқының қашуы, көп ретті құсу, ес бұзылыстары, менингиальді белгілердің болуы тән.

Катаральды синдром

Бұл синдром интоксикация синдромымен бірге, немесе біраз кешігінкіреп пайда болады (12-24 сағаттан кейін) .

Оған тән белгілер:

  • -тамағының жыбырлауы
  • -жұтынғанда ауырсынуы
  • -мұрынның шырышты қабатының қызаруы және ісінуі
  • -мұрынның бітелуі
  • -мұрыннан су ағуы
  • -дауысының қарлығуы
  • -«құрғақ», қысқа түрдегі жөтел
  • аранның шырышты қабатының ісініп, қызаруы
  • Аурудың алғашқы күнінен көз алмасының ауырсынуы, жас ағуы, жарыққа сезімталдығының жоғарылауы, конъюктивит анықталады. Гриппен ауыратын науқастардың сыртқы келбеті:беті ісінген, аздап қызарған, жүрек-қан тамыр жүйесі жағынан тахикардия мен гипотония байқалады.

Атипті түрлері:

  • Акатаральдытүрінде интоксикация синдромының белгілері басым болып, катаральды синдром болмайды.
  • Афебрильдытүрінде температурадан басқа белгілердің барлығы болады, бірақ әлсіз түрде.
  • «Найзағай»тәріздес түрлерінде ауыр ағымды және летальды аяқталу болады.
  • Геморрагиялықтүрі петехиалды бөртпелері мен әртүрлі қан кетулермен өтеді, ауыр ағымды.

ЕМДЕУ:

ЖРВИ науқастарына ем амбулаторлы және стационар жағдайында да жүргізіледі.

Науқастарды госпитализациялау клиникалық белгілері бар ЖРВИ-ң барлық түрлерінде, грипп кезінде -эпидемиялық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Энтеровирусты инфекция
Аса қауіпті инфекциялық аурулар
Инфекция формалары және олардың сипаттамасы. Инфекцияның негізгі көздері, тасымалдау жолдары
Респираторлық аллергоздар
Өкпенің созылмалы обструкциялы ауруының этиологиясы
Жедел бронхит жəне бронхиолит
Өкпенің жоғары ауалы синдромының визулді диагностикасы
Созылмалы пневмония кезіндегі емдік дене шынықтыру (оқу әдістемелік құрал)
Аурулар туралы
Тұмаудың алдын алу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz