Методикалық жұмыстар көлемi


1 Ойнайық та, ойлайық
2 Мектепке дейінгі жастағы балалардың логикалық ойлауын дамыту
3 Санай білуге үйрету тәсілдері
4 Дидактикалық ойындар
5 Математикалық есептер мен тақпақтар және жұмбақтар
6 «Б» дыбысы және әрпімен таныстыру»
Ең алдымен таным көзі – сезім арқылы қабылдауы, бала өз тәжірибесінен бақылап, көріп тануынан тұрады. Сезіну процессі кезінде бала бір нәрсені немесе заттың қасиетін, құрылымын таниды.
Баланың логикалық ойлау түсінігі ең алдымен, оның сезінуімен байланысты. Баланың математикалық түсініктерді дұрыс меңгеруі, баланың дамуы, жас ерекшеліктеріне байланысты болып табылады.Балаларға математикалық қарапайым ұғымдарды түсіндіру, бекіту.Сондай-ақ бала заттың санын, затты салыстыру (көлемін), теңестіру, орналасуын, саны мен сыңарын (белгілеріне қарай) табу тәсілдерін меңгереді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың кішігірім математикалық терминдері: геометриялық пішіндердің атауларын (дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш т.б.) және олардың элементтері (қыры, бұрышы) болатынын, (қосу, алу, тең) ұғымдарын үйренеді. Балалар қарапайым математикалық дәлдікті шешуді үйренеді. Сонымен қатар балалардың математикалық білімге деген қызығушылығы артады, берілген есепті шешуге өз күш (ерік) – жігерін жұмсайды. Балада алғашқы түсініктер индуктивті және дидуктивті ойлау қалыптасады. Бала бір заттың құрылысына, қасиетіне (пішініне, түсі т.б.) қарай талдау, сараптау, салыстыру, кеңістікті бағдарлап, салыстырмалы түрде ойлай алады.
Жаңа материалдарды бағдарламаның кез келген бөлігінде («Сан және санау,» «Көлем», «Пішін», т.б.) кезектестіріп 2-5 сабақтан бірінші бөлігінде, кейін 2-ші бөлімінде оқытқан жөн.
Тәрбиеші әр түрлі жастағы топтардың бағдарламасының (программалық) құрылымын білуге тиіс. Бұл, тек өз тобының математикалық дамуы деңгейін біліп қана қоймай, сондай-ақ мектепке дейінгі балаларда математиканың рөлін және әрбір сабақтың құрлымын өз ісінде дамыту арқылы, балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруына көмектеседі.
Математикалық түсініктерді қалыптастырудың негізгі жұмыс формасы – сабақ. Сабақ барысында бағдарламаның үлкен бөлігі шешімін табады. Балаларда бір ізді жүйе қалыптасады.
Күнделікті өмірде және сабақта дидактикалық ойындар мен ойын жаттығулар қолданылады. Дидактикалық ойындардың оқу іс-әрекетінен тыс уақытта ұйымдастыру, баланың математикалық түсінігін кеңейтеді, тереңдетеді, ойын бекітеді. Дидактикалық ойындар негізінен оқыту барысында жан – жақты, бағыт – бағдар беріп отырады.
Дұрыс ұйымдастырылған оқыту ісі жаңа материалдармен жұмыс жасау, қайталау, кезектестіріп оқыту түрлерін қолдану, баланың белсенділігін арттырады.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Көлемі: 23 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 400 теңге
Таңдаулыға:   
Тегін:  Антиплагиат

Қандай қате таптыңыз?

Рақмет!






Методикалық жұмыстар көлемi

Ойнайық та, ойлайық.

Мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілеріне арналған әдістемелік көмекші құрал.

Дайындаған І-санатты тәрбиеші Утепова Алмагүл Джувантурлықызы

Кіріспе
Ең алдымен таным көзі – сезім арқылы қабылдауы, бала өз тәжірибесінен
бақылап, көріп тануынан тұрады. Сезіну процессі кезінде бала бір нәрсені
немесе заттың қасиетін, құрылымын таниды.
Баланың логикалық ойлау түсінігі ең алдымен, оның сезінуімен байланысты.
Баланың математикалық түсініктерді дұрыс меңгеруі, баланың дамуы, жас
ерекшеліктеріне байланысты болып табылады.Балаларға математикалық қарапайым
ұғымдарды түсіндіру, бекіту.Сондай-ақ бала заттың санын, затты салыстыру
(көлемін), теңестіру, орналасуын, саны мен сыңарын (белгілеріне қарай) табу
тәсілдерін меңгереді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың кішігірім математикалық терминдері:
геометриялық пішіндердің атауларын (дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш т.б.) және
олардың элементтері (қыры, бұрышы) болатынын, (қосу, алу, тең) ұғымдарын
үйренеді. Балалар қарапайым математикалық дәлдікті шешуді үйренеді. Сонымен
қатар балалардың математикалық білімге деген қызығушылығы артады, берілген
есепті шешуге өз күш (ерік) – жігерін жұмсайды. Балада алғашқы түсініктер
индуктивті және дидуктивті ойлау қалыптасады. Бала бір заттың құрылысына,
қасиетіне (пішініне, түсі т.б.) қарай талдау, сараптау, салыстыру,
кеңістікті бағдарлап, салыстырмалы түрде ойлай алады.
Жаңа материалдарды бағдарламаның кез келген бөлігінде (Сан және санау,
Көлем, Пішін, т.б.) кезектестіріп 2-5 сабақтан бірінші бөлігінде, кейін
2-ші бөлімінде оқытқан жөн.
Тәрбиеші әр түрлі жастағы топтардың бағдарламасының (программалық)
құрылымын білуге тиіс. Бұл, тек өз тобының математикалық дамуы деңгейін
біліп қана қоймай, сондай-ақ мектепке дейінгі балаларда математиканың рөлін
және әрбір сабақтың құрлымын өз ісінде дамыту арқылы, балаларда қарапайым
математикалық түсініктерді қалыптастыруына көмектеседі.
Математикалық түсініктерді қалыптастырудың негізгі жұмыс формасы – сабақ.
Сабақ барысында бағдарламаның үлкен бөлігі шешімін табады. Балаларда бір
ізді жүйе қалыптасады. 
Күнделікті өмірде және сабақта дидактикалық ойындар мен ойын жаттығулар
қолданылады. Дидактикалық ойындардың оқу іс-әрекетінен тыс уақытта
ұйымдастыру, баланың математикалық түсінігін кеңейтеді, тереңдетеді, ойын
бекітеді. Дидактикалық ойындар негізінен оқыту барысында жан – жақты, бағыт
– бағдар беріп отырады.
Дұрыс ұйымдастырылған оқыту ісі жаңа материалдармен жұмыс жасау, қайталау,
кезектестіріп оқыту түрлерін қолдану, баланың белсенділігін арттырады.
Сабақ құрылымының – көлемі, мазмұны бағдарламаға сай, балалардың жас
ерекшеліктеріне сәйкес жоспарланады және үйретіледі. 
Мынадай жаңа материалдармен жұмыс жасаудың 3 түрі бар: біріншіден – педагог
көрсетеді, жаңа тапсырманы түсіндіреді, үлгі көрсетеді, математикалық
объектіні негіз етіп алады.Балалар педагогтың іс-әрекетін бақылап, оның
нұсқауларын тыңдайды, сұрақтарына жауап береді. Ақыл ойды тәрбиелеуде және
ой өрісті дамытуда математика маңызды рөл атқарады
Мектепке дейінгі балалық шақтың барлық кезеңдерінде сабақтарға арналған
ойын әдістеріне үлкен мән беріледі. Оқытудың әдістері мен тәсілдері ережеге
сәйкес қолданылады, әртүрлі үйлестіруде оқытудың көп бейнелі әдістері мен
тәсілдерін пайдалану, оларды шебер үйлестіру керек, сонда сабақтар
балаларға пайдалы, қызықты болады.
Математика сабақтарында дидактикалық ойындарға ерекше көңіл бөлемін.
Қызықты жаттығулар, шығармашылық тапсырмалар т.б. Өзімнің математика
бойынша сабақтарымда жұмбақтарды пайдаланамын, өлеңдер, тақпақтар
таңдаймын,логикалық ойлауға арналған тапсырмаларға мақалдардан, қанатты
сөздерден, ертегілерден және де сергіту сәтінен (физминуттардан) топтама
жасаймын. Әртүрлі қызықты материалдарды қолдану педагогикалық үрдістің
тиімділігін арттырады, сондай-ақ, олар баланың ақыл – ойының дамуына үлкен
ықпал ете отырып, балалардың ойлауына, есте сақтауына себеп болады.
Балаларды ойын үрдісіне оқыта жүріп, ойыннан алған қуаныш оқу қуанышына
ұласуы үшін, ары қарай жұмыстанамын.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың логикалық ойлауын дамыту.
Ересек адамдардың ісі, жұмысы, қызметі сияқты ойын да бала өмірінде маңызды
болып саналады. Бала ойында қалай болса, ол өскенде де, жұмыста да сондай
адам болады.
А.С. Макаренко
Мектепке дейінгі жастағы балаларға қарапайым математикалық ұғымдарды
қалыптастыру геометриялық пішінмен санауды үйрету, 20 көлеміндегі сан
туралы түсініктерін дамыту, шартты өлшеуіштің көмегімен өлшемдерді жүргізу,
көзбен қабылдау, шамалау қабілетін жеткізу, кеңістікті бағдарлай білу
дағдыларын қалыптастыру, затты тең екі бөлікке бөлу деген мәселелерге назар
аударылады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін логикалық ойындардың
орны ерекше. Ойын – мектеп жасына дейінгі кезден басталып адаммен өмір бойы
ілесіп жүретін ерекше қызмет түрі. Логикалық ойын – балалардың оқуға,
еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал.
Логикалық ойындар баланың психикасында сапалы өзгерістер тудырады: бала
зейінінің, жадының қалыптасуына ойлау, қиялдау қабілетінің дамуына әсер
етеді. Ойлау шығармашылық және таным әрекетінің негізі болып табылады. 
Логикалық ойлау – адамның интелликтуалдық қабілеттерінің негізін құрайды.
Дамытушы ойындар балалардың логикалық ойлау дағдыларын арттырады. Сол
себептен балаларға логикалық ойындарды кеңінен және жүйелі пайдаланудың
маңызы ерекше.
Санай білуге үйрету тәсілдері.
Балаларды әрі дұрыс, әрі тез санауға үйретудің алуан түрлі жолдары бар.
Қандай сан қалып қойды
Ойын сабағында тәрбиеші фланеллограф бетіне сан ретімен карточкаларды
қояды. Сонан соң балаларға карточкалардың қалай тұрғандарын есіне сақтап
қалуды ескертеді. Олар көзін жұмады, сол кезде тәрбиеші бір карточканы алып
қояды. Балалар көзін ашады да, қай санның жоқ екенін табады. Кім бірінші
жоқ санды атайды, сол бала жалауша алады.Ойын бірнеше рет қайталанып
ойналады.
Көршілес сандарды тап
Көршілес сандарды тап атты ойында аталған санның көршілес сандарын атау
мақсат етіп қойылады. Ең алдымен балалар шеңбер құрып тұрады. Жүргізуші
шеңбер ортасында тұрып допты бір балаға лақтыра отырып, ойына келген бір
санды атайды. Доп ұстаған бала сол саннан кейінгі санды атауы керек. Егер
доп ұстаған бала дұрыс жауап бермесе, басқалары хормен жауабын айтады.
Ретімен санауға жаттықтыратын ойындар 
Мақсаты: Реттік есепке жаттықтыру арқылы балалардың ақыл-ойын дамыту. Бұл
ойынға түрлі-түсті орамалдар пайдаланылады. Балалар сол орамалдарды
бастарына тартып сапқа тұрады. Бірінші, екінші деп дауыстап санайды.
Жүргізуші қай орамалды әпкенің, қай жерде тұрғанын ойына жаттап алып,
шығып кетеді. Осы кезде орамалды әпкейлер орын алмасып тұрады, жүргізуші
қайтып келіп, қандай өзгеріс болғанын табуы шарт. Қызыл орамал бесінші еді,
ол енді екінші болыпты, ал екінші орамал бесінші болыпты. Жүргізуші дұрыс
жауап берсе, келесі жүргізушіні өзі тағайындайды.
Балаларды реттік есепке жаттықтыру, затты сипап білушілік қасиетке
дағдыландыру үшін Өз орныңа тұр ойынын ойнатуға болады. 2-10-ға дейін
түйме тағылған карточка пайдаланылады. Ойыншылар сапқа тұрады, қолдарын
артқа қояды, олардың алдында он орындық қойылады. Тәрбиеші бәріне карточка
үлестіреді. Балалар қолдарымен түймелерді сипап отырып, санын есептейді.
Сонан соң тәрбиеші белгі береді Есеп сандар! Өз реттік орындарыңа
тұрыңдар!. Ойыншылар өз реттік санына сай орындықтардың артына тұрады. Бұл
беріліп отырған ойындардың міндеті – балалардың білімін бекітіп,
сезімталдық қабілеттерін дамытады.

Дидактикалық ойындар.
Ойын: Қандай сан қалып қойды?
Ойынның шарты: Балалар көздерін жұмады, сол уақытта бір санды тығып қоямыз.
Балалар сынайды, қандай сан қалып қойғанын айтады.
Ойын: Көрші санды ата
Ойынның шарты: Балаларға мына сандар
қойылады(2,1,3,4,5,7,8,5,11,14,18,1 6,19,20), Балалар сандардың көршісін
табу және атау керек, ретімен қойып береді.
Ойын: Аз ба, көп пе
Ойынның шарты: Алма ағаштары суреттері тақтада ілулі. Оң жақ, сол жақ,
астында, үстінде деген ұғымдарды қолдана балалар бұтақтағы алмаларды
санайды. Аз ба, көп пе салыстырады.
Ойын: Топтастыру
Ойынның шарты: Балаларға геометриялық пішіндер үлестіріледі. Пішіндердің
тақтадағы берілген пішіндермен салыстырып, топтастыру қажет.
Ойын: Кетті, кетті орамал
Ойынның шарты: Тәрбиеші: Кетті, кетті орамал шеңберді айнала ойынды
бастайын, бір баланың қасында келіп орамал тастайын деп бір балаға
орамалды береді. Тәрбиеші сұрағы: Сенің саның неше? Осы саннан бастап тура
сана. Ойын әрі қарай жалғаса береді. Дәл осылай сандарды кері санаймыз.
Ойын: Көршіңді тап
Ойынның шарты: Ойынды бала арқылы бастайды ірімшік, ірімшік сен тұр, сен
шық! Сен шық деген бала ортаға шығады, көршілерін шақырады. Ойын әрі
қарай басқа санамақпен жалғасады: Бірім – екім, тығыл, бекім. Сен тұр, сен
шық.
Ойын: Көңіл күйді көрсет
Ойынның шарты: Ағашқа балалар дөңгелектерді іле отырып, көңіл күйлерін
білдіреді.
Жақсы көңіл-күй – қызыл түс.
Орташа көңіл-күй – көк түс.

Ойнайық та ойлайық
(Естиярлар тобы)
Сабақтың мақсаты: Балаларды реттік және есептік санауға үйретуді
жалғастыру, заттарды ұзындығы бойынша салыстыра білуге, заттардың бір –
бірінен айырмашылығын таба білуге, екі түрлі заттың ішіндегі бірдей
заттарды салыстыруға үйрету, көру қабілетін дамыту. Берілген тапсырманың
орындалуын түсініп, өз бетімен орындауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы: 
-Балалар қараңдаршы бүгін бізге қонақтар келіпті, қане амандасайық.
-Сәламатсыздар ма!
-Балалар кім айтады бір жылда неше жыл мезгілі бар?
-4 жыл мезгілі бар.
-Дұрыс айтасыңдар, олай болса мен қазір сендерге жұмбақ өлең айтамын,
сендер қай мезгіл екенін табыңдар?
Күн ұзарып,
Қар еріп,
Су сайларға толады. (көктем)

Күндер ысып,
Шөп пісіп,
Ел пішенін орады. (жаз)

Жауып жаңбыр,
Жер сабыр,
Шөп, жапырақ солады. (күз)

Суда мұз бар,
Жерде қар бар,
Боран борап соғады. (қыс)

-Балалар қазір қай мезгіл? Қане кім айтады?
-Қыс мезгілі.
-Балалар қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?
1-бала: Қар жауады.
2-бала: Адамдар жылы киінеді.
3-бала: Балалар шанамен ойнайды.
4-бала: Қармен ойнайды.
5-бала: Аққала жасаймыз.
6-бала: Суық жел соғады.
7-бала: Күн жарқырайды, бірақ жылытпайды.
8-бала: Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
9-бала: Су бетіне мұз қатады.
10-бала: Ағаштар жапырақсыз болады.
11-бала: Жаңа жыл мерекесі болады.
12-бала: Аяз ата келеді.
Осы кезде есік қағылып топқа аю кіреді.
-Саламатсыз ба балалар! Саламатсыз ба қонақтар!
-Балалар бұл не?
-Аю.
-Аю қайда тұрады?
-Орманда.
-Аю сен осы кезде орманда ұйықтап жатпайтын ба едің?
-Иә, мен үлкен тапсырмамен келдім. Аяз ата сендерге сәлемдеме беріп
жіберді. Міне алағойыңыз. (хат береді)
-Рахмет саған аю.
-Сау болыңдар балалар мен енді орманыма барайын.
-Аяз ата хатта не жазганын білгілерің келе ме? Олай болса хатты ашып
көрейік. Хатта былай деп жазыпты: Саламатсыңдар ма, балалар! Мен сендерге
тапсырмалар жібердім. Егерде тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар, сиқырлы
сандық ашылып, ішіндегі сыйлықтарға ие боласыңдар. Сәлеммен Аяз ата.
-Балалар қараңдаршы қандай әдемі шырша. Шыршаға нелер ілінген табыңдаршы?
Айналамда ұшып жүр,
Ақ мамық қар себелеп.
Қалт-құлт еткен бейне бір,
Ақ қанатты көбелек. (аққыраулар)
-Қане біреуін алып көрелік. Бұл аққырау менің құлағыма былай деп
сыбырлайды. Аққырау тақтаға өзінің достарын шақырады.(тақтаға қызыл, көк,
сары және ақ түсті аққырау ілінеді)
-Балалар санайықшы мында неше аққырау бар?
-Бір, екі, үш, төрт – барлығы төрт аққырау.
-Көк түсті аққырау нешінші орында тұр? (бірінші)
-Сары түсті аққырау нешінші орында тұр? (үшінші)
-Төртінші орындағы аққыраудың түсі қандай? (ақ)
-Екінші орындағы аққыраудың түсі қандай? (қызыл)
-Балалар мына аққырау шыршаның пішіндерге жасырынған кішкентай достарын
іздеп тап дейді. Қане алдымызға карточкаларымызды алып қарайық. Шыршалар
шеңбер мен тіктөртбұрыштың ішіне жасырынған екен.
-Балалар шеңбер тіктөртбұрыштың қай жағында орналаскан? (сол жағында)
-Ал тіктөртбұрыш шеңбердің қай жағында орналасқан? (оң жағында)
-Енді екі пішіннің ішіндегі шыршаларды санап шығайық.
-Қайсы пішінде көп. Әлде екі пішіндегі шыршалар тең бе? (екі пішіндегі
шыршалар бірдей 4-ке тең)
-Балалар енді алдымызға келесі карточкамызды алып қарайық. Мұнда Аяз ата
балабақшадағы ертеңгілікке және ормандағы аңдардың ертеңгілігіне баруы
керек. Қай жол қысқа, қай жол ұзын. Ол бұрын қайда жетеді? (Аяз ата
балабақшаға тез жетеді, себебі ол жол қысқа, ал орманға баратын жол ұзын)
-Балалар енді сендерге мынадай тапсырма көк түспен қысқа жолды, жасыл
түспен ұзақ жолды сырлаймыз.
-Жарайсыңдар балалар тапсырманы өте жақсы орындадыңдар.
-Балалар мына аққырау сендерді сергіту жаттығуын жасауға шақырып тұр.
Боран соғар сол жақтан,
Боран соғар оң жақтан,
Қар лақтырып ойнасақ
Су болады қолғаптар.
-Ал келесі аққырау сендерге жұмбақ жасырады:
Бойымызға шақ қана,
Көзі көмір қап-қара.
Мұрны сәбіз сап-сары,
Тұрғыздық біз (Аққала)
-Аққалалар біздерге қонаққа келеміз деп, асығып шелектерін жоғалтып алыпты.
Олардың әрқайсысының шелектерін табуға көмектесейік. Балалар көлеміне
сәйкес шелектер мен аққалаларды сызықпен қосады.
-Ал енді бәріміз тақтаға қарайық. Мұнда екі Аққала берілген. Осы екі
Аққаланың бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар? 
-Айырмашылықтарын кім айтады?
-Шелектері екі түрлі түсті, бірінің қолы сопақ, бірінің қолы домалақ,
бірінде сыпыртқы, екіншісінде күрек бар, бірінде түймелер бар, екіншісінде
жоқ. (Балалар жауабы)
-Жарайсыңдар балалар.
-Енді сандықшаны қалай ашамыз? Бізде кілт жоқ. Мен сендерге геометриялық
пішіндерден кілт жасауды ұсынамын. 
-Балалар геометриялық пішіндерден кілт құрастырады.
-Кілт қандай геометриялық пішіндерден құралған?
-Дөңгелектен, төртбұрыштан, шаршыдан және үшбұрыштан құралған.
-Ой балалар шыршада да дәл осындай кілт бар екен, келіңдер сандықты ашып
қарайық. Балалар мұнда Аяз атаның сендерді Жаңа жыл мерекесіне шақырыған
хаты бар екен. Онда бұлай деп жазылған екен: Құрметті балалар, сендерді
жаңа жыл мерекесіне шақырамын.
Сабақты қорытындылау.

Біз зымыранмен ұшамыз
(Ересектер тобы)
Сабақтың мақсаты: Балаларды он көлеміндегі сандарды дұрыс санай білуге,
сандардың реттік қатарын жаңылмай айтуға, көп – аз, артық – кем ұғымдарын
түсініп айтуға үйрету. Заттардың кеңістікте орналасу бағыты, геометриялық
пішіндер туралы білімдерін бекіту.
Балалардың берілген тапсырмалар арқылы тілін, ақыл – ойларын дамыту.
Балалардың есепке деген қызығушылығын арттыру, ауызбіршілікке, ұқыптылыққа
тәрбиелеу.
Көрнекілік құрал: Үлестрмелі материалдар, суреттер, геометриялық пішіндер.
Сабақтың барысы: 
-Қараңдаршы балалар бізге бүгін қонақтар келіпті, қане амандасайық. Балалар
сабақты тақпақпен бастайық:
Кел балалар санайық,
Есепсіз ешбір жұмыс жоқ.
Айналаға қарайық,
Зымыран ұшпас аспанға
Санмен бұйрық бермесек
Жасырынбақ ойынын
Ойнай алмас есепсіз.
Ендеше, оқып үйренейік,
Қатар, қатар санауды.
-Біз математика әлеміне саяхат жасаймыз. Ол жақта бізде көп деген
қиындықтармен кездесетін боламыз. Бірақ біз ол қиындықтарды жеңеміз деп
ойлаймын. Ал біздер ол жерге немен барамыз? Оны білу үшін біз мына
геометриялық пішіндерді құрастырып, сандарды ретімен қояйық. Ал балалар біз
не құрастырдық? (зымыран). 
- Балалар біздің зымыран ұшу үшін алдымен қай тетікті басу керек екенін
табуымыз керек. Ол үшін біз басқару пултіне отырайық. Балалар сендерге
геометриялық пішіндер берілген. Ең үлкен дөңгелекті қолдарыңа алып
көрсетіңдер, дөңгелектің түсі қандай? Енді орташа дөңгелекті көрсетіңдер.
Бұл дөңгелектің түсі қандай? Енді кішкентай дөңгелекті көрсетіңдер,
кішкентаі дөңгелектің түсі қандай? Ал енді барлығы неше геометриялық пішін
екен.
Жұмбақ (төртбұрыш туралы) 
Оң қолымыздың астына сары үшбұрышты қоямыз, ал сол қолымыздың астына қызыл
төртбұрышты қоямыз. Бұл пішіндердің айырмашылығы неде? (үшбұрыштың үш
бұрышы бар, ал төртбұрыштың төрт бұрышы бар). Балалар 1-10-ға дейін тура
санайық. 
Біз ұштық!
Біз ұшып келеміз. Балалар, біздің саяхатымыз көңілді болуы үшін, мен
сендерге жұмбақтар жасырайын, шешуін табыңдар.
Басында үлкен қалпағы, бір аяқтап тұрады. (Саңырауқұлақ)
Екеуі көріп, екеуі тыңдап отыр. (Көз бен құлақ)
- Балалар сандарға байланысты мақал – мәтелдер білесіндер ме?
Жетеуі біреуін күтпейді.
Жетірет піш, бер рет кес.
- Балалар естеріңе түсіріңдерші, сандарға байланысты кім ертегілер біледі?
("Жеті лақ пен қасқыр", "Үш аю")
- Міне балалар біздің ғарыш кемеміз Қызықты қалалар ғаламшарына келіп
тоқтады. Қане орнымыздан тұрып жүрейік. Бұл ғаламшарда әдемі үйлер көп
екен. Қане бұларды кім санап береді. (1-10)
- Балалар мұқият қараңдаршы бұл үйлерде кімдер тұрады екен? (бұл үйде
жануарлар тұрады). Қане, санайықшы (1-10). Барлығы қанша үй? (10 үй).
Балалар жануарлар неше топқа бөлінеді? (2 топқа). Қане кім маған топтап
айтып береді? 
- Балалар бұл жануарлар қай қабатта, қай пәтерде тұратынын анықтайық.
(балалар тапсырманы кілемшенің үстінде орындайды және бір бала тақтада
көрсетіп, айтып береді). 
- Енді әрі қарай жүрейік. Мына ғаламшарда қызықты үйлер бар екен. Балалар
қараңдаршы мына үйлердің бір – бірінен айырмашылығы неде? Кім тақтада айтып
көрсетеді? (бір үйде бір терезе, ал қалғандарында екі терезе, үшінші үй
басқа үйлерге қарағанда биік, төртінші үйдің шатыры (төбесі) тіктөртбұрыш,
ал қалған үйлердің шатыры үшбұрыш. 
- Жарайсыңдар балалар, енді басқа ғаламшарға ұшамыз, басқару пултіне
отырайық. (балалар 1-10-ға дейін тура санайды). 
- Міне балалар біз шытырман ғаламшарына келдік. Балалар қараңдаршы бұл
қандай геометриялық пішіндер? (бұл үшбұрыштар).
- Қане кім маған үшбұрыштың ішінен көп үшбұрыш тауып береді? 
-Балалар бізге балабақшамызға қайтатын уақыт болды. Балалар естисіңдер ме?
Бір дыбыс шығып жатқан сиақты, ол СОС дыбыс белгісі. Біреулер бізден көмек
сұрап жатыр. Ол мына көршілес ғаламшарда қатты жел соғып геометриялық
пішіндер шашылып қалыпты, оларды орындарына орналастыруымыз керек. Ол үшін
алдарыңа ақ қағаз бен фломастерді алыңдар, мені мұқият тыңдаңдар: 
- Қағаздың сол жағының жоғарғы бұрышына төртбұрышты саламыз. Қағаздың оң
жағының төменгі бұрышына сопақша саламыз. Ал қағаздың сол жағының төменгі
бұрышына тіктөртбұрыш саламыз. Қағаздың оң жағының жоғарғы бұрышына
дөңгелек саламыз. Қағаздың ортасына үшбұрыш саламыз. Балалар тапсырманы
орындадық, енді біз өз жерімізге оралайық. Ол үшін оң қолымызбен ортаңғы
тетікті басып тұрып 10 санынан бастап кері қарай санаймыз.
(10,9,8,7,6,5,4,3,2,1) 
- Біз ұштық! Мен сендерге көңілді есеп, жұмбақ жасырайын, шешуін табыңдар: 
Бір көжекке бір көжек,
Келе қалды қонаққа,
5 сәбізден бірден жеп
Тойып алды тамаққа.
Айтыңдаршы балалар
Қанша сәбіз барлығы? (10).

Ұлпа жүнін қыздырып,
Күн шуақта бір күшік
Отыр еді маңына
Келді тағы бір күшік.
Нешеу болды сен сана? (2).

Үстел үстінде төрт алма жатыр,
Оның біреуін ағам жеп қойды.
Сонда неше алма қалды? (3).
- Біз жерге қондық. Бізді жер нанмен күтеді. Балалар сендердің алдында
бөлкі бар. Алдымен қағаздың екі жағына бірдей етіп, ортасынан бүктейміз,
содан кейін қайшымен қиямыз. Балалар қараңдаршы бөлкі нешеге бөлінді? (2)
Жарты бөлкіні алып көрсетіңдер. Балалар бөлкенің бір бөлігі үлкен бе? Әлде
1 бүтін бөлігі үлкен бе? (1 бүтіні үлкен). 
- Жарайсыңдар балалар. Біз қайда бардық? (біз математика әлеміне саяхат
жасадық). Біз математика ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Клеткалардың формасы және көлемі
Аудиттің көлемі бақылау жүйесі
Зерттеулердің әдістері мен көлемі
Қазақ тілінің заңдылықтары мен методикалық принциптері
Орфографияны оқытудың лингвистикалық, психологиялық және методикалық негіздері
Балаларды есептің құрылымымен таныстырудың методикалық әдістері
Шетел инвестицияларын тартудың теоретикалық және методикалық негіздері
АЙНАЛУ ДЕНЕЛЕРІНІҢ БЕТІ ЖӘНЕ КӨЛЕМІ
Бухгалтерлік есепті методикалық жағынан қамтамасыз ету
Химиядан сыныптан тыс жұмыстар
Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь