Қазақстан Республикасының тарихы


Қазақстан Республикасының тарихы
Қазақстан - бұл бай тарихи және мәдени өткен тарихы бар ел. Еуразия құрлығының нақ жүрегінде орналасқан Қазақстан ежелгі заманғы әлем өркениетінің тоғысқан жерінде, көлік жолдарының қиылысқан жерінде, Шығыс пен Батыстың, Оңтүстік пен Солтүстіктің, Еуропа мен Азияның арасында, Еуразиялық құрлықтың өте ірі мемлекеттік құрылымдарының арасында орналасады.
Қазақстанның тарихы Орталық Азияны мекендеген басқа түрік халықтарының тарихымен тығыз байланысты және көптеген мыңжылдықтарға созылып жатыр.
Қазақ мемлекетін Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігіндегі аумағында - Жетісуда және Шу өзенінің аңғарында бірінші рет 1470 жылы әртүрлі тайпаларды біртұтас ұлтқа - қазақ ұлтына біріктірген қазақ сұлтандары Жәнібек пен Керей құрған болатын.
Қазақтардың негізгі шыққан арғы атасы - қазіргі заманғы Қазақстан Республикасының аумағында тұрып жатқан ежелгі тайпалар болып табылады. Ең басында бұл Андроновтар тайпалары, содан кейін - Сақ тайпалары (немесе Скифтер), олардан кейін Үйсін, Қаңлы, Ғұн (немесе Ғұндар) тайпалары болды. Қазақстан Республикасының аумағына келіп қоныстанған жаңа тайпалар жергілікті тайпалармен араласып, жергілікті тұрғындарды құрған болатын.
«Түрік» термині алғашқы рет 6 ғасырдың екінші жартысында жасалған жазбаларда көрініс табады. 6 ғасыр - 13 ғасырдың басы Батыс Түрік, Түргеш және Қарлұқ Қағанаттарының, сонымен қатар Оғыз, Қараханидтер, Қыймақтар мен Қыпшақтар мемлекетінің пайда болуымен сипатталады. Олар бір-бірін Қазақстанға монғолдардың басып кіруіне дейін ауыстырып отырды. 13 ғасырдың басында Моңғолдар басып енгеннен кейін Қазақстанда Шыңғыс Ханның ұлдары басқарған ұлыстар құрылды. Осылайша, Ақ Орданы (кейіннен Қазақ Хандығын) Шыңғыс Ханның үлкен ұлы - Жошы басқарған болатын.
Жетістіктері. Даму міндеттері
Қазақстанның барлық сыртқы өнімі (2006 жылғы көрсеткіш бойынша) әрбір тұрғынға 5083 АҚШ долларына тең келетіндіктен, орташа табысы бар елдердің қатарына жатады. Орталық Азиядағы аса ірі мемлекет бола отырып және дүние жүзіндегі аумағы бойынша 9-шы орынды иелетіндіктен, түрлі табиғи ресурстарға (мамандардың жасаған бағамы бойынша еліміз табиғи ресурстарды иеленуіне байланысты 6-шы орынды иеленеді) және ауыл шаруашылық өнімдерін өсіруге қолайлы жер табындарыне ие. Елдің дамуының бірден-бір көзі ретінде оның Еуразияның дәл жүрегінде орналасқан геополитикалық орналасуы болып табылады.
1991 жылы тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін Қазақстан Республикасы бұрынғы Кеңестер Одағы мемлекеттерінің ішінде бірінші болып алға қарай батыл қадам жасап, қайта құрулар жүргізе бастады. Үкіметіміз бай қорлары бар мұнай және тау-кен өнідірісі секторларына тікелей шетелдік инвестицияларды тарту үшін негізгі механизмдерді жасаған болатын. Содан кейін банк секторындағы қайта құрулар өз ретін тапты, атап айтқанда зейнетақы жүйесі мен электр энергетикасын қайта құрудағы алдыңғы қатарлы қайта құрулар жүргізілді. Қазіргі уақытқа дейін еліміздің экономикасы айтарлықтай деңгейде шикізаттық бағытқа ие болды, алайда еліміздің басшылығы жан-жақтылықтың қажеттілігін анық сезеді, соған байланысты экономиканың өндіріссіз салаларын дамыту және экономиканы әртүрлі салада жан-жақты дамыту бойынша бағдарлама жүзеге асырылады.
Қазіргі таңда Қазақстан толығымен саяси және экономикалық жағынан толығымен дүние жүзілік қоғамдастыққа бірігеді. Қарқынды дипломатиялық қызметтің нәтижесінде Қазақстан Республикасы халықаралық қатынастар жүйесінде лайықты орынды иемдене алды. Дүниежүзілік қоғамдастық біздің еліміздің дұрыс әрі нақты анықталған артықшылықтарын, алдына қойған мақсаттарға жетудегі реттілікті, сыртқы саясаттағы реттелген ағымды бағалайды және құрметтейді. БҰҰ және ЕҚЫҰ сияқты Қазақстан Республикасының беделді халықаралық серіктестері Қазақстанның аймақтағы орнықты рөлі мен маңызын айқын көрсетіп береді.
Инвестициялық климат
Қазақстан Республикасы бірнеше жылдар бойы инвестиция салу үшін ең қолайлы мемлекеттердің мәртебесін ұстанып отыр. Ол да айтарлықтай маңызға ие, өйткені еліміз инвестициялық жағдайды ары қарай жақсарту бойынша белсенді жұмыстарды атқаруды жалғастыруда.
1993 жылдан 2007 жылға дейінгі аралықта шетелдік инвестициялардың көлемі 46, 2 миллиард АҚШ долларына дейін көбейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz