Қазіргі кездегі Жапонияның ішкі және сыртқы саяси жағдайы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе . . . 4
1 Тарау Жапонияның ХХ ғ. 90 ж. - ХХI ғ. бас кезіндегі ішкі-саяси өмірі
1. 1 Билік басындағы коалициялық өкіметтің саясаты (1993-1996ж. ж. ) . . 10
1. 2 ЛДП-ның қайта үкімет басына келуі мен жүргізген саясаты (1996-2006ж. ж. ) 17
2 Тарау XX ғ. 90 ж. мен XXI ғ. бас ширегіндегі Жапонияның сыртқы саяси жағдайы
2. 1 Жапонияның ғаламдық саясаттағы ролі . . . 24
2. 2Жапонияның сыртқы саяси бағыттары: Жапония -АҚШ, Жапония- Қытай, Жапония-Корей қатынастары31
3 Тарау Жапонияның ТМД елдерімен ынтымақтасуы
3. 1 Жапония және Ресей қарым-қатынастыр . . . 43
3. 2Жапонияның Орталық Азиядағы геосаяси мүдделері……… . . . 49
3. 3Жапония-Қазақстан қарым-қатынастары . . . 57
Қорытынды. 72
Қолданылған әдебиеттер тізімі. 74
Қосымша . . . 78
Кіріспе
Тақырып өзектілігі . Қазіргі кезде Жапония, заманның өзгеру себептеріне орай сыртқы саясат жүргізу жолдарының әдістері біршама кеңейгенін түсінді. Оның себебі, егер де бұрынғы уақытта жаһандық сипаттағы мәселелерді шешуде бірінші орында әскери мәселелер тұрса, бүгінде көптеген саяси да басқа да жаһандық маңызы бар мәселелерді шешуде әскери күштің қажетімен емес, экономикалық күш пен әр түрлі жаңа технологиялардың қолданылуымен шешіледі.
Әрине бұл салада Жапония өз мүмкіншіліктерін тиімді түрде жүзеге асыра алады. Оған қоса, Жапония дүние жүзіндегі елдер ішінде халықаралық қаржы ұйымдарына тигізетін септігі жоғарғы көлемде болып отыр. Мысалы, БҰҰ -ның қорына салатын қаржысы 15% болса, ал 2000 жылдан бері қарай 20% асып кетті. Бұндағы Жапонияның басты мақсаты - халықаралық ұйымдарда Орталық Азия мен Азия-Тынық мұхит аймағындағы мәселелерді шешуде, бейбітшілік пен тұрақтылық орнатуда өз экономикалық күшіне сай дауыстық мәртебеге ие болу.
Жыл сайын Жапония дамушы елдерге көмек ретінде үкіметтің ресми түрде бағытталған, қорға салатын қаржысы он бір миллиард АҚШ долларын құрайды. Және бүгінгі күнде Жапония экономикасы дамушы елдерге донорлық қызмет атқаратын дүние жүзіндегі ірі мемлекет болып табылады. Сонымен қатар, Жапония әлемдік экономикадағы тұрақтылық кепілін қамтамасыз етіп отырған ел, өйткені оның Әлемдік банк пен Халықаралық волюта қорына бағыттайтын қаржысы әлемдегі ірі жарналардың қайнар көзі болып табылады.
Aзия-Тынық Мұхит аймағын бейбітшілік пен қауіпсіздік тұрғысынан қарастырар болсақ, онда бұл аймақтың қазіргі таңда Жапония үшін маңызы зор. Дәл осы аймақ АҚШ, Жапония, Ресей, Қытай сияқты державалар мүдделерінің қақтығысы болатын аймақ. Жапония үшін АТА өте үлкен қызығушылық туғызып отыр, объективті (әлемдік саясатта аймақтың маңыздылығының өсуі, көптеген мемлекеттердің мұндағы мүдделер қақтығысы), және субъективті (бұл аймақ экономикалық, саяси, стратегиялық қатынастарда өте маңызды) тұрғыдан да. Жапон-американ серіктестігінің күшеюі Азия-Тынық Мұхит аймағындағы жағдайдың қақтығыссыз дамуына, әлемдік экономиканың тұрақтылық жағдайында дамуына жағдай жасап отыр. Әлемдегі, Азия-Тынық мұхит аймағанда тұрақсыз әскери-саяси жағдайда ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі өзектілігін жоғалтпай отыр. Жапонияның АҚШ-қа қатысты сыртқы саяси бағытының өзгертпеуіне себепші болып отырған- қазіргі таңдағы Азия-Тынық мұхит аймағанда Қытайдың саяси үрдістерге белсенді қатысуы болып отыр. Қытайдың экономикалық және әскери күшінің өсуі, саяси ықпалының күшеюі Жапония мүдделері үшін қауіп тудырып отыр.
90-шы жылдардың аяғынан бастап Жапонияның негізгі сыртқы саяси дилеммасы: АҚШ-тан әскери-саяси тәуелділікті сақтай отырып, халықаралық аренада Жапония өзінің дербес саясатын жүргізу болып отыр. Қазіргі кезге дейін Жапонияның сыртқы саяси жағдайы АҚШ-қа қатысты инерциялық бағыттың ұстануымен, орыс-жапон қатынастарының арасындағы жер мәселесіне байланысты тұғырықтан шықпауымен, жапон-қытай қатынастырына байланысты кейбір мәселелердің шешілмеуімен сипатталады.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында өзінің серіктесі Америкаға бұрынғысынша арқа сүйей отырып, Жапония көрсетіліп отырған онжылдықта халықаралық аренада өзінің сауда-экономикалық мүдделерімен айналысты, ол АҚШ, Қытай және т. б. азия елдері тарапынан жапон билеуші топтарының қаржы-экономикалық мәселелерін шешуге қабілетсіз деген сынға алды, нәтижесінде Жапонияның АҚШ, Қытай т. б. бірқатар азия елдерімен екіжақты сыртқы экономикалық қатынастарында мәселе тудырды.
Сонымен, Жапония қазіргі таңға дейін кейбір маңызды саяси мәселелерді шеше алмады, бұл мәселелер күн тәртібінен алынбай, келекшекке қалдырылып отыр, бірақ олардың шешілу перспективалары белгісіз. Бұл мәселелер: елдің халықаралық статусын көтеру, Азия-Тынық мұхит аймағындағы интеграциялық үрдістердегі жетекші ролі,
Жапонияның сыртқы экономикалық мүдделерінің жартысынан көбі осы аймаққа бағытталған. Аймақ елдерінен Жапония шикізат өнімдерін импорттап отыр. Бұл аймақта Жапония АҚШ- тың басты серіктесі мен бәсекелесіне айналып отыр. АҚШ бұл аймақта Жапония ықпалының күшеюінен қорқады. Сондықтан да АҚШ Жапонияны өзіне саяси, әскери, экономикалық тетіктермен тәуелді еткісі келеді.
Жапонияның АТА- дағы мүдделері тек қана әлемде әр түрлі бағаланбай, ел ішінде де талқыланып жатыр. Мысалы, Кобэ университетінің профессоры Иокибэ Макото “ Жапонияның саясаты мен дипломатиясының тарихы” атты еңбегінде Азия Жапония үшін өте маңызды, әсіресе экономикалық салада деп жазған, оның пікірінше “Жапония өз саясатын экономикалық негізде құруға тиісті халықаралық масштабтағы сауда державасы” болып табылады дейді.
Жапон билеуші топтары АТА-да, сол аймаққа кіретін мемлекеттермен саяси қатынастарды сақтай отырып, өз мүдделерін нығайту мен кеңейтуге тырысып келеді. Сол мақсатқа жетуде егер де үшін Жапония экономикалық тетікті пайдаланып отырса, АҚШ бұл аймақта саяси позицияларын ұстанып отыр.
Рютаро Хасимотомен жарияланған «Еуразиялық дипломатия» доктринасы шеңберінде Жапония Орталық Азия аймағына қатысты өзінің жаңа бағытын жүзеғе асыруға аяқ басып, аймақтағы республикалармен өзара қатынасын дамыту мақсатында мынадай басымдықтарды алға қояды:
- Экономикалық ынтымақтастық пен табиғи ресурстарды игерудегі ынтымақтастық;
- Өзара сенім мен түсіністікті тереңдетуге бағытталған саяси сүхбат;
- Әрбір республикада жекелей қоғамның демократизациялауы мен тұрақтылығын, ядролық қаруды таратпауды бақылау.
Жапонияның сыртқы саяси ведомствосында қазіргі заманның халықаралық жағдайының мынадай ерекшеліктерін белгілейді:
Біріншіден, әлем қауымдастығы ішіндегі тығыз қарым-қатынастардың күшеюі мен экономика жаһандануы. Яғни сыртқы сауда мен инвестициялардың ортақ нарығы, алыс қашықтықтар мен басқа себептерге қарамастан ақпарат, байланыс құралдарының дамуы эр түрлі мемлекеттер мен трансұлттық корпорациялардың өзара қатынасын жеңілдетеді.
Екіншіден, халықаралық жағдайға байланысты, Токио нарықтық экономика мен демократия жолындағы елдерге техникалық, қаржылай көмек көрсетуге бағытталған.
Үшіншіден, «жаһандық сипаттағы мәселелерге» тікелей қатысы бар, өйткені барлық жаһандық мэселелердің барлығын бір сипат біріктіреді: оның салдары бүкіл планетаға немесе белгілі бір территориясы ауқымды аймаққа тиеді жэне оларды шешу үшін үлттық шекарадан шығатын халықаралық ынтымақтастық қажет. Ондай мэселелерге терроризм, ядерлық кауіпсіздік, босқындар мәселесі, СПИД, есірткі, халықаралық қылмыс жэне т. б.
Төртіншіден, қазірігі әлем қауымдастығындағы ұлттық фактордың, яғни өзінің белгілі бір ұлтқа тән болуы жөніндегі сана сезімнің оянуы мәселесі (әсіресе КСРО ыдырағаннан кейінгі пайда болған тенденция) . Дүние жүзінің әр түпкіріндегі аймақтық қақтығыстардың, әсіресе «қырғи-қабақ» соғысынан кейін пайда болған қақтығыстардың барлығы ұлттық және діни себептердің салдарынан екендігі бәрімізге мәлім. Осы сипаттарды негізге ала отырып қазіргі кезде Жапония өз сыртқы саясатын жүргізгенде азаматтарының бейбіт өмірі мен елінің гүлденуін міндетті түрде ескереді. Бұл бағытты ұстануда зор үлесін қосқан экс-премьер-министр Рютаро Хасимото болып табылады
Жапония саясаткерлерінің пікірінше, Орталық Азиядағы Жапония саясатының көпжақты ынтымақтастықты орнату мақсатындағы ұзақ мерзімді, тату және достық негізінде даму керек деген ортақ ой біріктіреді. Жапонияның Қазақстан мен Орталық Азиядағы саяси әрі экономикалық мүдделерін айқындауға болады. Әсіресе жаңа инвестициялар мәселесі. Сонымен қата, Жапонияның Орталық Азиядағы саясатының өзекті бағыттарының бір аймақтағы саяси қауіпсіздікті сақтау және ядролық қаруды таратпау мәселесі болып табылады. Сондықтан Жапонияның Орталық Азия республикаларымен арасындағы қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығы үлкен маңызға ие болады. Өйткені бүгінгі таңда халықаралық деңгейде ушығып отырған аймақтық, тіпті әлемдік қауіпсіздікке нұқсан келтіретін халықаралық лаңкестік, діни экстремизм, ұлттық сепаратизм сияқты келеңсіз құбылыстармен күресу бір ғана мемлекеттің қолынан келмейді. Заман талабынан туындаған интеграциялық процестер нәтижесінде құрылған аймақтық ұйымдардың қызметі оның айқын көрінісі болмақ.
Қазақстан мен Орталық Азия мемлекеттерінің дамуы үшін Жапония сияқты мемлекетпен тиімді қарым - қатнастар орнату өте маңызды. Зерттеудің өзектілігі, ең алдымен, Қазақстанның геосаяси жағдайымен тікелей байланысты.
Ежелгі өркениет елі болып табылатын Жапонияның даму қарқыны оның экономикалық даму деңгейін әлем таңданарлық дәрежеге жеткізгені мәлім.
Бүгінгі таңда Жапония үшін Қазақстан мен Орталық Азия аймағының тәуелсіз мемлекеттері мен байланысы маңызды стратегиялық аймақ болып саналады.
Жапонияның бүгінгі ғаламдасу заманында жүргізіп отырған сыртқы саясатының принциптерін айқындау, оның сыртқы саяси бағытындағы Қазақстан мен Орталық Азияның алатын орнын анықтау маңызды. Жапонияның Орталық Азия елдеріне қатысты саясатында ортақ принциптермен қатар, әр республикаға деген ұстанымында да ерекшеліктер бар. Сондықтанда, оның сыртқы саяси мақсаты мен мүдделерін қарастыру үлкен өзектілікке ие болып отыр.
Дипломдық жұмыстың мақсаты Қазіргі кездегі Жапонияның ішкі және сыртқы саяси жағдайын көрсету, Жапонияның ТМД мемлекеттерімен, соның ішінде Ресей, Орталық Азия және Қазақстан Республикасымен қатынастырын ашып көрсету. Осы мақсаттардан осындай міндеттер туындайды:
- Жапонияның XX ғ. аяғы мен XXI бас кезеңіндегі ішкі саяси өмірін ашып көрсету, елді билеген коалициялық өкімет пен либерал-демократтардың жүргізген саясатын көрсету;
- Жапонияның халықарылық қатынастар жүйесінде алатын орны мен ғаламдық саясаттығы ролін көрсету,
- Жапонияның сыртқы саясатындағы (американдық, қытайлық, корейлік) бағыттарын көрсету
- Жапонияның қазіргі таңдағы ТМД елдерімен, соның ішінде Ресеймен қарым- қатынастарын ашып көрсету;
- Жапонияның қазіргі кездегі Орталық Азиядағы мүдделерін анықтап көрсету;
- Жапонияның Қазақстан республикасымен қатынастарын ашу, Қазақстан үшін Жапония мемлекетінің келешектегі маңыздылығын көрсету, Жапония-Қазақстан қатынастарының паерспективасын көрсету;
Жұмыстың зерттемелік негізі. Осы тақырып бойынша бірнеше зерттемелік негіз қолданылды:
А) Басты құжаттар;
1. 1947 жылғы 3 мамырдағы Жапонияның Конституциясы;
2. 1993 жылы 13 қазандағы орыс-жапон қатынастары туралы Токио Декларациясы;
3. 2001 ж. 25 наурыздағы Ресей Федерациясымен и Жапония премьер-министрінің бейбіт келісімді әрі қарай дамыту мәселесі бойынша Иркутскідегі жариялаулары;
4. Ресей Федерациясы мен Жапония арасындағы жасампаз серіктестік орнату туралы Мәскеу Декларациясы. М., 1998 г. 13 қазан.
5. Ресей Федерациясының қорғаныс миистрлігі мен Жапонияның ұлттық қорғаныс Басшылығы арасындағы диалог пен байланыстарды дамытуға жағдай жасау туралы Меморандум. М., 1999 ж. 16 тамыз.
Б) Орыс және жапон зерттеушілерінің монографиялары;
В) Мерзімдік басылымдар;
Қазіргі кезде Жапония бойынша орыс жапонтанушыларының, зерттеушілерінің бірқатар монографиялары жарыққа шыққан, солардың ішінен айтар болсақ, И. А. Цветованың «Эволюция современной партийно-политической системы Японий» деген монографиясында XX ғасырдың 90 жылдарынан бастап бертін XXI ғ. Бас кезеңіне дейінгі елдегі болған жайттарды ескере отырып, қазіргі кездегі Жапонияның партиялық-саяси жүйесінің дамуын толық зерттелген. Сонымен қатар бұл еңбекте Жапониядағы саяси биліктің өзгерулерінің түпкі себептерін ашып, Жапонияның бірпартиялық билік етуден коалициялық билікке өтуі және коалициялық үкіметтің билік басында жүргізген саясатын сараптаған. Сонымен қатар, П. В, Павленконың «ЛДП в современной системе Японии 1955-2001 г. г. » деген еңбегінде бастап қазіргі кезеңге дейінгі ЛДП-ның қызметін, «1955 жылдағы жүйеден» коалициялық үкіметке ауысу себептерін, ЛДП-ның ішкі және сыртқы саясат жүргізудегі ролін ашып көрсеткен. Загорскийдің А. В. «Кризис власти в Японии: реорганизация партийной системы и политическая реформа» деген еңбегінде де Жапонияның 1995-1997 жылдар аралығында елдегі саяси билік пен оның өзгеруі, елде саяси реформалардың жүргізілуі сияқты ел ішіндегі өзекті мәселелерді қозғаған. Поспелов Б. В. «Отношения Японии со странами АТР: социально-идеологические аспекты», Кистановтың В. О. «Япония в АТР» деген монографияларда Жапонияның қазіргі таңдағы АТР елдерімен сауда-экономикалық, саяси қатынастарының дамуын, соның ішінде АТА аймағында Жапонияның экономикалық жағынан бәсекелесі болып келетін Қытаймен қарым-қатынасын, сондай-ақ АТА аймағындағы Корей Республикасымен, Корей Халық Демократиялық Республикасымен, т. б. мемлекеттермен қатынастырын сараптаған.
Жапон зерттеушілерінен бұл мәселе бойынша Т. Иногутидің «Японская внешняя политика в условиях американской однополярности» деген моногарафияда Жапонияның сыртқы саясатындағы басым бағыттар мен жапон-американ сауда, экономикалық, саяси және әскери саладағы ынтымақтастығын саласындағы мәселелерді қамтиды. К Ватанабэнің «Japan and the new Central Asia» атты еңбегінде Жапонияның қазіргі таңдағы Орталық Азиядағы көздеген саяси, экономикалық мүдделері толығымен ашылған.
Мерзімдік басылымдарға келер болсақ «Азия и Африка сегодня» журналында, Д. Мосяковтың Япония- Китай: очередная схватка, А. Тургиеваның «Курильский узел» в российско- японских отношениях (1990-2004), Арешдзе Л. Концепция национальной безопасности Японии, Амиров В. Япония-Китай: на пути к битве экономических гигантов? т. б. мақалалары, «Проблемы дального Востока» журналынан Семин А Внешнеполитические ориентиры Японии 90-е и Китай, Цветова И. Япония: партии и политика обеспечения безопасности, Павлятенко В. Япония в 2005 году. атты мақалалары пайдаланылды.
«Актуальные проблемы современной Японий» атты әр жылда басылып шығарылатын жылнамаларда, қазіргі кездегі Жапонияның ішкі және сыртқы саясатынан бастап экономикасы мен мәдениетін қамтитын өзекті мәселелер талқыланады.
Методологиялық және теориялық негіз . Дипломдық жұмыста реализм теориясының негізінде талдау және сараптау зерттеу әдісі қолданылды.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш тараудан, (Жапонияның ішкі саяси жағдайын, екінші тарауы Жапонияның сыртқы саяси және халықаралық жүйедегі орнын қамтиды. Үшінші тарауда Жапонияның ТМД елдерімен қатынастары қамтылған), қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
I- Тарау Жапонияның ХХ ғ. 90 ж. - ХХI ғ. бас кезіндегі ішкі-саяси өмірі
1. 1 Билік басындағы коалициялық өкіметтің саясаты (1993-1996 ж. ж. )
«Қырғи қабақ соғыстың» бар кезеңінде жапон партиялық саяси жүйесінің ерекшелігі ЛДП- нің монопольді басқарушылығы болды, оның басты оппоненті Жапонияның Коммунистік Партиясы, Социал- Демократиялық Партиясының ыдырауынан пайда болған Социалистік-Демократиялық Одақ пен Демократиялық Социализм Партиясы, Таза саясат Партиясы (Комэйто) болды.
Билеуші ЛДП Жапония қауіпсіздігі негізі ретінде АҚШ-пен саяси және әскери одақ құру, жапон-американ қауіпсіздік келісіміне сәйкес жапон территориясында американ әскери базаларын қондыру, американ «ядролық шатырының» болу керек деп білді. Сонымен қатар, жеке қорғаныс потенциалын Жапонияның өзін қорғау күштері формасында құруға тырысуда.
Ал, Жапонияның Социалистік Партиясы жапон-американ қауіпсізідік келісімінінен бас тартуын талап етіп, ал өз-өзін қорғау күштерін конституцияның тоғызыншы бабына қайшы деп білді.
Жапонияның Коммунистік Партиясы жапон-американ қауіпсіздік келісіміне қарсы болды, Жапонияда американ әскери базаларының жоюылуын талап етіп отыр.
XX ғасырдың соңғы онжылдығында ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жапон саясатының ішкі және сыртқы жағдайы өзгерді. Кеңес Одағы тарапынан «солтүстіктен қауіп» аңызының орнына, жапон саясаткерлері Жапонияның мемлекеттік мүдделеріне қауіп төндіретін жаңадан пайда болып келе жатқан қауіптерге көңіл бөледі.
Жапония алдында жаңа жағдайда ұлттық қауіпісіздік саясатын қамтамасыз ету саясатын анықтауда түбегейлі мәселелер туындады:
А) жапон-американ қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесіне арқа сүйеу керек пе?
Б) Жапонияның бейбітшілік қызметінде ролі қандай болды?
В) Жапонияның өзін-өзі қорғау күштерінің орны қандай болуы керек?
ЛДП-ның ұзақ уақыт бойғы монопольді басқаруы билеуші партия саясаткерлерінің коррупцияларының шексіз ашылуы себебінен қоғамдық наразылық тудырды. 1993 жылға ЛДП ішінде бөлініске ұшырады. 1993 жылы 18 шілдеде үш оппозициялық партия - Жапонияның Социалистік Партиясы, Комэйто және Демократиялық Социализм Партиясы өкілдер палатасына Миядзава кабинетінің белгіленген саяси реформаларды жүзеге асыра алмауына байланысты сенімсіздік вотумын ұсынды. Үкіметтің отставкасын 255 депутат қолдап, 220 депутат қарсы болды. Дауыс беру барысында ЛДП ішіндегі, негізінен Хата-Одзава фракциясынан 39 депутат, сенімсіздік вотумын қолдады. Сол күні К. Миядзава өкілдер палатасын таратып, 18 шілдеге сайлау күнін белгіледі.
ЛДП сайлауының алдында ұжымдық бөлініс болды. 1993 жылы 21 шілдеде бұрынғы он ЛДП мүшелері - Масаеси Такэмура басшылығымен Сакигакэ атты жаңа партия құрды. Сакигакэ өкілдер палатасына сайлауға жеке шығатындығы туралы ниет білдірді. Алайда олар «21 реформа форумымен», Ц. Хата мен И. Одзава жетекшілігіне ие, ЛДП-дан шыққан топпен серіктестік болудан бас тартты. 22 шілдеде 1993 жылы Хата фракциясының 43 депуататы мен оларға қосылған Т. Одзава ЛДП-дан ұжымдық шығу туралы арыз беріп, « ЛДП қатысынсыз саяси күштерді біріктіру» жолымен «жаңа билік орнатуға» бағытталған жаңа партия құруға дайындалды. Барлық осы парламентариилер К. Миядзава кабинетінің сенімсіздік вотумы үшін қолдаған еді. Соның ішінде жас депутаттар да бар: 44-тен 29-ы парламентте бірден үш ретке дейін сайланған, карьералық перспективаның жоқтығына наразы болды. 23 шілдеде осы аталған топ «жаңа консерватизм мен жаңа либерализмді» қолдайтын Шинсейто партиясын құрды. Бұл партияның төрағасы Цутому Хата болып, бас хатшысы Итиро Одзава тағайындалды. Ц. Хата (1935 жылы туған) 1969 жылдан бері парламентке сайланып келген бұрынғы әулетінен келе жатқан саясаткер, Н. Такэшита беделді фракциясының арқасында үкімет құрамына кірді. Жер өңдеу, орман игеру, балық шаруашылығының министрі орнын алған, 1991-1993 ж. ж. қаржы министрі болған. И. Одзава (1942 жылы туылған) ол да әулетінен саясаткер, 1969 әкесінің өлімінен кейін өкілдер палатасындағы депутат орнын басып, ЛДП мен үкіметте К. Танака қолдауымен, кейіннен Н. Такэшита қолдауымен тез мансап жасап алды. 1989-1991 ж. ж. ЛДП-ның бас хатшысы болды. 1
1991 жылдың ортасына таман өкілдер палатасындағы сайлау жүйесін өзгертуге байланысты саяси реформаны қолдаған И. Одзава бағытын жасырмады: «Оппозицияның ішінен ең бірінші Социалистік партияны құрту қажет, кіші сайлау округтарындағы сайлаудан басқа жол жоқ» деп айтты. Жапонияның саясатына қатысты, билікке қатысты өз көзқарастарын «Жапонияны қайта құру бағдарламасында» жария еткен, Жапонияны қайта құрудағы негізгі бағыттар мыналар деп білді:
А) «саяси басшылықтың нығаюы»;
Б) әкімшілік басшылықтан бас тарту;
В) децентрализация;
И. Одзава өз еңбегінде Жапониядағы «парламенттік-кабинеттік» жүйені, президенттік жүйеден де күшті деп жазған болатын. «билік басындағы премьер-министр абсолюттікке жақын билікке ие болу керек» деді, алайда тәжірибеде ол жоқ. Одзаваның пікірінше мықты саяси басшылыққа соғыстан кейінгі Жапонияда қалыптасып қалған «кеңесу мен келісім саясаты», яғни консенсусқа келуге ұмтылу кедергі келтіріп отыр.
И. Одзава жапон саяси жүйесінде келесідей өзгерістерді талап етті: біріншіден, саяси реформа жасау барысында, премьер-министр ең жоғарғы орында, мықты жетекші болуына жағдай жасау, нақты айтқанда премьер-министр аппаратын күшейту, екіншіден, билеуші партия мен үкімет арасындағы қатынастарды қарастыру, «министрлер кабинеті мен билеуші партияны ортақ қылу» яғни нақты айтқанда үкіметке партияның қызметтегі басты тұлғаларын қосу; министрлер орынбасарларының орнын парламенттік институтын кеңейту, яғни билеуші партиядан 150-160 парламент депутаттарын үкіметке кіргізу; үшіншіден, сайлау жүйесіне реформа енгізу. Саяси реформаның мақсаты- серпінді саясатқа көшу, сайлау жүйесін өзгерту бұл саясатқа жетудің бірден-бір құралы. 2
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz