Қ.А.Ясауи кесенесі



1 А. Ахмет Яссауидің өмірі және сүрген дәуірі.
2 Қожа Ахмет Ясауидің көркемдік ерекшелігі
3 Кесенені зерттеген ғалымдар.
4. Қожа ахмет Ясауи кесенесінің қазақ сәулет өнеріндегі озық үлгісі.
2.1 Қ.А.Ясауи кесенесін жасауда компазиция таңдаудың рөлі.
2.2 Қ.А.Ясауи кесенесі атты кескіндеме шығармасының идеялық мазмұны, ұйымдастыру әдістемесі.
2.3 Қ.А.Ясауи кесенесі туралы әңгіме сабақ және сыныптан тыс тәрбиелік іс . шаралар.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің суреті жалпы әңгімелемес бұрын оның тарихын жалпы әңгімелеген жөн болар.
Жалпы Түркістан қаласы бұрын кішкентай ғана Яссы деген қалашық болған. ХІІ ғасырда сол жерге Қ.А.Ясауи Әзірет Сұлтан келген соң даңқы шыққан. 1166 – жылы Қ.А.Ясауи опат болған соң оның бейітіне түркі тұқымы әсіресе қазақ халқы зиарат ететін болған. Зиарат етуге халық көп келетін болған соң кішкентай қалашық бірте – бірте үлкейіп шаһарға айналды.
Ал 1397 – ші жылы күзді күні атақты Әмір Темір келіп әулиенің басына зор мешіт салдырып белгі орнатуға жарлық қылған.
Осы мешітті салу үшін саураннан кірпіш тасыған, ол кірпішті жылқының қымызына илеп аттың қылын осып мықты етіп құйған осы кірпішті Түркістанға сауранға дейін адамдар қатар тұрып саумалдап тасыған сонда бір кемпір бір кірпішті ұстап үш жыл тұрған деген аңыз бар.
Осының барлығын оқушыларға әңгіме сабағында әңгімелеп кесененің қандай жолмен салынғанынын айтуға болады.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің суретінің балаларға беретін тәрбиесі өте мол. Өйткені мен мына салған суретімді бейнелеу өнерінің барлық заңдылықтарын меңгеріп салдым.
Бұл суретімде кесененің көне кезіндегі суретін салдым. Өйткені кесенені қазіргі кезде 90 % жөнделген, әбден әрлеп, өзгеріп жанындағы қалашықтар жойылған. Қазіргі кезі онша қызықты емес. Сосын мен суретті қызықты қылып салуға тырыстым.
Бұл суретте кейінгі планға ескі қаланың ескі көрінісін бейнеледім. Ол кезде кесененің айналасы қазақы үйлерге толы болғандықтан, соларды тарихқа сүйене отырып ескі суреттерге қарап салдым. Ал мешіттің күмбезі көшіп ол уақытта қоңыр охра түсте болған. Ал кесененің жалпы түсі охраға бағынып тұр. Ал кесененің алдында Әмір Темірдің анасы Рабиға Сұлтан кесенесі орналасқан. Ол алдыңғы планға шығаршық үйлесін тапқан. Сонымен қатар бастырма бейнеленген кейінгі пландағы салынған үйлер онша анық емес. Өйткені ол суреттер кеңістікте түрі және артқы планда болған соң бұлдырап онша қанық көрнібейді. Көлеңкеде онша қанық көлеңке болмайды. Ол бермен қарай ортаңғы план анықтала түседі. Ортаңғы планды кесененің суреті және Рабиға Сұлтанның кесенесінің суреті тұр. Мұнда көлеңке жарық анықтала түскен. Суретте бірте – бірте анықтала түскен.
1. п.ғ.д. Қуандық Ералин «Бейнелер өнерін оқыту әдістемесі» 2008ж. Шымкент.
2. Мейендорф Е.К. Путешествие из Оренбурга в Бухару,-М., Наука, 1975-180 с.с карт.
3. Бекчурин М.С. Описание мечети Азрета, находящейся в городе Туркестане // Военный сборник. - 1866, -N8
4. Лерх П. Археологическая поездка в Туркестанский край в 1867 г. - СПб., 1870.
5. Күн А.Л. Туркестанский альбом. Часть археологическая: А.А.Кун
составитель. Ташкент. 1871-1872.
6. Малицкий С.Г., Историко – архитектурное значение мечети
Хозрета Яссавийского в гор. Туркестане //ПТКЛА. Ташкент, 1907, -1М
12-с. 6-28
7. Засыпкин Б.Н. Изучение древних сооружений Средней Азии // Новый Восток. - 1925. - N10-11
8. Массон М.Е. О постройке мавзолея Ходжа Ахмеда в городе Туркестане // Известия Среднеазиатского географического общества. - Ташкент,
Типолитография N2 Узполиграфтреста, 1929. - Т. XIX. - С. 39-45.
9. Массон М.Е. Мавзолей Ходжи Ахмеда Яссеви. - Ташкент,
Типолитография N2 Узполиграфтреста, 1930,-22 с.
10. Бартольд В.В., Туземец о русском завоевании // Соч; В - 9т. - М;
Наука, 1964. -Т.П (2).-С. 333-3334, 339,340.
11. Бартольд В.В. Улугбек и его время // Соч.; В 9 т.- М., Наука, 1964. - Т.11 (2).
12. Бартольд В.В. О погребании Тимура // Соч.; В 9т. - М., Наука, 1964. - Т. 1 (2). С.440-441.
13. Бартольд В.В., К истории орошения Туркестана // Соч., В 9 т.-М., Наука, 1965. - Т.111.
14. Бартольд.В.В., Туркестан // Соч., А. 9Т. - М., Наука, 1965. - Т.Ш.
15. Бартольд В.В., Двенадцать лекций по истории турецких народов Средней Азии // Соч., В 9Т. - М., Наука, 1968-Т. У-С. 117-119.
16. Бартольд В.В., Русский комитет для изучения Средней и Восточной Азии в историческом, археологическом, лигвистическом и этнографическом отношениях. 1903-1909 // Соч., М., Наука,1977.
17. Гейнс А.К., Путешествие в Туркестан. Дневник 1866 г.в кн.: «Собрание литературных трудов А.К.Гейнса», Т.ІІ, Спб., 1898
18. Добромыслов А.И., Города Сыр-Дарьинский области: Казалинск, Перовск, Туркестан, Аулие-Ата и Чимкент. Ташкент, 1912
19. Ахмеров П.Н. Описание мечети Ахмета Яссави. Известия общества археологии, истории и этнографии при Казанском университете, 1896, т. 13, вып.6
20. Пацевич Г.П. Ремонт и реставрация мавзолея-мечети Ходжа Ахмеда Ясави в 1939-1941гг. // ИАН Казахской СССР. Серия архитектурная. Алма-Ата, 1950.-вып. 2-с. 95-100
21. Акишев К.А., Агеева Е.И., Древние памятники казахстана-Алма-ата.,
1958 - 60с,
22. Булатов М.С.Шедевр мастера Абдаль-Азиза // СА.-1969-Ы2-С-225
23. Байпаков К.М., Ерзакович Л.В., Древние города Казахстана-Алма-Ата:
Наука 1971
24. Нурмухаммедов Н.Б. Искусстпо Казахстана. - М., Искусство, 1970.-С.21- 22.
25. Смағұлов Е, Тұяқбаев М, Түркістанның ортағасырлық тарихы, Түркістан, 1998, 11 -б.
26. Токтаев У. История реставрации комплекса З.А.Ясави, архив НИПИ «Казпроектреставрация» с. 11
27. Свод памятников.. .359 стр.
28. Жүзбаева Р., Тұяқбаев М., Әшірбекова Н., Әзіреті Түркістан // Даңқ пен дақпырт. 1997. N5. 1-2-3-4 6.
29. Агеева Е.И., Пацевич Г.И. Из истории поселений и городов Южного Казахстана, (Труды ИИАЭАНКаз ССР, т.5. А-Ата, 1958).
30. Ерзакович А.Б. и др. Отчет о полевых работах Казахстанской новостроченной археологической экспедиции в 1992 г. Алма-Ата, 1993, С.89. Архив И.А.
31. Тұяқбаев М., Түркістан сырлары, Алматы, 2000, 7-6.
32. Свод памятников истории и культуры Казахстана, Южно-Казахстанская область, "Қазақ энциклопедиясының", Алматы, 1994, 268-с.
33. Архитектуралық ескерткіштің аты әзірге бір ізге түспеген. Мысалы ҚСЭ – де ескерткіш", БСЭ-нің 3-басылымында "мавзолейкомплексі" № М.Е.Массон№ Нұрмұхаммедов еңбектерінде "мавзолей мешіті"№ Б.Тұяқбаева мақаласында "ханака" деп көрсетеді.
34. Джузбзева Р., Дүйсенбеков М. "Мавзолей Ходжа Ахмеда Яссави" уч. 01597 1987г. Шьмкент қалалық типографиясы.
35. Ugorlu К. Үеsеvі kоllіуеsі // Үеsеvіlік Віlgіsі. Аn., 1987 з. 475.
36. Күзембайулы А., Әбіл Е. «Истории Республикй Казахстан» Алматы, 1998. 123 бет.
37. "Қазан 1939-89 жылы Ленинградта мемлекеттік эрмитажында тұрған. "Свод памятников истории и культуры Казахстана"
38. Туякбаева Б.Т., Проскурин А.Н., Декоративное убранство ханаки Ахмеда Яссави. А., стр. 17.
39. Туякбаева Б.Т., Проскурин А.Н., К истории стррительство ханаки Ходжи Ахмеда Ясави., стр. 13.
40. Туякбаева Б.Т., Эпиграфический декор архитектуного комплекса Ахмеда Ясави. А, Өнер 1989., стр. 16.
41. Корulu Ғ. Тurk Еdebіуаtіndіа іlk Мutasavviflar. Аnkаrа., 1997 s 37.
42. Свод памятников... 280-281 б.
43. Тұяқбаев М., «Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайының 1996 жылғы жұмыс есебі».
44. Тұяқбаев М., Жүзбаева Р. "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының 1997 жылғы жұмыс есебі.
45. Лерх П.И. Археологическая победа...
46. Массон М.Е., Мавзолей Ходжа Ахмеда Ясеви. Ташкент, 1930. С.9.
47. Жандарбеков 3., Бабаджанов Б.М. - Отчет по предварительными исследованиям погребений эпиграфики комплекса Ходжа Ахмеда Ясеви. Архив музея заповедника "Азрет Султан", 1995. С 7-8.
48. Тұяқбаев М. Түркістан оазисіндегі орта ғасырлық қалалар //Тарихы терең Түркістан.-Алматы: Білім, 2000.-134 бет.
49. Бартольд В.В. Тюрки: Двенадцать лекций по истори турецких народов Средней Азии - Алматы: Жалын, 1993. - 68 бет.
50. Абуов А. Ақиқат жаршысы. - Түркістан: 2000 43-64 бет.
51. Kopurlu F. Тurk еdеbietinde іlk mutasavviflar. -Аnkara: 1991.119-121sayfa.
52. Тұякбаев М. Түркістан сырлары, Алматы 2000, 3-10 бет.
53. Бұл да сонда, 40 б.
54. Бұл да сонда, 416.
55. Тұяқбаев М., Жүзбаева Р. "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайының 1998 жылдық есебі.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің суреті жалпы әңгімелемес бұрын оның тарихын
жалпы әңгімелеген жөн болар.
Жалпы Түркістан қаласы бұрын кішкентай ғана Яссы деген қалашық болған.
ХІІ ғасырда сол жерге Қ.А.Ясауи Әзірет Сұлтан келген соң даңқы шыққан. 1166
– жылы Қ.А.Ясауи опат болған соң оның бейітіне түркі тұқымы әсіресе қазақ
халқы зиарат ететін болған. Зиарат етуге халық көп келетін болған соң
кішкентай қалашық бірте – бірте үлкейіп шаһарға айналды.
Ал 1397 – ші жылы күзді күні атақты Әмір Темір келіп әулиенің басына зор
мешіт салдырып белгі орнатуға жарлық қылған.
Осы мешітті салу үшін саураннан кірпіш тасыған, ол кірпішті жылқының
қымызына илеп аттың қылын осып мықты етіп құйған осы кірпішті Түркістанға
сауранға дейін адамдар қатар тұрып саумалдап тасыған сонда бір кемпір бір
кірпішті ұстап үш жыл тұрған деген аңыз бар.
Осының барлығын оқушыларға әңгіме сабағында әңгімелеп кесененің қандай
жолмен салынғанынын айтуға болады.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің суретінің балаларға беретін тәрбиесі өте
мол. Өйткені мен мына салған суретімді бейнелеу өнерінің барлық
заңдылықтарын меңгеріп салдым.
Бұл суретімде кесененің көне кезіндегі суретін салдым. Өйткені кесенені
қазіргі кезде 90 % жөнделген, әбден әрлеп, өзгеріп жанындағы қалашықтар
жойылған. Қазіргі кезі онша қызықты емес. Сосын мен суретті қызықты қылып
салуға тырыстым.
Бұл суретте кейінгі планға ескі қаланың ескі көрінісін бейнеледім. Ол
кезде кесененің айналасы қазақы үйлерге толы болғандықтан, соларды тарихқа
сүйене отырып ескі суреттерге қарап салдым. Ал мешіттің күмбезі көшіп ол
уақытта қоңыр охра түсте болған. Ал кесененің жалпы түсі охраға бағынып
тұр. Ал кесененің алдында Әмір Темірдің анасы Рабиға Сұлтан кесенесі
орналасқан. Ол алдыңғы планға шығаршық үйлесін тапқан. Сонымен қатар
бастырма бейнеленген кейінгі пландағы салынған үйлер онша анық емес.
Өйткені ол суреттер кеңістікте түрі және артқы планда болған соң бұлдырап
онша қанық көрнібейді. Көлеңкеде онша қанық көлеңке болмайды. Ол бермен
қарай ортаңғы план анықтала түседі. Ортаңғы планды кесененің суреті және
Рабиға Сұлтанның кесенесінің суреті тұр. Мұнда көлеңке жарық анықтала
түскен. Суретте бірте – бірте анықтала түскен.
Ал алдыңғы планда бастырма және мешіттің оң жақ бетінде бейнеленген
қазахи үй бейнеленген осыларға түскен жарық көлеңкелер арқылы балаларға
көлеңке жарық заңдылығын түсіндіруге таптырмайтын көрнекілік болып табылады
және бұл суретте перспектива оқушыларға түсіндіру өте оңай. Өйткені бұл
суретте кейінгі план ортаңғы план, ал алдыңғы планда өте анық бейнеленген.
Олай деп айтатын себебім алдыңғы пландағы суреттерге қарағанда кеінгі
пландағы бейнеленген суреттер бірте – бірте кішірейе бастаған.
Және бұл перспектива түскенде анық бейнеленген. Алдыңғы пландағы түстер
қанық қою түстермен салынған. Ортаңғы пландағы түстер орташа сәл ашықтау
түсте бейнеленген. Ал кейінгі пландағы түстер сары болып онша анық емес
бұлыңғыр жылы түстермен бейнеленген.
Жалпы айтқанда бейнелеу өнеріндегі барлық заңдылықтар жайлы осы
суретке қарап оқушыларға түсіндіруге болады.
Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті мен ұлттық көзқарасының өркендеуінде
ғасырлар бойына сақталып келген кесененің рухани құндылықтарды зерделеудің
маңызы зор. Жалпы адамзаттық құндылық болып саналатын мұражайлар
халқымыздың дүниетанымы мен діни және рухани көзқарастарын анықтап беретін
бірден бір деректердің көздері.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі туралы жазба деректер мен зерттеу еңбектері
баршылық. әрбір зерттеуші, әрбір тарихи мұрағаттың жанашыры. Қ.А.Ясауи
кесенесі жөнінде зерттеушілер тақырып мазмұндарының әр қырынан тұжырым
жасайды.
Ахмет Ясауи шамамен XI ғ. соңында - XII ғ. басында Сайрам қаласында
дүниеге келеді. Тегі - жергілікті түркі тайпаларының бірі бажшылық
кәсіппен күнелткен Ахметтің әкесі Ифтихар баласы Махмудтың ұлы
Ибрагим және анасы Қарашаш, бұл кісілердің бейіті Сайрам қаласында.
Ахметтің тұңғыш рухани ұстазы әрі тәрбиешісі атақты шайхы Арыстанбаб
болған. Ол дүние салғаннан кейін Ахмет Бұхараға келіп, атақты шайхы Қожа
Жүсіп Хамаданидан софылық ілім жайлы дәріс алады. Сөйтіп, "Ақиқатты тану
жолдарының түсіндіру құқына ие болады. Біраз уақыт бойы ол Бұхарадағы
софылық қоғамын басқарып жүреді. Бірақ көп ұзамай өзінің рухани дүниесін
қанағаттандырмаған осынау хұзырлы орыннан бас тартып, Түркістан қаласына
қайта оралады. Бұл жерде өзінің уағыздаушылық қызметін кеңінен өрістетеді
Аңызға қарағанда Ахмет Ясауи Мұхаммед пайғамбар жасына келген соң, оны
тұту белгісі ретінде қалған өмірін өзі уағыз айтатын мешіт іргесінен
қазылған жер асты мекенінде (Қылуетте) өткізіпті. Мұнда оның үй іші ғана
емес, шайқының өзінен ілім алып жүрген көптеген шәкірттер де болады.
Ол 1166-77 жылардың бірінде дүние салады. Жергілікті
қауымдардың ұлттық әулиесі ретінде Ясауи халқының аса көп жиналуымен өзіне
арнап соғылған кішкене мазарға жерленеді.
Бізге келіп жеткен жазба мәліметтерден көне Иасыда, қазіргі кесене
тұрған орында, мұсылманның атақты әулиелерінің бірі дәруштер шайқысы Ахмет
қабіріне XII ғ. өзінде-ақ шағын мавзолей орнатылғаны белгілі. Кейін бұл
мұражай мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орына айналды.
Ахмет Ясауи кесенесінің "Қасиетті орын" ретінде атағы жайылына XIV ғ.
30-шы жылдарында-ақ монғол шапқыншылығы қатты күйретіп кеткен. Түркістан
қаласында XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат. Қожа
Ахмет Ясауи дүиие салғаннан кейін халықтың көп жиылуымен өзіне арнап
соғылған кішкене мазарға жерленеді. Кейін бұл кесене мұсылмандардың жаппай
тәуеп ету орнына айналады. 1389, 1391, 1394 және 1395 жылдардағы
қан төгіс ұрыстарда Әмір Темір Алтын Орданың өктемдігін
жойып, астанасы – Сарай – Беркені өртеп жібереді. Мені, осы жеңістің
құрметіне Қожа Ахмет Ясауидың ескі мазарының орнына жаңа, зор кесене
орнатуды ұйғарды.
Кесененің құрылысы ерекшеліктері: Табан топырағы ылғалды жерге
салынған Ахмет Ясауи комплексі ХVІ ғ. Құрылыс инженерлігінің сөзсіз шешім
болып табылады. Пропорциялық қатынастардың бірлігі, құрылыс тәжірибелері
орта ғасырлық шеберлердің сәулет өнерінің күрделі территорияларын
меңгергендігін көрсетеді.
Ахмет Ясауи құрылысының тағы бір ерекшелігі оның ұрылысына және көне
түркі ақынның алғашқы қабының қалдығы қамтылған. Салмақ көп түсетін портал
пилондарының табанына ірі кесек тастар қалаған. Ал басқа қабырғаларының
табан топырағы тек тапталмаған. Ескерткіштің ірге тасынан жоғарғы бөлігі
конструкция түрлеріне қарай әр – түрлі ерітінділерге бекітілген күйген
кірпіштен қалаған 600 жыл бойы өмір сүріп келе жатқан ғимарат. Табан
топырағы ылғалды жерге салынғандықтан 50-60 см. төмен ойысқанын байқауға
болады. Ғимараттың жеке бөліктерінің архитектуралық формаларының өзара
үйлесімділігі негізінен алғанда Қазақстан мен Орта Азияға тән шаршы келген
қабырға ұзындықтарының осы бөлменің көлденеңіне сәйкес теорясының қатаң
сақталуына байланысты. Қазандық бөлмесінен 8 дәліз тарайды. Оның алтауы
өтпелі, екеуі тұйық, биікгігі екі қабатты үлкен дәліздер бүкіл комплексті
өз алдына дербес блоктарға бөледі. Шатыр тұрғызу техникасы мен түрлері:
1. Аркалы желкендерге орнатылған, кең қанатты күмбез.
1. Қанатты желкендерге орнатылған, кең қанатты күмбез (Құдықхана )
2. Тік көтерілген кең қанаты күмбез жарық сәулелі орталық (Мешіт)
3. Көтермелі аркаларға орнатылған кең қанаты күмбез (Асхана, дәліздер).
Қалқан тәрізді желкендерге орналасқан аласа күмбезшілер (кітапхана,
кіші ақсарай). Цилиндрлі шатырлар (Құжырлар).
Бір орталыққа жинақталған комплекс бөлмелері, бір-бірімен көптеген
дәліздермен. баспалдақтармен байналысқан. Олардың барлығы комплексте 22.
Ғимаратта баспалдақтардың мынандай түрлері кездеседі. Айналма, бір шеті
айқасып келетін шахтардағы баспалдақтар (Мұнара мен үлкен күмбездердің төрт
қырлы қабырғасы).
Айналма төрт бұрышты шахта және жылжымалы жарты аркалар тізбегі арқылы
орналасқан баспалдақтар (дәліз баспалдақтары). Айналма, тік бұрышты шахта
(бас порталдың ойығы). Шахтасыз ашық баспалдақтар.
Сурет салу адам үшін маңызды орын алған және ала да береді. Ол адамдар
арасындағы қарым-қатынас мүмкіндігі ретінде қолданылады.
Адамның сурет салу дағдысы ерте кезден бастап пайда болған.
Археологтардың тапқан суреттері, алғашқы адамдардың бұл жөнінде үлкен
жетістіктерге жеткендігін куәландырады.
Алғашқы адамдар суретті көмірмен, үшкір тастармен салған. Неолит
дәуіріндегі еңбектін жер өңдеу мен қол еңбегі - өндірістік сипаты адамның
өнерге деген қатынас сипатын өзгертті, Адамның сурет салуға үйренуі, өз қол
еңбегіндегі өнімдерін безендіруге бағытталды. Бұл әсіресе қыш өңдеу
өнерінде көрініс тапты. Осыған байланысты оқыту әдістері де пайда бола
бастады. Қолөнер шеберлері өзінің шәкірттерінің еңбегіне бейжай қарай
алмады. Ол үшін керегі шәкірт, ұстаз өнерін үйреніп, оны жалғастырғаны,
көмекшілікке жарағаны болды. Ұстаз шәкіртіне қолөнер бұйымдарын жасау
жолдарын, өрнектермен безендіруді бірнеше рет қайталап көрсетуіне тура
келді.
Осындай іс-әрекеттердің нәтижесінде оқытудың әдіс-тәсілдері шыға
бастады. Бірақ, бұл кезде қалыптасқан оқыту принциптері болған жоқ.
Нағыз өнерге оқыту, мектептерді ұйымдастыру тек қана цивилизация
дәуірінде пайда болды. 5 – бет.
Қазақстандағы бейнелеу өнерінің оқыту әдістемесінің дамуы 20 ғасырдың
60 жылдарында педагогикалық институттардан бейнелеу өнері және сызу
пәнінің мұғалімдерін дайындаумен тығыз байланысты. 1964 жылы абай атындағы
Қазақ мемлекеттік педагогика институтында, республикада алғаш рет бейнелеу
өнері мен сызу пәнінің мұғалімдерін дайындау қолға алынды. Бұл 1969 жылға
дейін еліміздегі бейнелеу өнері мен сызу мұғалімдер дайындайтын жалғыз
жоғарғы оқу орны болды. Кейіннен де бұл оқу ордасы көшбасшы қызметін
көрсетіп, көлемді әдістемелік іс шараларды атқарумен бейнелеу өнерін оқыту
әдістемесінің дамуына ерекше үлес қосты.

1.1 А. Ахмет Яссауидің өмірі және сүрген дәуірі.

Ахмет Ясауи Оңтүстiк Қазақстанның Сайрам (Испиджаб) қаласында 1103 жылы
дүниеге келген.
Әкесi Ибраһим сөз қадiрiн түсiнетiн бiлiктi адам болған. Шешесiнiң аты -
Қарашаш. Жастайынан жетiм қалып, жоқшылық тақсiретiн шеккен Ахмет Ясауи
туыстарының қолында тәрбиеленедi, бала кезiнен Яссы шаһарын мекен етедi.
Кейiннен осы қаланың атымен Ясауи атанады.Ол бiлiмдi кезiнде ғылым мен
мәдениет орталығы ретiнде даңқы шыққан Түркiстаннан 50 шақырым қашықтықтағы
Отырар қаласында жергiлiктi дiнбасы Арыстанбабтан алады. Өзiнiң ана тiлiнен
басқа арабша және парсыша сөйлей бiлген. Арыстанбаб қайтыс болғаннан кейiн
ол Бұхараға барып Юсуп Хамадани басқарған сопылар қауымына кiрiп дәруiштiк
мектептен өтедi.
Юсуп Хамадани қайтыс болғаннан кейiн, 1140 жылы оның екi мүритi дүние
салған соң, қауымды Қ.А.Ясауи басқарады. Алайда, ол көп ұзамай-ақ "құзырлы"
тұғырды тастап, өзiнiң туған өлкесiне бiржола қайтып оралып, Түркiстанға
тоқтайды. Сопылықтың идеяларын уағыздап, өзi жоқшылықта өмiр сүредi.
Сырдарияның орта және төменгi жағалауын мекендеген қаңлы, қыпшақ, қоңырат
және көне түркi тайпалары арасында ислам дiнi ендi ғана тарай бастаған
болатын. Ал бұл дiндi уағыздаушы Ахмет Ясауидi рухани басшы санаған халық
оны "әулие ата" атап кеттi.
Дiн уағыздаушы әрi ақын ретiнде аты шыққан Ахмет Ясауидiң басқа Шығыс
авторларынан айырмашылығы - ол шығармаларын өз тiлiнде - көне түркi тiлiнде
жазды. Қыпшақ мақалдары мен мәтелдерiн көп қолданды.
Ахмет Ясауидiң бүгiнгi ұрпаққа жеткен "Диуани Хикмат" ("Даналық
жайындағы кiтап") өлеңдер жинағы өте жоғары бағаланды. Әлi күнге дейiн
түркi тiлдес халықтар ғана емес, көпшiлiк сүйсiнiп оқиды. Ол Стамбул,
Қазан, Ташкент қалаларында 19 ғасырда бiрнеше рет кiтап болып басылып
шыққан (алғаш басылуы 1878ж.), қазақтарға арнап оны 1901 ж. Қазанда
Тыныштықұлы жариялатады. Төрт тармақты өлеңнен (рубаят) жазылған осы
шығармасында Ахмет Ясауи бала күнiнен бастап 63 жасқа дейiнгi өмiрiн баян
етедi. Тiрлiкте көрген азабын, шеккен қайғысын тiзедi, бұқара халыққа
үстемдiк жүргiзушi хандарды, бектердi, қазыларды сынайды, фәнидiң
жалғандығын айтады. Бұл дүниенiң өкiнiштiлiгiн көрсетiп, аскетизмге,
тағдырға сенуге уағыздайды, тәрки дүниеге (дүние қызығынан безу) салынады.
О дүниенiң мәңгiлiгiн жырлайды. Сүлейман Бақырғани, Софы Аллаяр, Ахсани
т.б. Ахмет Ясауидiң жолын қуып, софизмнiң жаршысы болады. Ел аузында Ахмет
Ясауи туралы көптеген аңыз-әңгiмелер бар. "Диуани Хикматтан" қазақ халқының
ежелгi мәдениетiне, әдебиетiне, тарихына, этнографиясына қатысты бағалы
фактiлер табуға болады. Оның сүйегi жатқан мазары, Шығыстың орта ғасырлық
архитектурасының маржандай үлгiлерi болды. Ахмет Ясауи бейiтiнiң үстiне
салынған мазар ол

қайтыс болғаннан 200 жылдан кейiн, ХIV ғасырда
тұрғызылды. Ахмет Ясауи зираты бұрыннан қажылық ету орнына айналды, оған үш
мәрте тағзым етiп бару Меккеге қажылыққа барумен бiрдей болды. Ахмет Ясауи
мазары қазақ мемлекеттiгiнiң нысанына айналып, кейiнгi уақытта жалпы ұлттық
зиарат-қорым қызметiн атқарады. Қазақ халқының ұлы перзенттерi - Есiм
ханнан бастап, Жәңгiрхан, Тәуке хан, Абылай ханның, көрнектi билердiң
мүрделерi осы жерде сақтаулы. Бүгiнгi таңда ортағасырлық Шығыс сәулет
өнерiнiң iнжу-маржаны болған бұл кесене бүкiл түркi, қалабердi, мұсылман
дүниесiнiң теңдесi жоқ алтын мұраларының бiрi болып саналады.
Сырдарияның орта және төменгі ағысының жағалауларына Орта Азияның
мәдениеті ілгері халықтары ежелден-ақ көзін тігіп, ақырындап осылай қарай
жылжи бастады. Көшпелілердің байтақ жеріне алғаш жетіп жығылған саудагерлер
мен қолөнершілер, соларға ілесе келген егіншілер мен дін уағыздаушылары
мұнда отырықшы мәдениет үлгілерін орнықтырды. Әуелгідегі уақытша сауда
орындары тұрақты базарға айналып, қалалардың іргесі қаланды. XII ғасырдан
бастап Шаш (Ташкент) қаласынан шығатын керуен жолының үстінде Сырдың оң
жағалауын бойлап бірқатар қыстақтар мен қалалар пайда болды.
Сол тұста Йасы аталған, бүгінгі Түркістан қаласында түркі сопылығының
атасы Қожа Ахмет Йасауи ғұмыр кешті. Оның атасы Ибраким ибн Махмұт ибн
Ифтихар. Әсершіл, байсалды Ахмет бала кезінен жергілікті түркі шайқысы
Арыстанбабтың назарына ілігіп, тәрбиесін көреді. Ұстазы қайтыс болған соң
Қожа Ахмет Бұқарға аттанып, сондағы атақты шайқы Қожа Жүсіп Хамаданиден
ілім үйреніп, мүршидінің қолынан иршад алады. Аз уақыт кейіннен нақшпандия
тариқаты деп аталған Бұқар сопыларының қауымын басқарып, Йасыға қайта
оралады. Мұнда тақуадар Ахметке қолайлы өріс бар еді. Жергілікті ортада
жедел бедел алған Ахметтен кеңес сұрап, таяныш іздегендер түкпір-түкпірден
ағылып келе бастайды. Жеке басының үлгісімен өнеге танытқан Қожа Ахмет
өзіне келгендерге сопылық ілімінің қағидасын: қайырымдылықты, сақылықты,
Хаққа бағыныштылықты һәм пірін ұлық тұтуды жергілікті халықтың өз тілінде
уағыздай бастады. Оған еліктеушілер мен мүридтерінің саны тез өсті. Исламды
санасына сіңіріп үлгере қоймаған сол төңіректегі түркі рулары оны рухани
пірі санады. Осы тұста Орта Азияға шығыстан қарақытайлар баса-көктеп кіре
бастады. Шу өзенінің алқабына орныққан олар 1137 жылы Қожент түбінде
Самарқан ханы Махмұтқа тойтарыс беріп, 1147 жылы Самарқанның теріскейіндегі
Қатауан даласында селжүк сұлтаны Санжар мен самарқандықтардың біріккен
қолының тас-талқанын шығарды. Олар құрған жаңа мемлекетте ислам өзінің
басым дәрежесінен айырылып, басқаларымен теңестірілді. Бәлкім, Қожа Ахмет
уағызының жәмиғат жүрегінен тезірек орын алуына мұның шарапаты молырақ
тигені де. Һижраның 562 жылында (11661167) атақты түркі шайқысы қайтыс
болғанымен, оның көпшілік арасындағы беделі мысқал да кеміген жоқ. Сопылық
бағытта түркі тілінде жазылған Хикметі кеңінен танылды. Түркі тектес
көшпелілер мен отырықшы Орта Азияның мұсылмандары үшін ғұмырын
кедейшілікпен өткерген йасылық әулие ұлт мақтанышына айналды.
Әмір Темірге өзінен екі ғасыр алдын фәниден озып, басына тұрғызған
сағанасы әбден тозған әулиенің қабірі не үшін қажет болды екен? Ұлы
әміршінің тереңнен ойластырылған саяси есебі заяға кеткен жоқ. Толық
мойынсұнбаған көшпелілер Әмір әскерінің бетін қайтарып, тіпті мемлекеттің
жүрегі - Самарқанға әлденеше рет қауіп төндіріп, әйгілі қолбасының
стратегиялық бастамаларын аяқтатпады. Көшпелілердің ұлттық сезіміне іші
бұрған Әмір Темір исламды дәріптеуші халықтардың рухани бірлігін баса
қолдап, өзінің ерен мақсатын жүзеге асырмақта көшпелілерді бауырына тартты,
мақсаты орындалғанда өзі құрған империяның қуаты қандай боларын
пайымдатқысы келді. XIV ғасырдың соңында түркі мемлекетінің бір қиырында
ортаазиялық сәулет өнерінің таңдаулы ескерткішінің тұрғызылуында осындай
ішкі есеп бар болатын.
Зафарнама кітабында кесенің іргетасы һижраның 799 жылының (1397)
күзінде қаланғаны айтылады. Осы тұста Самарқан түбінде Әмірдің жаңа
қалыңдығы, Моғолстан әміршісі Қызыр Қожаханның қызы Түкел ханымға арналған
Ділхошы бағының жұмыстары енді біткен еді. Темір қалыңдығын қарсы алуға
өзі шығады. Әмір Темір жасағы Шыназ маңындағы Ахангеранда қыстап шығу үшін
шатыр тігеді. Қалыңдығының келуін күтіп жатқан Әмір Темір қыркүйек айында
Йасы қаласына зияратқа аттанады. Қожа Ахмет мазарына тәуаптан соң Әмір
мазар басындағыларға сый-сияпаттар үлестіріп Ахангеранға қайтады. Мұнда
Түкел ханымның көші жетіп қалғанын естиді. Кейіннен жорықта күн-түн қатқан
Әмір Темірдің Йасыға қайтып жолы түспеді. 1405 жылы Сырдың оң жағалауына
қайта келгенімен ақпан айында Қожа Ахмет мазарынан 50 километр
Оңтүстігіндегі Отырар қаласында кенеттен қайтыс болды.
Зафарнама мәтінінен Әмір Темір Йасы қаласына келген кезінде түркі
шайқысының басына жаңа кесене салуға пәрмен бергенін аңғаруға болады.
Әмірші бұйрығында жалпы жоспары, құрылыстың келемі, тіпті кейбір әшекей
өрнектері, ішкі салтанаты көздестірілген еді. Бас күмбездің диаметрі қырық
бір кезге теңесіп, ғимараттың қалған көлемі осыған үйлестірілді. Қас
бетінде зәулім екі мұнара тұрғызу көздестірілді. Мұнан кейінгі үлкен
күмбезі бар төрт бұрышты бөлменің ұзындығы отыз кезден, ал қақ ортасындағы
әуізі жеті металдың қоспасынан құйылмақшы еді. Оған жалғас орналасқан он
екі кез бөлменің күмбезі әуелгіден кішірек һәм мұнда Тәбірізден әкелінген
мәрмәр сом тасымен қапталған Қожа Ахметтің қабірі орналасқан. Қабірхананың
оң жағындағы, сол жағындағы жиын ететін бөлмелердің көлемі 16,5 кез х 13,5
кез. Мұнан басқа зияратқа келушілерге арналған құжыралар, қосымша белмелер
салынды. Сол дәуірдегі сәулет өнер талғамына сай өрнектермен күмбездері,
қабырғалары әшекейленді. Мұнша жұмысты жүзеге асыру міндеті мәулана
Үбайділла Садырға жүктелді.
Кесененің әр жеріне түскен жазулардан ғимараттың құрылысына қатысушы
парсы шеберлерінің аты түстей аламыз. Әшекей өрнектерін шираздық Қажы Хасан
салған. Оның аты мен жұмыс датасы - һижраның 800 жылы теріскей фасадтың
ішкі жағына көгілдір кірпіштермен өріліп жазылған. Қабірхана төбесіндегі
кіші күмбезде екінші шираздық Шәмс Әбді-әл-Уахабтың есімі сақталған, бұл
шебер кесенені түгел тұрғызбаса да, қабірхананы өз қолымен қалап шыққанға
ұқсайды. Исфаьандық Из-ад-Дин ибн Тәж-ад-Дин қос есіктегі қоладан құйылған
тұтқаларды, шырақ қойылатын қола тұғырларды күміспен әшекейлеп шыққан.
Тайқазанды тәбіріздік Әбді-әл-Әзіз ибн Сәруар-ад-Дин құйған екен.
Жоғарыда аталғандар аты беймәлім шеберлермен һәм қйсапсыз жұмысшылармен
тізе қосып істеген күннің өзінде де мұншалық алып ғимаратты мәулана
Үбайділла Садырдың басшылығымен екі жылда (тіпті бір жылда деп те жазылады)
бітіріп шыққанына күмәндімін. Қас бетінің ойластырғандай бітпей қалуының
өзі мұның дәлелі. Ішкі есіктердің бірінің тұтқасына һижраның 797
(13941395) Жылы деп жазылғанына қарағанда кесене құрылысы 1397жылдың
күзінен бұрын басталған. Шамасы Темір ғимарат құрылысы әбден қызған кезде
келсе керек. Қалай десек те шырақ қойылатын алты тұғырды өз көзімен көріп
қайтқан, олар Әмірші бұйрығымен 1397 жылдың 17-маусымында құйылып біткені
жазылған.
Жергілікті халықтың айтуымен кейінірек жазылып алынған аңызда Алтын
Орданың ханы һәм Темірдің айтулы бақталасы Тоқтамыстың Түркістанға шабуыл
жасап Қожа Ахмет мазарына жиналған садақаларды, шайқы әулетінің құнды мал-
мүлкін ала кеткені айтылады. Әулиенің басына ойран салғанын кек тұтқан
Темір Тоқтамысты жер қаптырып, әкеткен дүние-қазынасын кері қайтарады.
Түсінде көрген аянына орай татарлардан алынған мол олжаның қомақты бөлігі
жаңа кесене мен медіресе салуға бөлінеді. Әмірдің кенеттен дүниеден озуымен
кесене құрылысы толық бітпей қалып, медіресе мүлде қолға алынбады.
Аңызда осылай делінген. Тарихтан Тоқтамыстың 1389 жылдан бастап Орта
Азияға әлденеше рет басып кіргені белгілі. Темір екеуі талай қан майданда
бас түйісіп, 1395 жылғы шайқаста татар ханы жер сүзе құлады. Сол жылы Алтын
Орданың астанасы - Сарай қаласы отқа оранып, Темір мол олжаға белшесіңен
батты.
Қалай болғанда да Қожа Ахмет кесенесін салдырған әмірші оның
келешектегі күнкөрісін" қоса қарастырғанға ұқсайды. Әмір Темір қалдырған
уақыпнамеде Йасы "қаласының төңірегіндегі суармалы жерлер мен арықтардан
түскен түсімді осында беріп тұру жазылған.
Мұрагерлік хұқына Қожа Ахмет әулетінен Мір Әлі Қожа шайқы уақып заттарына
иелік жасауға лайықты жан ретінде алғашқы мүтәуәлі болып тағайындалады. Ол
барша түсімнің оннан бірін алуға хұқылы. Әмірші үшін намазға шақыру һәм
хатибке қатысты міндеттердің барлығы һәзіреті Дәруіш Әліге жүктеліп, бұл
лауазымды иелену хұқы оның ұрпағына берілді. Мазарға қызмет қылатын олардан
басқа екі қары, су тасушы, сыпырушы және екі бағбан белгіленді. Қарылар,
зікір салушылар, кедей-кепшік пен жетім-жесірлерге, кезбелерге күлше
пісіріліп, жетісіне екі рет бидай мен еттен халим асын дайындауға рұқсат
берілді.
Азық-түлік пен отын-судың жылдық қажеттігі қатаң ескерілді. Жоғарыда
аталған мешіт қызметшілеріне, басқа да мұқтаждыққа төлеуден артылатын
ақшаны кесенені жөндеуге жұмсалатын болып келісілді һәм мұны бұлжытпай
қатаң орындау талап етілді.
Кімде-кім бұл шартты бұрмалайтын болса, ол Алла тағаланың, еріштелердің,
барша жұрттың кәріне ұшырасын. Мұндай жан Жаббар иемнің мәңгіазабынадушар
болсын.
Әзірет Сұлтан мешіті бұдан 463 жыл бұрын салынған. Көркем шығарманың
әсемдік заңының бүткіл үйлесімділік талаптарына жауап беретін адам қолымен
жасалған бұл ғажайып сол замандағы шеберлердің кәсіби деңгейінің жоғары
болғандығын айғақтайды. Мешіт қаланың сыртында орналасқан, оның балшық
дуалдармен қоршалған ауласының бұрыш-бұрыштарына күйдірілген қыш
кірпіштермен сомдалған қамалдар тұрғызылған. Қамалдарды қарулы жасақ
күзетеді. Аула екіге бөлінген: оның бір жартысында аралары тас ,
қабырғалармен бөлінген бас гауптвахта мен интендант чиновнигінің пәтері
(бұл араға орыстар келгенге дейін оны Түркістан әкімінің отбасы
мекендепті), ал екінші бөлігінде Әзірет Сұлтанның мешіті қоныс тепкен.
Алдынан қарағанда көзге әуелі мешіттің асқақтаған қос мұнарасы шалынады,
оның біріне іштегі айналма баспалдақтар арқылы әр жұма сайын діндарларды
намазға шақыратын азаншы көтеріледі. Екі мұнараны мешіттің хас беті болып
табылатын тас қабырға жалғастырып тұр, онда сырттан кіретін есік
орналасқан. Мешіттің үстінде екі күмбез бар. Алдыңғы қабырғаның үстінде осы
кезге дейін бірнеше көлденең тақтайлар сақталып қалыпты, шамасы олар
мешітті салу кезінде көпір ретінде пайдаланылса керек.
Әзірет Сұлтан мешіті іштей үш бөлікке бөлінген: бірінші бөлік күмбездің
астындағы биіктігі 16 сажын үлкен залдан тұрады. Оның оңы мен солында
қабірлер орналасқан төрт-төрттен бөлмесі бар. Кіреберістегі сол жақтағы
есік мешіттің екінші бөлігі болып саналатын Жұма намаз оқылатын көк бөлмеге
бастап апарады. Ортадағы тағы бір үлкен бөлмеде Әзірет пен оның отбасы
мүшелерінің қабірлері орналасқан, ал оның оң қапталындағы ала көлеңке ұзын
дәлізді қуалай. басқа да.қабірлер қоныс тепкен. Осы дәліз арқылы тағы бір
сопақшалау, көк бөлмеге шығуға болады, онда құдық бар.
Әзірет Сұлтан мешітінің ауласындағы арнаулы орында сырты жұқа қыш
кірпіштермен өрнектелген күмбезді шағын дөңгелек ғимарат орналасқан. Ақсақ
Темір мұнда өзінің шөбересінің (2) қабірін көшіріп әкеп жерлемекші болыпты,
алайда өзі қайтыс болып кеткендіктен, оңың бұл ойы жүзеге аспай қалыпты.
Мешіт жақсылап күйдірілген қыш кірпіштерден тұрғызылған; қабырғалары бір-
бірімен ағаш бөренелерімен жалғастырылған; есіктерінің бәрі - ағаш;
күмбездің астындағы үлкен бөлменің тебесі алебастрмен сыланған; мешіттің
және күмбездің іші жұқа қыш кірпіштермен өрнектелген; көкшіл бояумен
безендірілген мешіттің ішкі терезе және қабырға ернеулеріндегі уақыт өте
ескіріп, көмескілене бастаған, әдемі, ірі араб қаріптерімен өрнектелген
жазулардан құран үзінділері мен оның соңынан берілген мынандай сөздерді
оқуға болады:
1. Бұны жасаған Шираз шәһарының тұрғыны Құсайын қожа. (3)
Әзірет Сұлтан мешіті Әмір Темірдің бұйрығына сәйкес 806 жылы (мұсылман
жыл санауы бойынша), ал жаңа жыл санауы бойынша 1404 жылы тұрғызылған.
Аңыз бойынша бұл құрылыстың салынуына мынандай жағдай себеп болыпты.
Қаһарлы жаулап алушының немересі Ұлықбек мырзаның (4) кішкентай қызы, Ақсақ
Темірдің сүйікті шөбересі Рәбиға-Бегім кенеттен дүние салады. Әмірші оны
мәңгі есте қалдыру үшін шөбересін әулиенің жанына жерлейді де, олардың
қабірлерінің үстінен мешіт тұрғызуға жарлық береді. Сол үшін әр аймақтың ең
шебер ұсталары шақырылып, олар мешітті тұрғызу үшін бірнеше жыл тер тегеді.
Мешіт Темірдің (5) қазасымен тұспа-тұс мезгілде бітеді.
Мешіттің ішіндегі жоғарыда біз айтып өткен сегіз бөлмеде мешіт
қызметшілері мен әр жерден осында оқуға келген шәкірттер тұрады. Кейіннен
мұнда осы өлкенің атақты кісілері жерленетін болған. Айталық, осында
Түркістандық бүткіл ислам әл-шайықтар (б), сейіттер (7), Түркістанның
бұрынғы-соңғы барлық әкімдері мен Қоңыраттың (8) билері жерленген.
Рәбиға-Бегімнің мүрдесінен басқа мұнда Орта жүз бен Кіші жүздің кейбір
сұлтандарының да қабірі бар. Айталық атақты Абылай хан (9) мен Түркістанды
билеген Әбілқайырдың (10) күллі ата-бабалары мен Баба-Самуд-Жолбарыс ата
деп аталатын белгісіз елдің ханзадасының сүйектері де осында. Бұл
қабірлердің кейбіреулерінің басына ескерткіш қойылған, ал қалғандарының
басындағы әртүрлі пішімдегі мәрмәр тақталарға тамаша араб қаріптерімен
олардың аты-жөндері ойып жазылған, бірақ онда олардың қай жылы қайтыс
болғандығы көрсетілмеген.
Әзірет Сұлтан мешітінің бірінші бөлмесінің қабырғалары араб және парсы
тіліндегі әртүрлі жазулармен өрнектелген. Кейбір тұстарда қабырғаға қағазға
жазылған жазулар желімденген. Оларға Құраннан алынған үзінділер, діни
мазмұндағы жырлар немесе мұсылман әулие-әнбиелерінің аты-жөндері жазылған.
Орта Азия мен Анадолы Түркия туріктерінің діні мен сопылық өмірінде
ерекше орын тепкен, "Пір-і Түркістан" деген атакқа ие болған Ахмет Яссауи,
XI-ші ғасырдың соңында Батыс Түркістанның Сайрам қалашығында дүниеге келді.
Сайрам түрік тарихында есімі танымал Шахиар өзеніне құятын Қарасудын
жағасындағы шағын қалашық болатын. Бұл қала ислам өлкесінің құрамындағы
Шымкент каласына 15 км.Түркістан каласын 157 км.қашықтықта орналасқан.
Махмуд Қашғаридің айтуы бойынша "Сайрам" түрікше сөз. Диуани Лұғат ат-
Турікте Сайрам сөзі, "Сайрамда болу". "жақын жерде болу", "судың таралуы",
"судың азаюы" деген мағыналарға келеді деп жазылған. Тағы бір жерде осы сөз
"Сайрам суы" делінген.
Сайрам қаласы туралы әл-Мақсиди кеңінен мәлімет беріп, өз заманындағы
осы қаланы былай суреттейді: "Исфиджаб үлкен сауда орталығы мамур, ол
әсіресе киім саудасымен танымал. Бұл қалада төрт есікті мешіт орналасқан
және мешіттің әр есігінің алдында қонақ жай шатырлары бар. Сонымен қатар
есіктерге Нүжакент, Фаррухан, Шакирхана және Бұхара деген жазулар жазылған.
Ал сол есік алдында орнатылған шатырларды нахашабтықтар, бухаралыктар,
самарқандықтар және қара текінділер деп атайды. Осы шатырларды әр күн жарлы-
жықыбайларға айран мен нан және 7 000 теңгелік базар түсімі таратылады.
Тағы бір ескі жазбада 1 700-дей қонақ жай шатырлары бар делінген.
Сайрам каласы өзінің жеміс ағаштарымен танымал, мұнда мәуе ағаштарының
түрлі-түрлісі өсіріледі. Ал халқы көп ұлттан құралып, аралас орналасқан.
Сайрам халқының жүректері көңілдері қатты, мәзһабтарына берік болып,
оларда жамандық, жақсылық бірдей кездесіп отырады".
Ежелгі Ғұндар заманында Сайрам қаласы туралы мәліметтер кездеспейлі. Ал
Көктүріктер заманында атақты қалалардың арасынан Сайрам каласының аты
кездеседі. Мәселен Тунг Янгу 610-620 аралығында билік құрған билік
жүргізген кезеңде Түріктердің бас қаласы Талас Әулие ата пен Сайрам
қаласы арасындағы Мың бұлақ делінген.
Ислам дінінің Мәуреннәһрге таралып, жоғарылай Сайрам қаласына дейін
таралып жатқан кезеңде халифалық һарұн ар-Рашид халифаның қолында еді.
Һарун ар-Рашид халифаның билік құрған тұсында жазылған "Низаму-
л-Мүлкте" Сайрам қаласы туралы :"Сайрамда Исфиджаб бір
конақжай салынып, ол қаланың сауда саттығының дамуына алып келді" делінген.
Нұх бин Әсәд уақытында Сайрам қаласында егіншілік жақсы дамыды және бұл
қала Нұхтың бұйрығымен дуалдармен қоршала бастады. ХІ-ші ғасырдың алғашқы
жартысында Сайрам қаласы қарахандықтардың қол астында болып. Иыған Тегін
Сүлеймен Бұғра хан Талас немесс Сайрамда туылған. Сайрам қаласы алдымен
қарахандыктардың кол астында болып, кейін Хорезмшах, одан кейін
Шыңғысханның қарамағына өтті.
Кейбір әдебиетгерде Ахмет Яссауидің туылған жерін Яссы казіргі
Түркістан қаласы деп жазған. Бұған Диуани Хикметтен мына өлең шумағын
дәлел ретінде келтіреді:

Нелер келсе көрмек керек ол Құдайдан Юсуфын айырдылар ол
Кенандан

Туған жерім ол мүбарак Түркістаннан Бағырыға ташлар ұрып
келдим мене
(хик. ХҮІ. II. 31 бет Анкара-1995)
Бұл өлең шумағында баяндалған Түркістан, бүгін Түркістан қаласы емес.
Яссауи өмір сүрген заманда "Түркістан" деп Яссыны да Сайрамды да қамтитын
кең өлкенің атауы болып, Түріктердің көп шоғырланған жердің аты болған.
Түркістан түрік тарихы мен әдебиеттерінде Орға Азияның оңтүстігі, Гурган
өзені, Хорасан таулары мен Хинд таулары, ал шығысы Орал тауларымен
шектесетін кең алқаптың аты болған. Міне осы кең байтақ алқапта түрік халқы
мекендейтін. Бірақ осы аталмыш өңірді заман өте келе Түркістан деп атамай,
бұл тек Яссы қаласының жаңа атына айналды. Бұл қаланың "Түркістан" деп
аталуына Ахмет Яссауидің рөлі орасан зор.
Түркістан қаласы Казақ хандығының астанасы болған қала. Мұнда хандар
А.Яссауидің ғимаратындағы "Ақсарайда" мәжілістер өткізетін болған және
Әзірет Сұлтанның қабірінің алдында әділетпен үкім жүргізуге тырысқан.
Бұл қала Х-шы ғасырда "Шәуғар" деп аталса, А. Яссауидің өмір сүрген
тұсында "Яссы" деп атала бастады. Міне, Ахмет те осы қаланың тұрғыны
екендігін білдіру үшін, "Яссауи" деген есімді қосып алды. Осы заманнан
бастап Яссауидің жеке тұлғасымен бірге Яссы қаласының атағы да шар тарапқа
кеңінен мәлім болды.
Түрік аңызында Оғыз хананың ордасы болған Яссы қаласында Арыстан баб
есімді мәшһүр түрік шейхы құрған сопылық жол бар болатын. Ал жас Ахмет,
Яссы қаласында Арыстан бабқа қол беріп, заһири сыртқы, батыни ішкі
ілімді одан уйрене отырып, Хорасан ерлерінің ашқан рухани бұлағымен
сусындайды.
Диуани Хикметте Ахмет Яссауи, Арыіганбабка 7 жасынан бастап, сабақ ала
бастағанын былай баяндайды:
Жеті жаста Арыстанбабқа бердім сәлем
Хақ Мұстафа аманатын қылып ын'ам.
Сол уақытта мың бір зікір қылдым тамам
Нәпсім өлім лә меканға аштым міне.
Яссы қаласында сауатын ашқан Ахмет Яссауи, өзінің жас болғанына
қарамастан, ерекше парасаттылығымен, өмір сүрген ортасында, дәруіштер
мәжілісінде бірден назарға ілікті. Өйткені Ахмет Яссауи кішкентай күнінен-
ақ ішкі әлемнің тұнғиығында, соңсыз ақиқаттың сырларына жетудің жолдарын
қарастыратын. Сонымен ол ішкі әлемнің құндылықтарынан хабардар болуы үшін
бір мүршид іздеп жүрген болатын. Мевлана Жалаладдин Румидің ол 12071273
дегеніндей. "Адам үлкен бір болмыс. Оның ішінде көптеген нәрселер жазулы.
Бірақ, караңғылық пен перделерді ашпасаң, адам ішіндегі сол жазуды оқи
алмайды. Қарзір қара! Адам сол қараңғылықпен- перделерді ашса нені
үйренбейді, нені білмейді дейсің".
Ақыл мен даналыққа суйенген білім жақсылықты, абзалдықты, әдепті,
қорқынышты, сабырды, шүкірді, инабаттылықты, ұятты, жомарттықты, біреуді
айптамауды, сұхбатты, суйіспеншілікті сүйеді. Сыр сақтауды, ықылас мақамына
жетуді Ахмет Яссауи Арыстанбабтың Иршад мақамынан үйренді. Ал, бұл мақам
ислами бір ақыл, білім жолы болып табылады, ал тасаввуф адамның мендігін
таптап, тасжүрек, кек және жамандықпен безенген мінезден суйіспеншілікке,
рахымдылыққа өсем-мінезге алып барады.
Көңілін білім, ирфан және ақиқатпен безендіргісі қелген Ахмет Яссауи
білім мен хикмет жолында сатылап жоғарылау үшін Яссыдан шығып Мәуреннәһрдің
атақты түрік ислам орталығы болған Бұхара қаласына жолға шығады. Бұл
білім орталығына Түркістанның түпкір- түпкірінен мыңдаған
шәкірттер ағылатын. Ахмет Яссауи Бұхараға шамамен 27 жасында ол сол
заманның ең мәшһүр яғни танымал ғалым, мутасаввуфтарының бірі Шайх Юсуф
Хамаданиге (10481049 - 1140) шәкірт болды. Атақты шейх, шәкірт назарын
дінге аударып, онымен бірге көптеген білім орталыктарын аралап, одан білім
мен тәрбие алды. Юсуф Хамадани 1140 жылы қайтыс болғаннан кейін, оның
орнына Абдуллаһ Берки (ө. 555 1160-1161) ол өлгеннен соң, орнына Шейх
Хасан Андаки, онын қайтыс болуына байланысты иршад мақамына Қожа Ахмет
Яссауи тағайындалады. Біршама уақыт өткеннен кейін Ахмет Яссауи Юсуф
Хамаданидің білдірген нұсқауымен иршад мақамына (жол көрсету) Абдуллаһ
Ғиждуаниді қойып, өзі Яссыға оралады. Сонымен ол Яссыда өмірінің соңына
дейін иршадтық (жол керсетуші) міндетін атқарды. Ол көрген, оқыған
білімдерін тек Түркістанға ғана емес, бүкіл туркі дүниесіне таза түркі
тілінде үйретті.
Қ.А.Яссауидің Яссы қаласында қанша жыл өмір сүріп, кашан қайтыс болғаны
белгісіз. Аңыздарда 126 жыл өмір сүрді дегенімен түрлі аударма кітаптарында
оның өлген жылын 5621166-1167 жылдары деп көрсеткен. Ахмет Яссауидің
Гауһар Шахназ және Гауһар Хошназ атты екі қызы дүниеге келіп, оның ұрпағы
қызы Гауһар Шахназдан тарайтындығы айтылуда.
Ахмет Яссауидің Яссыға оралысымен-ақ атақ абыройы тез арада таралды.
Маңайына мыңдаған мүрид-шәкірттер топтанды. Енді Яссы қаласы Ахмет
Яссауидің ашқан рухани дүниенің орталығына айналды. Бұл қала ислам
дуниесінде Пір-і Түркістан яғни Түркістанның жол көрсетушісі деп еске
алатын жағдайға келді. Кейін Яссы қаласы "Пір-і Түркістан" қаласы деп
аталып, осыған байланысты Түркістан есімі Яссының қосымша атына айналды.
Бүгінде тарихтағы ұлы Түркістан есімі ұмытылып бара жатқанымен Яссы қаласы
"Түркістан" деп аталды.
Ахмет Яссауи негізін қалаған түрік тасаввуф әдебиеті және бұған сүйеніп
құрылған "Яссауилік тариқаты" пайда болысымен-ақ үлкен бір муридтер
шынжырына айналды. Аңыздарда Ахмет Яссауидің маңайына 99 мың мүрид
жиналғанын хабарлайды. Ахмет Яссауи өзі өмір сүрген дәуірде мыңдаған
шәкірттерді жетілдіріп, түрік әлемінің түпкір-түпкіріне шәкірттерін
жөнелтіп, Каспий теңізінен Қытай, Моңғол шегарасына дейін, сонан кейін
Анадолыға дейін созылған түрік тайпаларына түрік ислам пікірін таратты.
Осындай орасан зор жұмыстарды атқарғанда ол ешкімнен садақа алмай, ешкімге
жүк болмады. Дүниеуи қажеттіліктерін өз қол еңбегімен тапты. Ол тақтайдан
қасық, ожау істеп, өзінің кем-кетігін түзеді. Тіпті ол шәкірттерінің тарту
сыйлықтарын да алмай, сыйлық алған шейхтардың қарындарын отпен толтырғанын
суреттеді.
Түріктер Ахмет Яссауиге ерекше назар аударып, сондай қатты құрметтейді.
Бұл құрмет белгісі ретінде, түрік дүииесінде "Мединеде Мұхаммед,
Туркістанда Кожа Ахмет" сөзі халық арасында ауқымды түрде айтылып жүр.

1.2 Қожа Ахмет Ясауидің көркемдік ерекшелігі
Түркістан қаласы қазақ хандығының ең бірінші астанасы. Қаланың көне
атауы – Яссы. Яссы Ұлы Жібек Жолының сауда орталығы және округі болған. ХІІ
ғасырда әсіресе Қ.А.Яссауи көшіп келген соң ерекше атаққа ие болған.
Түркістанға 1500 жыл. Яссауи – ортағасырлардың ерекше сәулеті болып
табылады. Керемет орналасуы және әдемі мозаика суреттермен апталған қоршау.
1500 жыл ішінде Түркістан атақты шейх – көріпкел ақын Хазрет – сұлтан
аталған Қожа Ахмет Яссауи арқасында әлемге әйгілі болған. Ол кезде қала
атауы Яссы болатын. ХІV ғасыр аяғында Түркістан Ұлы Әмір Темір арқасында
Қожа Ахмет Яассауи кесенесі салынған соң атақты болды.
Мұсылман әлемінде Қода Ахмет Яссауи кесенесі екінші Мекке болып
саналады. Оңтүстік Қазақстандағы 802 ескерткіштер ішінде : 528 археология
ескерткіштері; 42 тарихи ескерткіштері; 226 – сәулет ескерткіштері болып
есептеледі. Ең қызық археологиялық ескерткіштер ІХ – ХІІ ғасырлардағы
қараханидтер кезіне жатады. Бұл кезен Ұлы Жібек Жолы өркендеп келе жатқан
кездегі әйгілі Отырар қаласы, яғни археологиялық қазбалар арқасында ол
тарихи – мәдени қорық болып, Отырар жазирасына айналып, атақты туристік
объектіге айналды.
Сонымен қатар бұл жерде керемет тарихи мұражай моңғолдар шапқыншылығынан
зардап шеккен объекттер де бар. ХІІ – ХХ ғасырға жататын ескерткіш Арыстан
Баб атақты киелі көріпкелге арналған.
Бірақ одан көлемді ескерткіш 2000 жылы 1500 жылдығын тойлаған Түркістан
қаласындағы сәулет болып саналады. Әмір Темір бұйрығы бойынша атақты Қожа
Ахмет Яссауи мазары үстіне кесене орнатылды. Көптеген тарихи кезеңдерді
бастан кешкен бұл кесене биіктіг 40 метр.
Орталық залы – Қазақ хандар резиденциясы сақталған, спецификалық
мұражай – пантеон ашылды. Мұражай маржаны болып мұсылман елдері ішіндегі ең
үлкен уға арналған –Тай Қазан бар. Ол 7 металл қоспасынан жасалған. Тарихи
ескерткішке тағы да қорық болып саналған Ордабасы қорығы жатады. Бұл жерде
Шымкенттен 30 км қашықтықта XVII ғасыр басында Қазақтар бірігіп, батыстағы
моңғолдарға, яғни жоңғарларға қарсы шығып, Орда құрған еді.
Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет ретінде 1994 жылы
Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұраны қорғау Конвенциясына қосылды. 1998
жылы Министрлік ЮНЕСКО бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық комиссиясы
арналары бойынша бекітілген ережелер негізінде ЮНЕСКО Дүниежүзі Мұралары
Орталығының қарауына 10 ұлттық мұра ескерткіштері туралы құжаттар ұсынды.
Олар: Қожа Ахмет Яссауи архитектуралық кешені және Яссы-Түркістан
қаласы, Тамғалы петроглифтары және археологиялық кешені, түріктердің
қасиетті жері Мерке, Бегазы-Дандыбаев мәдени мегалитикалық ескерткіші,
Тасмола мәдениетінің тас қорғандары, Ешкі-Өлмес петроглифтары, Арпа-өзен
петроглифтары, Қаратау палеолитикалық және геоморфологикалық кешені,
Отыррар ескетркіштері, Ұлытау тарихи-мәдени ландшафттары.
2003 жылғы 5 маусым мен 30 шілде аралығында Парижде өткен 27 сессияда
Дұниежүзі мұралары Комитеті бір ауыздан ЮНЕСКО Дүниежүзі мұралары тізіміне
Қожа Ахмет Яссауи кесенесін енгізу туралы шешім қабылдады.
Әйгілі қолбасшы Ақсақ Темір дәуірінде бой көтерген мәдени ескерткіш
Дүниежүзі тарихи және мәдени ескерткіштері (Тадж Махал кесенесі, Ұлы Қытай
қорғаны) қатарынан орын алды.
2004 жылы шілде айының аяғында Қытайда Дүниежүзі мұралары Комитетінің
кезекті кеңесі өтті, Комитет шешімімен Тамғалы кешені ЮНЕСКО Дүниежүзі
мұралары тізіміне енгізілді.
Қазіргі кезде Ежелгі Отырар қалашығы бойынша менеджмент-жоспар
дайындалып дайындалып жатыр. Мәдени мұралар мемлекеттік бағдарламасы
шеңберінде 2005 жылы осы мақсаттарға республикалық бюджеттен 8,0 млн. тенге
бөлінді.
Күн тәртібі бойынша келесі кезекте Орта Азияның табиғи-аралас
құндылықтарының тізімін алдын ала дайындау және ұсыну тұр. Оның ішінде
Қазақстанның құндылықтарын Дүниежүзі мұраларының тізіміне қосу.
Осыған байланысты Мемлекеттік бағдарлама іс-шаралар жоспарына сәйкес
ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне қосылған мәдени және аралас мұралар аймағын
қорғау, шекараларын айқындау бойынша 2004 жылы басталған жұмыс
жалғастырылады. Министрліктің ғылыми-зерттеу мекемелері объектілерді қорғау
картасын әзірледі, төлқұжат мәтіндерін дайындау бойынша жұмыстар
жүргізілуде.
Сонымен қатар ЮНЕСКО-ның алдын ала тізімінде тұрған Дүниежүзі
мұраларының әлеуеттік объектілерінің дерек базасын құру бойынша жұмыс
жүргізілуде. Деректер базасына енгізілетін материалдар түрлеріне іріктеу
жүргізілді, деректер базасы мен сұраныс тізімінің құрылымы дайындалды,
деректер базасын құру бағдарламасын құруға техникалық тапсырма дайындалуда.
Әзірет-Сұлтан Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы ММ
“Әзірет Сұлтан” мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейі туралы мағлұмат
Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласындағы “Әзірет Сұлтан” мемлекеттік
тарихи-мәдени қорық музейі 1978 жылдың 30 қыркүйегінде Қазақ ССР министрлер
Кеңесінің қаулысы бойынша Қожа Ахмет кесенесі негізінде “Республикалық
Ахмет Ясауи сәулет кешені музейі” болып ашылып 1989 жылдың 28 тамызындағы
Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің №265 қаулысы бойынша “Әзірет Сұлтан”
мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейі болып қайта құрылды.
Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайы Оңтүстік
Қазақстан облысы Түркістан қаласында орналасқан.
2003 жылдың шілде айында Париж қаласында өткен ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік
мәдени және табиғи мұрасы комитетінің 27 сессиясында Қожа Ахмет Иассауи
кесенесі Бүкіләлемдік Мәдени мұра Тізіміне енді. Осы мекеменің бастауыменен
республикалық ғылыми конференциялар, семинарлар ұйымдастырылуда. Түркістан
қаласында Мәдени мұра Мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысы және
тарихи-мәдени мұра саласындағы Қазақстан Республикасының Заңнамасын
жетілдірудің өзекті мәселелері атты Республикалық семинар болып өтті.
Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайының қорғау
аймағының көлемі 496,4 га құрайды. Қорық аймағында Қожа Ахмет Яссауи
кесенесін қоса есептегенде 101 ортағасырлық тарихи-рухани есекерткіштер
есепке тіркелді. Соның ішінде 62 археологиялық, 25 ортағасырлық тарихи-
мәдени, 14 ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басында салынған архитектуралық сәулет
ескерткіштері кіреді. Қорық-мұражайдың ірі тарихи есекерткіштерінің
қатарында Шығыс моншасы (XVI ғ.) мен Есім хан кесенесі (XVII ғ.), Рабия
Сұлтан Бегім кесенесі, Гауһар ана бейіті (ХІІ ғ.) Әлқожа ата кесенесі (ХІІ
ғ.) және т.б. бар. Музей қорының есебінде 13804 экспонат бар. Экспонаттар
негізгі 8 Қожа Ахмет Яссауи музейі, ХІХ ғ. Мешіт музейі, Қылует жерасты
мешіті-музейі, Шығыс моншасы, Рабия сұлтан бегім кесенесі, Ескі көше,
Түркістан тарихы, Археология және этнография музейлерінің тақырыптық
экспозицияларында көрсетілген. Музей қорынан жыл көлемінде Қол өнер
туындылары тақырыбында 2 көрме өткізілді. Қожа Ахмет Яссауи кесенесіндегі
Үлкен Ақсарай бөлмесіне Түркістан - қазақ хандығының астанасы- атты
тақырыптық экспозициялық жоспар дайындалды.
Қылует жер асты мұражайында Ислам діни тарихы - атты тақырыптық –
экспозициялық жоспар жасалуда
Қазақстан жерінде орта ғасырдан сақталған керемет сәулет өнерінің
туындысы түркі халықтарының рухани пірі Қожа Ахмет Ясауи әулие кесенесін
музейлендіруде қазақ халқының біртуар ұлы, көрнекті мемлекет және қоғам
қайраткері, этнограф ғалым Өзбекәлі Жәнібектовтың еңбегі ерекше. Қожа Ахмет
Ясауи кесенесі Қазақстандағы бүкіләлемдік мұралар тізіміне (ЮНЕСКО) алынған
тарихи ескерткіш (2003 жыл, маусым айы).
Қорық музейі Түркістан қаласында көне Жібек Жолы бойында қазіргі Шымкент-
Қызылорда автожолының бойында Тәуке хан даңғылы мен алматы алаңының
қиылысында орналасқан. Қорық музейдің құрамында 100-ден астам тарихи-мәдени
және археологиялық ескерткіш бар. Олардың жалпы қорғау аймағы 529,4
гектарды алып жатыр. Ал кесене орналасқан қаланың тарихи орталығының қорғау
аймағы 88,7 гектар. Осы аймақта орналасқан 8 тарихи ескерткіш
музейлендіріліп халыққа қызмет көрсетіп жатыр.Олар:

1. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі музейі. ХІҮ ғасыр. Экспозициялық алаңы
654.98 шаршы метр.
2. Қылует жер асты мешіті музейі. ХІІ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің сызбасы
Еліміздің мәдени мұрасы
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі
Оңтүстік Қазақстанның киелі жерлері мен әулие адамдары
Арыстан баб кесенесі сәулет өнері ескерткіші
АСАН ҚАЙҒЫ - ДАЛА ДАНЫШПАНЫ
Түркі пәлсапасы
Рәбия Сұлтан Бегiм кесенесi
Ортағасырдағы сәулет өнері
Түркістан қаласының шығу тарихы
Пәндер