Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары



Жоспар

Кіріспе

I. Кәсіпкерлік мәні және ұйымдастыру формалары
1.1.Кәсіпкерліктің экономикалық түсінігі
1.2. Кәсіпкерліктің ұйымдастыру формалары

II. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік жағдайы
2.1. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік жағдайы
2.2. Кәсіпкерлікті дамыту жолдары

Қорытынды
Кіріспе

Бұл жұмыста «Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары» жайында толық мәлімет баяндалады. Осы жұмыста негізінен кәсіпкерліктің мәні, кәсіпкерліктің экономикалық негізі, ұйымдастыру формалары және кәсіпкерліктің түрлері жайында терең мағлұмат беріледі.
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға көшуіне байланысты барлық өндіріс салаларында кәсіпкерлік негізгі ұйымдастырушы күшке айналды. Кәсіпкерлік іс тек қана өндірісте емес, сонымен бірге коммерциялық ақпарат салаларында болмасын дамып, пайда табу үшін қызмет етеді. Бұл жұмысымдағы алып отырған негізгі мәселелердің бірі болып кәсіпкерлік саналады.
Кәсіпкер дегеніміз кім?, кәсіпкердің түрлері қандай? деген сұрақтарға дәл жауап табылады. Қазіргі кәсіпкерлерді қолдау, кәсіпкерлерге кең көмек көрсету үшін елімізде көптеген жағдайлар жасалуда. Соның бір дәлелі кәсіпкерлікке бөлінетін несиенің ауқымының кеңеюімен кәсіпкерлердің санының артуында.
Кәсіпкерлік өз дамуында ауылшаруашылық, өнеркәсіп сияқты салаларды қамтып, олардың дамуына кең көлемде көмек көрсетуде. Егеменді еліміздің ары қарай дамып, нарықтық экономиканың шарықтау шегінің бірі – бұл кәсіпкерлік болып табылады.
Сондықтан, еліміздің болашағы жарқын және дәулетті де саналы елдердің қатарынан көріну үшін, кәсіпкерліктің кең қанат жайып өрістеуіне көптеген жағдайлар жасалуы қажет.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары
Жоспар

Кіріспе

I. Кәсіпкерлік мәні және ұйымдастыру формалары
1.1.Кәсіпкерліктің экономикалық түсінігі
1.2. Кәсіпкерліктің ұйымдастыру формалары

II. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік жағдайы
2.1. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік жағдайы
2.2. Кәсіпкерлікті дамыту жолдары

Қорытынды

Кіріспе

Бұл жұмыста Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары жайында
толық мәлімет баяндалады. Осы жұмыста негізінен кәсіпкерліктің мәні,
кәсіпкерліктің экономикалық негізі, ұйымдастыру формалары және
кәсіпкерліктің түрлері жайында терең мағлұмат беріледі.
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға көшуіне байланысты
барлық өндіріс салаларында кәсіпкерлік негізгі ұйымдастырушы күшке
айналды. Кәсіпкерлік іс тек қана өндірісте емес, сонымен бірге коммерциялық
ақпарат салаларында болмасын дамып, пайда табу үшін қызмет етеді. Бұл
жұмысымдағы алып отырған негізгі мәселелердің бірі болып кәсіпкерлік
саналады.
Кәсіпкер дегеніміз кім?, кәсіпкердің түрлері қандай? деген сұрақтарға
дәл жауап табылады. Қазіргі кәсіпкерлерді қолдау, кәсіпкерлерге кең көмек
көрсету үшін елімізде көптеген жағдайлар жасалуда. Соның бір дәлелі
кәсіпкерлікке бөлінетін несиенің ауқымының кеңеюімен кәсіпкерлердің санының
артуында.
Кәсіпкерлік өз дамуында ауылшаруашылық, өнеркәсіп сияқты салаларды
қамтып, олардың дамуына кең көлемде көмек көрсетуде. Егеменді еліміздің ары
қарай дамып, нарықтық экономиканың шарықтау шегінің бірі – бұл кәсіпкерлік
болып табылады.
Сондықтан, еліміздің болашағы жарқын және дәулетті де саналы елдердің
қатарынан көріну үшін, кәсіпкерліктің кең қанат жайып өрістеуіне көптеген
жағдайлар жасалуы қажет.

I бөлім. Кәсіпкерліктің мәні және ұйымдастыру формалары
1.1 Кәсіпкерліктің экономикалық түсінігі
Буржуазиялық экономикалық теорияда кәсіпкер ұғымы XVIII ғасырда
қолданыла бастады.
А.Смиттің ойы бойынша кәсіпкер сауда-саттық мақсатты жүзеге асыру және
пайда түсіру үшін экономикалық тәукелге баратын меншік иесі болып табылады.
Ол өндірісті өзі жоспарлайды, ұйымдастырады және соның нәтижесінде оған
иелік жасайды.
Ж.Б.Сэйдің анықтамасы бойынша, бұл өндіріс факторларының қиылысын
келтіріп ұштастыратын, экономикалық қызмет атқаратын адам.
Бүгінгі таңда кәсіпкер немесе өсімқор деп иелігіндегі қажетті құралдары
бар пайдалы жұмысты ұйымдастырушы адамды айтады. Бұлардың қатарына
жататындар: шағын кәсіпорындардың иелері, акционерлік қоғамның
басқарушылары, кооперативтің жетекшілері және шаруалық бірлестіктердің
менеджерлері.
Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлікті ұйымдастырудың үш шарты айтылып
жүр. Біріншіден, кәсіпкерлікпен айналысу дегеніміз – аталған субьектінің
шаруашылық әрекет түрін, оны жоспарлау, өнімді өткізуде және тағы басқа
таңдауда олардың жиынтық бостандығы мен құқығы болуы керек. Екіншіден,
кәсіпкерлікпен айналысатын адамдардың өндіріс құрал-жабдықтарына, өнімге
және табысқа иелік құқығы болуы маңызды шарт.
Үшіншіден, өзін-өзі басқару және шаруашылықты таңдауда бостандықты,
инвестициялауды нақты қамтамасыз ететін белгілі бір экономикалық орта және
қолайлы жағдай қажет. Толығырақ айтқанда, белгілі бір кәсіпкерлікпен
айналысу үшін – нарықтық бәсекелестік тәртіп бойынша, шаруашылық жүргізуге
қолайлы жағдай туғызу.
Кәсіпкер дегеніміз кім? – Бұл сұраққа жауап іздестіру барысында тікелей
жеке адамдардың еңбекке бейімділігі мен қабілеттілігін және олардың
өздерінің ой-пікірлерін жүзеге асырудағы әрекеттерін сипаттауға тура
келеді.
Осы орайда, кәсіпкер – қашанда өз бетінше шешім қабылдамайды, белсенді
жаңалыққа, оны тез жүзеге асыруға бейімділік танытады; нысаналы нәтижеге
жұмыс істейді; сыңарлы сынға және орынды мадаққа дайын; ашық, іскер адамдар
арасында өзін еркін сезінеді; өзіне және серіктестеріне қатаң талаппен
қарайды; адамдарды басқаруға, оларды әрдайым рухтандырып, іс-қимылдарын
үйлестіріп отыруға бейім, икемді адамдар болып келеді.
Кәсіпкердің нарықтық экономиканың басқа агенттерінен айырмашылығы -
өзінің экономикалық әрекетінің нәтижесінде пайда түсіре білетіндігі. Пайда
кәсіпкердің сұранысты қамтамасыз ету мақсатымен шығындалған қаржы мен баға
арасындағы айырмашылық.
Кәсіпкердің пайдасын меншік иелерінің табыстарынан ажырата білу қажет.
Акция бойынша, дивидент, депозиттерге процент, жер үшін алатын рента, бұлар
– меншік иесіне түсетін табыстар. Әлбетте, бұл табыстың көзі – акционерлік
компанияның басқару органдары, банк, арендаторлар өз қолына басқа біреудің
меншігін алып, жаңа өнімдер өндіріп, кредит беріп немесе жалға алған жерді
ауыл шаруашылық өнімдерін өндіріп, оны өткізуді ұйымдастыру барысында
нарықта белесенді қызмет атқара отырып түсірген пайда болып саналмайды.
Сонымен, меншік иесі – енжар, ал кәсіпкер – нарықтық байланыстарды
қалыптастыратын және дамытатын белсенді тұлға болып табылады.
Кәсіпкерлік қажеттілік немесе тапқырлық кәсіпкерлердің бірімен-бірі
байланысты төрт қызметтері арқылы сипатталады. Олар: а) кәсіпкер – жер,
капитал, еңбек ресурстарының біркелкі өндіріс және қызмет процесінде
ұштастыру үшін өз тарапынан ынташалық білдіре отырып, оларды өз қолына
алады; б) кәсіпкер – бизнесті ұйымдастыру және жүрізу процесінде
кәсіпорынның әрекеттік бағытын және оның тиімді жұмыс істеуін анықтайтын
негізгі шешімдер қабылдау үшін міндеттеме алады; в) кәсіпкер – жаңашыл
коммерциялық негізінде жаңа өнімдер, жаңа өндірістік технология
және тіпті бизнесті ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізуге ынтасы бар
адамдар; г) кәсіпкер – жоғарыда айтылған оның үш қызметін талдаудан шығатын
қорытынды: ол тәукелге бел буған адамдар. Кәсіпкер тек өзінің ісіне
жұмылдырылған қаржысымен тәуекелдікке бармайды. Сонымен бірге, ол өз
уақытымен, еңбегімен, тіпті өзінің іскерлік атағымен де тәукелге барады.
Кәсіпкер болу үшін капиталдың иесі болудың қажеті жоқ, оның басты
капиталы – ұшқыр қиял және тұтынушылардың психолгиясын сезіну. Нақ осылар
кәсіпкерге пайда түсіреді.

1.2. Кәсіпкерліктің ұйымдастыру формалары
Экономиканың негізінен екі фундаметалды ақиқат құрайды және олар
шын мәнінде экономиканың барлық проблемаларын қамтиды.
Бірінші ақиқат : қоғамның материалдық қажеттілігі шексіз немесе
тойымсыз.
Екінші ақиқат : экономикалық ресурстар дегеніміз не? Бұл – тауар
өндіруде қолданылатын барлық табиғат, адам және адамдардың өндірген құрал-
жабдықтар ресурстары.
Олар : фабрика, зауыт және ауыл шаруашылық құрылыстары, әртүрлі
жабдықтар, инструменттер, өндірістік тауарлар мен ауыл шаруашылық өнімдерін
өндіруге қолданылатын машиналар, әртүрлі транспорт, байланыс құралдары,
материалдық байлықты өндіруге қатынасатын алуан түрлі еңбектер, жер және
қазбалы байлықтар. Олар мынадай үлкен екі категорияға бөлінеді:
1. Материалдық ресурстар – жер оның табиғи байлығы және капитал;
2. Адамдар ресурсы – еңбек және кәсіпкерлікке қабілеттілік.
Қысқаша экономикалық ресурстардың мәніне тоқталайық.
1. Жер. Жер деген түсінікке барлық табиғи ресурстар жатады - өндірісте
қолданылатын барлық табиғи әншейін байлығы. Оған мынадай ресурстар
кіреді: жыртылған жер, жайылыстар, ормандар, минералдар мен мұнайдың кен
байлықтары, су ресурстары тағы басқа.
2. Капитал немесе инвестициялық ресурстар - барлық өндірілген өндіріс
құралдары, яғни инструменттер, машиналар, жаблықтар, фабрика – зауыттар,
қойма, транспорт құралдарының барлық түрлері және тауар өткізу торабы.
Құрал жабдықтарды өндіру және қорландыру процесін инвестициялау дейді.
Тауарлар екіге бөлінеді:
1. Инвестициялық тауарлар, олар тұтыну тауарларын өндіруді қамтамасыз
етеді;
2. Тұтыну тауарлары
қоғамның қажетін тікелей қанағаттандырады. Инвестициялық тауарға ақша
капиталы кірмейді. Ақша ештеңе өндірмейді, яғни экономикалық ресурсқа
жатпайды. Ақша – бұл финанс капиталы, яғни нақты капитал емес, жалған
капитал.
3. Еңбек – бұл кең мағыналы термин. Экономистер оны адамдардың тауар өндіру
және қызмет көрсетудегі күш, ақыл-ой қабілеттілігін бейнелейді.
4. Кәсіпкерлік қабілеттілік – адамдардың ерекше таланттылығы. Оны түсіну
үшін кәсіпкердің төрт функциясын түсіну керек.
1. Кәсіпкер барлық ресурстарды : жер, капитал және еңбекті өнім өндіру
процесіне қосу ынтасын өз жауапкершілігіне алады, яғни өндірістің қозғаушы
күші, себебі істеген ісі пайда беретініне сенеді.
2. Кәсіпкер өндіріс процесінде барлық негізгі шешімдерді өз қолына алады
және фирманың іс бағытын айқындайды.
3. Кәсіпкер – бұл жаңашыл, коммерциялық негізде жаңа тауар өндіру, жаңа
технологияны енгізу, бизнесті ұйымдастырудың жаңа фирмаларын енгізуге
аянбай жұмыс істейтін кісі.
4. Кәсіпкер – бұл тәукелге баратын кісі. Тәукелге бару үшін істелетін істің
егжей-тегжейін айқын талдап, қорытындысы не болатынын білген жөн. Кәсіпкер
тек қана өз уақытын, еңбегін, іс қабілеттілігін тәукелге салмайды, сонымен
бірге өндіріске кеткен өзінің және өз серіктестерінің немесе акционерлердің
қаржыларын тәукелге салады.
Кәсіпкерлік істің қозғаушы күші – мол пайда табу. Ресурстарға төлем.
Жоғарыдағы көрсетілген ресурстар, яғни өндіріс факторлары жеке
кәсіпорындарға ақшалай табыс ретінде беріледі.
1. Материалдық ресурстар бергені үшін капиталға пайыз алады.
2.Жер, су бергеніне рента алады.
3.Жұмыс күшін жалдағаны үшін еңбек ақы алады.
4. Кәсіпкерлік табысты пайда деп атайды, ол зиянды болуы мүмкін.
Экономикалық ғылым сирек ресурстарды тиімді пайдалану жөніндегі ғылым
екенін кәсіпкер жете түсінуі керек. Экономикалық тиімділік – бұл шағын -
өнім мәселесін қамтиды. Экономикалық тиімділіктің критериясы әрбір өнім
бірлігіне шаққанда неғұрлым көп өнім өндіруге талаптанады. Ол үшін
ресурстарды толық іске қосып толық қамтуға және өндіріс көлемін толық
қамтамасыз ету қажет. Сондықтан толық қамтылу деген экономикалық терминді
түсіндіріп кетерлік.
Толық қамтылу деген пайдалануға жарамды барлық ресурстарды іске қосу,
жұмысшылар жұмыссыз қалмау керек; егіске жарамды жерлер, күрделі жабдықтар
бос тұрмауы, яғни барлық жарамды ресурстарды іске қосу керек. Ресурстардың
барлығы жұмыс істесе шығын көбейеді: жұмысшылар еңбек ақы алады,
инвестициялық тауарлар сатылады тағы басқа, яғни ел байиды, нарық
тауарларға толады, адамдардың әлеуметтік тұрмысы жақсарады. Қазақтың мақалы
бар шығын болмай, тығын болмайды деген. Қоғамның өмір сүру негізін
материалдық өндіріс, яғни адамдарға қажет байлықты өндіру құрайды.
Шын мәнінде, кәсіпкер өндірістің негізгі үш факторын іске қосып, өзі
төртінші фактор болып ресурс иелеріне төлем төлеуде қамтамасыз етеді: жұмыс
күшіне еңбек ақы; капиталға пайыз; жер иелеріне рента; кәсіпкерлерге
кәсіпкерлік пайда.
Социализм мен капитализмнің экономикалық айырмашылығы: біріншісінде
жұмыс күшінің өндірген қосымша құны бүкіл қоғам мүддесіне жұмсалады, ал
екіншісінде – қосымша құн үшке бөлінеді; пайызға, рентаға және кәсіпкерлік
пайдаға.
Қоғамның өндірген таза пайдасын осылай бөлуді қамтамасыз ету үшін
мемлекеттік органдар құрылады, оны қорғауға полиция, қарулы күштер
ұйымдастырылады.
Қазақстанда қоғамдық меншікке негізделген экономиканың жеке меншік
экономикасына ауысуы ұзақ мерзімді, ақыл-ой, парасатты, жұмысқа негізделген
экономикалық күрделі шараларды қолдануды талап етеді.
Жаңа қоғамның негізін тұрақты, тиімді құру үшін кәсіпкерлер табысын
даярлау керек. Кәсіпкерлік қабілетті, қаражаты бар тапты құру үшін,
бірінші, білім керек, екінші, өкімет экономикалық саясатын түбегейлі қайта
қарауы керек. Елдің болашақ тағдырын білікті кәсіпкерлер шешеді және олар
өз елінің гүлденуіне аянбай жұмыс істейтін, өзінің де пайдасын табатын,
іскер азаматтар болуы керек.

II бөлім. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік жағдайы
2.1. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік жағдайы
Бизнес адамзаттың кез келген ойластырылған қызметі ретінде сендіру
негізінде болсын, тиісті мағынасында және заңдық негізінде болсын
мемлекетпен арадағы іскерлікті қатысушылардың экономикалық қарым-
қатынастары нақты ұйымдастыруды қажет етеді. Заңмен бекітілген іскерлік
қызметті ұйымдастырудың әдістері бизнестің ұйымдық-құқықтық формасы деп
аталады.
Бизнесті ұйымдастырудың ең қарапайым тірі – бұл жеке іскерлік. Бұл
жағдайда бизнесмен жеке тұлға ретінде кәсіпорынның, фирманың мәртебесін
иеленбей-ақ, өздігінен, жалғыз басты болып іс-қимыл танытады. Алайда, егер
бұл қызмет бір рет қана немесе кездейсоқ жүргізілмей, жүйелі түрде
жүргізілетін болса, онда міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өтеді. Әрбір
азаматтың, мысалы, өзінің үй іргесіндегі учаскесінде көкөніс пен гүл
өсіріп, оны сатуға құқығы бар. Бұндай жағдайда, егер осындай жеке іскерлік
белгіленген минимумнан асатын пайда әкелсе, іскер осы пайдадан салық төлеуі
тиіс.
Бірқатар жағдайларда белгілі бір жеке тұлға бизнеспен айналысуы үшін
іскерліктің бірнеше түрімен айналысуға құқық беретін ақылы лицензия алу
қажеттілігі құрастырылған. Егер жеке іскерлік қызмет белгілі бір мерзімге
байланысты болса, мерзім мен қызмет көлеміне берілетін ақылы патент алу
қажеттілігі туады.
Жеке басты іскер өз шығынын өзі толық көтереді және өз қызметінің
нәтижелері үшін өзі жауап беріп, бастаған ісін кез-келген уақытта тоқтата
алады.
Жеке іскерлік қызметінің тағы бір түр- жеке кәсіпорын, фирма, шаруа
қожалғы болып табылады. Бизнестің мұндай формасындағы мекеме құру құқығы
кез-келген азаматта бар. Бұл үшін ол өзінің жеке кәсіпорынын тіркеуден
өткізіп, заңды тұлға мәртебесін алуы шарт. Мұндай жағдайда аталмыш
кәсіпорын тек жалғыз адамнан ғана тұрмауы мүмкін. Бұл кәсіпорынның меншік
иесі іскерлік қызметтің субьектісі ретінде танылады, ол кез-келген мөлшерде
қызметкерлер жалдауы мүмкін, бірақ олар іскерлік ретінде емес жалдамалы
қызметкерлер қатарында саналады.
Жеке іскерлік кейде отбасылы кәсіпорын түрінде көрінеді. Мұндай
жағдайда жеке іскерлікпен топтық, яғни ұжымдық іскерлікке өту әдісі
байқалады.
Жеке бизнес жаппай көрінгенімен тар ауқымдағы қызмет болып саналады.
Бизнестің адамы әлеміде жалғыз басты, іскер, өте нәзік тұлға болып
көрінеді. Оның пайдасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерліктің теориялық аспектілері
ҚР және АҚШ мемлекетінің жеке кәсіпкерлігі
Кәсіпкерлік қызметінің мәні және негізгі ерекшеліктері
Кәсіпкерлік қызметтің теориясы туралы
Оңтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпкерліктің даму жолдары
Кәсіпкерліктің негізгі формалары мен түрлері
Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасуы
Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары жайында
Қазақстандағы кәсіпкерлік жайында мәліметтер
Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру және қаржыландыру мәселесі бойынша кәсіпкерлік мәліметтерді талдау
Пәндер