Әлеуметтік саясаттың мәні мен мазмұны



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТТЫҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ ... ... ... 4

Негізгі бөлім
1.1. Қазақстандағы әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттары ... ... ... .. 4

1.2. Халықты әлеуметтік қорғау механизмін реформалау ... ... ... ... .. 20

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 27

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 28
КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының жағдайындағы экономикасының дамуы, мемлекеттің әлеуметтік- экономикалық саясатының құрылымдық және қаржы саясаттарының шешуші шараларына байланысты.
Қазіргі мемлекеттердің барлығында дерлік, азаматтарды экономикалық қиыншылықтан қорғауды қамтамасыз ететін әлеуметтік қолдау жүйесі бар. Әлеуметтік қолдау денегіміз – қоғамының табысы аз мүшелеріне қаржылай көмек ретінде көрсететін үкімет бағдарламасы. Оларға жұмыссдық бойынша жәрдемақы, қарттар мен мүгедектерге берілетін зейнетақы және әл-ауқаты нашар отбасыларына берілетін әлеуметтік көмектер мен 2002ж 1 қаңтарынан әрекет ететін мақсатты әлеуметтік көмек және басқа да түрлері жатады. Осындай бағдарламаларға мемлекеттің тегін медициналық қызмет көрсетуі, тегін пәтер беруі, сондай-ақ табысы аз отбасыларының әлеуметтік қызметтер көрсетуі және т.б. жатады. Әлеуметтік қорғау бағдарламасының мәні, қоғамдағы табысты қайта бөлумен көрсетіледі.
Әлеуметтік бағдарламаларды жасағанда және оларды іске асыру кезінде тұрақты қоғамдық бақылау, институтционалдық күштердің тепе-теңдігі, қоғамда демократиялық мәдениетінің жоғары деңгейі қажет болады.
Әлеуметтік теңдіктің деңгейі ең алдымен табыстар жүйесіне байланысты келеді. Соңғысы адамның белігілі бір өмір сүру деңгейіне қажетті материалдық игіліктерге жұмсалатын барлық қаржы – қаражат сомасы, табыстар, заңды түрде – экономикалық қызметтің нәтижесі. Табыстар қалыптасу көзіне қарай жіктеледі. Оларды негізгі және қосымша табыс түрлері деп бөледі. Дамыған нарықтық экономика жағдайында адам, қалыпты түрде, белгілі бір негізгі табыс түріне ие болады. Жалдамалы еңбек ететіндер үшін бұл еңбекақы, ал кәсіпкерлер үшін – таза пайда.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Ашимбаев Т.А. Государственное регулирование перехода к рыночным отношением. // Известия HAH РК. Серия «Общественные науки» — Алма-Ата, 1993. №2.
2. Валовой Д. Кремлевский тупик и Назарбаев - М.: Молодая гвардия, 1993.
3. Владимирова Л.П. Прогнозирование и татрование в условиях рынка. - М. Дашков и К, 2000.
4. В. Клаус. Десять заповедей чешасой реформы: // Известия. 1994. 5 апреля.
5. Казахстанская правда, 1997. 25 декабря.
6. Деловая неделя. 1997. №12,
7. Государственное регулирование экономики / Под общ. ред. д.э.н. проф. В.И.Кушлина и д.э.н., проф. Н.А. Волгина. — М.: Экономика, 2000.
8. Государственное регулирование рыночной экономики / Под.ред. Петрова Р.П. СПб, 1999.
9. Джкевич А.К. К осмыслению опыта экономического развития Япоти // Российский экономический журнал. 1992. №10.
10. Елемесов P., Жатканбаев Е. Государство и рынок: Учебное пособие. — Алматы: Каржы-Каражат, 1997.
11. Есиркепов Г.А. Приватизация государственной собственности в Республике Казахтан в условиях перехода к рынку. — Алматы, Уни-верситет «Туран», 1999.
12. АльПари. 1997. №10.
13. Вопросы экономики. 1990. №5.
14. Заявление Кабинета Митстров Республики Казахстан об эконо-мической политике в 1994 г. // Казахстанская правда. 1994. 5 февраля.
15. Ихданов Ж.О., Сансызбаева Г.Н., СахановаАН. Пмново-финансовые механизмы регулирования экономики. ~ Алматы: Экономика, 1998.
16.Казахстан 1991 — 2001 годы: Информационно-аналитичесский сборник. Агентства PK no статистике. — Алматы: Экономика, 1998.
17.Калиев Г. Аграрная реформа в Казахстане: история, современностъ, перспективы. — Алматы: Бастау, 1998.
18. Кошанов А.К. и др. Формирование государственного предприни-мателъства в Республике Казахстан в условиях смешанной экономики. — Алматы, 2000.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...


1. Әлеуметтік саясаттың мәні мен мазмұны ... ... ... 4

Негізгі бөлім
1.1. Қазақстандағы әлеуметтік саясаттың негізгі 4
бағыттары ... ... ... ..

1.2. Халықты әлеуметтік қорғау механизмін 20
реформалау ... ... ... ... ..

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..27
... ... ... ... ... ... ... ..

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 28
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Кіріспе

Қазақстан Республикасының жағдайындағы экономикасының дамуы,
мемлекеттің әлеуметтік- экономикалық саясатының құрылымдық және қаржы
саясаттарының шешуші шараларына байланысты.
Қазіргі мемлекеттердің барлығында дерлік, азаматтарды экономикалық
қиыншылықтан қорғауды қамтамасыз ететін әлеуметтік қолдау жүйесі бар.
Әлеуметтік қолдау денегіміз – қоғамының табысы аз мүшелеріне қаржылай көмек
ретінде көрсететін үкімет бағдарламасы. Оларға жұмыссдық бойынша жәрдемақы,
қарттар мен мүгедектерге берілетін зейнетақы және әл-ауқаты нашар
отбасыларына берілетін әлеуметтік көмектер мен 2002ж 1 қаңтарынан әрекет
ететін мақсатты әлеуметтік көмек және басқа да түрлері жатады. Осындай
бағдарламаларға мемлекеттің тегін медициналық қызмет көрсетуі, тегін пәтер
беруі, сондай-ақ табысы аз отбасыларының әлеуметтік қызметтер көрсетуі
және т.б. жатады. Әлеуметтік қорғау бағдарламасының мәні, қоғамдағы табысты
қайта бөлумен көрсетіледі.
Әлеуметтік бағдарламаларды жасағанда және оларды іске асыру кезінде
тұрақты қоғамдық бақылау, институтционалдық күштердің тепе-теңдігі,
қоғамда демократиялық мәдениетінің жоғары деңгейі қажет болады.
Әлеуметтік теңдіктің деңгейі ең алдымен табыстар жүйесіне байланысты
келеді. Соңғысы адамның белігілі бір өмір сүру деңгейіне қажетті
материалдық игіліктерге жұмсалатын барлық қаржы – қаражат сомасы,
табыстар, заңды түрде – экономикалық қызметтің нәтижесі. Табыстар қалыптасу
көзіне қарай жіктеледі. Оларды негізгі және қосымша табыс түрлері деп
бөледі. Дамыған нарықтық экономика жағдайында адам, қалыпты түрде, белгілі
бір негізгі табыс түріне ие болады. Жалдамалы еңбек ететіндер үшін бұл
еңбекақы, ал кәсіпкерлер үшін – таза пайда.

1. ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТТЫҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ

1. Қазақстандағы әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттары

Қоғамдағы дамудың бастапқы кезеңдерінде шаруашылық прогресі көбінесе
теңсіздік пен әділетсізідікке негізделетіні белгілі. Осы күні қалыптасып
отырған нарықтық қатынастар да әлеуметтік әділеттікті қамтамасыз ете
бермейді.
XVIII-XIX ғасырларда өткен өндіріс революциясы нарықтық қатынастарды
өте күшті дамытты. Нарықтық қатынастардың дамуы бас бостандығы мен
еркіндікке, әлеуметтік әділеттікке жол ашып берді. Еркіндік идеологиясын
насихаттатйтын қоғамдық – саяси ағымдар қалыптасты. Осының барлығы
индустриялды елдерде әлеуметтік теңсіздікті азайту заңдылығын
қалыптастырды. Батыста және Шығыстың дамыған елдерінде орташа әлеуметтік
топ қалыптасып, оның үлес салмағы артты. Мысалы, АҚШ-та осы күні табысы
орташа әлеуметтік топтың үлес салмағы тұрғындардың 70% ін құрайды. Жалпы
алғанда, нарықтық экономиканың осы күнгі моделі біршама әлеуметтік
теңестіруді көздейді деп айтуға болады.
Бұл жерде, біріншіден, қоғамдық сананың нарық деген – оған
қытасушылардың өзара келісімге келуі екенін ұғыну деңгейіне жеткенін
көрсетеді. Соңғылар дербес, өз еркімен бір-бірімен қарсы тұрады, бірақ бір-
біріне тәуелді: олардың мақсаттары қарсы ұшырасатын қажеттіліктерді
қанағаттандыру арқылы ғана іске асады: Екіншіден, нарықтық әбден толған
және бәсекелестіктің қатты дамыған жағдайында тауар мен қызмет өндірушілер
тұтынушылардың табысы жоғары болуына мүдделі.1.93-103б.
Бірақ осы жағдайды көрсеткенде мына бір мәселені баса айтқан жөн
сияқты: нарық пен толық теңдік үйлесімге келмейді. Біріншіден, бұл нарыққа
шығушылардың жеке бас ерекшеліктеріне байланысты болады. Ерекшеліктер
адамдардың әлеуметтік, биологиялық және психологиялық табиғатына байланысты
келеді.
Екіншіден, нарық механизмдерінің мәніне, нарықтық құн мен нарықтық
бағаның қайшылықтарына, жұмыс күшін сату мен сатып алудың ерекшеліктеріне
және басқаларға байланысты.
Сонымен, осы күнгі дамыған нарық қатынастары салыстырмалы түрдегі
әлеуметтік теңдіктің қалыптасуына мүмкіндік береді. Бірақ оларды іске асыру
белгілі бір принциптер тұтастығына негізделген мақсаттық шараларды қажет
етеді. Осы шаралар әлеуметтік саясат, немесе мемлекет саясатының әлеуметтік
аспектісі болып табылады.
Қоғамда еңбекке араласу мүмкіндіктері шектеулі азаматтарды біріге
қорғау міндетін атқара отырып қана экономикалық еркіндікке қол жеткізуге
болады.
Нарықтық экономика әр адамға, оның қабілеттілігіне қарай, өзінің
экономикалық өмірін құру үшін толық еркіндік береді. Бұл еркіндік қоғамның
басқа мүшелерінің еркіндігі мен құқығына және мүддесіне қайшы келемеуі,
кедергі болмауы қажет.
Екінші принцип, мемлекеттің әр түрлі қоғамдық топтар мүдделері
арақатынасын анықтауына бацланысты. Экономикалық саясаттың, оның ішінде
әлеуметтік саясаттың алдында қоғамдағы әртүрлі мүдделер арасындағы ең
оңтайлы үйлесімділікті табу міндеті тұрады. Мемлекеттік биліктің
институтционалдық құрылымы барлық тұрғындардың ықылас – мүдделерін ескеру
қажет. Бірақ, әрбір жеке тұрғынды есепке алу мүмкін емес, сондықтан оларды
әлеуметтік топ деңгейіне дейін жеткізіп жинақтайды. Сонымен, әлеуметтік-
экономикалық саясат, біріншіден, топтар мүдделерінің өзіне-өзі іске асуы
үшін құқықтық және ұйымдық жағдай жасады, ал екіншіден, оларды жалпы даму
бағытымен сәйкестендіру қажет.2.54-65
Қосымша табыстарға негізгі табыстан тыс түсетін ақшалай немесе
материалдық кіріс түрлері жатады. 2. 85-102б.
Нарықтық экономика дамыған сайын қосымша табыс табу мүмкіншіліктері
кеңейе түседі. Осы табыс түріне құнды қағаздардан, салық төлемдерінің
төмендеуінен, мұрагерліктен т.б. түсетін табыстар жатады. Қосыша табыс
табуға адамдар екі себептен ұмтылады.
Біріншіден, табыс көзін көп тарапты ету негізгі табыстық төмендеуінен
сақтандырады. Екіншіден, қажеттіліктің табыс негізі табыс түрінің өсуінен
тұрақты түрде озып отыруына байланысты. Осы екінші жағдай өтпелі экономика
үшін маңызды. Мысалы, мамандардың бағалауынша Қазақстанда жұмыскерлердің
50%, зейнеткерлердің 30% осы күндері қосымша табыс табу мақсатында қосымша
еңбектенуге мәжбүр екен.
Қарастырылып отырған тұрғыдан алғанда әлеуметтік қамсыздандыру
көрсеткіштерінің маңызы өте зор. Оны сипаттайтын экономикалық өлшемдердің
арасында тұрмыс деңгейінің көрсеткіштері негізгі орындарды иемеденеді. Бұл
жерде материалдық игіліктерді тұтыну деңгейі туралы сөз болып отыр. Соңғы
жылдары әлем практикасында кең тараған көрсеткіштер отандық статистикада
пайдалана бастағанын айтуға болады. Жеке алғанда, бұл тұтынушылық қорысын
деген ұғымға қатысты. Осы ұғым адам өміріне қажетті ең негізгі материалдық
игіліктер мен қызметтер құрамасын білдіреді.
Экономикалық нарықтық үлгісіне көшу кезінде әлеуметтік жіктелуі
артады. Сондықтан тұрмыс деңгейін өлшемді түрде сипаттайтын тұтынушылық
қоржынды толтырудың бірнеше нұсқалық түрлері қалыптасқан. 2.145-148б.
Тұтынудың рационалды және минималды деңгейлерін есептеу
қабылданған. Осы күнгі отандық статистика мекемелері тұтынушылық қорын
құрамы мен оның минималды және рационалды деңгейлерін тұрақты түрде
есептеп көрсетеді. Соңғы кездері біздің экономикалық әдебиеттерге өмір
сүру сапасы деген ұғымда енгізілді. Осы көрсеткіш тұрмыс деңгейін жүйелі
түрде өлшеп сипаттайды. Бұл көрсеткіш материалдық игіліктерді тұтынумен
бірге әлеуметтік игіліктерді (денсаулық сақтау, білім алу, демалыс мәдениет
т.б.) пайдалануды да есепке алып, қоғамының тұрмыс деңгейін жан - жақты
сипаттайды. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты – оның қоғам өмірінің әлеуметтік
–экономикалық жағдайларын реттеу жөніндегі қызметінің бір бағыты.
Әлеуметтік саясаттық мәні қоғамдағы әділеттілік қатынастарды қолдау немесе
қоғамдағы әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастарды реттеу, қоғам
мүшелерінің тұрмыс дәрежесін, әл-ауқатын көтерудің жағдайларын қамтамасыз
ету, ауқатын көтерудің жағдайларын қамтамасыз ету, қоғамдық өндіріске
қатысу үшін экономикалық ынталандырудың әлеуметтік кепілдіктерін жасау.
Мемлекеттің қоғамдық өнідірісті реттеу мақсатында жүргізетін шаралардың
құрамды бөлігі ретінде мемлекеттің әлеуметтік саясаты елдегі экономикалық
ахуалмен тығыз байланысты болады.
Еңбек ақы төлеуде теңгермешілікті жоюдың маңызы зор. Еліміздің тұтыну
рыногының бірыңғайлылығын қаматамасыз ету керек, яғни қорлардың бұл бөлігін
тұтынушылар барлық еңбекшілер емес, тек осыны тұтынуға тиістілер.
Мысалы, дәрігерлік көмекті жұрттың барлығы емес, тек ауыратын адамдар
ғана сұрайды, мектеп мекемелерінің қызметін тек мектеп жасындағы балалары
барларға ғана керек. Басқаша айтқанда, қоғамдық тұтыну қорлары еңбекке
байланысты емес, табыстар айырмашылығын жұмсартуға тиіс. Сонымен қатар
олар еңбек қабілетін қалыптастыру, жоғарғы білім алу мен мәдениетті
қолдау, денсаулықты сақтау, зейнеткерлерді қамсыздандыру сияқты маңызды
қажеттіліктерді қанағаттандыру сияқты маңызды қажеттіліктерді
қанағаттандырулары тиіс. Бірақ бөлудің бұл түрі бүкіл қоғам және оның жеке
мүшелерінің мүддесін қамтығандықтан, денсаулық, білім тұрғын үй және т.б.
саладағы әлеуметтік саясат мемлекеттің назарында болуға тиіс. 2.159-169б.
Елдің экономикалық даму деңгейі тұтынудың көлемімен дәрежесін
анықтайды. Әлеуметтік қорғау жүйесі тек халықтық табыссыз топтары мен
өндіріске қатыспағандарды оқушылар, зейнеткерлер, мүгедектер ғана
қамтымайды, ол сонымен қатар қоғамдық өндіріске қатысушыларды да, ең
алдымен жалданып істейтіндерді де қорғайды.
Кедейтілік сияқты өткір әлеуметтік проблемеларды шешу – мемлекет
жұмысының, соның ішінде әлеуметтік жұмыстың басты бір бағыты. Бұл әл-
ауқатты өмірді қамтамасыз ете алмағанымен экономикалық тұтқалар арқылы ең
төменгі тіршілік деңгейін жасап, тұрмысы қатар адамдардың санын азайтуға
көмектеседі. Кедейленген топты азайту – рыноктық экономикаға көшкен
мемлекеттің әлеуметтік саясаттың негізгі міндетті. Тұтынудың әр түрлі
деңгейінің еңбек пен жұмысшы күнгі факторларымен байланыстылығын атап өту
керек. Ондай факторлар: отбасының көлемі, ондағы жұмыс істейтіндер мен
масылдардың арақатынасы, денсаулық жайы, географиялық, табиғат жағдайлары
және т.б. Әлеуметтік саясаттың негізі мақсаты – осы айырмашылықтарды
азайтып, қоғамның барлық мүшелерінің өмір сүруіне қолайлы материалдық
негіз жасау. Мұндай мақсатты жүзеге асырудың түрлеріне қызмет пен өнімдерді
трансферттік төлемдер арқылы бөлу немесе табысты тұрақтандырудың
мемлекеттік бағдарламасы жатады. 2.176-192б.
Біздің елімізде қоғамдық тұтыну қорлары экономикалық категория
ретінде бүкіл қоғам мен еңбек ұжымдарының оның мүшелерінің арасындағы өмір
сүру қорының бөлінуі жөніндегі қатынасты білдіреді. Олар белгілі дәрежеде
бұрынғы немесе қазіргі еңбекті есепке ала отырып бөлінеді.
Қоғамдық тұтыну қорларының бір бөлігі мемлекеттік бюджет арқылы
құрылып, орталықтан бөлінеді. Оның басқа бөлігі кәсіпорындардың,
кооперативтердің пайдасынан және қоғамдық ұйымдардың есебінен жиналады.
Мемлекеттік көмек бағдарламасы бойынша қоғамның жаңа мүшелерін тәрбиелеу,
қарттарды және еңбекке жарамсыздарды қолдау, білім алу, денсаулық сақтау
қажеттіліктерді өтеледі.
Әлеуметтік – экономикалық саясатта қоғамдық тұтыну үш бағытта жүреді.

Бірінші бағыт халыққа берілетін төлемдер. Олардың көлемі еңбекшілердің
бұрынғы және қазіргі жалақысына байланысты.
Бұлар алдымен әлеуметтік қамсыздандыруға, ауырған кездегі төлемдерге,
ақылы демалысқа, мүгедектігі мен қартайғандығына байланысты зейнетақы,
жұмыссыздыққа байланысты көмек.
Қоғамдық тұтыну қорды бөлудегі екінші бағыт – адамның еңбегіне
байланысты түрлі төлемдер. Мұндай төлемдеуге көп балалы ата-аналарға,
жалғыз басты аналарға, арнайы емдеуге берілетін көмектер, мемлекеттің
мектепке дейінгі балалар мекемелеріне, мектеп-интернатты қаржыландыруға
жұмсайтын дотациялар жатады.
Қоғамдық тұтыну қорлардан берілетін төлемдердің үшінші бағытының
ерекшелігі – жеңілдіктер халыққа өндірістік емес сала мекемелері арқылы
натуралды-заттай түрінде беріледі. 3.347-350б.
Адам капиталы теориясымен қатар адам дамуы тұжыымдамасының туындауына
базалық мұқтаждар тұжырымдамасы белгілі роль атқарады, ол ХХ ғасырдың 60-шы
жылдары Скандинавиядағы зерттеу топтарының арасында пайда болды. 1976 жылы
осы тұжырымдама Халықаралық еңбек ұйымының Жұмыспен қамтылу, өсу және
базалық мұқтаждар баяндамасының арқауы болды.
Базалық мұқтаждар тұжырымдамасы үкіметтерге мына мәселелерді есепке
алу арқылы экономикалық және әлеуметтік саясат құруды ұсынады: отбасының
тамақ ішудегі, киінудегі, тұрғынжай мен үй мүлкендегі кейбір ең төменгі
қажеттіліктерін міндетті түрде қанағаттандыру; ауыз сумен емдеуге
қамтамасыздандыру, тұратын орындарының санитарлық жағдайын, қоғамдық көлік,
денсаулық сақтау мен білім беру салаларындағы қоғамдық қызметтерді
жақсарту.
Адам дамуы категориясын жасауға өзге әлеуметтік- экономикалық
категория – тұрмыс сапасы өз ықпалын тигізеді.
Т.М. Рогачаеваның монографиясында тұрмыс сапасы дегенде халықтық әл-
ауқаты мен жеке адамдардың әлеуметтік көңіл күйлеріне елеулі ықпал жасайтын
экономикалық, әлеуметтік, табиғи – экологиялық және адамның тіршілік
әрекетіндегі өзге де жағдайлардың белігілі бір үйлесімі ұғынылады. 3.354-
358б.
Тұрмыс сапасы категориясының мәні шоғырландырылған түрде Я.
Тәнбергеннің Экономикалық тәртіпті қайта құру еңбегінде айтылды, онда
былай делінген: Осы шама тұтас алғанда жеке тұлғаларға немесе мемлекет
қатысты пайданың критерийін жай ғана есепке алу арқылы емес, сонымен
бірге адамның негізі құндылықтары жүйесіне сәйкес ойластырылуы және жете
зерттелуі тиіс.
Тұрмыс сапасының деңгейін өлшеу өмірдің жеке қырларын бейнелейтін
көрсеткіштердің біртұтас жүйесі негізінде жүзегеи асырылады. Өткен ғасырдың
70-ші жылдарында Дж. Феррестер тұрмыс сапасын жалпы бес параметр бойынша
өлшеуді ұсынады, олар: халықтың саны, қорланған, капиталдың саны, ауыл
шаруашылығындағы капиталдың үлесі, қолда бар табиғи ресурстар мен мекендеу
ортасының ластануы. Экономикалық дамудың әлеуметтік аспекттері үлкен
маңызға ие болғандары соншалық, олар саяси құрылымдардың бағдарламалық
нұсқамаларының ажырамас бөлігіне және көптеген елдердің экономикалық даму
үлгілерінің, сонфың ішінде швед үлігісінің, әлеуметтік бағдарланған
Германияның, жаңа индустриалы елдердің үлгілерінің деңгейіне айналды.
Көрсетілген жүйе статистикалық деректердің 12 блогынан турады, олар:
демографиялық сипаттамалар; қоршаған орта; реттену (урбанизация) мен тұрғын
үй; денсаулық сақтау мен тамақтану; білім; экономикалық әрекет; әлеуметтік
топтар мен халықтың жинақтығы; әлеуметтік қамсыздандыру; бос уақыт пен
мәдениет; уақытты пайдалану; қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік; әлеуметтік
қатынастар; саяси әрекет.
Бүгінгі таңда көптеген елдер прогреске жетті. Сонда да болса,
әлмедегі бірқатар мемлекеттер, қағида бойынша, әсіресе, ең кедей елдер үшін
осы мақсаттарға жетудің ықтималдығы қиындай түскен сияқты. Егер әлем
халқының 23%-ы тұратын 55 елде 2015 жылға қарай мақсаттардың ең кемі
төрттен үшін орындап үлгеруге жеткілікті қарқындардағы ілгерулер жүріп
жатса, ол халықтың 20% -ын еншілейтін 33 ел мақсаттық көрсеткіштердің тең
жарымынан астамын орындауға артта қалып отыр.
Бір мақсаттарды орындауда кейбір мемлекеттер өзгелермен салыстырғанда
үлкен жетістіктерге қол жеткізді.
Мәселен, жалыпға бірдей бастауыш біліммен, білім саласында қыздар мен
ұлдардың теңдігін қамсыздандыру саласында көптеген дамушы елдер қойған
мақсаттарына қол жеткізді немесе соған тақау. Дамудың көптеген салалары
үшін білімнің өзекті мәнін ескере келгенде осы жетістіктер өзге мақсаттарға
жету үрдісіндегі прогресті жылдамдатуға септігін тигізеді.
Сондай-ақ көптеген дамушы елдер де аштықты жою мен халықтың ең
қамтамасыздығын жақсарту жөніндегі мақсаттың көрсеткіштерді орындады
немесе орындауға жақын. Солай болғанмен, әлем халқының 28% -ын меншіктейтін
40-тан астам ел, 2015 жылға қарай аштық ауқымдарын екі есе азайту үшін
қажет қарқындарға жете алмай отыр. Бұған қосымша, халықтың орташа
табыстарының баяу өсуі жоқшылық ауқымдарын жартылай қысқарту мақсатын
жүзеге асыру үрдісіндегі көптеген мемлекеттердің қиындықтарға
кездесетіндерін меңзейді. Балалар өлімін азайту проблемасы да осындай күйді
кешіп отыр.
Бақылауға ырық бермейтін мақсаттың іс жүзінде орындалуы немесе
орындалмауы мүмкін емес. Бұл жағдай ең күрделі проблемалардың бірі
дерентердің жоқтығы болып табылатын білдіреді. Халықаралық статисканың
қазіргі жағдайында жоқшылық пен аналар өлімімен күрес жүргізу саласындағы
мақсаттың көрсеткіштерге қол жеткізу үрдісі тікелей бақылау жүргізуге
көнбейді. Тіпті бақыланатын мақсаттар контексіндегі статистикада да
көптеген кемшіліктер бар.
Дерек мағлұматтары жоқ елдерде іс жүзінде нашар көрсеткіштердің орын алу
ықтималдығы салдарынан прогреске жететін елдердің біршама жоғары үлесін
тым құбылмалы деп есептеу әсері де жағдайды одан беттер қиындата түседі.
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты – қоғамның әлеуметтік экономикалық өмір
сүру жағдайын реттеудің бір бағыты.
Ол елдегі жалпы экономикалық жағдайымен тығыз байланысты және екі жақты
қызмет атқарады. Бір жағынан, әлеуметтік саясатта тікелей және жанама түрде
экономикалық дамудың мақсаттары көрініс алады, өйткені экономикалық іс-
әрекет қоғамының барлық топтарына жақсы жағдай жасау мақсатында жасалады.
Екінші жағынан, әлеуметтік саясат экономикалық өсудің факторы болып келеді.
Егер экономикалық даму халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартпаса, онда еңбек
өнімділігі төмендеп, жұмыс күшінің сапасы келмеді; қоғамда әлеуметтік
тұрақсыздық пен қарама-қайшылық артады.
Әлеуметтік саясат әр елде әр түрлі әдіспен қалыптасады. Әлеуметтік
саясат қоғамының әрбір мүшесіне заңды түрде анықталып бекітілген тұрмыс
деңгейін қаматамасыз ететін табыс көлемін алу туралы кепілдік береді. Бұл
жерде әлеуметтік әділеттік принципі іске асады.
Нарық жағдайында мемлекет қоғамының әрбір мүшесіне өз мүмкіншілігін
толық ісеке асырып, табыс табуына жағдай жасауға міндетті болады.
Енді тәуелсіз Қазақстан мемлекеті ұстанып отырған әлеуметтік саясаттың
негізі бағыттарын қысқаша қарастырамыз. Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000-2005ж.ж. арналған орта мерзімдік әлеуметтік саясаты соңғы жылдары
қоғамда көзге көріне қалыптасып қалған оңды әлеуметтік-экономикалық
жетістіктер мен жағдайларды тұрақтандырып, экономиканың дағдарыстан шығып
өсуіне қарай жұмыссыздықпен кедейшілікті жоюға және әлеуметтік дамудың ұзақ
мерзімдік негізін қалауға бағытталған. Өтпелі кезеңде қалыптасып отырған
әлеуметтік қиыншылықтардың салдарын мүмкін болғанша жеңілдетіп, оны жеңу
үшін салық салу әдістерін жетілдіріп, салық төлеу тәртібін нығайтып,
жауапкершілікті арттыру; табыстары төмен және мүмкіншіліктері шектеулі
әлеуметтік топтарға мемлекет тарапынан міндетті түрде материалдық көмек
көрсету және қаржылай қолдау; тұрғындардың нарық жағдайына икемеделіп, ұсақ
кәсіпкерлікпен шұғылдануына қажетті жағдай жасау; еңбек нарығына белсенді
де ықпалды саясат жүргізу көзделіп отыр.
Әлеуметтік саясатта келесі принциптер қолданылады: Орталық Үкімет пен
жергілікті әкімшіліктер арасындағы әлеуметтік саясатты жүргізу міндеттері
мен жауапкершіліктерін нақты ажыратып анықтау; әлеуметтік нормативтерді
есепке алып, әр деңгейлі бюджет жүйесін жасау;
Әлеуметтік нормативтердің негізі ретінде білім беру, денсаулық сақтау,
әлеуметтік қамсыздандырулардың мемлекеттік стандарттары алынады; әлеуметтік
қызмет көрсетуші мекемелер мен ұйымдарды мемлекет иелігіне алу немесе
жекешелендіру; әлеуметтік қызмет көрсетуге монополиялық жағдайды жою,
арнайы рұқсат беру негізінде бұл салаға жеке меншік сектордан капитал тарту
және оны пайдалану; әлеуметтік іс-шараларының нақты бағдарламасын жасау,
олардың нақты орындалу мерзімдерін белгілеу және орындалу нәтижесін
тұрақты қадағалап, тексеріп отыру.
Бүгінгі күндері тұрғындардың көбі әлеуметтік қорғау мен қамсыздандыруды
қажет етеді. Қазақстан Республикасының Статистика және Сораптау комитеті ай
сайын қазақстандықтардың тұрмыс деңгейін анықтау мақсатында арнайы
статистикалық бақылау және зерттеу жұмыстарына жүргізеді. Қазақстан -2030
ұзақ мерзімдік даму стратегиясында Халықты әлеуметтік қорғау,
жұмыссыздықпен кедейшілікті жою 1-ші кезекте тұрған негізгі әлеуметтік
мәселе ретінде атап көрсетілген. Статистикалық мәліметтер бойынша
Қазақстанда 2001жылы орташа табыс деңгейі 34 024 теңге болған және 2000
жылмен салыстырғанда 1,2 есе өскен. 2001 жылдың соңында орташа табыс
деңгейі 13 195 теңгеге жеткен, бұл 2000 жылдың желтоқсан айындағы
көрсеткіштен 15% жоғары.
Соңғы жылдары Қазақстанда макроэкономикалық тұрақтылықтың элементтері
қалыптасқан: жалпы ішкі өнім 2003ж 13%-ке өскен; инфляция ауыздықталып,
шамамен 20-25% - тен 60%-ке дейін төмендеген; инвестиция жылына 30%-ке
өскен, еңбекақының орташа көлемі 2003 ж. 17 600 теңгеге
жетті. Еңбек нарығындағы жағдай жақсара түскен: алдыңғы жылмен
салыстырғанда жұмысты қамтылғандардың саны 20%-ке қысқарған. Жалпы 2000-
2003 жылдары Қазақстанда жұмыспен қамтылғандардың саны өндірісте -20 712
мың адамға, ауыл шаруашылығында -287мыңға, транспорт пен байланыс саласында
-68 мыңға, құрылыста – 147 мыңға өскен.
Сонымен, жұмыссыздық, халықты жұмыспен қамтамасыз ету мәселесі осы
күндері ең өткір проблемаға айналып отыр.
Қазақстанның ұзақ мерзімдік, стратегиялық даму бағдарламасында
жұмыссыздықпен кедейшілікті толық та тұрақты жою мәселесі 2010 жылға дейін
шешілетін мемлекеттік міндет ретінде анықталғаны белгілі. Осы 2010 жылға
дейін Қазақстан Экономикасында күрделі де қарқынды өндіріс аралық
құрылымдық өзгерістер жүргізу қажет. Осы құрылымдық даму стратегиясы бір-
бірімен байланысты жалпы ұлттық экономикалық, әлеуметтік және технологиялық
мақсаттар мен міндеттердің орындалуын көздеген. Қазақстанда еңбек
сиымдылығы жоғары өндіріс салаларын қалыптастыру және дамыту; ауыл
шаруашылық шикізаттарын терең технологиялық өңдеу және түпкі өнім өндіру
экономикасын мемлекет тарапынан басым түрде қолдап – дамыту мақсаты және
міндеті анықталған. Бұл міндетті іске асыру 1-ден, көптеген жұмыс орындарын
ашуға, жаңа мамандықтар дайындауға, жұмыссыздықты жоюға, еңбекақы табысын
арттыруға жол ашады; 2-ден еңбек пен жұмыс күшінің сапасы жоғарылап, еңбек
өнімділігі және жалпы экономика тиімділігі артады; 3-ден, ЖҰӨ құрылымы
жақсарып, ұлттық табыс үлесі артады; 4-ден, салық төлемдері өседі және
мемлекет бюджетінің мүмкіншіліктері кеңейеді.
Әрине бұл Қазақстанның ұзақ мерзімдік әлеуметтік – экономикалық және
құрылымдық даму бағдарламасы екені түсінікті. Ал, нақты әлеуметтік
жағдайлар, оның ішінде, жұмыссыздық пен табыс табу мәселесі күнделікті және
тоқтаусыз шешімдер мен іс-әрекеттерді қажет ететіні де белгілі. Сондықтан,
Президентінің Үкімімен орталық Үкімет пен жергілікті әкімшіліктер алдына
басым міндет ретінде жұмыссыздық пен кедейшілікті жоюдың жалпы мемлекеттік
және әрбір жеке аймақтың орта мерзімдік және қысқа, әрбір кезекті жылдарға
арналған арнайы бағдарламаларын жасау, олардың орындалуын қамтамасыз ету,
Үкімет пен Президент Кеңестерінің кеңейтілген мәжілістеріне есеп беру
тәртібі белгіленді.
Экономикалық өсу және Қазақстандағы адам дамуындағы жұмыспен қамтылу
арасында байланыс өте көп. Қазақстанда экономикалық реформалар басталған
кезде, демографиялық үрдістердің, еңбекке жарамды жасқа кіретін және ол
жастан шығатын адамдардың ара салмағының ықпал етуімен, еңбек рыногында
құрылымдық терең өзгерістер жүрді. 1991 жылмен салыстырғанда 2002 жылы
Республикадағы жалпы халық санының 9,5% -ға азаюы кезінде, экономикалық
белсенді халықтың саны 13,1% -ға кеміді. Бұл орайда егер 1991 жылы
Жалдамалы жұмыскерлердің саны экономикалық белсенді халықтың 95,8 %-ын
құраса, ал 2002 жылы осы көрсеткіш 54,5%-ға дейін азаяды. Сонымен бірге
еңбек ресурстары құрылымында өздігінен жұмыспен қамтылған халықтың және
жұмыссыздардың үлесі өсті. Жалпы жұмыспен қамтылудың негізгі құрамдас
бөліктерінің бірі ретіндегі өздігінен жұмыспен қамтылу 1991 жылмен
салыстырғанда 10 есеге өсті және 2,7 млн адамға жетті немесе 2002 жылғы
экономикалық органдардың деректері бойынша, 2002 жылы жұмыссыздар саны
690,7 мың адам болды, немесе ол экономикалық белсенді халықтың 9,3%-ы.
Өнеркәсіп және ауылшаруашылық объектілерінің аумақтың әр келкі
орналасулары, бірқатар аймақтарда халықтың ықшам қоныстанулары еңбек
ресурстарында әр түрлі қажеттіліктерді туындатады. Қазақстан халқының
жұмыспен қамтылу проблемасы мынадай ерекшеліктермен сипатталады: Халықтың
ұжайы өсіп-өнуі негізінен ауылдық жерлерде шоғарланған, ал қажеттілік
қалалар мен өнеркәсіп инфрақұрылымы дамыған аймақтарда жоғары. Кейбір
аймақтардың еңбек ресурстары төмен жұмылдырумен ерекшеленеді. Бұл сол
аймақтардағы жұмыссыздық деңгейіне өз таңбасын түсіріп, адамдарды
аймақтар мен экономикалық өсу орындарына тартуға кедергі жасайды.
Жұмыспен қамтылған халықтың салалық құрылымында да сондай-ақ елеулі
өзгерістер байқалады. Мәселен, 2002 жылы құрылыста жұмыс істейтіндердің
саны 1991 жылмен салыстырғанда 3 есеге жуық, өнеркәсіпте – негізінен
өңдеуші өнеркәсіпте жұмыспен қамтылғандар санының елеулі қысқаруының
есебінен – 2 есеге, денсаулық сақтау саласында 1,6 есеге азайды. Сонымен
қатар осы кезең аралығында саудада жұмыс істейтіндердің саны – 1,5 есеге,
ауыл шаруашылығында 1,4 есеге өсті;
2000 жылдан бері жұмыссыздардың саны ұдайы азайып келеді. 1999 жылмен
салыстырғанда жалдамалы жұмыскерлер санын 20,2%-ға ұлғайтудың есебінен,
жұмыссыздардың саны 2002 жылы 27,3% - ға келеді.
Барлық жұмыс істейтін азаматтар арасындағы әйелдердің үлесі 1998-2000
жылдарда 45,8 –дан 42,2% дейін төмендеді. Еңбектің бірдей төлем жасау
қағидаты сақталғанына және ол Қазақстандағы ХЕ 4 тиісті конвенциямен
бекітілгенені қарамастан, әйелдердің орташа жалақысы еркектердің осындай
жалақылармен салыстырғанда 1998 жылғы 75,8%-дан 2001жылы 58,7% -ға дейін
азайды. Оның себебі, бірдей еңбек үшін әйелдерге қарағанда еркектерге артық
төлем жасаудан емес, әйелдердің мемлекет сектордағы көбіне аз төленетін
қызметкерге орналасуларынан болады. Мәселен, білім 74,6 % және денсаулық
сақтау 81,5% секторларында жұмыс істейтін әйелдер жұмыспен қамтылғандардың
үштен екіден астам бөлігін құрайды және олар әлеуметтік жеңілдіктерге,
көмекке немесе қолдау көрсетуге мүмкіндіктерді жоқ өздігінен жұмыспен
қамтылған халықтың арасында 52,3 % басым.
Жастар жұмысқа орналасуға байланысты ең осал топ болып табылады, осы
себептен олар кедейшілікке де бейім. Жастар арасындағы жұмыссыздықтың
жоғары деңгейіне және толық жұмыспен қамтылмауға, әсіресе ауылдық жерлерде
көп кездесетін жұмыссыздыққа ұшырататын әлеуметтік және экономикалық
проблемалармен олар бітпе-бет кездеседі. Қазіргі кезде білім жүйесі еңбек
рыногының талаптарына бейімделмеген.

1- кесте Жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыздар санын бөлу
(еркектерге және әйелдерге, мың адам)

саны 1997ж 1998ж 1999ж 2000ж
Экономикада жұмыспен қамтылғандар 6472,3 6127,6 6105,4 6201,0
(барлығы)
Еркектер 3520,9 3321,2 3261,2 3255,5
Әйелдер 2951,4 2806,4 2844,2 2945,5
Жұмыссыздар (барлығы) 257,2 251,9 251,4 231,4
Соның ішінде:
Жылдың аяғына қарай
Жұмыспен қамту органдарында тіркелген
азаматтар (барлығы)
Еркектер 86,0 95,5 101,9 99,0
Әйелдер 171,5 156,4 149,4 132,4
16-29 жастағы жастар 91,4 82,2 72,2 67,2

Қазақстан Республика жөніндегі Агенттігі деректерінің негізінде
Сонымен, бүгінгі күндері Қазақстанда халықты әлеуметтік қорғаудың және
халыққа әлеуметтік кепілдік берудің жаңа механизмдері қалыптасуда.
Республикалық және аймақтың деңгейде, өндіріс ұжымдары мен жеке адам
деңгейінде әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік кепілдіктер түрлері мен
нормаларын анықтау, олардың есептеу-жоспарлау әдістемелерін жетілдіру, заң
жүзінде бекіту жұмыстары жүргізілуде.
Әлеуметтік нормативтер жалпы мемлекет, өндіріс, әртүрлі әлеуметтік
топтар мен еңбек ұжымдары деңгейінде анықталып, бекітіледі. Әлеуметтік
нормативтер жүйесін 3 салаға бөліп қарастыруға болады:
1) тұрғындардың барлығына ортақ әлеуметтік – экономикалық кепілдіктер
мен әлеуметтік қорғаулар;
2) қоғамның экономикалық белсенді мүшелеріне, еңбекпен қамтылғандар
мен уақытша жұмыссыздарға арналған әлеуметтік кепілдіктер мен қорғау
шаралары;
3) қоғамның еңбекке жарамсыз мүшелерінің мүддесін қорғайтын және
оларға белгілі мөлшерде әлеуметтік кепілдік беретін мемлекет шаралары.
Нақты алғанда – бұлар; мемлекет тарапынан кепілдік берілетін және
анықталып, заң жүзінде бекітілетін жалақының, окладтар мен ставкалардың,
зейнетақы мен әлеуметтік жәрдем – төлемдердің шекті мөлшері. Мысалы
2002жылғы Республика Бюджетінде еңбекақы мен зейнетақының минималды мөлшері
анықталып, бекітілген. Бұл құжатта ресми түрде басқа да көптеген
әлеуметтік кепілдіктер мен әлеуметтік қорғау механизмдердің мемлекеттік
нормативтері мен әлеуметтік даму индикаторлары анықталған.
Қазақстан үкіметінің 2001 - 2003 жылдарға арналған мемлекеттік
өндіріс саясатының негізгі бағыттары деп аталатын бағдарламасында жиынтық
ішкі өнім 2003 жылы 2001 жылмен салыстырғанда -124%, өндіріс көлемі -135%,
экспорт -130% , импорт 128% өндірісте жұмыс істейтіндер саны -150% өсетіні
мұнай белгіленіп отыр. Әлем нарығында 1998 жылдың 1-і жатысында мұнай мен
түсті металдар бағасы орта есеппен алғанда 20% төмендеген, ал алдағы
кезеңде қара металдар құймасына, түсті металдар түрлеріне және мұнайға,
сарапшылардың болжауына қарағанда, әлем нарығында сұраныс көлемі қысқара
түседі, баға деңгейі төмендейді екен. Осы жағдайға байланысты экономика мен
әлеуметтік даму ресурстары мен мүмкіншіліктерін Қазақстанның сыртынан емес,
өз ішінен, ұлттық өндіріс салаларының дамуынан іздестіру қажеттілігі
қалыптасып отыр. Әлеуметтік реформаларды жеделдету үшін нарықтық
экономиканың құқықтық Заң негіздері одан әрі жетілдіріп, дамыту қажет.
Әлеуметтік-экономикалық мақсаттар мен міндеттерді нақты жүзеге асыру үшін
әр түрлі деңгейдегі мемлекет мекемелері мен қоғамдық ұйымдардың күш
–жігерін жұмылдырып, қабылданған Заңдардың үстемділік етуін қамтамасыз ету
бір күндік науқан емес, қабылданған стратегиялық бағыт. Нарықтық шаруашылық
субъектілерінің, әр түрлі әлеуметтік топтардың және қарапайым қоғам
мүшелерінің экономикалық және әлеуметтік мүдделерін қорғайтын, оларды
қылмыстық элементтердің озбырлығынан арашалайтын, бюрократиялық
кедергілерге тосқауыл қойып, іскерлік пен белсенділікке жол ашатын заңдар
жүйесі алдағы 3 жыл ішінде толық жасалып, қабылданған. Нақты айтқанда 2003
жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы реформасының жаңа стратегиясына өту
басталды. Қазақстанда зейнетақымен қамсыздандырудың көп сатылы жүйесі
қалыптасуда. Ендігі уақытта болашақ зейнетақының қалыптасу жауапкершілігі
негізінен азаматтардың өздеріне және жұмыспен қамтамасыз етуші
кәсіпорындарға ауысады. Қазақстанда қабылданған зейнетақы реформасы
дамыған Батыс елдерінің өзінде әлі толық енгізілмеген, бірақ оның
қажеттілігі толық мойындалып отырған, өте күрделі де түпкілікті реформа
екенін атап айту қажет. Бұл реформаның түпкіліктілігі оның нарық
прициптеріне негізделгенінде жатыр.
1-ден, әрбір жеке адам табысының 10%-ін ай сайын таңдаған зейнетақы
қорына аударып отырады. Яғни, зейнетақымен қамсыздандыру негізінен
жұмыскердің жеке өзіне, оның тапқан табысына тікелей байланысты болмақ.
2-ден, Зейнетақы қорында жиналған қаражат капитал нарығында айналымға
шығып, иесіне дивидент түрінде табыс түсіретін болады. Зейнетақы қорлары
және ондағы жиналған қаражат, капиталға айналып, капитал нарығының құрамдас
бір бөлігін құрайтын болады.
3-ден, Зейнетақы қорлары несие беруші институт ретінде қызмет
атқаратын болады.
4-ден, Зейнетақы қорларында жиналған қаражат өндірісте капитал
ретінде пайдаланылып, ұлттық шаруашылықтың ішкі инвестициялық және даму
мүмкіншіліктерін кеңейтеді.
Жоғарыда айтып өткендей Қазақстанда соңғы жылдары БҰҰ-ң арнайы
агенттігінің демеушілігімен Халықаралық әріптестік орталығында адам дамуы
бойынша 5 рет қатарынан ғылыми – тәжірибелік конференция өткізілді. БҰҰ-ң
жанындағы агенттік әлемінің 174 елінде тұрғындардың өмір сүру жағдайын жан-
жақты зерттеп адам дамуының индексі деп аталатын статистикалық мәліметтер
бойынша қорытынды баяндамасын жариялап, жыл сайын арнайы конференциялар
өткізіп тұрады. АДК негізінен 4 интегралды көрсеткіштердің негізінде
есептеледі. Олар: тұрғындардың орташа өмір сүру ұзақтығын көрсететін
индекс, тұрғындардың орташа білім деңгейін абсолютті және салыстырмалы
түрде өлшейтін индекстер: Мысалы, Қазақстан тұрғындарының білім деңгейі
97,5% және бастауыш, орта және жоғарғы орындарындағы оқушылардың үлесі 67%;
бұл көрсеткіштер Қазақстанда орта есеппен тұрғындардың білім деңгейі 11,7
оқу жылына тең екенін білдіреді екен, ал білім алу индексі – 0,873. Бұл
көрсеткіштер осы күнге дейін өзгерген жоқ.
Бүгінгі күнде статистикалық агенттердің мәліметтері бойынша
мемлекеттік және мемлекеттіс емес оқу орындары саны өте көп. Олар: мектепке
дейін, жалпы білім алу мектептері, арнайы мамандырылған оқу орындары,
колледждер және жоғарғы оқу орындары.
2 кесте Білім берудің негізгі көрсеткіштері

2001 2002 2003 2004
Мектепке дейінгі мемлекеттік 924 923 956 954
ұйымдардың саны
Онда балалар, мың адам 108,2 117,1 124,6 132,0
жасқа сәйкес балалар санының 7,4 9,7 7,5 10,1
пайыздың өлшемде
Мектепке дейінгі ұйымдарға 81 84 86 91
кіретін балалар орнын
қамтамасыз ету
Күндізгі мемлекет жалпы білім 8091 8153 8240 8160
алу мектептің саны
Онда оқитын адамдар (мың ад) 3101,4 3229,1 3063,7 3093,7
Кешкі мемлекеттік жалпы білім 31 44 48 47
алу мектептер саны
Онда оқитындар, мың адам 24,3 25,5 24,6 24,5
Арнайы мамандандырылған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық құқық бұзушылықтан сақтандыру - қылмыстық саясаттың құрамдас бөлігі
Қылмыстық саясаттың негізгі бағыттары
Саясат қоғамдық құбылыс
«Қоғамдық білім негіздері»
Нарықтық экономикадағы табыстары
Қылмыстық саясаттың мазмұны мен оның қағидалары
Құқық және саясат
Үкіметтің макроэкономикалық саясатын талдау
Қазақстан экономикасындағы фискалдық саясат
Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық процестердегі мемлекеттің қаржылық саясаты
Пәндер