Мектептегі семинар сабағының білім дағдысын қалыптастырудағы маңыздылығын көрсету



Кіріспе
І Оқу сабақтарының бір түрі ретінде семинардың өзгешелігі
1.1 Қазақстан тарихының мектептік семинары және оған қойылатын талаптар
1.2 Семинарды өткізу формалары
ІІ Cеминар сабақтарын жүргізу әдістемесі
2.1 Семинар сабағының басталуы және оқушылардың сөйлеуіне қойылатын
талаптар
2.2 Баяндама және жарыс сөздерді талқылау
2.3 Семинар сабағындағы қорытынды сөз
Қорытынды
Пайдаланылған әдбиеттер тізімі
Сілтемелер тізімі
Қазіргі кезде қоғамымызда болып жатқан үлкен өзгерістер өскелең ұрпақтың шығармашылық қабілетін, терең де, жан-жақты ойлай білу, ойын толық жеткізе білу қасиеттерін дер кезінде аша білу,оқытылатын пәнге деген нағыз қызығушылығын тудыру мәселесі білім ордаларының алдында тұрған өзекті мәселелердің қатарынанорын алады.
Семинар сабағы қазірде алынған білімдерді пысықтау формасы ғана емес, ол сондай- ақ тыңдаушының өз бетінше ізденуінің, мәселені талдай алуының ең алғашқыдағдыларын қалыптастыру, ойлау қабілетін мазмұнды түрде одан әрі шыңдай түсу сияқты мәселелерді қамтиды. Осыған орай курстық жұмыстың негізгі мақсаты мектептегі семинар сабағының білім дағдысынқалыптастырудағы маңыздылығын көрсету.
Курстық жұмыстың міндеттері:
-Оқу сабақтарының түрі ретінде семинардың өзгешелігін анықтау
-Мектептегі семинар сабақтарын өткізудің негізгі формаларын айқындау
-Мектептегі семинар сабақтарына қойылатын талаптарды анықтау
-Семинар сабақтарын жүргізу әдістемесін айқындау
Курстық жұмыстың өзектілігі мен тарихнамасы:
Семинар сабағы өз атауын латынның seminarium деген сөзінен алған, ол қазақ тілінде "орда" немесе "білім ұясы" мағыналарын береді.
Тіпті антикалық дәуірдің өзінде білім берудің көбірек таралған түрі оқытушының оқушымен өзіндік бір ерекшелігі бар өзара әңгіме жүргізуі еді. Ежелгі авторлар Сократтың әдістемелік өнері туралы көп айтатын: Гректің ұлы философы Сократ өзінің әңгімелесіп отырған адамына сұрақ қою арқылы оны пікірталас тудыруға итермелейді және осы бастапқы жағдайдың негізсіз, сандырақ екендігіне көзін жеткізіп, оған дұрыс бағыт көрсетіп, белгілі бір нәтижеге кол жеткізеді. Осы жерден-ақ оқу процесінің қазір "семинар" деп аталатын формасының элементтерін байқауға болады. Ал Платон мектебінде оның шәкірттері өз бетінше ойлау арқылы мәселені шешуге, пікір сайысына, басқа да философиялык көзқарастарын талдауға машықтанды. Өзара сұхбаттасу, диалогтың қатысушыларының ой бәсекесіне түсуі Платонға шынайы және көркем түрде философиялық проблемаларды талқылауға мүмкіндік берді.
1. Тұрлығұл Т.Т. Мектепте Қазақстан тарихын оқытудың теориясы мен әдістемесі
Алматы, «Ғылым» 2003 - 256 бет
2. Хазіретәлі Тұрсын Мектепте тарихты оқыту әдістемесі
Алматы, «Дарын» 2004 - 156 бет
3. ҚұраловА., Айменов Ж., Шалдарбекова А. Семинар сабақтарын өткізудің жалпы
әдістемесі Шымкент 2000 - 8-9 бет
4. Көрсетілген еңбек 17-19 бет.
5. Кәменқызы Д. Семинар сабақ Қазақстан мектебі // №1 қаңтар 2006 – 71-73 бет
6. Тұрсынбеков А. Семинар сабағын кеңейтілген әңгіме түрінде өткізу // Қазақстан
тарихы №4 сәуір 2006 – 25-30 бет
7. Имашева Ә. Семинар сабақ // Қазақстан тарихы №9 қыркүйек 2006 – 29-30 бет
8. Ақназаров Б. Қазақстан тарихын оқыту әдістемесінің практикалық
сабақтарын мазмұндау // Қазақ тарихы №3 1999 -79-80 бет
9. Ақназаров Қазақстан тарихын оқыту әдістемесінің практикалық
сабақтарын мазмұндау // Қазақ тарихы №4 1999 61-63 бет
10. Қоянбаев Ж. Педогогика Алматы 2000 223 бет
10. Қасымбекова Г. Жалпы білім беретін қазақ орта мектептерінде Қазақстан
тарихын оқытуды қайта құру тұжырымдамасы. // Қазақ мұғалімі. № 3 1997 ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І Оқу сабақтарының бір түрі ретінде семинардың өзгешелігі
1.1 Қазақстан тарихының мектептік семинары және оған қойылатын
талаптар ... ... ..5
1.2 Семинарды өткізу
формалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 6
ІІ Cеминар сабақтарын жүргізу әдістемесі
2.1 Семинар сабағының басталуы және оқушылардың сөйлеуіне қойылатын

талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.2 Баяндама және жарыс сөздерді
талқылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
4
2.3 Семинар сабағындағы қорытынды
сөз ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
Пайдаланылған әдбиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .19
Сілтемелер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20

Кіріспе
Курстық жұмыстың мақсаты:
Қазіргі кезде қоғамымызда болып жатқан үлкен өзгерістер өскелең
ұрпақтың шығармашылық қабілетін, терең де, жан-жақты ойлай білу, ойын толық
жеткізе білу қасиеттерін дер кезінде аша білу,оқытылатын пәнге деген нағыз
қызығушылығын тудыру мәселесі білім ордаларының алдында тұрған өзекті
мәселелердің қатарынанорын алады.
Семинар сабағы қазірде алынған білімдерді пысықтау формасы ғана емес,
ол сондай- ақ тыңдаушының өз бетінше ізденуінің, мәселені талдай алуының ең
алғашқыдағдыларын қалыптастыру, ойлау қабілетін мазмұнды түрде одан әрі
шыңдай түсу сияқты мәселелерді қамтиды. Осыған орай курстық жұмыстың
негізгі мақсаты мектептегі семинар сабағының білім дағдысынқалыптастырудағы
маңыздылығын көрсету.
Курстық жұмыстың міндеттері:
-Оқу сабақтарының түрі ретінде семинардың өзгешелігін анықтау
-Мектептегі семинар сабақтарын өткізудің негізгі формаларын айқындау
-Мектептегі семинар сабақтарына қойылатын талаптарды анықтау
-Семинар сабақтарын жүргізу әдістемесін айқындау
Курстық жұмыстың өзектілігі мен тарихнамасы:
Семинар сабағы өз атауын латынның seminarium деген сөзінен алған, ол
қазақ тілінде "орда" немесе "білім ұясы" мағыналарын береді.
Тіпті антикалық дәуірдің өзінде білім берудің көбірек таралған түрі
оқытушының оқушымен өзіндік бір ерекшелігі бар өзара әңгіме жүргізуі еді.
Ежелгі авторлар Сократтың әдістемелік өнері туралы көп айтатын: Гректің ұлы
философы Сократ өзінің әңгімелесіп отырған адамына сұрақ қою арқылы оны
пікірталас тудыруға итермелейді және осы бастапқы жағдайдың негізсіз,
сандырақ екендігіне көзін жеткізіп, оған дұрыс бағыт көрсетіп, белгілі бір
нәтижеге кол жеткізеді. Осы жерден-ақ оқу процесінің қазір "семинар" деп
аталатын формасының элементтерін байқауға болады. Ал Платон мектебінде оның
шәкірттері өз бетінше ойлау арқылы мәселені шешуге, пікір сайысына, басқа
да философиялык көзқарастарын талдауға машықтанды. Өзара сұхбаттасу,
диалогтың қатысушыларының ой бәсекесіне түсуі Платонға шынайы және көркем
түрде философиялық проблемаларды талқылауға мүмкіндік берді.
"Семинар сабағының" одан әрі жетілген формасы Ежелгі Римде қалыптасады.
Марк Фабия Квинтилианның айтуынша, оқытушылар қатысушыларды разрядтарға
бөліп, оларды әрқайсысының қабілеттеріне қарай кезегімен сөйлеу мәнеріне
үйреткен. Олардың ортада тұрып сөйлегендеріне өзіндік пікірлер айтылды.
Оқушылардың арасында бәсеке, жарыс өрбіп, олар бірінші разрядка ұмтылды.
Разряд алу үлкен мәртебе болып саналды. Мұнда айта кететін мәселе, ежелгі
антикалық Греция мен Римде білім беруде біз қазір "лекция" деп атайтын оқу
формасы болмады. Ежелгі Римде, мысалы, оқытушы өз шәкірттерінің тікелей
алдына шығып әңгіме айтып тұрмайтын. Шәкірттер оқытушыларының тек сотта,
форумда халық алдында сөйлеген сөздерін тыңдауға қатысуға ғана
мүмкіншіліктері болды. Осы арқылы ұстаздар нақыштап сөйлеуді үйретіп,
болашақ коғамдық қайраткерлер үшін қажет білім бере алды.
Ортағасырлық Европада университеттік білім беру шіркеудің бақылауына
тәуелді бола отырып, білім берудің жаңа бір формасы-лекцияны шығарды.
Антикалык дәуірдегі сұхбаттасу арқылы оқыту тәсілі біртіндеп өз маңызын жоя
бастады. Ол кезде студенттердің практикалық сабағының басты мақсаты мен
негізгі міндеті ақиқатты іздеу емес, діни догмалардың қорғалуы мен олардың
негізін қалыптастыру еді. XIX ғ. екінші жартысында білім берудің тек
лекциялық формасы жеткіліксіз екендігі айқын бола бастады. 70 жылдары
Москва университетінің тарих-филология факультетінде практикалық сабақтар,
яғни атап айтқанда тарихи деректерді зерттеуге негізделген семинар
сабақтары өткізіле бастады. Практикалық сабақтар біртіндеп заң
факультетінде де жүргізіле бастады. Сабақтың мұндай жаңа формаларын сол
кездегі көптеген алдыңғы катарлы професорлар іздестіре бастады. Дегенмен
семинар сабағы оқу процесінің заңды формасы ретінде қарастырылмады және
профессорлардың көпшілігі мен студенттердің өздері де семинар сабағын
жеткілікті бағаламаған болатын.
XIX ғ. соңы мен XX ғ. бастапқы кезеңіндегі жаратылыстану ғылымдарындағы
революциялық өзгерістер студенттердің практикалық сабағын оқу процесіне
кеңінен ендіруді талап етті. Қазан төңкерісінен кейін 1917 ж. кеңестік
жоғары мектепте практикалық сабақтар (гуманитарлык ғылымдарда семинар деп
аталады) алғаш рет, лекциямен бірге ресми түрде танылды.
Ал Қазақстан Республикасының университеттерінде оқу процесінде
жүргізілетін сабақтарының негізгі формасы лекциялық және практикалық
(семинар ) сабақтар болып табылады. Мектептегі семинар сабағы және оған
қойылатын талаптар тақырыбында Тұрлығұл Т.Т. Мектепте Қазақстан тарихын
оқытудың теориясы мен әдістемесі (Алматы, Ғылым 2003ж),Хазіретәлі Т.
Мектепте тарихты оқыту әдістемесі (Алматы, Дарын 2004ж), Құралов
А.,Айменов Ж.., Шалдарбекова А. Семинар сабақтарын өткізудің жалпы
әдістемесі (Шымкент 2000ж) сынды еңбектерінде егжей-тегжейлі көрсетілген.
Курстық жұмыстың құрылымы:
Курстық жұмыс үш бөлімнен бірінші- кіріспе, екінші- қарастырылатын
мәселелер,үшінші- қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұра

І Оқу сабақтарының бір түрі ретінде семинардың өзгешелігі.
1.1 Қазақстан тарихының мектептік семинары және оған қойылатын талаптар
Семинар сабактары оқу орындарында білім берудін ең қызғылықты және
жемісті формасы. Мектеп жағдайында - деп жазды професор С.И. Зиновьев-
семинар сабағы әрбір тақырыпта ғылыми -зерттеу жүргізуші және сол берілген
мәселені немесе онымен айналысатын, ғылым саласын жетік білетін оқытушы
арқылы жүргізілетін практикалық сабақтың бір формасы. Семинар сол және
басқа пәнді тереңірек үйренуге және оқытылып отырған ғылым саласының
ерекшеліктерін қамтуға қатысты ғылыми әдістерді меңгеруге арналады.
Философия бойынша семинар- алдын ала бағдарламаны өңдеу нәтижесінде
мұғалім де, оқушы да, олардың тікелей және белсенді қатынасы жағдайында,
оқушының тақырыптың сұрақтарына байланысты дайындығы, олардың арасында
пайда болған пікірталас және сұрақтарды оқытушының талдап қорытындылауы,
танымдық және тәрбиелік сипаттағы әртүрлі мәселелердің шешімі жоғары
дәрежелі, білікті мамандардың калыптасуына аса қажет әдістемелік және
тәжірибелік дағдылардың пайда болуын қамтамасыз ететін сабақтың бір формасы
болып табылады.(1)
Тарих пәнінен оқушылардың алған білімін, қалыптасқан біліктерін одан
әрі дамыта түсу, тәрбиелілігін жақсарту мақсатында, соңдай-ақ олардьң талап-
тілегін қанағаттандырып, таным белсенділігін арттыра түсу үшін тарихты
оқытудың сабақтан басқа да түрлері қолданылады. Олар дидактикада ғылыми-
әдістемелік түрғыда дәлелденіп, мектеп тәжірибесінде көптен пайдаланылуда.
Бұлардың қатарына тарихты оқытудың мектептік семинары, мектептік лекциясы,
лабораториялық-практикалық т.б. формалары жатады.
Қазақстан тарихының мектептік семинары. Әдетте кейбір мұғалімдер
семинарды оқытудың конференция-сабақ, қайталау сабақтарымен шатастырады.
Ондай жаңылысуларға жол бермеу үшін төмендегі жағдайларды ескеру керек.
Семинарды конференциямен жаңылыстыру тәжірибеде кездесетін
қателіктердің бірі. Ұжымдық талқылаусыз семинар болмайды. Тағы бір қателік
— семинарды қорытынды-қайталау сабағымен жаңылыстыру: онда оқушылар тек
тақырыпта оқып үйренген материалға ғана сүйене отырып сөйлейді.
Үшінші қателік — семинарды лабораториялық-практикалық сабқтармен
шатастыру. Осы жағдайлар мектептік семинардың кейбір белгілерін атап
көрсетуді қажет етеді.
а) семинарға әзірлену барысында оқушылар жаңа шыққан әдебиеттерді,
алғашқы деректерді өздігінен оқып үйренеді; семинарда міндетті түрде жаңа
материалды да оқып үйрену көзделеді;
ә) семинарда жоспардағы негізгі мәселелер бойынша ұжымдық талқылау
жүзеге асады.
Сонымен семинардың алдында барлық оқушы өздігінше жұмыс істеулері
қажет. Тіпті, жекелеген оқушылар мұғалімнен ерекше, жеке тапсырмалар алған
күнде де, қалған оқушыларға өздігінен жүмыс істеуді және оны қорытындылауды
мақсат етеді.
Қазақстан тарихынан мектептік семинар 8-11 сыныптарда оқу жылында 3-4
рет үйымдастырылса жеткілікті. Алынған тақырыптың көлемі мен мазмұнына
қарай бір не екі сағаттық болып үйымдастырылуы мүмкін.(2)
Семинардың тақырыбын таңдағаңда төмендегілерді ескерген дұрыс.
1)Семинар көбіне енді оқытылатын жаңа тақырып бойынша ұйымдастырылады,
бірақ онда қарастырылатын бірқатар мәселелер оқушыларға бұрыннан таныс
болғаны тиімді.
2)Алынған тақырып білімдік, тәрбиелік, оқушылардың ойлау қызметін
дамытушылық жағынан маңызды әрі қызықтыратын болуы тиіс. Демек семинардың
өтіліп жатқан үлкен тақырыптың орта тұсында немесе соңғы жағында
ұйымдастырылғаны тиімді.
3) Барлық оқушыда оқулыққа қоса 2-3 қосымша әдебиет болуы керек.
4) Оқушыларда өздігінше жұмыс істеудің бірқатар біліктері қалыптасқан
болуы тиіс: қысқаша хабар, баяндама жасау, талқылауға қатысу, басқа адамның
жауабына пікір айту т.б.
Семинарды дайындауға және өткізуге төмендегідей әдістемелік талаптар
қойылады:
а) Семинардың болатыны 3-4 апта бұрын оқушыларға ескертіледі, қаралатын
мәселелер, міндетті және қосымша әдебиеттер тізімі беріледі. Бір сағаттық
семинарға 3-4 сүрақ жеткілікті;
ә) Оқушылардың келісімімен негізгі және қосымша баяндамашылар
белгіленгені дұрыс. Міндетті, қосымша әдебиеттерді оқушылардың бәрі оқиды,
оған қоса шағын кітапша не бір-бір мақала оқыса өте жақсы;
б) мұғалім баяндамашыларға кеңес-консультация береді, әдебиеттер
таңдауына, кітапханада каталогтар мен ғылыми, мемуарлық әдебиеттермен жұмыс
істеуіне, үзінділер, цифрлар, фактілер, сөздіктер алуына, библиография
жасауына көмектеседі;
в) мұғалімнің өзі де жақсы дайындалуы тиіс. Семинардың мақсатын дәл
анықтап, жоспарын ойланып жасайды, уақытты дұрыс пайдалануды жоспарлайды.
Ұсынылған әдебиеттердің бәрін өзі оқып шығады, кіріспе, қорытынды сөзін, әр
сұрақ бойынша сөйлейтін сөздерін күні бұрын ойланады.(3)

1.2 Семинарды өткізу формасы
Семинарды өткізудің формаларын таңдау түрлі факторларға, жағдайларға
байланысты: такырыптың мазмұнына сәйкестендіріліп көрсетілген және оқу
кұралдары мен деректердің сипатына қарай, сондай-ақ оның көлеміне,
дайындықтың деңгейіне, ұйымдастырылуына, семинар өткізілгелі отырған оқу
тобының белсенділігіне, оның мамандығы мен кәсіптік бағдарына, ең соңында
келіп, өткен сабақтарда қолданылған әртүрлі семинар формаларының
тәжірибесіне байланысты болады. Таңдалған семинар формасы оның барлық
қызметін түгел жүзеге асыруға мүмкіндік беруі қажет.
Оқу орындарында гуманитарлық пәндерден жүргізілетін практикалық
сабақтардың көптеген формаларын қарастыруға болады: кең ауқымдағы терең,
мазмұнды әңгіме, баяндама мен рефераттардың талқылануы, семинар-пікірталас,
түсіндірмелі оқу, өз бетінше ойлауға негізделген жаттығу, тәлімгердің
жетекшілігімен жүргізілген социологиялық зерттеулердің мәліметтері бойынша
семинар, жазбаша бакылау жұмысы, семинар-коллоквиум және т. б.(4)
Ал енді оқу орнында гуманитарлық ғылымдар бойынша семинар формаларының
әрқайсысына қысқаша тоқталайық.
Кеңейтілген әнгіме - семинар сабағының ең кен тараған формаларының
бірі. Ол бәріне бірдей көрсетілген міндетті түрдегі және қосымша әдебиеттер
арқылы оқушылардың сабақ жоспарының әрбір сұрағына дайындығын талап етеді;
оқушының өзінің оқу тобы алдында сабақ айтуы және олардың мәселені
талқылауға салуы, оқытушының жоспарындағы сұрақтар бойынша айтқаны мен
қорытындылауы. Кеңейтілген әңгіме жүргізу мәселені талқылауда оқушылардың
көпшілігін әңгімеге қатыстыруға мүмкіншілік береді, әрине, олардын
белсенділігін көтеруде басқа да барлық мүмкіншіліктерді қолдану қажет.
Семинар сабағында сөйлеген оқушыға және бүкіл топқа алдын-ала ойланып,
жүйеленген сұрақтар қою, сабақ айтып тақтаға шыққан әріптестерінің күшті
және әлсіз жақтарына оқушылардың назарын аударту, оқу процесі барысында
әрбір жаңа мәліметтерге оқушылардың ерекше көңіл аударуы және т.б. жатады.
Сонымен қатар, кеңейтілген әңгіме кезінде, оқушы өз деңгейінде
дайындалмаған болса, егер оқытушы сабақ айтатындарды, яғни кейбір
сұрақтардың жауаптарын өзі толықтырып және туралап отыруына тура келген
жағдайларда, оқушылардың енжарлық танытқан сәттерінде сабақ "сұрақ- жауап"
тәсіліне айналып кетуі ықтимал.
Кеңейтілген әңгіме кейде жеке оқушылардың кейбір қосымша сұрақтарға
байланысты алдын ала дайындалып, сабақ айтуын жоққа шығармайды. Мұндай
жағдайларда ол республикада қазіргі кездегі қажеттілік ретінде жүріп жатқан
өзгерістер туралы хабарлама болуы мүмкін, ауданнын, оқу мекемесінің, өздері
машықтанып жүрген ғылым саласындағы жаңалықтар, жаңа ғана басылып шыққан
кітап, мақала туралы айтылуы мүмкін. Бірақ мұндай хабарламалар оны талқылау
үшін емес, талқыланған мәселеге қосымша ретінде қарастырылады.
Семинар сабағын кеңейтілген әңгіме түрінде өткізуде Қазақстан
Республикасының ішкі Істер Министірлігі Академиясының кафедра доценті,
тарих ғылымдарының кандидаты А. Тұрысбековтың өткізген сабағына тоқтала
кетсем. Ол XV-XVII ғғ Қазақ хандығының құрылуы тақырыбынбағы семинар
сабағын кеңейтілген әңгіме түрінде өтуге шешім қабылдап, өз алдына бірнеше
міндеттерді шешуді мақсат етіп қояды. Біріншіден, қарастырылып отырған
тақырып Қазақстан тарихының тартысты кезеңдерінің бірінен болып саналады.
Сол себепті қатысушылардың көз қарастарын білу өте маңызды болып табылады.
Екіншіден, қазіргі тыңдаушылар Оқу Министірлігі өткізіп отырған біртұтас
емтихан тапсырушылар болғандықтан тест сұрақтарына берілген жауаптарында
Қазақ хандығының құрылған уақытын білуге олардың таңдаған варианттарын білу
де соңғы міндеттердің бірі емес. Үшіншіден, осы мәселе төңірегінде
кеңейтілген әңгіме өткізу, пікірталас тудыру болды. Сабақтың да негізгі
мақсаты осы тақырып бойынша алынған білімдерді меңгеріп,оны жан-жақты
сіңіре білу, тыңдаушылардың танымдық белсенділігін арттыру, оларды ғылыми
пікірталас тудыруға үйрету,өздерінің көзқарастарын нақты деректермен,
дәлелдермен қорғай алуы және көпшілік алдында сөйлей алу шеберлігін шыңдай
түсу. Сабақты өткізер алдында дайындық жұмысы жүргізіледі. Кеңейтілген
әңгіме түріндегі семинар сабағына оқушылардың барлығы түгел қатысады.
Оқытушының бұл сабақтағы міндеті, тақырыптың кеңейтігһлген арнамен өрбуін,
оған қатысушыларға сөз бере отырып, олардың міндеттерінің бағыт-бағдарын
айқындап, реті келгенде олардың оппоненттерінің де тақырыпқа қатысты өз
пікірлерін тоғыстыра отырып,түсінік беріп отыру. Төрешілер деп аталатын топ
әңгіме бағытын назардан тыс қалдырмауы керек, тақырыптан ауытқып барады
деген уақытта бір арнаға түсіріп отыру керек. Сабақ аяқталарда оқытушы
жалпы қорытынды жасап, әңгіме барысында қойылған сұрақтар мәні мен оның
жауаптарына түсінік беріп, қол жеткізген нәтижелерді атап көрсетеді.
Тыңдаушылар жауаптарының бәрін 5 балдық кестемен бағалайды.(5)
Семинар баяндамаларының жүйесі – оқушылардың алдын ала ұсынылған
тақырып бойынша дайындалу жүйесі; бұл оку процесінің жалпы мақсатынан
бөлек, оқушының ғылым дағдыларын, шығармашылық жұмысты меңгеріп, олардың
бойында дербес ой жүгірте алу қабілетін ашып, жаңа идеяларды, фактілер мен
мысалдарды іздестіруге талғамы мен дағдысын қалыптастыру болып табылады.
Талқылауға екі-үштен артық баяндама берілмейді. Оның оқылуы да 12-15
минуттан аспауы қажет (2 сағаттық семинарда). Кейде оқытушының немесе
оқушылардың ұсынысымен баяндамаға оппоненттер де белгіленеді. Мұнда
оппоненттер алдын ала баяндаманың мазмұнымен танысып шығады. Мұндай
семинардың да әдістемесінің әлсіз жағы бар. Баяндамашы, оппоненттен баска
оқушылар семинарға дайындықсыз келуі мүмкін. Баяндамашының өзі бір ғана
мәселені қарастырып келетіндігін де ұмытпаған жөн. Сондықтан әрбір оқушының
баяндамаға қосымша ретінде сөйлеуге, оппонент ретінде пікір айтуға дайын
болуын қадағалау керек. Оның үстіне кейде мұндай сабақ, оқушыларға әдеттегі
семинарда жасалған баяндама, аталмыш тақырыптан тыс мәселелерге арналған
және тақырыптан өзге мәселелерді қамтитын сияқты болып та көрінеді.
Кеңейтілген әнгімелесу мен баяндамашылар жүйесін шартты түрде дербес
форма ретінде қарастыра отырып, олардың арасындағы ұксастықтарды да
ажыратуға болады. Кеңейтілген түрдегі әнгімелесуде оқу тобы алдында сейлеу,
өте кең ауқымды материалдардың болуы және өз бетінше іздену жағдайларында,
іс жүзінде баяндамаға айналады. Семинар сабағының деңгейін көтеруге әрдайым
назар аударылуы қажет. Ал баяндама тақырыбы барынша алуан түрлі болады. Ол
семинар сабағының жоспары сұрақтарының жүйесіне сай келуі мүмкін. Әсіресе
семинар тақырыбы мазмұны жағынан қандай да бір ғылыми мақала немесе
монография туралы хабарлама-баяндама оқушылардың көбірек назарын аудартады.
Кеңейтілген әңгімелесуде оқу тобының барлығына консультация берген тәрізді
етіп баяндамашымен де жұмыс жасау керек.
Семинар сабағының бұл түрінде Шығыс Қазақстан облысы, Қатынқарағай
ауданы, Қатынқарағай ауылы Е.П.Рычков атындағы орта мектептің жоғары
санатты тарих пәнінің мұғалімі Әлия Имашеваның өткізген сабағына тоқтала
өтсек. Семинар сабағының тақырыбы Қазақстан Республикасының президенті
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Семинарды өткізуде алдын ала
оқушыларға тапсырмалар беріледі, баяндамалар дайындалады. Сабақтың мақсаты
Қ.Р-ның президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауының
стратегиялық мақсатын, маңызын түсіндіру, мазмұнын оқыту. Ал тәрбиелік
мақсаты Отан сүгіштік, азаматтық, ұлтжандылық тәрбиесі мен мамандыққа
баулу. Семинар барысында сынып оқушылары жеті топқа бөлінеді және эксперт
тобы осы әр топтың еңбегін, жұмысын, пікір-көзқарастарын талдайды,
көрнекілік әзірлейді. Семинар сабағы мұғалімнің кіріспе сөзімен басталып,
жеті топтың баяндамаларымен жалғасады. Бірінші топ Қазақстанның әлемдік
экономикаға ойдағыдай кіруі- елдің экономикалық дамуының сапалық
серпілісінің негізі, екінші топ Қазақстан экономикасын тұрлаулы
экономикалық өрлеудің іргетасы ретінде одан әрі жаңарту мен
әртараптандыру, үшінші топ Халықтың неғұрлым әлжуаз топтарын қорғайтын
және экономиканың дамуына қолдау көрсететін осы заманғы әлеуметтік саясат,
төртінші топ Осы заманғы білім беруді дамыту, кадрлардың біліктілігі мен
оларды қайта даярлауды ұдайы арттыру және қазақ халқының мәдениетінің одан
әрі өркендеуі, бесінші топ Демократияны одан әрі дамыту және саяси жүйені
жаңарту, алтыншы топ Осы заманғы қауіп –қатерлер мен қыр көрсетулерге
қарсы барабар ұлттық қауіпсіздік стратегиясын іске асыру, Қазақстанды
дамытуға өңірлік және әлемдік дамудың серпінін ескеретін теңдестірілген
және жауапты сыртқы саяси бағытта одан әрі іске асыру тақырыптарында
баяндама рефераттарын қорғайды. Мұнан соң эксперт тобы өз жұмысын жасайды.
Соңынан сабақты мұғалім қорытындылады. (6)
Рефераттар және оның талқылануы - соңғы кездерде гуманитарлық
ғылымдарды оқытуда семинар сабақтарында кеңінен қолданылады. Реферат
–оқушылардың қандайда бір философиялық мәселеге, сондай-ақ күнделікті
болып жатқан оқиғалардың философиялық тұрғыдан түсіндірілуі, оқытушының
жетекшілігімен жүргізілген социологиялық зерттеулерді талдауға арналған
жазба жұмысы. Ережеге сай оның мазмұны баяндамаға карағанда терең зерттелуі
керек, жеке ізденістерді өз бетінше ойлау және одан қорытынды шығарылуы
қажет. Рефератты семинарда оны дайындаған автордың өзі оқиды, кейде оны
алдын ала қатысушылар қарап шығады. Бұл варианттардың екеуін де қолдануға
болады, өйткені олардың әрқайсысының өзіндік артықшылықтары бар. Рефератты
дайындауға ұзақ уакыт қажет екі-төрт немесе одан да көп апта. Рефератты
үлкен бір тақырыптың соңғы семинарына қойған дұрысырақ болады, егерде
тақырыптың негізгі мәселелері алдын ала талқыланған болса.
Рефераттың әзірленуі – оқушының ғылыми - зерттеу жұмысына араласуының
негізгі бір түрі деуге болады. Реферат тақырыптары әдетте оқу жылы басында
бекітіліп, оқушыларға беріледі. Оқушылар кейде өздерінің қалаған
тақырыптарын да ұсынуына болады, егер ол өзектілігі жағынан, аталмыш
курспен мазмұны жағынан байланысты болса. Оқытушы оқушының құрған
жоспарымен танысады, жалпы тақырыпқа сәйкес берілген әдебиеттерден бөлек
тікелей қатысты басқа да жаңа әдебиеттер береді, реферат авторына кеңес
береді және ең соңынан дайын тексті, яғни дайындалып біткен баяндаманы
қарап шығады және рефератты автордың айтуы бойынша тандайды. Мұның соңғысы
студенттің мәнерлі оқи алуын, мазмұнды айтып шығуын, рефератты қалай қорғап
шығудың дұрыстығын меңгеруіне негізделеді. Егер оқушылар бірнеше рефераттар
жазып келген болса, онда оның әрқайсысын жеке- жеке талқылау қажет емес,
өйткені әрбір студент бар уақытын бір реферат дайындауға арнап, семинар
сабағының сұрақтарын қарастырмаған болуы мүмкін, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тарихты оқытудың зерттеу әдістері
Биология сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту
Педагогиканы оқыту әдістемесі Оқу құралы
Әдістеме және оқыту технологиясы
Кәсіби құзыреттілік және кәсіби құзыреттілік
Орта мектептегі оқытуды ұйымдастырудың негізгі түрі-сабаққа қойылатын негізгі талаптарды теориялық негіздеу
Cауат ашу әдістемесі пәнінен дәрістер
Қазақтың дәстүрлі қолөнерінің туындау негізі
Тіл дамыту жұмыстарының түрлері
Тіл дамыту жұмыстары
Пәндер