Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық пәнінен лекция жинағы



Тақырып №1 Әкімшілік құқық ұғымы.
Тақырып №2 Әкімшілік құқықтың қайнар.көздері
Тақырып № 3 Әкімшілік. құқықтық нормалар мен қатынастар
Тақырып№ 4 Тақырып: Әкімшілік құқытың субъектілері
Тақырып№ 5 Мемлекеттік басқарудың әдістері мен нысандары
Тақырып№ 6 Әкімшілік бұлтартпау шаралары
Тақырып № 7 Әкімшілік құқық бұзушылық.
Тақырып № 8 Әкімшілік жауапкершілік.
Тақырып№ 9 Әкімшілік жазалар
Тақырып № 10 Әкімшілік іс жүргізу.
Тақырып № 11 Мемлекеттік қызмет
Тақырып № 12 Әкімшілік құқықтық режимдер
Тақырып №13 Әкімшілік құқықтағы заңдылық
Құқықтың қай саласы болмасын оның пәні туралы мәселе оқулық пән ретінде, ғылым саласы ретінде қызықты да, күрделі. Көптеген ғалымдардың ой-пікірлері бойынша әкімшілік құқық мемлекеттік басқаруды жүргізу процессінде жинақталған қоғамдық қатынастарды реттейді. Әкімшілік құқықтың реттеу пәнін құрайтын қоғамдық қатынастар, мемлекеттік әрекеттердің түрінен оның ішінде мемлекеттік басқару әрекетінде шектелген. «Админстрация» термині латынның
«administratio» әкімшілік әрекет, басқару дегенді білдіреді. «Әкімшілік» сөзі бірнеше мағанада қолданылады. Мысалы, мекеме және кәсіпорын сяиқты. Әкімшілік құқық пәні басқару сипатындағы қоғамдық қатынастарды түсіндіреді. Демек «админстрация» яғни, әкімшілік басқару жөніндегі әрекет болса, онда «Әкімшілік құқық» осы әкімшілік әрекетті жүргізу процессінде жинақталатын қоғамдық қатынастарды реттейді. Демек, әкімшілік құқық мемлекеттік басқару аясындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін сала болып табылады.
Әкімшілік құқық мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру мен жүзеге асыруды қалыптастыру шеңберіндегі қоғамдық қатынастардың осы саласын зерттейді.
Басқару дегеніміз – адамдар ұжымының біріккен қызметіне жекетекшілік ету, оны бағыттап, ұйымдастыру. Сондықтан да әкімшілік құқықтың басқаша атауы басқару немесе басқару құқығы.
Әкімшілік құқық мемлекеттің әлеуметтік-мәдени және әкімшілік құрылысын басқару бойынша атқару – орындаушылық қызметі аясындағы қоғамдық қатынастардың кең шеңберін реттейді. Осы қоғамдық қатынастарға, ең алдымен ұйымдастырудың маңызы зор. Осы қоғамдық қатынастардың маңызды ерекшелігі мынада: оның қатысушыларының біреуі билік функцияларына ие болса, ал екіншілері оларға бағынып, олардың заңды талаптарын орындауға міндетті. Сондықтан бұл қатынастардың қатысушысы заңдылық тұрғыдан тең емес жағдайда, әкімшілік құқығының нормаларын реттелетін қоғамдық қатынастар билік пен бағыныштылардың қарым қатынасы болып табылады.
Әкімшілік құқық атқарушы билік органдарының (Үкімет, министрлер мен ведомстволар, өзге де орталық атқарушы органдар, әкімияттар, сондай-ақ басқа да жергілікті атқарушы органдар) қызметін ұйымдастырумен байланысты қатынастарды реттейді, олардың құрылымын, өкілеттіктері мен құзіретін, сонымен бірге олардың арасындағы өзара іс-қимылдарын анықтайды. Әкімшілік құқықпен сондай-ақ мемлекеттік билік органдарының азаматтармен жэне өздерінің кұзіреттеріне сәйкес мемлекеттік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауы барысында туындаған қатынастары, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықпен байланысты қатынастар реттеледі.
Әкімшілік құқық жалпы әмбебеп жинақталған актінің болмауымен сипатталады, мұның соңғысы құқықтың осы саласымен реттелетін қатынастар құрамының күрделі болуына байланысты. Әкімшілік құқықтың қайнар көздері болып Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, әкімшілік-құкықтық қатынастары нормалары бар жэне осы қатынастарды реттейтін өзге де заң актілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болатын халықаралық-құқықтық келісімдер болып табылады.

Ќ.А.Ясауи атындаѓы Халыќаралыќ Ќазаќ-Т‰рік Университеті

Зањ факультеті

Мемлекеттік-ќ±ќыќтыќ пєндер кафедрасы

Ќазақстан Республикасының әкімшілік құқық

пєнінен

лекция жинағы

Т‡РКІСТАН 2012

ҚР әкімшілік құқық пәнінен лекция жинағы Мемлекеттік-құқықтық пәндер
кафедрасының 2012ж. № мәжілісінде талқыланып мақұлданды.

Заң факультетінің Оқу-әдістемелік Кеңесінің 2012ж. №
мәжіліс хаттамасы негізінде бекітілген.

Пікір жазған: з.ғ.д., профессор Т.А.Ағдарбеков

Даханова Ж.О.
ҚР әкімшілік құқық пәнінен лекция жинағы

Әкімшілік құқық ғылымы мемлекеттік басқару сфсрасындағы
қатынастарды реттейтін құқықтық нормаларды зерттеп, мемлекеттік басқару
аппаратының құқықтық реттелу заңдылығын қарастырады. Ол басқару
қатынастарын талдап, мәнін ашып және тәжірибеде әкімшілік-құқықтық
нормалардың кең қолданылуын дәріптейді. Әкімшілік құқық ғылымы мемлекеттік
басқару объектілері мен субъектілерінің мәртебесін, басқарудың құқықтық
формалары мен әдістерін, мемлекеттік басқарудағы заңдылықты, тәртіпті
қамтамасыз ету тәсілдерін, әкімшілік процесс мәнін қарастырып, осылардың
ғылыми жақтары бойынша мәселелерді қозғайды.

КІРІСПЕ

Ќазаќстан Республикасыныњ Єкімшілік ќ±ќыќ пєнініњ жетекші жєне мањызды
ќ±ќыќ саласы.Ќазаќстан Республикасыныњ єкімшілік ќ±ќыѓы мемлекеттік
басќарудыњ негіздемелерімен байланысты мєслелерді ќамтиды, атќарушы
µкіметтіњ ж‰йесін ашады, сонымен ќатар жеке адамдардыњ мемлекетті
басќарудаѓы ролін кµрсетеді. Ол экономиканы мемлекеттік басќарудыњ
ќ±ќыќтыќ, єлеуметтік дамуы мен мєдениеттіњ, єкімшілік-саяси ќ±рылымдардыњ,
салааралыќ мемлекеттік басќарудыњ негіздерін, сонымен ќатар басќармалыќ
ќызметте зањдылыќты ќамтамасыз ету нысандары (формалары) мен єдістерін
оќытуды ќарастырады.

Ќазаќстан Республикасыныњ єкімшілік ќ±ќыќ ќазіргі заман талабына сай
білікті мамандарды даярлауѓа ‰лес ќосу. Сол маќсатта студенттерді басќару
саласындаѓы ќоѓамдыќ ќатынастарды реттелуін толыќ мењгеріп, ‰йрету.
Ќазаќстан Республикасыныњ Єкімшілік ќ±ќыќ негізгі міндеттері ретінде
оныњ дамуы мен ќатар басќа да ќаржылыќ, азаматтыќ ќ±ќыќтар мен ќатар µзініњ
ќ±ќыќтыќ негізін таныту болып табылады.

Тақырып №1 Әкімшілік құқық ұғымы.

Жоспар:
1. Әкімшілік құқық ұғымы.
2. Әкімшілік құқық - Қазақстан Республикасы құқық жүйесіндегі

негізгі саланың бірі.
3. Әкімшілік құқық - оқу пәні және ғылым ретінде.

1. Әкімшілік құқық ұғымы. Құқықтың қай саласы болмасын оның пәні
туралы мәселе оқулық пән ретінде, ғылым саласы ретінде қызықты да, күрделі.
Көптеген ғалымдардың ой-пікірлері бойынша әкімшілік құқық мемлекеттік
басқаруды жүргізу процессінде жинақталған қоғамдық қатынастарды реттейді.
Әкімшілік құқықтың реттеу пәнін құрайтын қоғамдық қатынастар, мемлекеттік
әрекеттердің түрінен оның ішінде мемлекеттік басқару әрекетінде шектелген.
Админстрация термині латынның
administratio әкімшілік әрекет, басқару дегенді білдіреді. Әкімшілік
сөзі бірнеше мағанада қолданылады. Мысалы, мекеме және кәсіпорын сяиқты.
Әкімшілік құқық пәні басқару сипатындағы қоғамдық қатынастарды түсіндіреді.
Демек админстрация яғни, әкімшілік басқару жөніндегі әрекет болса, онда
Әкімшілік құқық осы әкімшілік әрекетті жүргізу процессінде жинақталатын
қоғамдық қатынастарды реттейді. Демек, әкімшілік құқық мемлекеттік басқару
аясындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін сала болып табылады.
Әкімшілік құқық мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру мен жүзеге асыруды
қалыптастыру шеңберіндегі қоғамдық қатынастардың осы саласын зерттейді.
Басқару дегеніміз – адамдар ұжымының біріккен қызметіне жекетекшілік
ету, оны бағыттап, ұйымдастыру. Сондықтан да әкімшілік құқықтың басқаша
атауы басқару немесе басқару құқығы.
Әкімшілік құқық мемлекеттің әлеуметтік-мәдени және әкімшілік құрылысын
басқару бойынша атқару – орындаушылық қызметі аясындағы қоғамдық
қатынастардың кең шеңберін реттейді. Осы қоғамдық қатынастарға, ең алдымен
ұйымдастырудың маңызы зор. Осы қоғамдық қатынастардың маңызды ерекшелігі
мынада: оның қатысушыларының біреуі билік функцияларына ие болса, ал
екіншілері оларға бағынып, олардың заңды талаптарын орындауға міндетті.
Сондықтан бұл қатынастардың қатысушысы заңдылық тұрғыдан тең емес жағдайда,
әкімшілік құқығының нормаларын реттелетін қоғамдық қатынастар билік пен
бағыныштылардың қарым қатынасы болып табылады.
Әкімшілік құқық атқарушы билік органдарының (Үкімет, министрлер мен
ведомстволар, өзге де орталық атқарушы органдар, әкімияттар, сондай-ақ
басқа да жергілікті атқарушы органдар) қызметін ұйымдастырумен байланысты
қатынастарды реттейді, олардың құрылымын, өкілеттіктері мен құзіретін,
сонымен бірге олардың арасындағы өзара іс-қимылдарын анықтайды. Әкімшілік
құқықпен сондай-ақ мемлекеттік билік органдарының азаматтармен жэне
өздерінің кұзіреттеріне сәйкес мемлекеттік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл
жасауы барысында туындаған қатынастары, сондай-ақ әкімшілік құқық
бұзушылықпен байланысты қатынастар реттеледі.
Әкімшілік құқық жалпы әмбебеп жинақталған актінің болмауымен
сипатталады, мұның соңғысы құқықтың осы саласымен реттелетін қатынастар
құрамының күрделі болуына байланысты. Әкімшілік құқықтың қайнар көздері
болып Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының
әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, әкімшілік-құкықтық қатынастары
нормалары бар жэне осы қатынастарды реттейтін өзге де заң актілері, сондай-
ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болатын халықаралық-құқықтық
келісімдер болып табылады.
Әкімшілік құқық мемлекеттік билік органдарының билік-өкім басқару
өкілеттіктерімен сипатталады. Заңның негізінде және олардың құзіретіне
сәйкес қабылданатын шешімдер орындау үшін міндетті болып табылады. Ол
өзінің ішкі мазмұны жағынан олардың ерік беру - шешімдер жолданатын
адамдардың белсенді іс-әрекеттеріне құқық беру; тыйым салу -белгілі бір
әрекеттер жасаудан тартыну талабы, нұсқаулар, яғни белгілі бір әрекеттер
жөнінде адамдарға міндеттер жүктеу сипатында болуы мүмкін. Бұл өз
кезегінде, әкімшілік құқық саласының ерекшелігін дәлелдейді, бұл әкімшілік
құқықтық қатынастар субъектілері жағдайының бірдей маңызды болмайтынынан
көрінеді. Алайда, осыған қарамастан, әкімшілік-құқықтық қатынастарға
қатысушылар, мұның азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылар үшін сипатта
болатынындай тең болып табылмайды. бұл ұғым азаматтар мен заңды тұлғалардың
заңды құқықтары мен бостандықтарына қысым жасалады деген сөз емес.
Әкімшілік заңнамасында осы қатынастарға барлық қатысушылардың құқықтары мен
бостандықтарын қорғау кепілдіктері айтылады, олар азаматтар мен заңды
тұлғалардың, олардың арасындағы қатынастарындағы мемлекеттік органдар мен
уәкілетті адамдардың шешімдері мен әрекеттеріне шағым беру мүмкіндігіндей
кұзіретін айқын реттеуден көрінеді.
Сонымен әкімшілік құқық Қазақстан Республикасы құқық жүйесінің
құрамды буыны болып табылады. Әкімшілік құқықтың тағы бір маңызы мынада:
қаржы, банк, кеден, салық құқығы және басқалары сияқты құқық салаларының
жаңа ииституттарын кұру процессінде әкімшілік-құқықтық нормалар басқарушы,
әдістемелік орталық рольді атқарады, және олардың орнығуына, кешенді
институттар мен дербес салалар болып бөлініп шығуына көмектеседі. Әкімшілік
құқық бұзушылық туралы заннаманың міндеті адам мен азаматтың құқықтарын,
бостандықтары мен заңды мүдделерін, халықтың денсаулығын, санитарлық-
эпидемиоло-гиялық саулығын, қоршаған ортаны, коғамдық имандылықты,
меншікті, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, белгіленген тәртіпте жүзеге
асыратын мемлекеттік билікті, ұйымдардың заңмсн қорғалатын құқықтары мен
бостандықтарын әкімшілік құқық бұзушылықтан қорғау, сондай-ақ олардың
жасалуының алдын алу.
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы мемлекеттік басқарудың
негіздерімен байланысты мәселелерді қамтиды, атқарушы өкіметтің жүйесін
ашады, сонымен қатар жеке адамдардың мемлекетті басқарудағы рөлін
көрсетеді. Ол экономиканы мемлекеттік басқарудың құқықтық, әлеуметтік дамуы
мен мәдениеттің, әкімшілік-саяси құрылымдардың, Қазақстан Республикасы
салааралық мемлекеттік басқарудың негіздерін, сонымен қатар басқармалық
қызметте заңдылықты қамтамасьп ету нысандары (формалары) мен әдістерін
оқытуды қарастырады.
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы мемлекеттік басқару
жүйесі мен бұл саладағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу механизміне
түсінік береді.
2. Әкімшілік құқық - Қазақстан Республикасы құқық
жүйесіндегі негізгі саланың бірі. Белгілі құқықтанушы Алексеевтің
ойынша құқық миссиясы терең кажеттіліктерден туындаған.
Олар:
- азаматтық қағидаларды (принциптерді) қалыптастыру.
- басқарудағы түрлі мүдделердің ескерілуін қамтамасыз ету.
- автономды тұлғаның дербес мәртебесін (статусын) сақтау.
Бұлардың бірі әкімшілік құқыққа да қатысты. Қоғамдық
санада әкімшілік құқық атқарушы биліктің күштеу құралы ретінде қалыптасқан.
Әкімшілік құқық конституциялық қылмыстық құқықтар секілді дербес құқық
саласы болып табылады. Әкімшілік сөзі латынша басқару мағынасында,
сондықтан бұл саланы көбінс баскару құқығы деп те атайды. Сонымен
әкімшілік құық дегеніміз мемлекеттік басқару саласында, атқарушы
мемлекеттік органдар қызметін жүзеге асыру процессінде қаллыптасатын
қоғамдық катынастарды реттейтін заң саласы.
Әкімшілік құқықтық реттеу мемлекеттік басқару аясында
карастырылады, сонымен қатар әкімшілік құқық тұрғысынан басқару
мазмұнындағы қатынастар мәселесі көтеріледі.
Әкімшілік кұқық жалпы қоғамдық қатынастарды, оның ішінде әкімшілік
құқықтық реттелуін қарастырып, тәжірибеде әкімшілік-құқықтық нормалардың
орындалуын тақылайды және мемлекеттік басқаруда объектілер мен
субъектілердің құқықтық мәртебесін белгілеп, басқарудың құқықтық әдістері
мен нормаларын және олардың жүргізілу тәртібін айқындап, сонымен қатар
басқарушы мен басқарылушы тараптардың қызметін реттейді.
Әкімшілік құқықтың негізгі мақсат-міндеттері:
- қоғамның, мемлекеттік аппараттың, азаматтардың қауіпсіздігін
қамтамасыз етудегі басты құрал ретінде әкімшілік биліктің тиімді қызмет
етуіне жағдай жасау.
- атқарушы билікті демократиялық ұйымдастыру.
- атқарушы биліктің қалыптасуымен байланысты адамадар
мен олардың бірлестіктерінің құқықтары мен бостандықтарының
нығаюына оң әсер ету.
- азаматтар мен қоғамды - атқарушы биліктің бір жақты озбырлығынан қорғау.
- қоғамдық қатынастарды реттеу, нығайту,
- Конституция талаптарына сай немесе қоғамдық даму заңдарына сай жаңа
қоғамдық қатынастарды қалыптастыру.
- әкімшілік нормалармен, өзге де құқық салаларымен реттелген
қоғамдық қатынастарды қорғау.
- қоғам, мемлекет, азаматтар мүддесіне сай емес басқару саласындағы
қатынастарды ығыстыру.
3. Әкімшілік құқық - оқу пәні және ғылым ретінде. Қазіргі әкімшілік
құқық - құқық саласы ретінде құқық жүйесіндс жеткілікті деңгейде жеке тұлға
құқығын нығайтатын және оны әкімшілік үстемдіктен қорғайтын нормалар пайда
болған кезде қалыптасты. Әкімшілік құқық жәй ғана атқарушы биліктің еркін
ғана білдіріп қоймай, сонымен қатар үлкен құбылыс болып саналады.
Әкімшілік құқық - өте маңызды, әрі күрделі сала, өйткені мемлекеттік
әкімшіліктің қоғамдық мәні зор. Басқару қоғамның барлық саласында бар және
оның қызмет көлемі үлкен, мазмұны әр қилы.
Әкімшілік құқық - құқықтық нормалар мен институтардың біртұтас
жүйесі. Оларды біріктіретін қағидалары (принциптері), мақсаттары, реттеу
әдістері және пәні. Әкімшілік құқық әлеуметтік мүддеге қызмет ете отырып
өзге құқық салалары секілді өзінің зандық басымдықтары ретінде азаматтардың
кұқықтары мен бостандықтарын қарастырады. Қазақстан Республикасының
Конституциясында азаматтардың бұлжымас-абсолюттік құқық-тарының концепциясы
айқындалған.
Әкімшшік құқықтың басты мақсаты - мемлекеттік билік аппаратын заң
мүддесіне қызмет етіп, оның талаптарын орындауға бағыттау. Құқық салалары
өзара пәні, құқықтық реттеу әдістері бойынша ажыратылады. Зандық
әдебиеттерде әкімшілік құқықтың ғылым немесе пән ретінде қатынасы әлі де
таластар тудыруда. Әкімшілік құқық пәні дегеніміз оның нормаларымен
реттелетін қатынастар жүйесі. Әкімшілік құқық Қазақстан Республикасының
құқық жүйесіндегі жеке сала ретінде қоғамдьқ қатынастардың ерекше тобын
реттейді. Олар мемлекеттік басқару саласында пайда болып, дамып, жойылатын
қатынастар. Мұндай қатынастар әр қилы, әрі әкімшілік құқық пәнін құрайды.
Бұлар басқарушылық қатынастар деп аталады.
Әкімшілік құқық пәні шартты түрде екі бөлімнен тұрады:
1. Аппарат ішілік қатынастар. Мұнда мемлекеттік органдардағы
аппарат ішілік жұмыс әдістерін және формаларын,
қызметін ұйымдастыру нығайтылады.
2. Әкімшілік биліктің түрлі ұйымдармен, мекемелермен, азаматтармен
қатынасы.
Әкімшілік құқық пәні астарында басқару мазмұнындағы қатынастар жатыр. Бұл
қатынастардың түрлері:
- басқару органдары арасындағы көлбеу (вертикальды) қатынас (Қазақстан
Республикасы Үкіметі және Мининистрлік)
- басқару органдары арасындагы бағынушылық қатынас (аудандық әкімшілік
және жергілікті орган)
- басқару органдарының өздеріне бағынышты ұйым, бірлестіктермен
қатынасы (завод және министрлік).
Әкімшілік құқық пәнімен қоса әкімшілік құқық ғылымына тоқталып өтер
болсақ, әкімшілік құқық ғылымы заң ғылымының негізгі бөлігі болып саналады.
Ол әкімшілік құқықтың даму заңдылықтарын зерттсйді. Әкімшілік құқық ғылым
ретінде
әкімшілік-құқықтық құбылыстар туралы ұғымдар, категориялар және түжырымдар
жүйесі болып табылады.
Әкімшілік құқық ғылымы мемлекеттік басқару сфсрасындағы
қатынастарды реттейтін құқықтық нормаларды зерттеп, мемлекеттік басқару
аппаратының құқықтық реттелу заңдылығын қарастырады. Ол басқару
қатынастарын талдап, мәнін ашып және тәжірибеде әкімшілік-құқықтық
нормалардың кең қолданылуын дәріптейді. Әкімшілік құқық ғылымы мемлекеттік
басқару объектілері мен субъектілерінің мәртебесін, басқарудың құқықтық
формалары мен әдістерін, мемлекеттік басқарудағы заңдылықты, тәртіпті
қамтамасыз ету тәсілдерін, әкімшілік процесс мәнін қарастырып, осылардың
ғылыми жақтары бойынша мәселелерді қозғайды.
Осы зандылықтарды терең, әрі жан-жақты талдау нәтижесінде
әкімшілік-құқықтық нормаларды өзгертуге, реттеуге, бастысы олардың
тиімділігін көтеруге бағытталған ғылыми негізделген ұсыныстар, сілтемелер
жатқызылады. Әкімшілік құқық ғылымының да құқық саласы сияқты өзіндік
жүйесі бар және олар әкімшілік-құқықтық институттар арасындағы ішкі
байланыстар ішінде қалыптасқан. Әкімшілік құқық ғылымы сондай-ақ әкімшілік
құқықтың даму заңдылықтарын және оның өзге де теориялық мәселелерін
қарастырады. Жоғарғы деңгейде дамыған әлсуметтік, демократиялық елдерде
әкімшілік құқық қоғам дамуының ерекшелігін, деңгейін және басқару органдары
қызметінің шынайылығын көрсетеді. Қорытындылай келе .әкімішілік құқық
дегеніміз Қазақстан Республикасының әкімшілік-құқықтық нормаларымен жэне
нормативтік-құқыктық актілермен бскітілген, жалпыға міндетті нормалар
жүйесі.

1.Әкімшілік құқық:
А\ құқықтың жариялы саласына дұрыс
В\ құқытың жеке саласына
С\ жеке және жариялы құқықты қамтитын кешенді салаға
D\ халықаралық құқық саласына
Е\ мемлекеттік құқық саласына
2.Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығының пәні:
А\ мемлекеттік басқару саласындағы барлық қатынастар дұрыс
В\ тек құқық қорғау органдары арасындағы қатынастар
С\ жергілікті өзін-өзі басқару саласындағы қатынастар
D\ әкімшілік орган дар арасындағы қатынастар
Е\ мемлекеттік қызметкерлер арасындағы қатынастар
3. Мына атаулардың қайсы бірі әкімшілік құқығына бұрын тән болған:
А\ муниципалды құқық дұрыс
В\ жария құқық
С\ көпшілік құқық
D\ мемлекеттік құқық
Е\ полиция құқығы
4. Әкімшілік құқықтың әдістері:
А\ императивтік және диспозитивтік дұрыс
В\ тек императивтік
С\ тек диспозитивтік
D\ ерекше жағдайларда диспозитивтік
Е\ ерекше жағдайларда императивтік
5. Әкімшілік құқықтың жүйесі:
А\ жалпы және ерекше бөлім дұрыс
В\ жалпы және негізгі бөлім
С\ жалпы және арнайы бөлім
D\ жалпы және мамандандырылған бөлім
Е\ ерекше және арнайы бөлім
6. Әкімшілік құқық төменде аталған саласырдың қайсы біріне неғұрлым жақын:
А\ конституциялық құқыққа дұрыс
В\ азаматтық құқыққа
С\ қылмыстық құқыққа
D\ еңбек құқығына
Е\ қаржы құқығына
7. Әкімшілік құықтық нормалардың негізгі мақсаты:
А\ мемлекеттік басқару жүйесіндегі түрлі компоненттерді реттеу дұрыс
В\ адам мен азаматтардық конституциялық құқықтары мен бостандықтарын
бекіту
С\ сот орагдарында жалпы іс жүргізу тәртібін бекіту
D\ мемлекеттік органдардың конституциялық құқықтық мәртебесін айқындау
Е\ қоғамдық ұйымдардың конституциялық мәртебесін айқындау
8. Әкімшілік тік қатынастарға:
А\ ҚР Үкіметі мен облыстық әкімшілік арасындағы қатынастар жатады дұрыс
В\ ҚР Сыртқы Істер Минитрлігі мен ҚР Ішкі Істер Министрлігі арасындағы
қатынастар жатады
С\ ҚР Парламенті мен ҚР Үкіметі арасындағы қатынастар жатады
D\ ҚР Парламенті мен ҚР жоғарғы сотынының арасындағы қатынастар жатады
Е\ ҚР Үкіметі мен ҚР Жоғарғы соты арасындағы қатынастар жатады
9. Әкімшілік көлбеу қатынастарға:
А\ бірдей дәрежеде тұрған органдар арасындағы қатынастар жатады дұрыс
В\ жоғарғы тұрған орган мен төменгі тұрған орган арасындағы қатынастар
жатады
С\ жоғарғы тұрған орган мен жалпы мемлекеттік органдар арасындағы
қатынастар жатады
D\ жалпы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдары арасындағы
қатынастар жатады
Е\ құқық қорғау орагдарының арасындағы өзара қатынастар жатады
10. Әкімшілік көлбеу қатынастарға:
А\ ҚР Сыртқы Істер Минитрлігі мен ҚР Ішкі Істер Министрлігі арасындағы
қатынастар жатады дұрыс
В\ ҚР Үкіметі мен облыстық әкімшілік арасындағы қатынастар жатады
С\ ҚР Парламенті мен ҚР Үкіметі арасындағы қатынастар жатады
D\ ҚР Парламенті мен ҚР жоғарғы сотынының арасындағы қатынастар жатады
Е\ ҚР Үкіметі мен ҚР Жоғарғы соты арасындағы қатынастар жатады

Әдебиеттер:
1. Административное право РК. Общая часть Алматы Жеты жаргы 1996г.
2. Таранов А.А. Административное право РК. Особенная часть. Алматы Жеты
жаргы 1997г.
3. Уваров В.Н. Государственная служба. Алматы 1996г.
4. Конституция Республики Казахстан. Алматы 1995-98г.г.
5. Ибрагимов Х.Ю. Административное право. Алматы 2000г.
6. Бахрах Д.Н. Административное право. Учебник. М., БЕК. 1993г.

Тақырып №2 Әкімшілік құқықтың қайнар-көздері

Жоспар:
1. Әкімшілік құқықтық қайнар көздер түсінігі.
2. Әкімшілік құқықтық қайнар көздердің түрлері.

1. Әкімшілік құқықтық қайнар көздер түсінігі. Әкімшілік
құқықтың заңдық қайнар көздері – бұл әкімшілік-құқықтың нормалар
көрінісінің сыртқы нақты нысандары.
Әкімшілік құқықтың заңдық қайнар көздерінің түрлері :
- Әкімшілік шарт – нормативтік мазмұны бар әкімшілік құқықтың
нормалары қаралған құқық шығарушы субъектілердің арасындағы екі
немесе көп жақты келісімі.
- Әкімшілік прецедент - нақты заңдық іс бойынша шешім, ол
келешекте пайда болатын барлық ұқсас істер үшін міндетті болады.
- Құқықтық әдет-ғұрып – тарихи қалыптасқан және дағдыға айналған
мемлекеттің санкция берген мінез-құлық ережесі.
- Әкімшілік-құқықтық доктрина - әкімшілік-құқықтық мәселелер
жөніндегі ғылыми еңбектер, солардың негізінде әкімшілік-құқықтық
нормалар жасалады және нақты шешімдер қабылданады.
Нормативтік-құқықтық акт – құқық шығарушы құзыретті субъектілер
қабылдаған және әкімшілік құқықтың нормалары қаралған заңдық акт.
Нормативті актілерді негізгі және туынды түрлерге бөлу. Нормативті
актілердің негізгі түрлеріне мыналар жатады:
1. ҚР Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар;
2. ҚР Президенттің заң күші бар жарлықтары;
3. Парламент пен оның палаталарының нормативтік қаулылары;
4. ҚР Үкіметінің нормативтік қаулылары;
5. Конституциялық Кеңестің, Жоғарғы соттың, Орталық сайлау
комиссиясының нормативтік қаулылары;
6. ҚР миистрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың басқа
басшыларының нормативтік бұйрықтары;
7. Мемлекеттік комитеттердің нормативтік қаулылары, басқа да орталық
мемлекеттік органдардың нормативтік қаулылары;
8. Маслихаттар мен әкімдердің нормативтік құқықтық актілері.
Номативтік актілердің туынды түрлеріне:
1) Регламент, 2)Ереже, 3) Қағида, 4) Нұсқаулық.

1. Нормативтік құқықтық актілер - референдумда қабылданған өкілетті
орган немесе мемлекеттің лауазымды адам қабылдаған, құқықтық нормаларды
белгілейтін, олардың қолданылуын өзгертетін, тоқтататын немесе уақытша
тоқтата тұратын белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат. Нормативтік акт
- қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің негізгі құралы. Құқық нормасы
(құқықтық норма) - нормативтік кұқықтық актіде тұжырымдалған, көп мәрте
қолдануға арналған жэне нормативтік реттелген ахуал шеңберінде барлық
тұлғаларға қолданылатын жалпыға міндетті мінез-құлық ережесі.
2. Құқықтық салт-дәстүр деп қоғамдағы мемлекеттік билікке тәуелсіз
пайда болған тәртіптер жиынтығын айтуға болады, сонымен қатар оның
мемлекет пен құқықтың даму тарихында алатын орны ерекше. Бүгінгі күні ол
қайтадан кеңінен тарауда. 1994 жылғы 21 желтоқсанда қабылданған
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 3- бабында азаматтық құкықтың
қайнар көзі ретінде салт-дәстүр танылады деп көрсетілген.
3. Сот- прецеденті деп - белгілі бір іс бойынша сот қабыдаған шешімнің
тура сондай істерге қолданылуын айткымызға болады. Сот прецеденті әкімшілік
құқықтың қайнар көзі ретінде англо-саксон құқық жүйесінде кеңінен
қоданылады. Бірақ, құқықтың аталған қайнар көзі Қазақстанның құқық
жүйесіне тән емес.
4. Шарт - екі немесе одан да көп субъектілердің .арасындағы келісім,
құрамы мінез-құллық ережелерінен тұрады және тек қана осы субьектілер үшін
ғана міндетті. Шарт құқықтың қайнар көздерінің барлық талаптарына сай
келеді.
5. Сот тәжірибесін жалпылау немесе талдап қорыту - бұл бірдей және
көптеген нормалардың қатынасының нәтижесінде шығатын нақты істі шешу
барысында пайда болған құқықтық жағдай. Соттық тәжірибені жалпылау егер
Республиканың Жоғарғы Сотының Нормативтік Қаулысымен қаралса құқықтың
қайнар қайпар көзі болып табылады, сонымен қатар, құқық қабылдау және
құқықтық шығармашлық кызметінде зор рөл атқарады.
6. Ғылыми құқықтық доктрина — құқық және құқық ғылымы саласындағы
пайда болған қағидалар мен көзқарастар жүйесі. Құқықтық доктринаның негізгі
жағдайларымен байланысты мыналар іске асады:
• құқықтық әрекет;
• құқықтық нормаларды қолдану процесінде заң нормаларын
талқылау;
• құқықтағы кемшіліктерді толықтыру.
Іс жүзінде ғылыми құқықтық доктрина құқықтың қайнар көзі
функциясын атқарады, алайда оны бірқатар жағдайларға байланысты әкімшілік
құқықтьң қайнар көзі қатарына жатқызуға да болмайды.
Біріншіден, ғылыми доктринада нақты іс-әрекет тәртібіне сілтеме табу қиын,
бұл оны күнделікті әрекетте қолдануды қиындатады. Екіншіден, ғылыми
доктрина мемлекеттік билікпен арнайы қайнар көз ретіндс қабылданбайды,
сондықтан оның, шығарған шешімдерінің негізгі арнайы құқықтың қайнар көзіне
сілтемесіз заңды күші болмайды.
2. Әкіміпілік құқықтың қайнар көздерінің түрлері. Әкімшілік құқық
қайнар көздері негізінен 2 топқа белінеді:
1) нормативтік актілер;
2) әкімшілік келісімдер.
Нормативтік актілер негізінен Конституциядан, Мәжілістің жэне Сенаттың
заңдарынан, актілерінен; Президент актілерінен; Үкімет қаулысынан; Жоғарғы
Кеңес жэне Жоғарғы Сот қаулыларынан, атқарушы органдар қаулыларынан тұрады.
Ал әкімшілік келісім - Мемлекетаралық; Үкіметаралық; ведомствааралық;
аумақаралық келісімдерден тұрады.
Қазақстан Ресітубликасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда
референдум арқылы қабылданған болатын. Конституция әкімшілік құқықтың
қайнар көздерінің ішінде үлкен орын алады. Конституция құқық негізін
құрайды, сонымен қатар барлық әкімшілік құқық элемеиттерінің бағынуын
қадағалайды. Президент, парламент актілері негізінен Конституцияға сүйеніп
қабылданады. Олардан басқа әкімшілік құқық қайнар көздеріне тағы да
ведомствалардың, министрліктердің қаулылары да жатады. Қазақстан
Республикасы Конституциясының 69-бабына сәйкес бүкіл Республика
территориясында орындалуға тиісті Үкіметтің қаулылары да әкімшілік құқықтың
қайнар көзі болып саналады.
1. Әкімшілік құқықтың қайнар көздеріне:
А\ мемлекеттік органдардың барлық актілері дұрыс
В\ қоғамдық бірлестіктердің барлық актілері
С\ діни бірлестіктердің барлық актілері
D\ сот органдарының актілері
Е\ әкімшілік акітері жатады
2. Әкімшілік құқығының қайнар көздеріне:
А\ сот органдарының барлық актілері дұрыс
В\ сот орагандарының қылмыстық істер бойынша үкімдері
С\ сот органдарының азаматтық істер бойынша шешімдері
D\ жоғарғы соттың нормативтік қаулылары
Е\ жоғарғы соттың Пленумының қаулылары жатады
3. Әкімшілік құқықтың қайнар көздеріне:
А\ нормативтік құқықтық акті дұрыс
В\ сот прецеденті
С\ әкімшілік прецедент
D\ әдет-ғұрып
Е\ нұсқаулар мен ережелер жатады
4. Гипотезаның түрлері:
А\ абсолютті анық және қатынасты анық дұрыс
В\ абсолютті анық және баламалы анық
С\ баламалы және қатынасты анық
D\ абсолютті және салыстырмалы анық
Е\ қатынасты және салыстырмалы анық
5. Диспозиция бұл:
А\ тапсырма беру, тиым салу , рұқсат ету дұрыс
В\ жазалаудың түрлері
С\ жауаптылықтың негіздері
D\ жауаптылықтың негіздері
Е\ нормативтік актінің түрі
6. Санкция бұл:
А\ жазалау шаралары дұрыс
В\ тапсырма беру, тиым салу , рұқсат ету
С\ жауаптылықтың негіздері
D\ жауаптылықтың негіздері
Е\ нормативтік актінің түрі
7. Мемлекеттік басқару актілерінің негізгі белгісі:
А\ тек бір жақты шығарылады дұрыс
В\ екі жақты шығарылады
С\ көп жақты шығарылады
D\ жеке түрде шығарылады
Е\ көпше түрде шығарылады
8. Мемлекеттік басқару актілерінің негізгі белгісі:
А\ тек құзіретті органмен шығарылады дұрыс
В\ мемлекеттік мекемемен шығарылады
С\ мемлекеттік кәсіпорынмен шығарылады
D\ азаматтардың қатысуымен шығарылады
Е\ қоғамдық бірлестіктердің қатысуымен шығарылады
10. Мемлекеттік басқару актілерінің заңдық маңызына байланысты түрлері:
А\ нормативтік дұрыс
В\ қаулы
С\ шарт
D\ үкім
Е\ шешім
Әдебиеттер:
1. Административное право РК. Общая часть Алматы Жеты жаргы 1996г.
2. Таранов А.А. Административное право РК. Особенная часть. Алматы Жеты
жаргы 1997г.
3. Уваров В.Н. Государственная служба. Алматы 1996г.
4. Конституция Республики Казахстан. Алматы 1995-98г.г.
5. Ибрагимов Х.Ю. Административное право. Алматы 2000г.
6. Бахрах Д.Н. Административное право. Учебник. М., БЕК. 1993г.

Тақырып № 3 Әкімшілік- құқықтық нормалар мен қатынастар

Жоспар:
1. Әкімшілік – құқықтық нормар ұғымы.
2. Әкімшілік-құқықтық нормалардың түрлері.
3. Әкімшілік-құқықтық қатынастар ұғымы мен мазмұны.
4. Әкімшілік- құқықтық қатынастардың құрылымы мен түрлері.

1. Әкімшілік құқықтық нормалар ұғымы. Басқа құқық салалары сияқты,
әкімшілік құқық та заңды нормалардан тұрады. Жалпы пән мен әдістерді
біріктіру нәтижесінде әкімшілік-құқықтық нормалар институты құрылып, осы
негізде толық бекітілген салааралық жүйе калыптасады. Әкімшілік норма
түсінігі негізінен мынадай мағынада қолданылады:
1) заңды ережелермен басқару.
2) жариялық мүдде негізінде бекітілген ережелер арқылы басқару-
Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетілгендей мемлекеттік
биліктің бірден-бір бастауы - халық, халық билікті тікелей республикалык
референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін
жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді. (ҚР Конституциясы 3-бап, 1,2
- тармақ). Әдебиетте билік түсінігініц мәні - құқық негізінде өз еркін
басқа субъектілер арқылы орындату. Ертеде әкімшілік құқықтық нормалар жалпы
міндеттеуші сипатта болып, билікті белгілі бір орталықтан басқару керек
деген пікірге келді, себебі мемлекет қызметі біртұтас жүйе деп саналды.
Атқарушы биліктің институттарын құруда белгілі бір мақсатқа жету үшін
әкімшілік құқықтық нормалар көмегімен модельді ситуациялар туындайды. Яғни:
- субъектілердің құқықтары мен кепілдіктерін құқық
көмегімен бекіту мен дамытуды талап ету;
- өркенниетті нысанда даулы конфликтілерді шешу негізінде билік құрылымын
күшейту (мысалы, соттық реформаны жүргізу барысында сот ролі мен ықпалын
күшейту).
Әкімшілік құқық нормалары атқарушылық билікті жүзеге асырудың күрделі
процесстерімен байланыста болады. Биліктің шоғырланған сипаты билік пен
бағыныштылық арасындағы қатынастан көрініс табады. ҚР Конституциясын сәйкес
биліктің бірден бір көзі халық болып табылады, ол билікті тікелей өз
өкілдері немесе арнайы құрылған органдар арқылы жүзеге асырады.
Әкімшілік құқықтық нормасы – мемлекеттік басқару аясындағы
қатынастарды, сондай-ақ мемлекеттік қызметті жүзеге асыру процесінде пайда
болатын басқару сипаты бар қатынастарды реттейтін Қазақстан құқығының
нормасы. Әкімшілік құқық нормасының белгілері:
- Заңдық нормалардың бір түрі;
- Мемлекеттік – билік сипаты бар;
- өкілетті субъектілер қабылдайды;
- формалды белгіленгендігі;
- құрылымдық құрылуы;
- жалпы міндетті болуы;
- мемлекеттік басқару аясындағы (атқарушы билік механизмінің қызмет
атқару аясындағы) қатынастарды және өзге де аялардағы басқару
сипаты бар қатынастарды реттейді;
- мемлекеттік мәжбүрлеумен қамтамасыз етіледі.
Әкімшілік құқықтық нормалардың құрылымы мыналар:
- Диспозиция – тиісті мінез- құлықтың ережесі бар норманың бөлігі,
әкімшілік құқық субъектілері соны қолдануы керек.
- Гипотеза – нақты шарттарды көрсететін норманың бөлігі, солар
болғанда норма әрекет етеді.
- Санкция – диспозицияны бұзғанның нәтижесінде пайда болатын жағымсыз
салдарларды көрсететін нормалардың бөлігі.
Әкімшілік құқық нормаларының түрлері:
1. Реттейтін пәні бойынша-материялдық, процессуалдық болып бөлінеді;
2. Құқықтық функциялары бойынша – реттейтін, қорғайтын болып
бөлінеді;
3. Нұсқаманың мазмұны бойынша – міндеттейтін, тиым салатын, уәкілдік
ететін болып бөлінеді.
4. Кеңістікте қолданылуы бойынша – республикалық, аймақтық, әкімшілік
аумақтық бөліністік болып бөлінеді.
5. Тұлғалар тобы бойынша – жалпы күші бар, арнайы болып бөлінеді.

Әкімшілік-құқықтық нормалар дегеніміз — міндетті немесе кейде ерікті
түрде мемлекеттік басқару органдарымен қабылданган, ( яғни. атқарушы және
заңды) атқарушы билік саласында қоғамдық қатынастарды реттеуші ереже.
2. Әкімшілік-құқықтық нормалардың түрлері. Әкімшілік құқық нормалары
белгілі бір критерияларға байланысты жіктеліп (классификацияланып), бірнеше
түрлерге бөлінеді.
Әкімшілік құқық нормаларының ең күрделі түсінігі, яғни мәні мен
мазмұнын ашатын негізгі критерилер мыналар:
а) мазмұны;
б) субъектілердің мінез-құлқына әсер ететін әдістер;
в) белгілі бір мақсатты тағайындау;
г) белгілі бір ортада қолданылуы;
д) заңды күші;
г) қолданылу шегі (белгілі бір аймаққа, уақытқа, субъектілер тобына
қолданылуы).
Әкімшілік құқық нормалары мазмұны бойынша:
1. материалдық (қаржылық) нормалар
2. процессуалды болып екіге бөлінеді.
Материалдық нормалар - азаматтардың әкімшілік-құқықтық мәртебесін,
атқарушы билік органы мен ұйымдарды біріктіретін ережелер. Мысалы: атқарушы
билік органдары субъектілерінің қоғамға, тұлғаларға көрсететін заңды
түрдегі құзіреті.
Процессуалды нормалар - мемлекетпен бекітіліп, санкцияланған
материалдық нормаларды жүзеге асыру барысында және мемлекепік басқару
органдарының жаңа императивті актілерді шығарумен сипатталады. Процессуалды
нормалардың материалдық нормалардан айырмашылығы:
а) өзінің тағайындалуымен, яғни материалдық нормалар субъектілерінің
әкімшілік-кұқықтық мәртебесін тағайындаса, ал проссуалдық нормалар олардың
орындалуы мен міндеттелуін заңды түрде жүзеге асырады;
б) талап ету, яғни процессуалды нормалар, ең алдымен материалдық
нормалардың орындалуын талап етеді;
в) іске асыру, ягни әкімшілік-құқықтық материалдық нормалардың қабылдануын,
олардың жүзеге асырылуын талап ету арқылы іске асыру.
Процсссуалды нормалар материалдық нормалар сияқты классификациялау
дәрежесіне байланысты жіктеледі. Мысалы:
заңды күшіне байланысты, белгілі бір ортаға, яғни салаға байланысты және
т.б.
Субъектілердің мінез-құлқына әсер ететін әдістер:
1. міндеттеуші;
2. тыйым салушы ;
3. өкілдік беруші әкімшілік-құқықтық нормалар болып бөлінеді.
1. Міндеттеуші әкімшілік-кұқықтық нормалар - тұлғаның белгілі бір
ережелердің орындалуын міндеттеп, талап етуі. Мысалы, заңды
тұлғалардың міндетті түрде Әділет органдарында тіркелуі,
азаматтардың шағымдарын белгілі бір мерзімде басқару органдарының
қарастыру міндеттілігі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік салық
жүйесі мен бюджеті атты Президент Жарлығының 171-бабында салық
жүйесін міндетті түрде салық қызметкерлері атқарады.
2. Тыйым салушы әкімшілік-кұқықтық нормалар - норма көздеген
мақсаттан тыс белгілі бір іс-әрекеттердің орындалуына тыйым салып,
шектейді.
Тыйым салудың екі түрі бар:
а) жай тыйым салу;
б) арнайы тыйым салу.
Жай тыйым салу дегеніміз - әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар
істердің орындалуы мен жүзеге асуын шектеуі.
Арнайы шектеу дегеніміз - Қазақстан Республикасы Президенті заңының
174-бабында көрсетілгендей, салық қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін
өздерінің тікелей немесе жанама туыстығы бар салық төлеушілермен каржылық
мәселелерді шешуге шектеу қоюы.
3. Өкілдік беруіші нормалар - субъектілердің әкімшілік-
құқықтық қарым-қатынасында өз шешімі бойынша қатынастарды
жүзеге асыру, бірақ нормалардың сақталуын бұзбауы керек. Мысалы:
Қазақстан Республикасының банктері мен банк жүйесі туралы Президент
жарлығының 46-бабында былай делінген: егер Қазақстан
Республикасы Ұлттық банкі II дәрежедегі экономикалық
нормаларды бұзған жағдайда мынадай шаралар колданылады:
а) міндеттеуші хатты талап етеді;
б) банкпен жазбаша түрде келісім жасайды;
в) ескерту, сөгіс береді;
г ) жазбаша түрде береді;
Қолданылу шегіне байланысты:
а) жалпы міндетті;
б) ішкі жүйелік.
а) жалпы міндетті нормалар әкімшілік-құқықтық қатынасқа
түсетін барлық субъектілерден талап етіледі.
б) ішкі жүйелік нормалар белгілі бір атқарушы биліктің талап етуіне
байланысты қолданылуы.
Мекен-жайға байланысты: белгілі бір ұйым мен атқарушы билік
органдарының әкімшілік-құқықтық мәртебесін белгілеу арқылы бөлу, яғни
қоғамдық бірлестіктерге, мемлекеттік бірлестіктерге және азаматтарға
байланысты қолданылуы.
Сонымен корытындылай келе әкімшілік құқықтық нормалалар - бұл
конституцияда бекітілген белгілі бір қағидалар мен ережслердің жиынтығы. Ал
әкімшілік-құқықтық қатынастар бұл әкімшілік-құқықтық нормалармен
реттелген, мемлекеттік басқару саласындағы коғамдық қатынастар. Бұл екі
ұғым бір-бірімен тығыз байланысты, біріншісі мемлекет бекіткен қағидалар
мен ереэжелердің жиынтығы болса, сол ережелер құқықтық қатынастарды
реттеп басқарып отырады.
3. Әкімшілік-құқықтық қатынастардың ұғымы мен мазмұны. Әкімшілік-
құқықтық қатынастар - әкімшілік-құқықтық нормалармен реттелгген,
мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастар. Атқарушы билік
органдары өз қызметі барысында түрлі субъектілермен өзара әрекет жасайды.
Көп жағдайда олардың мүддесі бір-біріне сәйкес келмейді. Бұл сәйкесіздік
азаматтар, ұйымдар, органдар тарапынан ортақ қатынастарды реттеуге,
жүйелеуге ұмтылдырады. Осы тұрғыдан әкімшілік құқықтың субъектілері заң
алдында тең. Әкімшілік-құқықтық қатынастардың мақсаты тұрақты заңмен
қарастырылған қатынастар жүйесін қамтамасыз ету және қатынастыр барысында
субъектілердің әр түрлі мүдделері мен қажеттіліктерін қамтамасыз ету.
Әкімшілік-құқықтық қатынастар субъектілердің өз құқықтары мен міндеттерін
ерікті түрде орындауға бағьтталған. Басқару органы өзінің биліктік
өкілеттіліктеріне қарамастан өздерінің қызметтерінде мемлекет және оның
мүддесін көздейді. Әкімшілік-құқықтық қатынастардың қатысушыларының бірі
құқық бұзушылық жасаса, нормаларды бұзса, мемлекет алдында жауапқа
тартылады. Ал, бұл жағдайды әкімшілік тәртіп реттейді. Әкімшілік-құқықтық
қатынастар түрлі тараптардың өз құкықтары мен міндеттерін орындау барысында
туындайды жэне ол нақты ережелермен процедураларға негізделген. Әкімшілік-
құқықтық қатынастардың қатысушыларының құқықтары мен міндеттерін өзінше
өзгерту мүмкіндігі шектелген.
4. Әкімшілік құқықтық қатынастардың құрылымы мен түрлері.
қатынастардың құрылымы және түрлері. Әкімшілік-құқықтық қатьнастардың
өзіндік құрылымы бар, ол субъект (қатысушы) - құқықтық қатынасқа қатысушы
нормаға сай құқықтармен міндеттерге ие тұлға. Құқықтық қатынастардың
бағытталған мақсаты оның мазмұнын құрайды, сол бағытталған мақсатқа жету
барысында құқықтық қатынастар туындайды.
Материалдық мазмұны - бұл тұлғаның нақты әрекеті, бұны орындау
барысында тараптардың құқықтары мен міндетгері жүзеге асады. Заңдық мазмұны
бұл субъективтік құкықтар мен міндеттер болып табылады. Әкімшілік-құқықтық
қатынастардың пайда болуы, өзгеруі, жойылуы заңдық катынастарға
негізделген. Заңдық фактілер - тараптар арасында нақты құқықтық қатынас
тудыратын нормамен бекітілгсн жағдай. Әрекет - субъектінің ез еркін білдіру
актісі, ол өз кезегінде заңды жэне заңсыз болып екіге бөлінеді. Оқиғанын
әрекетке қарағанда ерекшелігі - ол субъектінің еркіне бағынбайды. Бұған
адамның дүниеге келуі, қайтыс болуы және т.б. жатқызуға болады. Әкімшілік-
құқықтық катынастар заңдық сипаты бойынша тік (вертикалді) және көлбеу
(гаризонталді) болып бөлінеді. Тік әкімшілік құқықтық қатынастар әкімшілік-
құқықтық реттеудің және мемлекетті басқару қызметіне тән субъсктілср мен
объсктілер арасындағы бағыныштылық байланыстың мәнін білдіреді. Көлбеу
құқықтық қатынастардың көбінесе тіке қатынастарға алғы шарт болатыны
тәжірибеден белгілі.
Қорытындылай келе, жалпы қоғамда әкімшілік нормалар мен қатынастар
болмай, қоғамның дамуы мүмкін емес сияқты, өйткені әкіміпілік құқыктық
нормалар бекітілуі арқылы қоғамда тәртіп орнайды. Ал, әкімшілік құқықтық
қатынастар тек биліктік өкілеттілікке ие болып қана қоймай, сонымен қатар
әкімшілік құқытың субъсктілерінің түрлі қажеттіліктері мен мүдделерін
қорғап, құқықтық қатынастарды тұрақтандырады.

1. Әкімшілік құқықтық нормалардың құрылымы:
А\ гипотеза, диспозиция, санкция дұрыс
В\ диспозиция және санкция
С\ гипотеза және диспозиция
D\ санкция және гипотеза
Е\ тек диспозиция
2. Әкімшілік құықтық нормалардың негізгі мақсаты:
А\ мемлекеттік басқару жүйесіндегі түрлі компоненттерді реттеу дұрыс
В\ адам мен азаматтардық конституциялық құқықтары мен бостандықтарын
бекіту
С\ сот орагдарында жалпы іс жүргізу тәртібін бекіту
D\ мемлекеттік органдардың конституциялық құқықтық мәртебесін айқындау
Е\ қоғамдық ұйымдардың конституциялық мәртебесін айқындау
3. Әкімшілік құықтық нормалардың негізгі мақсаты:
А\ басқару және бағыну жүйелері арасындағы тиімді компоненттерді реттеу
дұрыс
В\ адам мен азаматтардық конституциялық құқықтары мен бостандықтарын
бекіту
С\ сот орагдарында жалпы іс жүргізу тәртібін бекіту
D\ мемлекеттік органдардың конституциялық құқықтық мәртебесін айқындау
Е\ қоғамдық ұйымдардың конституциялық мәртебесін айқындау
4. Әкімшілік құқықтық нормалардың түрлері:
А\ ерік беруші, тиым салушы және міндеттеуші дұрыс
В\ ерік беруші және тиым салушы
С\ тиым салушы және міндеттеуші
D\ міндеттеуші және тиым салушы
Е\ тек міндеттеуші нормалар
5. Реттеу пәніне байланысты әкімшілік құқықтық нормалар қандай түрлерге
бөлінеді:
А\ материалдық және процессуалдық дұрыс
В\ міндеттеуші және тиым салушы
С\ ерік беруші және міндеттеуші
D\ тиым салушы және ерік беруші
Е\ тек материалдық және ерекше жағдайларда процессуалдық
6. Тапсырма сипатына байланысты әкімшілік құқықтық нормалар қандай
түрлерге бөлінеді:
А\ міндеттеуші , тиым салушы және ерік беруші дұрыс
В\ материалдық және процессуалдық
С\ ерік беруші және міндеттеуші, реттеуші
D\ тиым салушы және ерік беруші, реттеуші
Е\ тек материалдық және ерекше жағдайларда процессуалдық
7. Уақыттағы әрекетіне байланысты әкімшілік құқықтық нормалар қандай
түрлерге бөлінеді:
А\ жедел және шексіз дұрыс
В\ жедел және мерзімді
С\ мерзімді және мерзімсіз
D\ жедел және уақытша
Е\ тұрақты және уақытша
8. Әкімшілік құқықтық қатынастардың түрлері:
А\ тік және көлбеу дұрыс
В\ тек тік
С\ тек көлбеу
D\ ар алас қатынастар
Е\ құрмалас қатынастар
9. Әкімшілік құқықтық қатынастар мазмұнына байланысты қандай түрлерге
бөлінеді:
А\ материалды және процессуалды дұрыс
В\ тек тік
С\ тек көлбеу
D\ тік және көлбеу
Е\ тек процессуалды
10. Әкімшілік құқықтық қатынастар заңды айғақтардың сипатына байланысты
қандай түрлерге бөлінеді:
А\ заңды айғақтар және заңсыз айғақтармен пайда болатын қатынастар дұрыс
В\ деликттерден пайда болатын қатынастар
С\ қылмыстарға байланысты пайда болатын қатынастар
D\ тек заңды айғақтарға байланысты пайда болатын қатынастар
Е\ тек заңсыз айғақтарға байланысты пайда болатын қатынастар

Әдебиеттер:
1. Административное право РК. Общая часть Алматы Жеты жаргы 1996г.
2. Таранов А.А. Административное право РК. Особенная часть. Алматы Жеты
жаргы 1997г.
3. Уваров В.Н. Государственная служба. Алматы 1996г.
4. Конституция Республики Казахстан. Алматы 1995-98г.г.
5. Ибрагимов Х.Ю. Административное право. Алматы 2000г.
6. Бахрах Д.Н. Административное право. Учебник. М., БЕК. 1993г.

Тақырып№ 4 Тақырып: Әкімшілік құқытың субъектілері

Жоспар:
1. Жеке тұлғалар әкімшілік құқық субъектілері ретінде
2. Қоғамдық (коммерциялық емес) ұйымдар
3. Діни бірлестіктер
4. Жастар және балалар бірлестіктері
5. Қазақстан Республикасының Президенті
6. Қазақстан Республикасының Үкіметі
7. Орталық атқарушы органдар
8. Жергілікті атқарушы органдар
9. Ұйымдар әкімшілік құқық субъектілері ретінде

1. Жеке тұлғалар әкімшілік құқық субъектілері ретінде. Аталған
тақырыпты жалпы алар болсақ, біріншіден, „Әкімшілік құқығының субъектісі”
мен „Әкімшілік құқықтық қатынастардың субъектісі” ұғымдарының мазмұнын аша
отырып, олардың ерекшеліктеріне сипаттама беру қажет. Әкімшілік құқығының
субъектісі ретінде азаматтар, қоғамдық және басқа коммерсиялық емес ұйымдар
мен олардың қызметкерлері, атқарушы билік пен мемлекеттік басқару органдары
мен олардың қызметкерлері, мекемелер, кәсіпорындар мен еңббек ұжымдары
жатады. Олардың әкімшілік құқықтық қатынастардың субъектілерінен
ерекшеліктері олар ұзақ мерзімде әкімшілік қатынастарға қатыстпаулары
мүмкін. Ал, әкімшілік құқықтық қатынастардың субъектілері әрқашанда
белгілі, яғни олар белгілі құқықтар мен міндеттерге ие әкімшілік құқықтық
атынастардың қатысушылары, құқықтық қатынастардың тараптары. Сонымен
қатар, әкімшілік құқықтың субъектілері төменде аталған 3 талап орындалған
жағдайда ғана, әкімшілік құқықтық қатынастардың субъектісі бола алады.
Яғни, әкімшілік құқытық қатынастардың субъектілері болу үшін:
• Субъектінің құқықтыры мен міндеттерін қарастыратын әкімшілік құқытық
норма болуы керек;
• Субъектінің әкімшілік құқықтыққабілеттігі және әрекет қабілеттігі
болуы керек;
• Әкімшілік құқытық қатынастарды тудыратын, өзгертетін немесе жоятын
негіздер, яғни заңды айғақ болуы керек.
Азаматтардың әкімшілік-құқықтың мәртебесін қарау, әдетте, бір
жақты реакция тудырмайды. Қайта құру даурықпасы және мемлекеттіліктің
егемендігінің ныгаюы азамат пен мемлекеттің артықшылыгы немесе формалды
теңдігі туралы орынсыз үміт тудырды. Дәстүрлі "азамат" үғымы ешқандай
өзгеріске ұшыраған жоқ және мемлекет пен оның аумағында туган немесе сонда
азаматтық алған азамат арасындағы заңдық байланыс бұрынғы мәнін сақтауда,
бірақ азаматтықты танудағы шешуші рөлдің мемлекетке берілгендігін ұмытпаган
жөн.
ҚР азаматтарының әкімшілік құқықтық мәртебесі, олардың ҚР
Конституциясымен, „ҚР азамттығы туралы” ҚР заңымен және басқа нормативті
актілермен бекітілген азаматтардың жалпы құқытық мәртебесінің құрамдас
бөлігі болып табылады. Әкімшілік-құқықтық мәртебенің құрылымы мына
элементтерден тұрады: әкімшілік құқықтық субъектілік, әкімшілік құқықтық
қабілеттілік және әрекет қабілеттілік; азаматтардың құқықтары мен
бостандығына әкімшілік-құқықтық кепілдік. Әкімшілік құқықтық қабілеттік бұл
азаматтардың белгілі құқықтар мен міндеттерге ие болуы, сонымен қатар
олардың аталған құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру барысында белгілі
жауаптылыққа ие болуы. Әкімшілік құқықтық қабілеттік жалпы ережелерге
сәйкес азаматтың дүниеге келуімен пайда пайда бола отырып, оның өмірінің
аяғына дейін сақталады. Әкімшілік әрекет қабілеттік бұл азаматтардың өз
әрекеттерімен өздеріне белгілі құқықтар мен міндеттерді пайда етуі.
Әкімшілік әрекет қабілеттік келесі түрлерге бөлінеді:
а) толық әрекет қабілеттік азаматтың 18 жасқа, яғни кәмелетке толуымен
басталады;
ә) толық емес шектеулі әрекет қабілеттік азаматтың 16 жасқа толуымен
басталады;
б) жартылай әрекет қабілеттік азаматтың 14 жасқа толуына байланысты
басталады.
Әкімшілік құқықтық субъектілік бұл азаматтың белігілі әкімшілік
құқытық қатынастарға қатысуышы болуының мүкіндігі, яғни әкімшілік құқықтық
қабілеттік пен әрекет қабілеттіке ие болуы. Әкімшілік құқытық субъектілік
өз тарапынан келесі түрлерге бөлінеді.
а) 18 жастан басталатын жалпы әкімшілік құқықтық субъектілік;
ә) арнайы әкімшілік құқықтық субъектілік - кейбір әкімшілік құқықтық
қатынастар үшін субъектінің белгілі жасқа немесе белгілі лауазымға ие болуы
қажет. Мысалы: Парламент депутаты немесе судья болу үшін азамат 25 жасқа
толуы қажет.
б) салалық құқықтық субъектілік , яғни салалық әкімшілік
құқықтық қатынастарға қатысушы болуға қабілеттілік;
Жоғарыда аталған азаматтардың әкімшілік құқықтық субъектілігінің
негізі, яғни азаматтардың құқықтары мен міндеттері келесі түрлерге
бөлінеді:
• Жалпы құқықтар мен міндеттер – азаматтардың мемлекетік басқару
жүйесіндегі жалпы құқықтық жағдайын белгілейді.
• Арнайы құқықтар мен міндеттер – азаматтардың мемлекеттік басқару
жүйесінің белгілі бір саласындағы құқықтық жағдайын реттейді
Азаматтың құқығы мен бостандығын тек заңдар ғана шектейді және
олар конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамдардың құқығы
мен бостандығын, халықтың денсаулығы мен өнегесін сақтау үшін қажетті
мөлшерде ғана шектеледі.
Біріншіден, қызметтің кез-келген формасы, адам одан бойын аулақтатпауы
үшін, еріктілікпен және еркін таңдалған болуға тиіс.
Сондықтан да, құқықтық мәртебенің орталық элементі адамның мойындалған
абсолюттік және ажыратылмас құқықтары мен бостандығы болуға тиіс, олар
нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуын анықтайды.
Екіншіден, құқықтың көптеген салалары өзара байланыста болғандықтан,
әкімшілік-құқық нормалары, едәуір шамада фактілерді растауға, құқықтар мен
міндеттерді шешуге және жүзеге асыру тәртібіне бағдар алған. Яғни, билік
органдарының қатысуы едәуір, себебі олар (органдар, лауазымды адамдар)
өздерінің әрекеттерімен азаматтардың құқықтық субъектілігін растайды.
Үшіншіден, әкімшілік және құқықтың басқа да салалары азаматтардың
мұқтаждығын қанағаттандырудың (материалдық, ақпараттық және басқа) жеке
дара немесе ұжымдық формасын анықтайды.
Азаматтар құқықтарының және бостандығының ұйымдық, құқықтық және
басқа (әлеуметтік және т.б.) кепілдіктері әкімшілік-құқықтық мәртебенің
элементтері болып табылады. Әкімшілік-құқықтық нормалар азаматтар мен
мемлекеттің өкілетті органдары арасында қалыптасатын нормаларды реттейді
деп бұрын айтылган болатын. Осыған байланысты мынадай заңдылыққа назар
аударайық. Қатынастардың тұрақтануында қандай да бір ыңғайсыздық тудыратын,
атқарушы билік органдарының (министрліктер, ведомостволар, агенттіктер)
құры-лымындағы жиі өзгерістің болуы мемлекет пен азаматтардың маңызды
сұранымдарын қанағаттандыра алатындай орган құруға талпыныс екендігін
көрсетеді. 1999 жылғы 23 шілдедегі "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан
Республикасының Заңы да "азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын,
бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтаудың және қорғаудың қамтамасыз
етілуін, азаматтардың шағым-арыздарының заңда белгіленген тәртіпте және
мерзімде қаралуын, олар бойынша тиісті шаралар қабылдануын мемлекеттік
қызметкерлердің негізгі міндеттері ретінде қарастырады.
Басқарудың барған сайын басқарушылық қызмет көрсету, азаматтардың
мүдделерін қамтамасыз ету өрісіне айналып бара жатқанын ескерсек, атқарушы
билік құрылымдары алдағы уақытта да өзгеріске ұшырап отырады. Мысалы,
"Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының конституциялық заңы
азаматтардың құқықтары мен бостандығын қамтамасыз етудің қосымша
кепілдіктерін қарастыратын бірқатар жаңа ережелер енгізді:
1) Үкімет антының мазмұны қоғамның дамуына көмек ету, Қазақстан халқының
мүддесін дұрыс білдіре алу міндеттемесімен байланысты;
2) Үкімет мүшелері өз өкілеттігі шегінде өз бетімен шешім қабылдауға құқылы
және өзіне бағынышты мемлекеттік органдардың жұмысы үшін немесе тапсырылған
жұмыс учаскесі үшін Премьер-министр алдында жекелей жауап береді;
3) ҚР Үкіметінің құрамына кіретін де, кірмейтін де мемлекеттік басқару
органдарының тізімдемесі, сол органдар жүйесін жетілдіруге бағдар алған
(Қазақстан Республикасы Президентінің 28 тамыз 2002 жылғы "Мемлекеттік
басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы" №931 Жарлығы).
Басқарудағы жаңа үрдістер жеке адамның өзі сияқты және өзімен
қатынасқа тартылған жеке тұлгалардың нақты іс-әрекетіне қарағанда формалды
нормаларға онша назар аудармайтындығын ескереді. Бұл идеяның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғат пайдалану құқығы
Әскерге шақыру бойынша әскери қызмет
ҚР дін туралы заңнамасы пәнінен лекциялар жинағы туралы
ҚР мемлекет және құқық тарихы
Практикалық және лекциялық дәрістерді өткізу және оған дайындық
Жалға алу шарты
Экология құқығы пәнінің дәрістері
Казақстан Республикасының Конституциялық заңнамаларының сипаттамасы
ҚР экология құқығы пәнінен лекция сабақтарының мазмұны
Педагогика және психология мамандығында арнайы
Пәндер