XIV ҒАСЫРДАҒЫ АҚ ОРДА



1 Ақ Орданың өрлеуі
2 Ақ Орда . моңғолдардан кейінгі кезеңде
3 Ақ Орда Алтын Орданың ыдырауы кезеңінде
4 «Ақ Орда» мен «Көк Орда»
5 Тыныбектің әйелі Хан.Мелек
6 Әбілғазы Баһадүр хан
Ақ Орданың өрлеуі. Моңғолдар жаулап алуының ауыр зардаптары уақыт өте келе біртіндеп жойыла берді. XIV ғасырда Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қала мәдениеті, егіншілік, қолөнер өндірісі жандана түсті. Қазақстанның орталығындағы далалық еңір мен Жетісудың Қазақстанның оңтүстігі мен Орта Азия жазираларымен сауда байланыстары қалпына келтірілді.
Шаруашылықтың жаңғыруы, феодалдық қатынастардың нығаюы жағдайында жергілікті түрік және түріктеніп кеткен феодалдық үстем таптың жағдайы күшейе түсті. Халық бұқарасының моңғолдар тәртібіне наразылығын пайдалана отырып, Жошы мен Шағатай ұлыстарында түрік шонжарлары Шығыс Дешті Қыпшақ пен Жетісуда өздерінің саяси билігін орнату жолында күрес жүргізді. Соның нәтижесінде XIV ғасырда Солтүстік-Шығыс, Орталық және Оңтүстік Қазақстан аумағында Алтын Ордадан Ақ Орда біржола оқшауланып шығып, Оңтүстік-Шығыс Қазақстан мен Қырғызстан аумағында Моғолстан пайда бодды.
XIV ғасырдың басында Жошы ұрпақтары иеліктерінің Еділ бойындағы даланы, Еділдің батыс жағындағы жерлерді, Қырымды, Солтүстік Кавказды және Хорезмнің солтүстік бөлігін қамтыған батыс бөлігі (оң қанат) бұрынғысынша Алтын Орданы құрады; Жошы ұлысының қазіргі Қазақстанның (Жетісуды қоспағанда) Жайық өзенінің шығыс жағындағы және Арал теңізі мен Сырдарияның солтүстік жағындағы кең-байтақ аумақты қамтыған шығыс бөлігі (сол қанат) Ақ Орда құрамына кірді. Алтын Ордада - негізінен Батый ханның ұрпақтары, Ақ Ордада Орда-Еженнің ұрпақтары билік құрды. Ұлыстың екі бөлігінде де Жошының 13-ұлы Тоқа-Темірдің ұрпаққары билік етті.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
XIV ҒАСЫРДАҒЫ АҚ ОРДА
Ақ Орданың өрлеуі. Моңғолдар жаулап алуының ауыр зардаптары уақыт өте
келе біртіндеп жойыла берді. XIV ғасырда Қазақстанның оңтүстігі мен
оңтүстік-шығысында қала мәдениеті, егіншілік, қолөнер өндірісі жандана
түсті. Қазақстанның орталығындағы далалық еңір мен Жетісудың Қазақстанның
оңтүстігі мен Орта Азия жазираларымен сауда байланыстары қалпына
келтірілді.
Шаруашылықтың жаңғыруы, феодалдық қатынастардың нығаюы жағдайында
жергілікті түрік және түріктеніп кеткен феодалдық үстем таптың жағдайы
күшейе түсті. Халық бұқарасының моңғолдар тәртібіне наразылығын пайдалана
отырып, Жошы мен Шағатай ұлыстарында түрік шонжарлары Шығыс Дешті Қыпшақ
пен Жетісуда өздерінің саяси билігін орнату жолында күрес жүргізді. Соның
нәтижесінде XIV ғасырда Солтүстік-Шығыс, Орталық және Оңтүстік Қазақстан
аумағында Алтын Ордадан Ақ Орда біржола оқшауланып шығып, Оңтүстік-Шығыс
Қазақстан мен Қырғызстан аумағында Моғолстан пайда бодды.
XIV ғасырдың басында Жошы ұрпақтары иеліктерінің Еділ бойындағы
даланы, Еділдің батыс жағындағы жерлерді, Қырымды, Солтүстік Кавказды және
Хорезмнің солтүстік бөлігін қамтыған батыс бөлігі (оң қанат) бұрынғысынша
Алтын Орданы құрады; Жошы ұлысының қазіргі Қазақстанның (Жетісуды
қоспағанда) Жайық өзенінің шығыс жағындағы және Арал теңізі мен Сырдарияның
солтүстік жағындағы кең-байтақ аумақты қамтыған шығыс бөлігі (сол қанат) Ақ
Орда құрамына кірді. Алтын Ордада - негізінен Батый ханның ұрпақтары, Ақ
Ордада Орда-Еженнің ұрпақтары билік құрды. Ұлыстың екі бөлігінде де Жошының
13-ұлы Тоқа-Темірдің ұрпаққары билік етті.
Жоғарыда атап өтілгеніндей, Орда-Еженнің иеліктері мен Алтын Орданың
арасында орналасқан Қазақстан аумағы Шайбами мен оның ұрпақтарына бағынышты
болды. XIV-XV ғасырдың басында бұл аумақты шығыс авторлары бірде Ақ Орда,
бірде Көк Орда деп атайды. Мұны Орда-Ежен әулеті өкілдері билігінің осы
аумаққа да таралуымен түсіндіруге болады, мұны мұсылман әулеттерінің
хронологиялық кестелері дәлелдейді.
Сонымен, XIV-XV ғасырларда деректемелерде Жайық өзенінен Батыс-Сібір
ойпатына дейінгі Қазақстан даласының, Сырдарияның төменгі және орта ағысын
қоса алғандағы кең-байтақ аумағы, яғни Орда-Ежен мен Шайбани ұлыстарының
жері Ақ Орда деп түсінілген. Алтын Орда жай ғана Орда немесе Еділ
Ордасы деп аталған орыс жылнамаларында Жайық өзенінің оңтүстік-шығысындағы
далалық аумақ Көк Орда немесе Жайық сырты Ордасы деген атаумен
көрсетілген, ал орыс жылнамаларында Ақ Орда ұғымы пайдаланылмаған.
Ақ Орда - моңғолдардан кейінгі кезеңде Қазақстан аумағында жергілікті
этникалық негізде құрылған тұңғыш ірі мемлекеттік құрылым. Оны осы жерлерде
ежелден мекендеп келе жатқан және моңғолдардың жаулап алуынан көп бұрын-ақ
қыпшақ бірлестігінің құрамына кірген, сондай-ақ Шынғыс-ханның шапқыншылығы
кезінде Қазақстанның шығыс және оңтүстік-шығыс аудандары мен Алтайдан қоныс
аударған түркі тілдес тайпалар мекендейтін еді. Онда қыпшақтармен қатар
наймандар, үйсіндер (ушундар), қарлұқтар, керейіттер (керейлер), сондай-ақ
қоңыраттар, маңғыттар және басқалар ме-кендеген.
Мұсылман әулеттерінің хронологиялық кестелерінде Ақ Орда хандарының
есімдері мынадай ретпен келтіріледі: Орда-Ежен, Сартақ, Қоныша, Байан, Сасы-
Бұға, Ерзен, Мүбәрак, Шымтай, Ұрұс хан, Қойыршақ және Барақ.
XIV ғасырдың бас кезінен Орда-Ежен ұрпақтарының Сыр өңірінің қалалары
мен Жетісу жайылымдары үшін Шағатай ұрпақтарымен күресі жүргізілді. Сонымен
бірге далалық аудандардың көшпелілері мен жартылай көшпелілерінің және Сыр
өңірі жазирасының отырықшы аудандарының халқы арасындағы сауда-экономикалық
қатынастарды қалпына келтіру сарыны күшейді. Ақ Орда билеушілерінің
әкімшілік орталығын өз иеліктерінің оңтүстік шет жағына, Сығанақ қаласына
аударғаны кездейсоқ емес.
Ақ Орда хандары Ертістен Сырдарияға, Алтайдан Ұлытау мен Аралға
дейінгі кең далада экстенсивті мал шаруашылығын сақтап, ұстана отырып және
дәстүр бойынша жазғы және қысқы жайылымдарға көшіп-қонудың қалыптасқан
тәртібін орнықтырып, Сырдарияның орта ағысының, Таластың, Шудың отырықшы-
егіншілік жазиралары мен Ұлытау даласында шаруашылық және мәдени өмірді
қалпына келтіруге қадамдар жасады. My'ин ад-дин Натанзи Ақ Орда хандарының
бірі Ерзеннің Сығанақты көркейтіп, Отырарда, Сауранда, Жентте, Баршыкентте
біраз үйлер салдырғанын хабарлайды. XIV ғасырда Ақ Орда хандары теңгелерді
енді тек өз атынан соқтырды.
Оңтүстік Қазақстанды астанасы Сығанақта болған Ақ Орданың орталығына
айналдыру Орта Азия мен Хорезмнің отырықшы аудандарымен байланыстардың
кеңеюіне жәрдемдесті. Бұл байланыстарға Алтын Орданың орталығы — Еділ
бойында қала өмірінің тіршілігін тоқтатуы мен сауда жолдарының өзгеруі
едәуір әсер етті.
Түрік және түріктеніп кеткен жергілікті феодалдық үстем таптың
экономикалық және саяси жағдайының нығаюы негізінде Ақ Орда билеушілері
Мүбәрак-Қожа ханнан (1320-1344) бастап, Алтын Ордадан біршама
тәуелсіздіктің өзінен де біржола қол үзді.
Ақ Орда Алтын Орданың ыдырауы кезеңінде. Жәнібек хан қайтыс болғаннан
кейін Алтын Ордада кезекті аласапыран кезең мен сарай төңкерістері
басталды, бір мезгілде таққа бірнеше хан дәмеленіп, олардың әрқайсысы өз
теңгелерін соқтырды. Бытыраушылық сарыны күшейіп, тәуелсіз иеліктер құрыла
бастады, оларды өз билеушілері басқарды. Алтын Орда мемлекетіндегі жоғарғы
билік жолындағы күреске сол қанаттың феодалдары белсене қатысты және Қызыр
ханнан (1359-1361) бастап, Алтын Орда тағына бірінен кейін бірі, ал кейде
бір мезгілде Жошы ұрпақтарының шығыс тармақтарының өкілдері, атап айтқанда,
Темір-Қожа, Орда-Шейх, Мүрид және басқалар көтерілді. Ақ Орданың үстем табы
Алтын Ордада қалыптасқан жағдайды пайдаланып, Жошы ұлысының екі бөлігін өз
билігінде саяси жағынан тұтас етіп біріктіргісі келді. Бердібек хан
өлгеннен кейін Сарай тағына отыруға, мысалы, Ақ Орда ханы Шымтай (1344-
1361) ресми түрде шақырылды, ол шақыруды қабылдамады, бірақ оның балалары,
әсіресе Ұрұс Алтын Орда тағы үшін күреске белсене қатысты.
Ұрұс 1368 жылы Ақ Орда ханы болды. Қадыр-Әли Жалаири, Му'ин ад-дин
Натанзи оны батыл мінезді, күшті әрі құдіретті билеуші деп сипаттайды. Ұрұс
кезінде Ақ Ордадағы хан билігі күшейіп, ол Алтын Орда тағына белсенді түрде
ұмтыла бастады. 1368 жылы державаның тіректері мен сарай шонжарларының
қолдауына сүйенген Ұрұс хан Еділ бойы жағына жорық жасады. Ол 1374—1375
жылдары Сарайды алып, Қажы-Тарханды (Астраханды) қоршады, деректемеде
Ұрұсхан жұрты деп аталған Кама бұлғарларының жерін бағындырды.
Алайда Ұрұс ханның табысы ұзаққа бармады, сөйтіп келесі жылдың өзінде-
ақ ол Еділ бойынан кетуге мәжбүр болды. Ұрұс хан өзара қырқыс кезеңінде
феодалдардың қолдауымен Алтын Орданың батыс бөлігінде едәуір билікке қол
жеткізген Алтын Орданың уақытша билеушісі Мамайды жолынан тайдыра алмады.
ұрұс хан 1375—1376 жылдары Сырдария жағасына қайтып оралды, ал онда Ақ
Орданың оңтүстік шегінде Орта Азияның билеушісі әмір Темір өзінің
агрессиялық қимылдарын өрістетіп жатқан еді.
Темірдің көмегімен Ақ Ордадағы билікті қолына алған Тоқтамыс Жошы
ұлысының шығыс және батыс бөліктерін біріктіру саясатын жалғастырды. Алтын
Орданың уақытша жандануы соның есімімен байланысты. Тоқтамыс өзін Сығанақта
Ақ Орданың ханы деп жариялап, соның материалдық және әскери ресурстарына
сүйеніп, 1380 жылы Жошы ұлысының батыс бөлігін жаулап алды. Темірмен
соғыстар, Тоқтамыстың Русь пен Орта Азияға шапқыншылықтары, Ақ Ордадағы
тартыстар оның Сарай мен Сығанақтағы билік құрған кезін сипаттайды. 1395
жылы Тоқтамыс Темірден күйрей жеңіліс тауып, Сібірге қашып кетті.
Бүліктер мен қырқыстар, орыс халқының азаттық күресі, сондай-ақ
Темірдің шапқыншылықтары Алтын Орданың іргесін шайқалтып, оны екінші
дәрежелі мемлекет жағдайына түсірді. Темір Алтын Ордаға Ұрұс ханнан тараған
өз қолшоқпарларын (Қойыршақ, Темір-Құтлық) отырғызды, бірақ олар оңың
бұрынғы ұлылығын қалпына келтіре алмады. Алтын Ордада маңғыт әмірі Едіге
басты рөл атқара бастады, ол он бес жыл бойы іс жүзінде оның билеушісі
болды. Ол 1399 жылы Алтын Орданың тағына Темір-Құтлықтың інісі Шәдібекті
көтеріп, жағдай бірсыпыра уақытқа біршама тұрақтанды. 1406 жылы Едіге
Тоқтамысқа қарсы Сібірге жорық жасады, содан соң өзі қойған Шәдібекке қарсы
күресіп, оны қашып кетуге мәжбүр етті. Едіге 1408 жылы Темір-Құтлыктың ұлы
Поладты Алтын Орданың ханы етіп қойды. Алайда Поладты 1411 жылдың өзінде-ақ
Қырымның ханы қуып шықты.
Толассыз аласапырандар, әмір Едіге мен оған тәуелді хандар арасындағы
қырқыстар 1419 жылы Едігенің өзінің қаза табуына әкеп соқты. Алтын Орда шын
мәнінде орталық билігі бар мемлекет болуын тоқтатып, XV ғасырдың ортасына
қарай біржола ыдырады: оның аумағында Қазан, Астрахан, Қырым хандықтары
пайда бодцы, ал Хорезм Темір ұрпақтары мемлекетінің құрамына кірді.
Ақ Орда тарихына қысқаша шолу келесі бөлімдерде жалғастырылады. Ал бұл
арада сол мемлекеттің атауына тоқтала кеткен жөн, өйткені соңғы
онжылдықтардағы әдебиетте ол (атауы) туралы пікірсайыстар жүргізіліп қана
қоймай, бұл мемлекеттің тарихи болғанының өзіне де күмән келтірілді.
Ақ Орда мен Көк Орда. Евразия далаларында XIII-XV ғасырларда билік
еткен Жошы мен оның ұрпақтары ұлысының тарихнамасында екі проблема ерекше
қызу дау туғызды. Біріншіден, Жошы ұрпақтарының Дешті Қыпшақтың шығыс
бөлігіндегі, яғни Батыс, Орталық және Оңтүстік Қазақстан аумағындағы
мемлекетінің қалай Ақ Орда немесе Кок Орда деп аталғаны. Екіншіден, бүл
саяси құрылымның мемлекеттік мәртебесі, оның Дешті Қыпшақтың батыс
бөлігінің (немесе Жошы ұлысының), яғни орыс және Батыс Европа тарихнамасы
мен деректемелерінде соңғы төрт ғасыр бойы Алтын Орда деген атаумен
белгілі мемлекеттің хандары жөнінен дербестік немесе тәу елділік дәрежесі
қандай? XIV-XV ғасырдың басындағы Шығыс Дешті Қыпшақтағы мемлекет тарихының
маңызды мәселесі оны билеушілердің генеалогиясы туралы мәселе болып
табылады, өйткені қазақ хандары әулетінің негізін нақ солар қалаған.
Жоғарыда, бірінші тарауда, Жошы ұлысының екі қанатқа: сол қол және оң
қол болып бөлінгені айтылды. Әрбір қанат Жошының екі үлкен ұлының дербес
иеліктері болды: сол қолды — Орда (Орда-Ежен, Орда Ичен), оң қолды Бату
басқарды. Ұлыстың екі қанатының түпкілікті қалыптасуы XIII ғасырдың Орда
мен Бату өз иеліктерінде патшалық еткен 30-жылдарына жатады.
Сол кезге жақын жазбаша деректерде Жошы ұлысының сол қанаты мен оң
қанатының (моңғолша, жоңғар және барунғар) хандар есімімен: Орда ұлысы,
Бату ұлысы деген анықтамасынан басқа ешқандай түс белгісі болмаған. Плано
Карпини (XIII ғасырдың 40-жылдары) былай деп атап өткен: Әлдебір теңіз
[Алакөл, Ертістің жоғарғы ағысында] Батудан үлкен Орду тұрады... онда орда
немесе әкесінің сарайы да бар.. .. Орда-Еженнің немересі Көнші ханның
ұлысымен жүріп өткен және ол туралы: Олардың патшасы ешкімге бағынбайды
деген Марко Поло (кітап XIII ғасырдың аяғында жазылған) оның иеліктерін Ақ
Орда деп те, Көк Орда деп те атамайды. Марко Поло Сайыннан (Бату) бастап,
өзі Батыстың патшасы деп атаған Тоқты ханға (1290—1312) дейінгі батыс
татарларының патшаларына көптеген беттер арнаған.
Рашид ад-Дин (XIV ғасырдың басы) Жошы ұлысы қанатын хандардың
есімдерімен: Бату ұлысы, Орда ұлысының билеушісі Баян және т. б. деп
белгілеген. Жошы қонысының Ертіс шегінде орналасқаны туралы Рашид ад-Дин
былай деп хабарлаған: Жошы хан Хорезм арқылы (яғни Хорезмді алғаннан
кейін) өзінің көші жатқан Ертіс жағына бет алып, өз ордасына қосылды.
Рашид ад-Диннің Орда мен оның ұрпақтары (олардың генеалогиялық реті: Жошы —
Орда — Сартактай — Күйінші — Баян) туралы мәліметтері Орданың шөбересі,
автордың замандасы Баянның билік еткен кезеңімен аяқталған, бұл мәліметтер
мейлінше егжей-тегжейлі және айқын. Жоғарыда аталған Күнші (онда — Күйінші)
туралы тарихшы оны ұзақ уақыт бойы Орда ұлысының билеушісі болған деп
хабарлайды. Баян туралы ол қазір Орда ұлысының патшасы, ол бұрынғысынша
әкесінің ұлысын басқарып отыр деп бірнеше рет айтқан. Атап айтқанда, автор
оның Рашид ад-Дин оз еңбегін жазған Иранның билеушісі Газан ханмен достық
қатынаста болғанын жеткізеді. Ал Рашид ад-Дин өз заманындағы Шығыс Дешті
Қыпшақтағы жағдайды өте жақсы білген. Бірақ Жошы ұлысы қанаттарының қандай
түсте болғанын Рашид ад-Дин айтпайды.
Жошы ұрпақтары туралы осының алдындағы тарихшының мәліметтерін көп
жағынан қайталайтын Вассаф (XIV ғасырдың бірінші жартысы) та түр-түс
белгілерін білмейді. Ол Жошының жеті ұлының есімдерін келтіреді, Жошының
жеке өзінің төрт мың әскері Батудың ағасы Хордудың басқаруына берілді деп
хабарлайды.
Ақ Орда атауының алғаш рет ауызға алынуы XIV ғасырдың 40-жылдарында
болуы мүмкін. Т.И. Сұлтанов бұл жәйітке егжей-тегжейлі тоқталған: Ақ Орда
термині кездесетін уақыты жағынан ең ертедегі деректеме, сірә, Кутбтың
Хұсрау мен Шырыны болса керек23. Ол Өзбек ханның ұлы, әкесінен кейін
Алтын Орда тағывда бірнеше ай бойы отырған Тыныбек туралы деректемелерден
егжей-тегжейлі мәліметтер келтірген. Ақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
В. П. Юдин еңбектері Қазақстан тарихының деректік негіздері
Ақ Орда мемлекетінің территориясы және қоғамдық саяси құрылымы
Алтын Орданың құрылуы
СОҢҒЫ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАРИХНАМАСЫ ЖӘНЕ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ
Ноғай Ордасы мен Қазақ хандығы халықтарының жақын туысқандығы туралы
Алтын Орда дәуіріндегі Сыр өңірі қалаларының тарихы
XIV-XV ғасырдағы Қазақстан
Ұлыс Жошы мемлекетінің құрылуы
Батыс тарихнамасы. Негізгі зерттеулер және қалыптасқан тұжырымдар
Алтын орданың рухани мәдениетінің тарихы
Пәндер