Алаш қозғалысы тарихы



1 Жанша Досмұхамедов (Жаһанша)
2 Досмұхамедов Жанша (Жаһанша)
3 Ташкентте қазақ зиялылары құр¬ған мәдени.ағарту
Жанша Досмұхамедов (Жаһанша) (1886- 1937) - заңгер, алашорда қайраткері. 1917 жылғы ақпанға дейін Томск сот округі прокурорының орынбасары. 1- Орал облыстық қазақ съезінің төрағасы, Құрылтай жиналысының мүшесі болып сайланған. Алашорданың шешімімен 1918 жылдың сәуірінде (жаңа стильмен) X. Досмұхамедовпен бірге Халық Комиссарлары Кеңесінің және ұлт істері Халық комиссариатының басшыларымен (В. И. Ленинмен және И. В. Сталинмен) ұлттық автономия жариялау туралы келіссөз жүргізеді. 1918-19 жылдыры Алашорданың Батыс бөлімшесі – Ойыл уәлаяты үкіметінің басшысы қызметін атқарды. 1920 жылдан Қазақстаннан тыс жерлерде шаруашылық жұмысында болды. 1930 жылы қуғынға ұшырап, Воронежге жер аударылды. 1920-25 жылдыры Ташкентте тұрып, ғылыммен, өз мамандьғы бойынша адвокаттық жұмыспен айналысады. Әуезовте 1922-23 жылдыры Ташкентте жұмыс істеген, оқыған. Олар қазақ тарихы мен әдебиетіне байланысты құрылған «Талап» ұйымының межілістерінде кездесіп жүрген. 1930 жылы 5 қазанда Досмұхамедовтың тергеу ісіне байла- нысты Әуезов жауапқа тартылады. Оған «қазақ ұлтшылдарының астыртын ұйымдарына қатысты, Қазақстандағы кеңестік науқандар мен шаралардың мазмұнын бұрмалау мақсатын көздеді. Жанша Досмұхамедовтың ұйымында тұрды, оның тапсырмасын орындады» деген сияқты кінәлар тағады, нәтижесінде Досмұхамедов пен Әуезовтің істері бірге қаралды.
1 Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
2 Мұхтар Әуезов энциклопедиясы – Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011. ISBN 978-601-282-175-8
2 Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8
3 «Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Жанша Досмұхамедов (Жаһанша) (1886- 1937) - заңгер, алашорда қайраткері. 1917 жылғы ақпанға дейін Томск сот округі прокурорының орынбасары. 1- Орал облыстық қазақ съезінің төрағасы, Құрылтай жиналысының мүшесі болып сайланған. Алашорданың шешімімен 1918 жылдың сәуірінде (жаңа стильмен) X. Досмұхамедовпен бірге Халық Комиссарлары Кеңесінің және ұлт істері Халық комиссариатының басшыларымен (В. И. Ленинмен және И. В. Сталинмен) ұлттық автономия жариялау туралы келіссөз жүргізеді. 1918-19 жылдыры Алашорданың Батыс бөлімшесі - Ойыл уәлаяты үкіметінің басшысы қызметін атқарды. 1920 жылдан Қазақстаннан тыс жерлерде шаруашылық жұмысында болды. 1930 жылы қуғынға ұшырап, Воронежге жер аударылды. 1920-25 жылдыры Ташкентте тұрып, ғылыммен, өз мамандьғы бойынша адвокаттық жұмыспен айналысады. Әуезовте 1922-23 жылдыры Ташкентте жұмыс істеген, оқыған. Олар қазақ тарихы мен әдебиетіне байланысты құрылған Талап ұйымының межілістерінде кездесіп жүрген. 1930 жылы 5 қазанда Досмұхамедовтың тергеу ісіне байла- нысты Әуезов жауапқа тартылады. Оған қазақ ұлтшылдарының астыртын ұйымдарына қатысты, Қазақстандағы кеңестік науқандар мен шаралардың мазмұнын бұрмалау мақсатын көздеді. Жанша Досмұхамедовтың ұйымында тұрды, оның тапсырмасын орындады деген сияқты кінәлар тағады, нәтижесінде Досмұхамедов пен Әуезовтің істері бірге қаралды.
Досмұхамедов Жанша (Жаһанша) -- Алаш қозғалысының аса көрнекті қай - раткері, Алашорда үкіметінің мүшесі, Алаш - орданың Батыс бөлімшесінің төрағасы, заңгер.
1887 жылы Орал облысы, Орал уезі, Жым - питы болысының, № 1 ауылында дүниеге келген.
1899 жылы тамыз айында Орал әскери реалдық училищесіне түсіп, онда 1905 жылы 31 мамырға дейін толық курсын оқып бітіріп, сол жылғы 27 қарашада № 991 аттестатпен 1906 жылы тамыз айын - да, Орал облысының стипендиаты ретінде Мәскеу университетінің заң факультетіне түсіп, оны № 175 бітіру куәлігімен 1910 жы - лы 4 наурызда бітіріп шыққан.
1917 жылғы Ақпан төңкерісіне дейін округтық соттың прокурорының жолдасы (орынбасары) міндетін атқарған.
1917 жылы 1-11 мамыр аралығында Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мұсылман сиезіне басқа да қазақ делегаттарымен бірге қатысып, мұсылман істерін басқаратын Шуро-и-Ислам комитеті төрағасының орынбасарлығына сайла - нады. Шуро-и-Исламның ісімен Мәс - кеуде біраз болады. Сол жылы 21-26 шілдеде Орынборда өткен Жалпықазақтық сиезде Орал облысынан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа ұсынылады.
1917 жылы желтоқсан айында өткен Жал - пықазақтық съезде Ж.Досмұхамедов Алашорда үкіметінің мүшелігіне облыс - тардан тысқары делегат ретінде кіреді. Съезде автономия жариялау туралы екі пі - кір болғанын: оның бір жағында Ә.Бөкейханов бастаған топ кейінірек, ол Халел және Жанша Досмұхамедовтер бастаған топ дереу жариялансын деген ұстаным қалыптасқан.
1918 жылдың наурыз айында Жанша және Халел Досмұхамедовтер Мәскеуге келіп, Ленин және Сталинмен келіссөз жүргізіп, Кеңес үкіметін Алашорданың жел - тоқсандағы съезінің қаулыларымен таныстырып, сондағы 11 шартты қояды. Кеңес үкіметінің жанынан Қазақ ко - миссариатының ашылуына қол жеткізеді.
1918 жылы 6 мамырда Жымпитыда өт - кен Орал облысының 4-қазақ съезінде, құ - рамына Сырым батырдың ұрпағы Салық және Сейіт ишан кірген 7 адамнан тұратын Ойыл уәлаяты құрылып, Жанша оның Уа - қытша үкіметінің төрағасы болып сай - ланады. Уәлаятта атты милиция жасақ - та - лып, оларды соғыс өнеріне үйрететін курс ашылады. Әр түрлі шаруашылық құрылым - дар ашылады.
Мәс - кеудегі келіссөзден кейін Ж.Досмұха - ме - довтің Кеңес өкіметіне деген көзқа - расында біраз өзгерістер туады. ...бізді жылы шыраймен қабылдаған бірден-бір өкімет, ол Кеңес өкіметі. ...біз көптен бері автономияны та - лап етіп келіп едік, Кеңес өкіметінен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алаш қозғалысының қалыптасуы мен дамуы
Алаш қозғалысының тарихнамасы
Әдістемелік нұсқау
Алаш қозғалысының зерттелуі
XXғ басындағы саяси партиялар, Алаш партиясы, "үш жүз" социалистік партиясы
Алаш қозғалысы және жер мәселесі
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы: тәуелсіздік үшін күрестің жаңа кезеңі
Алаш жайлы
Алашорда үкіметінің құрылуы
Қазақстанның қазіргі заман тарихы туралы
Пәндер