Қазақстан Республикасындағы сот билігі. Судьяның тәуелсіздігі



КІРІСПЕ
1 Сот билігі мемлекеттік биліктің бір тармағы ретінде
2 Судьяның тәуелсіздігі қағидасының сот билігінің басқа қағидаларының арасында алатын орны мен мәні
3 Судьяның тәуелсіздігі принципінің түсінігі және оның маңызы
4 Судьяның тәуелсіздігі принципінің сот билігінің басқа принциптерімен өзара қатынасы
Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Бұл жұмыс мемелекетімізде сот жүйесінің реформаларын талдайтын және де сот пен судьяларының мәртебесін сараптайтын диссертациялық зерттеу болып табылады. Автор ғылыми жұмыста кеңестік және қазіргі кездегі монографиялық және оқу-әдістемелік әдебиеттерде айтылған пікірлерді тиянақты қарастырып, сот билігі және судьялардың тәуелсіздігі қағидасы бойынша ғылыми негізделген, жаңа тұжырымдар жасайды.
Диссертация көлемі және құрылымы, пайдаланылған әдебиеттер тізімінің жалпы саны: Жұмыстың құрылымы ғылыми зерттеудің логикасы мен жүйелілігін бейнелейді. Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыс 87 бетте баяндалған. Жұмысты 49 атаудан тұратын қолданылған әдебиеттер тізімі аяқтайды.
Түйін сөздер тізімі: «сот», «сот билігі», «сот органдары», «сот әділдігі», «судьялардың мәртебесі», «сот жүйесі», «сот реформалары», «судьяның тәуелсіздігі принципі», «судьяның тәуелсіздігі қағидасының кепілдіктері», «судьялардың қызметі», «сот функциялары», «соттардың қызметін ұйымдастыру», «соттардың шешімдерін орындау», «соттардың каулыларын орындау», «судьяның өкілеттігі», «сот төрелігі», «судьяның иммунитеті».
Зерттеудің өзектілігі: Адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарының сақталуы мен заңды мүдделерінің қорғалуы заңның үстемдігі қамтамасыз етілетін мемлекетте ғана мүмкін. Өз кезегінде мұндай мүмкіндік мемлекеттік механизмде биліктердің бөлінуі мен өзара іс-қимылын толық көлемінде істей алуы және сот билігіне тән ерекше рөлдің атқарылуы арқылы іске асырылады.
Айтылған негіздерге байланысты тәуелсіз сот билігінің қалыптасуы мен дамуының өзектілігі өсуде. Әсіресе, сот билігін жүргізуші судьялардың дербестігін, олардың өз құзіреті шеңберінде шешім қабылдағанда ешбір ықпалсыз, тәуелсіз болуын қамтамасыз етудің маңыздылығы орасан зор. Осы туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Үндеуінде былай деп көрсеткен болатын “тәуелсіз, гүлденуші және саяси тұрақты Қазақстанды құру қажеттілігі, оған тән ұлттық бірлікті, әлеуметтік әділеттілікті, бүкіл халықтық экономикалық жайлы жағдайын қарастырумен байланысты”[1].
2009 жылы 18,19 қараша күндері Астанада болып өткен Қазақстан Республикасы судьяларының кезекті 5 съезінде Мемлекет басшысы сот жүйесінде әлі күнге бірқатар шешімін таппаған мәселелер бар екенін ашық айтып, оларды атап көрсетті [2]:
Біріншіден, бұл – судьялық кор¬пусқа кездейсоқ жандардың еніп кетуі. Бір қарағанда судьяларды іріктеудің қолданыстағы жүйесі сенімді секілді көрінеді, бірақ судьялық қауымдастық кездейсоқ адамдардан өзін қорғай алар емес.
Екіншіден, бұл – судьялардың адамгершілік-әдеп келбетінің және кәсіптік деңгейінің жеткіліксіздігі.
Үшіншіден, бұл сот төрелігін ат¬қарудың сапасына көңіл толмау¬шылық. Әңгіме сот төрелігін атқару кезінде судьялардың сөзбұйдаға салынуы, қателіктер жіберуі, тіпті, заң бұзушылықтың орын алатын¬дығы болып отыр.
Қазақстан Халқына Үндеуі. // Егемен Қазақстан. 11 қазан,1997, № 204.
2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың судьялардың V съезінде сөйлейтін сөзі (Астана, 18 қараша 2009 жыл) //www.ujk.kz/union_kz/?sid=85.
3. Божьев В.П. Правоохранительные органы Российской федерации – Москва: “Спарк” - 2002 - 400 с.
4. Беленков Р.А. Правоохранительные органы. – Москва: “Приор-издат”.- 2003 - 112 с.
5. Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған) (02.02.2011 жылға берілген өзгерістер мен толықтыруларымен бірге) // Параграф базасы. 25.04.2011.
6. Халиков К.Х. Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау органдары.-Алматы: “Санат”, 1995.-206 б.
7. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексi (28.01.2011жылға берілген өзгерістер мен толықтырулармен бірге) // Параграф базасы. 25.04.2011.
8. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001ж 30 қаңтардағы Кодексі (18.04 2011 жылға берілген өзгерістер мен толықтырулармен бірге) // Параграф базасы. 25.04.2011.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ 342.56 (574)
Қолжазба құқығында

САКАЛОВ НУРЛАН БОЛАТОВИЧ

Қазақстан Республикасындағы сот билігі.
Судьяның тәуелсіздігі

Магистрлік диссертация бойынша
Автореферат

Конституциялық, әкімшілік және қаржы құқығы

6M030100 - Құқықтану- мамандығы бойынша

Қазақстан Республикасы
Астана, 2011 ж.
Жұмыс Қазақ Гуманитарлық Заң Университетінің конституциялық
құқық және мемлекеттік басқару кафедрасында орындалған

Ғылыми жетекші: заң ғылымдарының докторы,
профессор А.Д. Жусупов

Ресми оппонент: заң ғылымдарының кандидаты,
Т.Ж. Таскужин

Қорғау Қазақ Гуманитарлық Заң Университетінде мемлекеттік
аттестациялық комиссия отырысында 2011 жылы 22 маусымда сағат _____ өтеді.
Мекен жайы: Астана қаласы, Қорғалжын тас жолы, 8 (ауд. ___)
Диссертациямен Қазақ Гуманитарлық Заң Университетінің кітапханасында
танысуға болады.

Автореферат ___ ___________ 2011 жылы тарадылды

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Бұл жұмыс мемелекетімізде сот жүйесінің
реформаларын талдайтын және де сот пен судьяларының мәртебесін сараптайтын
диссертациялық зерттеу болып табылады. Автор ғылыми жұмыста кеңестік және
қазіргі кездегі монографиялық және оқу-әдістемелік әдебиеттерде айтылған
пікірлерді тиянақты қарастырып, сот билігі және судьялардың тәуелсіздігі
қағидасы бойынша ғылыми негізделген, жаңа тұжырымдар жасайды.
Диссертация көлемі және құрылымы, пайдаланылған әдебиеттер тізімінің
жалпы саны: Жұмыстың құрылымы ғылыми зерттеудің логикасы мен жүйелілігін
бейнелейді. Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, қолданылған
әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыс 87 бетте баяндалған. Жұмысты 49 атаудан
тұратын қолданылған әдебиеттер тізімі аяқтайды.
Түйін сөздер тізімі: сот, сот билігі, сот органдары, сот
әділдігі, судьялардың мәртебесі, сот жүйесі, сот реформалары,
судьяның тәуелсіздігі принципі, судьяның тәуелсіздігі қағидасының
кепілдіктері, судьялардың қызметі, сот функциялары, соттардың
қызметін ұйымдастыру, соттардың шешімдерін орындау, соттардың
каулыларын орындау, судьяның өкілеттігі, сот төрелігі, судьяның
иммунитеті.
Зерттеудің өзектілігі: Адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарының
сақталуы мен заңды мүдделерінің қорғалуы заңның үстемдігі қамтамасыз
етілетін мемлекетте ғана мүмкін. Өз кезегінде мұндай мүмкіндік мемлекеттік
механизмде биліктердің бөлінуі мен өзара іс-қимылын толық көлемінде істей
алуы және сот билігіне тән ерекше рөлдің атқарылуы арқылы іске асырылады.
Айтылған негіздерге байланысты тәуелсіз сот билігінің қалыптасуы мен
дамуының өзектілігі өсуде. Әсіресе, сот билігін жүргізуші судьялардың
дербестігін, олардың өз құзіреті шеңберінде шешім қабылдағанда ешбір
ықпалсыз, тәуелсіз болуын қамтамасыз етудің маңыздылығы орасан зор. Осы
туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан
халқына Үндеуінде былай деп көрсеткен болатын “тәуелсіз, гүлденуші және
саяси тұрақты Қазақстанды құру қажеттілігі, оған тән ұлттық бірлікті,
әлеуметтік әділеттілікті, бүкіл халықтық экономикалық жайлы жағдайын
қарастырумен байланысты”[1].
2009 жылы 18,19 қараша күндері Астанада болып өткен Қазақстан
Республикасы судьяларының кезекті 5 съезінде Мемлекет басшысы сот жүйесінде
әлі күнге бірқатар шешімін таппаған мәселелер бар екенін ашық айтып, оларды
атап көрсетті [2]:
Біріншіден, бұл – судьялық корпусқа кездейсоқ жандардың еніп кетуі. Бір
қарағанда судьяларды іріктеудің қолданыстағы жүйесі сенімді секілді
көрінеді, бірақ судьялық қауымдастық кездейсоқ адамдардан өзін қорғай алар
емес.
Екіншіден, бұл – судьялардың адамгершілік-әдеп келбетінің және кәсіптік
деңгейінің жеткіліксіздігі.
Үшіншіден, бұл сот төрелігін атқарудың сапасына көңіл толмаушылық.
Әңгіме сот төрелігін атқару кезінде судьялардың сөзбұйдаға салынуы,
қателіктер жіберуі, тіпті, заң бұзушылықтың орын алатындығы болып отыр.
Төртіншіден, бұл – өткізілген процеске байланысты сот өндірісінің
жеткіліксіздігі, яғни оның шешіміне орай еліміздің соттары әділ бола ма,
жоқ па деген мәселе айқындалады.
Бесіншіден, бұл – сот шешімдерінің сапалы деңгейде орындалу барысы.
Оның нақты шешіміне байланысты сот жүйесінің беделі мен қызметі
айқындалады.
Алтыншыдан, заңдылықтың жағдайы. Дауларды тудыратын негізгі себептердің
бірі қолданыстағы құқықтың кемшіліктері мен олқылықтары.
Демек, бүгінгі таңда сот жүйесінде толғандырар мәселе аз емес. Бұл
турасында да азаматтардың соттар қызметіне байланысты арыз айтатынына орай
бірқатар мысалдар келтіруге болады. Сондықтан Елбасы съезге қатысушылар бұл
айтылған мәселелерді терең талқылап, оның салдарын жоюдың шараларын
қабылдайтындығына сенім білдіре келе судьялар қауымдастығының алдында
тұрған келесі міндеттерге тоқталып, соған орай Мемлекет басшысы алда тұрған
басым бағыттарды көрсетіп берді.
Бірінші. Азаматтардың сот жүйесіне сенім деңгейін арттыру үшін
мүмкіндігінше барлық шараларды қарастырып, ол үшін, ең алдымен, судьялар
корпусының кәсіптік деңгейін үнемі жетілдіріп отыру керек. Бұл орайда
қызмет етіп жатқан судьяларға, үміткерлерге талапты қатайтқан жөн. Осы
орайда, судьялар мен судьялыққа үміткерлерге арнап кәсіптік талап пен
адамгершілік-әдеп нормалары бар жоғары критерилер мен стандарттар белгілеп,
енгізу қажет. Ал тиісті лауазымды тұлғалар судьялыққа ұсынған үміткерлер
үшін жауап беруге тиіс. Сол сияқты сот төрағаларын сол соттағы судьялар
арасынан жиі алмастырып тұрған жөн шығар. Бұған қоса судьялық лауазымдарға
кандидаттарды анықтау барысында құпия дауыс беру қағидаттарын енгізген де
артық болмас еді.
Екінші. Судьялардың өздері жіберетін қателіктер мен заң бұзушылықтарды
және сөзбұйдалықты жоятын жағдай жасау мен сот өндірісін жетілдіру
жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажет.
Сот тәртібімен қаралатын даулар санын азайту өте маңызды болмақ. Оларды
шешудің балама түрлерін, соның ішінде бітімгершілік процедураларын енгізген
дұрыс. Осы орайда, Елбасы мұндай үрдіс біздің сот төрелігін қалыптастыруға
әсерін тигізеді деп атап өтті.
Сот өндірісін жетілдірудің бір бағыты инновациялық технологияларды
кеңінен қолдану болып табылады. Қағазбастылықтан арылып, “электронды
үкімет” технологиясы сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігі үшін
қолданылуы тиіс. Ал сот өндірісінің жемісі – сот шешімдерінің орындалуы.
Сондықтан сот актілерінің мүдіріссіз сапалы орындалуына қол жеткізу қажет.
Қазір Парламентте осы мәселеге байланысты заңды қабылдау аяқталып қалды,
сондықтан оның әлеуетін тездетіп іске қосқан жөн.
Үшінші. Сот төрелігін сапалы атқару және азаматтардың заңды құқын
қорғау үшін соттар мен судьяларды мамандандыруды қолға алудың маңызы зор.
Мәселен, әкімшілік, қылмыстық, салық және т.б. мамандандырылған
соттардың жүйесін біртіндеп енгізу керек. Бұл халықаралық тәжірибеге сәйкес
уақыт талабы.
Төртінші. Соттар мен судьялар өзіне тән емес қызмет түрлерінен арылуы
қажет. Соттың ең басты және бір ғана міндеті – сот төрелігін жүзеге асыру.
Сондықтан да, осыған орай Нұрсұлтан Назарбаев, сот төрелігін атқару мен сот
әкімшілігі қызметін нақты айқындауға негізделген сот әкімшілігі жүйесін
одан әрі дамыту маңызды екенін атап өтті. Бұл орайда болашақта Сот
әкімшілігі жөніндегі комитетті Жоғарғы Соттан ажырату мәселесін де қараған
артық етпейді.
Бесінші. Сот жүйесін жетілдіру үрдісі заңдарды жаңартумен теңбе-тең
жүргізілуі тиіс. Бір жағынан сот практикасының нәтижелері заңдылық
ұсыныстардың көзі болып табылса, екінші жағынан заңмен бекітілген ережелер
мен үдерістер іс пен соттық дауларды әділ және тез шешуді қамтамасыз етуге
тиіс.
Міне, осыған байланысты бізге нарық экономикасының негізі – жеке меншік
институтына қауіп төндіретін түрлі бірлескен даулар туындағанда рейдерлікке
жол бермейтін заңдар керек, деп атап өтті Елбасы.
Осы міндеттерді шешу азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, еркіндіктері
мен заңды мүдделерін қорғау, ел Конституциясы мен заңдарының орындалуын
қамтамасыз ету жөніндегі өзінің конституциялық функциясын толыққанды жүзеге
асыруға қажетті тәуелсіз сот жүйесін құруға мүмкіндік береді.
Ендеше судьяның (соттың) тәуелсіздігін қамтамасыз ету қоғамның және
мемлекеттің міндеті болып табылуға тиіс. Оның тек қана Конституция мен
заңдарға бағыныштылығын мойындап, басқа мәселелеріне, әсіресе, сот
төрелігін іске асыру қызметінде тәуелсіз болуын елдің Ата Заңы, басқа да
заңдары мен нормативтік-құқықтық актілері баянды етуіне орасан зор заңдық
қана емес, саяси да мәні бар.
Себебі, конституциялық ереже сот төрелегін іске асыру жөніндегі соттың
қызметіне қандай да болмасын араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша
жауапкершілікке әкеп соғады деп бекітеді. Ал судьяның сот төрелігін іске
асыру кезінде Конституция мен заңдарға ғана бағынышты болуы сот
әділдігінің шынайы көрінісін айқындайды.
Құқықтық мемлекетті орнықтыруға бет алған қоғамның негізгі көздейтіні
мемлекеттің құқықпен санасуын талап ету болса, соттың да тек заңға
бағындырылуы мұндай мақсатты іске асыруға жетелейтін басқарушы қағида
(норма) болып саналуға тиіс. Өйткені, сот төрелігінің тәуелсіздігі оны
жүзеге асырудың басты шарты болып табылады.
Бұл принциптің маңызын түсіндіретін басты бір мәселе, сот билігінің
дербестігін баяндайтын конституциялық ережемен байланысты. Сот билігінің
маңызды нысаны сот әділдігі ешкімге есеп бермейтін, сот істерін қарап
шешетін судьяның тәуелсіздігінің бастамасында атқарылуы қажет. Тақырыптың
атауында судьяның тәуелсіздігі - сот билігінің демократиялық принципі деп
белгілеуде, судьяның тәуелсіздігі ең әуелі демократияның жетістігі екендігі
ескеріліп, мұнымен қоймай, демократияның сапалы жақтарының сот әділдігінде
көрінісін табуы мен сот әділдігінің принциптеріне сіңуі де негіз етіп
алынды.
Сот әділдігінің басты әрі өзекті принциптерінің бірі – судьяның
тәуелсіздігі арқылы сот билігінің басқа принциптерінің маңызы айқындалынып,
яғни олардың өзара тығыз байланыста болатынын атап кеткен жөн.
Тәуелсіздікті басты бір қолдаушысы-кепілдіктерінің де орасан зор
мағынасын, алатын орны мен мәнін ашу керек нәрсе. Бұл екі ұғымның
мызғымас, бір-бірінен ажырамайтын құнды жақтары судья (сот) тәуелсіздігін
нақты әрі нығайтылған түрде көрсетеді.
Бұл тұрғыда мемлекет тарапынан, әсіресе Елбасының бастамасымен
қарастырылып отырған шараларды атап өту қажет. Өйткені, еліміз
тәуелсіздікке ие болған 20 жыл уақыт ішінде бүкіл мемлекеттілікті, соның
ішінде сот билігін қалыптастыру мен дамытудың рөлі орасан зор екендігінде
дау жоқ. Осыған дәлел сөт жүйесін қалыптастыруға бағытталған көптеген
нормативтік құқықтық актілер қабылданды. Осылардың қатарына – 2000 ж. 1-
қыркүйек күні қабылданған Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан
Республикасы сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейту жөніндегі шаралар туралы”
Жарлығын, 2000ж. 12 қазан күнгі “Сот әкімшілігінің жаңа жүйесінің қызметін
қамтамасыз ету шаралары туралы” Жарлығын, “Қазақстан Республикасының сот
жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы” 2000ж. 25 желтоқсан күнгі
Конституциялық заңын, 17 тамыз 2010 ж. Қазақстан Республикасы Президентінің
“Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің
тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы” Жарлығын және т.б. жатқызуға
болады. Бұлардың бәрін зерттеудің пәніне және құқықтық базасына жатқызуға
болады да, бұлардан басқа Қазақстан Республикасының Конституциясын,
Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексін, Қазақстан
Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексін және сот ісін реттейтін басқа
да нормативтік актілерін жатқызамыз.
Зерттеудін теориялық базасы ретінде М.С. Нәрікбаев, Қ.А. Мәми,
У.С. Жекебаев, Қ.Х. Халиков және сот билігін ғылыми зерттеген басқа да
зерттеушілердің жұмыстарын пайдаландық.
Зерттеудің объектісі сот билігінің тиімді және тиісті жұмыс етуді
камтамасыз ететін қоғамдық қатынастар екенін түсінеміз.
Диссертацияның мақсаты болып: біріншіден, сот билігінің ролін және
мәнін ашып, басқа мемлекеттік биліктің тармақтарымен қандай байланыста
болуын қарастыру; екіншіден, судьялардың тәуелсіздік қағидасын және онын
кепілдіктерін қарастыру.
Жоғарыда көрсетілген мақсатқа сәйкес зерттеудің келесі міндеттері
койылады:
- сот билігін мемлекеттік биліктің бір тармағы ретінде зерттеп, оның
ролін мен мәнің айқындау;
- судьяның тәуелсіздігі қағидасын сот билігінің басқа да қағидалармен
бірге қарастырып, оның алатын орның және мәнің табу;
- судьяның тәуелсіздігін камтамасыз ететін кепілдіктерін зерттеу.
Алынған қорытынды, зерттеу нәтижелерінің ғылыми жаңалығы, теориялық
және тәжірибелік маңыздылығы:
Диссертацияның қорғауға шығаратын тұжырымдар мыналар:
1.сот билігі сот әділдігі ұғымынан кең және де сот әділдігі
функциясынан тыс Конституциялық бақылау функциясың және мемлекеттік
тәрбиелеу функциясың қамтиды. Қазақстан Республикасында қонституциялық
бақылау функциясын сот жүесінен тыс мемлекеттік орган – Конституциялық
Кеңес жүзеге асырады. Бірақ, дүние жүзінде, мысалы, Ресейде, АҚШ-та және
басқа елдерде конституциялық бақылау соттарға берілген.
2.сот жүесі өзіне тән емес қызмет түрлерін жүзеге асыру дұрыс емес деп
тануымыз керек. Сондықтан да, 17 тамызда 2010 жылы орын алған сот
реформалар орынды екенін түсіну қажет.
3.елімізде мамандандырылған ауданаралық соттарды құру мәселесі қарқысын
жылдамдатуда. Олардың қатарына әскери соттар, мамандандырылған ауданаралық
экономикалық соттар, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық
соттар, мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттар, кәмелетке
толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар,
мамандандырылған ауданаралық қаржы соттар жатады. Болашақта кәмелетке
толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар Алматы
және Астана қалалардан басқа да қалаларда ашылу керек, сонымен қатар салық
істерді карастыратын ауданаралық соттар және камауға алумен қатысты
мәселелерді қарастыратын сот жанындағы құрлымдық бөлімдердін ашылуы мүмкін
деп санаймыз.
4. ҚІЖК-нің 565 бабы 2 тармағында Екінші судьяның қатысуымен сөздерді
алып тастауды ұсынамыз. Өйткені мұндай редакция аталған кодекстің 544
бабына сәйкес келмейді.
Сонымен, жалпы айтқанда, зерттеу жұмысы сот билігінің түсінігі мен
мәнін, маңызын, судьялардың тәуелсіздігі қағидасы мен оның қамтамасыз етілу
кепілдіктерін қамтитын үш тараудан тұрады.
Жоғарыда көрсетілген ғылыми нәтижелер заң ғылымының теориясына және
құқық қолдану мен құқық шығару тәжірибесіне үлес қосатынына сенеміз.
Сонымен қатар, болашақта бұл диссертациялық зерттеуді басшылыққа алып
судьяларға және ғылыми қызметкерлерге мен зерттеушілерге арналған
монографиялық жұмыстың шығарылуы жоспарланған.
Ғылыми жарияланымдар туралы мәлімет: Судьяның тәуелсіздігінің саяси-
құқықтық кепілдіктерінің ерекшеліктері Жастар және Қазақстан
Республикасының көпвекторлы саясаты. Республикалық ғылыми-тәжірибелік
конференциясының материалдары. 27 наурыз 2010 жылы. Астана, 2010. – 102-105
бб. (0,2 б.т.).
Судьяның тәуелсіздігі принципінің түсінігі және оның маңызы
Қазақстандық даму жолы: тәуелсіздікке 20 жыл. Республикалық ғылыми-
тәжірибелік конференциясының материалдары. 16 наурыз 2011 жылы. Астана,
2011. – 63-66 бб. (0,4 б.т.).
Ғылыми зерттеуде пайдаланған әдіснамалық база: Зерттеудің әдіснамалық
негізіне құқықты түсіндірудің заңнаманы кешенді және жүйелі талдау мен
үйлестіре жүргізетін тарихи-құқықтық, салыстырмалы-құқықтық, диалектикалық
және логикалық формальді әдістері жатады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Зерттеу тақырыбын тандау Қазақстан Республикасындағы сот билігі және
судьяның тәуелсіздігі қағидасының маңыздылығымен, сондай-ақ қазіргі сот
жүйесіндегі реформалардың қарқынды түрде өтетіндігімен түсіндіріледі.
Кіріспеде диссертациялық зерттеу тақырыбының өзектілігі, ғылыми
зерттелу деңгейі, зерттеудің объектісі, пәні, мақсаты мен міндеттері,
әдістемелік, теориялық және эмпириялық негізі, ғылыми жаңалығы, қорғауға
ұсынылатын негізгі тұжырымдар көрсетіледі, зерттеу нәтижелерінің
тәжірибелік маңызы мен диссертациялық зерттеу жүргізу барысында жарияланған
негізгі мақалалар көрсетілген.
Диссертацияның Сот билігі мемлекеттік биліктің бір тармағы ретінде
деп аталатын бірінші бөлімі екі бөлімшеден тұрады.
1.1 – бөлімше Сот билігі түсінігі және оның маңызына арналған. Сот
билігіне кеңес өкіметтің кезенінде бірнеше анықтамалар берілген. Мысалы,
В.П.Кашепов сот билігін “мемлекеттің сот арқылы, заңда бекітілген
процедуралық нысандарда, адамдардың мінез-құлқы мен әлеуметтік процестерге
әсер ету қабілеті мен мүмкіндіктері” – деп түсіндіреді.
Мұндай пікірді К.Ф.Гуценко, В.М.Ковалев, В.И.Шевцов, Н.А.Бақбергенов
құптайды.
Профессор В.П.Божьев “сот билігі құқыққа негізделеді және соттың
араласуын қажет ететін, ол құқықты қолданып шешуге тиісті жағдайлар үшін
арналады”- деп көрсетеді [3,56 б].
Ал, Р.А. Беленков “сот билігі мен мемлекеттің өкілетті органы соттың
өзіне тән мүмкіндіктерімен мемлекеттік органдардың, жергілікті органдар мен
олардың лауазымды тұлғалардың, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың мінез
құлықтарына әсер ете алу қабілетін айтады. Осындай көзқарасты В.В.
Вандышев пен В.А.Лиманский де білдіреді [4,13б].
Кеңес одағы кезінде сот билігінің орнына сот әділдігі деп аталатын.
Алайда, мұндай ұғым сот билігіне тән түсінікті толыққанды аша алмайтын.
Себебі, сот әділдігі сот билігін жүзеге асырудың бір (әрине басты және
ерекше) нысаны болып табылады және сот билігінің нысандары мен
функцияларына байланысты тағы қарастырылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 3- бабының 4 бөлігіне сәйкес,
республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар
негізінде заң шығарушы , атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың
тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау
принципіне сәйкес жүзеге асырылады [5].
Профессор К.Х.Халиков Қазақстан ғалымдарының ішінде сот билігі
феноменін алғашқы зерттеуші ретінде мынадай, біздің пікіріміз бойынша әділ
де дұрыс анықтау берген : “Сот билігі деп мемлекет атынан, заңның үстемдігі
мен әділеттілікті қамтамасыз ету мақсатына, бұзылған құқық пен бостандықты,
әділеттілікті қалпына келтіру, заңмен қорғалатын мүдделерге қол сұғушы
адамдарға мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану мақсатында сот
құзіретіндегі жауапты биліктік өкілеттіліктердің жиынтығын айтамыз” –
деген.
Ал сот әділдігі деп – заңда белгіленген ерекше құқықтық нысанда
мемлекеттің арнайы құрылған органы – соттың азаматтық және қылмыстық
істерді қарап шешуі арқылы жүргізілетін мемлекеттік қызметінің айрықша бір
саласын атайды [6,35б].
Қазіргі уақытта, сот билігін сот органдарының өкілеттіктері жиынтығы
деп қана түсіндіруге болмайды. Сот азаматтық әлемді, адамның құқықтары мен
бостандықтарын сақтаушы, қоғамда заңдылық пен әділеттікті қамтамасыз етуші
шын мәніндегі сот билігі болып өзгеруге тиісті. Қоғам өмірінің аталған
салаларында сот билігі қызметімен әрі беделімен демократияны және заңдылық
принципін қорғау жолында басқа биліктермен басқару органдарын заң
шеңберінде тежеп, шектеп тұруы қажет екендігі көрсетіледі.
1.2 – бөлімше Сот билігінің басқа билік тармақтарымен өзара қатынасын
ашып көрсетуге бағытталған.
Конституцияның 3-бабы 3-тармағының 2-бөлігі Қазақстанда мемлекеттік
билікті кімнің, қандай органдарының жүргізетінін (иемденетінін) көрсетеді.
Олардың қатарына Республика Президенті, Парламент, Үкімет пен сот кіреді.
Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларының құқықтық тұрпаты айтылғандардан
тыс, жалпыға бірдей әсіресе, елдің сот жүйесіндегі соттардың баршасы үшін
басшылыққа алу мен сот практикасында қолдану қажеттілігі және
міндеттілігімен де түсіндіріледі. Олардың сот органдарынан басқа күллі
құқық қорғау саласы басшылыққа ала отырып қолданады. Бұл мәселені норма
шығармашылықпен шатыстыруға мүлде болмайды. Себебі нормативтік қаулыда
елімізде қабылданған заңдарды сот практикасында қолдану мәселелері бойынша
түсіндірмелер беріледі. Өздігінен жаңалық ашпайды, яғни норма шығармайды
деген сөз. Норма түсіндіру норма шығару (қалыптастыру) түсінігінен бөлек.
Мемлекеттік органдар (биліктің барлық тармақтарындағы) өздерінің
құзіреттері шеңберінде билікті сипаттағы актілерді шығарады. Оларды шығару
(қабылдау) мемлекеттік органдардың құзіретінің құқықтық нысаны. Мазмұны
бойынша бұл актілер нормативтік болады, өйткені олар қоғамдық (құқықтық)
қатынастарды реттейді, немесе жекеленген күйінде құқық нормасын қолдануға
бағытталады. Басқаша айтқанда, мемлекеттік билік органдары актілерінің
жалпымемлекеттік маңызы болады және олар мемлекет атынан шығарылады.
Мемлекеттік билік актілерінің қасиеттері сот билігіне де тән. Оларды
мемлекеттік тиісті органы сот заңға негіздеп шығарады және олар атқарылуға
міндетті. Сонымен қатар, сот билігінің актілері заң атынан шығарылып, оның
күшіне ие бола алады. Бұл тұрғыда заң сот актілеріне, белгілі бір
шарттардың орындалуына байланысты өзінің күшін береді.Мысалы, сот актісі
заңды күшіне енгеннен кейін атқарылады. Сот шешімін құқықтық актілердің
иерархиялық баспалдағында заңдармен бір деңгейде тұрады деуге болмайды. Заң
мемлекеттің мәртебелі еркін білдіру үшін, маңызды қоғамдық қатынастарды
реттеуге бағытталған. Ал, соттың заңды күшіне енген актісі, ол қарап шешкен
нақты істерге байланысты процеске қатысушыларға ғана заң бола алады деген
пікір жасалынады.
Диссертацияның Судьяның тәуелсіздігі қағидасының сот билігінің басқа
қағидаларының арасында алатын орны мен мәні деп аталатын екінші бөлімі де
екі бөлімшеден тұрады. Бұл бөлімде судьялардың тәуелсіздік принципінің даму
тарихы мен оны жүзеге асырылуының қазіргі Қазақстандағы ерекшеліктері
зерттелген.
Диссертацияның мәтінінде ең алдымен судьялардын мәртебесі
сарапталанады. Судьяға тән құқықтар мен міндеттерінің жиынтығы оның
мәртебесін екені баян етіледі.
Судьялардың мәртебесін сипаттағанда, оның жалпы барлық судьялар үшін,
олардың қай сотта қызмет істейтіндігіне қарамастан бірыңғай болатынын атап
кеткен жөн. Алайда, мұны судьялардың сот жүйесіндегі орындарының біркелкі
болмауына байланысты оларды бір теңдіктегі деңгейде қоюға мүмкіндік
бермейді. Демек, олардың ерекшеліктері бар. Әрбір судьяның сот жүйесіндегі
орны мен соған лайық өкілеттіктерінің шеңбері болады. Міне, осының өзі
судьялардың біріңғай мәртебесі болатыны туралы ережеден ауытқу мүмкіндігін
туғызуы әбден ықтимал деп көрсетіледі.
2.1 – Судьяның тәуелсіздігі принципінің түсінігі және оның маңызы
бөлімшеде судьялардың мәртебесін анықтайтын, оларға тән құқықтары мен
міндеттерін бірнеше топқа жіктелінеді, атап айтатын болсақ:
- сот корпусын қалыптастырумен байланысты құқықтары мен міндеттері
(кандидатқа қойылатын талаптар, оларды іріктеу принциптері мен судья
өкілеттігін беру тәртіптері);
- судьялардың өздерін басқару мәселелеріне белсенді араласуына мүмкіндік
беретін құқықтары мен міндеттері;
- өздерінің өкілеттіктерін тәуелсіз іске асыру мүмкіндіктерін және судья
орнынан түскен жағдайда белгілі бір жеңілдіктермен қамтамасыз етуді
қарастыратын құқықтары мен міндеттері.
Судьяның тәуелсіздігі және тек қана Конституция мен заңдарға ғана
бағынуы принципінің құрылысын талдайтын болсақ: біріншіден, судья тәуелсіз,
бірақ оның тәуелсіздігі заңмен шектеледі, демек, тәуелсіздік жөнінде айта
келе оны шексіз деуге болмайды деген сөз. Екіншіден, заң судьяны өзінің
еркіне бағындыра отырып, қызметінің басты мақсаты сот әділдігін іске асыру
барысында оған жан жақтан әсерін тигізуі мүмкін тұлғалармен (органдарды,
лауазымды тұлғаларды айтамыз) мәселелерден (мән-жайлардан) тасалауы,
қорғауы керек.
Принциптік түрде қарастырғанда, судья тәуелсіздігінің Ата Заң мен
заңдарда көрініс табуы, олардың нормалармен бекуі, оның нормативтік
табиғаты төмендегі қағидалармен сипатталуы керек:
- заңда судьялардың біріңғай мәртебесін баянды етумен;
- судьяға заңда көзделмеген соттан тыс функциялар мен міндеттерді
жүктеуге, оны қылмысқа қарсы күрес, заңдылық пен құқық тәртібін сақтау
мәселеллері жөніндегі мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың құрамына
енгізуге болмайтындығымен;
- сот әділдігін іске асыру барысында судьяны тек заңға бағындыра алу
мүмкіндігімен;
- ешкімнің сот төрелігін жүзеге асыру ісіне араласуға және судья мен
алқа билеріне қандай да бір болмасын ықпал ету құқығының жоқтығымен
және мұндай әрекеттердін заңмен қудаланатындығымен;
- судьяның қаралған немесе қаралып жатқан сот істерінің мәні жөнінде
қандай да бір түсінік беруге міндетті еместігімен, кеңесу бөлмесінің
құпиясы барлық жағдайларда қамтамасыз етілуге тиістілігімен;
- соттарды қаржыландыру, судьяларды материалдық қамтамасыз ету, сондай-
ақ оларға тұрғын үй беру сот әділдігін толық әрі тәуелсіз жүзеге асыру
үшін жеткілікті мөлшерде республикалық бюджет қаражатының есебінен
жүргізілетіндігімен.
Бұл қағидалардың заң нормаларында көріністерін табуын талдайтын болсақ,
біріншіден, соттың қызметіне қандай да болмасын араласу үшін қылмыстық
жауаптылық белгіленген [7, 339 бап]. Екіншіден, сот шешімдері мен судьяның
талаптарын орындамау, сондай-ақ судьяларды сыйламаған үшін заңмен
белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады [7, 342 бап], [8, 241 бап].
Үшіншіден әр жыл сайын Парламент Республиканың бюджетін бекіткенде Жоғарғы
Соттың (жалпы, сот жүйесінің) шығындау бабын белгілеп отырады. Төртіншіден,
судьяға ешкімнің тиіспеуімен. Мысалы, судьяның өзінің (оның жақындарының)
өміріне қастандық жасау, оның заңды қызметіне кедергі келтірумен немесе сол
қызметі үшін кек алумен байланысты болса, Қылмыстық Кодекстің 340 бабымен
қудалануға жатады, т.б. Мұндай құқықбұзушылықтар (қылмыстар) сот әділдігіне
қарсы деп бағалануы тиіс. Бесіншіден, судьяларды саясаттан алыстатумен,
яғни олар партияларға, кәсіптік одақтарға кіре алмайтыны, қандай да бір
саяси партияны қолдап немесе оған қарсы сөз сөйлеуіне болмайтыны
мәселелерімен. Алтыншыдан, судьялардың белгілі бір істерге байланысты есеп
бермейтіндігімен. Қоғамымыз демократиялық заңдардың көмегімен “телефон
құқығы” заңсыздығының архаизмінен құтылу үшін әрекеттенуде. Судья сот
әділдігін ешбір алаңдамай, жоғарғы лауазым иелерінің, өзінің биік
деңгейдегі судьялар мен сот басшыларының “нұсқауларына” қарамастан атқаруға
міндетті. Жетіншіден, судьяның ауыстырылмайтындығымен. Судьяның өкілеттігін
тоқтатуы мен қызметтен босатылуы заңда көрсетілетін ерекше тәртіп пен
рәсімде ғана іске асырылады. Басқа қызметке оның келісімінсіз ауыстыруға
болмайды.
2.2 Судьяның тәуелсіздігі принципінің сот билігінің басқа
принциптерімен өзара қатынасы атты бөлімше қағида мен құқықтық норма
арасындағы байланысын қарастырып, келесі ойларды жазып бекітеді:
Біріншіден, принциптердің баршасы құқықтық норма ретінде танылуы тиіс.
Олардың неғұрлым маңыздылары Конституцияның нормаларымен баянды етілсе,
қалғандары салалық заңдар мен нормативтік-құқықтық актілерде көрінісін
табады.
Екіншіден, олардың әрқайсысы өз алдына жеке дербес бола тұра, бір
бірімен ішкі байланыста болады. Салалық принциптер конституциялық
принциптерден туындалып, олармен тығыз байланысты және сәйкес болуы тиіс.
Үшіншіден, жоғарыда көрсетілген принциптердің өзара байланысы олардың
бірін-бірі толықтырып, мазмұндарын көркейте түсетін қасиеттерімен, сондай-
ақ қажетті жағдайларда әрқайсысы өз алдына ерекшеленетін мән-жайларымен
түсіндіріледі.
Төртіншіден, бір жүйедегі принциптер бола тұра олардың әрқайсысы өз
алдына және түпкілікті бірлікте сот билігінің сапалы мәні мен маңызын
баяндайды.
Қазақстан Республикасының “Қылмыстық процесске қатысушы тұлғаларды
мемлекеттік қорғау туралы” 2000 ж. 5-шілдедегі Заңның 3- бабына сәйкес,
мұндай тұлғалардың ішінде (18-аталған санаттар) бірінші болып судьялар
көрсетілген. Осы заң қорғалуға жататын тұлғалардың жанұя мүшелелері мен
жақын туыстарын да өзінің қорғауына алады.
Ешкімнің тиіспеуі принципі барлық соттардың судьяларына қатысты деп
есептеледі және судьяның иммунитеті сот әділдігін іске асыру мезгілінде
ғана күшінде болып қоймай, оны қызметінен тыс уақытында да қорғай алады.
Бірақ, мұның өзі судья әдебіне қайшы келетін теріс қылық жасаса, ол
жауапкершіліксіз қалады дегенді білдірмейді (тәртіптік, қылмыстық
жауаптылық жөнінде айтылады). Заңмен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Судьяның тәуелсіздігі және оның тек қана заңға бағынуы
Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі
Шет мемлекеттерде сот билігін ұйымдастырудың жалпы сипаттамасы
Сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы
Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі
Сот билігі және әділ сот
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СОТ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ СОТ ТӨРЕЛІГІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
Қазақстан Республикасында судьялар сотын құру перспективаларын қарастыру
Қазақстан Республикасы конституциясындағы сот билігі және сотпен қорғану құқығы
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары»
Пәндер